Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар: ұғымы, мақсаттары және енгізу мәселелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Жаратылыстану институты

Биология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар.

Орындаған: Жангалиева Ұлдана Талғатқызы

Группа: 202-6В01509

Қабылдаған: Икрамова Анар Шаншархановна

Алматы 2021

Мазмұны:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы.

2. Педагогикалық білім берудегі инновацияның мақсат, міндеттері.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кірісіпе

ХХІ ғасырда білім мазмұнының жаһандануы, инновациялық және ақпараттық технологиялардың тез даму тенденциясы білім мазмұны мен оқытудың әдіс- тәсілдеріне жаңаша көзқарасты талап етеді.

Еліміздің білім беру жүйесін дамыту стратегиясы «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалып, оның мазмұны қоғамның даму талаптарына сай жастардың бойында білімділік пен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталып отыр. Жаңа экономикалық қатынастардың үдемелі инновациялық сипаты адам капиталын дамытуды алға қою туралы көзқарастарды тудыруда.

Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады - инновациялық және дәстүрлі.

Негізгі бөлім

1. Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы.

Педагогикалық инновация - бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады: макродеңгейде, мезодеңгейде және микродеңгейде.

Макродеңгейдегі инновация барлық білім беру жүйесіндегі өзгерісті және оның басымдықтарының өзгеруін қамтиды. Мезодеңгейдегі инновация аймақтың, нақты оқу орнының өзгерісіне бағытталған. Мезодеңгейде негізінен жаңа тұжырымдамалық тұрғы базасында жаңа оқу орнын құру туралы айтылады.

Бүгінде оқу орнын төрт типке бөлуге болады: элиталық, конъюнктрлік, эксперименталды және дәстүрлі. Микродеңгейдегі инновация белгілі бір курстың және курс блогын жаңа мазмұнын жасақтауға (мысалы, экологиялық немесе гуманитарлық) ; немесе білім беру үдерісінің құрылымдаудың жаңа тәсілдерін, не оқытудың жаңа технологияларын, жаңа формалары және әдістерін жасақтау бағытталған. Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс- әрекетін саналы түрде өзгертеді. Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық үрдісті күшейтетін бес фактор:

1. Мектеп басшыларының шығармашылығы.

2. Оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік.

3. Педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы.

4. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.

5. Инновациялық үрдіске қатысушылар:бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Білім беру инновацияларын орта мектептерге енгізудің басты кедергісі мұғалімдердің сапалық құрамы мен кәсіби құзыреттілік деңгейлері. Мысалы, оқытудың жаңа технологиялары мектеп мұғалімінен (өз пәнінен кәсіби құзыреттілігінен басқа) педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мұғалімнен дамыта оқыту технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:

  • Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;
  • Оқу пәнін терең, жүйелі және оның ғылыми негіздерін білу;
  • Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұндаудан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;
  • Оқушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу (оның мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын, әдістері мен тәсілдерін) ;
  • Оқушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;
  • Оқытудың белсенді әдістерін еркін меңгеру;
  • Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.

2. Педагогикалық білім берудегі инновацияның мақсат, міндеттері.

Білімді, білікті, дағдыларды бұрынғыдай механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, инновациялық идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру басымдылық болып табылады. Осыған сәйкес білім беру жүйесін жетілдірудегі маңызды міндеттер олар:

-педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту;

-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды анықтау;

-оқу-тәрбие процесіне инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру технологияларын енгізу;

-кез келген жағдайда өз бетімен оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра білетін және оны тиімді жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды қалыптастыру.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

инновация туралы білімі;

инновацияны жан-жақты меңгеру;

инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;

инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Бүгінгі мақсат - әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық білім берудегі дәстүрлер мен инновациялар: теория мен тәжірибе
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық мәселелері мен білім берудегі инновациялар
Педагогикалық инновациялар мен технологиялар: ұғымы, жіктелуі, критерийлері және практикалық енгізу
Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық қызмет: ұғымы және инновациялық технологияларды енгізу әдістемесі
Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар мен интерактивті әдістемелер
Қазақстан жоғары білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне енгізу: заңнамалық негіздер, аймақтандыру және педагогикалық инновациялар
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың жаңа технологияларын енгізу: педагогикалық инновациялар мен бағалау критерийлері
Білім берудегі педагогикалық инновациялардың мазмұны мен басқарылуы
Еуропа елдеріндегі білім берудегі инновациялық қызметтің педагогикалық рөлі
Бастауыш мектептегі білім мазмұнын анықтау принциптері мен педагогикалық инновациялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz