Сана адам миының функциясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті
Реферат
Тақырып:
Сана және өзіндік сана. Санасыздық мәселесі
Қабылдаған:Анламасова Ы.Ж
Орындаған:Қаюмбаева Д.А
Тобы:Бо-21
Қарағанды 2022
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сана адам миының функциясы
2. Өзіндік сана,санасыздық мәселесі
3. Сана және тіл,өзара байланысы
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - - осылардың бәрі сол сананың құдіреті.Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген. Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми - - оның мекені. Сана - - адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің материализм және эмприокритицизм деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Адам - аса тамаша қасиеттің - сананың,сонау алыста қалған заманға да, болашаққа да ойша шарықтайтын,сыры беймәлім,армандар мен қиял дүниесіне көз жүгірте алатын парасат иесі.Сана деген не, ол қалай пайда болады,оның ерекшеліктері қандай? Бұл - аса қиын да күрделі ғылыми проблемалардың бірі.
Өз санасының сыры жайында адам аса көне замандардың өзінде-ақ ойлай бастады. Адамзаттың озық ойлы өкілдері қөптеген ғасырлар бойы сананың табиғатын ашып қөрсетуге тырысты,өлі материя өз дамуының белгілі бір дәрежесінде тірі материяны,ал тірі материя сананы қалай туғызады сананың құрылымы мен функциясы қандай түйсікті қабылдаудан ойлауға өтудің механизмі қандай,сананың адам миының қыртыстарында жүріп жатқан материалдық,физиологиялық процестермен қатынасы қандай? - деген сияқты мәселелерге жауап іздеді. Бұл мәселелерге және олармен тығыз байланысты басқа көптеген проблемаларға, олар аса күрделі болғандықтан, ұзақ уақыт бойы мейлінше объективті ғылыми зерттеудің өрісі жетпей келді . Бұл жағдай
сана құбылыстарын баяндауда алуан түрлі идеалистік және діни түсіндірмелердің көп тарауына негіз болып келеді.
Діни-идеалистік түсініктер бойынша,сана дегеніміз - қайдағы бір материалдық емес субстанция - жанның көрінісі ол ( субстанция ) жалпы алғанда материяға, атап айтқанда, адам миына тәуелсіз, дербес өмір сүре алатын, өлмейтін, мәңгілік нәрсе болып табылады .
Түрлі идеалистік көзқарастарға қарама - қарсы матерализм сана - адам миының функциясы,оның мәні шындықты белсендіде мақсатты түрде бейнелеуінде деген қағиданы негізге алып келді және негізге ала бермек. Сонымен қатар,сана проблемасы материалистік тұрғыдан философтар мен психологтар үшін де өте қиын проблема болды. Сананың шығу проблемасын түсіндірудің қиындығы алдында дағдарып қалған кейбір материалистер сананы материяның атрибуты,оның мәңгілік қасиеті, оның барлық формаларына: жоғарғы формаларына да, төменгі формалары да тән қасиеті ретінде қарастыра бастады.Олар барлық материяның жаны бар деп жариялады. Бұл көзқарас гилозоизм (hyle - материя , zoe - тіршілік деген грек сөздерінен шыққан ) деп аталады.
Ғылыми материализм сана кез келген материяның қасиеті емес, жоғары ұйымдасқан материяның ғана қасиеті,ол адам миының қызметімен,ерекше түрдегі адамдық әлеуметтік өмір жағдайларымен байланысты дегенді негізге алады. Марксизмнің негізін қалаушылар атап көрсеткендей сана ешқашан саналы түрде танып білінген болмыстан басқа ешнәрсе болмақ емес, ал адамдардың болмысы дегеніміз - олардың өмірінің реалды процесі .
Сананың диалектикалық-материалистік концепциясы бейнелеу принципіне,яғни объектіні адам миында түйсік,қабылдау,елестету,ұғым,пікір ой-қортынды түрінде психикалық формада қайта жаңғырту принципіне негізделеді.Сананың мазмұны,сайып келгенде, қоршаған дүние шындығы анықталады, ал оның материалдық субстраты, иесі адам миы болып табылады.
Сананың бастапқы сезімдік бейнесі ең қарапайым фактісі-түйсік; осы түйсік арқылы субъектінің объективтік шындықпен тікелей байланысы жүзеге асады. Түйсік дегеніміз-объективтік дүние нәрселерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен кезіндегі жеке қасиеттерінің бейнеленуі. Егер түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін ғана бейнелесе,ал тұтас зат,түрліше сезімдік қасиеттерінің бірлігі ретінде қабылдануда бейнеленеді. Адамның қабылдауы әдетте нәрселерді,олардың қасиеттері мен қатынастарын санамен түсінуді қамтиды. Сондықтан қабылдаудың сипаты адам меңгерген білімдердің дәрежесіне,оның мақсат-мүдделеріне тәуелді болады.
Сезімдік бейнелену процесі түйсіктермен және қабылдаулармен шектелмейді. Сезімдік бейнеленудің жоғары формасы-елестету.Елестету өткенде біз мүшелерімізге әсер етпей тұрған объектілер туралы көрнекі білім.Елестетулер сыртқы әсерлерді қабылдаудың және оларды есте сақтаудың нәтижесінде пайда болады.
Ұғымдар,пікірлер және ой-қорытындылар формасында көрінетін теориялық ойлау заттардың мәнді,заңды қатынастарын бейнелендіру болып табылады. Дүниенің сезімдік қабылдаумен танып біле алмайтын жақтарының сырлары ойлау арқылы ғана ашылады. Көру,есту,сипап сезу арқылы алынған мәліметтер негізінде көрінбейтін,сипап сезуге болмайтын нәрселерді ойлау қызметінің көмегімен танып білеміз.Ойлау бізге тереңде жатқан қасиеттер,байланыстар мен қатынастар туралы білім береді. Ойлау арқылы біз сыртқы көріністен ішке және сыртқы заттардың,процестердің мәніне диалектикалық жолмен өте аламыз. Бейнелендіру қызметінің жоғары формасы бола отырып,ойлау сонымен қатар,сезімдік сатыда да болады:адам бір нәрсені түйсінген және қабылдаған кезде-ақ ойлайды,сезімдік қабылдаудың нәтижелерін санамен түсінеді.
Адам миы - орасан көп нерв клеткаларынан (жасушалардан ) тұратын ең нәзік нерв аппараты.Ол клеткалардың саны 15 миллиардқа дейін жетеді.Олардың әрқайсысы басқалармен тығыз байланыста болады,ал олардың барлығы сезім мүшелерінің нерв ұштарымен бірге сансыз көп байланыстары бар аса күрделі жүйе құрады.
Ми өте қүрделі функционалды жүйе болып табылады.Сондықтан бұл жүйенің жұмысын дұрыс түсіну жеке нерв клеткаларын зерттегенде және адамның сыртқы мінез құлқын зерттегенде алынған мәліметтерді біріктіруді талап етеді. Физиологиялық процестерден тыс мида ешқандай түйсіктің,ешқандай сезімнің тууы мүмкін емес.
Ми ойлау құралы екені туралы идея өте ерте заманда туды,ал қазір ол ғылымда жалпыға мәлім идеяға айналды сонымен қатар кейбір идеалист-философтар сана мидың қызметі екені туралы қағиданы теріске шығаруға қазіргі күніде әрекет жасауда.
2.Сананың мәнін ашу үшін оған қарама-
қарсы құбылыс бейсаналылық пен оның ең жоғары көрінісі өзіндік
сана,рефлексия мәселелері таразыланатын объектіге айналдырылған.Біздің
саналы, әдейі іске асыратын, ойластырылып, мақсат койылып барып жүзеге асыратын қызметтерімізбен қатар түпкілікті түсіндірілмейтін,
тылсым күш сияқты болып көрінетін,кейде ырқымызды да билей алатын
құбылыстың бар екендігі сөзсіз.Бірақ ол объективті факторлары емес,
сананың ішкі қарама қарсы көрінісі, психиканың басты мазмұны болып табылатын-бейсаналылық аймақ.Бұл - санадан тысқарылық, сана астары,санасыздық
сияқты мағыналас құбылыстарды зерделейтін және адам өмірінде басымдылыққа ие болады
деп санайтын ирррационализм бағытымен түйіседі.
Санадан тысқарылық мынадай мағыналарда қолданылады:
-себеп санаға жетіп үлгермеген жағдайда автоматты түрде іске асатын құбылыстарда сана ажырап, санадан тысқарылық іске қосылады -
инстинкттер, ұйқыдағы түс көру мазмұндары, гипноз жағдайындағы
әрекеттер т.б.;
-субъект шындыққа саналы түрде араласпаса да, адам өзі толықтай
түсіндіріп бере алмайтын сана сезімдегі құбылыстар. Мәселен, еріксіз іске
асатын әрекеттер мен сезімдер осыған жатқызылады;
- санадан тыс болып табылатын ұмтылыстар, құмарлықтар,
талпыныстардың барлығы.
Бұл Фрейдизм бағытында басымдылық берілген негізгі мәселелердің
бірі болып саналады. Ол адамның саналы өмірін және тұтас тарихты да
анықтайтын жеке адамдық, әлеуметтік үдерістердің қозғаушы күші деп
есептеледі.Сана астары санадан тысқарылық пен сананың аралығындағы
барлық үдерістерді қамтиды деп түсінілген. Сана санадан тыс күштерге
тәуелді, ал бейсаналық осылардың барлығын іске асыратын аймақ ретінде ор-нығады.
Бейнелердің жинақталуы адамдарды қоршаған ортадан бөліп алу процесі. Осыдан табиғаттан бөлінген Мендік құбылыс қалыптасады да сананың табиғи бастамасы дүниеге келеді. Бұл адамның ішкі , сыртқы жан дүниесімен сараланып, өзіндік сананың қалыптасуы. Бұл мендік құбылысының әлемде заттарда құбылыстарда, өмір тәжірибесінде адамға тән қорытынды жасалуы.
Өзіндік сана - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz