Қазан хандығының құрылуы


Қазақтан Республикасы Білім және ылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан, 2022 жыл
БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазан хандығының құрылуы
ҚАБЫЛДАҒАН: ДЖАНДАРБАЕВ ЕРБОЛ
ОРЫНДАҒАН: Нарзулла Севара
ТОБЫ: ЖМА-012
Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Хандықтық құрылуы
- Ұлттық құрамы мен шаруашылығы
- Әлеуметтік құрылымы мен әкімшілік бөлінуі
- Мемлекеттің. . ыдырауы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Кіріспе
Ноғай Ордасының негізін қалаған Едігенің баласы Нұрад дин хандық құрған тұста (1426-1440 ж. ) Ноғай Ордасы түпкілікті қалыптасты.
Ноғай Ордасы XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құра-мына енген қыпшақ тайпалары мен маңғыт тайпаларынан құралған. Ноғайлар Еділден Ертiске дейiн, Каспий мен Арал теңіздерiнен Қазан мен Тюменьге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. Орда ның орталығы Жайық өзенінің сағасындағы Сарайшық қаласы болады. Негізгі кәсібі - көшпелі мал шаруашылығы еді. Хақназар хандық құрған дәуірде Қазақ хандығынын сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиға - Ноғай Ордасының мәселесі болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті еді. Ноғай мырза Жошы хан мен Береке хан заманынан бастап үлкен қызметтер атқарып келе жатқан ақылды, тәжірибелі төрелердін бірі болған. Деректерде 1299 жылы Қырым уәлаяты мен Екатеринослав арасындағы кең байтақ өлке Ноғай мырзанын коластында болғаны аталады. Ноғай мырза бұл жерлерде генерал-губернатор ретінде хан атағымен үкім жүргізген. Дешті Қыпшақ өкіметінің ханы Береке кайтыс болған соң Мөңке Темір, Дудамоңке, одан кейін Төлебуға хан тағына отырды. Ноғай мырза осы хандардың бәрінің қасында болып, іс қағаздарын жүргізген. Кейде Ноғай Төлебұға ханның жоқтығын пайдаланып қоластындағы жерлерге өз мүддесіне сай билік еткен. Қазіргі Бұхарада, Хазар мен Қара теңіз арасында, Кубань мен Түркияға дейінгі кең алқапта өмір сүрген ноғайлы атты халык осы Ноғай мырзаның атымен аталса керек. Бұлар- негізінде қыпшақ түркілері. Алтын Орданын ыдырауы салдарынан XV ғасырдын ортасында құрылған Қазан хандығы өз кол астына Орта По волжье мен Орал халықтарын: татарларды, удмурдтарды, марилерді, чуваштарды, башқұрттардың бір бөлігін біріктірді. Жер мемлекет меншігінде болды. Хан оны халықтан алым салық жинайтын өз бағыныштыларына таратып берді. Жердің бір бөлігі мешіттің меншігіне берілді. Салықтың негізгі түрі азық-түлік салығы (харадж) едi; дін иелерiне табыстың оннан бірі деңгейінде алынатын зекет те келiп жатты.
Халықты қоғамдық ұйымдастырудын ұлыстык жүйесi көшпелі жұрттың қауымдық иелігінде жайылымы, суы мен нуы бар белгілі бір жердің болуына жағдай жасап, баска ұлыстардың рулык-тайпалық топтарымен таласып тартысып қалуының алдын алып болдырмай тастаган. Билеуші мүшелерінің оғландардын сұлтан мен мырзалардын жеке меншігінде - көшпелi ұлыстары мен оған сәйкес жер-суы mai oymetrin Atari хұқы болған. Рулық тайпалык одактарды басқаратын көптеген ақсүйектер ұлысбектер мен әмірлер, байлар мен билер им хұқты (тархандықты) алға Деректерде жер иелену мен жерге жеке меншіктің: інжу (ханның жер-суы), мүлік-егінді аймақтардағы жеке иелiктегi жерлер, вакф- ислам діні тараған аудандардағы, Қазақстанның оңтүстік қалаларындағы мұсылман мекемелері мен діни қызметшілері жер-суы сиякты түрлері болғаны жазылған. Отырықшы халықта алым-салық жинау жүйесі ретке келтіріледі. Көшпелшер арасындағы туыстық көмек» рәсімі бай-бағыландардың жарлы-жақы жақыбайды қанауы және оларды тәуелді етудің әралуан түрлерін отырган. XIV-XV ғғ. түрік тілінің негізгі үш диалекті тобынын карлык, үйғыр, үйғыр-оғыз, қыпшақ-оғыз тобының iлгерiк басталған құралу, түзілу, калыптасу процестерi жедел дамиды. Монгол басқыншылығы балса да, монгол тілі халық арасына жылжымайды. Жергілікті тұрлаулы түрік ортасы монгол элементтерiн тез сіңіреді.
XIII-XIV ғғ. қыпшақ тілінде көптеген әдеби халыктын ауыз әдебиеті дамиды. өзіндік суырып салма поэзиясы мәтел, жасалады. мен басқа түрік тайпаларын ырлары Клады. Ауыз әдебиетінің жұмбақ, мақал тұрмыс-салт жырлары сияқты түрлері қыпшақ тілінің «Кодекс куманикус» атты ескерткішінде сақталған. XIV-XV ғғ. түрік тілінің қыпшақ тобынын кыпшак
ноғай топшасы ішінен, қазақ тілі тазаланып шығады.
Мақсаты: Ноғай ордасының құрылуын зерттеу, Ресей империясына тәуелділігін зерттеу
Міндеті :Ноғай ордасының құрылуы, дамуы, құлдырауы, мәдениеті жайлы мәлімет бері
- Негізгі бөлім
Қазан Хандығы (тат. قزان خانلغی , Qazan xanlığı, Казан ханлыгы ) - Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ - Кама бұлғарларының аумағында құрылған (1438 - 1552) мемлекет. Қазан хандары әулетінің алғашқы өкілі - Алтын Орданың ханы Ұлық Мұхаммед (1438 - 45) . Оның баласы Махмұтбек 1445 ж. Қазанға орнығып, бұл хандықтың дербес болуына негіз салды.
Русьтегі бөлшектенуді, өзара қырқысуларды пайдаланып Қазан Хандығы 15 ғ-дың 1-жартысында Мәскеудің ұлы князі Василий ІІ қараңғы тұсында орыс жерінің шығыс бөліктеріне ықпал жүргізуге тырысты. Бір орталыққа бағынған Ресей мемлекеті біріккеннен кейін, Иван ІІІ Васильевич тұсында Қазан Хандығына қарсы күрес күшейді. Мәскеуліктердің тарапынан 1467 - 69 ж. Қазан мен Вяткаға жасалған шапқыншылықтарынан соң Қазан Хандығы орыс жеріне шабуылын тоқтатты, Алтын Орда құлағаннан кейін (1480), Иван ІІІ Қазан Хандығына шабуылды қайта бастады. 1487 ж. 9 маусымда орыс әскерлері Қазанды алды. Әли хан тақтан түсіріліп, оның орнына інісі Мұхаммед Әмин (Иван ІІІ-нің қол жаулығы) хан болып тағайындалды, Қазан Хандығы Ресейге 1521 жылға дейін вассалдық тәуелділікте болды. Мұхаммед Әмин өлгеннен (1518) кейін, оның орнына Қасым хандығының ханзадасы Шаһ Әли хан болып тағайындалды. Оны 1521 ж. Қырым ханының інісі Сахиб Герей құлатып, таққа өзі отырды. Оның тұсында Қазан Хандығы Қырым, Астрахан хандықтарымен, Ноғай ордасымен одақтасып, татар жұртының ауыз бірлігін сақтауға ұмтылды. Бұл бағытты Түркия қолдады. 1521 ж. Қазан Хандығы Түрік-Қырым одағына кірді.
1524 ж. Түркияның протектораттығын қабылдады. Таққа Сафа - Герей отырды (1524 - 49) . Бұл одақтан қауіптеніп, одан сақтану мақсатымен Василий ІІІ Сура өзенінің сағасында Васильсурск қаласын салғызып, бекініс жасады (1523) . Иван ІV нығайып алғаннан кейін Қазан Хандығына қарсы шапқыншылықты күшейтті, 1546 ж. татар ақсүйектерінің үлкен бір тобы Руське қарсы күресті тоқтатып, Иван ІV-нің жағына шықты, оның артынша Қазан Хандығынан бүкіл “тау жағы” (батыс жақтағы чуваштар) бөлініп кетті.
![]()
1545 - 52 ж. Қазан жорықтары Қазан қаласын орыс әскерлерінің басып алуымен (1552) аяқталды. Қазан Хандығы жойылып, оның бүкіл жері Ресей мемлекетінің қарамағына көшті
Оған қазан татарлары (Еділ бұлғарларының ұрпағы), марийлер, чуваштар, удмурттар, сонымен бірге ішінара мордвалар мен башқұрттар кірген. Қазан Хандығы тұрғындарының негізгі кәсібі егіншілік болды; оған қосымша мал шаруашылығы, бау-бақша, жабайы араның балын жинау, аңшылық, балықшылық кәсіптерімен айналысты. Бұлғарлардың дамыған қолөнерін Қазан жұртының шеберлері ыждағаттылықпен қабылдай білді. Тастан салынған ғимарат сарайлар, биік мұнаралы мешіттер, кесенелер мұнда сәулет өнері мен құрылыс техникасының дамығандығын дәлелдейді. Қазанның географиялық жағдайының тиімділігі оның Русьпен, Сібір, Иран, Кавказ, Орталық Азия елдерімен сауда-саттық қарым-қатынасын жасауына мүмкіндік берді. Қазан Хандығында жоғары өкімет билігі ханның қолында болды, бірақ оған ірі ақсүйектер кеңесі(диуан) бағыт сілтеп, бақылау жүргізіп отырды. Ақсүйектердің ең ықпалды жоғары тобы, негізінен, 4 рудан шыққандар болды. Олардан кейін сұлтандар мен әмірлер, бұлардан төменіректе мырзалар, ұландар, жауынгерлер тұрды. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін хан ақсүйектердің құрылтай жиналысын шақырды. Ислам дінінің өкілдері де Қазан Хандығында зор рөл атқарды, олар ірі жер иеліктерін пайдаланды. Әкімшілік тұрғыдан Қазан Хандығы даруг (округ), ұлыстарға (уәлаят) бөлінді.
Казан хандыгы Бату ханнын бауыры Тоғай-Темiрдiн урпагы Улык-Мухаммед тарапынан курылды (1437) . Ханлыктын орталыгы Казан каласы еді және байырғы Булгар мемлекетiнiн территориясын, Орта Еділ-Кама аймағын камтитын.
Ұлык-Мұхаммед өлгеннен кейiн (1445) онын орнына Махмут хан (1445-1461) отырды. Махмұт ханнан кейін ішкі тартыстар мен орыс баскыншылығының артуы хандықтың ыдырауына себеп болды.
1487 жылы Казан алғаш рет орыстар рапынан жаулап алынды, Емин Мухаммед орыстардың көмегімен хан болды. Біраз уакыт Кырым хандығына тәуелдi болган (1521) Казан хандыгы узак уакыт орыстар мен Османдар арасында басты карсыластык пен тартыс аймагы ретiнде калды. Казан каласын басып алу аркылы орыстар шығыс пен Оңтүстікке жол ашты. Казан каласы геополитикалык жағдайымен бiрге тарихи және мәдени байлығымен бүгінгі таңда да Татарстан Республикасынын астанасы болып калды.
Территориясы мен халқының этникалық құрамы. Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жерi Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейiн, солтустiк-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңiзiне дейiн көшiп қонып жүрген.
Ноғай Ордасы халқының негізгі кұрамы маңғыттар болды. Олармен бірге коңырат, найман, арғын, канлы, алшын, кыпшақ, алаш, тама, тағы басқа түрiк тiлдес тайпалар да болған. Орданың этникалық құра мының әр түрлі тайпалардан құрылуы бұл мемлекеттік ұйымның этникалық тұрғыда емес, саяси билік жағынан құрылғандығын көрсе теді. Орданы мекендеген тайпалар казак халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды. Шоқан Уәлиханов алғашқы қазақ ханы Жәнібек тұсында достык катынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды екі туысқан Орда" деп атаған. Екi халык (казак пен ноғай) болып қалыптаса бастаған кезде Ноғай Ордасының бiрқатар рулары Кіші жүз қазақтарының құрамында калды.
Ноғай Ордасынын аты Алтын Орда әскерiнiң қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған. Ногай жорыкты бірге бастап, Алтын Орданың бес ханының тұсында колбасшы болған. Ноғай хан болмаса да Алтын Ордаға өз ықпалын жүргізген. Осы ноғайға (1260 1300) қараған рулар ноғайлы немесе ногай елі атанып кеткен. Ногай әскерлерінің басым көпшілігі түрік тілдес мангыт тайпасы болған дықтан "маңғыт елi" деп те аталған. Ноғайдан кейін маңғыт елінің аты ешбiр тарихи деректерде не улес не улыстык дәрежеде кездеспейді. етек XIY ғасырдың соңғы кезінде Едігенің тарих сахнасына шығуына байланысты ноғайлардың аты шыға бастайды. Деректерде Едігенің кетіп, Жайық бойындағы өзінің тайпасына Әмір Темірден оралып, өзін бек деп жариялауы. Осы жариялаудың өзі келешек Ноғай Ордасынын құрылуына басты негіз болганн Орда Едігенің кезінде Алтын Ордадан оқшаулана бастайды. Едігенің баласы Нұр ад-диннің кезінде (1426 1440 жылдары) Ноғай Ордасы өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан белініп шығады.
Сарайшық қаласы . Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған. Жазба деректерге қарағанда қаланың іргесі X гасырда қаланған. Алтын Орда кезiнде Сарайшық қаласынын дәуірлеген мезгіл болған. Қала XIII-XIV ғасырларда дәуірлеген. Жазба деректерге қарағанда ХIII ғасырда Римде 35 мың, XIY ғасырда Парижде 58 мың адам өмiр сүрсе, ал Сарайда ХIY ғ. өзiнде 100 мыннан астам адам өмір сүрген. Қалада 13 мешіт, шығыс моншасы, базар. т. б. қоғамдық құрылыс жүйелері салынған. Әсiресе каладан 5-6 км жердегі су қоймасы сол кездегi таңғаларлық құрылыс жүйесi болған. Ол арқылы қала сумен қамтамасыз етiлiп отырған. Кейін Алтын Орда күйреп, кала әлсірегенмен Ноғай Ордасының астанасына айналып, кайта көркейді. Қасым хан тұсында бiраз жылдар Қазақ хандығының астанасы болды. 1580 жыл Дон, Едiл казактарынын Жайык бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы біржолата кирады. Сарайшықта хандар бейіті бар. Онда Алтын Орданың Мөңке, Темiр, Тоқта, Жәнібек хандары, Ноғайлының Окас, Шейх Мамай, Жүсіп "хандары", Қазақтың Қасым ханы жерленген. Археолог З. Самашевтың қалаға жүргізген археологиялық зерттеулерiне қарағанда каладан Қытай фарфор ыдыстары, парсы, унді т. б. елдерден әкелінген бұйымдар табылған. Ал жазба деректерде қаланың басты сауда жолы бойында тұрғандығы туралы хабарлар кептеп кездеседі. Академик К. Байпаковтың "Ұлы Жібек Жолы" атты кітабында қаладан Жібек Жолының бiрнеше тармақтарының өткендiгiн жазады. Оңтүстік Шығыс Қытайдан шыққан Ұлы Жібек Жолы қазақ жеріндегі Қойлық, Дүнгене, Баласағұн, Тараз, Сайрам, Отырар, Түркiстан, Сауран, Сығанақ, т. б. Сырдың төменгі ағысындағы калаларды аралап, Сарайға келетін. Сарайға Еділ бойындағы калаларды аралап, Еуропадан Кавказ тауын бектерлеп, Кiшi Азия жерiндегi елдерден де сауда керуендерi келетін. Міне, осындай дүниенің төрт бұрышымен байланыс жасаған Сарайшық каласы мәдени және экономикалық жағынан өз кезiнде де өркендеген қала болған. Сондыктан, Сарайшық қаласы XIV-XVII ғасырлардың аралығында ноғайлы ордасының әкiмшiлiк, сауда-экономикалык және Қоғамдық құрылысы. Ноғай Ордасының негізін қалағандардың бiрi, атакты, беделі зор Едіге өзін хан етiп жариялауға құқы болма ғанымен, Алтын Орданың билеушісі болды. Оның кезiнде ноғайлар Алтын Ордадан бөлектеніп, елеулі феодалдык иеліктердің біріне айналды. Алтын Орданы басқарған Едігенің "беклер бек" - "ұлы әмiр
Когамнын жоғарғы сатысында бектер, мырзалар, сұлтандар атағы болған. Оның билiгi шексiз зор болды. байлар турды. Олар ауылдарды, улестерді, улыстарды биледі. Қол астындағы рулар мен тайпаларды билеп, олардың әлеуметтік экономикалык мәселелерін шешiп отырды. Орданың негiзгi байлығы мал болды. Атақты байлардың қора-қора койы, табын-табын жылкы, туйе, ipi карасы болды. Суы мол, шебі шүйгін жайылымды шурайлы жерлер сол малы кеп ақсүйектердікі болған. Ордада басқарудын улыстык жуйесi жүргiзiлген. Ал Орда билігі мұрагерлік жолмен берiлiп отырган. Ногай Ордасы этникалық құрамы жағынан артурл болгандыктан, әкiмшiлiк билiк бiрнеше улыстардан турган. Ұлысты билеуші мырзалардың билігі өз жерінде шексіз болды. Карапайым халық салық төлеуге, әскер қатарында өз қару-жарағымен дайын тұруға міндетті болған.
Ногай Ордасының саяси тарихы. Едіге XIV ғ. 90-жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болды. Оның басты себебі ол біріншіден, билік үшін күрессе, екіншіден, Ногай Ордасының беделін кетерiп шекарасын ұлғайту ушiн соғысқан еди Ол бұл жолда Шыңғыс урпактарын пайдаланды. Шыңғыс әулетінен хан көтеру Едігенің келi сімінсіз қабылданбайтын дәстүр еді. Тоқтамысқа қарсы күресте бұл әдісті ете орынды пайдалана бiлдi. Ол бұл жолы Орыс ханның немересі Темiр-Қутлыкты, Алтын Орданың хан тағына отырғызады. Екеуi бiрiгiп Тоқтамысқа қарсы шыккан. Ал Токтамыс болса Литва князімен бірігіп, бұларға қарсы ұйымдаскан. Алайда соңғылардың 1399 жеңiлiске ұшы райды. Алтын Ордада Темiр-Құтлықтың жағдайы бiраз да болса жақ сара түседі, бірақ осы жылы (1399) хан каза болған. Ендi саяси аренаға Едігенің өзі көтеріледі. Ол Темiр-Құтлықтың тiрi кезiнде-ақ өзіне көрсеткен қызметi үшiн оған аға-әмір-беклер-бек болып тағайындал ған. Осы атақ оның емiрiнiң соңына дейін сақталған. Кейбір деректерде Едіге Алтын Орданы 20 жыл хан ретінде басқарды десе, Араб деректерінде оны Алмалыктың патшасы болған дейді. Алайда ол ешуақытта оның патшасы болмаған. Ол Алтын Орданың бегi болған.
Темір-Құтлықтың кезінде өз ордасының князі болып та басқарған. Едіге өзінің көңіліндегі терелерді (Шыңғыс тұқымдары) хан сайлап олар арқылы басқаруымен қатар өзінің мағыт елiн (Ногай) Алтын Орданың құрамындағы ірі мемлекеттік құрылымға айналдырып алуды да ұмытпаған. Сондай дәрежеге де жеткен, өз ұлысынан бiрден 200 мың әскер шығару мүмкіндігі болған.
Әмір Темірдің қаза болуы (1405) оның державасының ыдырауына әкеп соққан. Бұл хабарды естiген Тоқтамыс Сарайды алуға әрекет жасаған, оған Едіге қирата соккы берiп, бетiн қайтарады, ол Тобыл өзенінің төменгі ағысына шегiнедi 1406 ж сол жақта өлтіріледі. Бұл аймақтағы Цайбұға тайпасы да Едігенін билігін мойындайды. Сөйтіп, Едігенің жерi Батыс Сібір ойпатына дейiн улгайган. ) Темiр ұрпақтарының ішіндегі алауыздықты пайдалануға әрекет жасаған. Едіге бар кушiмен Хорезм аймағына аттанады. Өздері аласапыран болып жаткан темiрлiктер Едігеге ешбiр карсылық көрсете алмайды. Едіге Хорезмді билеуге өзiнiң адамын сайлайды. Алайда Едіге Хорезмді жаулап жүргенде, Ордада Тоқтамыстын баласы Жалалдин және онын жактаушылары Алтын Орданың ханы Шәдібекке қарсы кетерiледi. Едiге бул хабарды естiп, тез оралудың нәтижесінде Жалалдиндi Болғар жерiне, одан ары орыс кнәздiктерiне шегiндiрген. Темiр-Құтлықтың баласы Темiр ханның кезінде Едіге, мен арада қарама-қайшылық туадыйшык жактаушылары мен әзiнiн аруластары көшіп-қонып жүрген Сарайшық қаласының аймағындағы маңғыт елінің арасына барып паналайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz