Көк түріктер мемлекеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану факультеті

Физика кафедрасы

C:\Users\Сикоша\Desktop\сабак\1.jpg

БӨЖ

Тақырыбы: Көк түріктер мемлекеті. Батыс және Шығыс түркі қағандықтары

Орындаған: Мұқанова Ақниет

Тобы: ЖФЗ-011

Қабылдаған: Жандарбаев Ербол

Түркістан

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Көк түріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі
  • Батыс және Шығыс түркі қағандықтары
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Араға көптеген жылдар салып еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі уақытта қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысанан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалар мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Зерттеуімізге арқау болып отырған «Көк түріктер мемлекеті. Батыс және Шығыс қағандықтары» атты тақырып осының бір жалғасы болып табылады. Тарихта алғаш рет түрік атауымен мемлекет құрған Көк түріктер, осы ерекшелігімен тарихта маңызды орын алады. Тарихта шамамен екі жүз жылға жуық өмір сүрген Көк түріктердегі тайпа жүйесі, ғасырлар бойы зерттеліп бүгінгі Түркі әлеміне бір көпір болғаны белгілі. Бүгінгі тақырыбымыз да Көк түріктердің тарихындағы әртүрлі аттармен, ұйымдармен белгілі болған тайпалардың композициясы болмақ. Бұл композиция, басқаша айтсақ тайпалардың ыдырауы мен әрекеттенуі Көк түрік мемлекетінің 744 жылы құлағанынан кейін де жалғасып, тіпті көш кездерінде де маңызды рөл ойнаған. Көк түрік мемлекетінің іргесін қалаған A-shih-na (Ашина) әулеті болатын . Бұл мемлекет егемендік алып құрылғаннан кейін 941 жылға дейін, жойылғанға дейін сол тайпадан шыққан бектер тарапынан басқарылып келді . Осы кезде әйгілі уәзір Тоныкөктің A-shih-te әулеті болатын. Бұл тайпа 620 жылдары II-ші Көк түрік мемлекетінің құрылуында маңызды рөл атқарды. Алайда, Тоныкөктен кейін (шамамен 725 жылдар) A-shih-te тайпасы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Сондықтан A-shih-na бірден-бір басқарушы болып табылады. Жалпы бұлар туралы басқаруды A-shih-na әулетінің қолға алуына хақ беретін каризматикалык аңыздар да бар. Осыдан кейін 542 жылы тарих сахнасына шығып, 545 жылы Қытайдағы Батыс Вэй (Wei) мемлекеті тарапынан ресми танылған Көк түріктер төлес тайпаларын бағындырғаннан кейін ғана өз бағымсыздықтарын қорғай алатын жағдайға жетті. Ал бұдан бұрын түбірі Hsien-pi - ден келетін жуан-жуандарға вассал еді және Алтай тауларының оңтүстік етегінде теміршілікпен айналысатын. Төлестердің жуан-жуандарға шапқыншылығының алдын алған Көк түріктер, олардың 50 мың отбасын (кейбір деректерде 50 мың адам немесе 50 мың отбасы) өздеріне бағындырды, осыдан кейін де бағымсыздыққа қарсы күш арта түсті.
«Күлтегін» және «Білге қаған» бітіктас жазуында түріктер өздерін «Көк түріктер» деп атады. Мұндағы «көк» түстік мағынаны емес, космостық - аспан мағынасын білдіреді. Сон­дық­тан «көк түріктер» деп емес, «көк ­тү­рік­тері» деп жазып, «аспан түріктері» деп ұққанымыз жөн. Олар билеушілерін «қаған» деп атады. Қаған - «хандардың ханы», яки император дегендік. Сондықтан қағандықтың баламасы империя болмақ. Алтайда, Дулығалы шоқының іргесінде, жатқа кіріптар болып, 100 жылдай кен қазып, темір өндірген Ашина түріктері 552 жылы төбелерінде әңгір-таяқ ойнатқан жужандарды талқандап, көшпелі дала билігіне таласты жаңа жұрт тарих есігін теуіп ашып, тайпалық көсем­дері жабғу Бұмынды «Ел қаған» жариялады. Десе дегендей, намыс құрсағында булығып жетілген түріктердің шырқауы таңғаларлықтай болды. Бар-жоғы он-он бес жылдың аумағында шығысы Сарытеңіз, батысы Қаратеңіз, түстігі Хуанхэ, Әмудария, терістігі Мұзды мұхитқа тірелген, алыс-жақынды қамыстай қалтыратқан ұлы державаға айналды. Ашина түріктерінің билігі үздік-создығымен 150 жылға созылды. Ал аталмыш әулет салып берген сара жол, өз ұрпағының жаны мен қанына құйып берген өршіл рухани қуат 700 жылға сарқылмай жетіп, моңғол дәуіріне иек артты.
Жоғарыда аталғандардан түйетініміз көтеріліп отырған тақырыпта көптеген зерттеулер жазылғанына қарамастан кейбір тұстарына келгенде әлі де болса өзінің шынайы тарихи бағасын алмағандығын байқаймыз. Сонымен қатар бұл мәселе төңірегіндегі дау-дамай жыл өткен сайын өрши түсуде және ең бастысы аталаған тақырыпта бірқатар іргелі зерттеу жұмыстары жазылғанына қарамастан әлі де болса толыққанды зерттеу жұмысы жүргізілмей келеді. Бұл аталғандардың барлығын таңдап алынған тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жалпы көк түріктер туралы тарихи жазбалар өте көп. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-өарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Кейбір зерттеушілердің ойынша көк түріктер қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп қонып жүріп, табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің тарихы жоқ дейді. Алайда Оңтүстік Сібір мен Орталық Азияда ұзақ жылдар бойы жүргізілген археологиялық және палеографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері көшпелілер «адамзаттың арамтамағы» деген үстірт түсінікті теріске шығарып, ғылыми дәйексіздігін көрсетіп берді.
Көне түріктерді зерттеген отандық және шетелдік зерттеушілердің қатарына В. В. Бартольд, А. С. Аманжолов, Н. Я. Бичурин, Ғ. Айдаров, И. В. Стеблева, С. Е. Малов, Л. Н. Гумилев, Ш. Уәлиханов, О. Сүлейменов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан, т. б. ғалымдардың еңбегі қолданылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Көк түріктердің тарихын, дүниетанымын, рухани қазынасын тұтас, әрі жан-жақты зерттеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Осыған байланысты көк түріктердің тарихқа тигізген әсерін талдау мақсат етіп алынды. Мақсатымызға қарай біз мынадай міндеттерді анықтадық:

  • Көк түріктердің тарихи-этно-мәдени даму үрдісін талдау;
  • Түркілердің қоғамдық және әлеуметтік құрылысын анықтау;
  • Көне түркілердің діни наным-сенімдерін зерттеу.

Жұмыстың хронологиялық шеңбері: Зерттеу жұмысы VІ-ғасыр мен VІІІ-ғасырлар аралығын қамтиды. Осы кезең аралығында Көк түріктердің құрылуы, дамуы, шаруашылығы мен құлауы қарастырылады.

Жұмыстың құрылымы: БӨЖ жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Көк түріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі

Жеті жүз жылда әр тілде сөйлейтін түрік қауымдарының тілі ор­тақ­танды. «Сахарада қыр халықтарына жата­тын жомылдардың тілі бөлек бір тіл болып, олар түрікше де бек жақсы біледі. Қай, иабақу, татар, басмыл тайпалары да солай. Олардың әрбірінің өзіне тән тілі бар, сонымен бірге түрікшені де жақсы біледі» деп Махмуд Қашқари тарихи шындықтың бір кезеңінен анық хабар береді (М. Қашқари. Түрік сөздігі. Алматы, 1997. Том I. ) . Осы кезеңде Хинған жотасынан батыстағы Бұлғар тауына дейінгі құс қанаты талар ұлан-ғайыр жалпақ өңір жұрты түріктену процесін бастан өткерді. Хотан-сақ тілді Шығыс Түркі­стан­ның қамал қалаларының тұрғындары, пар­сы тілді сармат, алан, албан, абар, суар, соғ­дақ­тар, қидан тілді қай, татар, татабылар, угор тілді мажар, зирян, сібір, шоран, шортан тайпа­лары түгел түркіленді. Түрік тілі әлемнің белді тілінің біріне айналды. Қыпшақ - латын, қып­шақ - араб, қыпшақ - армян сөздіктерінің дү­ние­ге келуі астарында осындай сыр бар. Бабаларымыз төл әліппе ойлап тауып, өз­дері­нің бастан кешкен тарихы мен кейінгі ұр­пақ­қа арналған өсиет сөздерін тас бетіне қашап жазды. «Тізеліні бүктірдік, бастыны жүгін­ді­р­дік» . . . «Бек ұл ұрпағың құл болды, сүлік қыз ұр­пағың күң болды» . . . «Түрік халқы үшін түн ұйық­тамадым, күндіз отырмадым» . . . «Өлімші ха­лықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды қыл­дым. Шығай халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым». Төл жұрты үшін шыбын жанын шүберекке түйген қағанның жан айғайы шырт ұйқыңнан шошытып оятқандай. Баба­лары­мыз жазып қалдырған «Тас кітап» бойтұ­мар­дай көз жазбас, бояуы оңып, қадірі кемімес құндыларымыздың құндысы. Бабаларымыздың жартасқа қашап салған суреттері де өзге жұрттарда кездеспейтін, баламасы жоқ, түрік әлеміне ғана тән төлтума өнер. Ол да суретпен шежіреленген түрік өмірінің бір ғажап айнасы. Түрік қағандықтары кезінде тәңірлік діннің көсегесі көгеріп, шырқап дамығанына да заттық дәлелдер жетіп артылады. Қағандардың кешендерінде тәңірлік діннің жөн-жораларын атқара­тын барық (храм) болған. Бітіктастар сол ба­рық­тың ішіне тігілген. Қытай жылнамалары­ның «шөптің шүйгінін, судың тұнығын іздеп, үнемі көшіп-қонады» дегеніне қарап, оларды ұшарын жел, қонарын сай білер қаңбаққа балап сөйлеу уақыты өткен шалағай түсінік. Қазір Моң­ғолия топырағынан іргесін түріктер қала­ған 17 қаланың, екі мұнаралы беріштің (бас­тион­ның) орны белгілі боп отыр (Л. Р. Кы­зыласов. Городская цивилизация средней и северной Азии» М, 2006) . 682 жылмен таңбаланған қытай тарихи жазбаларында түріктердің Хэйшачэн (Қарақұм) қаласын тұрғызғаны туралы мәлімет бар. Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрпан, Құ­шар қалалары да осы түріктердің ата қоныс, бас­пана мекендері. Ал Карл Байпақов болса, осы түрік дәуірінде Қазақстан топырағында жүз­ден астам қала, іргелі елді мекен болғанына заттық айғақтарды алдыңа тартады. Демек, тү­рік­тер қысы-жазы, жыл он екі ай мал соңынан маңыған жұрт деген түсінікке өзгеріс енгізетін кез келді. Өзге жұрттың құлағына оғаш қыстау-жайлау деген маусымдық тұрмыс салты осы тұста көрініс табады. Өз жұртының жылы оңтүстік өңірлерін қыстауға айналдырған түрік­тер қар кетіп, күн жылынысымен терістікке жыл­жиды, күзде кері қайтып, қалалардың төңі­регіндегі қыстақтарға жайғасады. Өстіп - түріктер - «мәңгі көктем» аясында өмір сүруді мақсат тұтқан халық . Бұл ғылыми тұрғыдан «жартылай көшпелі» тұрмыс-салтына жатады. Әлемдік ғылым өркениет шарттары деп: төл жазуы болуды, қала салу мен монументті мүсін өнерін айтады. Түріктерде мұның бәрі болды, оның сыртында тәңірлік дін, жартас графикасы қағидаларын қалыптап, ХI ғасырда төл грам­ма­тикасын негіздеп, «Түрік сөздігі», «Құдатқу білік» сынды этика-философиялық трактатын жаз­ды. Міне, осы жоралар аясында «Түрік өр­ке­ниеті» термині қалыптасып, әлемге мойындалды. Түрік жазуы мен тарихын зерттеуге әлемнің ұлы түріктанушылары мен синологтарының ат салысқанын мақтанышпен атағанның артық­ты­ғы жоқ. Аты-заты белгісіз, жұмбақ жартас жазу­лары туралы мәлімет Н. Г. Спафарий жазба­ларын­да кездеседі. Ол 1675 жылы Қытайға орыс елшілігін бастап барып, 1678 жылы Тобольскіден Қытай шекарасына дейінгі көрген-білгенін хатқа түсіреді. «Енесейдің үлкен құла­масына жетер-жетпесте құз жартас бар. Осы жар­тасқа белгісіз жазу қашалған, жазу ара­сын­да крест белгілері, қолына асатаяқ ұстаған адам бейнелері де бар . . . Онда не жазылғанын, кім жазғанын ешкім білмейді» деп баяндайды Н. Г. Спафарий. Нидерлан елшілігі құрамында Ресейде болып қайтқан Н. К. Витсен (1641-1717) 1692 жылы жарық көрген еңбегінде: «Верхнетурье маңындағы жартаста бірнеше сурет және әріптері бейтаныс жазу бар. Жергілікті халық­тың кәріқұлақтары олардың 100 жылдан астам уа­қыт тұрғанын айтады. Бірақ қашан, кім жазғаны туралы ешкім ешнәрсе білмейді» деп хабарлайды. Ресейге бағынышты Сібір өңірін­дегі жұмбақ жазу туралы Еуропа құлақтанып қалған соң, оған мән бермеуге болмады. Петр I 1717 жылы Д. Г. Мес­сершмидтті шақырып, Сібірді түбегейлі зерттеу мақсатымен ғылыми экспедиция шығарды. 1721-1722 жылдары жартастағы, мүсінтастағы, қола ай­на­дағы жазулардың бедері суретке сызылып, қағаз бетіне көшірілді. Жоғары Енесей жазу­лары­ның нобайы осы кезде жинақталды. Экс­пе­диция құрамында швед әскерінің тұтқын капи­таны Филипп Иоганн Табберт (Страленберг) те болған еді. Ол 1730 жылы Стокгольмнен бас­ты­рып шығарған «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлігі» атты еңбегінде аталмыш жазу­ды Скандинавиядағы жартас жазуларына ұқсастығына иек ар­тып, «руникалық жазу» деп атады. Ғылымда осы атау орнығып қал­ды. 1818 жылы Г. И. Спас­­- ский өзінің «Древности Сибири» журналында жартас жазуларының, оған берілген зерттеушілер пікірінің латын тіліне аударылған нұсқасын жариялады. Абель-Ремюза, Г. Ю. Клапрот сынды шығыстанушы ғалым­дар тақырыпқа назар аударып, көшпелі тайпалар ту­ра­лы біраз зерттеулер жүргізіп, Дешті Қыпшақ та­рихының біраз қатпарын қопарды. Абель-Ремюза бұл жазуларды үйсін жазуына, Г. Ю. Клапрот көне қырғыз жазуына таңды. Ал З. Г. Байер кельт мұрасына жатқызды. Әзірше жинақталып, назарға іліккені Енесей жазулары еді. Бұл өңір ежелгі угро-финдердің отаны деп есептелетін. Сон­дық­тан Енесей мұраларына фин ғалымдары тара­пы­нан айрықша ықылас білдіріліп, толық күйде жинақталып баспа бетін көр­гені­не таңғалуға болмайды. Құлпытас жазуына ұқсаған қысқа жазулар өзгелерді онша қызықтыра қойған жоқ. Жартас жазуына әуес­тік осылай қызу басталып, біртіндеп саябыр тапты. 1889 жылы Н. М. Ядринцевтің Орхонның Кошо-Цайдам шұратынан төрт қабырғасы түгел қашалған ұзақ мәтінді қос ұстынды табуы ашық-жарықта күн күркірегеннің әсерінен кем болмады. Атақ шығаратын ұлы жаңалықтың ау­жайын аңдаған ғалымдар Моңғолияға жөң­кілді. Ресей Ғылым академиясы В. В. Радловтың бас­шы­лығымен шұғыл экспедиция жасақтады. Бі­рақ фин ғалымдары олардың алдын орап кетті. Аксель Олай Гейкель басшылық еткен экспеди­ция 1890 жылдың 15 мамырында Орхонда болып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің көшір­ме­сін жасап, 1892 жылы жарыққа шығарып та үлгерді. Фин экспедициясының басты табысы «Күлтегін» ескерткішіндегі қытай мәтінін оқу еді. Екі ғасырдан бері там-тұмдап жиналғанмен, сырын ашпаған жазу - Түрік қағандығының жазуы екені, Кошо-Цайдам қос ұстыны Түрік мемлекетінің қағаны Можилян мен оның інісі Кюе-делеге (Күлтегінге) қойылғаны жарияланды. Іле-шала 1893 жылдың 23 қарашасында дат филолог-ғалымы В. Томсон Орхон жазуы­ның кілтін тауып, «Тәңір» және «Түрік» сөзін ажыратып оқығанын Дат академиясының 15 желтоқсанындағы ресми мәжілісінде жария етті. Бұл кезде В. В. Радлов та оннан астам әріпті ажыратып үлгерген-ді.

Батыс және Шығыс түркі қағандықтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
ОРТА ҒАСЫРЛАР КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІЛЕР ТУРАЛЫ АРАБ ДЕРЕКТЕРІ
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Ғұндардың арғы атасы
Жазба және археологиялық деректер негізінде түрік қағанатының құрылу тарихы мен оның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
VІ-ІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ. Тарихи жағдай. Түрік қағанаты
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Ерте орта ғасырлардағы Түрік Қағанаттарына қатысты Қытай деректеріндегі мәліметтер
Түркі-ислам байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz