Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Картография және геоинформатика
Мамандығы: Геодезия және картография

СӨЖ
Тақырыбы:Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы

Орындаған: Балтабай Д.
Тексерген: Тумажанова С.О.

Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
I. Топонимика және тарих
II. Тарихи атаулар - ұлт болмысы
III. Тарихи атаулар қайтарылуы тиіс
IV. Тарихи атаулар -- ұлт айнасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінгі таңда өзекті болып отырған мәселелердің бірі - ұмытыла бастаған географиялық тарихи көне атаулар. Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Бағдарлама аясында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру көзделген. Олай болса, ұлтымыздың өткенінен сыр шертетін жер-су атаулары да тарихи ескерткіш ретінде ғасырлық мұра екенін ескеруіміз керек.
Географиялық атаулар та - рихи ескерткіш болып табылатындықтан, топо - ним - дерді зерттеу этни - калық, саяси, патриот - тық сипаттағы мәселелерді шешуде, халықтың ұлттық сана-сезімін нығайтуда маңызды рөл атқармақ. Осы орайда жер-су атауларының табиғатын қазақтың тарихымен, ұлттық санасымен, дүниетанымымен, өмір сүрген табиғи ортасымен, ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылығымен байланыстыра қарастыруға үлкен мүмкіндік туып отыр. Қазақ жерінің әрбір тау-тасы мен өзен-көлі халқымыздың көші-қонынан, салт-дәстүрі мен тілі-дінінен хабар беріп қана қоймай, оларда әртүрлі дәуірдің тарихи оқиғалары, көрнекті тұлғалардың, батырлардың есімдері, ха - лық - тың мәдени және рухани құндылықтары бейнеленген.
Қазақ топонимиясы ға - сырлар бойы басынан түр - лі тарих талқысын өт - кер - ді. Қазіргі таңда елді мекендерімізде кездесетін славян текті атаулар патшалы Ресей мен кеңестік дәуірдің тарихымызға салған таңбасы іспетті. Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов Ресей патшалығы отарлау саясатының қа - зақ топонимдеріндегі кө - рінісін үш топқа бөледі. Біріншісі - 1731-1822 жылдар аралығында патша өкіметі қазақ хандықтарын сырттан билеп, протекторат есебінде ұстанған кезінде жер атауларын өзгертуді өте сақтықпен, қазақ даласының қас-қабағына қарай жүргізді. Екіншісі - 1822-1867 жылдар аралығында хандық билік жойылып, аға сұлтандық ел билеу жүйесі енген соң, қазақ жерін бөлшекте де, билей бер дейтін отаршылдық принцип негізінде көптеген әкімшілік территорияларға жіктеді. Бұл тұста да рубасыларын бір-біріне қарсы қойып, отаршылдық саясатын оңай жолмен жүзеге асыру кезеңінде жер атауларын өзгерту әрекеті жиілей түсті. Үшіншісі - 1868 жылғы Жаңа низам ережесі мен 1917 жыл аралығында отар - ланған қазақ жері мемлекет меншігі ретінде ресми түрде жарияланған соң, отар - шылдық мазмұндағы географиялық жер атаулары мүлде көбейе түсті. Қазақтардың ұлан-ғайыр өлкесіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи атауларын отаршыл өкімет саналы түрде өзгертуді шындап қолға алды.
Ғалымның бұл пікірінен еліміздегі орыстанған гео - гра - фиялық атаулардың қалып - тасу кезеңдері мен себептерін айқын аңғаруға болады.
Қазақ жерінде орыс тіліндегі топонимдердің пайда бола бас - тауы XVIII ғ. I жартысынан басталып, XIX ғ. аяғына дейін орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуымен тікелей байланысты болды. Э.М.Мурзаев славян (орыс және украин) географиялық атау - ларының Орта Азия және Қазақстан топонимиясының құ - рамына ену жолдарын былайша көрсетеді: 1) отар - шылдық саясаттың ықпа - лымен әкімшілік түрде қойыл - ған атаулар, ондай атаулар теміржол стансаларына, қа - лаларға берілген; 2) Ресей және Украина жерлерінен шаруалардың көшіп келуіне байланысты қойылған атау - лар; 3) табиғат пен гео - гра - фиялық объектілерді зерттеу кезінде қойылған атаулар.
Қазақ жеріне орыс келім - сектерінің ағыла келуі салдарынан жүздеген, мыңдаған тарихи ұлттық атаулар жо - йылып, олардың орындарын орысша атаулар басып алды. Әрісі патшалық Ресей тарапынан, берісі кеңестік дәуірде кеңінен етек алған бұл үрдіс 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру саясатына ұласты. Бұл кезеңдерде Ресей жерінен көшіп келген миллиондаған өзге ұлт өкілдері өздері қоныс - танып, мекендеген жерлерге жаңадан ат беріп, оларды өздері көшіп келген елді мекендер мен қалалардың аттарымен немесе осы өңірге алғаш қоныстанушылар есім - дерімен, фамилиясымен атай бастады. Алысқа бармай-ақ Ақмола облысының картасына қарайтын болсақ, Донецкое, Астраханка, Самарка немесе Павловка, Волгодоновка, Алексеевка, Николаевка аталатын елді мекендердің кездесуі - осының айғағы. Сондай-ақ, бұрын өздері көшіп кеткен қоныс атауы алдына ново сөзін қосу арқылы Новокиевка, Новодонецк, Новочеркасское аталса, жер бедеріне қарай Приречное, Приозерное, Степное деп аталды. Келесі бір топтағы атаулар селениелер орналасқан өңірдің белгілі бір ерекшелігін бейнелейтін Камышенка, Сосновка, Журавлевка, Щучье сияқты атау - лар тобын құрайды. Отарлау сая - сатына сәйкес кейбір жер-су атауларының калькалау тәсілі арқылы қойыла бастауы да осы кезеңнен байқалады: Шөптікөл - Сенакосное, Ақжар - Белый яр, Қызылжар - Красный яр, т.б.
Славян текті атаулар келіп қана қоймай, тарихи атауларымызды ығыстырып, ресми түрде атала бастады. Ал өзінің ресми мәртебесінен айырылған топонимдеріміз, негізінен, халықтың аузында ғана сақталды. Ол туралы білетін бірен-саран көнекөз қариялар күн санап арамыздан азаюда. Атауларды жинау ісі арнайы қолға алынып, кешенді түрде жүргізілмесе, жоғалтатынымыз мұнан да көбейе түсері анық. Сон - дықтан кеше мен бүгініміздің арасын жалғастырып тұрған ұлттық құндылықтарымызды ұрпағымызға үлгі етеміз десек, еліміздегі өзгертілген немесе отаршылық-тота - литарлық сипаттағы жер-су аттарын байырғы тарихи атауларымен алмас - тыру, транскрип - циясы бұр - маланған немесе қате жа - зылған географиялық атауларды қайта қалпына келтіру жұмыстарын қазірден қолға алуымыз керек.
Қазақстанда шамамен 3 миллионға жуық географиялық атау бар. Олардың түп тамырына көңіл бөлу, шықан тегін зерттеп, бір жүйеге келтіру - маңызды мәселелердің бірі. Сол атаулардың қатарында ұлттық болмысымызға қайшы келетін, өзгертуді талап ететіндері де баршылық. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбай ономастика мәселесін зерттеп жүрген санаулы ғалымдардың бірі. М. Қозыбаев Солтүстік Қазақстан университеті журналистика кафедрасының профессорымен Azattyq Rýhy тілшісі сұхбаттасқан еді.
Ғалымның айтуынша, қазақ жерлерін басып алған орыс өкіметі қазақ даласын толық игеру үшін жерді пайдалаудың жағдайын тексеру деген желеумен әр жылдары мал санағын, жер санағын, адам санағын жүргізіп, қаттап отырған. Және ешкімнен сұрамай, бұл аумақтарды мемлекет есебіне алып отырған. Бұл деректерде қай өлкенің, қай суаттың, қай тоғайдың қай руға, оның қай атасына, тіпті, жеке қазаққа тиесілі болғандығы тіркелген. Зертеуші архивтерде сақталған материалдарды негізге алады. Осыдан 2-2,5 ғасыр бұрын солтүстіктегі көршіміз де баса-көктеп келіп, жертөле қазып алып, менің жеріме өз атасының, бұрынғы өздері туып-өскен мекендердің, өздері табынған әулие-әнбиелердің атын қойған. Өз тілінде қойған. Кейін дауласа қалса, сөзге бай болуы үшін. Сөз жүзінде кеңес өкіметі, іс жүзінде орыс өкіметі отарлау саясатын заңдастырып, сорлы қазақтың жерін тілі келмесе де, атауға тиіс етіп берді. Қазақтың жері күн сайын, ай сайын, жыл сайын жаттың қолында кетіп жатты. Өзімдікі дей алмай, өз малыңды... деп Абай айтқан күнге жеттік. Сол кезде қазақтың атқамінер шолақтары жер-су атауларымен бірге жердің де кетіп жатқанын түсінбеді. Бүгінгі күні тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл толса да, Қазақстан топонимикалық кеңістігінің әлі шешімін таппаған мәселе көп екінін жақсы білемін. Облыстық ономастикалық комиссияның құрамындағы 20 жыл қызметімде бұл саладағы жетістіктерге де кемшіліктерге де ортақпын. Республика үкіметі тарапынан жер-су атауларын жинақтау, реттеу, дұрыс таңбалау, тарихи атауларды қалпына келтіру, аймақтық сөздіктер шығару сияқты топонимиялық, теориялық және қолданбалы мәселелерге мән беріп, тиісті заңнамалық актілер қабылдануы құптарлық. Бірақ, әлі де баяумыз, - дейді академик Зарқын Тайшыбай.
Ономастика мәселесіне келгенде шенеуніктер енжар.Ғалым әсіресе аудандық, ауылдық әкімдердің енжарлығын сынға алады. Зарқын Сыздықұлы олардың көпшілігі тарихи және ұлттық атауларды қайтаруға келгенде құлықсыздық екенін сынға алды.Тарихи топонимикалық атауларды қалпына келтіруде төменгі буындағы әкімдер өз ұсыныстарын қарауындағы халқына өткізе алмайды, дәрменсіз. Сондықтан да өз ауылы мен ауданындағы неше түрлі орынсыз, ескірген, тіпті, мемлекеттің атын алып отырған қазақтың тұрмысы мен салтына жат атауларды өзгертуге шамасы жетпейді. Әрине, бұл жұмыстар оңай атқарылып келе жатқан жоқ. Жалпы республиканы тұтас алып қарағанның өзінде ономастикалық жағдайлардағы баяулық пен енжарлық барлық аймақтарда біріне-бірі өте ұқсас. Әлі де жалтақпыз, тәжірибеміз аз, халықпен тіл табыса алмаймыз, аудандық, ауылдық деңгейдегі кейбір басшылар осы мәселелерге қатысты өздерінің жеке жауапкершіліктерін әлі терең сезінбей жүргенін де білеміз, - дейді академик.
Жер-су атаулары терең зерттеуді қажет етеді.
Зарқын Тайшыбай он жыл ішінде бұрынғы Петропавл уезі мен шекаралас Көкшетау аумағына қарайтын елдімекендерінің ХІХ ғасырдағы 2 мыңнан аса қазақша атауын тауып, қағазға түсіріп, жүйеге келтірген. Оның ішінде антротопоника санатында қазіргі Қызылжар өңірі тұрғындардың екінші және төртінші аталарының есімдері мен сол кездегі меншігіндегі мекендері, жері-суы, тоғайлары, қамыстары, томарлары мен шоқылары толыққа жуық анықтаған. Бұл тізбеге шартты түрде Аумақтың тарихи топонимикасы деп атау берген. Ғалым мұндай жұмыс Қазақстанның барлық облыстарында жүргізілуі тиіс екенін айтады.
Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Қазақстан. Жер шарының басқа бөліктерінде қазақтың жері жоқ. Бұл жеріміздің әрбір сүйемі - менікі, сенікі, қазақтікі. Оған талас жоқ. Талас жоқ болса, әркім өзінше атап, айдар тағып, таңба салып, ата-бабаңның әруағын сыйламай, тіпті менікі деуге баратын болса ше?! Оған жол бермейміз. Адам баласы жаратылғаннан бері жерден қымбат байлық болған емес. Неше қилы дау-жанжал тек жер үшін ғана болған. Күні бүгін ғасырлар бойы көрші келе жатқан әзербайжан мен армяндар жер үшін түс шайысып, біріне-бірі қару жұмсауда. Адам шығыны бар. Санасыз жаратылған аң да өз мекенін таңбалайды, белгі тағады, сол белгіні қорғайды. Әйтпесе, жерсіз қалып, қаңғып кетеді. Қазақта ұлан-байтақ жерінің әр тұсын таңбалап, ат қойған. Және, даусыз болу үшін қазақша атаған, - дейді Тайшыбай.
Негізгі бөлім
1.Топонимика және тарих
Топонимдерді зерттеудің ғылыми маңызы жоғары. Топонимиканың тарих ғылымдарындағы маңызы географиялық атаулардың кейбір халықтардың таралу ареалын анықтаудағы, тарихи оқиғаларды қалпына келтірудегі рөлімен түсіндіріледі. Топонимдердің, әсіресе, эндонимдердің ең негізгі касиеті-олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне ғылым мәліметтер береді.Жер, су, теңіз, өзен, көл, таулардың жалқы атаулары сол жерден ертеде өмір сүрген халықтың тілінен алынған. Бұл атаулар әлгі халықтар сол жерден басқа жаққа кетіп, орнына басқа халық келсе де, алғашқы қалпында сақталып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Мысалы, география атаулардың құрамын зерттеу сол аймақты ежелгі заманда қандай тайпалар, халықтар мекендегенін анықтауға, олардың өткен тарихының ерекшелігін қалпына келтіруге, тараған жерінің шекарасын белгілеуге, орын ауыстыру бағытын шамалауға, сауда жолдарын т.б. білуге болады.Осы мағынада топонимдер (жер-су, елді мекен, халықтар аттары) тарих, этнология, археология және тіл біліміне нақтылы мағлұмат береді. Топоним тіл тарихын (тарихи лексико-семантик., лексико-грамматик., диалектол., этим.) зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Тіпті бір құбылысқа байланысты қойылған атаулар, сол құбылыс жоғалған уақытта да сақталатын жағдайлар көп. Мысалы, орман жоқ жерде Залесье деген атау, жол қиылыстары жоқ жерде Перекрестье деген атаулар кеңінен кездеседі. Географиялық атаулар тұрақтылығының басты себебі - бұл топоним болған сөз өзінің топоним болмағандағы мағынасымен ассоциативті байланыстарын біртіндеп жоғалуы. Енді топоним белгілі нысанды сипаттау үшін емес, белгілеп атау үшін қолднылады. Болашақта топоним оның негізгі белгілері өзгерген кезде де географиялық нысан бар болғанша сақталады.[1]
2. Тарихи атаулар - ұлт болмысы
Тарихи топонимикалық жүйе қалыптасу барысында жүздеген жылдарды артта қалдырды. Қолда бар дерек Орталық Қазақстандағы жер-су атауының қалыптасу ерекшеліктерін тарихи кезеңдермен байланыстыра зерттеуге мүмкіндік береді. Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармамен бірлесе отырып он жылдан астам осы аумақта тарихи топонимикалық зерттеулер жүргізудеміз. Негізгі мақсаты тарихи топонимдерді: жер-су, елдімекен атауын тарихи кезеңдер бойынша анықтау болып табылады. Топонимика саласындағы атаулардың ішінде саяси тарихтың ықпалына көбірек түсіп, өзгеріске жиі ұшырап жататын түрі - елдімекендер атауы. Жалпы, тарихи топонимика саласында елдімекен атаулары отаршылдық немесе халықтық топонимдер болып екіге бөлінеді. Отаршылдық атау деп сырттан келген идеологияға тікелей қатысты топонимдер жүйесі айтылады. Әдетте, тарихқа тамыры терең бойламаған, зорлық пен әділетсіздікпен орын алған бұл атаулар сол тәртіптердің жойылуымен бірге құрдымға кетеді. Мұндай құбылыстың тарихи шындық екенін кешегі большевиктердің идеологиясына байланысты қойылған атаулардың уақыт сынын көтере алмағанынан көруге болады. Тіптен қазақ еліне ешбір қатысы жоқ қаншама атау бір мезгілде қалыптасып, халықтың санасында бекіп қалды. Келімсектер аз қоныстанған Орталық Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде халықтық топонимдер жүйесі байырғы атауларын сақтап қалды. Бірақ, кеңестік идеология бұғауына түскен елдімекен де аз болған жоқ.
Ал, орта ғасырда, ХІІІ ғасырдағы Орталық Қазақстанның кейбір топонимдері Шыңғыс хан жорығына қатысты болып келеді. Ол жаулап алған өңірлерін үш ұлына үлес етіп бөлгенде, қазіргі Орталық Қазақстан өңірі (Дешті Қыпшақ) үлкен ұлы Жошы ханға тиеді. Оның Дешті Қыпшақ жерін аралау барысында Ұлытауға келгендігі Шыңғыснамада айтылады. Жалпы, Орталық Қазақстанда Шыңғыс әулетінен басқа Едіге мен Барақ хандардың есімдеріне байланысты топонимдер де көп ұшырасады. Едіге діңі қазіргі Ұлытау тауының үстінде, әрі Ұлытаудың бір саласы Едіге тауы деп аталады, ал Барақ атты көл Жезқазған қаласының солтүстігінде 210 шақырым жерде.
Алтын Орда дәуіріндегі Ұлытау өңірін қарастырғанда араб-парсы деректерінің құндылығы ерекше. Джузджанидің Табакат-и-насири еңбегінде Жошы хан туралы қызықты мәліметтер келтірілген, мұнда Қыпшақ даласына көңілі ауып, қоныстануы сипатталады. Атақты парсы тарихшысы Фазлаллах Рашид-ад-диннің Жами ат-тауарих еңбегі де қазақ тарихы үшін таптырмас дерек көзі болып табылады. Онда моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы, Ұлытауда жерленген Жошы хан мен оның балалары туралы мәліметтер келтірілген. Низам-ад-дин Шамидің Зафар-наме еңбегінде келтірілген Мәуренахр әміршісі Темірдің ДештіҚыпшаққа жорығы туралы мәліметтер Ұлытау өңірінің ортағасырлық тарихына тікелей қатысты. Онда Әмір Темір әскерлерінің Сарысу өзенінен (Сары узен) өтіп, Ұлытауға келгендігі туралы және ол жерде өзінің атын тасқа қашатып жаздырғаны туралы айтылады. Орталық Қазақстанның орта ғасырлық жазба деректерінен бірнеше тарихи атауды кездестіреміз. Әрине, бұл тарихи топонимдердің қысқаша көрінісі ғана. Шындығында әр тарихи жазба деректерде қаншама жер-су атаулары өзінің тарихи маңызын жоймай бүгінгі күнге дейін жетті. Тарихи атау, бұл - ұлттық болмысымыздың бір көрінісі болып табылады. [2]
3.Тарихи атаулар қайтарылуы тиіс
Қыздархан Рысберген, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Осы жылдың 24-қаңтарында Елбасы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңына қол қойғаны көпшілікке мәлім. Республикада күні бүгін арнайы оно - мас - тикалық немесе топонимиялық заң әзірленген жоқ, сонда бұл қандай заң - на - малар дегенге келсек, Қазақстан Рес - пуб - ли - касының әкімшілік-аумақ - - тық құрылысы туралы 1993 жылғы 8-желтоқсандағы Қазақстан Республи - ка - сының Заңына, Қазақстан Республика - сын - дағы Тіл туралы 1997 жылғы 11-шілдедегі Қазақстан Рес - публикасының Заңына, Қазақстан Рес - публикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Респуб - ли - касының Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойын - ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 26-қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының жеке тармақтары мен баптарына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Барша қауымға белгілі, тәуелсіздік алғаннан кейін ұмыт болған ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, тарихи атауларды қайтару ісі қызу қолға алынып, еліміздің барлық аймақтарындағы жергілікті атқарушы орындар мен ономас - ти - калық комиссиялар бұл жұмысқа аса бір ыждаһаттылықпен кірісіп кеткен бо - латын. Сөйтіп, тәуелсіздік жылдары мың - даған отаршылдық пен тоталитарлық мазмұндағы елді мекен атауларына тарихи атаулары қайтарылып, еліміздің картасынан егемендігімізді паш ететін жаңа мазмұндағы топонимдер пайда болды. Өзгертулердің сипатына келетін болсақ, Кеңес кезеңінде қаптап кеткен большевиктік идеологиядағы атаулар орнына тарихи тұлға, ұлт қайраткерлері, батырлар, ақын-жазушы есімдері жер-жерлерде көптеп беріле бас - тады. Әрине, алғашында бұған қуанбаған қазақ болмаған шығар. Алайда кеңестік үрдіспен енді ұлттық тұлға атауларының елді мекен атауларымызда көбейу қаупі туды. Бірінші кезекте бұл атаудың мекенжайлық, бағдарлық, яғни адрестік қызметіне зиянын тигізетінін ескерсек, қолданысқа енген жаңа заңнама осы үдеріске тосқауыл болып, реттестіретіндігіне сенімдіміз. Сонымен атау өзгертуге жарияланған мораторий аяқталды, ендігі жерде бес жылда өзгеруге тиіс атаулар саны қордаланып қалғандығы да белгілі. Бұл, ең алдымен, жергілікті атқарушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Қысқартулардың қазіргі қазақ баспасөзінде қолданылуы
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Сөйлеу кемістігі бар адамдарға арнайы білім беру тәжірибесін және логопедтердың жетістіктерін зерттеу және жалпылау әдістері
Терминология және ақпараттық қызметы
Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері
Пәндер