Экономикалық өсудің қарқыны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы

Торайғыров университеті

Экономика және құқық факультеті

Экономика кафедрасы

Курстық жоба

Мамандығы бойынша Мемлекеттік және жергілікті басқару

Пәні бойынша Жоба 3 Тақырыбы Экономикалық өсу және экономиканы мемлекеттік реттеу
(баға)Комиссия мүшелері(лауазымы, ғылыми дәрежесі)(аты-жөні, тегі)(қолы) (күні)(лауазымы, ғылыми дәрежесі)(аты-жөні, тегі)(қолы) (күні)Нормобақылау(лауазымы, ғылыми дәрежесі)(аты-жөні, тегі)(қолы) (күні):

(баға)

Комиссия мүшелері

(лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(аты-жөні, тегі)

(қолы) (күні)

(лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(аты-жөні, тегі)

(қолы) (күні)

Нормобақылау

(лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(аты-жөні, тегі)

(қолы) (күні)

Жетекшісіаға-оқытушы(лауазымы, ғылыми дәрежесі)Есмагзам В.(аты-жөні, тегі)(қолы) (күні)Білім алушыКумганбаева Д. Б.(аты-жөні, тегі)ҚМЖБ-201(2ж)(тобы)__(қолы) (күні): Жетекшісі

аға-оқытушы

(лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Есмагзам В.

(аты-жөні, тегі)

(қолы) (күні)

Білім алушы

Кумганбаева Д. Б.

(аты-жөні, тегі)

ҚМЖБ-201(2ж)

(тобы)

__

(қолы) (күні)

2022

Курстық жұмыс/жобaны Формa

орындaуғa aрнaлғaн тaпсырм Ф МИ ПГУ 4. 01. 5/02

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы

Торайғыров университеті

Экономика және құқық факультеті

Экономика кафедрасы

Мемлекеттік және жергілікті бaсқaру мaмaндығы бойыншa

Рaстaймын

Кaфедрa меңгерушісі

С. Кунязовa

2022 жыл

ТAПСЫРМA

курстық жұмысты / жобaны жүзеге aсыру үшін

Білім aлушы Кумганбаева Динара Болаткановна

(тегі, aты, әкесінің aты)

Курстық жобaның тaқырыбы: Экономикалық өсу және экономиканы мемлекеттік реттеу

Жобaның aяқтaлғaн мерзімі: ___ 2022 жыл

Курстық жобaғa бaстaпқы деректер: Берілген тaқырыптың теориялық сипaтын aшу; ұйымдaстырудың ішкі ортaсын тaлдaу; ұйымдaстырудың ішкі ортaсын жобaлaу турaлы сипaттaмa беру;

Курстық жобaдa жaсaлaтын сұрaқтaр тізімі:

Курстық жұмыс/жобaны Формa орындaуғa aрнaлғaн тaпсырма Ф МИ ПГУ 4. 01. 5/02

Міндетті сызбaлaрды дәл көрсете отырып, грaфикaлық мaтериaлдың тізбесі:

Ұсынылaтын негізгі әдебиеттер: М. Нұрхaлиев. Қaзaқстaн экономикaсы. Aлмaты, 2003. 112 б., Егемен Қaзaқстaн// Мемлекеттің дaмуындaғы бaсқaру негіздері/ № 5 2010. - 89 б., К. Боумен. Стрaтегиялық менеджмент негіздері - М. : ЮНИТИ, орысшaдaн aудaрылғaн, 2003. - 486 б., В. Н. Буров және бaсқaлaр. Фирмaлaрды стрaтегиялық бaсқaру. - М. : Инфрa-М, 2002. - 285 б

КЕСТЕ

курстық / жобaны дaйындaу

Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі: Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі
Жетекшіге ұсыну шaрттaры: Жетекшіге ұсыну шaрттaры
Ескерту: Ескерту
Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі:
Жетекшіге ұсыну шaрттaры:
Ескерту:
Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі:
Жетекшіге ұсыну шaрттaры:
Ескерту:
Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі:
Жетекшіге ұсыну шaрттaры:
Ескерту:
Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі:
Жетекшіге ұсыну шaрттaры:
Ескерту:
Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі:
Жетекшіге ұсыну шaрттaры:
Бөлімдердің aтaуы, әзірленетін мәселелер тізімі:
Жетекшіге ұсыну шaрттaры:

Курстық жобaның жетекшісі В. Есмaгзaм

(қолы) (aты-жөні, тегі)

Тaпсырмa орындaлуғa қaбылдaнды

білім aлушы Д. Б. Кумганбаева

(қолы) (aты-жөні, тегі)

Күні 2022 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны . . . 4

1. 1. Экономикалық өсудің көрсеткіштері . . . 4

1. 2. Экономикалық өсудің факторлары . . . 6

II. Экономикалық өсудің қарқыны . . . 8

III. Экономикалық өсудің факторлары . . . 9

IV. Экономиканы мемлекеттік реттеу . . . 10

4. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі . . . 10

V. Қазақстан Республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары . . . 13

5. 1 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы . . . 13

5. 2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы . . . 21

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол - экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты - бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту. Осыған сәйкес шын байлықпен айналысушы саланы экономика (ойкос - шаруашылық, номос - заңдылық, яғни шаруашылықты жүргізу), Нәтижесінде экономикаға - натуральды шаруашылықты, хрематистикаға - ірі сауданы (есімқорлық, баю мақсатындағы) жатқызады. Осыған сәйкес байлықты да Аристотель екі түрлі мағынада түсіндіреді: натуральды (заттай) және ақшалай. Шын байлық - тұтыну құнының жиынтығы дей келіп, бұл шектеулі, ал ақшалай байлықтың шегі жоқ дейді.

Экономикалық өсім белгілі бір уақыт кезеңінде (ай, тоқсан, жыл) ұлттық экономиканың нақты өнім өндіруі деп анықталады. Экономикалық дамумен салыстырғанда экономикалық өсу - сандық көрсеткіш болып саналады. Шынайы өндіріс деп шынайы жалпы ішкі өнімді, кейде - шынайы жалпы ұлттық өнімді, таза ұлттық өнімді немесе ұлттық табысты атайды. Экономикалық өсу жалпы әл-ауқатының дамуымен байланысты: өмір сүру ұзақтығының өсуі, медициналық қызмет көрсетуінің сапасы, білім беру деңгейі, жұмыс күнінің ұзақтығының қысқартылуы және т. б. Экономикалық өсімнің экстенсивті және интенсивті факторларын ажыратады.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

I. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны

1. 1. Экономикалық өсудің көрсеткіштері

Экономикалық өсу - адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі” проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада “экономикалық өсу” термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.

Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) - нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория “экономикалық өсу” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.

 Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын

адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.

 Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре

бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.

 Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары

жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.

 Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну

тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т. с. с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.

 Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмасуын өсіру. Кәсіпорын еңбек

өніміділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қодану қажет.

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.

Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:

1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,

ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі) .

2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы

құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т. б ) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.

 Неокейнстік

 Ноеклассикалық

 Тарихи-әлеуметтік

Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.

1. 2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)

Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:

1. Ұсыныс

2. Сұраныс

3. Бөлу

Ұсыныс факторлары болып табылатындар:

 Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы

 Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы

 Негізгі капиталдың көлемі

 Технолгия

Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.

Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.

Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:

 өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар

бойынша нақты бөлу;

 шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды

бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.

Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады:

экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.

Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.

Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін. Экопомикалық өсуді қамтамасыз ететін ішкі факторлар арқылы анықталады. Егер мемлекеттік саясат отандық және шетелдік инвесторлармен санаспайтын болса, онда эканомиканы дамытуды қамтамасыз етуде үкімет сөзсіз елеулі кемістіктерге кездеседі. Шетелдік және отандық инвесторлар өздерінің капиталдарын жүмсау үшін анағұрлым пайдалы салалар іздестіре бастайды. Оның үстінде, осы заманғы әлемде трансұлттық компаниялардың (ТҰҚ) қаржы және интелектуалды ресурстарын тарту арқылы өз елінің экономикалық дамуын қамтамасыз етуге даяр көптеген мемлекеттер бар.

Сонымен қатар, сыртқы факторлар да Қазақстан эканомикасының дамуына елеулі ықпал жасап отыр. Қазақстандық эканомика мұнай мен металдардың әлемдік бағаларына, тікелей инвестициялардың түсімдері. Оған мысал ретінде, Ресейдегі эканомикалық дамудың жай - күйіне тікелей тәуелді болып отыр. Мәселен, егер әлемдік эканомикада мұнайға және мұнай өңдеу өнімдеріне, сондай - ақ түсті металдарға тағайындалған бағалардың деңгейі неғұрлым жоғары болса, Қазақстан да дамуының оң динамикасына қол жеткізеді. Ал енді әлемдік бағалар күрт төмендеп, шикізат секторына инвестициялар құйылуы азайып, ресейлік тұтынушылардың төлем қабілеттілігі нашарласа, осылардың барлығы отандық эканомиканың дамуын құлдырауға ұшыратады.

II. Экономикалық өсудің қарқыны

Кейбір кездері экономисттердің экономикалық өсудің қарқындылығының елеулі өзгерістеріне көп көңіл аударуы әдеттен тыс болып көрінеді. Шын мәнінде экономикалық өсудегі төрт және үш процент арасындағы айырмашылық соншалықты маңызды ма? Ия, маңызды. Бүгінгі таңда Америка Құрама штаттарында нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемі шамалап 3995 млрд. долларға тең және де олар үшін экономикалық өсудің қарқыны үш және төрт проценттің айырмасы 40 млрд. долларға тең болады. Экономикалық жағдайы өте нашар мемлекеттер үшін экономикалық өсудің қарқыны 0, 5 процентке төмендесе ашаршылыққа және экономикалық құлдырауға да алып келуі мүмкін.

Бірнеше жылдар аралығындағы экономикалық өсудің кішкене өзгеруі үлкен мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, А мемлекеті мен Б мемлекеттерінің жалпы ұлттық өнімдерінің көлемі бірдей, бірақ экономикалық өсу қарқындары әр түрлі деп алайық. А мемлекеті үшін бір жыл ішіндегі экономикалық өсу қарқыны - 4 процент, ал Б мемлекеті үшін бұл көрсеткіштің мәні небары 2 процентке тең. Осы екі мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімдері екі есе көбейю үшін қанша жыл керек екенін есептеп шығару үшін біз «70 санының ережесін» қолданамыз (бұл әдіс негізінен бағаның екі есе өсуі үшін қажетті жылдардың санын анықтау үшін қолданылады; ол үшін 70 саны бір жылдағы инфляция қарқынына бөлінеді. Мен өз мысалымда бір жылдағы инфляция қарқынының орнына бір жылдағы экономикалық өсудің қарқынын, ал бағаның орнына жалпы ұлттық өнімнің көлемін аламын) . Осы ережеге сәйкес А мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің көлемі 17, 5 жылда (70/4), ал Б мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің көлемі 35 жылда (70/2) екі есе өседі.

Бір адамға шаққандағы нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемінің өсу қарқыны экономикалық өсу қарқыны бірдей болған жағдайда да арасындағы айырма алшақтай береді. Мысалы, Г және Д мемлекеттеріндегі экономикалық өсу қарқыны бірдей деп алайық (жылына 5 процент) ; бірақ егер Г мемлекетіндегі бір адамға шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің көлемі 10 мың теңгеге тең, ал Д мемлекетінде бұл көрсеткіш 500 теңгеге тең болса, онда 5 проценттік экономикалық өсу Г мемлекеті үшін 500 теңге өсім алып келеді, ал Д мемлекеті үшін мұндай өсім небары 25 теңгеге тең болады.

Сондай - ақ, экономикалық өсудің тұрақтылыққа қарағанда үлкен маңызы бар екені анық ақиқат. Мысалға, экономикалық құлдырауды тоқтата алсақ, онда ұлттық табысты да бір мезгілде үлкейтуіміз мүмкін, айталық 6 % - ке. Егер де экономикалық өсудің жылдық қарқындары 3 % - ті құраса, онда 2 жылдың ішінде-ақ ұлттық табыстың өсімі 6 % - ті құрайды; және де экономикалық өсудәің қарқындылығы алдағы уақытта ұлттық табыстың ұлғаюын екі жыл сайын 6 проценттік өсімді қамтамасыз етеді.

III. Экономикалық өсудің факторлары

Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі негізгі алты фактормен анықталады, оның төртеуі экономикалық өсудің нақты мүмкіндігімен байланысты. Олар:

• мемлекеттегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

• мемлекеттегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы;

• негізгі капиталдың көлемі;

• технология.

Жоғарыда аталып өткен төрт факторды ұсыныс факторы деп топтауға болады. Осы факторлардың арқасында ғана өндірістің ұлғаюы нақты мүмкін болады. Нақты өндірілетін өнімнің көлемінің ұлғаюына сапасы жақсы ресурстар мен технологиялық потенциал қажет.

Дегенмен өсуге деген қабілеттілік пен нақты өсуді ажырата білу қажет. Бұған келесі екі пікірдің маңызы бар.

Біріншіден, экономикалық өсу сұраныс факторларына тікелей қатысты. Өсу барысындағы өндіріс процесін іске асыру үшін мемлекеттің экономикалық жағдайы ресурстардың көлемінің үнемі өсіп тұруын толық түрде қамтамасыз етуі керек. Ол үшін жиынтық шығындардың көлемін үлкейту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу теориясы туралы
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Экономикалық өсудің кейнстік үлгілері
Экономикалық өсу теориясы
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу жайлы
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Экономикалық өсімнің мәні
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz