Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер


ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕЛІКТЕУІШ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУІШ СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ, ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
050210 - “Шетел филологиясы” мамандығы
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, прагматикалық ерекшеліктері.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі тараудан, тараушалардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының көлемі : 45 бет.
Зерттеу пәні : Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ерекшеліктері.
Зерттеудің нысаны: Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер.
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, прагматикалық ерекшеліктерін қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына орай төмендегі міндеттер қамтылды:
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің теориялық мәселелерін қарастыру;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктерін анықтау;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің прагматикалық сипатын көрсету;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сипаттау.
Диплом жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны: 54.
Диплом жұмысының мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Еліктеуіш сөз, еліктеу, бейнелеуіш сөз, прагматика, лексико-семантикалық мағына, прагматикалық ерекшелік.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Сипаттау, жинақтау, байқау, салыстыру, талдау.
Диплом жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде көпшілікке белгілі қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер алынды (әр түрлі көркем шығармалар негізінде) .
Материал көздері ретінде еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің теориялық мәселелеріне арналған әр түрлі ғылыми әдебиеттер, монографиялық зерттеулер, интернет желісінен алынған мақалалар алынды.
Диплом жұмысының мазмұны. Жұмыстың мазмұны екі тарауды құрайды. Алғашқы тарауда еліктеуіш және бейнелеуіш cөздерге анықтама беріледі және еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздерге арналған теориялық материалдарға шолу жасалды (қазақ, орыс және ағылшы тілдеріндегі материалар бойынша) . Жұмыстың екінші тарауында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, прагматикалық ерекшеліктері қарастырылып, үш тілдегі еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасалынды.
Диплом жұмысының нәтижелері. Тақырыпқа сай ғылыми-теориялық негіздемелерге сүйене отырып:
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің теориялық мәселелері қарастырылды;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері анықталды;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің прагматикалық сипаты көрсетілді;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері сипатталды.
МАЗМҰНЫ
2. 3
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің прагматикалық сипаты
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
ГЛОССАРИЙ
Тіл - адамзат қоғамының ең негізгі қатынас құралы. Тіл атауы екі түрлі мағынада анатомиялық атау және дыбысты тіл, сөйлеу деген мағынада қолданылады [1] .
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т. б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің қыпшақ тобына жатады, соның ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қарағаш тілдерімен бірге кыпшақ-ноғай топшасын құрады. Тағы да татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарай, қырымлы (қырым-татар) тілдеріне жақын [1] .
Орыс тілі - шығыс славян тілдеріне жататын Еуропаның ең ірі, кең тараған тілдерінің бірі, жағрапиялық та, сөйлеушілерінің саны жағынан да (дегенмен, орыс тілділердің ареалының басымы Азияда жатыр) . Қазақстанда орыс тіліне ресми, ұлт-аралық тіл деген атақ берілген, бірақ іс жүзінде заң шығару, т. б. мемлекеттік мекемелерде орыс тілі басым келеді, сондықтан орыс тілін мәз біреулер "мемлекеттік" болып кеткен деген сөздің жаны бар [1] .
Ағылшын тілі - Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тілі. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норуег, швед, недерланд т. б. тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген. Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Ағылшын тілі - БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады [1] .
Сөз - ағыл. word, фр. mot, нем. Wort - заттың, құбылыстың, олардың өзіндік қасиеттерінің аталуы ретінде қолданылатын тілдің негізгі единицасы; фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілері бар, соңғысының негізінде белгілі бір сөз табына жатқызылады да, синтаксистік қызмет атқарады [1] .
Сөз табы - ағыл. parts of speech, фр. parties du discours, нем. Redeteile (сөздердің лексикалық-грамматикалық топтары, грамматикалық кластары, лексикалық-грамматикалық топтары, грамматикалық кластары, лексикалық-грамматикалық категориялары парадигматикалық кластары, функционалдық-семантикалық кластары) - сөздердің лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктеріне қарай бөлінетін негізгі топтары [1] .
Еліктеуіш сөз - деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз [1] .
Бейнелеуіш сөз - табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді [1] .
Прагматика (грек. pragma - іс, әрекет) - Тілдік таңбалардың қолданылуын (әрекет, ықпал ету) зерттейтін Семиотика мен Тіл білімінің бір саласы. «Прагматика» терминін ХХ-ғ. 30 жж. Ч. У. Моррис енгізген.
Лексика - белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы, сол тілдің сөздік құрамы.
Семантика - (грек. semantikos - таңбалаушы) ағыл. semantics, фр. sйmantique, нем. Semantik, Bedeutungslehre - 1. Тіл арқылы немесе оның басқа бір формалары ( Сөз, Сөз формасы, Сөйлем, Мәтін ) . 2. Осы мазмұнды зерттейтін Тіл білімінің саласы . 3. Семиотиканың бір саласы.
КІРІСПЕ
Туыс емес тілдерді сол тілдің өздеріне тән тілдік заңдылықтарға сүйене отырып, өзара салғастыра зерттеу, әсіресе, қазіргі заманда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өйткені ғаламдану құбылысы барысында алуан түрлі тілдерді сөйлейтін адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, әлем халықтарының бір-бірінің өнері мен мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне, тіл мен салт-дәстүріне деген қызығушылығы өсіп келеді. Ал мұндай мақсаттың тек тіл арқылы ғана жүзеге асатыны мәлім.
Тілдің экспрессивті-эмоциональды лексикасына саналатын еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер - тіл біліміндегі белгілі дәрежеде зерттелген мәселе, алайда олардың сан алуан тілдерде зерттелуі әр қилы. Бұған себеп - еліктеуіш сөздердің өздеріне ғана тән тілдік ерекшеліктері мен олардың алуан түрлі тілдердегі қолданысының әр түрлілігі. Мәселен, көптеген ғалымдар бұл сөздерді жан-жақты зерттеп, бір қатар түркі тілдерінде дербес сөз табы ретінде қарастырса, үндіеуропалық тілдерде бұл сөз негізінен одағайлардың құрамында сипатталады. Көптеген ғалымдар тілдегі атқаратын ролі жоғары, негізгі сөз таптарына жататын сөздермен салыстырғанда одағайлар мен еліктеуіш сөздер аса бір маңызды тілдік феномен болып табылмайды деген пікірді ұсынатын еді. Алайда тілді және оның бірліктерін тілдік таңбалардың қатынасы емес, сөйлеуші мен тыңдаушының қатынасы аясында қарастыратын прагматикалық лингвистикалық дамуымен бірге бұл сөздерге деген жаңа көзқарастар қалыптаса бастады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Тілдің негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын экспрессивтік-эмоционалдықты жүзеге асыруда таптырмас құрал, ал коммуниканттар арасындағы қарым-қатынаста маңызды тілдік бірліктер болып табылатын еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексико-семантикалық және коммуникативті-прагматикалық сипаты қазақ, орыс, ағылшын тілдері негізінде салғастырмалы түрде зерттеліп отыр.
Тақырыптың өзектілігі қазақ, орыс, ағылшын тілдерндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерді салғастыра зерттеумен анықталады, жұмыста қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексико-семантикалық, прагматикалық сипаттары қарастырылады.
Еліктеу сөздер табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бip - бірімен қақтығысу, соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ неше түрлі жан-жануардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, әр түрлі әрекет қимылдарынан туатын, түрлі дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктердің білдіреді.
Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, ic-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты дыбыстық еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып eкіге бөлінеді.
Дыбысқа еліктеу сөздер - жанды-жансыз табиғат дыбыстары мен дыбыстауларын түрлі дәрежеде білдіретін, бірақ түрленбейтін сөздер. Оған адамдар, жануарлар, құстар шығаратын дыбыстар және түрлі заттардан, табиғат құбылыстарынан естілетін дыбыстар жатады.
Зерттеу пәні : Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ерекшеліктері.
Зерттеудің нысаны: Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, прагматикалық ерекшеліктерін қарастыру. Зерттеу жұмысының мақсатына орай төмендегі міндеттер қамтылды:
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің теориялық мәселелерін қарастыру;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктерін анықтау;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің прагматикалық сипатын көрсету;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін сипаттау.
Зерттеуде қолданылған әдістер (тәсілдер) : Зерттеу барысында әр түрлі ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда сипаттау, жинақтау, салғастыру, компоненттік талдау әдістері.
Диплом жұмысының мазмұны. Жұмыстың мазмұны екі тарауды құрайды. Алғашқы тарауда еліктеуіш және бейнелеуіш cөздерге анықтама беріледі және еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздерге арналған теориялық материалдарға шолу жасалды (қазақ, орыс және ағылшы тілдеріндегі материалар бойынша) . Жұмыстың екінші тарауында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, прагматикалық ерекшеліктері қарастырылып, үш тілдегі еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасалынды.
Диплом жұмысының нәтижелері. Тақырыпқа сай ғылыми-теориялық негіздемелерге сүйене отырып, зерттеу барысында төмендегідей нәтижелер алынды:
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің теориялық мәселелері қарастырылды;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық ерекшеліктері анықталды;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің прагматикалық сипаты көрсетілді;
- қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері сипатталды.
1. ЕЛІКТЕУІШ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУІШ СӨЗДЕР
1. 1 Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер
Тілдің бүкіл даму тарихындағы морфологияның негізгі мәселелерінің бірі - сөздерді сөз таптарына бөлу дәстүрі өте ерте, б. э. б. VI-V ғ. басталғаны мәлім. Ертедегі гректің ұлы ойшылдары Аристотель мен Платон барлық сөздерді есімдер мен етістіктер деп екі топқа бөлді. Ал грек грамматисі Дионис Фракийскийден (б. э. б. I ғ. ) бастау алған 8 сөз табынан тұратын сөз таптарының ең алғашқы грамматикалық үлгісін алдымен еуропалықтар, одан кейінірек басқа елдер алып қолданды және сөз таптарының осы 8 саны Еуропада орта ғасыра дейін ұзақ уақыт бойы сақталды. Бірақ одан бері қаншама уақыт өтсе де, сөз таптары мәселесі қазірге дейін әлі толық шешімін таппаған мәселе болып саналады.
Адам тіліндегі сөздердің дыбыстық тұлғасы мен олардың мағынасы арасындағы байланыс мәселесі лингвистерді өте ерте заманнан бері қызықтырып келе жатқаны белгілі. Көне грек философы Гераклит пен Демокрит дыбысталған сөз бен оның мағынасы арасындағы байланысы жөнінде пікірталас жүргізген. Платон жекелеген дыбыстар мен аталған заттардың сипаттары арасында ассоциация, яғни байланыс бар деп есептеген.
Осы сөз таптары категориясына жататын, тілдік емес акустикалық түйсікті адамға тән артикуляциялық органдардың көмегі арқылы тілдік дыбыстармен беруге тырысу - қазақ тілінде еліктеуіш сөздер терминімен мәлім категория.
Еліктеуіш сөздер - лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тұрғыдан алып қарағанда, тілдің басқа сөздерінен бөлек ерекше сөздер. Олар табиғат пен күнделікті тіршілікте кездесетін сан алуан дыбыстарды тілде соларға еліктеп, алуан түрлі күй-сипатты, қимыл-қозғалыстарды тілде бейнелеп көрсетеді. Бұл сөздер 1980 жылдары С. В. Воронин негізін қалаған фоносемантика ілімінің нысаны болып табылады. Еліктеуіш сөздер тілдердің фонетикалық және морфологиялық құрылыстарының әр қилылығына қарамастан қандай да бір белгілі дыбысқа немесе қозғалысқа негізделетіндіктен олардың әр түрлі тілдердегі фонетикалық құрылымы өзара ұқсас, универсалды болып келеді. Сондықтан да бұл тілдік категория Фердинанд де Соссюрдің тілдік таңбаның екі жағы, олардың арасындағы байланыстың еркін екендігі жөніндегі белгілі іліміне қайшы келетін құбылыс.
Еліктеуіш сөздер бүгінгі таңға дейін әр түрлі тілдерде белгілі дәрежеде зерттелсе де, тіл білімінің әлі күнге дейін толық шешімін таппаған көптеген даулы, демек, әлі де жан-жақты зерттеуді талап ететін мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл сөздер лингвистикада ономатопея (грек. onomatopoica - сөз жасау, мұндағы onoma - атау, есім, poesis - жасау) терминімен белгілі.
XVIII ғ. ғылым адамзат тілінің ең алғаш осы еліктеуіш сөздерден шығып, одан ары дамығанын айтып, олардың тілдің тууы туралы теориядағы теңдесі жоқ маңызын атап көрсеткен болса, қазіргі таңда батыс лингвистері оларды тілдің басқа сөздерімен салыстырғанда одағайлар тәрізді анық, нақты лексикалық мағынасы жоқ деп тауып, оларды тілдегі сөз жүйесінен тыс қалдырғылары келеді. Алайда еліктеуіш сөздерде лексикалық мағына жоқ деп кесіп айтуға келмейді. Олардың лексикалық тұрғыдан алып қарағанда басқа сөздерден ерекшеліктері, атауының айтып тұрғанындай, қандай да бір дыбысқа еліктеуіштік қасиетінде және қандай да бір қозғалысты, қимыл-әрекетті тілде мәнерлі түрде дәлме-дәл бейнелеп беретіндігінде.
А. М. Щербак еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің нақты лексикалық мағынасының жоқтығы оларды „тілге, яғни сөз жүйесіне жатқызуға болмайды” деген тезистің дұрыстығы үшін жеткілікті дәлел бола алмайтындығын алға тарта отырып, «У изобразительных слов - совершенно особый тип значения, подражательный, образный. Следовательно, и изобразительные слова наряду с самостоятельными и служебными входят в систему средств языкового общения» деп көрсетеді [2, 123 б. ] .
Еліктеуіш сөздердің тіл біліміндегі жалпы зерттелу дәрежесі жөнінде К. Құсайынов былай деп тұжырымдайды: «В целом же, исходя из исследований ранних и позднейших исследований , можно заключить, что к настоящему времени собран значительный фактический материал, разработана классификация подражательных слов, различными методами исследования доказано существование звукосимволизма в ряде языков мира, определены закономерности в характере соотношения между звукоизобразительным словом и его денотатом, доказана системность подражательных слов, начато изучение типологии звукоизобразительных систем и фоносемантических универсалий» [3, 37-38 б. ] .
Еліктеуіш сөздер ХХ ғ. 50-60 жылдарынан бастап қазақ, қырғыз, түркімен, шуаш, ұйғыр т. б. түркі тілдерінде дербес сөз табы ретінде қарастырылып келеді және ауызекі тілде де, көркем әдебиетте де кеңінен қолданылады. Ал неміс тілінде басқа да үндіеуропалық тілдердегідей одағайлардың құрамында қарастырылады. Бұған себеп - үндіеуропалық тілдерде еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі орны мен қолданылуы жағынан одағайларға ұқсас келетіндігі. Мәселен, еліктеуіш сөздер негізінен одағайлар сияқты голофрастикалық сипатта болады, яғни өзі ғана тұрып, бүтін бір сөйлемнің қызметін атқара алады. Бұл сөздер неміс тілінде саны жағынан аз, әрі көркем әдебиетте те қазақ тіліндегідей кеңінен қолданылмайды. Еліктеуіш сөздердің тілдің басқа бірліктеріне қарағанда ғылыми тұрғыдан жеткілікті назар аударылмайтын одағайлардың бір тобы ретінде саралануы олардың өзара ұқсас жақтарының азды-көпті атап көрсетілгенімен, өзіндік ерекшеліктерінің көлеңкеде қалып қоюына әкеліп соғады.
Айналамызға мұқият қарап зер салар болсақ, табиғаттағы барлық жанды-жансыз заттар мен құбылыстардың сан алуан дыбысын естіп, әр қилы бейнесін тамашалаған болар едік. Болмыстағы әрекеттер - сан түрлі. Осы табиғи дыбыстар әлемі адам тілінде бейнеленіп, еліктеуіш сөздер жиынтығын құрайды.
Дыбыстық символика құбылысы әлемнің барлық тілдерінде кездеседі және лингвистикалық әмбебап қатарына жатады. Сондықтан да болуы керек осы мәселе көрнекті лингвистер назарында болып келді.
Дыбыс бейнелеуіш сөздер құбылысы Э. Сепир, Н. И. Ашмарин, И. М. Коржинек, В. Скуличка, Х. Марчанд, Р. Якобсон, А. А. Леонтьев, В. В. Левицкий, А. М. Газов-Гинзберг, А. П. Журавлев, И. Н. Горелов, Ж. М. Петерфальви, С. В. Воронин, А. М. Шахнарович, Б. М. Журковский, А. Н. Журинский, Е. А. Гурджиева, Г. Е. Корнилов т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылды.
Дыбыс бейнелеуіш сөздер біршама түркі, тұңғыс - манжұр, палеоазит, финно-угор, кушит, чад, корей, хинди, жапон, эстон, славян т. б. тілдер материалдары негізінде М. Ф. Фазылжановтың, Г. А. Пактың, А. Ц. Германовичтың, М. Худайкулиевтың, К. Е. Черевко, В. А. Горцевскаяның, А. Йоханессонның, А. М. Газов - Гизбергтың, З. К. Иилмухаметовтың, Э. А. Вельдидың, В. А. Чернышевтың, Н. И. Ашмаринның, Л. В. Шагдаровтың, В. В. Левицкийдың, В. И. Гореловтың, А. П. Журавлевтың, Г. Е. Корниловтың т. б. ғылыми еңбектерінде зерттелді.
Тіл білімінде ХХ - ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап пайда болған фоносемантика бағыты С. В. Ворониннің есімімен байланысты. С. В. Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау (сараптау) әдісі түрлі тілдер негізінде И. В. Братусьтың, О. А. Казакевичтың, Т. Х. Койбаеваның, А. Ю. Афанасьевтың, Е. И. Кузнецованың, Э. А. Вельдидің, И. А. Мазанаевтың, Л. Ф. Лихоманованың, К. Ш. Хусаиновтың және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қолданылды.
Қазақ тіл білімінде дыбыс еліктеуіш сөздер А. И. Ысқақов, Ш. Ш. Сарыбаев, А. Т. Қайдар, Б. Ш. Қатембаева, С. Р. Ибраев еңбектерінде зерттелді. Осы ғалымдардың зерттеулерінде дыбыс еліктеуіш сөздер лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғысынан, яғни сөз тобы ретінде қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz