Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтайтын теориялар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

8-дәріс. Тақырыбы: Жоғары кәсіби білім берудің мазмұны

Дәрісті оқу барысында төмендегі әдебиеттер пайдаланылды:

1. Жо­ға­ры мектеп педагогикасы: оқу құралы /Ж. Р. Баши­рова, Н. С. Әлқожаева, Ұ. Б. Төлешова, Ә. Ж. Тойбаев, Қ. Б. Жұмабекова. - Алматы: Қазақ университеті, 2015. - 58 б.

2. Қ. Қ. Шалғынбаева, Н. П. Албытова, Т. С. Сламбекова. Жоғары мектеп педагогикасы: Магистранттарға арналған оқу құрал: Алматы: TechSmith6 2019. - 85б.

3. Бұлақбаева, М. К. Жоғары мектеп педагогикасы : оқу құралы / М. К. Бұлақбаева. - Электрон. текстовые дан. 12, 6 МБ. - Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2014.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. «Білім мазмұны» ұғымының мәні. Жоғары білім мазмұнына қойылатын талаптар

2. Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтайтын теориялар

4. Жоғары білім мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар

Білім мазмұны - бұл арнайы іріктеліп алынған және қоғамда қабылданған, белбілі бір сферада қызмет атқару үшін меңгеретін адамзат тәжірибесінің элеметтер жүйесі. Білім мазмұны - білім, іскерлік, дағды және дүниетанымы мен жалпы тұлғалық қалыптасу деңгейі көрінетін оқу орны белгілейтін түпкі нәтиже.

Білім беру мазмұны тарихи сипатта болады. Себебі ол қоғам

дамуының белгілі бір кезеңіндегі білім беру мақсаты мен міндеттері арқылы анықталады.

Білім беру мазмұны өндіріс талаптары және ғылымның даму деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады.

Педагогика ғылымындағы білім берудің ғылыми мазмұнын жетілдіруге қойылатын ғылыми талаптар жүйесі:

  • тәрбиенің негізгі мақсатына бағытталуы - жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу адамды өмір сүруге дайындау;
  • білім мазмұнын ғылыми негізде құру;
  • ғылыми жүйенің логикалық құрылуы;
  • пәнаралық байланысты сақтау;
  • теория мен практиканың байланысы, өндіріспен ұштастыру;
  • білім алушының жас ерекшелігімен сәйкестендіру.

Білім мазмұны жалпы білім және кәсіби білім болып екіге бөлінеді.

Жалпы білім - тұлғаның жалпы мəдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, əлемге, еңбекке жəне қоғамдық өмірге деген көзқарасы қалыптастырады.

Кәсіби білім - адамға нақты еңбектік іс-əрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет.

2. Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтайтын теориялар

Білім мазмұнын анықтау өте күрделі міндеттердің бірі. Білім мазмұнын анықтауға әсер ететін факторлар: объективтік және субъективтік. Объективтік: қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы; Субъективтік: қоғамдағы саясат, идеология, ғалымдардың методологиялық позициялары.

Білім мазмұнын іріктеуге және қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар:

-өзінің тарихи дамуының белгілі бір кезеңіндегі қоғамның ЖОО-ның алдына қоятын мақсаты, қоғамның білімді адамдарға деген қажеттілігі;

- оқыту процесінің нақты мүмкіндіктері;

-білім алушылардың орта және оптимальды мүмкіндіктері;

- білімге деген тұлғаның өзінің қажеттіліктері.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі концепциялары 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басында жасалды. Олар педагогика тарихында білім берумазмұнының материалды және формальды теориялары деген аттармен белгілі.

Білім мазмұнының материалдық теориясын қолдаушылар (дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы) білімнің негізгі мақсаты - білімалушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білімді игерту деп білді.

Оның жақтаушылары (ағылшын тарихшысы Дж. Мильтон, неміс педагогы Н. Б. Беседов және т. б. ) білім берудің негізгі мақсаты әртүрлі ғылым салаларынан неғұрлым көп білім көлемін

беру деп есептейді. Осы көзқарасты Я. А. Коменский де ұстанды. Ол өзінің оқулығында оқушыға қажетті барлық білімдерді

енгізбекші болды.

Білім мазмұнының формальдық теориясын қалаушылар (дидактикалық формализм идеяшылдары) оқытуды білім алушылардың қабілеттері мен танымдық қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін дамытудың құралы ретінде пайдаланады.

Оқу пәндерін таңдаудағы негізгі критерий ретінде оның дамытушылық құндылығы алынды.

Дидактикалық формализмнің жақтастары ежелгі дүниеде де болған. Мысалы, Гераклиттің «көп білген ақылға үйретпейді» деген пікірі осының айғағы. Осындай позицияны Цицерон да ұстанған. Кейіннен дидактикалық формализм принциптері Кант философиясында, Песталоццидің неогуманистік идеяларында өз жалғасын тапты.

Белгілі поляк ғалымы В. Оконь функционалды материализм атты білім мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды. Оның пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын, ол білім алушылардың білім алуын қамтамасыз етумен бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де жетілуіне негіз болуы шарт, яғни таным мен іс-əрекет ажырамас бірлікте байланыста болуы қажет.

X IX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын іріктеудің дидактикалық прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны қолдаушылардың (Дж. Дьюи, Г. Кершенштейнер) пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол білі алушының қоғамдық жəне дара іс-əрекеттерінде.

3. Жоғары білім мазмұнын айқындайтын нормативтік-құқықтық құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995 ж. ) «мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек» деп көрсетілген (30 бап, 4-тармақ) .

“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны білдіреді. Стандартта жоғары білім беретін оқу орны дайындайтын мамандығына сәйкес білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және бакалаврлардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар беріледі.

Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандартында типтік оқу жоспары беріледі. Типтік оқу жоспары - мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалатын және студенттердің меңгеруге қажетті ең аз көлемдегі кредиттерін, бақылау формаларын, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлерімен қорытынды атестаттауын көрсете отырып жалпы білім беру пәндері (КП), циклдеріне шоғырландырылған оқу пәндері тізімі тұрғысынан міндетті компоненттерді белгілейтін негізгі оқу құжаты.

Маман дайындауда типтік оқу жоспарында көрсетілген Жалпы білім беру пәндері, Базалық пәндер, Кәсіптік пәндер блогындағы міндетті компоненттегі пәндер тізіміне енген пәндерді барлық студент міндетті түрде оқиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогика ғылымы жайлы
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері
Биологияны оқыту формалары
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
«Педагогика» пәніне арналған практикалық (семинар) сабақтар жоспары
Жобалаудың теориялық негіздері
Әлемдік пеагогикалық тәжірибеде
Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz