Саралап оқыту технологиясының мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ

. . .

Саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру (Астана қаласының техникалық-экономикалық колледж базасында)

Дипломдық жұмыс

мамандығы 5В012000 - «Кәсіптік оқыту »

Астана 2014

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

. . .

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру (Астана қаласының техникалық-экономикалық колледж базасында)

мамандығы 5В012000 - «Кәсіптік оқыту »

Орындаған . . .

Ғылыми жетекшісі

п. ғ. д., профессор . . .

Астана 2014

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Факультет Кафедра

Мамандығы

(шифр, атауы)

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

қолы аты - жөні

(күні, айы, жылы)

Студент

(тегі, аты, әкесінің аты)

дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша

тапсырма

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы

«___»20___ж. № бұйрықпен бекітілді

Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі

Жобаның шығыс мәліметтері

Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі)

Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)

Ұсынылған негізгі әдебиет

Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)

Бөлім
Кеңесші
Бақылау
мерзімі
қолы
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:
Бөлім:
Кеңесші:
Бақылау:

Тапсырманың берілу күні

Жобаның жетекшісі

Қолы, аты-жөні, лауазымы

Тапсырманы орындауға алған студент

(студенттің аты-жөні, қолы)

Нормативтік сілтемелер

  1. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. //Алматы, - 2010. - 75б.
  2. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922Жарлығы.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы.
  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Анықтамалар

Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізудімақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.

Оқыту - білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.

Білік - Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру.

Дағды - студенттердің белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.

Бағалау - студент жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау.

Сапа - ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - студенттің сұранысын қанағаттандыру.

Қысқартулар мен белгілер

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖОО - Жоғарғы оқу орны

ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнім

ТС - Тәжірибелі сынып

БС - Бақылау сыныбы

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЖТ - Жалпы табыс

ЖӨҚ - Жалпы өзіндік құн

ОҮӘЖ - Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі

ББД - Білім, білік және дағды

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .

Анықтамалар . . .

Қысқартулар мен белгілер . . .

Кіріспе . . .

1 Саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің

білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері . . .

1. 1 Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде колледж студенттерінің дағдыларын қалыптастыру мәселелері . . .

1. 2 Саралап оқыту технологиясының мәні . . .

1. 3 Колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда

саралап оқыту технологиясының мүмкіндіктері . . .

2 Астана қаласының техникалық-экономикалық колледжінде

«Арнайы технология» пәнін оқыту барысында саралап оқыту технологиясы негізінде студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру ерекшелігін зерттеу . . .

2. 1 Саралап оқыту технологиясының колледж студенттерінің білім,

білік, дағдысын қалыптастыруда алатын орны . . .

2. 2 Астана қаласының техникалық-экономикалық колледжінде «Арнайы технология» пәнін оқыту барысында саралап оқыту технологиясы негізінде студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру мазмұны мен нәтижелері . . .

3 Экономикалық негіздеме . . .

4 Қоршаған ортаны қорғау . . .

5 Еңбек қорғау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақстан Республикасы үшін үлкен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістер оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жетілдіру, олардың жаңа түрлерін іздеу, бейімдеу негізінде білім беру саласына да жаңалықтар енгізді.

Білім жүйесінде кеңестік дәуірде қалыптасқан студенттердің белгілі бір білімдер жиынтығымен қаруландыру принципі қайта қаралып, ендігі жерде алынған білімді пайдалануға үйрету, баланың дара ерекшеліктеріне, қабілетіне, қызығушылығына қарай бейіндік бағыттау алға шықты, сонымен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану көп векторлық сипат алды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр [1] .

Қазіргі заман педагогтарының негізгі мақсаты - білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізіне әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен оқытуды студенттердің әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады.

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін атап айтар болсақ, күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай ерекшеліктерімен - білімнің базалық деңгейінің барлық студенттер үшін міндеттілігі, студенттерге берілген тапсырманың саралануы, тапсырма студенттің күші жететіндей және қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде студенттің бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс, студентке оқу деңгейін таңдауға ерік беру, студент өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады.

Ж. А. Караевтың ғылыми монографиясы «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы» қазір Қазақстанның бар аймағында ғылыми-тәжірбиеден, сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің белсенді әдісіне айналды. Үш өлшемді әдістемелік жүйеде, оқыту келесі формула бойынша анықталады: мақсат-мотив- іс-әрекет - рефлексия-теориялық білім.

Педагогика ғылымының докторы, Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж. Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді[2] .

Дегенмен, отандық педагогика тарихында колледждерде деңгейлеп-саралаудың қолданылуы, оның құралы ретінде қосымша білім беру бағдарламаларының орны жеткілікті деңгейде зерттелмеген деп айтуға негіз бар.

Сондықтан педагогика ғылымында колледждерде колледждерде деңгейлеп-саралауда тәжірибенің жинақталуы мен оның ғылыми-теориялық тұрғыда талдану және бүгінгі күні өзекті болып отырған деңгейлеп-саралауды енгізуде оның жағымды және жағымсыз тәжірибесін ескере отырып, жаңа талаптарға негіздеп, бейімдеп пайдалану қажеттігі арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған зерттеу жүргізу қажеттілігі туындады, міне, бұл біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасының мәнін анықтап, тақырыпты «Саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің объектісі - колледждерде деңгейлеп-саралау процесі.

Зерттеудің пәні - саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің білім, білік, дағдылары.

Зерттеудің мақсаты - Астана қаласының техникалық-экономикалық колледжінде «Арнайы технология» пәнін оқыту барысында деңгейлеп-саралауды талдау, сипаттау және оның жағымды тәжірибесін практикада қолдану мүмкіндігін анықтау.

Зерттеудің болжамы - егер колледждерде деңгейлеп-саралаудың дамуын талдау оның алғышарттарын, осы процестің негізгі тенденцияларын анықтаса, онда қалыптасқан жағдайды ескеру колледждерде деңгейлеп-саралауды енгізуде жинақталған оң тәжірибені қолдану мүмкіндігі артады, өйткені, оның жағымды және жағымсыз жақтары ашылады және бұл оларды бүгінгі күн жағдайында пайдаланудың шарты болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқыту процесінде студенттердің білім, білік, дағдыларын бақылаудың теориялық негізін талдау;
  2. Колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда саралап оқыту технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
  3. Саралап оқыту технологиясының колледж студенттерінің білім, білік, дағдысын қалыптастыруда алатын орны бөліп көрсету;
  4. Астана қаласының техникалық-экономикалық колледжінде «Арнайы технология» пәнін оқыту барысында саралап оқыту технологиясын қолдану мазмұны мен нәтижелері іске асыру моделін жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы: Колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда саралап оқыту технологиясын талдау жинақталған оң тәжірибені анықтауға, оның жағымды және жағымсыз нәтижелерін бейіндік оқытуды іске асыруда ескеруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің әдіснамалық негізін философия, педагогика ғылымындағы теориялық-әдіснамалық теориялар, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, философиялық ілімдер, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективтілік, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.

З ерттеудің әдістері : логикалық, жүйелі-құрылымдық, нидуктивтік, дедуктивтік, теориялық және эмпирикалық (ғылыми-педагогикалық әдебиетті, архив материалдарын, колледж құжаттарын зерттеу және талдау, педагогикалық мәліметтерді жүйелі және статистикалық талдау, т. б. ) .

Зерттеудің көздері:

  • заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар;
  • зерттеу тақырыбына байланысты ресми құжаттар (оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер) ;
  • зерттеу проблемасына қатысты ғалымдардың еңбектері, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: Астана қаласының техникалық-экономикалық колледжінде «Арнайы технология» пәнін оқыту барысында саралап оқыту технологиясының жағымды және жағымсыз тәжірибесі анықталды

Диплом жұмысының көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық, теориялық негіздері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.

«Саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде ғылыми-педагогикалық зерттеулерде колледж студенттерінің дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды, саралап оқыту технологиясының мәні ашылды және колледж студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда саралап оқыту технологиясының мүмкіндіктері көрсетілді.

« Астана қаласының техникалық-экономикалық колледжінде «Арнайы технология» пәнін оқыту барысында саралап оқыту технологиясы негізінде студенттерінің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру ерекшелігін зерттеу» атты екінші бөлімде саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттерінің білім, білік, дағдысын қалыптастыруда алатын орны мен мазмұны мен нәтижелері зерттелді

Қорытынды бөлімде : зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары түйінделді, эксперименттік іс-тәжірибелер негізінде студенттердің білім, білік, дағдысын қалыптастыруды колледждің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

1 Саралап оқыту технологиясы негізінде колледж студенттернінің білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде колледж студенттерінің дағдыларын қалыптастыру мәселелері

Оқыту процесінде студенттердің білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау оның аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім студенттің оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта студенттердің сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П. Горбунов, У. С. Березняк, В. И. Иващенко, А. Қ. Исаков, Е. И. Теповский, С. Ф. Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М. Р. Львов, Н. Н. Светловский, А. П. Пышкало, Т. Л. Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қортынды шығаруға болады. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған[3] .

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі студенттер білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.

20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде студенттің үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді[4] .

30-жылдары білім, білік, дағды нәтижесін есепке алуды, бақылау (Е. В. Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.

40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.

Онда білімді бақылау (Е. И. Петровский) студенттерді бақылау ретінде қарастырылды. Студенттерді бақылау: әрі оқыту, әрі тәрбиелеуді көздесе, кейіннен оны дамыту қызметі ойластыруды.

Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.

80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.

«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:

Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады[4] .

Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді.

Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.

Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю. К. Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік. [5]

Дағды - студенттердің белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.

Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А. В. Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Студенттің күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.

Қандай болсын білікті, дағдыны студент іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Студенттердің білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.

Ендеше қазіргі кезеңде студентға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.

Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Сөйтсе де, әлі де болса студенттердің білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саыалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.

Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Ал өзінің істейтін еңбегіне орай, адам тиісті дағдыларды меңгермесе, өзінің істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды, жұмысын дұрыс ұйымдастырып, еңбек өнімін арттыра алмайды, әр уақытта күнделікті істейтін жұмысына шамадан тыс көп жігер, көп күш жұмсайтын болады. Егер мұғалім мен шахтерді салыстырса, екеуінің де өздерінің мамандығына лайықты көп үйреншікті дағдыланулардың бар екенін байқауға болады. Егер мұғалімді шахтаға түсірсе, мұғалім жұмыстың тетігін білмегендіктен, шахтёр күніне 150 тонна көмір шығаратын болса, мұғалімнің күніне бір тонна көмір табуы қиын болар еді. Дағдыланудың педагогикалық процесте алатын орны ерекше. Егер студент оқу процесінде оқуға, жазуға, есеп шығаруға, тағы басқаларға машықтана алмаса, олар жақсылап оқи да, ғылым негізін меңгере де алмас еді[6] .

  1. Дағдылану - соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биологиялық әрекетпен салыстырғанда адамның жеке басының тіршілігінде пайда болатын қылықтар.
  2. Дағдылану - үйренумен, жаттығумен, бір әрекетті бірнеше рет пайдаланумен дәл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы тәжірибесіндегі әдеттермен байланысып, жүзеге асады.
  3. Дағдылану зейіні, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барлық дағдылану автоматизм тәрізді деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар, мәселен, ақыл-оймен байланысты, автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
  4. Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзінің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса - сол әрекетін басқа әрекеттерге де көшіре алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Оқытудың педагогикалық технологиялар түсінігі
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Сөз таптарын оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану үлгілері
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz