Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мекемелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Экономика және құқық
Тақырыбы: Бас бостандығын шектеу
Пәні: ҚР қылмыстық құқығы
Курс: 2 курс
Топ: 6B0421- Қылмыстық құқық және процесс
Студент: Абдиразахов Мади
Оқытушы: Бауберикова Айжан
Тараз 2021
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Қылмыстық жазаның ұғымы және мақсаты
1.1. Жазаның түсінігі және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Жазалардың жүйесі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Жазаларды топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
II. Бас бостандығын шектеу
2.1. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Бас бостандығын айыру түріндегі жазаның түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мекемелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол - заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкес жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган - сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік - міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз - жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық материалдық басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республиксының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу - заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады.
I. Қылмыстық жазаның ұғымы және мақсаты
1.1. Жазаның түсінігі және мақсаты
Бас бостандығын шектеуге сотталған адамға бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылуға жатады. Бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.
Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталған адамның: сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау; белгілі бір орындарға бармау; алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан емделу курсынан өту; отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыру міндеттерін; сотталған адамның түзелуіне және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды қамтиды.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру нәтижесінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жүрген адам жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазаға ауыстырылады. Бұл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығын айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі.
Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл бөлгендігін білдіреді. Ал қылмыскердің өзі үшін жаза - ол жасаған қылмыстың қылмыстық-құқық зардабы. Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдануға тырысады. Күнделікті өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып қоюмен ғана көзделген мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп келеді. Бұл күресте қылмысты ескерту шараларының, сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу шараларының да көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты олып отыр.
Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қоланатын шаралары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негіздісі де ең ықпалдысы да - жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормалардың бұзылмауын мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі, басқа құқықтық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормаларжиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда анағұрлым мол. Қылмыс пен жаза - қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.
Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзатың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған. Республикамыздың қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама береді: Жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.
Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жеке бір түрі және оның өзіне тән мынадай белгілері бар:
oo Ол мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Бұл жаза тек мемлекет атынан сотпен ғана тағайындалады дегенді білдіреді.
oo Жаза тек қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға ғана тағайындалады.
oo Жаза тек қылмыс үшін ғана тағайындалады.
oo Жаза әрқашанда қылмыс жасаған адамның құқығы мен бостандығын шектеумен байланысты, яғни объективтік мазмұны бойынша жаза-жапа шектіру.
oo Жаза сотталған адамға соттылық атағын тағады.
oo Жаза жария түрде ашықтан ашық тағайындалады. Алайда, жазаның түсінігі жөнінде қылмыстық құқық теориясында бірқатар пікірлер айтылған.
Жаза - бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады.
XV - XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:
а) рудан қуып жіберу;
ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшінқұң тағайындау;
г) өлім жазасы - жазаның бұл түрі өте сирек қолданылады;
ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға те жазасы мен масқаралау жазалары қолданылады.
Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады.
Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтірген үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлтіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.
Мысалы, В.И.Курляндский, Жаза - соттың үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын мемлекеттік шараның түрі десе, М.Д.Шаргородский бұл анықтамамен ішінара қосыла отырып, мемлекеттік шаралардың бәрі де жаза емес, оған медициналық және тәрбиелік сипаттағы шаралар жатпайды - деп толықтырды. Ленинградтық криминолог - ғалымдар өздері шығарған қылмыстық құқық курсында Советтік қылмыстық құқықтағы жаза - мемлекеттік шараның мөлшері, ол сот органдарының үкімімен қылмыс жасаған адамдарға қолданылып, қылмыскердің өзіне тән материалдық игіліктерден жұрдай етумен қоса, сол әрекетке мемлекет тарапынан қаралап баға беру - дейді. Қылмыстық жаза мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелерді жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, аса ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы делінген.
Мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзыреті. Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелегін көрсетеді. Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстық жазасы кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады. Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық - құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда адам қз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс, - делінген. Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше ауыр жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады. Жазаның өзіне тән міндетті қасиетті - жазалау.
Жазаны - жазалаудың күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңда көрсетілгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыратын немесе оларды шектейтін жағы деп түсінуі керек. Жазаның мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретінде өзіне тән сипатты белгісі бар. Ол - жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын - соттылық. Егер де тұлға қайтадан қылмыс жасаса, оның алғашқы жасаған қылмысы үшін сотталғаны қылмыстық жауаптылықты ауырлатушы жағдай болып саналады. Қылмыстық жаза туралы мәселені көтергенде оның қылмыстық жауаптылықпен арақатынасына да тоқталған жөн. Жауаптылық пен жаза ұғымдарын жекелеп алып қарасақ, жауаптылық жаза ұғымынан әлдеқайда кең, ауқымды, өйткені, жаза - қылмыстық жауаптылықтың маңызды сатыларының бірі ғана.
Қылмыстық жауаптылықтың басталу уақыты болып қылмыстың жасалуы, ал аяқталу уақыты - соттылықтың жойылуы немесе өтелуі. Қылмыстық жауаптылыққа алдын-ала тергеу, анықтама, прокуратура және сот органдары тартып және босатады. Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық пен жазаны бір-бірінен ерекшелейтін нормалар кездеседі. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату негіздері әртүрлі. Сонымен, жаза соттың айыптау үкімінде жұзеге асырылған қылмыстық жауаптылықтың мәні. Соттылықтың өтелкі және жойылуы жазамен байланысты барлық құқықтық шектеулері жояды. Қылмыстық кодексте жазадан басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары көзделген.
Жаза туралы түбегейлі еңбек жазған кеңес криминалисті И.Карпецтің өзі ең алдымен оның әлеуметтік мәніне тоқталып, бір формациядағы жаза жүйесінің келесі формацияға сәйкес келмей қалатындығын айтқан болатын. Осыған орай кеңес уақытындағы жаза түрлері де Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың сипаты өзгерген кезде ескіргендігін байқатты. Сол себепті, жаңа Қылмыстық кодекс қабылдағанда жазаның мақсаттары да қомақты өзгеріске ұшырады. Ондағы мақсаттардың кейбірі теорияда мүлде қарастырылмаған болса, кейбіріне социалистік емес тұрғыдан жаңаша көзқарас қажет болып жатыр. Бұл аталған міндеттерді орындау үшін ең алдымен жазаның түсінігін анықтаудан басталған ләзім. Мысалы, Н.Шаргородский Жаза дегеніміз - қылмыскерді оған тиесілі қандай да игіліктен айыру, оны және оның қызметін мемлекеттің теріске шығаруы деп санайды. С. Дементьевтің пікірі басқаша, ол Жаза дегеніміз - айыпкер басынан кешіруге тиісті, алдын-ала ойластырылған, заңда белгіленген тән азаптары мен таршылықтары дегенді айтады.
Ғалым - криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға мемлекет атынан сот қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы деген пікірді ұстанады. Н.Стручков жазаның мазмұнына мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз - қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс-әрекетті жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескеру шарасы, ол жазаның әрбір түрі үшін заңда белгіленген құқық шектеу жүйесін құрайды. Республикамыздың заң шығарушы органдарының ұстанған пікірімен келісуге болады, онда Жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады делінген.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 39-бабаның 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеудің оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істгене адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зия мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық - құқықтық ыұпал ету шаралары белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты ұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көзделген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандары түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады.
Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдары қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарына бұзып, биморальдық күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқыққа көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Мұндай сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана - сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады.
Сол сияқты жаза - қылмыстың жанын қинау немесе адамгершілік намасына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары турады Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды.
Жазаның мақсаттары мынадай:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижесінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісінде келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;
ә) сотталуышны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстар жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;
б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетін әсер етеді.
1.2. Жазалардың жүйесі және түрлері
Жаза жүйесі - қылмыстық заңда бекімін тапқан, өздерінің салыстырмалы ауырлығы ескеріліп белгілі бір тәртіпте орналасқан жазалар түрлерінің соттар үшін толық жеткілікті және міндетті тізбесі.
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтады.
Қылмыстық занның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1.Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2.Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3.Сотталған адамның материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4.Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлері таптастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз - заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтады.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мындай негізгі жазалар:
1. Айыппұл салу;
2. Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3. Қоғамдық жұмысқа тарту;
4. Түзеу жұмыстары;
5. Әскери қызмет бойынша шектеу;
6. Қамау;
7. Бас бостандығын шектеу;
8. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
9. Бас бостандығын айыру;
10. Өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады.
Айыппұл
Айыппұл осы кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республиксының заңнамасында белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір санына сәйкес келетін мөлшерде не пара сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндіріп алу.
Түзеу жұмыстары
Түзеу жұмыстары - осы Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндіріп алу.
Қоғамдық жұмыстарға тарту
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
Бас бостандығын шектеу
Бас бостандығын шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден және оны жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын бір жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқып жүрген сотталғандар, кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер, сондай-ақ жазасы алты айдан аз мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылған сотталғандар мәжбүрлі еңбекке тартылмайды.
Қамаққа алу
Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайларында ұстауды білдіреді.
Қамаққа алу он тәуліктен елу тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.
Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.
Өлім жазасы
Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза табуымен ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы беріледі.
Өлiм жазасы он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытқа тоқтатыла тұрады.
Қосымша жазалар деп негізгі жазағы қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөль атқаратын жазаларды айтады.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 қаулысының 25,26-тармақтарында Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар әкім шығарған кездері әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн. Қосымша жаза жеке - дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындайды.
Сотталғандарға негізгі жазалардың басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
ә) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін (40-бап).
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz