Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1 Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2 Әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық
негіздері.13
2.3 Әдебиетті оқытудың ғылым салаларымен
байланыстылығы ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 25

Кіріспе
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін
анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы
орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын
пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды. 
Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми
пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті
оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы
болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне
сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие
мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену
негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз
шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара
байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін
және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын
көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы
заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы  сөз ететіні, ал жеке
әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай
жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы
сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет
етенін үнемі жаңалық табатын өнер, -деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет
Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі
білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің
мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының
өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғылым
өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан Тіл жұмсар атты
әдістемелік еңбегінде: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын білімнің ұзақ жолы үшін балаға жұмысты
әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай түзеп отыру, -
деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің
де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын
анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер
А.Байтұрсынұлының Баяншы, Әлиф-ба астары сияқты жекеленген әдістемелік
еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған
істі әрі қарай дамытушылардың бірі  Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен
таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын  бастауыш
мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің Бастауыш
мектептегі ана тілі атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда
М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде  төрт жылдық  бастауыш мектептің  әр
жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту  үшін жаттығулар жүйесін
жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова  Әдістеме дегеніміз- уақытты
үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау,  оқу материалынан негізгі
және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру
шеберлігі,  оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне  ықпал етуді алдын-ала
ұйымдастыру,-деп әдістеме ғылымына  анықтама береді. Әдістеменің жалпы
құрылымы жайында В.В.Голубков  былай дейді: Қай пән бойынша болмасын
барлық әдістеме  оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және
әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай
деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі
әдебиет  пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен
тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін
таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен
оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз
өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында
белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім,
адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын
қалыптастыру  заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін,
ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын
қалыптастыруда ерекше орын алады. 
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру
негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау
мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет
пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер
туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен
әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға
үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-
ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен,
біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті
сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік
тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма
идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік
ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды
ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып,
қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына
қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамның  және  мәдениеттің  даму
өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің  бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны
оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық
әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдебиеттік оқыту пәніне толықтай
түсінік беріп, оның басқа ғылым салаларымен байланыстығын зерттеу болып
табылады.
Әдістеме ең алдымен мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі
болуына қызмет ететіндіктен, ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да
қояды. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын
заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың
ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда
мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық,
өнерпаздық орын алуға тиіс,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен
дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы
қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму
бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық
біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке
сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық
бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін
жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені
ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының
ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер
табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына
терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай
жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі
мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой
дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ
тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін
диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін
қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім
салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл
мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ
бағдарлама жасау;
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім
тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің  бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік
тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу
болашақтағы  дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау,
пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің
қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі,
вариативті  бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау,
әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады.
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму
бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім
кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады. 

Негізге бөлім
2.1 . Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ (Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 2-4
сыныптар

1. Әдебиеттік оқу пәнінің нысаны. Әдебиеттік оқу пәні бастауыш
білім берудің маңызды компоненті ретінде Тіл мен әдебиет білім беру
саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар
әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл
пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу
дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны
ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға,
адамгершілікті-сезімді түйсінуіне, тілін, қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Жоғарғы сыныптардағы Әдебиетті оқудың жүйелі курсына дайындайтын
әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің
образдылығында екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне
жетектеуге көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік
оқу курсының әдіснамалық негізі.

2. Әдебиеттік оқу курсының пәні. Бастауыш білім беру деңгейі
оқушысының бойында оқырмандық және сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың
адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту
жолдары. Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі
(оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.)
құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін
қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін жеткізе алу, мәтіндегі
оқиғаға өз көзқарасын білдіру, соған сай мақал-мәтел айта алу немесе мақал-
мәтелдің мағынасын ашатындай оқиға ойластыру т.б.) қалыптасады. Әдебиеттік
оқу пәні бағдарламасы ҚР МЖБС (Астана, 2008) талаптарына сәйкес жасалды.

3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты. Оқушылардың дұрыс, түсініп,
мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, оқушыны мәтінді тудырушы автордың
көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде
тәрбиелеу.

4. Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері. Әдебиетттік оқу пәні бойынша
төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
• оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
• ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар
әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
• ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші
тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
• талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
• әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
• адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін
қалыптастыру;
• оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби
шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді
сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге
киносценарий жазу т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;
• кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен
жұмыс істей білуге дағдыландыру.

5. Әдебиеттік оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық
негіздерінің басты ұстанымдарына стандартта аталған базалық құзырет,
түйінді құзырет, пәндік құзырет алынады. Осы айтылғандардан басқа
Әдебиеттік оқу оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным
басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің,
А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың,
С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының,
Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің
т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта
қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі
жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.
Оқу материалдары 2-4 сыныптардың барлығында бірдей қайталанатын
тақырыптар түрінде беріледі. Олар маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша
жүйеленеді. 1-сыныпты бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып,
жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға
арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар
таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік
касиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар
оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл,
тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым – қатынасын
байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту
арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық
мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.
Әдебиеттік оқу пәнінің 2-деңгейінде оқушыны жоғарғы сыныптардағы
Әдебиеттің жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз
өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің
материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы
ұсынылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы,
оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б.
дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.
Әдебиеттік оқу белгілі бір шығарманы мазмұн мен түр бірлігі
негізінде оқытуға бағытталады. Тарихи - әдебиеттік проблемалардан оқушы мен
мұғалімнің назары шығарманың идеялық – көркемдік жақтарын ашуға, оның
құрылысы мен тіліне аударылады. Әдебиеттік оқу орта мектептің 5 – 7
сыныптарында өткізілетін болды. Әдебиет тарихын мектепте осы кезден бастап
6 – 10 сыныптарға бөліп оқыту принциптері жүзеге асырыла бастады. 8 сыныпта
ауыз әдебиеті мен әдебиет тарихының алғашқы мәліметтерін қамту, 9 сыныпта
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы және ХХ ғасыр басындағы әдебиетті оқыту,
10 сыныпта кеңес әдебиетін оқыту принципі қабылданды. Әдебиет тарихын
мектепте оқытудың жаңа үлгісі негізінде оқулықтар жасау ісіне бұл кезде
Е.Ысмайылов. Қ.Жұмалиев сынды әдебиетші ғалымдар ат салысып, қазақ әдебиеті
тарихының мектептік курсын жасауға, сол жобамен кейін үлкен әдебиет тарихын
негіздеуге аса мол еңбектер сіңірді.
Қазақ әдебиетінің пән ретінде мектепте оқытыла бастау тәжірибесі
әдебиетті оқытудың әдістемесін де туғызып, қалыптастырды. Бұл жөніндегі
алғашқы тәжірибелер бізде 30 жылдардың аяқ кезінде жинақтала бастады. Бұған
“ Қазақ тілі мен әдебиеті ”, “ Орта мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті ”
(екеуі де 1939).
“ Әдебиеттік оқу материалдары ” (1940) атты мақалалар жинақтары дәлел.
50 жылдардан бастап әдебиет сабағын оқытудың проблемалық әдістері
кеңінен сөз бола бастады. Сабақты проблемалық тәсілмен оқытудың ғылыми –
теориялық тәжірибелері жинақталып, мектеп өміріне ене бастады. Осы жылдары
“ Мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың методикасы ” жинағы,
Ә.Қоңыратбаевтың “ Әдебиетті оқыту методикасы”, А.Көшімбаевтың “ Қазақ
әдебиетін орта мектепте оқыту методикасының мәселелері” тәрізді кітаптары
жарыққа шығып, пәнді оқыту ісінің жақсартылуына ықпалын тигізді.
60 жылдары Ә,Дайырованың “ Орта мектепте І.Жансүгіровтың өмірі мен
шығармаларын оқыту ”, Ә.Қоңыратбаевтың “ Әдебиетті оқыту методикасының
очерктері ”, 1968 жылы “ Мектепте қазақ әдебиетін оқыту методикасы ” атты
еңбектері жарыққа шыққан.
1970 жылдары С.Қалиевтің “ Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту
әдістемесі ”, 1974 жылы Ә.Қасымбекованың “ С.Сейфуллин өмірі мен
шығармашылығын оқыту жолдары ” атты құралы, Қ.Әміровтың “ ЖОғарғы кластарда
қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі ” көмекші құралы жарияланды.
80 – 90 жылдары С.Дүкенбаевтың “ Мектепте драмалық шығармаларды оқыту
”, Т.Ақшолақовтың “ Көркем шығарманы талдау ”, Қ.Бітібаеваның “ Әдебиетті
оқыту методикасы ” басылып шықты.
1990 жылдардан былай қарай прозаны оқыту туралы тың пікірлер, соны
ғылыми түйіндеу жайлы айтыла бастады.

ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ЕКІ ЦИКЛІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА АРНАЛҒАН
БІЛІМ БЕРУДЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Оқу пәні бойынша білім берудің күтілетін нәтижелері бастауыш білім
берудің деңгейлері бойынша оқудың 2 циклына сәйкес белгіленген білім беру
мақсаттарына сай құрылған.
Бастауыш білім берудің әр циклы білім алушылардың белгіленген деңгей
бойынша оқу жетістіктерін оқу процесінде ұйымдастыруға бағытталған:
Оқу жетістіктерінің І деңгейі – 1-2-сыныптардан кейін;
Оқу жетістіктерінің ІІ деңгейі – 3-4-сыныптардан кейін.
Оқушылардың барлық білім салаларында екі деңгей бойынша оқу
жетістіктері ҚР МЖБС (Астана, 2008) түйінді құзіреттерге: ақпараттық,
коммуникативтік және проблемалардың шешімін табу құзіреттеріне сәйкес
белгіленген.

Оқу жетістігінің бірінші деңгейі бойынша (1,2-сыныптардан кейін)
оқушылар мыналарды біледі:
• Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері
туралы қарапайым түсінігі бар: мәтіндегі негізгі ойды анықтай
алады; оқылған шығармадағы негізгі ойдың басталуын, жалғасуын және
аяқталуын таба алады;
• Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын
көлемдегі мәтіндердің түрлерін жағдайға сәйкес пайдаланады:
мәтіндегі оқиға желісі туралы практикалық түсінігі болады;
• Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім
әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: өз ойын ауызша
және жазбаша білдіруге тырысады; табиғат құбылыстарын суреттеуге
қажетті сөздік қорды игереді.
• Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау құралы ретінде ана
тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: мұғалім әңгімесін,
қатарластарының сөзін, пікірін түсінеді және бағалай алады;
балаларға арналған радио, телехабарлардағы айтылған мәселелерді
ұғады.
• Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу
дағдыларын қолданады: мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап
береді; ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелі және хабарлы сипатта
шағын мәтіндер құрастырады.
• Қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың
қарапайым тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаның
аяқталмағандығын, жалғастыруға болатындығын түсінеді; мәтіндегі
белгілі мен белгісіз жағдаяттарды ажырата алады;
• Кез келген жағдаяттарды қарапайым талдау, бағалау және шешу үшін
сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: шығарма
кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасы тұрғысында баға береді;
екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра біледі.
• Кез келген жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін қарапайым сөйлеу
дағдыларын пайдаланады: танысу, құттықтау, алғыс айту, сәлемдесу
сияқты қарапайым этикеттік диалогтарға қатысады; мәтін
кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жаза алады.

Әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.
Оқытудың II циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (4-сынып):
• Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері
туралы қарапайым түсінігі бар: мысалдағы аллегорияны түсінеді;
өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алады; шығармадағы оқиғаның ел
басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын түсінеді;
• Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын
көлемдегі мәтіндердің жағдайға сәйкес пайдаланады: қажетті ақпарат
табылған тілдік материал және мазмұнына сай мәтінді саналы түрде
оқиды (жылдамдық есебінсіз); қосымша ақпарат көздерін (түсіндірме
сөздіктерді, балаларға арналған энциклопедияларды, кітаптар мен
сайттарды т.б.) өз беттерінше пайдалана алады;
• Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім
әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: оқыған
шығармалар негізінде хабарландыру мәтінін, нұсқаулар мен жаднама (8-
10 сөйлемнен тұратын) құрастыра алады; ғылыми-танымдық және
публицистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметтерді таба алады
және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп,
жүйелейді;
• Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау құралы ретінде ана
тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: оқылған мәтінге
жоспар құрады; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесімен танысу
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Әдебиетті оқытудың әдістері
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Пәндер