Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі МКҚК

ГККП Высший колледж лесного хозяйства, экологии и
туризма, город Щучинск, Бурабайский район
при управлении образования Акмолинской области

Реферат
оқу тәжірибесі бойынша
Алғашқы статистикалық көрсеткіштерді бақылау және бағалау
1509000 Экология және табиғатты қорғау қызметі

Топгруппа ЭП-32

ОрындағанВыполнил (а): Уразов А.А.
ТексергенПроверил(а): Бектасова Н.К

Щучинск қаласы 2022 ж.
г. Щучинск 2022г.

Ақмола облысы Көкшетау қаласының бас жоспары
1. Бас жоспардың мәні
Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының бас жоспары қала құрылысының аймақтарға бөлуді, аумақтың жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастырылуын, көлік және инженерлік коммуникациялар, көгалдандыру және көріктендіру жүйесін белгілейтін кешенді жоспарлануын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты болып табылады.
Көкшетау қаласының бас жоспары "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді, оның кешенді қала құрылысы сараптамасы өткізілді (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитеті төрағасы бекіткен 2008 жылғы 15 шілдедегі N 2-28008 жиынтық қорытындысы).
Бас жоспарда мынадай жобалау кезеңдері қабылданған:
Бастапқы жыл -- 2006 жыл.
Құрылыстың бірінші кезеңі - 2010 жыл.
Есепті мерзім - 2020 жыл.
Бас жоспарды әзірлеу үшін топографиялық негізге 1990 жылы КСРО Геодезия және картография бас басқармасының Оралэрогеодезия Өндірістік Бірлестігі орындаған 1:25000, 1:10000, 1:5000, 1:2000 ауқымдарының топокарталары, сондай-ақ 2004 жылғы ғарыштық фототүсірілім материалдары қолданылды.
Бас жоспармен табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ функционалдық аймақтарға бөлуді, резервтік аумақтар мен табиғи және техногендік құбылыстардың, үдерістердің қауіпті әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды қоса алғанда, Көкшетау қаласының аумағын дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

2. Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
Көкшетау қаласы қала құрылысы дамуының басты мақсаты - ол жайлы және эстетикалық тартымды өмір сүру ортаны құруды, халқы мен болашақ ұрпақтарының өмір сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін қаланың экологиялық орнықты және үйлесімді дамуы.
Осы мақсатқа жету былай сипатталады:
қала құрылысы шешімдерінің сабақтастығы;
қала келбетінің сәулеттік-кеңістік бірлігі және эстетикалық мәнерлілігі;
тұрғын үй проблемасын шешу кешенділігі, тұрғын аумақтарын қайта жаңарту және дамыту, қолайлы тұрғын үй ортасын қалыптастыру;
тұрғын үй, өнеркәсіптік, қоғамдық-іскерлік, табиғи-рекреациялық және басқа да қалалық аумақтардың теңдестіріліп дамуы;
қоғамдық орталықтар жүйесінің дамығандығы және қол жетімді болуы;
өндірістік аумақтарды пайдаланудың тиімділігі;
тіршілік әрекеті ортасының экологиялық қауіпсіздігі және табиғи кешеннің орнықтылығы;
көлік және инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығы.
Көрсетілген мақсаттарға жету Көкшетау қаласының аумағында құрылыс жүргізу, қайта ұйымдастыру және көріктендіру, құрылыс жүргізуді қайта құру, тіршілік әрекеті ортасының сапалы сипаттамаларын арттыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс.

3. Табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер
3.1. Климаты

Климат ауданы тез өзгергіш, құрғақшылықты ыстық жазы бар (+40 о С дейін) және қары аз, суық (-45 о С дейін). Ең ыстық - шілде айы (орташа температурасы +19,6 о С), барынша абсолюттік температурасы +40 о С, ең суық - қаңтар айы (орташа температурасы -16,2 о С), ал абсолюттік төменгі температурасы -45 о С құрайды. Жылдың жылы маусымы +10 градус температурамен, орта есеппен 6 мамырдан 21 қыркүйекке дейін 137 күнге созылады. Топырақтың гидротоңазытылу тереңдігі нормативтік 1,85 м, барынша - 2,6 м.

3.2. Бедері

Көкшетау қаласы гидрожелілердің нашар дамуы мен бедерінің тегістелген нысаны бар сипаты Орталық-Қазақстан ұсақ шоқылық солтүстік шеті шегінде орналасқан. Қазіргі заманғы бедер сипаты негізінен палезой уақытынан кейін мұраға қалған. Ежелгі элементтері қазіргі заманғы бедердің морфологиясын едәуір дәрежеде айқындады. Бұл бедер нысандары атап айтқанда, қазаншұңқырлар мен аңғарлар бөлігі қазіргі уақытқа үшінші және төртінші кезеңдер қопсытылған шөгінділермен толтырылды.

3.3. Гидрография

Көкшетау қаласына іргелес аумақтың гидрографиялық желісі Чаглинка, Қылшақты өзендерімен және Қопа көлімен беріледі.
Чаглинка су қоймасы суаруға және Қопа көлін толықтыруға айтарлықтай емес қосымша су алумен Көкшетау қаласын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін Чаглинка өзенінің ағынын көп жылғы реттеуді жүзеге асырады.
Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.
Көлдің ұзындығы 5,1 - 5,2 км, ені 3,1 - 3,2 км, айна ауданы 12,3 - 13,1 км 2 , орташа тереңдігі 1,6-2,3 м, су көлемі 19,6 - 47,0 млн.м 3 (1955 жылғы зерттеу). Көлдің су беті негізінен ашық.
Көлге Чаглинка және Қылшақты өзендері құяды.

3.4. Топырақтық-өсімдіктік жамылғы

Көкшетау қаласы жерлерінің аумағында мынадай топырақ құрамдары бөлінген:
1. Орта қуатты кәдімгі қара топырақ.
2. Сортаң орта қуатты кәдімгі қара топырақ.
3. Шалғындық-қара топырақтық орта қуатты және аз қуатты топырақ, сортаң топырақ.
4. Аңғар шалғындық топырақ.
5. Шалғындық-батпақ топырақ.
6. Сортаң топырақ.
Көкшетау қаласының барлық игерілген аумағы мен қаланың одан әрі дамуының аумағы адамның қызметі нәтижесінде топырақ кескінінің ішінара бұзылатын жерге жатқызылады. Осыған байланысты көгалдандыру аймақтарының едәуір аумақтарында жасанды топырақтық жамылғы жасалған.
Көгалдандыру жасанды екпе ағаштарын отырғызу жолымен жүзеге асырылады.

3.5. Физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар

Кекшетау қаласының аумағы және қаланың жақын төңірегі шегінде мынадай физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар дамуын алды: жер үсті мен жер асты суларын жел қақтыру және қызметі.
Қопсытылған тау жыныстары сияқты жартастар да солай жел қақтыруға тартылады. Жартас тау жыныстарын жел қақтыру үдерістерінің негізгі нәтижесі бұл жыныстардың физикалық-техникалық қасиеттерін өзгертуге әкелетін жел қақтыру мен жарықтардың қабығының пайда болуы.
Қаланың ірі кәсіпорындар аудандарында жер асты суларының көтерілу деңгейі жылына 0,03 - 0,20 м шапшаңдықпен жүріп отырады. Васильковка шағын ауданы, РК-1, РК-2 аумақтарында деңгей 1978 жылдан 1983 жылға дейін жылына 0,13 - 0,20 м жоғарылау қарқынымен 3,8 - 4,0 м 1,1 - 1,2 м дейін жоғарылады.
Анағұрлым жиі су басу Чкалов-Чаглинка және Әуезов көшелері шекарасында Қопа көліне және Қылшақты езеніне дейін тартылады.
Көкшетау қаласы аумақтарын топырақ суларының және олармен байланысты су басу үдерісінің жоғарылау деңгейінің негізгі факторлары: а) Қопа көлі және Қылшақты өзені суларының көп жылдық көтерілу деңгейі есебінен пайда болған топырақты суларды тежеуі; б) ағынды су бетінің қиындығын туғызатын қала аумағының тігінен жоспарлануының болмауы; в) су келетін коммуникациялардан судың жиі апаттық ысырап болуы; г) топырақ суын қосымша қоректендіруге әкелетін су тартқыш тау қыраты қарықтардан қарсуларының жанама сүзілуі болып табылады.

3.6. Сумен қамтамасыз етілу жағдайлары

Қаланы сумен жабдықтау қазіргі уақытта Чаглинка су қоймасынан Чаглинка өзені су беті есебінен секундына 350 л (тәулігіне 30.2 мың м 3 ) мөлшерде жүзеге асырылады.
Екі кен орын бойынша (Павловское және Еленовка көпірі ауданында) жер асты суының бекітілген қоры секундына 265 л (тәулігіне 23 мың м 3 ) құрайды. Секундына 200 л (тәулігіне 17 мың м 3 ) жер асты сулары бекітілген қорларымен Павловское кен орны ғана пайдаланылады. Бұл кен орны жоба қуатынан барлығы 47% пайдаланылады. Секундына 65 л мөлшерінде (тәулігіне 5,6 мың м 3 ) бекітілген қорларымен Еленовка көпірі ауданында орналасқан екінші кен орын пайдаланылмайды.
Жер асты суының бекітілген қорларынан басқа Көкшетау қаласымен су тоғаны қаланың әр шетінде секундына 45-50 л (тәулігіне 4,5 мың м 3 ) әр уақытта бұрғыланған, пайдаланылған ұңғымалардан жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 17 ұңғыма істеп тұр.
Қаланы сумен жабдықтау үшін су беті және жер асты суларының пайдаланылған қорларының жалпы балансы секундына 650 л (тәулігіне 56 мың м 3 ) құрайды. Чаглинка су қоймасының жоба белгісінен жоғары лайлануына байланысты бар тазарту имараттары небәрі тәулігіне 17,0 мың м 3 босатуға есептелген, сондықтан сапалы таза сумен қамтамасыз етпейді, Көкшетау қаласын сумен жабдықтаудың көзі ретінде Чаглинка су қоймасын шығарып Сергеевка су қоймасынан Көкшетау өндірістік су құбырына қосу нұсқасы бар.
Көкшетау қаласын сумен жабдықтаудың көзі ретінде Чаглинка су қоймасын шығарып Чаглинка өзені құятын Шағлы-Теңіз дала көлінің санитарлық жағдайы мен сумен қамтамасыз ету мәселелерін ішінара шешуге болады.

4. Әлеуметтік-экономикалық даму
4.1. Демография

Болашақта демографиялық үрдістердің серпіні қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан бері қалыптасқан, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталатын болады.
Көкшетау қаласының демографиялық даму сипатының масштабтары мен бағыттылығы:
қаланың экономикалық әлеуетінің дамуы;
тұрғын үй рыногының дамуы;
жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейі;
мемлекеттік және жергілікті әлеуметтік саясат және басқа факторлар сияқты әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижелеріне байланысты халықтың табиғи және көші-қон қозғалысымен белгіленеді.
Тұрғындардың болашақтағы саны болжамының нұсқалары халық өмірі деңгейінің көтерілуі халықтың табиғи өсуін кезең-кезеңмен көтеру болжамдарын ескерумен есептелген. 2003 жылы көші-қон оң сальдосына қол жеткізілді және оның сақталуы болжамды кезеңге дейін болады деп көзделіп отыр.
Көкшетау қаласы тұрғындарының қазіргі саны (2006 жылғы 01 қаңтарға) 137,5 мың адамды құрады, оның ішінде Көкшетау қаласында 125,5 мың адам, Станционный кентінде 2,2 мың адам және Красный яр селосында 9,8 мың адам.
Көкшетау қаласы тұрғындарының болжалды саны орнықты және инерциялық демографиялық беталыстармен белгіленеді. Көкшетау қаласы тұрғындарының перспективалық санын есепке алу қалалық әкімшілік құрамына 19-25 мың адам кіретін елді мекендер саны есебінсіз есептік мерзімге 150,0 - 170,0 мың адам белгіленді.
Экономика салалары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту құрылымының есептік көрсеткіштерін 2020 жылға қарай 71,3 мың адамға дейін жеткізу көзделіп отыр, бұл экономика салаларында жұмыс істейтіндердің қазіргі санымен салыстырғанда, 14,9 мың адамға көп.
Қаланың әлеуметтік және қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты - бұл қаралып отырған аумақта әлеуметтік-психологиялық жайлылық пен тұрғындар өмір сүруінің жоғары деңгейін жасау.
Көкшетау қаласы қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары тиімділігінің экономикалық индикаторлары 2005 жылмен салыстырғанда, Бас жоспардың есептік мерзімге артуына мынадай көрсеткіштер:
жалпы өңірлік өнім өндірісі көлемдерінің 3 есе;
халықтың жан басына шаққандағы табыстарын 2 еседен аса өсіру болып табылады.

4.2. Тұрғын үй құрылысы

Көкшетау қаласының тұрғын үй қоры 2005 жылдың басына 2447,6 мың м 2 құрды. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 1 адамға 19,5 м 2 құрайды. Қала тұрғын үй қорының ширек шамасын бір-екі пәтерлі үйлер құрайды, көп пәтерлі үйлер арасында 23 аса тұрғын үй қоры 20-шы ғасырдың 50-70 жылдары салынған 4-5 қабатты үйлер үлесіне кіреді. Қабырғалардың материалдары бойынша кірпіш пен темірбетон панелдерінен салынған ғимараттар алады.
2005-2007 жылдары тұрғын үйді іске қосу орта есеппен жыл сайын 60 мың м 2 құрады.
2020 жылға дейін барлығы 1035,2 мың м 2 , соның ішінде 2010 жылға дейін - 357,0 мың м 2 , 2020 жылға дейін - 678,2 мың м 2 тұрғын үй салу жоспарлануда.
Жаңа тұрғын үй құрылысы көлемі есебінде қазіргі заманғы жағдай және тұрғын үймен орта қамтамасыз ету 1 адамға 19,5 м 2 - 22,1 м 2 дейін жеткізумен, барлығы қала тұрғын үй қорының 3434,0 мың м 2 дейін көбейтумен қолайлы тұрғын үй жағдайларының Бас жоспарын есептік мерзімге жеткізу үшін тұрғын үйді жыл сайын біртіндеп өсірудің беталысын ұстау қажеттілігі есептелді.
Тұрғын үй саясатына басымдық даму аз қабатты үй-жай типіндегі құрылыс салуды алу.
Құрылыс бос және қайта құрылатын аумақтарда да ескі тұрғын үйді бұзу мен бар құрылыс салуды тығыздау есебінен жүргізілетін болады.
Қолда бар тұрғын үйдің кемуі 48,6 мың м 2 мөлшерінде көзделеді.
Көкшетау қаласы тұрғын үй аумақтарын қайта құру және дамытудың басымдық бағдарламалары халықтың барлық әлеуметтік қатары үшін әртүрлі үлгідегі тұрғын үйлермен тұрғын үй аудандарының құрылысын салудың жиынтығы болып табылады, бұл құрылысқа шығынды төмендетуге ықпал етеді және қаланың қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Жаңа тұрғын үй құрылысының аса ірі аудандары - "Сарыарқа", "Көкше", "Бейбітшілік", "Бостандық", "Жайлау", "Бірлік", "Бұқпа" және "Қопа" көлі ауданы.
Таңдаулы тұрғын үй құрылысын салу орман екпе ағаштарынан бос учаскелерде "Сарыарқа", "Қопа" көлі ауданында қайта жаңартылған аумақтарда және қаланың аса маңызды қала құрылысы желілерінің сәулет келбетін жақсартуды қалыптастыру мақсатында жалпы қалалық орталықта тұрғын үй массивтері қалыптасатын болады.
Бас жоспарда әлеуметтік-кепілді минимум қызмет көрсету мекемелерінің қамтамасыз етілуін нормативтік көрсеткіштерге облыстық және қалалық маңыздағы объектілер дамуының нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізу бағытында жаңа әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысы жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік саланы дамыту қарастырылып отыр.
Қаланың әлеуметтік саласының негізгі басымдық дамуы Ақмола облысының облыстық орталық мәртебесіне және өңірдің туризм индустрия орталығы, демалыс және спорттық рекреациясына сәйкес оның перспективалық дамуы болып табылады.
Толық кешенімен нысандарға қызмет көрсететін саябақ және спорттық аймақтармен, сондай-ақ бар саябақтар, шағынгүлбақтары және сауда аймақтарын қайта жаңарту және абаттандырумен жоспарлы аудандардың қоғамдық орталықтарын дамыту жоспарланып отыр.

4.3. Өнеркәсіп

2005 жылы Көкшетау қаласында облыстық статистикалық басқармасы деректері бойынша 120, соның ішінде орташа және ірі 24 және кіші 96 (50 - адамнан кем емес қызметкерлер санымен) қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорны есептелді.
2004 жылы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 11846,8 млн. теңгені құрды. Сала қызметкерлерінің саны 7,72 мың адамды құрды.
Орташа және ірі кәсіпорындар үлесіне 9376,9 млн. теңге немесе көлемнің 79% келеді.
Саланың валдық өнім көлемі 2010 жылы 32 млрд. теңге шамасын құрайды, бұл бастапқы жылдың деңгейін 3 есе жоғарылатады. 2010 жылы жұмыс орны саны 11 мың астам құрайды, бұл бастапқы жылдан 4 мың орынға артық. Өнім көлемінің және жұмыс орны санының біршама жоғарылауы келесі кәсіпорындардың дамуы есебінен:
1. Василковск ТКК - валдық өнім 8 млрд. теңге астам өсті және жұмыс орны саны - 800 шамасында өсті.
2. "Тыныс" АҚ тиісінше - 0,3 млрд. теңге және 400 шамасында жұмыс орны.
3. "КамАЗ-инжиниринг" ЖШС - 1,0 млрд. теңге шамасында және 1400 астам жұмыс орны.
4.4. Экономикалық қызмет

Көкшетау қаласы аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр, соның ішінде: ғылымның, білім берудің, мәдениет пен жоғары технологиялық өнеркәсіптің рөлін сақтау; өндірістік, іскерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, қызмет көрсету салаларын, туризм мен рекреацияның дамуын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурстарды қажет ететін өндірістерді тарату, қайта ұйымдастыру.
Материалдық өндіріс салаларының қайта құрылымдалуын жүзеге асыру ғылымды қажет ететін және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдасына ұсынылып отыр.
Көкшетау қаласының облыстық маңызы бар қала мәртебесін сақтау және ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін, облыстық және республикалық маңызы бар рыноктық инфрақұрылымдар институттарының желісін қарқынды дамыту көзделіп отыр.
Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың одан әрі тиімді үйлесімі мен өзара қатынасы жоспарланып отыр.
Бас жоспармен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін көтеріп, қала құрылысы әлеуетін қаланы дамыту мүддесінде аса тиімді пайдалану мақсаты бар өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр.
Болашақта Көкшетау қаласы - шағын бизнес орталықтарының қалыптасқан желілерімен туризм орталығы, жоғары қонақ үй, мейрамхана және ауылшаруашылық, машинақұрылыстық өнімдері, жеңіл және тағамдық өнеркәсіп тауарларының халықаралық көрме өткізу үшін көрмелік кешендері ретінде қарастырылады.
Көкшетау қаласын дамытудың мақсаты барлық әлеуметтік проблемалардың шешіміне байланысты сенімді инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен орнықты және бәсекеге қабілетті қалыптастыру болып табылады.

5. Қоршаған ортаға әсер етуін бағалау
5.1. Экологиялық талаптар

Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады:
оның тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарындағы өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру;
табиғи кешеннің қазіргі бар аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, жүргізілген шаруашылық қызметі салдарынан жоғалтқан Қопа көлін сауықтыру және жаңғырту, сондай-ақ, резервтік аумақтарда жасыл алқаптар қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру;
өмір сүру ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру және қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.
Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуына қойылатын экологиялық талаптардың қажетті орындау шарттары:
қала аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;
қаланың ықшамды функционалдық-жоспарлау құрылымы;
Қопа көлі жағалауының аймағында рекреациялық жүйе қалыптастыру;
су қорғау аймағын және жағалауға жақын алқапты Қопа көлінде ұйымдастыру және абаттандыру, оны қаланың пайдалануына қатаң регламент белгілеу;
өнеркәсіптік және қоныстану аумақтары арасында санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;
табиғи кешеннің қазіргі бар аумақтарын қолайсыз антропогендік әсерлерден қорғау және көгалдандырудың үздіксіз жүйесін қалыптастыру мен құру және қаланың тұрғын үй мен қоғамдық аймақтарында микроклиматтық жағдайларды жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру;
жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және магистральдардың өткізу қабілетін арттыру, магистральдардың бойында шудан қорғайтын үйлер мен экрандар салу, тұрақты сұрыпты жасыл алқаптар құру арқылы шулы қолайсыз аймақтарды жою;
бұзылған аумақтарды қалпына келтіру (күл, қоқыс-қалдықтар төгетін жерлерді және тағы басқаларын);
экологиялық таза аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізу, ұйымдастырылмаған қалдықтар көздерінің санын азайту, өнеркәсіптік қалдықтар көздерін, ағынсыз өндіріс циклдарын шаңұстағыш қондырғылармен қосымша жабдықтау, өнеркәсіп нысандарының су тазартқыш жабдықпен жабдықталуын 100% дейін жеткізу;
ауыз су тазалығы стандарттарының сақталуы мен өндірістік және коммуналдық ағынды су мен жер үсті суағардың тазалануын қамтамасыз ету;
көлік қозғалысының үдемділігін ұлғайту және жүктің толассыздығын бөлуді қадағалау;
жүк көлігінің ерекше қозғалысымен және аралас қозғалысқа арналған айналма жолдар салу;
сумен жабдықтау және су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін қайта жаңарту мен кеңейту;
табиғатты тиімді пайдалануға бағытталған экономикалық жағдай жасау жүйесін енгізу (санкцияларды қоса) болып табылады.

5.2. Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы

Қаланың рекреациялық инфрақұрылымының дамуы тарихи-мәдени мұра әлеуетін пайдаланатын және осы аймақтағы тарихи мұра және табиғи әлеуетті сақтау, жаңғырту және қаржылық мәселелерін түбегейлі шешуге қабілетті әдемі теңдессіз бар жаңа тиімді экономика секторы ретінде туризм, спорт және белсенді демалыс индустриясын қалыптастыруға бағытталған.
Қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көліктік-коммуникациялық жүйелер, аграрлық азық-түлік кешені, құрылыс, халық қолөнерінің дамуы және тағы басқа жалғас салалардың дамуымен шетелдік және ішкі тарихи-мәдени танымдық туризм бағыттарының басымды түрлерінің бірі болып табылады.
Бас жоспармен:
бар демалыс аймағын қайта жаңарту және жаңа туристік базалар құру;
кәсіби экскурсиялық қызмет орталығын қалыптастыру;
ақпараттық-анықтама қызметі, туристік бюро және көлік агенттіктер орталығын құру;
ойын-сауық, көрме, жәрмеңке индустриясын, сауда-тұрмыстық мақсаттағы нысандар, спорттық-сауықтыру кешендері мен медициналық пунктерді дамыту;
әуежайында және теміржол вокзалында көлік туристік қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру, арнайы көлікке қызмет көрсету паркі мен кәсіпорындарын және автомобиль прокатын дамыту, туристік аймақтарда автотұрақтар көлемін арттыру болжаланады.

5.3. Көгалдандыру жүйесін дамыту

Бас жоспармен Көкшетау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
Алматы қаласының қазіргі экономикалық жағдайы
Қазақстанның екі мегаполисі
Моноқалаларды қалыптастыру мен дамыту
Қаланың экономикалық құрылымы
Облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеу
ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Пәндер