Жер қатынастары қоғамдық қатынастардың маңызды бөлігі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Реферат
Тақырыбы: « Жер қатынастары қоғамдық қатынастардың маңызды бөлігі»
Орындаған: Алымбекова Г.
Тобы: АП-21-6к5
Қабылдаған: Ермаханов Н.
Шымкент 2022
Мазмұны
Кіріспе . . . 2 I. Негізгі бөлім.
1. 1. 1. 1 Жер қатынастарының мәні және олардың аграрлық қатынастар жүйесіндегі орны . . . 3
1. 2. Шетелдердегі жер қатынастары және оларды реттеудің тәсілдері 4
1. 3. Жер қатынастарын қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 5
Қорытынды . . . 6
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 7
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 2003 жылы Қазақстанда «Жер Кодексі» қабылданып, онда ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншік институты енгізіледі. Аталған шара ауылға қаржының келуіне жол ашып, оның даму үрдісін жеделдетеді, бірте-бірте өндірістің шоғырлануына, халықтың жұмыспен қамтылуына, жер күтімінің елеулі жақсаруына ықпал ететіндігі анық.
Жер реформасы-жер ресурстарын пайдаланудың әканомикалық тиімділіг мен экологиялық қауіпсіздігін арттыру, реттелетін жер айналымын қамтамассыз ету және меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, жарамды жерлерді иелену, пайдалану және кеңейту арақатынасын қамтитын жер қатынастарына өзгерістер енгізу үрдісі болып табылады.
Аграрлық салада жер-өндіріс нысандарын орналастырудың аумақтық негізі болып қана қоймай, өнеркәсіптегі секілді өндірістің маңызды факторы мен басты ресурсы рөлін атқарады. Көбіне, ауыл шаруашылығының және жалпы агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігі ауыл шаруашылығы жерлерінің мөлшеріне, сапасына, орналасу жағдайына және экологиялық ахуалына тәуелді болады.
Көптеген елдердегі ауыл шаруашылығын қайта құру тәжірбиесі аграрлық реформалардың, негізінен, жер қатынастарына өзгерістер енгізу үрдісінің нәтижелілігімен анықталатынын дәлелдеді.
Кеңес Одағы кезіндегі аграрлық саясат шаруа-меншік иесі және шаруа-еңбеккер арасындағы байланысты еркермеуі және оларды бір-бірімен ұштастырмауы салдарынан сәтсіздікке ұшырады. Бұл қарама-қайшылық нарықтық қатынастардың жаңа жүйесіне өте барысында айқын байқалады.
2
1. 1 Жер қатынастарының мәні және олардың аграрлық қатынастар жүйесіндегі орны
Жер еңбек заты, ерекше өндіргіш күш және еңбек өнімі ретінде дамып келе жатқан қоғамдық өндірістегі обьективті қалыптасқан тәуелділіктерге бағынады. Жеке алғанда материалды өндіріс әлементі ретінде меншік обьектісі ретінде көрініп, оған оның барлыққұқы таралады. Кез-келген шаруашылық жүргізуші субьектілердің тәртіп формаларын анықтайтын ережелерге бағынады. Алайда, бұл жағдайда жер ресурстарын көптеген өндіргіш күш әлементтерінің құрамынан ажырататын оның ерекше қасиеттері өз күшін жоймайды. Бұл біріншіден, оның тек ғана өндіріс емес, сондай-ақ жалпы тұрмысқа материалдықбазасы ретіндегі ролі; екіншіден, өнім түрінде жаңа құнды қалыптастыру қабілеттілігі; үшіншіден, оның көлемінің табиғи шектеулілігі. Жердің осы ерекше қасиеттері жерге қатысты қатынастар механизмін жасауда ескеруді талап етеді. Ал бұл өз кезегіндегі жерге меншік пен шаруашылық жүргізу мәселелеріне ерекше тоқталу қажеттілігіне алып келеді.
Жер қатынастары - бұл жерде иемдену, пайдалану және басқару бойынша тұлғалар арасында туындайтын қатынастардың жиынтығы. Оған меншік пен шаруашылық жүргізу формасы, жер нарығы, жер бағасы, рента, жерге салық салу, аренда, жер пайдалану мен жер ресурстарын басқару мәселелері кіреді.
Кейбір әдебиеттерде жер қатынастарының негізін «меншік», «иелік ету», «пайдалану» ктегориялары арқылы қарастыру орын алып, «басқару» экономикалық категория емес, меншік иесінін ерікті субьективті іс-әрекеті ретінде көрінеді
Егінші үшін жерге меншік құқығы ерекше мөрге ие және жер мен аграрлық қатынастардың бүкіл жүйесі осы мәселе төңірегінде құрылып, тарихи дамып келеді. Аграрлық қатынастардың тарихи даму процесінде «жер оны өңдеген адамға тиесілі болу керек», -деген қағида айтылып келеді. Алайда нақты өмірде бұл жүзеге асырылған жоқ. Оның бір себебі жерге жеке меншікпен байланысты және соның негізінде туындайтын абсолюттік рента теориясына қатысты қарастырылады.
3
1. 2. Шетелдердегі жер қатынастары және оларды реттеудің тәсілдері
Дамыған елдерге келетін болсақ, олардағы жоғарғы экономикалық тиімділік жеке меншіктің болуына байланысты емес. Мысалы, Голландия, Қытай және т. б. мемлкететтерде жерге мемлекеттік меншік сақтала отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі табысты дамып отыр. Сондай- ақ осы кезеңде жерге жеке меншік формасында бола отырып, ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшыраған мемлекеттер де бар. Бұл елдер халықты сырттан әкелінетін азық - түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мәжбүр болып отыр.
Мысалы, АҚШ- ты алайық. Мұнда 1960 жылдардың ортасында бидай өнімділігі 20 ц/га, сүттің өнімділігі 3000 - 3200 кг құрады. 1990 жылдары орташа өнімділік 70 ц/га, ал сиырдан сауылатын сүт көлемі - 7500 кг болды. Өндіріс пен оның тиімділігінің едәуір көлемде артуының себебі фермерлерді ірі мемлекеттік қолдау (олар жыл сайын АҚШ үкіметінен 60 млрд доллар және одан да жоғары көлемде қаржы алады), жер учаскелерін ірілендіру, материалды - техникалық базаны нығайту, әлектрмен қамтамасыз ету, рационалды мамандандыру, өндірісті ұйымдастыру мен басқару жүйесінде жатыр [18] . Керісінше, меншік құқығы едәуір қысқартылып, жер қатынастары қатаң реттелінеді. Бұдан көріп отырғанымыздай жерге меншік формаларының ешқандай қатысы жок. Меншік формаларының ішкі мүмкіндіктері қандай болмасын, реформаларды жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлардың жиынтығы қажет. Осыған байланысты көптеген реформатордың жерге жеке меншік аграрлық сфераны дамытудың көзі деген қағидасы бұл жерде орынсыз. Бір жағынан дамыған елдердегі реформалардың барлығын қайталауға болмайды. АҚШ пен Европаның дамыфған елдеріндегі жерге жеке меншік институты Қазақстан Республикасының халқы үшін психологиялық тұрғыда қолайсыз, қалыптасқан менталитет басқа. Өйткені бұл уақытқа дейін жер қоғамның меншігінде болып келген.
4
1. 3 Жер қатынастарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Жер туралы» Заңына сәйкес жеке меншікте қосалқы шаруашылық, бақша, тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелері беріле алады. Үкіметпен нормаға сәйкес жер учаскелері қайтарымсыз негізде меншікке беріледі. Ал нормадан асқан жер учаскелері белгілі бір төлем ақыға беріледі. Бүгінгі күні мұндай жерге меншік иелері қалыптасқан, олар 4 млн-нан асады және 600 мың та астам жерді иемденіп отыр.
Жеке меншіктегі жер учаскелері барлық нарықтық келісімдердің объектісі бола алады. Жер учаскелерінің меншік иелері екінші нарықта келісімді баға бойынша оларды сата, кепілге беру, сыйлауға, жарна ретінде шаруашылық жүргізуші субъектінің жарғылық қорына енгізе, басқа да заңмен белгіленген келісімдерді жүргізе алады. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жерді пайдалану құқығы сондай-ақ барлық жоғарыда аталған келісімдерге қатысу объектісі болып табылады.
Басты айта кететін жағдай, жерді қайтарымсыз беру тек қана ауыл шаруашылық бағытындағы жерлерге қатысты. Басқа катеториядағы жерлер мемлекеттік меншіктен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға өткенде тек ғана қайтарымдылық принципте, яғни ақылы негізде қатысады. Сондықтан жер реформасындағы ең елеулі және маңыздысы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басқа катеториялардан айырмашылығы жеке меншікте бола алмайтындығы болып табылады. Алайда заңмен белгіленген жердің ақылы принциптері жер нарығының дамуын ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізуге дейін алдын ала анықтайды.
5
Қорытынды
Қазіргі кезде жаңа жер қатынастары қалыптасты, онымен қатар қатар жер қатынастарын жүзеге асыру механизмін қалыптастыруда ескеру қажет мәселелер туындап отыр. Сондай мөселелердің бірі ауыл шаруашылығында түрғындар ие болған жер үлестерінің пайда болуымен байланысты. Тағы бір маңызды мәселе жер үлестерін қамтамасыз етудің теңдік принципі мен жерде тиімді шаруашылық жүргізу талаптары арасындағы қайшылық. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жүмыс істейтін азаматтарға жерді бөлу мәселесі бірінші маңызды мәселе - жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге жауап бермейді. Сондықтан да қазіргі кезде жер үлестерінің нарығын қүру мәселесі қойылып жүр. Қандай шешім қабылданбасын барлық жағдайда да олар өндірістік айналымнан тыс қалмауы қажет
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz