Эксперименттік топтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сәлеметсіздерме құрметті атестациялық комиссия мүшелері

Сіздердің назарларыңызға «Түркістан облысының Ордабасы ауданының Шұбарсу елді мекені Достық жалпы орта мектебінің 10 сыныпта Биология пәнінен қашықтықтан оқыту ерекшеліктері»

Дипломдық жұмысты қорғаушы: Оразбаева Бақтыгүл Бекқожақызы

№2 Өзектілігі

Қазіргі таңда жаһандық білім саласы үшін ең үлкен қиындықтардың бірі қашықтықтан оқыту болып табылады, себебі әлем бұл жағдайға жеткілікті түрде дайын бола қойған жоқ еді.

Өз кезегінде біздің елімізді де бұл нәубәт айналып өткен жоқ. Еліміздің мектептерінде көптеген жаңашылдықтар мен өзгерістер енгізілуінің нәтижесінде оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар көптеген келеңсіз жағдайларға душар болды. Ең әуелі оқушылардың сабаққа деген ынтасы сөніп, білім деңгейі күрт төмендеп жатыр, міне сондықтан да болашақ тәлімгер ретінде мен бұл мәселеге бей-жәй қарай алмадым, сондықтан да өз дипломдық жұмысыма осын ау бір ерекше тақырыпты арқау етіп алдым.

Қашықтықтан оқытудың өзектілігі техногендік өркениет жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі модельдері халықтың едәуір бөлігінің білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығында. Бұл жағдайда ақпарат пен оқу материалдарын тұтынушыға тікелей жеткізу үшін жаңа технологиялық құралдарды пайдалануды қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту жүйесі, оның орналасқан жеріне қарамастан, білім беру кеңістігінің ажырамас, бәсекеге қабілетті бөлігіне айналады

№3 Мақсаттары, міндеттері, ғылыми жаңалығы

Зерттеу мақсаты: Қашықтықтан оқытудың отандық және шетелдік тәжірибесінің теориясы мен практикасын кешенді талдау нәтижесінде Достық жалпы орта мектебі үшін қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Міндеттері:

  • «қашықтықтан оқыту» және «қашықтықтан білім беру» ұғымдарының мәні мен қазіргі мазмұнын зерттеу;
  • білім беру процесінде қашықтықтан оқыту қағидаттарын зерделеу;
  • достық жалпы орта мектебіндегі қашықтықтан оқытудың қолданылуын талдау;
  • қашықтықтан оқыту жүйесінде жаңа басқарушылық тәсілдерді қалыптастыру;
  • жүргізілген талдау негізінде Достық жалпы орта мектебі үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ғылыми жаңалығы: Зерттеу жалпы орта мектептер үшін қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың жай-күйін жүйелі және кешенді теориялық және практикалық талдаудан, оны болашақта жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуден тұрады.

№3 Қашықтықтан оқытудың қазақстандық үлгісі

Өз зерттеулеріме сүйене отыра Қазақстанда қашықтықтан оқытудың негізгі үш түрі кеңінен таралғанын анықтадым. Олар:

Тв Технологиясы - Бәрімізге белгілі балапан арнасында берілетін сабақтар осы топқа жатқызылады.

Желілік технологиялар - желілік құрылымдардың көмегімен бүкіл оқу процесін ұйымдастыруға негізделген. Оқу материалы білім алушыға желі бойынша беріледі. Білім Ленд, Мудл, Онлайн мектеп. Мекеме өз еркімен оқыту платформасын таңдайды.

Кейс-технология - оқытушылардан тұрақты консультациялар ұйымдастыру кезінде білім алушылардың өз бетінше зерделеуі үшін жіберуге негізделген қашықтықтан оқыту технологиясының түрі [36] .

Мұғаліммен байланыс осы мақсаттар үшін құрылған аймақтық оқу орталықтарында жүзеге асырылады немесе қашықтықтан оқыту кезінде әр түрлі әлеуметтік желілерді пайдаланып оқыту.

№4 Эксперименттік топтар

Бәрімізге белгілі 10 сыныпта білім алып жатқан оқушылар екі түрлі бағытта білім алады. Эксперимент жұмыстарын жүргізу барысында екі бағытта толық қамтылды.

Гуманитарлық бағытта білім алатын оқушылар келесідей топтарға бөлінді:

Тәжірибелік топ №1 - Кейс технологиясы арқылы сабақтар жүргізілді. Бақылаушы топ №1 - Желілік технологиялар арқылы сабақтар жүргізілді. Бақылаушы топ №2 - Дәстүрлі форматта білім алған оқушылар тобы.

Эксперимент барысында өзіме қолайлы болу үшін зерттеу нәтижелерін екі бағытта екі бөлек бөліп алып қарастырдым. Жаратылыстану математикалық бағытта білім алатын оқушылар келесідей топтарға бөлінді:

Тәжірибелік топ №2 - Кейс технологиясы арқылы сабақтар жүргізілді.

Бақылаушы топ №3 - Желілік технологиялар арқылы сабақтар жүргізілді

Бақылаушы топ №4 - Дәстүрлі форматта білім алған оқушылар тобы.

№5 Бақылау сынақтары

Қай технологияның тиімді екенін анықтау мақсатында әр бөлім бойынша бақылау сынақтары алынды.

Алғашқы бақылау сынағы - оқушылардың экспериментке дейінгі білім сапасын анықтау мақсатында 1-ші сәуір күні Эволюция бөлімі бойынша алынды.

Екінші бақылау сынағы - Координация және реттелу бөлімі бойынша 8-ші сәуір күні алынды.

Үшінші бақылау сынағы - Қозғалыыс бөлімі бойынша 20-сәуір күні алынды.

№6 Гуманитарлық бағытта білім алып жатқан оқушылар мен жүргізген эксперимент нәтижелері

Мұнда үш бақылау сынағы кезіндегі гуманитарлық бағытта экспериментке қатысушылардың салыстырмалы көрсеткіштері және де кесте түрінде оқу сапасының салыстырмалы көрсеткіші көрсетілген.

Алғашқы бақылау сынағы кезінде оқушылар келесідей нәтижелерді көрсеткен болатын:

 тәжірибелік топ №1: нәтижелеріне тоқталатын болсақ 5 оқушының 3-еуі төмен, 1-еуі орта, тағы 1-еуі жоғарғы деңгейді алды;

 бақылаушы топ №1: 4 оқушы төмен, 2 оқушы орта, 3 оқушы жоғарғы деңгейді көрсетті;

 бақылаушы топ №2: 15 оқушы төмен деңгейді, 5оқушы орта деңгейді, 9 оқушы жоғарғы деңгейді көрсетті.

Алғашқы бақылау сынағы нәтижелерін зерделе келе нәтижелерді бір бірімен шамалас екенін байқауымызға болады.

Екінші бақылау сынағы кезінде нәтижелері келесідей болды:

 тәжірибелік топ № 1 - 20% төмен көрсеткішті көрсетсе, 60%-орта деңгейді және 20%-ы жоғарғы деңгейді көрсетті;

 бақылаушы топ № 1 - 33, 3% төмен көрсеткішті, 55, 5% орта деңгейді, 11% жоғарғы деңгейді көрсетті;

 бақылаушы топ № 2 - 17, 2% төменгі деңгейді, 48, 2% орта деңгейді, 34, 4% жоғарғы деңгейді көрсетті.

Мұнда біз экспериментке қатысушы топтардың көпшілігі орта деңгейге ауысқанын. Прогресс бар екенін байқаймыз.

Қозғалыс бөлімі бойынша алынған бақылау нәтижелеріне келетін болсақ:

 тәжірибелік топ № 1 - 5 оқушының біреуі төменгі деңгейді көрсетсе, 2 еуі ортаңғы деңгейді, қалған 2 еуі жоғарғы деңгейді көрсетті;

 бақылаушы топ № 1 - 3-еуі төменгі деңгейді, 4-еуі ортаңғы деңгейді, 2-еуі жоғарғы деңгейді көрсетті;

 бақылаушы топ № 2 - 1 оқушы төменгі деңгейді, 13 оқушы ортаңғы деңгейді, 14 оқушы жоғарғы деңгейді көрсетті.

Біз байқағанымыздай Кейс технологиясымен сабақтар жүргізілген оқушылардың оқу сапасы желілік технологиялар сабақтар жүргізілген бақылаушы топ №1 ге қарағанда жақсырақ екенін байқауымызға болады. Әйткенменде дәстүрлі түрде білім алатын оқушылардың оқу сапасы екі топты да басып озатындығын байқаймыз.

№7 Жаратылыстану математикалық бағытта білім алып жатқан оқушылар мен жүргізген эксперимент нәтижелері

Эксперимент алды бақылау сынағынан алынған нәтижелері келесідей болды: тәжірибелік топ 1 - қатысушылардың 35, 4% төмен көрсеткішті көрсетсе, 30% орта, 16% жоғарғы деңгейді көрсетті. Бақылаушы топ № 1 - қатысушылардың 63, 4% төмен, 27, 2% орта, 9, 09% жоғарғы деңгейді көрсетті. Бақылаушы топ № 2 - қатысушылардың 53, 50% төменгі, 28, 57% орта, 10% жоғарғы деңгейді көрсетті.

Екінші бақылау сынағы бойынша оқушылардың алған нәтижелері келесідей болды:

 тәжірибелік топ № 2 - 40% төмен, 40% орта, 20% оқушы жоғарғы деңгейлі көрсеткішті көрсетті.

 бақылаушы топ № 3 - 55% төменгі деңгей, 28% ортаңғы, ал 19% жоғарғы деңгейді көрсетті.

 бақылаушы топ № 4 - 29% төменгі, 36% ортаңғы, 36% жоғарғы деңгейді көрсетті.

Қозғалыс бөлімі бойынша өтілген бақылау сынағының нәтижелері келесідей болды:

 тәжірибелік топ № 2 - 30% төмен, 40% ортаңғы, ал 30% жоғарғы деңгейлі көрсеткішті көрсетті;

 бақылаушы топ № 3 - 18, 20% төменгі, 54, 60% ортаңғы, 27, 07% жоғарғы деңгейді көрсетті;

 бақылаушы топ № 4 - 44, 11% төменгі, 38, 09% ортаңғы, 17, 80% жоғарғы деңгейді көрсетті.

№8 Қашықтықтан оқыту және дәстүрлі білім беру форматы салыстыру

Эксперимент барысында дәстүрлі түрде білім алып жатқан оқушылардың, Қашықтықтан оқыту кезіндегі бағаларымен салыстыру жұмыстары жүргізілді.

Гуманитарлық бағытта білім алатын дәстүрлі түрде білім алған кезде 10 «А» сыныбының оқу сапасы 55-70%, ал 10 «Ә» сыныбының оқу сапасы 60-72%-ға артқан.

Ал жаратылыстану математикалық бағытта білім алатын оқущылардың

10 «Б» сыныбының оқу сапасы 54-73%, 10 «В» сыныбының оқу сапасы 50-72% артқан.

Бұл нәтижелерге сүйене отырып қашықтықтан оқыту кезінде сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы төмендеген оқушылардың оқу сапасы ақырындап жүйелі түрде жасалынатын жұмыстардың нәтижесінде артатынын байқауымызға болады.

№9 Сауалнама нәтижесі

Сауалнама 15-20. 04. 2021 жылдар аралығында алынды. Сауалнамаға қашықтықтан білім алып жатқан, эксперименттік жұмысқа гуманитарлық бағытта білім алып қатысқан тәжірибелік топ № 1 және бақылаушы топ № 1 және де жаратылыстану математикалық бағытта экспериментке қатысушы тәжірибелік топ № 2 және де бақылаушы топ № 3 тобының қатысушылары қатысты. Сауалнамаға жалпы 33 оқушы қатысты. Сауалнамада жалпы 7 сұрақ қарастырылды. Келесідей нәтижелер алынды:

Оқушыларға қай оқыту технологиясы ұнайтындығын анықтау мақсатында келесі сұрақ қойылған болатын:

1. Сізге қашықтықтан білім берудің қандай технологиясы ұнайды?

Нәтижесінде: 66, 7% оқушы кейс стади технологиясымен яғни WhatsApp және Zoom секілді әлеуметтік желілерде білім алған ұнайтындығын айтса, желілік технологиялар арқылы яғни Online Mektep платформасында сабақтар жүргізілгені 33, 3% қатысушыларға ұнайды екен.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін қай технологияның тиімді екенін анықтау мақсатында келесідей сұрақтар қойылды:

2. Сіздің кейс стади технологиясымен оқыған кездегі сабаққа деген ынтаңыз қандай бағытқа өзгерді?

33, 3% кейс стади технологиясымен білім алған кезде сабаққа деген ынтасының өзгермегендігін айтса, 8, 3% қатысушы нашарлағанын, 58, 3% қатысушы жақсарғанын айтты.

Ал 3. Сіздің Online Mektep технологиясымен оқыған кездегі сабаққа деген ынтаңыз қандай бағытқа өзгерді?

Сауалнама барысында қатысушылардың 47, 1% желілік технологиялар арқылы білім алған кезде сабаққа деген ынтасының өзгерген жоқ екендігін айтса, 29, 4% нашарлағанын, 23, 5% жақсарғанын айтты.

6. Online Mektep арқылы өтілген сабақтар сізге несімен ұнайды?

11-і уақыттың тиімділігІ, 4-еуі мұғаліммен кері байланыс, ал 10-ы тапсырмалар саны, 7-еуі осы формат, 8-і кейс стади тиімді деді.

7. ZOOM WhatsApp желісімен өтілген сабақтар сізге несімен ұнайды?

Сауалнамаға қатысушылардың 3-еуі уақыттың тиімділігімен ұнайтындығын айтса, 10-ы мұғаліммен кері байланыс жасаумен ұнайтындығын, 4-еуі тапсырмалар санымен десе, 9-ы сабақты осы форматта жақсырақ түсінетіндігін айтты, ал 8-і желілік технологиялармен сабақ өту олар үшін тиімдірек екенін айтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың дене тәрбиесі белсенділігі мен қимыл - қозғалысты қалыптастырудың бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері
Психологиялық экспериментті ұйымдастыру
Кикілжіңнен кетіп қалу стилі
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері
Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Жас шамалық топтар
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz