Халықтың экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері


Мазмұны
кіріспе . . . . . 3
1 экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелері. . 6
1. 1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің қажеттілігі мен алғышарттары . . . 6
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері . . . 11
1. 3 Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері18
2 Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы . . . 28
2. 1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін
талдау және болжау . . . 28
2. 2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау . . . 32
2. 3 Атырау облысындағы кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері . . . 44
3 Қазақстан Республикасында кедейшілік деңгейін төмендетудің жолдары59
3. 1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары . . . 59
3. 2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін
төмендету жолдары. . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.
2007 - 2009 жылдары Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту үшiн тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға бағытталған белсендi саясат жүргiзiледi.
Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы жарияланған соң «Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы» ҚР Заңы әзірлене бастады. Ондағы мақсат - еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау. Еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануы аса қажет[2] .
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Президент Үкіметке еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажеттігін тапсырды[3] .
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экономикалық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады.
Ғылыми мәселелердің ахуалын бағалау . Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экономикалық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда.
Елдегi нарықтық қатынастардың дамуы барысында кедейшлікпен байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен мiндеттерiн белгiлiеуге өз ықпалын тигiздi.
Дипломдық жұмыстың мақсаты . Осы орайда, жұмыстың негiзгi мақсаты елдегі кедейшілік мәселелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мен оның деңгейін төмендетудің ғылыми негiзделген жүйесiн зерттеу, қол жеткiзуге мүмкiн теориялық және әдiстемелiк материалдардың деректерiн бiрiктiрiп қарастыру негiзiнде олардың оңтайлы жолдарын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсат дипломдық жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
- Қазақстан Республикасында кедейшілік мәселелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мен оның деңгейін төмендетудің мүмкiндiгiн негiздеумен байланысты теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрамын анықтау, “ кедейшілік”, «ең төменгі күнкөріс деңгейі» және т. б. түсiнiктердің мазмұнын нақтылау және оған анықтама беру;
- нарықтық экономика жағдайындағы кедейшілік мәселелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мен оның деңгейін төмендетудің әдiстерiне талдау жүргiзу және әр түрлi құралдардың тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
- талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар жасау және отандық әлеуметтік саланың проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар өңдеп шығару.
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайы мен Атырау облысындағы кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері.
Зерттеудің теориялық негiздерi: Зерттеудің теориялық және әдiстемелiк негiздерi ретінде әлеуметтік әріптестік, еңбек, жұмыспен қамту мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердiң ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасы заңдары, әлеуметтік әріптестік, еңбек, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары алынды.
Зерттеудің әдiстемелiк негiздерi: Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейшіліктің қазіргі кездегі жағдайының теориялық және әдiстемелiк жақтарының дайындамаларының көптiгiне қарамастан, бүгiнгi күнге шейiн оның механизмдерi жөнiнде көптеген айтыс тудыратын мәселелер бар. Бұл мәселені зерттеуде көптеген ғалымдардың еңбектерiн бiлемiз. Атап айтқанда, Р. Лайкерт, Е. Лоулер, К. Маркс, А. Маслоу, Л. Портер, Ф. Тейлор, А. Файол және т. б.
Сондай-ақ ресейлiк және қазақстандық ғалымдар еңбектерiнде де әлеуметтік әріптестік еңбек ақыны ұжымдық-келiсiм реттеу негiзiнде қарастырылады: Я. Әубәкiров, М. Аухадиев, С. Берешов, С. Гайсина, М. Кенжегузин, А. Кошанов, Н. Мамыров, М. Мельдаханова, Н. Нурланова, В. Адамчук, Н. Волгин, А. Силин, И. Беляева, А. Зубкова т. б. ғылыми еңбектерiнде көрiнiс тапқан.
Күнкөріс дамытудың экономикалық мәселелерін зерттеген арнайы ғылыми еңбектердің басым көпшілігі әлеуметтік әріптестіктің еңбек қатынастарындағы орнын, әлеуметтік әріптестіктің элементтерін, ұжымдық келісім туралы, ғаламдасу жағдайындағы өзекті мәселелерін зерттеген. Дегенмен, еңбек күнкөріс мазмұны мен ерекшеліктерін, әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытудағы оның орнын анықтау, бағалау мәселелеріне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігі мен өзектілігі қазіргі таңда басым болып отыр.
Зерттеудiң ақпараттық базасы ретiнде Қазақстан Республикасы статистика жөнiндегi Агенттiгiнiң статистикалық мәлiметтерi, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң материалдары, сала кәсiпорындарының, түрлi ұйымдардың материалдары қолданылды. Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар қисынды және салыстырмалы талдау, монографиялық суреттеу, есептік-құрылымдық, графиктік-сараптамалық, статистикалық-математикалық, социологиялық зерттеулердің әдістерін қолдануға негізделіп отыр.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік базасы. Жұмыстың теориялық және тәжірибелік ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық қатынастар жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдамаларды әзірлеуге, әлеуметтік-еңбек қатынастары, оның ішінде әлеуметтік әріптестіктің дамуы мен оларды мемлекеттік реттеудегі бағыттарын жүзеге асыруда өз дәрежесінде септігін тигізеді. Сондай-ақ аймақтағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жасауда қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кiрiспеден, негiзгi үш бөлiмнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалар келтiрiлген.
- экономикалық жүйедегі орнықты даму мен Кедейшілік мәселелеріҚазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің өзектілігі мен алғышарттар
Елдің орнықты дамуы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін даму болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу аса қажеттілік болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.
Халықтың тұрмыс деңгейінің өзгеруіне талдау жасау- зерттеудің негізгі объектісі болып саналады. Себебі, тұрмыс деңгейі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мәні ретінде адамдардың тауарлар мен қызметтерге деген әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштері болып табылады.
«Тұрмыс деңгейі» деген өте күрделі және бұл туралы ғалым-экономистер арасында көптеген пікір-талас туғызуда, яғни белгілі бір мәнді анықтамаға келе алмауы. Дегенмен, табиғи түрде тұрмыс деңгейі дегеніміз халықтың тұрмыстық әл-ауқатын, адамдардың материалдық, мәдени, әлеуметтік игіліктердің және қызметтерін нақты қажеттіліктері бойынша қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды айтады» .
Тұрмыс деңгейі ұғымының негізгі жүйесіне-тұтыну саласында пайда болатын және іске асырылатын әртүрлі адами қажеттіліктер болып табылады. Мұнда бір ғана қорытындылаушы көрсеткішін қолдануға болмайды және онда көп жақты сипаттамалаудың кеңістікте кездесетіндігі айқындайды. Демек, тұрмыс деңгейін өлшеу серпінінде көптеген көрсеткіштердің қолданылуын қажет етеді және қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жинау үшін төменде берілген бірнеше негізгі блоктарға бөлінеді:
- халықтың табыстар көрсеткіштері;
- халықтың шығыстары және материалдық, тұрмыстық тұтынуы мен қызметтер көрсету көрсеткіштері;
- халықтың ақшалай салымдары;
- халықтың жинақталған мүліктері мен тұрғын үймен қамтамасыздандыру көрсеткіштері;
- халықтың кедейлік көрсеткіштері;
- халықтың тұрмыс деңгейін бағалау көрсеткіштері.
Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жалпы жүйесінде халықтың табыстары ерекше орын алады және сол арқылы халықаралық салыстырудың, экономикамыздың дамуын, үй щаруашылығының жағдайын жалпы сипаттау үшін қолданылады. Ол үшін тұрмыс деңгейінің интегралды көрсеткіштері пайдаланылады және оларды бірнеше топқа бөлуге болады, яғни макроэкономикалық, демографиялық, халықтың экономикалық белсенділігі, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік төлемдері, денсаулық сақтау және білім беру жағдайы және тағы басқалай көрсеткіштер.
Макроэкономикалық көрсеткіштер. Мұндағы қарастырылатыны халықтың ішкі өнімі, соның ішінде білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қызметтерге арналған шығыстардың үлесі, үй-шаруашылықтарының тұтынуға жұмсалған шығыстары, тұтыну бағасының индексі, атаулы ақшалай табыстар, әлеуметтік трансферттер.
Демографиялық көрсеткіштер. Мұнда халықтың тұрақты тұратын саны, туғаннан күтілетін өмір сүру ұзақтығы, халықтың тууы мен өлім- жітімінің жас коэффициенттері, бала өлім-жітімі, өлім-жітім себептері.
Халықтың экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, халықтың экономикалық белсенділік деңгейі, экономикалық тұрғыдан енжар (белсенді емес) халық, жұмыспен қамтылған халық, жалдамалы қызметкерлер, өздігінше жұмыс істейтіндер, жұмыссыз халық пен оның деңгейі.
Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету көрсеткіштері. Мұнда барлық зейнетақы алушылардың салығымен тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері, соның ішінде жасы бойынша, толық көлемде, толық емес жұмыс білімімен, көп жылдық сіңірген еңбегіне, мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны мен тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік айлық жәрдемақылар мен арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері, жасы бойынша зейнетақының ең төменгі мөлшері, әлеуметтік қамтамасыз етудің базалық деңгейі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, яғни баланың тууына байланысты бір жылға берілетін жәрдемақы.
Денсаулық сақтау және білім беру көрсеткіштері. Көрсеткіштердің бұл тобына халықтың денсаулық жағдайын және білім беру жүйесіндегі өзгерістердің сандық-сапалық жақтарын көрсетеді. Мұнда тұрмыс деңгейін бағалау үшін ең керектісі, халықтың ауру-сырқаулылық және өлім-жітім туралы көрсеткіштері, соның ішінде өлім-жітімнің жасына қарай коэффициенттері, халықтың дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етілуі, мүгедектер мен қарттарға арналған интернат-үйлер және ондағы адамдардың саны, тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар мен ондағы балалар саны, кәсіптік мектептер, колледждер және жоғарғы оқу орындары саны, олардың меншік түрлері, жалпы халықтың оқу жүйесімен қамтамасыз етілуі қарастырылады.
Экологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері. Мұнда қоршаған ортаны қорғау және адамдар үшін оның қауіпсіздік дәрежесін сипаттайды, соның ішінде ең маңызды көрсеткіштеріне мыналар жатады: табиғи көздерден су алу, судың сыртқы қабатына су жіберу, ластанған ақаба сулар, нормативтік тазартылған ақаба сулар, атмосфералық ауаға зиянды заттар бөлетін тұрақты көздер, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған негізгі капиталдағы инвестициялар мөлшері және т. б.
Халықтың тұрғын үй жағдайының көрсеткіштері. Бұл бөлімде адамдардың тұрғын үйге деген сұранысы мен тұрмыстық қажеттілігі қарастырылған. Мұнда тұрғын үй адамдардың өмір сүру ортасын көрсетеді және оның тұрмыс сапасын анықтайды. Тұрғын үйді ұзақ мерзім тұтынуына байланысты оған деген үлкен қосымша сұраныс туғызады. Осыған орай халықтың тұрғын үй қоры, олардың көркейтілуі және тұрғын үй жағдайы туралы деректермен сипатталады және оған мыналар жатады: тұрғын үй қоры мен оны көркейту, халықтың тұрғын үймен қамтылуы және орташа қамтамасыз етілуі, жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы аудандағы үлесі, халықтың тұтыну шығыстарындағы тұрғын үй төлеміне жұмсалған шығыстарының үлесі және т. б көрсеткіштер.
Жеке тұтыну табыстары, шығыстары, деңгейі мен құрылымының көрсеткіштері. Мұнда үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстарының құрылымы, күнкөрістің ең төменгі деңгейі, халықтың кедейлік көрсеткіштері, орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстың сатып алу жарамдығы, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары мен тұтыну жұмыстарындағы азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыстарының үлесі және т. б. көрсеткіштерді қарастырады.
Қазіргі кезде БҰҰ ұсынысы бойынша адамның көрсеткіштері мен индексі қолданыла бастады. Мұнда адами дамудың анықтамасы анықталды және оны бағалау, талдау үшін статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Оған статистикалық көрсеткіштердің жіктелуі ретінде төменде берілген үш топ көрсетіледі:
1. Адами дамудың базалық және интегралдық көрсеткіштері.
2. Адами дамуды интегралдық бағалаудың негізгі құрамдас бөліктерін сипаттайтын базалық көрсеткіштер. \
3. Адами дамудың басқа аспектілерін сипаттайтын өзге де көрсеткіштер.
Осы көрсетілген үш топтың ішіндегі негізгісіне жататыны адами дамудың базалық көрсеткіштері және оның өзі үш компонентке бөлінеді--ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер, білімдарлықты сипаттайтын көрсеткіштер және тұрмыс деңгейінің көрсеткішетері.
Адами дамудың осы аталған компоненттерінің әрқайсысын тұтастай алғанда бірнеше маңызды мүмкіндіктерді қамтиды. Сонымен ұзақ өмір сүру-ұзақ және салауатты өмір сүруді, білімдарлық-білім алуды, адамдармен қарым-қатынас жасауды, өмір сүру деңгейі-лайықты өмір сүру үшін қажет ресурстарға қол жеткізу, салауатты өмір сүру және тағы басқаларды білдіреді.
Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2012 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған[3] .
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.
Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының, «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму» процестерінің, орнықты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға дейінгі экономикалық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ құрылды.
Қазақстандағы саяси ахуал бүкіл әлемге тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып отыр. Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін біршама кедергілерге кезігуде.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экономикалық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді[4] .
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады. Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экономикалық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс.
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру және оның деңгейiн мемлекеттiң қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiне байланысты арттыру мақсатында 2007 - 2009 жылдары мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасындағы жауапкершiлiктi бөлуге негiзделген әлеуметтiк қамсыздандырудың көп деңгейлi жүйесiнiң ұзақ мерзiмдi қаржылық тұрақтылығы мен сенiмдiлiгін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
мiндеттi сақтандыруға жататын әлеуметтiк тәуекелдердiң тiзбесiн кеңейту.
Базалық деңгейде мемлекеттiң қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiне барабар базалық әлеуметтiк төлемдердi арттыру;
мiндеттi деңгейде халықты мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiмен және жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтуды кеңейту; сақтандыру (оның iшiнде зейнетақы) жинақтары мен инвестициялық кiрiстiң өсуi үшiн жағдайлар жасау керек. Зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру және қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту жөнiндегi шаралар әзiрленетiн болады;
әлеуметтiк қамсыздандырудың ерiктi деңгейiнде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерiктi нысандарын ынталандыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Мүгедектердiң өмiр сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтiк қолдауды күшейту және олардың қоғамға пәрмендi кiруi үшiн жағдай жасау жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу "айдан айға" қағидаты бойынша жүзеге асырылады [5] .
Бұл ретте, мұқтаж адамдар мемлекет кепiлдiк берген қызметтерге толыққанды қол жеткiзуге тиiс. Жеке меншiк секторы субъектiлерiнiң әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн дамытуда қатысуын ынталандыра отырып, оларды белсендi тарту есебiнен қосымша қызметтер ұсыну қажет. Әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын енгiзу және бәсекелi ортаны дамыту негiзiнде әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері
Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі - жұмыссыздық пен кедейшілік екені бәрімізге белгілі. “Жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын” дегендей, тұрмысың нашар болса, оның үстіне істер жұмысың болмаса, көңіл-күйіңнің қандай болары да белгілі. Осы жұмыссыздықтың салдарынан қаншама адам баласының тағдыры тәлкекке түспеді десеңізші.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz