Анатомияның түрлері


ДӘРІС № 1
Мүшелер және мүшелер жүйесі жөнінде түсінік.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. Анатомия пәнінің мақсаты және оның медицинадағы орны.
2. Анатомия пәнінің зерттеу әдістері.
3. Мүшелер жөнінде түсінік.
4. Мүшелер жүйесі жөніндетүсінік.
5. Тіндер жөнінде түсінік.
6. Мүшелер жүйесі жөнінде түсінік.
7. Анатомия ғылымының даму тарихы.
ДӘРІС МАЗМҰНЫ:
Адам анатомиясы мен физиологиясы - медицина ілімінің негізі. Анатомия гректің аnatemno - кесу, бөлшектеу деген сөзінен шыққан.
Анатомия адам денесінің құрылысы мен пішінін, атқаратын қызметін және оның қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылым.
Анатомияның түрлері:
1. Жүйелі анатомия, адам денесін жүйелерге бөлу арқылы зерттейді. Мысалы: ас қорыту, тыныс алу, т. б. жүйелер.
2. Топографиялық анатомия ағзалардың орналасқан жерін және олардың өлшемдерін зерттейді, . 3. Функционалдық (қызметтік) анатомия дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейді.
4. Пластикалық анатомия адамның сыртқы түрін, пропорциясын зерттейді.
5. Динамикалық анатомия адам туғаннан өлгенге дейінгі денесінің өзгерістерін зерттейді. 6. Салыстырмалы анатомия адам мен жануарлардың денесінің құрылыстарын салыстыра зерттейді.
Анатомия мен физиология ғылымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Физиология мүшелердің, жүйелердің жалпы тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ғылым. Бұл екі пән гистологиямен (hystos - тін, ұлпа) тығыз байланысты. Гистология тіндердің құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Анатомияның бір саласы - цитология, ол жасуша құрылысын зерттейтін ілім. Организмдегі ұсақ құрылымдарды препараттар арқылы тексеретін саланы микроскопиялық анатомия деп атайды.
Анатомия мен физиология медицина және биология ілімінің негізі (био - тіршілік, логос - ілім) . Ол екі үлкен салаға бөлінеді: морфология және физиология.
Морфология - организмнің құрылысы мен пішінін тексеретін сала. Анатомия морфологияның құрамына кіреді. Ол адам денесінің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын зерттеумен бірге, олардың сыртқы ортамен қатынасын және біртұтастығын дәлелдейді.
Анатомияның зерттеу әдістері 2 топқа бөлінеді:
I. Адам денесінің құрылысын мәйітте зерттеу әдістері.
II. Адам денесінің құрылысын тірі адамда зерттеу әдістері.
І. Адам денесінің құрылысын мәйітте зерттеу әдістері:
1. Препараттау (кескілеу) әдісі - жәй инструменттер (скальпель, пинцет, т. б. ) арқылы адам құрылысы мен ағзаларының орналасуын зерттейді. Ең ескі, бірақ ең маңызды, ғылымға ат бергенәдіс.
2. Мәйітті суға немесе әдейі дайындалған ылғалдарға ұзақ салып, суландыру әдісі, бұл әдіс қаңқаны бөліп зерттеуге қажет.
3. Мұздатылған мәйіттерді шабу (жүйелеп кесу) әдісі. Белгілі хирург Н. И. Пирогов ашқан. Ол ағзалардың орналасуын әр аймақта зерттейді.
4. Құю әдісі немесе инъекция (толтыру), қуыс ағзаларды түрлі - түсті сұйықтықпен толтырып, кейін паренхимасын глицерин, т . б майлармен ағартып, сосын кескілеп, қан және лимфа тамырларын, бронхтарды, өкпені зерттейді.
5. Коррозия әдісі ағзалардың қан тамырлар жүйесін зерттегенде қолданылады. Инъекция әдісіне ұқсас, бірақ ағзаларды қататын заттармен толтырады (пласт -масса, сұйық металл), содан соң ағзаны қышқыл ерітіндіге салып ерітеді, сонда қатқан заттар зерттейтін объектінің құрылысын қайталайды. .
II. Тірі адамда зерттеу әдістері:
1. Рентгенологиялық әдіс (рентгеноскопия, рентгенография, рентгенокимография) . 2. Соматоскопиялық әдіс адам денесін көзбен қарау арқылы қарай зерттеу. Мысалы: кеуде торының пішіні, омыртқа жотасының қисаюы, бұлшықеттер топтарының дамуы, т. б. 3. Соматометриялық немесе антропометриялық әдіс өлшеу арқылы дене құрылы- сын, пропорциясын зерттеу.
Ішкі органдар эндоскопиясы 70 - 80 - ші жылдары енген әдіс. Светотехника арқылы тірі адамның ішкі ағзаларын (ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, жүрек, қан тамырлары ішіндегі өзгерістерді) зерттеу.
Қазіргі анатомия жаңа әдістермен толықтырылды: радиоизотоптық әдіс, электрондық микроскопия, ультрадыбыс, эхолокация, т. б.
Организм - бұл тарихи қалыптасқан, тұтас, үнемі өзгеріп отыратын, өзінің ерек ше құрылысы мен дамуы бар, қоршаған ортамен зат алмасуға, өсуге және көбеюге қабілетті жүйе. Организм ағзалар, тіндер және тіндік элементтерден тұрады, олар біртұтас болып біріккен.
Тіндер - организмнің тарихи қалыптасқан жасушалар мен олардың туындыларынан тұратын, өзіне тән морфофизиологиялық, биохимиялық қасиеттері бар жүйе. Тіндер морфологиялық жағынан жасушалар мен жасушааралық заттан тұрады.
Тіндер 4 топқа бөлінеді:
- Шектес тіндер (эпителий) .
- Дәнекер тіндер
- Бұлшық ет тіні
- Нерв тіні.
Эпителий сыртқы ортамен шектесетін беттерде орналасады. Мысалы: тері және қуыс ағзалардың қабырғаларын (ішек) және дененің тұйық қуыстарын жауып тұрады. Тамырды ішкі жағынан астарлайтын эпителий эндотелий деп аталады. Эпителийдің негізгі қызметі - жабын болу және секрет шығару.
Дәнекер тіндер сыртқы ортамен байланыспайды. Қызметі - организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау, олар 2 топқа бөлінеді:
1) Сұйық тіндер - қан, лимфа және қан түзуші тіндер. Олар трофикалық және қорға -ныш қызметін атқарады.
2) Тірек қызметін атқаратын тіндер - сүйек, шеміршек, талшықты дәнекер тіндер.
Бұлшық ет тіндері қызметтік белгісі - жиырылу қабілеті бойынша біріктіріледі, олар 2 топқа бөлінеді:
1 ) Көлденең - жолақты бұлшықеттер қаңқада орналасады, адам еркіне бағынады.
2) Бірыңғай салалы бұлшықеттер еріксіз, ішек, несеп жолдарында орналасады.
Нерв тіні нерв жасушалары мен қосалқы элементтер - нейроглиядан тұрады. Нейронның денесі және екі түрлі өсіндісі бар: 1. Ұзын өсіндісі аксон, біреу. 2. Қысқа өсіндісі - дендриттер, бірнешеу. Нерв тінінің негізгі қасиеті- тітіркенгіштік және өткізгіштік.
Тіндер қосылып ағзаларды құрайды.
Ағзалар, organon - өзіне тән құрылысы, пішіні, атқаратын қызметі бар әртүрлі тіндер жүйесі. Ағза функциясын қамтамасыз ететін негізгі тінді паренхима деп, ал оны сыртынан және ішінен түрлі бағытта шырмап, ұстап тұратын дәнекер тінді строма деп атайды. Строма арқылы ағзаны қамтамасыз ететін қан тамырлар мен нервтер өтеді. Паренхиматоздық ағзаларға өкпе, бауыр, бүйрек, көк бауыр т. б. жата-ды. Бұдан басқа қуыс ағзалар бар. Оларға асқазан, ішек, несеп қуығы т. б. жатады. Ағзалар бір - бірінен пішіні, көлемі және тұратын орны жағынан ерекшеленеді.
Атқаратын қызметі мен дамуы ұқсас ағзалар ағзалар жүйесін құрайды (ас қорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі, несеп - жыныс жүйесі, т. б. )
Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар ағзалар аппараты деп аталады, мысалы, тірек - қимыл аппаратында сүйектер, олардың қосылыстары мен бұлшықеттер бар.
Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды.
Анатомияның даму тарихы
Адам организмінің құрылысы мен дамуына көзқарас материализм мен идеализмнің күрес тарихы болып табылады, ол құл иеленушілік дәуірінде таптардың пайда болуынан басталады.
Гиппократ организм құрылысының негізін 4 түрлі сұйықтық құрайды деді: қан, сілекей, өт, қара өт. Ол ауруларға осы сұйықтардың дұрыс араласпау нәтижесі деп қарады.
Ертедегі Рим дәрігері Клавдий Гален адам денесі тығыз және сұйық бөліктерден тұрады деп есептеді. Ол бірінші болып тірі организмді кесіп, ағзалардың жұмысын бақылау ( вивисекция ) әдісін қолданды, эксперименттік медицинаның негізін салды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz