Прагматизм туралы түсінік


РЕФЕРАТ
Тақырып: Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм фолософиясы
Орындаған: Асабаева. Назерке
Тексерген: Киекенова. Б
Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы
Жоспары:
1. Прагматизм туралы түсінік
2. Прагматизм-рухани жанғыруды асырар жол
3. Қазіргі Қазақстан дамуындағы прагматизм рөлі
Прагматизм (pragma - грек тілінен алынған сөз. Рragmatos - іс, қызмет, әрекет деген мағыналарды береді) - адамның мәдени-әлеуметтік өмірдегі қызметі, практикалық іс-әрекеті тұрғысынан талданған, ХХ ғасырдың соңында АҚШ-та өріс алған философиялық бағыттың бірі. Бұл бағыт адамның өмірмәнділік қасиеттерін айқындайтын, оның орталық негізі болып табылатын әрекетті, мақсат қойылған қызметті қарастырып, оларды басымдылыққа шығаруды көздейді. Негізгі өкілдері - «прагматизм» терминін жандандырушы: Ч. Пирс, У. Джемс, Дж. Дьюи т. б.
Джемс Уильям прагматизмді тәжірибеге сүйенудің ең радикалды формасы, өткенге қатынасы тұрғысынан идеяларды, қоғамдық өмір белестерін барынша аз сынаушы ілім, прагматистер тым жалпылықтан, абстракциядан, тек сөз жүзіндегі, тәжірибеде тексерілмейтін негіздемелерден, алдамшы қағидалардан, тұйық жүйелерден, жалған абсолюттерден қашатын нақтылық деп түсіндіріп өтеді.
Бұл бағыт айғақтардың, әрекеттердің, өмірлік қуаттардың нақтылығы мен сәйкестігіне қарай бет бұрады. Прагматизм қандай да бір ерекше нәтижені күтпейді, бұл тек қана тәсіл деген пікірін тиянақтаған Дж. Уильям, тәжірибе мен шындықтың бір нәрсе екендігін ұсынып, ақиқат - қоғамға шынайы әсер ету күші аясында алынған білімнің тексерілуі деген қорытындыға келеді. Оның пікірінше, ойлау мидың жай ғана қызметі немесе ғылым үшін қажетті құбылыс емес, оның құндылығы - өмірлік сауалдарды шешу үшін, жетістікке жету үшін қажетті құрал болуында және ол - сәттілікке жету үшін организмнің қоршаған ортаға, қоғамдық өмірге бейімделуінің құралы. Білімнің мазмұны практикалық салдар арқылы анықталады. Демек, білім беруді түрлендіру белгілі бір деңгейде нақты және нәтижелі болуы тиіс.
Адамдар практикада ешқандай теориялық негіздемесі болмайтын, яғни, қоғамдық өмірде еш пайдасы жоқ шешімдер қабылдауға жиі мәжбүр болады. Егер таңдау болмаса, әрекет ету керек, бұл да шешім. Яғни, дағдарыстарда ештеңе істемеу емес, бір нәрселер жасау қажеттігі, бұл да нақты шешім. Ал ақиқат дегеніміз, өзімізге тиімді, әмбебап үйлесімді болып келетін, өмірлік тәжірибе қорымызға қосуға болатын нәрсе. Мұндағы практика объективті ақиқаттың тәжірибеде тексеріліп қаралуында емес, адамдардың жеке мүдделерінің қанағаттандырылуы, ол - бізді ең жақсы жолмен жетелейтін, өмірдің кез келген сәтіне ең жақсы бейімделген т. б. сапаларды иеленуі тиіс.
Джон Дьюй де таза өмірмәнділік мәселелерді шешуге ұмтылған еді. Оның ойлары былайша өрбиді. Кез келген нәрсені зерттеу, ұмтылыс, мақсат бес сатыны қамтиды: қиналыс сезімі; оны анықтау мен шекарасын түсіндіру; мүмкін болатын шешімді ұсыну; бұл ұсынысты пайымдау арқылы ашып беру; әрі қарай тәжірибеде тексеру және байқау. Адам бұл өмірде оған мағына беру арқылы және өмірді өзгерту арқылы ғана өмір сүруге қабілетті.
Ақиқат - тапқырлықты, қолдаушылықты және негізгі идеяның сенімділігін қамтамасыз етуге бейім болуы тиісті құбылыс. «Интеллектінің қызметі» демек, біздің ойымыздың қуаты «қоршаған әлем объектілерін көшірмелеу емес», «осы объектілерге неғұрлым әсерлі және пайдалы қатынастардың» жолын орнықтыру болып табылады.
Адам тек қана материалдық өмірдегі қиындықтарды жеңу қажеттілігінің шеңберінде ғана ойлайды. Идеяның құндылығы практикалық пайдалы болу дәрежесіне қарай анықталады деген ойлар айтты. Прагматизмнің кейінірек туындаған бір саласы инструментализмде: ақыл мен интеллект (логикалық, этикалық ж. т. б формалар) өзгеріп тұратын жағдайға бейімделудің құралы деп түсініледі. Идея, пікір, ой - шындықты анықтаудың, қайшылықтарды шешудің де құралы болуы тиіс. Мұнда нақтылық, тиімділік, пайдалылық, өнімділік және т. б. басты құндылықтарға айнала отырып, ол - білім беру мен мәдениетке кең таралуы қажет екендігі ұсынылады. Мәселен, мектеп адамның өмірге дайындығы емес, білім алушы жасөспірімді сол өмірге енгізудің және практикалық пайдалы нәтижелерді бастан өткізу баспалдағы болып табылатын нақ сол өмірдің өзі.
Демек, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың прагматистік ұстанымы: нақтылық, дәлдік, тиімділік, пайдалылық, нәтиже, кез келген күрделі ахуалдан тез шығудың жолы, сөзден іске көшу т. б. қағидаларды басшылыққа алады. Мәселен, Сіздің ағылшын тілі курсына неше жыл қатынасқандығыңыз ол тілді қаншалықты меңгергендігіңіздің өлшемі емес, ең бастысы - нәтиже. Біреулер 5 жыл үздіксіз қатынасады, ал біреулер тек бес ай ғана оқып, бес жылдық білімнен артық білім алып шығады. Міне - нәтиже. Ең - маңыздысы осы.
Елбасының осы мақаласындағы айтылған прагматистік ұстаным хақындағы идеяларын жүзеге асырудың прагматистік тәсілдерін басшылыққа алған философия қауымы 2005 жылы ЮНЕСКО бекіткен философтар күніне орай, игілікті іс-шара өткізіп келеді. Онда прагматизмді Қазақстанда қолданудың жаңа үлгісін көпшілікке ұсынды. ҚазҰУ философтары «Сөзден іске көшудің» қажеттілігін парасатты түрде түсіне отырып, «прагматизмді ұстанудың тұжырымдамасын» жасау қажеттігі туралы шешімге келді.
Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында XXI ғасырдағы ұлттық сананыңөзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасыноқырман назарына ұсынған. Елбасы бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады.
Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяуон жылдықтың ұраны болуға жарайды деген ойды алға
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz