Валюта түсінігі, мәні және құрылымы
Жоспар
Кіріспе.
1.Валюта түсінігі, мәні және құрылымы.
2.Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық жүйелер.
3. Халықаралық валюталық қор және Қазақстанның орны.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

XX ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика қуруға умтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын же-делдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын қүруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстурлі ақша қьізметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жузеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді, ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жузеге асады. Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз — мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
— Ұлттық валюта бірлігі;
— ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
— Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
— валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость,конвертируемость валюты);
— валюталық шектеулердің деңгейі;
— мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және т. б.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
2.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
3."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
4."Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
7.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
8.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.
9.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999
10.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
11.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
12.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
13..«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
14.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
15.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
16.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
1."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.
2.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
3."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
4."Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
5.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992.
6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
7.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
8.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред.
Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.
9.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999
10.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6.
11.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
12.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
13..«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
14.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
15.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
16.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
Жоспар
Кіріспе.
1.Валюта түсінігі, мәні және құрылымы.
2.Халықаралық валюталық нарықтар және валюталық жүйелер.
3. Халықаралық валюталық қор және Қазақстанның орны.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
XX ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы-
қаражат және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық
экономика қуруға умтылыстардың басты тенденциясы сауда айырбасын же-
делдетуді, халықаралық қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта рыноктарын
қүруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық-қаржылық қатынастарды кеңейтуді
көздейді.
Валюталық қатынастар дегеніміз — дәстурлі ақша қьізметінің дүниежүзілік
ақша қызметіне ауысуымен байланысты жузеге асатын экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Дүниежүзілік ақша сыртқы сауда мен қызмет көрсетулерді, капиталдар
қозғалысын, пайданы инвестицияларға аударуды, несие және қарыз беруді,
ғылыми-техникалық айырбасты, туризмді, заңды және жеке тұлғалардың ақша
аударуын қамтамасыз етеді.
Валюталық қатынастар ұлттық және халықаралық деңгейде жузеге асады.
Ұлттық деңгейде олар ұлттық валюта жүйесін қамтиды. Ұлттық валюта жүйесі
дегеніміз — мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын
ұйымдастыру нысаны (формасы).
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
* Ұлттық валюта бірлігі;
* ресми алтын-валюта қорының құрылымы;
* Ұлттық валютаның паритеті мен валюта курсын қалыптастыратын механизмі;
* валютаның айырбасталу мүмкіндігі (обратимость,конвертируемость валюты);
— валюталық шектеулердің деңгейі;
— мемлекеттің сыртқы экономикалық есептеулерді жүзеге асыру тәртібі және
т. б.
1.Валюта түсінігі, мәні және құрылымы.
Ұлттық валюта жүйесін байланыстыратын буынға валютаның курсы (құны) мен
паритеті жатады.
Валютаның курсы дегеніміз — жекелеген елдердің валюталарының ара қатысы
немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасьгаың
„бағасы".
Паритет— валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес ара қатысы. Паритет валюта
курсының негізі, бірақ валюта курсы (құны) оның паритетіне дәлме-дәл
келмейді.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың нысаны.
Бұл жуйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте-бірте қалыптасуы
нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы
заңдастырылған.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
* ұлттық және ұжымдық валюта бірліктерінің қоры;
* халықаралық өтімді (ликвидный) активтердің қура-
мы мен құрылымы;
* валюталық паритеттер мен курстардың (валюта құнының) механизмі;
* валюталардың өзара айырбасталу жағдайы;
* халықаралық есептеулердің нысандары;
* халықаралық валюта рыноктары мен дүниежузілік алтын рыногындағы орныққан
тәртіп;
* халықаралық валюта-қаржы қозғалысын реттеуші
ұйымдар (Халықаралық валюта қоры — МВФГ Халықаралық даму банкі —
МБРР және т. Б.
Халықаралық Валюта жүйесінің негізгі міндетттеріне тұрақты экономикалық
өсуді, инфляцияны ауыздықтауды, сыртқы экономикалық айырбас пен төлем
айналымын тепе-теңдікте сақтауды қамтамасыз ету шеңберіндегі халықаралық
есептеулер мен валюта рыноктарын реттеу жатады.
Халықаралық Валюта жүйесі халықаралық экономикалық қатынастарды
кеңейтуге, немесег керісінше шектеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің
бірі.
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің
нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері -вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
"вексель жәрменкелері" мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ
бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық
қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заң-дық тұрғысынан
қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық,
дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық
жүйе пайда болды. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және
халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен
бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-
құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық
валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы эконо-микалық
байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулердс және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы
жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықгалады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
* дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің
билік ету позициясы;
* жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің
дамыған торабы;
* басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің
болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүние-жүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ -Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты
құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және
бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам
режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік
ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және
валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты
белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ
долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі. СДР халықаралық
есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады
(1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%,
жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын
валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін
сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша
бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
"еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық
есеп айырысуларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында
кеңінен қолданылатын;
валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің валюталары;
валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын
валюталары.

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер
бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір
валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден;
сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік
және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен
банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар - сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
шарушылық байланыстардың интернационалдануы не-
гізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
* байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жаз-
баша түрде негізделетін валюталық операцияларды
жүргізу техникасын біртұтастандыру;
коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда, белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд
риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды
жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар,
жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін
сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының
жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға
жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар
арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін
операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж.
операциялар көлемі - 1124735 мың, ОЕМ - 11165 мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық "қара нарықпен" толықтырылуы мүмкін. "Қара
нарықтың" болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып,
"көше" нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәти-жееінде
"қара нарықтың" әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын
ірі қоммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың
қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің
95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай
сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік
береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе
девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін
валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Рес-публикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркетюзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар
20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы
(мәміленің стандартты сомасы - 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай
отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жасайтын банктерге,
өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен
атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік
қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі
бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және
Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін
валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі - Дойче
Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі
сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің "Сименс" каналы
арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және
сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында -
валюта-ларды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де
жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық
ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар
үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы
мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей
брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне
толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы
мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез
келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз
бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік
ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана
мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де,
сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер
түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында -
шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта
түрінде болады.
Аударым - бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің
өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым
(бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға)
төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір
уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады
және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау
барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға
кепіл береді.
Банктік чек - шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық
шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы.
Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель - осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке
берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл
вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне)
жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің
банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің
корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда
және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте
сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел
валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік
қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік
шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз
кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды
жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады:
тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан
алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын
өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс
үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-
корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен
борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін
талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер
банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың
осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды
өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық
опера-циялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады. Оның
пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы
барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың
қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ
ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық
көрсеткіштерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz