Құқықтық норма ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КазГЮУ мектеп гимназия және колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы

Тобы: 201 топ
Студент: Мұхамбетқалиева Ақмерей
Қабылдаған: Туматаев Нурболат

Ақтөбе 2022 ж
Кіріспе
1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
1.1 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары
1.2 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу
1.3 Мемлекеттің пайда болу теориялары
2. Қазақстан Республикасында мемлекет пен құқықтың пайда болуы
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері

Курстық жұмыстың құрылысы
1. Бұл курстық жұмыс кіріспе бөлімнен мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сипаттама. Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік береді. Мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық.
Осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы. Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары. Мысалға, әскери басшылар. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан алуан, көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысының әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері. Әр халықтың нақтылы-тарихи тұрмыс жағдайы қоғамдық өмірдің рулық Батыстық модель туралы Ф. Энгельстің Семьяның, жеке меншіктің тап күресінің теориясы және оның мемлекеттің пайда болуын қадағалайды. Жеке меншіктің пайда болуы таптар мен әлеуметтік топтар. Бұл процесс көне Римде басқа сценарий бойынша жүрді. Германдық тайпалардың мемлекет құру процесіне сыртқы факторлар ықпал. Әрине, жоғарыда аталған фактор бөтен аумақты жаулап алу
Мемлекеттің пайда болуының шығыстық моделінің көптеген белгілер. Мемлекеттің ролінің артуына байланысты кездескен объективті қиындықтарды жеңуде. Мемлекеттің пайда болу теориялары. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең басты қазынасы. Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік билік. Белгілі бір мөлшерде оған бір жақтан мемлекеттік құрылым, екінші күштеу теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болуы арқылы жүргізілді. Қоғам адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық ұйымының мемлекеттері. Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы. Мұнда мемлекеттің пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және курстық жұмыстың өзектілігі: мемлекет қоғамға қызмет етуі керек.

2. Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы, Қазақстанның аумақтық, табиғи-географиялық, топырақ-климаттық жағдайлары, оны мекендеген халықтың қазақ даласы бір халықтың емес, көптеген халықтың әскерлерінің шабуылына ұшырады. Олардың толық немесе жартылай жаулап алуы жаулап алушылардың басқарудың мемлекеттік нысанын енгізуімен, алым-салықтар жинауымен қатар жүргізді. Бостандық пен тәуелсіздік алған бұл тайпалар тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен ұлыстардың мемлекет құруының тағы бір ерекшелігі, бұл процестері. Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.

Біріншіден:
1. Субъективтік құқық тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсаты
2. Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңды негізде мүлікке ие
3. Субъективтік құқықтық міндет құқықтық мүмкіндік берілген
Екіншіден:
Құқық дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.
Үшіншіден:
Құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндерін оқып, құқықтың, мәнін терең түсінген адам құқықтың түрлі түсінігінің болуы, оның әлеуметтік мәнінің де түрлі жайында қолданылды. Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық. Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Нормативтік сипаты құқықтың негізгі белгілерінің бірі.

Құқық қағидалардан:
Формальды анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызы
Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі.
Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. С.Өзбекұлы, Ө.Қожабаев, Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2006ж
2. Сапарғалиев Ғ. "Қазақстан Республикасының мемлекет Сапарғалиев Қ., Ибраева А. "Мемлекет және құқық теориясы"
3. Маркс К., Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалары Алматы, 1981ж
4. Баянов Е. "Мемлекет және құқық негіздері"
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы
6. Т.Ағдарбеков, Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2003ж
7. С.Өзбекұлы. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық 2002ж
8. Жоламан Қ.Д., Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 2007 ж.

Зерттеу пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Зерттеу нысаны: Мемлекет пен құқықтың пайда болуын қарастыру
Зерттеу міндеттері: Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжрибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың -- қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы кұрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшы- лықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Мемлекеттің дамуы мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш- қуатына ұйренетін басқару жүйесі. Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше турлері бар: Шығыс елдерінде мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі қүрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты, Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды. Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалып тасу себептеріне:
1. Ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
2. Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі тұрде топтастыру, біріктіру;
3. Барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық кұшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты. Құқықтың дамуы адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңга тәуелді кесімдер, шарттың пормалар, заң куші бар соттың шешімдер. Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сұйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сұйенді, ал мұсылман елдерінде Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды. Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сұріп келеді. Жеке адамдар тйісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп тұсіндіреді. Табиғи теория бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Тарихи теория осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Патриархалдық теория мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы тұрде өздерінің мұдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы әке, мемлекеттің басшысы монарх. Психологиялық теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі әдет заңына бағынып келген. Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан (1598-1645 лок.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық Есім ханның ескі жолы деген ат берді. Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар Тәуке ханның жеті жарғысы деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді. Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді. Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келген. Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже. Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
Сонымен, құқықтық норма қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция. Диспозициця қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі.
Диспозицияның үш түрі болады: Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.
Санкция құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
Мемлекет пен құқық туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, қоғам мен құқықтың оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттілігі туады. Қоғам адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық немесе ру-тайпалық ұйымының мемлекет пен құқыққа орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланысты олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуын қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Тікелей Қазақстан аумағында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мұнда мемлекеттің ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи формацияның бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар, ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі керек болды. Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе алатын. Олар, негізінен әр алуан шығыстық нысанда, монархтық қағанат, халифат, хандық, сұлтанат еді. Қоғамдық еңбектің бөлінуі және соған байланысты еңбек құралдарының жетілуі, еңбек өнімділігінің өсуіне түрткі болды. Осындай жағдайда жеке адамдардың өз өміріне қажеттілігінен артық өнімдер көбейіп, жеке меншіктің пайда болуына әкеліп соқтырды. Бай адамдар мен кедей адамдар пайда болып, олардың мүдделері бір-біріне қарама-қайшы келе бастайды. Әр отбасы өзінің тәуелсіздік жағдайын жасауға ұмтылатын болды. Бұл экономикалық жағдай рулық-тайпалық билікті құруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан, адамдарды басқаратын қоғамға өзінің әрбір мүшелерінің мүдделерінің ерекшеліктерін, басқа мүшелерінің есебінен қамтамасыз ететін өкімет огандары қажет болады. Қоғамдық қатынастарды үйлестіру, мұндай жағдайда, өзінің тепе-теңдігін жоғалтады. Қоғам мүшелерінің экономикалық жағдайларына байланысты топтарға бөлінуі объективті түрде, бірінші жағынан үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан, экономикалық тәуелді жақпен арадағы қарсылықты басып отыратын органдар құруды талап етеді. Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Ф. Энгельс Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы деген еңбегінде мемлекеттің шығуынын үш түріне тоқталып, талдау жасайды. Олар Афина, Рим және Германдықтардың мемлекеттері. Ертедегі Афинада мемлекет классикалық түрде таптық шиеленістің өршуінен пайда болды. Ф.Энгельс былай деп атап көрсетті: Афина нағыз таза, неғұрлым классикалық форма болып табылады: мұнда мемлекет көбіне рулық қоғамның өз ішінде өріс алған таптық қарама-қарсылықтардан тікелей пайда болады.1 Ертедегі Римде мемлекеттің пайда болуының тездетілуіне, римдік рулардың басқарушыларына патрицияларға қарсы шыққан, римдік рудан жеке өмір сүрген, құқықсыздар мен плейбейлердің күресі үлкен әсер еткен. Мемлекеттің пайда болуының үшінші түрі ретінде Ф.Энгельс ертедегі Германдықтарды мысалға келтіреді. ...Рим империясын женген гермн жеңімпаздарында мемлекет бөтен елдердің кең-байтақ жерлерін жаулап алудың тікелей нәтижесі ретінде пайда болды, рулық құрылыс бұл жерлерді билеп төстеу үшін ешқандай құрал бермейді.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылысқа қарағанда мынандай негізгі нышандармен өзгеше:
1. Мемлекеттердің өзіне тән аумақтық территориялық бөліктерге бөлінуі. Бұрынғы қандас байланыста болған ру мүшелері ендігі жағдайда тек өздерінің аумақтық нышанмен белгіленетін болды және мемлекеттік билік тек ғана сол аумақтық қоғам мүшелеріне ғана жүргізіледі.
2. Мемлекеттің екінші нышаны - жариялық өкіметтің құрылуы. Ендігі жағдайда билік барлық қауым мүшелері атынан жүргізілмейтін болды. Оның функциясын тек ғана арнайы құрылған, ерекше пұрсатты жағдайдағы адамдардың топтары мен жасақтары іс жүзіне асырады және тек ғана басқару, күштеу функцияларын атқарады. Бұл жария өкімет әрбір мемлекетте бар.
3. Мемлекеттің үшінші нышаны салықтар. Таптық қоғамда пайда болған жариялық өкіметті қамтамасыз ету үшін халықтан салық жинап отырады. Қанаушы қоғамда өндіріске қатысы жоқ паразиттік элементтерді сақтау үшін пайдаланады. Салық дегеніміз бюрократияның, армияның, поптардың және сарайдың қысқасы, атқарушы өкіметтің бүкіл аппаратының күнелту негізі.
4. Мемлекеттің аса бір көрінісі құқық. Құқық қоғамдағы қатынастарды реттейтін құрал ретінде тек мемлекетке ғана тән. Оның шығуы, қалыптасуы, өркендеуі мемлекетпен тығыз байланысты.
5. Мемлекеттің қоғамдағы ұйымдардан тағы да бір ерекше айырмашылығы бар - оның егемендігі болуы. Мемлекеттің егемендігі оның ерекше қасиеті. Мемлекеттік егемендік мемлекеттік өкіметтің, биліктің ел ішінде де, мемлекеттің сыртқы істерінде де жоғарылығын, мемлекеттің өкіметтің тәуелсіздігін, өкіметтік биліктің бөлінбейтіндігін көрсетеді.
Мемлекеттің пайда болу, дамуының негізгі себептері:
Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы ісәрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
Қоғамнының қорғанысын күшейту үшін, заңдалақтық,
Мемлекет күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне мүлдем ұқсамайды және мемлекетті әр түрлі плюралистік мағынада түсіндіреді. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары негізінде таптық мүдделер мен теория пайда болған қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабынаұқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды. байланысты қалыптасқан.
1. Теологиялық теория мемлекетті, үкіметті құдай жаратты деп уағыздайды. Теорияның өкілдері: Ф. Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр, Дабен, О.Бисмарк. Бұл теория, өзінің өте ертеде туғандығына байланысты, сол кездегі пайда болған алғашқы теологиялы мемлекеттердің құрылым нысандарын көрсететіні белгілі. Кезінде біздің ғасырымызға дейін Египет сияқты шығыс елдерінде кең тарап, кейінірек орта ғасырдың діни қызметкерлері қаруға алып, жан-жақты насихаттады. Монархиялық формадағы мемлекеттердің идеологтері монархтың билігі құдайдың әмірімен болады, деп оған сөзсіз бас ию, бағынуды талап етті. Ф. Аквинский Аристотельдің ілімінен активтік форманың пассивтік материяға өмір беретіні тұжырымға алып, қандай да болмасын билік құдайдан деп жариялады. Теологиялық теория Екі семсер, Ай мен күн сияқты теорияларды да дүниеге әкелді. Бұл теориялар негізінде Римнің католикалық шіркеуі кең көлемде насихаттады. Екі семсер теориясы бойынша мемлекет басшысы король, билікті шіркеуден алғандықтан, оған міндетті түрде тәуелді десе, Ай мен күн теориясы бойынша ай жарықты күннің түсінуінен алса, король, императорлар билікті католикалық шіркеуден, пападан алады, сондықтан оған міндетті түрде бағынуы тиіс. Оның ілімі осы күнге дейін Еуропа елдерінде молынан тараған және жақтаушылары да көп. Бұл теорияның сол уақыттағы маңызына тоқталсақ, үкімет басқарушылығын құдайдың күшіне жатқызу, сол кездегі пайда болған алғашқы қала-мемлекеттерге күш және беделімен қатар, міндеттілік жүктеді. Бұл теория шексіз құқығы бар, бір адамның монархиялық күшін уағыздау үшін пайдаланылған.
2. Патриархалдық теория мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндереді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды ол Р.Фильмер, Н.Михайловский, Ш.Уалиханов, Борнганк, Вольтман. Бұл теорияның мәні бойынша монрахтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады. Мысалы, Аристотельдің түсінігі бойынша мемлекет бірнеше отбасы қастақтарынан құралады және мемлекеттегі басқару отбасы билігінің жалғасы болып табылады. Ол былай деп жазады: Әр отбасында патша ретінде рудың ақсақалдары басқарған сияқты, келешекте де отбасының өз мүшелерімен туысқандар салдардан таралып орналасуы патшаның басқаруында болады. Осы идеяны Ш.Уәлиханов та айтқан. орданың ертедегі ру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Құқық нормаларын талқылаудың түрлері
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқықтық норма түсінігін игеру
Құқық туралы түсінік
Құқық нормасының түсінігі
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Пәндер