САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ө.А.БАЙҚОҢЫРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕЗҚАЗҒАН УНИВЕРСИТЕТІ
Биология және денешынықтыру кафедрасы
Сарғалдақатар тұқымдасы ( Ranunculaceae )
(Курстық жұмыс)
Орындаған: Сариева Д.А.
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.к., доцент Г.Ж.Мырзалы
Жезқазған 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНЫҢ ФЛОРАСЫ МЕН ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ... .
1.1. Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Геологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4. Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5. Гидрографиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.6. Өсімдік жабындысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. САРҒАЛДАҚ ТҰҚЫМДАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ...
2.1. Сарғалдақ тұқымдасының морфологиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Сарғалдақ тұқымдасының химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
2.3. Систематикасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Сарғалдақтар туысы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Тегеурінгүл туысы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. У қорғасын туысы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4. Марал оты туысы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.5.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Гүлді өсімдіктер тіршілік ететін ортасына қарай алуан түрлі болады.
Кейде көз жіберіп қарасақ, орман, тоғай шалғындық, шөлді - құмды жерлерде
өсіп тұрған таңғажайып өсімдіктер әлемі көзге ілігеді. Олардың бір-
бірінен біршама айырмашылықтары мен ерекшеліктері болса да, табиғат пен
адам өмірінде маңызы өте зор. Өсімдіктер ғаламшардың кез келген
жерлеріне таралып, тіршілік үшін негізгі рөл атқарады. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес, себебі бүкіл тіршілікке қажетті органикалық зат өсімдіктен түзіледі. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал
азықты, дәрілік қасиеттері бар сан алуан өсімдіктердің өзі
табиғи байлықтың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да бұларды өндірісте,
тамақ өнеркәсібінде ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен
пайдаланатын өнеркәсіп салалары өте көп.Тақырыптың өзектілігі сарғалдақ
тұқымдас гүлдердің басқа гүлдер ішінде алатын өзіндік орнынан көрінеді.
Өсімдіктерді танып - білуде ғалым - ботаниктердің ғылыми
еңбектерінің маңызы зор болды. Әсіресе, өсімдіктерді өсіруде К.А.
Тимирязевтің ғылыми зерттеулері үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ Д. Н.
Прянишников, Н. И. Вавилов, И. В. Мичурин өсімдіктерді дамыту туралы
өте көп еңбек сіңірді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Табиғатта гүлді өсімдіктердің сан алуан түрлері кездеседі. Олардың әр түрлілігін ретке келтіру үшін ботаниктер жеке түрлерді топтарға біріктірді. Сөйтіп, өсімдіктерді жіктеу мен жүйелеуді зерттеуге баса назар аударылды. Ағзаларды топтастыра жіктеуді жүйелеу деп атайды. Зерттеудің негізінде жіктеу арқылы түрге жүйеленеді. Бір - бірімен туыстық тегі, құрылысы
жөнінен өзара жақын түрлер - туысқа, ал жақын туыстар тұқымдасқа
біріктіріледі. Бір - бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын
ірі топқа, қатарлар бұдан ірі топ - класс және кластар
бөліміне біріктіріледі. Өсімдік жүйесі жетік болу үшін белгілі бір жүйе
ішіндегі топтардың ұқсастығы мен айырмашылығына қарай 1-2 немесе бұдан
да көп тармаққа топтап, жіктейді. Мысалы, өсімдіктер әлемі: бөлім-бөлім
тармағына, класс тармағына, тұқымдас-тұқымдас тармағына, туыс-туыс
тармағына, түр тармағына жіктеледі. Негізгі өсімдік жүйесі: бөлім,
қатар, тұқымдас, туыс, түр. Ал жүйелік көрсеткішінің ең ірісі - бөлім,
ең кішісі - түр. Өсімдіктердің әрқайсысы туысы мен түріне қарай қос атпен
аталуы кездеседі. Мысалы, жапырақты алабота, жасыл алабота, жатаған
сарғалдақ, күйдіргі сарғалдақ, т.б. Әрбір тұқымдастар белгілі бір класқа
біріктіріледі. Гүлді өсімдіктер екі класқа бөлінеді: қос
жарнақтылар және дара жарнақтылар класы. Өсімдіктер әлемін
жүйелеп жіктеу, міне, осылай жүзеге асырылады.
Біз бұл курстық жұмыста Қабықшалы тұқымдылар ( Chlamydospermae ) класына аса мән беріп, оған жалпы зерттеу жүргізіп, ерекшелігін талдап көрсеттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты - қабықшалытұқымдылар класына толығырақ тоқталып,олардың жалпы ерекшелігін анықтап, маңыздылығын дәлелдеп, табиғаттағы және адам өміріндегі орнын, маңыздылығын анықтау.
Осы мақсаттарды шешу үшін төмендегі міндеттерді қарастырамыз:
1.өсімдіктің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтау;
2. негізгі өсімдіктің туысын және түрлерінің белгілерін айыра білу;
3. сирек, жойылып кеткен түрлерін зерттеу;
4. дұрыс қорытынды шығару және пайдаланған әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
1. Жезқазған аймағының флорасы мен өсімдік жамылғысының қалыптастырушы негізгі факторлары
0.1 Жер бедері
Қазақстанның геоморфологиялық аудандастыруында (І-сурет) Сарысу өзені жүйесі негізінен Шу-Сарысу ойпатының құрылымдық-денудациялық және аккумулятивтік жазықтығында орналасқан [11] Орталық Қазақстан көлемінде Сарысу солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ағады. Оның ағысы бойынша бірте-бірте жер бедері сипаты өзгеріп, топырақ құмдылығы арта түседі. Осы бағытта шөл жағдайының ықпалы да үдей түседі. Өзеннің қайнар көзі - бастауы ұсақ шоқыларда орналасқан. Олардың биіктігі - 300-500 м. Солардың арасында 600-700 м-ге жететін, кейде 1000 м-ден асатын таулар бар (Ұлытау, Ортау, Қызылтау). Сарысу-Теңіз адыры деп аталатын ұсақ шоқы оңтүстік пен солтүстікке төмендеп, ойпаттарға айналады: солтүстікте Теңіз және Қорғалжың өзендері бар Теңіз ойпаты, оңтүстікте - Сарысу өзенінің аллювиальді шөгінділеріне толы Сарысу (Жезқазған) ойпаты [12] .
Сарысу өзенінің шөлейтті аймағында арнасы жақсы жетілген. Өзен арнасының геоморфалогиялық құрылысы үш террасаның болуымен сипатталады: бірі - қазіргі жайылма, және екеуі - жайылма үсті террасалары. Мұндай құрылыс Сарысу арнасының оң және сол жағалауларына тән. Сарысу өзені және оның салалары - Қаракенгір, Сыртсу және басқа өзендерінің жайылмасының ені аса үлкен емес (50-100-150 м), тек Сыртсудың Сарысуға құйған жерінде оның жайылмасы 500-1000 м-ге жетеді.
Өзен жайылмасы құм және ұсақ жұмыр тастардан құралған. Жайылма үсті бірінші террасасы құм аралас жеңіл саздан құралған. Сарысудың жайылма үсті екінші террасасының ені 10-15 км-ге жетеді.
Біраз жерінде ол кварц құмдарынан құралған. Бедері қырқалы, өте жайпақ баурайларымен ерекшеленеді. Сол тау тізбегінің араларында кең қойнаулары мен сайлар жиі кездеседі. Сарысу жүйесінің адыр-бұдырлы жазықтығымен шекаралас осы терраса жиегінің кей жерлері сортаң ойпаттар мен ащы көлдерге бай болады.
Жаман Сарысу мен Жақсы Сарысу өзендерінің жайылма үсті екінші террасасы құм аралас саздан құралған, бедері - тегіс.
Сарысу өзенінің аңғарымен шекаралас адырлы-бұдырлы жазықтықтар сортаң палеоген саздарынан, ұсақ шоқылар - порфира, порфирит, кварцит, құм, сазды тақта тастар мен басқа да жыныстардан құралған. Өзен аңғарлары екі аңғарлар жүйесінен тұрады: көне және қазіргі. Қазіргі өзен торабы, көбіне, көне аңғарларға бейімделген. Ірі көне аңғарлы өзендерге Қаракеңгір, Сарыкеңгір және олардың салалары - Бала Жезді, Үлкен Жезді, Қарағанды т.б. жатады. Сарысу-Теңіз су айрығынан шығыс пен оңтүстікке қарай айқындалған көне өзен торабы сақталған, онда: все реки сливались в речную долину, пересекающую район с северо-востока на юго-запад и выходящую в обширную древнюю долину р. Сарысу (пра-Сарысу) делінген [11].
Г.Ц.Медоевтің пікірінше, Сарысудың төменгі ағысында өзеннің бифуркациясы байқалады: сол жақ бөлігі - Бақтықарын арнасы Ащыкөлге, ал негізгі оң жақ арнасы - Телікөлге құяды. Осы екі арнаның арасында сол учаскенің көтерілуіне байланысты аңғар ішінде өзен атырауы - дельтасы орналасқан [12].
Жоғарыда айтылғандай, Сарысу жүйесінің қазіргі су торабы көбіне көне аңғарлармен сабақтас. (2 сурет). Қазіргі аңғарлар бастаулары өзінің о бастағы жаратылыс кезеңіндегідей десе де болады, олар миоцен сазды қалыңдықтарына 3-5 м-дей енеді. Өзеннің ағысы ыңғайымен аңғарлардың ені өсіп, олардың көлденең кесіндісіне жайылма, жайылма террасасы, жайылма үсті-бірінші, төменіректе-екінші терраса айқын байқалады. Өзеннің сағасына таман көне аңғарлардың түбіне ену тереңдігі өсіп, 35-40 м жетеді. Ені 1,5-2 км-ге дейін өседі.
Көне аңғарларына байланыссыз, бөлек жетілген қазіргі аңғарлар өте жіңішке, терең арналар тәрізді және жағалары тіп-тік болып келеді.
Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендерінің қазіргі аңғарларының ирең болуы олардың тектоникалық опырылу тігісіне ұштасу салдарынан деп есептейді. Аңғарлардың морфологиялық құрылысының ерекше белгісі - оның көлденең кесіндісінің ассиметриялы болуы. Ассиметриялық жаңадан басталған мүжілу процесінің шығысқа қарай ығысуынан пайда болған, яғни көне аңғарларға негізделген қазіргі аңғарлар олардың шығыс беткейлерінің табанында жетілген. Қазіргі аңғарлардың көлденең кесінділерінің құрылысында да ассиметриялық байқалады. Себебі сол жақ жағалауы көбірек шайылады.
1.2 Геологиясы
Тұран ойпаты жайлы Г.Ц.Медоев былай деп жазады: Характерной геотектонической особенностью этой провинции является ее промежуточное положение между древними, почти уничтоженными эрозией остатками горных сооружений Центрально-Казахстанского мелкосопочника и более новыми, сильно поднятыми хребтами Среднеазиатских и Восточно - Казахстанских [12].
Палеоген кезеңінің шөгінділеріне ұсақ шоқы территориясын теңіз баса бастаған кезде көне аңғарларды толтырған шөгінділер жатады. Олар -Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының батыс бөлігіне тән қызыл, жасыл, түрлі-түсті карбонатты саздар.
Көне және қазіргі өзен аңғарлары төрттік кезеңнің құм және ұсақ жұмыр тасты аллювийдің жинақталған қалың қабатының болуымен сипатталады.
Сарысу өзені жүйесінің Бетпақдала шөліндегі территориясы бор кезеңінің борпылдақ және континентальды теңіздік палеоген шөгінділерінен құралған.
1.3 Топырағы
Жезқазған аймағының топырақ жамылғысы, өсімдіктері дүниесі әр алуан. Топырағы географиялық таралуында өзара тығыз байланыстылық бар. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай ендік бағытында өзгереді. Себебі осы бағытта ауа температурасы жоғарылап, ылғалы азаяды.
Жезқазған аймағының топырақ жамылғысының өзіндік ерекшелігі бар. Жұқа қабатты, қарашірігі аз, қиыршық тасты, құрамында суға тез еритін тұздары көп болғандықтан, сортаңды келеді.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай ендік бағытындағы қызғылт, ашық қызғылт, қоңыр және сұр қоңыр топырақ кездеседі. Осы негізгі топырақ түрлерінен басқа шалғынды қызғылт, шалғынды қоңыр, шалғынды сазды топырақ түрлері де дамыған. Әдетте, бұл топырақтар ылғалды, органикалық қалдығы мол ойпандарда, өзен аңғарларында түзіледі. Басқа топырақ түрлерімен салыстырғанда нағыз қызғылт топырақта қаршірік біршама жоғары - 2,5 - 3,5 % ал, құнарлы қабат қалыңдығы 15-35см, оңтүстікке қарай қоңыр топырақ дамыған және ол аймақтың батысынан шығысына қарайғы алапты қамтиды.
Топырақтанушы С.А. Стороженконың еңбектеріне сәйкес Сарысу өзенінің аңғары негізінен аллювиальді шөгінділерден құралған және онда топырақтың гидроморфты қатары дамыған: сортаң шалғынды сұр топырақ, сор шалғынды сұр топырақ, сортаң шалғынды және сорлы шалғынды топырақтар [13].
Сортаң шалғынды сұр топырақ жер асты сулары терең орналасқан өзеннің жайылма үсті террасаларында дамыған. Бұл топырақтардың түзілуі жер асты суларының бір мезгіл көтеріліп, шөгіп, соның нәтижесінде сордың тұщылануына байланысты.
Сор шалғынды сұр топырақ өзен аңғарларының шеттері мен көтеріңкі жерлерінде және ағынсыз ойпаң жерлерінде орналасқан.
Сортаң шалғынды топырақтар өзен жайылмасында жер асты сулары жақын орналасқан жағдайларда таралған.
Сорлы шалғынды топырақтар қамысты және ажырықты үйлесімді өсімдіктер бірлестіктерінің басым болуымен сипатталады.
Сарысу өзенінің Бетпақдала бөлігіндегі сол жақ жағалауларында Мойынқұм, Сәменқұм, Жетіқоңыр т.б. құмды алаптары бар.
1.4 Климаты
Ф.М.Темерееваның анықтамасы бойынша зерттелген аймақтың климаты шұғыл континентальды: қысы суық, қары аз, ал жазы болса - ыстық, құрғақ. Климаттың континентальдығы ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудаларының үлкендігімен анықталады [11].
Ең суық айдың - қаңтар айының - тәуліктік орташа температурасы 12-19. Облыс бойынша абсолюттік минимумның орта мөлшері - 32-40, ал абсолюттік максимумы - 47-57-қа тең. Ең жылы ай - шілде айының тәуліктік орташа температурасы 19-27. Абсолюттік максимум 38-46жетеді. Жылдық абсолюттік амплитуда, яғни ауа температурасының абсолюттік максимум мен абсолюттік минимум мөлшерінің айырмасы - 102 тең.
Тәуліктік ауа температурасы 0- тан жоғары жылы кезең 198 - 223 күнге дейін болады. Ауадағы аязсыз кезең 90 - 170, топырақтағы 70 - 160 күнге дейін жетеді.
Жауын-шашын мөлшері жыл бойына біркелкі түседі. Мәселен, оңтүстікте - 177 мм, ал Ұлытау аймағында 268 мм - ге дейін жауады.
Жазда бұлтты күндер аз. Қысы суық, қар жамылғысы біркелкі болмайды. Дала аймақтарында оның қалыңдығы 15 - 30 см, ал ұсақ шоқы бөлігінде 35 см және одан да жоғары (Қызылжар станциясында 45 см - ге дейін жетеді). Тұрақты қар жамылғысы бар кезең 85 - 150 күнге дейін созылады.
Желдің орташа жылдамдығы 3-4 мсек, жылына 5-32 күнге дейін 15 мсек және одан да жоғары жылдамдықты жел соғады.
1.5 Гидрографиясы
Жезқазған ішкі суы материктің орталығында орналасқандықтан, ішкі тұйық алапқа жатады. Тек қана Терісаққан өзені Солтүстік Мұзды мұхит алабына кіреді. Өлкемізде тұрақты су ағысы бар өзендер өте аз. Суы жазда тартылып қалатын маусымдық өзендер көп. Сондай-ақ, кішігірім көлдер де баршылық.
Жер беті суының жергілікті осы ерекшеліктері климаттың құрғақшылығына және аймақ жерінің жер бедеріне байланысты. Жезқазған аймағының аласа таулы, шоқылы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде өзендер жүйесі жиі. Оңтүстіктегі Бетпақдалада, Солтүстік Балқаш пен Арал маңындағы Қарақұм шөлдерінде жер беті суы өте сирек, жоқ деуге де болады. Өзендерін Ертіс-Балқаш суайырық жотасы бірнеше кішігірім тұйық алқаптарға бөліп жатыр. Өлкедегі өзендердің басым көпшілігі осы суайырық жотаға кіретін аласа таулардан және ұсақ шоқылардан басталады.
Солтүстік Мұзды мұхит алабына Есіл өзенінің оң жақ саласы - Терісаққан өзенін жатқызуға болады. Ал, Арқадан құлап ағатын қалған өзендері: Теңіз, Қорғалжын, Балқаш, Арал көлдерінің алаптарына бөлінеді.
Жезқазғанның өзендері қар, жер асты суымен және атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенеді.Соңғы екеуінің үлесі аз. Өзендер суының деңгейі тек көктемде, қар ерігенде ғана көтеріледі. Сәуірдің екінші жартысында мен мамырдың алғашқы бөлігі аралығында өзендер ағысының 80-90% ағып өтеді.
Жер асты суы
Аймақ көлеміндегі жер асты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz