Студент тұлғасының белсенділігі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Аманкелді Ботакөз Русланқызы
Студенттердің бəсекеге қабілеттілігінің арту ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050300- «Психология» мамандығы
Астана 2018
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы
«Қорғауға жіберу»
Кафедра меңгерушісі
Шалғынбаева Қ. Қ
«» 2018
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Студенттердің бəсекеге қабілеттілігінің арту ерекшеліктері» тақырыбына
5В011900 - «Психология» мамандығы бойынша
Орындады: Аманкелді Б. Р
Ғылыми жетекші: Ерментаева А. Р
Астана 2018
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Факультет
Мамандық
Кафедра
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
«»20ж.
Диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған Т А П С Ы Р М А
(тегі, аты, әкесінің аты)
- Жұмыстың (жобаның) тақырыбы
университет бойынша 20ж. «»берілген №бұйрықпен бекітілген.
- Студент аяқтаған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі «___»20___ж.
- Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері (заңдар, әдебиеттер, лабораториялық-өнеркәсіптік деректер)
- Есептеу - түсіндірме хатының мазмұны (қаралатын мәселелердің тізбесі)
- Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбалары нақты көрсетілген)
6. Негізгі ұсынылатын әдебиеттердің тізімі
7. Жоба (жұмыс) бойынша тиісті бөлімдері көрсетілген кеңестер
Ғылыми жетекші,
Консультант
Тапсырма берілді
(қолы)
Тапсырма қабылданды
(қолы)
8. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау графигі
Тапсырманы беру мерзімі «» 2018 ж.
Ғылыми жетекші
қолы, Т. А. Ж., ғылыми дәрежесі, атағы
Тапсырма алдым: студентқолы, Т. А. Ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 7
1Студенттердің бәсекеге қабілеттілігінің арту ерекшеліктерінің теориялық негіздері9
1. 1 Психологиялық зерттеулердегі тұлғаның бәсекеге қабілеттілік феномені 9
1. 2 Жоғары оқу орнындағы студенттің бәсекеге қабілеттілігінің даму ерекшеліктері 21
2 Студенттердің бәсекеге қабілеттілігінің даму ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу 35
2. 1 Эксперименттік зерттеудің процедуралары 35
2. 2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары . . . ……… . . . 35
2. 3 Зерттеуді жүргізу барысы 40
Қорытынды 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 61
Қосымша (лар) . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі:
Қазіргі таңдағы экономика, жоғарғы технологияны қолдануға бағытталған, сондықтан да мамандарды дайындаудың талаптары, мамандандырылған деңгейдегі, жоғарғы оқу орнының түлектеріне де оның адамгершілік және психологиялық сипатына талап күннен күнге артып келе жатқаны сөзсіз. Нарықтық экономика саласында кадрлық потенциал мәселесінің құрылымы қоғамдағы өзгерістердің барлығына қарсы тұрып ғана қоймай, жақын арадағы болашақта әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару жауапкершілігін алуда, сондықтан да бұл жүйе білім беру саласында маңызды болып келеді. Шындығында, бәсекеге толы нарықтық қатынастардағы мәселелерді шешу жағдайының барлық ауыртпашылығы қазіргі таңдағы студенттерге түсуде. Қазіргі кездегі еңбек нарығы жоғарғы оқу орнын бітіруші түлектердің өндірістік және басқарушылық салаға күруіне мүмкіндік беретін, жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің профессионалды даму технологиясын ойлап табу қажеттілігі туындауда. Сол себепті, білім беру процессіндегі бағыттылығы тұлғаның бәсекеге қабілетті болуы үшін, жоғарғы оқу орнының стратегиялық міндеті болып табылады. Сондықтан елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2017 жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында “Бүгін мен Қазақстанды Үшін+ші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет” деп айтып кеткен еді, осы орайда жаңа модельді құрау да қазіргі жастардың ұмтылысымен орындалатыны бәрімізге айқын[1] .
Психологиялық және әлеуметтік тарап бойынша жақсы дайындалған маман, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде жұмысқа жеңіл орналаса алады. Өзіндік шешім қабылдай алмайтын, инициатива беруге дайын емес, жауапкершілік ала алмайтын, жұмысындағы әріптестерімен қақтығысқа ұшырап отыратын жағдайлар маманның бәсекеге қабілеттілігін тоқтатуы мүмкін. Бәсекеге қабілетті тұлға арнайы профессионалды кеңістігіндегі білім мен дағдыларды игеріп қана қоймай, сондай-ақ әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жетістікке жетуге жетелейтін тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды болып келеді. Себебі тұлғалық-профессионалды қасиеттер жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды орын алатыны сөзсіз.
Зерттеу жұмысында тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің психологиялық аспектісі және оның компоненттері қарастырылады: когнитивті, эмотивті, мінеж-құлықтық және бәсекеге қабілеттіліктің критерилері мен деңгейлерінің құрылымы да қарастырылады (С. Г. Светунькова, Н. Н. Сидорова, Н. В. Фомин, Н. Л. Христолюбова және т. б. ) ; . тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің құрылу шарттары да қарастырылады (В. И. Андреев, Р. Я. Ахметшин, И. В. Дарманская, И. М. Ильковская, Н. Н. Сидорова, Ф. Р. Туктаров) [2] .
Теориялық дерек көздеріне сүйенетін болсақ, бәсекеге қабілеттілік ұғымы шет ел және отандық ғалымдар экономика, әлеуметтену, саясаттану және басқа да ғылым салаларында көптеген зерттеу жұмыстарын, еңбектерін жүргізгенімен де, бұл ұғым толыққанды әлі күнге дейін зерттелмеген. Қазіргі таңға дейін психология саласында, соның ішінде отандық спихологияда да бәсекеге қабілетті тұлға құрылымында қандай ерекшеліктері, қасиеттері болатындығы әлі шешімін таппаған тың тақырып болып отыр. Сондықтан да осы дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті және актуалды болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орнындағы студенттердің бәсекеге қабілеттілік таныту ерекшеліктерінің теориялық-эксперименттік негіздерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері :
- шетел және отандық психологиядағы бәсекеге қабілеттілік мәселесінің зерттелуін теориялық талдау;
- жоғарғы оқу орнындағы студенттердіңбәсекеге қабілеттілікті таныту ерекшеліктерінің психологиялық зерделенуін қарастыру;
- бәсекеге қабілеттіліктіңарту ерекшеліктерінің эксперименттік зерттеу әдіснамасын құру;
- студенттердің бәсекеге қабілеттілік таныту ерекшеліктерін сипаттау.
Ғылыми зерттеудің объектісі: студенттердің психологиялықдаму процессі.
Зерттеу пәні: студенттердің бәсекеге қабілеттілік таныту мүмкіндіктері.
Ғылыми зерттеудің болжамы:ЖОО студенттерінің бәсекеге қабілеттілік танытулары басқа статустағы өз қатарластарынан өзгеше болады
Зерттеу әдістері:
1. Теориялық әдістер: талдау, жалпылау, салыстыру, сипаттау, нақтылау әдістері қарастырылды.
2. Эксперименттік әдістер:Өзін-өзі өзектендіру тесті (САТ), Шуберттің (PSK) «Тәуекелге дайындық» әдістемесі, Т. Элерстің тұлғаның жетістікке жетудегі мотивациясын анықтау әдістемесі;
3. Бақылау әдісі;
4. Математикалық статистикалық талдау.
Зерттеудің базасы: Еуразия ұлттық университетінің студенттері және
Астана қаласындағы жас мамандар.
Таңдаманың жалпы көлемі: студенттердің саны - 50, жас мамандардың саны - 15 сыналушы.
Зерттеудің жаңашылдығы:
- шетел және отандық психологиядағы бәсекеге қабілеттілік мәселесінің зерттелуіалғаш рет теориялық талданды;
- жоғарғы оқу орнындағы студенттердің бәсекеге қабілеттілік таныту ерекшеліктерінің психологиялық зерделенуін, отандық психологиялық ғылымда алғаш рет қарастырылды;
- бәсекеге қабілеттіліктің арту ерекшеліктерінің әдіснамасы құрылды;
- студенттердің бәсекеге қабілеттілік таныту ерекшеліктеріне алғаш рет психологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: психологиялық зерттеулердің нәтижелерін басқа да психологиялық зерттеулерде, жас ерекшелік психологиясында және басқа да зерттеулерде қолдануға болады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:эксперименталды зерттеу әдіснамасында қолданылған әдістерді психологиялық сүйемелдеуде, жастарға кез-келген мекемеде психологиялық қызмет көрсетуде негізге алуға болады, бәсекеге қабілеттілігін зерттеу әдіснамасын курстық, дипломдық зерттеулерде, студенттерді оқыту- тәрбиелеу процессінде қолдануға болады.
I СТУДЕНТТЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ АРТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
1. 1 Психологиялық зерттеудегі тұлғаның бәсекеге қабілеттілік феномені
Бәсекеге қабілеттілік -тұлғаның жетістікке жету жолындағы, сыртқы ортаның динамикалық өзгерістеріне адекватты индивидуалды мінез-құлық көрсете алуы, өзіне деген ішкі сенімділігін арттыруына, өзімен және қоршаған ортамен үйлесімділікті қамтамасыз етуне (оқуда, профессионалды және профессионалды емес өмірлік іс-әрекетінде) потенциалды мүмкіндіктерін көрсететін әлеуметтік бағытталған қабілеттерінің, құрылымы мен қасиетінің жүйесі болып табылады. Тұлғаның осындай сыртқы ортаға бағытталған әлеуметтік қасиеттерін құрылымдауында, дәстүрлі жүйеге енгізуге келмейтін, жоғарғы, жаңа, инновациялық шарттарды енгізу керек.
А. А. Кирсанов айтуынша, бәсекеге қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі - студенттің болашақ маман ретіндегі маңызды талаптарының бірі, себебі, осы арқылы студенттің профессионалды компетенттілігін анықталады.
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіне арналған бірнеше жұмыстар келесі авторлармен жазылған болатын: Л. М. Митина, Ю. В. Немцев, X. Плайтнера, С. И. Сотников, Н. П. Подольная, С. В. Половинко. Жас мамандар арнайы категория ретінде М. Боряз, Б. З. Докторова, И. С. Кон, Е. Л. Омельченко, С. В. Рязанова, Т. Хлопованың еңбектерінде кездеседі. Ал тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін анықтауда өзін-өзі өзектендіруі, өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі қанағаттандыруы келесі ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан В. Л. Лаптаев, О. Е. Лебедев, Е. А. Ленска, А. И. Мищенко, З. И. Равкина, Д. И. Фрумин және т. б. Түлғаның бәсекеге қабілеттілігінің құрылу мәселесін В. И. Андреева, Г. К. Альтшуллера, И. А. Лсрнер, А. М. Матюшина, Е. И. Калинина, Б. В. Копальчик, В. Г. Разумовскийдің ғылыми зерттеу жұмыстарынан таба аламыз.
Л. М. Митинаның зерттеулерінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің құрылымы мен мазмұны, оның айналысу сферасы және қарым-қатынас ортасы толыққанды қарастырылған. А. В. Морозова бәсекеге қабілеттілікті маманданған қызметтің компоненті ретінде ақпараттық, коммуникативті мәдениетпен және жеке гектологиямен сабақтастықта зерттеп өткен болатын. О. И. Полькина бәсекеге қабілеттілікті тұлғаның негізгі, базалық негізі ретінде қарастырып, оның маман ретіндегі профессионалды-тұлғалық аспектерін ерекшелеп өткен болатын [3] .
Базалық ұғым ретінде А. Маслоу, К. Роджерстың өзін-өзі өзектендіру идеялары болса, Д. Мак Клелланданың жетістікке жету синдромы, ал тұлғалық құрылымдау теориясы ретінде В. И. Андрееваның түлғалық өзін-өзі дамыту механизмі орын алуда, оның құрамына «өзіндік» процесстерінің барлық интегралды жинағы кіреді. Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы құралдарды саралау мәселесімен толыққанды айналысқан зерттеу жұмыстарына, индивидтің мінездемесін сипаттайтын, оқыту-әдістемесінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады және анализ жасалынады (Е. А. Калинина, Е. В. Капульник және т. б. ) [4] .
Тұлғалық психологияның теоритикалық жұмыстарына негізделіп анализ жүргізілгеннен кейін (A. A. Бодалев, Е. А. Климов, Б. Ф. Ломов, Л. М. Митина, С. Л. Рубинштейн және т. б. ) тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі ерекшеліктері ретінде келесі қасиеттер көрсетілген: интеллектуалды потенциал, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі адекватты бағалауы, өзін-өзі оқыту, коммуникативтілік, жауапты шешімдерді қабылдай алуы, лидерлік қасиеттер, топта жұмыс істей алу қабілеті, креативтілік, құндылықтық-бағыттылықтағы адекваттылығы, өзін-өзі анықтаудағы дайындығы сияқты қасиеттер қарастырылады. Кеңестік психологиядағы зерттеулерде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі келесідей компоненттерді ұсынады: когнитивті, эмотивті, әрекетшіл (А. С. Строилова) ; бәсекеге қабілеттіліктің критерийлері мен деңгейлерінің құрылымдалуы (С. Г. Светунькова, Н. Н. Сидорова, Н. В. Фомин, Н. Л. Христолюбова) ; тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің құрылуы шарттары (В. И. Андреев, Р. Я. Ахметшин, И. В. Дарманская, И. М. Ильковская, Н. Н. Сидорова, Ф. Р. Туктаров) еңбектерінде зерттеліп өткен болатын. Шаповалов В. И. бәсекеге қабілеттілікті қасиеттердің әлеуметтік бағытталған жүйесі, тұлғаның құрылымы мен қасиеттері, оның жетістікке жетудегі (оқуда, профессионалды және профессионалды емес іс-әрекеттерінде), динамикалық өзгерістер жағдайында адекватты индивидуалды мінез-құлықты анықтау, ішкі өзіне деген сенімділік пен өзінмен жіне қоршаған ортамен үйлесімді болудағы потенциалды мүмкіндіктерін анықтау қарастырылған. С. А. Подосинников және Н. Б. Тарасова бәсекеге қабілеттіліктің психологиялық көрінісі ретінде тұлғаның күрделі интегралды құрылымы ретінде қарастырып, индивидуалды ерекшеліктеріне сәйкес, бәсекелестік қарым-қатынаста таңдаған сферасына объективті және субъективті түрде қатысуға дайындығын зерттеген болатын [5, 6, 7, 8] .
Л. М. Митина тұлғаның бәсекеге қабілеттігін өзін тұлғалық, профессионалды, әлеуметтік, адамгершіліктік тұрғыда дамытуға бағытталған өз қабілеттерінің максималды түрде арту мүмкіндігі ретінде қарастырады. Автордың пайымдауынша, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі тұлға қасиеттерінің интегралды жиынтығы - бағыттылығы, компетенттілігі және икемділігін атап өткен болатын. Л. М. Митинаның ойынша, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің дамуы - тұлғаның рефлексивті дамуы, өзінің әрекетін және мінез-құлқын динамикалық ситуацияларда ұйымдастыра алуы, ойлаудың жаңа стиліне меңгеруі, мәселені шешуде дәстүрлі емес жолдарға сүйенуі, стандартты емес ситуацияларға адекватты реакция танытуы деп тұжырым жасаған болатын [9] .
Т. А. Жданко студент тұлғасының бәскеге қабілеттілігін раицоналды танымдық белсенділігі, мақсаттылығы, еңбекқорлығы, креативтілігі, сыни тұрғыда қарай алуы, тәуекелге бара білуі, стресске төзімділгі, істі нәтижелі аяқтауда септігін тигізетін көшбасшылық қасиеттерінің интеграцияланған тұрақты жиынтығы ретінде анықтайды. Бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік түсінігі педагогиканың терминологиялық аппараты ретінде экономика саласынан жаңадан ғана енген болатын. Экономика саласында бұл термин тауар өндірісіндегі адамдар арасындағы бәсекелестік болса, Портердің пайымдауынша бұл динамикалық өзі жетіліп, даму үстінде болатын тек қана қоршаған ортаға ғана емес, сондай-ақ тұлға өміріне қажеттіпроцесс ретінде қарастырады. Осы контекст тұрғысында, конкуренция - тұлға дамуының стимулы және оның өмірлік қызметінің мәні деп тануға болады. Көптеген авторлардың ойынша, бәсекеге қабілеттілік деп -еңбек нарығындағы жоғарғы талаптарына жауап бере алу қабілеті және оның тауар сапасымен анықталады. Білім беру жүйесіндегі дайын тауар (бітіруші түлек) еңбек нарығында да бәсекелестік тұрғысынан қарастырылады [10] .
