Грамматика және тіл дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
І Грамматика және тіл дамыту
1.1 Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті ... ... ... 4-7
1.2 Грамматикаға үйретудің әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... .7-12
ІІ. Грамматикалық сабақтар
2.1 Грамматика сабақтарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 12-16
2.2 Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-22
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-24
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25

Кіріспе
Грамматика (грек. лат.grammatike (techne) -- әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат.gramma -- әріп) --
1. тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
2. тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.
Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:
1. сөзжасам процесінің тәсілдері -- сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;
2. морфология -- сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;
3. синтаксис -- сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер еткендей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Грамматика мен жазудың әдістемесіндеқазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады.

І. Грамматика және тіл дамыту
1.1 Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті

Бастауыш мектептерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты-оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады.
Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бастауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мектептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдылығына қарамастан ғылыми негізде құрылады.
Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бір қатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасмалды ажыратады, және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жұмыстың нәтижесі болғандықтан онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз ұғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты себептері болып саналады.
Ана тілі-оқушының өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан ой жұмыстарының көрінісі. Сондықтан бала қазақ тілін бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап, орта мектепті бітіргенше оқиды. Тілден алатын білім, ережелер тілдік заңдылықтарға сүйнеді. Материалдардың және берілетін тапсырмалардың көлемі балалардың жас ерекшелікктері мен қабылдай білу қабілеті мен тығыз байланысты.
Осы тұрғыдан грамматикалық, лексикалық, орфографиялық, тіл дамыту материалдарының меңгерудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар. Қазақ тілдің оқытудың мақсаты-баланың сауатын ашу, ана тілі пәнінің негізін білдіру ғана емес, оларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа, ең өнегелі игі қасиеттерге тәрбиелеп, бойларына сіңіру. Қазақ тілі сабағында оқушы тыңдаушы, оқулықтағыны жаттаушы болмауы керек, баянды білімнің белсенді ойшлы болуы керек. Баланы соған жетелей отырып, керекті қағидаларды түсіндіргенде ғана ондай білімді баланың бойына дариды. Бұл әдіс мұғалімнің шеберлігіне қарай әртүрлі нәтиже береді.
Оқулықта жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерден басталмайды баланы сол ережеге жетектейтін тілдік материалдардан басталады. Оқушылар жаттығулардың шартын ұғып, солардан өздері қорытынды шығаратындай кезең басталғанда, жинақталған ережелер беріледі. Ондайда оқушылар тез түсінеді әрі тағыда бірнеше жаттығу жұмыстарын жүргізіледі.
Грамматикалық, орфографиялық ережелерді балаларға білдіру үшін жаттығу материалдарын жетекшілікке аламыз. Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынуы тиіс. Сондықтан қазақ тілі мен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдаудан басталады. Жаттығу материалдарын таңдауға үш түрлі талап қойылады:
1. Жаттығу мазмұнды болуы керек. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар, сөз ішінде сөздіктер, сөйлем ішінде сөз тіркесі алып талданады. Сондықтан мысалдар, мәтіндер ойдан шығарылған сөйлемдерден алынған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, үзінділер болуы тиіс. Солардың мазмұнын ойлауымыз керек. Оқу материалдарына қойылатын басты талап-тілек-оның тәрбиелік мәні басым болуы керектігін естен шығармау.
2. Әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз сөйлем, тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби нормаға сай болуы керек. Сондықтан олар баланың әдеби тілдің жүйесін (нормасын) меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы басты талап- балаға грамматикадан, орфографиядан білім бергенде, оның тіл мәдениетін арттыруын көздеу.
3. Алынған мысал, жаттығудың құрамында керекті сөздер, дыбыстар жиі кездесетін болсын. Жаттығу сапасы осы үшеуінің басын бір жерге түйістіргенде ғана сапалы болмақ.
Жаттығу, талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың да дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасалады. Қазақ тілін бастауыш мектепте оқытқанда жаттығулардың сапалы болуына ерекше көңіл аударатын себебіміз екі түрлі:
1. Онда қазақ тілі теориялық курс ретінде емес, тәжірибелік сабақ ретінде оқытылады. Тәжірибелік жұмыстың көлемін баянды ететін жаттығу деген атпен беріледі.
2. Сауат ашу мен тіл дамыту.
3. Грамматика, емле және тіл дамыту тарауларына бөлінеді.
Тіл дамыту басқалармен қатар жүріп отырады. Жаттығуда қойылатын басты талаптар: оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, түсіну қабілетіне сай. Кейбір жаттығу тарихи тақталарға арналады. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, саналы білік, берік машықтануын көздеу керек. Ол үшін дайын ережелерді, жеке жұмыс жүргізбей, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды айқындау оқушаларды белсене қатыстыру, талдау, қорыту жұмыстарына жетектеу керек. Жаттығулар арқылы баланы ойландыратын, өз бетімен жұмыс, істейтін талап, сұрақтар қойып, айтылуға тиісті қорытынды, ережелерді дұрыс, тез түсіндіруге болады.
Дыбыстар мен әріптер, дауысты дыбыстар, алфабит, буын, тасмал туралы түсінік беруде электронды оқулықтарды қолдану оқушылардың қызығушылығын туғызады. Сөз тақырыбын ұғындыруда заттың атын білдіретін сөздер, заттың қимылын білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер туралы білім беру көзделеді. Сөйлем туралы мәлімет беруде сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсінік берілген. Оқушыларға дыбыстан сөз құралатыны, сөйлем арқылы адам өзінің айтайын деген ойын басқа біреуге түсіндіріп бере алатыны жайлы тәжірибелік жолмен берілетін түсінік ұғымды грамматикалық ережелер ретінде қалыптастыру мақсаты көзделеді.
Осыған байланысты сөйлем туралы ұғым кеңейтіліп, сөйлемнің мағынасы мен айтылуына қарай бөлінеді, сөйлемдегі сөздердің өзара байланыстары да оқылады. Оқу, жазу, тіл дамыту, айнала мен таныстыруға үйрету жұмыстары тәрбие жұмыстары мен ұштастырылып, бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы -- лексико­логия саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика са­ласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырыла­ды. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. Зат, сын, қимыл т. б. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (аб­стракты) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына ұйықтау, қайғыру, ойлау сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грам­матикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі пси­хология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде әдістеме балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолда­рын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай, баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді талап етіп отыр.
Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және пси­хология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының қағидаларын басшылыққа алады. Кеңес дидактикасының негізгі қағидалары бойынша оқу мате­риалы оқушылардың ұғымына сай болуы керек.

1.2 Грамматикаға үйретудің әдіс-тәсілдері.
Грамматиканы оқыту
Жаңа материалды оқып-үйрету ісіне оқушыларды қатыстыра отырып қорытынды жасай білуге баулу керек. Оқушылар сыныпта сабаққа белсене қатысып отырса, өз ойын, пікірін еркін айтып беруге үйренеді. Үй тапсырмасын өздік жұмыстарды қиналмай орындайтын болады. Осы ретпен бағдарламалық материалдар жеңілден-ауырға, белгіліден-белгісізге принципіне негізделіп беріледі де, үнемі алдыңғы оқылған материалдар соңғы оқылатын материалдар дайындығы ретінде өтеді. Әліппе кезінде-ақ балалар дыбыс, әріп, сөз, сөйлем деген ұғымдар мен танысады да, ол білімдерін қазақ тілі оқулығынан Дыбыс пен әріп тақырыбын оқу кезінде толықтырып, дамыта түседі.
Оқушылар Сөз деген ұғымның Зат деген ұғыммен байланысын анықтайды. Сөзді талдату үшін сөйлем құраудағы сөздердің өзара байланысына көңіл бөлуі керек. Сөзге сұрақ қойғанда жеке сөзге сұрақ қойылмайды, сөзге сұрақ басқа сөз арқылы қойылады. Сөздер үнемі бір-бірімен байланыста болады, олай болмаса, адам айтайын деген ойын басқа біреуге түсіндіре алмайды деп тәжірибе жүзінде түсінік беріп отырған жөн.
Грамматика және тіл дамыту
1. Бастауыш мектеп грамматикасының мақсаты мен міндеті.
2. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері.
3. Бастауыш мектепте қолданылатын оқу әдістері (эвристикалық, проблемалық, грамматикалық материалдарды пайдалану, оқулықтағы грамматикалық ережелер).
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып-үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасы мен танысады. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысындар осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. Зат, сын, қимыл т.с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстрактілі) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына ұйықтау, қайғыру, ойлау сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді. Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымына сүйену мен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастаған 6-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтиіретіндігі белгілі.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалдар саналы түрде меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалі балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс. Дидактиканың күрделі бір шарты-мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттар мен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың жүйесінде қарастырған жөн.
Оқыту мен білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру мен тәрбиелеу, шеберлік және дағды мен қаруландыра түсу болып саналады.
Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынадай әдістер қолданылады:
1) Мұғалімнің хабарлауы
2) Оқушылармен әңгімелесі,
3) Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы
Хабарлау әдісі бойынша мысалы, грамматика сабактарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұндай әдіс оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз өтетін түрлі құралдар қолданылады.
Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйені ашық көрсетуге тырысады: айталық, түбірлес сөздік белгілері, зат есімнің септелуі т.б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте - бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда сиректеу қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуге кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ - жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі -эврика - таным) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қайылады, оны оқышылар өздері иілмеуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалады т.б. табу керек.)
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы олардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім граматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазуша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарды ұзақ болмауы керек және көлемі жағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II - сыныпта 3-5 минут, III - сыныпта 5-10 минут, IV - сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де колданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай корытылуға болатынын ойлануда тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте калдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс.
Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз талдау-жинақтау жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда көрсетілгендей, тілдерін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе С мен Ш, Р мен Л, Ж мен 3 сияқты дыбыстарды шатастырып айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың қателері, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар. Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгеріп алу үшін мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір элементі - түбір, жұрнақ, жалғау - бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ақыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарында жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу жұмыстары тек таяуда ған өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы мүмкін. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы неғурлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі - жиі қайталауға негізделеді. Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико - синтетикалық болған жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастык пен ережеліктерді табу, топтау, өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығаруға білгізу т.б. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіл, өз беттерімен жұмыс жасауға қалыптасады (яғни зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар бойынша сөздерді құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелеріне талдау, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба алу).
Грамматикалық жаттығулардың ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай - ақ ауызша да жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқығандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе олардың айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т.б.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық, синтаксистық немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып кояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Сөздердегі жеке - жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға төселеді.
Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, санын, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазуша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғазу, олардың сүрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл - ойын дамыту мақсатын көздейді.
Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматика­лық талау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.
Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі граммати­калық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық синтаксистік немесе аралас тал­дау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.

ІІ Грамматикалық сабақтар
2.1. Грамматика сабақтарының түрлері.

Қазақ тілінен бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі. Педагогиканың үйретүі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады:
1) жаңа материалды түсіндіру сабағы,
2) оқушылардың білімін бекіту сабағы,
3) оқыған материалды қайталау және жүйелеу сабағы,
4) оқушылардың білімін, білігін, дағдасын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі,
5) талдау сабағы.
Сабақтың кең тараған түрі біріккен сабақ болғандықтан, аз - кем тоқталып өтелік: біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жылдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас сабақ болып етеді; мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді; сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан - жакты толық дайындалады; сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады; Біріккен сабақ бірде үй тапсырмасын қайталап, өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жұмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардыц білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бұл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б.) қолданылады.
Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабак сайын колданыла бермеді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп сыналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне карай әр сабаққа пайдаланылады. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: Бір буынды және көп буынды сөздерден ажыратады, көп буынды сөздерді буынға бөлу. Мақсаты - бір буынды сөздерді коп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету арқылы оқушының ерікті зейінін, бақылампаздығын жетілдіру және мысалдар мен жаттығулардың тәрбиелік жағына баса назар аудару. Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнін көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындагы байланыстарды анықтайды т.б. Мысалы, I сыныпта Әліппедегі сұрақтарды көрсетіп, жемістердің атын аттады. Қарақат сөзін буынға бөлгізеді, онда үші буын бар екені анықтлған соң, әр буын сұралады, әр буында кірістіріп, сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, карақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында Біздің бақта мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақаттар да бар. Қара қарақат та бар. Қаракат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз).
Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін. Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде.бір сөз бірнеше түрге енеді; 2) мүнда оған бірнеше сұрақ қойылады; 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттык касиетінен айырылмайды, 4) олар заттың атын білдіреді; 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? Деген сұраулар қойылады деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуды тиімді орындау тәсілдері
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Тіл қарым-қатынас құралы
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Ақыл - ойы кем балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері
Пәндер