Төлеби ауданының топырағының экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-011033
Қазақстан Респyбликасы Бiлiм және Ғылым министрлiгi
Қ.А.Ясаyи атындағы Xалықаралық қазақ-түрiк yниверситетi

Сытышева Диана

Түркістан облы Төлеби ауданының топырағының
экологиялық жағдайын зерттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B060800-Экология мамандығы

Түркістан 2022
Ф-ОБ-011033

Қазақстан Респyбликасы Бiлiм және Ғылым министрлiгi
Қ.А.Ясаyи атындағы Xалықаралық қазақ-түрiк yниверситетi
Жаратылыстанy ғылымдары факyльтетi
Экология және Химия кафедрасы

Қорғаyға жiберiлдi
Экология және химия
кафедрасының меңгерyшiсi
__________________ Нұрділлаева Р.Н.
"___"_________ 2022ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Түркістан облысы Төлеби ауданының
топырағының экологиялық жағдайын зерттеу

5В060800 - Экология мамандығы бойынша

Орындаған:
Сытышева Д

Ғылыми жетекшiсi:
Мейрбеков А.Т.

Түркiстан 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.ӘДЕБИЕТТІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Топырақ туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Топырақ жамылғысының қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Қазақстанның топырақ жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Түркістан облысының топырағының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ..

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Төлеби ауданы туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Төлеби ауданы оның ішінде халқы және жер көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
2.3 Төлеби ауданының қоршаған ортаны ластау обьектілері ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Төлеби ауданының топырақтарының құнарлылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Төлеби ауданының топырағының экологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..

3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Төлеби ауданының зерттеу нысаны туралы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Төлеби ауданының топырақ үлгісін алу және анализге дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Топырақ құрамындағы ауыр металлдарды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Қазіргі күнде Қазақстанда барлық елдер сиақты экологиялық жағдай күрделенуде. Ауаны, судың ластануы, топырақтардың құнарсыздануы әлемдік экологиялық проблемаларға айналды . Оның себептері негізінен адамның шаруашылық әрекетінен болуда.
Адамзат өзіне қажетті қоректік заттардың 98-99 % осы топырақтан алады. Жер бетіндегі өңдеуге жарамды жердің көлемі 3200 млн га, оның жартысы ауыл шаруашылығына жарамды жер. Ал Қазақстанның ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі- 78,6 млн га. Соңғы мәліметтер бойынша, республика жерінің 60%ы шөлге айналған. Мұның барлығы топырақтың эрозияға ұшырауы, тұздану процесінің артуы химиялық және радиоактивті заттармен ластанудың нәтижесінде туындауда. Республиканың 30 млн га жерінің өнеркәсіп, көлік байланыстары мен елді мекендер алып жатыр. Қазақстан Республикасы статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылы Түркістан облысында атмосфераға ластауыш заттардың шығарындылары 15 370 бірлікті құрайды. Түркістан облысы минералды-шикізат әлеуеті жағынан өте маңызды. Оның шегінде қорғасын-мырыш кендері, уран және газ, бірнеше алтын кеніштері, тұщы және ыстық суларының кен орындары бар. Облыста Қазақстан Республикасының уран балансының 50%, қорғасын 4%, темір рудасының 2,2% және көмірдің шамамен 1% шоғырланған. Қазақстан Республикасында экологиялық саясатты жақсартуға көңіл бөлінуде. Бірақ оған жетуге өндірістік және ауылшаруашылық өндірістерінде қалыптасқан тенденциялар кедергі болуда. Пайдаланатын табиғи қорлардың үлесі үрдісі ұлғаюда, ластанғыш заттардың шығуы көбеюде, ауаның, топырақтың, су қоймаларының ластану деңгейі жоғарлауда республиканың көптеген аймақтарында ауыз су тапшылығы байқалады. Жерді дұрыс пайдаланбаудың салдарынан топырақ құнарсызданып , шөлге айналу процесі күшейе түсіп қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсері арта түсуі мүмкін.
Алайда, ҚР Экологиялық кодекстің ( 4 бабтың 1 тармағы) негізгі міндеттерінің бірі адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi, Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау, қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру, өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту, қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi, әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы, қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Сондай-ақ кодекстің 23 бабының 3-4 тармақтарында қойылған талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлт - тық табыстың өсімінен түсетін игілік - тер - ді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік лифті - лер - ді орнықтыру жөніндегі қоғамның өт - кір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс. Елiмiз ХХІ ғасырдың екiншi онжылдығының төртiншi жылында ұлтты экономикамыздың әлеуетін арттыруға бағытталған "Қазақстан-2050 стратегиялык бағдарламасын жүзеге асыру шараларын жүзеге асыруда. Осы аталган бағдарламада жер ресурстарына катысты арнайы шара қарастырылған "Жер өндеу мәдениетін өзгерту және жаңа Ғылыми технологиялык, баскарушылык жетістіктерді ескере отырып дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз кажет". Аталған мәселенің өзектілігі егістік алқабтарын бағалауға қатысты, яғни әлемнiң дамыған елдерiндей жер ресурстарын бағалаудың заманауи әдістерін қолдану кажеттiлiгiн алға тартып отыр.Жалпы адамзат өміріне және қоршаған ортаға кері әсерлерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Жаңа жағдайдағы экономикалық даму жөніндегі тұжырымдамасында өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру.
Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.
Жасыл экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау. Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Ұлт - тық табыстың өсімінен түсетін игілік - тер - ді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік лифті - лер - ді орнықтыру жөніндегі қоғамның өт - кір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сондықтанда адамзат қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын түсіну үшін эколгиялық зерттеулердің маңыздылығы артуда. Әсіресе табиғи экологиялық жағдайлары алуан түрлі Қазақстан үшін.Республика териториясының ірі көлемімен (272,4 млн га), биоклиматтық орографиялық жағдайларымен, топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлілігімен сипатталады
Сол себептен қазіргі таңдағы Түркістан облысы Төлеби ауданының қоршаған ортасының жалпы экологиялық жағдайын бағалау, топырақтардың құнарлылығын арттыру мен өсімдіктердің өнімділігін потенциалын көтеруге бағытталған зерттеулер маңызды мәселе болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты: Түркістан облысы Төлеби ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайын көтеру. Зерттелген аймақтың экологиялық жағдайына жалпы сипаттама беріп, соның ішінден табиғи компоненттердің құрамдарының сапасын анықтап, топырақтардың құнарлылығын зерттеу болды.
Жұмыстың зерттеу әдісі: Түркістан облысы Төлеби ауданының топырағының экологиясын бағалау арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды әсерді төмендету.
Жұмыстың міндеттері. Топырақтың құрамындағы ауыр металдарды, гумус мөлшерін анықтау әдістерін игеріп, талдау жасап, алынған нәтижелерді талқылау.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы.

1.ӘДЕБИЕТТІК БӨЛІМ
1.1 Топырақ туралы жалпы мәлімет
Топырақ -- бұл Жердің өсімдік өсетін үстіңгі қабаты.Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша -- қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты.Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.Қазақ халқы жерді - ана, егістікті - асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркəсіп үшін шикізатты өсімдік жəне жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мəселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді. Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтың құнарлылығының азаюы, тағыбасқа осындаймəселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады. XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы қабатының құрамындағы органикалық жəне минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс əкелген кезеңге дейін өріс алып келді. 5 1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология жəне минералогия бөлімінің мəжілісінде В.В. Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді. Кейін бұл пікірлер əрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.
1.2 Топырақ жамылғысының қасиеттері
Қазіргі түсінік бойынша топырақ - жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі жəне өлі табиғатқа тəн бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті - құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен жəне ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы - адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сəулесі мен ауадағы көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нəтижесінде денесіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едəуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық жəне органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ - асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тəуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргішқұралдардан (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты моральдық жəне физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорларысарқылмайтынжəне сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін жəне қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер қатарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары жəне топырақтар жатады (Банников, 1977). Бірақ та топырақты қалпына келетіндер қатарына қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнешежыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себептерден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын 6 құбылыс. Мəселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера, педосфера, биосфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді. Сонымен бірге, топырақ Жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ - өзі тіршіліктің туыңдысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің де негізі.

Топырактың Жер геосферасында алатын орны.

Yлкен геологиялық зат айналымның жалпы сызбанұсқасы
(В. А. Ковда, Б. Г. Розанов, 1988)
Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық жəне кіші биологиялық айналымы өтеді. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар түзіледі. Əр жылы өсімдіктерден қурап түскен органикалық қалдықтардан қоректік элементтер бірге түсіп, топыраққа қайтып оралады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нəтижесі - қоректік элементтер топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында. Топырактың Жер геосферасында алатын орны. 12-сурет. Yлкен геологиялық зат айналымның жалпы сызбанұсқасы (В. А. Ковда, Б. Г. Розанов, 1988) шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы жəне жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нəтижесінде борпылдақ үгітілу қабаты құралып; топырақтың түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді. Топырақтың тағы бір функциясы - ол ауа жəне су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де, көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен тамырлары СО2 көміртегі тотығын жəне судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін О2 бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі. Топырақ - адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық жəне құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық əдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы əдісті қолдану нəтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды. XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттері мен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен байланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын - топырақтардың ендіктерге сəйкес орналасуын ашты. Ол өзінің Табиғаттың аймақтары туралы ілімі кітабында: топырақ түзуші негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда - қара топырақтар, күлгін топырақтар, т.б. - жер бетінде, климатқа, өсімдік дүниесіне сəйкес тəртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс, - деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде əлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада: 1) бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қара топырақты; 4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған жəне лессті шөлдерге бөлінеді); 5) латеритті бес əлемдік аймақтар көрсетілді. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сəйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының əрі қарай дамуына, жəне Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы, - деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сəйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, əрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына, яғни аймақ климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты болып келетіні. Кейінгі жылдары дайындалған əлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сəйкес орналасуы жəне басқа да топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, Е. В. Лобова, 1976). В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы 30 өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының жəне топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып, таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаевтың айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын əрқашанда топырақ түзуші факторлар - климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни, топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес, тік бағытта байқалады. Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық жəне тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тəн, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді. Топырақ - климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Топырақ - биоклиматтық облыстары келесідей: - орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс; - далалық, ксерофитті-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс; - шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс. Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтықтопырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне оларға сəйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан əр биоклиматтық топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі. Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді. Топырақ аймақшасы - топырақ аймағына сəйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы. Топырақ фациясы - жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі. Топырақ өлкесі (провинциясы) - жылу режимі жəне жыл мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі. Топырақ округы жəне топырақ ауданы - жер бедерінің жəне топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Топырақтың жалпы жəне ең басты бірінші экологиялық қызметі - жер бетіндегі тіршіліктің табиғи ортасы болып, тірі ағзалардың, жан-жануарлардың өмір сүруіне жағдай жасауы болып саналады. Топырақтың ғажайып ерекшелігі - оның бойында тіршілік ететін ағзалардың өте тығыз орналасуы. Біздің планетамызда құрлықтардың бет ауданы теңіздер мен мұхиттардың бет ауда3 - 1427 34 нынан 3 есе кем екеніне қарамастан, құрлықтағы қалыптасқан экосистемалардың биологиялық массасы, суда қалыптасқан биомассадан жүздеген есе көп. Сонымен бірге құрлық өсімдіктерінің жəне жануарларының түрлері сулы ортаны мекендегендерге қарағанда көп басым. Осы салыстырулар атмосфераға, гидросфераға жəне литосфераға қарағанда, топырақ құрылымы жағынан жоғары дəрежеде дамыған тіршілік ортасы екенін дəлелдейді. Топырақта əрі қатты əрі сұйық, əрі газ бөліктерінің болуы осында жайғасқан ағзалардың тіршілігіне қажетті, қолайлы жағдай туғызады. Топырақтың бойындағы органикалықминералдық заттар автотрофты, гетеротрофты ағзалар мен ацидофил жəне алкофилдердің дамуына оң əсерін тигізеді. Топырақтың екінші маңызды экологиялық қызметі - құрлық биогеоценозында өтіп жататын геологиялық жəне биологиялық заттар мен энергия айналымдары сыбайластығының орталық буыны болуы. Фотосинтез арқылы түзіліп жиналған органикалық заттар топырақта минералды затгарға ыдырап, қайтадан тіршілік сатысының құрамына қосылады. Топырақтың осы қызметімен оны құрамындағы ағзалар жəне өсімдіктер фотосинтезі қосылып, оның биологиялық өнімділігінің негізін жасайды. Сөйтіп жер үстіндегі тіршіліктің кезекті сатысының жүруінің негізі болады. Ауылшаруашылығы тұрғысынан қарағанда топырақтың экологиялық өнімділікті, яғни өсімдіктердің өнімін қалыптастыруға жағдай жасауы, оның құнарлығы болып есептелінеді. Топырақтың құнарлылығы оның келесі басты экологиялық қызметі болып саналады. Өйткені адамдар өміріне азық-түліктің барлығы дерлік жəне өндіріске қажет көптеген шикізаттар топырақтың құнарлығы арқылы алынады. Топырақ басқа да көптеген экологиялық қызметтер атқарады. Оларға: ағзаларды сумен қамтамасыз етуі, атмосфера жəне жерасты суымен келген заттарды сіңіруі, өсімдік тұқымдарын сақтауы, гидротермалды өктем құбылыстарды бəсеңдетуі, топырақтағы тірі ағзалардың саны мен құрамын реттеуі, биогеоценоздардың даму тарихының айғағы ретінде өз кескінінде қалдықтарды жинақтап сақтауы жатады. Қорыта келгенде, топырақ - табиғатгың қымбат байлығы, құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің арқауы. Аты əлемге əйгілі эколог Ж. Дорст топырақтың маңызын: Топырақ - біздің ең қымбат байлығымыз. Ол құрлықтағы табиғи жəне жасанды биоценоздар кешенінің баянды ортасы. Сайып келген- 35 де, тіршілік жердің ең бетінде орналасқан жұқа қабатына тəуелді, - деп сипаттаған. Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғары жəне төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың геологиялық жасы жəне қоғамның өндіргіш күші қажет. Осыларға жеке тоқталайық. Тірі организмдер жəне олардың топырақ түзілуіне əсері. Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жəндік те емес - ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбіреулері тіпті, тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмір қышқыл газы мен азотты ауадан ғана емес, тастан да алды. Сөйтіп, олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды. Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің барын, не жоғын, ортаның қышқылдығын, не сілтілігін таңдамады. Сондықтан олар табиғатта кез келген жерде кездеседі. Оларға су мен қорек болса жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді. Сонымен, алғашқы тірі организмдер, су, жел жəне мұздармен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады.

1.3 Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстанның топырақ жамылғысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы
Ауыспалы егістіктің құрамы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Жер ресурстары туралы түсінік
Шымкент қаласының жер ресурстарын аймақтарға бөлу
Оңтүстік Қазақстан аймағының ауыл шаруашылық факторлары
Дара жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырақ картасы
Пәндер