В. И. Андреев бәсекеге қабілетті тұлға деп, жоғарғы сапаға ұмтылатын және өз ісінде нәтижелі жетістіктерге жетуге талпынатын, шиеленіскен, қызу бақталастарда бәсекелестерін озып шығып, өзін көрсету арқылы, көшбасшы бола білу қасиетімен ерекшеленетін адамды айтады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын көптеген қасиеттердің ішінен В. И. Андреев өзекті және басымдылыққа ие қасиеттер деп, он қасиетті анықтап өткен: мақсаттары мен құндылықтық бағдарлары нақты, еңбексүйгіштік, іске шығармашылықпен қарау, тәуекелге бара білу, тәуелсіздік, көшбасшы бола білу, өзін-өзі дамытуда үздіксіз еңбек ету, стресске төзімділік, профессионалды өсуге талпыну, өзінің соңғы өнімінің жоғары сапалы болуына талпыну, сияқты қасиеттерлі атап өткен болатын. Ярошенко С. Н. пайымдауынша бәсекеге қабілеттілік - бұл тұлғаның интегралы қасиеті, яғни, тек қана жеке дара қасиетті ғана көрсетпейді, сондай-ақ профессионалды және әлеуметтік тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырады. Н. А. Дмитриенканың ойынша, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің негізі - тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыра алуында, бұл өз алдына тұлғаның сыртқы ортаның өзгерістеріне және мамандар тарапынан қойылатын талаптардың өзгеруіне қарамастан, жеке профессионалды бағытта дамуын жалғастыру. Тұлғаның профессионалды ұйымдасуы, автордың пайымдауынша, тұлғаның жеке қасиеттерін жалпы қасиеттерге жинақтайтын байланыстырушы компоненті болып табылады. Ол тұлғаның өзіндік жетістікке жету жолындағы әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, тұлғаның мүмкіндіктеріне сай немесе одан да басым болып, үйлесімді дамуына бағытталған. Бұл тарапта Л. Д. Столяренко коммуникативті компетенттілікті тұлға дамуындағы өзекті әрі маңызды қасиет деп қарастырады. Жалпы алғанда оны келесідей сипаттауға болады: нәтижелі коммуникация орната білу, жағымды эмоционалды фон тудыру, диалог жүргізе білу, шешім қабылдай білу және оны қорғай алу, коммуникативті ситуацияны анализдеу, инициатива таныту, эмпатия, табандылық таныта білу, топта жұмыс істей алу, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдай алу, бақталастық жағдайында өзін көрсете білу сияқты қасиеттерді ерекшелеп өткен. В. И. Шапалова болашақ маманға қойылатын бастып талап, ол жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілетті бола білуі керек деп қарастырған. Бәсекеге қабілеттілік - бұл тұлғаның қабілеттерінің, қасиеттерінің және сапаларының әлеуметтік бағытталған жүйесі, ол өз алдына сан алуан іс-әрекет түрлерінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді, шарттардың динамикалық өзгерісінде адекватты индивидуалды мінез-құлықты анықтайды, сол арқылы өзіне деген сенімділікті, өзімен және сыртқы ортамен үйлесімді болуын қамтамасыз етеді [11, 12, 13, 14, 15] .
Л. М. Митинаның ойынша, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тұлғаның рефлексивті қасиетін дамыту керек, яғни динамикалық ситуациялар орын алған сәтте өз ісін және мінез-құлқын ұйымдастыра алуы, сан алуан жағдайларды өзі-өзі ұстай алуы, мәселелерді дәстүрлі емес, басқа да жолдармен шеше алу қабілеті маңызды болып табылады. И. Катане осы тұрғыда, сынадай тұжырым ұсынады: бәсекеге қабілетті тұлға болу үшін алдымен, интеллектуалды дамуға емес, баса назарды мораль тұрғысынан дамуға аударуы керек. Себебі, авторды зерттеуі бойынша, соңғы он жыл көлемінде ғылымдағы парадигманың ауысына байланысты, тұлғаның да бәсекелестік парадигмасы ауысты. И. Катане тұлғаның бәсекелестік қабілетін өз мақсатына жетуде жолындағының барлығын «қиратуға» дайын тұратын бұрынғы акула парадигмасымен салыстырады. Бұл парадигмадағы тұлғаның образы биологиялық бәсекелестіктің негізінде пайда болған еді, ал, бүгін И. Катаненің ойынша, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің жаңа парадигмасын дельфинмен сәйкестендіріп отыр. Бұл жағдайда адам серіктестікке ашық, бәсекелестерінің тарапынан потенциалды серіктесін көруге тырысып, командада көшбасшы, әрі еңбекқор топтың мүшесі бола білетін адамды сипаттауымызға болады. Ол профессионалды аренада сұранысқа ие және ол өзгелерді, ал өзгелер оны құрметтеп, сыйлайды. Бәсекеге қабілетті адам, бірінші орында өзімен бәсекеге түсе алады, өзінің бойындағы кемшіліктерімен: жалқаулығымен, салғырттығымен, білместігімен күресе отырып, әрқашан өзін-өзі жетілдіруге тырысады. Бұл тұлға өмірге бейімделуімен және кез-келген сыртқы өзгерістерге жоғарғы қабілеттерін танытуымен ерекшеленеді[16] .
И. Катане тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін көрсететін 25 қасиетті атап өтіп, оның ішіндегі 11 ең маңызды болып табылады деп, ұсынып кеткен болатын:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz