Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ
Педагогика және психология, филология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы
Орындаған: ПМНО 19-1 студенті Шодиева Д. Г.
Қабылдаған: п. ғ. к., доцент Абитаева Р. Ш.
Жезқазған, 2021 жыл
Мазмұны
1. Кіріспе . . . 2
2. Негізгі бөлім
2. 1. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы . . . 3
2. 2. Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері . . . 5
2. 3. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру . . . 8
3. Қорытынды . . . 10
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту үдерісі жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасында үнемі дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өзгеріп отырады. [1, 312] .
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарасты қатты сынға алды.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады[1, 313] .
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Л. В. Выготский ("Педагогикалық психология", «Жақын арада даму аймағы»), А. Н. Леонтьев («Қимыл-қозғалысты қалыпқа келтіру» 1945), С. Л. Рубинштейн («Баланы зерттеуге кіріспе» (Минск, 1921) ; «Психология және мамандық таңдау» (Ореал, 1922), «Баланың тілі» 1926 ) еңбектері жан-жақты талданды. Кейінгі жылдары дамыта оқыту мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» айтады. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балам жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже береді.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, җаңа көзарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында қазіргі заманғы педагогикалық технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз - қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі адамдардың, ал педагогиакалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық, ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем. Байланыстардың әдістердің, құралдардың жиынтығы.
2. 1 Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті - академик В. П. Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі - дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Даниловыч. Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Ал енді ғалымдар пікірлеріне назар аударайық[1, 314] .
Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты - теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дәмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние және адамтану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдануы және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.
B. С. Лазаревтің ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
A. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер- жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт- Петербург, Харьков, т. б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай әлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады[1, 315] . Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады, теориялық мәселелерді практикада қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі.
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні - Л. С. Выготский-дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет[1, 316] .
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.
Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т. б. ) оқытуға негізделеді[1, 316] .
2. 2 Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері
Дамыта оқыту максаттары төмендегідей:
- окушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;
- баланың қабілетін, дарынын дамытуға ыкпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес) ;
Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала - тыңдаушы, мұғалім - ақпарат беруші емес керісінше, бала - зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мәселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім - оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана.
Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет- диалог, пікірлесу, пікірталас.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі - диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші балалардың іс-әрекеті, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.
Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Дамыта оқыту идеясы бойынша окушыға оку мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр окушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді[1, 317] .
Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В. А. Карковский, Е. А. Ямбург, A. Н. Тубельский, т. б. мектептері) .
Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үдерісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
- оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
- белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оку материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т. б. жаттығулар) .
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар.
Олар:
-мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
-оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы[1, 318] ;
-оқыту үдерісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер окушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
-оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы;
-оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған коса кіріктірілген курстардың да болуы;
-оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінең кең қолданылуы;
-окушылар әжептәуір уақыт аралығында, мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
-балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
-үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі;
-оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
-оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
-оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т. б.
Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу - аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа - деп, ақылшы ақын М. Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға[1, 319] .
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
2. 3 Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксізекенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Жауаптарды тыңдағанда әр оқушының өз ойын, пікірін айту мүмкіндіктері
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюдаешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді[1, 320] .
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді[1, 321] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz