Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
2022
2022
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚ ТӘЛІМ УӘЗІРЛІГІҚАРАҚАЛПАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ
ОРТА ТӘЛІМ УӘЗІРЛІГІ БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗБЕК ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ: (ҚАЗАҚ ТІЛІ) ТӘЛІМ БАҒДАРЫ 4-КУРС СТУДЕНТІ ЕРЕЖЕПБАЕВ НАУРЫЗБЕКТІҢ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ПРОЦЕСС ПӘНІНЕН ТӘУЕЛСЗДІК ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ЖАЗҒАН
қАБЫЛДАҒАН: Ф.ғ.ф.Д. (PHD) СМАМУТОВА ШЫРЫН
НӨКІС-2022
ТӘУЕЛСЗДІК ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ
І. ЖОСПАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ДАМУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ЕЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН, ХАЛЫҚТЫҢ АРМАН-МҮДДЕСІН ЖЫРЛАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3. ПОЭЗИЯДА ДӘУІР ШЫНДЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ ЖИНАҚТАЛУЫ (Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КОМПОЗИЦИЯСЫН ТАЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ү. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Халық тарихындағы тағылымды оқиғалар қашанда өнер арқылы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Халық өмірінің кезеңдері, дәуір тудырған әлеуметтік, қоғамдық-саяси тартыстар, психологиялық шытырман ахуалдар көркем әдебиетке де негіз болатыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, әдебиет ұлттық жадында сақтау құралы ретінде аса маңызды қызмет атқарады.
Қазақ елінің тәуелсіздік алуы ұлттық әдеби өмір шежіресінде жаңа тарихи кезеңнің бастау алуына себеп болды. Қазіргі қазақ әдебиеті - көркем мазмұн мен пішін тұрғысында да, идеялық-концептуалдық тұрғыда да жаңарған, толысқан әдебиет. Ұлттық рухтың жаңғыруы әдеби әлемде игі өзгерістер мен құбылыстарға ашты.
Қазақстан егемендігінің жариялануы бұрынғы саяси идеологияның салдарынан бұрмаланған ұлт тарихын қайта зерделеуге, тарихтағы және жалпы руханияттағы (дін, тіл, мәдениет, әдебиет) ақтаңдақтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Ұлттық әдебиеттің саясат құрсауынан (изоляциядан) босап, әлемдік әдеби кеңістікпен ықпалдастығы (интеграциясы) артуынан көркемдік даму арналарында әлемдік мегаүрдістердің әсер-ықпалы айқын аңғарыла бастады. Қазіргі таңда ұлттық сөз өнерінде дәстүрлі реализммен бірге өзге де модернистік, постмодернистік ағымдар мен құбылыстар қатар өмір сүре бастады. Бұл тұста заманауи әдебиеттің тақырыптық аясы айтарлықтай кеңейіп, бүгінгі қоғамның әлеуметтік проблемалары, жаңа заманның ұлт тыныс-тіршілігі алып келген жағымды-жағымсыз жаңалықтары және өзге сан салалы рухани-мәдени мәселелер қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті тақырыптарына айналды. Олардың иерархиялық қатарынан елі мен жерін қорғаған халық қаһармандарын (хан, би, батыр т.б.), нарық пен демократия дәуірінің кері әсерінен қалыптасқан қоғам өкілдерін (қылмыскер, жезөкше, нашақор т.б.), тіпті мистикалық (елес, аруақ), діни-мифологиялық (періште, пайғамбар, Қыдыр т.б.) бейнелерді де кездестіруге болады. Бұл еңбекте заманауи әдеби үдерістегі осындай елеулі көркемдік өзгерістер мен жаңалықтардың орын алуы жан-жақты тұрғыдан ғылыми сараланып зерделенді. Қазіргі әдеби кейіпкерлер жүйесі де типологиялық тұрғыдан елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл тұста кеңестік идеология қалыптастырған жағымды, жағымсыз бейнелер қатары жоғалып, кез келген кейіпкердің ет пен сүйектен жаралған пенде екенін қаламгерлер өз туындыларымен дәлелдеуге ден қойды. Сондықтан авторлар қауымы Қазіргі қазақ әдебиеті: даму үрдістері, есімдер мен оқиғалар атты ұжымдық монографияда соңғы ширек ғасырдағы ұлттық әдебиеттің қол көркемдік-эстетикалық табыстары мен кемшін деген тұстарын жекелеген туындылар негізінде ғылыми саралады.
Қазақстанның тұңғыш перзиденті Елбасы Н.Ә.Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасында алдағы уақытта атқарылатын санамалай келіп: Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасы арқылы іске асырған жөн.
Қазақстанның тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 30 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр, - деген болатын.
Осы пікірге сүйенетін болсақ, қазіргі қазақ әдебиетіне бір топ жас қаламгерлер келіп қосылды. Ұлттық әдебиет жаңа кейіпкерлермен толықты. Ал, ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, оларды оқырманға таныстыру - әдебиеттанушы-ғалымдардың міндеті. Ұсынылып отырған жұмыс қазіргі әдебиеттің жетістіктері жан-жақты сараланып, ұлттық әдебиеттің қол жеткізген табыстары бағамдалған.
1991 жылы Кеңестік империяның таратылуы, Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялауы қоғамның барлық саласына, соның ішінде ұлттық әдебиетке де өзінің оң ықпалын тигізді. Қазақ елінің егемендік алуы ел басына күн туған қиын-қыстау заманда туған жерден үдере көшіп, әртүрлі себептермен шекаралас жатқан елдерде мекендеп қалған қандастарымыздың Отанына оралуына мүмкіндік туғызды. Осы уақыт аралығында Елбасының жүргізген көші-қон саясаты жырақта жүрген бауырларымыздың туған жерге оралуына жол ашты. Соңғы жиырма жылдан астам уақыт аралығында Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай Халық Республикасы тәрізді елдерден туған жерге келген миллионнан астам бауырларымыз қоғамның әр саласында қызмет етіп жатса, олардың бір парасы ұлттық әдебиет төңірегінде өнімді еңбек етіп келеді. Қазақ елінің тәуелсіздігі тұсындағы қазақ әдебиетіне қосылған бұл жаңа есімдер ұлттық әдебиетті мазмұны мен түрі жағынан байытып, әр жанрға өз үлестерін қосып келеді.
Қазақ әдебиеті соңғы ширек ғасырда біраз белестерді бағындырды. Бұл тұстағы әдебиеттің негізгі жетістігінің бірі - бүгінгі қазақтың тәуелсіздігі үшін жанкешті ерлік жасаған тарихи тұлғалардың көркем бейнесінің жасалуы. Олардың бірсыпырасына түркі дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі аралықтағы айтулы оқиғалар мен сол сәтте үлкен қайрат көрсеткен тарихи тұлғалар, өнер иелерінің өмір жолы негіз болса, енді бірпарасына кеңестік дәуірде өмір сүрген, ХХ ғасырдың зобалаңдарын басынан өткізіп, кеңестік дәуірде отаршылдықпен күрескен, елі үшін жанын пида еткен абзал азаматтар өмірі арқау болды. Осылайша әдебиет жаңа тарихи оқиғалармен толықты. Ақын-жазушылар қазақтың азаттығы жолында күрескен хандар, батырлар, бектер мен билер туралы шағын жанрдан бастап, кең құлашты эпикалық туындылар жазды.
Бұл жылдары қазақ драматургиясы да жаңа тақырыптармен, жаңа образдармен толығып, театр сахналарынан ұлттық қаһармандар орын алды. Ұлттық драматургия ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы жаппай ашаршылық, отызыншы жылдардағы жаппай қудалау, Алжирдегі аналар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл өмірі, Семей полигоны, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі тәрізді тың тақырыптармен толықты. Драматургтер бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы махаббат, мәдениет пен өнер, өнер қайраткерлері, ұрылар мен нашақорлар өмірі арқылы ХХІ ғасырдың өзекті мәселелеріне жан бітірді.
3.1. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ДАМУ
Тәуелсіздік жылдарындағы әдеби даму. Әдебиеттегі тың ізденістер мен жаңа көзқарастар. Әдебиеттің ақтаңдақ беттерін зерттеу. Алаш арыстары мұрасының қайта оралуы. Кеңес дәуіріндегі әдебиетке жаңаша көзқарас. Әдеби жанрлардың дамуы. Мемуарлық романдар. Поэмалар. Әңгіме-повестер. Лирика. Тақырыптық, көркемдік сипаттары. Фольклортану және әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен жетістіктер.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдеби даму. 60-жылдар әдебиетіндегі Жаңа леп. Жанрлық даму. Прозаның дамуы. Драматургияның дамуы. Прозадағы бағыттар. Тарихи жазылуы. Көп кітапты романдар. І.Есенберлин, Х.Есенжанов, Ә.Әлімжанов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Қ.Жұмаділов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Т.Әбдік, т.б. өкілдерінің еңбектері. Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері. Әдебиеттану ғылымының дамуы. Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Ахметов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері. Поэзиядағы жаңалықтар. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындар шығармашылығы.
Әдетте поэзия жанрындағы шығармалар соғыс жылдарында қарқынды жазылып, адамдарды жігерлендіру мақсатында ұтымды пайдаланылады. Тәуелсіздік жылдары - соғыстың ізі суып, бейбіт заман орнаған шақ. Сол себепті, бұл уақыт аралығында поэзияның рөлі төмендейді.
Қазақстанның тәуелсіздігі тұсындағы қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, К.Ахметова, С.Жиенбаев, И.Оразбаев, Т.Медетбеков сияқты ақындардың қатарын бүгінде Г.Салықбаева, С.Нұржанов, Б.Үсенов, Б.Жақыпов, Т.Көпбаев, Ж.Әскербекқызы, Т.Досымов, О.Тұржанова тәрізді ақындар толықтырды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары әдебиетке келген бұл буын өкілдері бүгінде ұлттық поэзияны жаңа белеске көтеруде.
Сондай қаламгерлер қатарында Жақсылық Самитұлы, Зейнолла Сәнік, Тұрсынхан Зекенұлы, Тұрсынәлі Рыскелдиев, Армиябек Сағындықұлы, Алмасбек Ахметбек, Нұрхан Сұлтанбайұлы, Құл-Керім Елемес, Ерболат Баят, Дәулетбек Байтұрсынұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Дүкен Мәсімханұлы, Ғалым Қалибекұлы, Бекқожа Жылқыбек, Иманғазы Нұрахметұлы, Ләззат Игісін, Мұрат Шаймаран, Мағиза Құнапияқызы тәрізді ақын-жазушылардың есімі соңғы ширек ғасырдағы ұлттық әдебиет туралы сөз еткенде аталуға тиіс.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды. Олар - Төлен Әбдіковтің Парасат майданы, Әкім Таразидің Жаза, Мұхтар Мағауиннің Мен, Қалихан Ысқақтың Ақсу - жер жанаты, Шерхан Мұртазаның Ай мен Айша, Зейнолла Қабдоловтың Менің Әуезовім, Әбдіжамал Нұрпейісовтың Соңғы парыз, Рамазан Тоқтаровтың Абайдың жұмбағы, Қабдеш Жұмаділовтың Дарабоз, Софы Сматайдың Жарылғап батыр, Ұзақбай Доспамбетидің Қызыл Жолбарыс, Хасен Әдібаевтың Отырар ойраны, Асқар Алтайдың Алтай новелласы, Әлібек Асқардың Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді, Бексұлтан Нұржекеұлының Әйелдің жолы жіңішке, Тұрсынхан Зекенұлының Көк бөрілердің көз жасы, Баққожа Мұқайдың Өмірзая, Оразбек Сәрсенбайдың Шеңбер, Құлмұқан Исабаевтың "Шоң би", Кәдірбек Сегізбайдың "Беласқан", Жанат Ахмедидiң "Шырғалаң", Тынымбай Нұрмағамбетовтың "Айқай" атты шығармалары. Аталған шығарманың барлығы тәуелсіздік жылдарында әдебиеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді. Мұнымен қатар, сол заманның шындығын көзге шұқып айтқан әңгіме мен повестер жарық көрген.
Әңгіме дегеніміз - қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма жанры. Көлемі роман мен повестьке қарағанда шағын келеді.
Ал повесть - әңгіме мен роман аралығындағы прозалық шығарма. Тәуелсіздік жылдарында жазылған повестер халық өмірінің кешегі күнін баяндайды. Бұдан өзге махаббат тақырыбы да қамтылған. Махаббатсыз адам өмірі қалай тұл болса, роман да онсыз өмір сүре алмаған. Өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендеп, рухани құндылықтары арзандай бастаған. Осы уақытта қазақ әдебиеті асыл сезімді биікке көтеріп, халық санасына жарық сәуле сыйлауға тырысады. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасына белсенді араласып жүрген Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Т.Рыскелдиев, Ә.Сараев, Т.Тілеуханов, Т.Нұрмағамбетов, Ұ.Доспамбетов, Н.Дәутайұлы, Ә.Асқаров, С.Асылбекұлы, Ж.Шаштайұлы, Р.Отарбаев, Қ.Түменбай, Н.Ақыш, М.Байғұт, К.Рахымжанов, А.Кемелбаева, Ж.Қорғасбек, А.Алтай, Д.Амантай, Д.Рамазан тәрізді жазушылардың қатары Мәдина Омарова, Лира Қоныс, Мақсат Мәлік, Дархан Бейсенбек, Арман Әлмембет, Алмас Мырзахмет, Әлібек Байбол, Алмас Нүсіп, Әсем Қоспағарова, Үміт Зұлхарова, Мирас Мұқашев, Айнұр Шамшейітова, Аягүл Мантаева, Бейбіт Сарыбай, Ерболат Әбікенұлы, Мәлік Отарбай, Мәди Алжанбай, Қанат Әбілқайыр, Қанат Тілеухан, Нұрлан Қабдай, Мерей Қосын сынды жас жазушылармен толысты.
Ә.Кекілбаев, Ш.Құсайынов, М.Байсеркенов, И.Оразбаев, Д.Исабеков, С.Жүнісов, И.Сапарбай, Р.Отарбаев, С.Тұрғынбек, Ә.Тарази, С.Балғабаев, С.Асылбекұлы, Р.Мұқанова, Н.Ораз, Д.Рамазан тәрізді драматургтер сақ патшайымы Тұмар, Бейбарыс сұлтан, Шыңғыс хан, Абылай хан, Махамбет, Кенесары тәрізді қазақ тарихынан үлкен орын алатын тарихи тұлғалардың, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, М.Шоқай, Т.Жүргенов сынды алаш арыстарының жарқын бейнесін жасады.
Отыз бір жыл бізге ұзақ мерзім болып көрінсе де, тарих үшін зымыраған құспен тең болды. Осы жылдар ішінде тұрмыс-тіршілігімізге, санамызға, салт-дәстүрімізге, әдебиетімізге көп өзгеріс енді. Заман адамы дамуына жаһандану әсер етіп, техниканың рөлі күшейді. Қоғамдық құрылыс нарықтық жүйеге көшті. Кезінде оқуға тыйым салынған шығармалар қайта басылып шықты. Елі үшін еңбегі сіңсе де, бір кездері қудалауға ұшыраған қоғам қайраткерлері ақталды.
Бүгінгі қазақ драматургиясында ұлттық тарихындағы ақтандақ болып келген тақырыптар, көркем шындықпен кестеленген кесек туындыларға айналып көпшілік назарына ұсынылып келеді. Бұл да болса тәуелсіздігіміздің бір жетістігі болса керек.
Қазақтың ұлттық тарихындағы дербес мемлекеттік құрылыммен қалыптасуымызға, халық болып танылып, сақталуымызға қайраткерлікпен-көсемдікпен өмірін арнап, еңбек еткен хандарымыздың (Керей, Жәнібек, Абылай, Кенесары), би-шешендеріміздің (Төле, Қазыбек, Әйтеке, т.б.), ақын-жырауларымыздың (Асан Қайғы, Бұқар, Махамбет, т.б.), батырларымыздың (Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым, Исатай, Жанқожа, т.б.), ғұлама-ағартушыларымыздың, қоғам қайраткерлерінің (Әбунасыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов), т.б. ондаған тарихи тұлғаларымыздың сөз өнері туындыларындағы көркем бейнеленуі жаңаша серпінмен өркендеді. Әсіресе, XX ғасырдың 80-жылдарының ортасынан басталған ұлт тарихының бұрын әдейі назарға алынбай келген тұстары асқақ рухты романтизм мен сыншыл реализм көркемдік әдістері тұрғысынан мол қамтыла жазыла бастады. Әдеби тек түрлері (эпос, лирика, драма) жанрларының барлық салаларында елеулі туындылар жазылып, оқырмандарға ұсынылды.
Бүгінде халық ықыласпен қабылдаған тың туындылар жазылып, республика театрларында сахналанып келеді.
Сәкен Жүнісовтің "Кемеңгерлер мен көлеңкелер" (Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов бейнелеріне арналған), Әбіш Кекілбаевтың "Абылай хан", М. Байсеркеұлының "Абылайханның ақырғы күндері", "Кек қылышы Кенесары", Жолтай Әлмашұлының "Сана дерті", "Абақты-ғұмыр", "Фрустракция" (Нәзір Төреқұлов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожанов, Сәкен Сейфуллин туралы) пьесалары - қазақ тарихының ақтандақ беттерін көркем шындықпен өрнектеген туындылар.
Жолтай Әлмашұлының пьесаларындағы қазақ тарихының қайраткер тұлғаларының бейнеленуі - әдебиетіміздің өзекті тақырыпты игерудегі жаңашылдық. XX ғасырдың басындағы қазақ сөз өнеріндегі шығармашылықты мемлекеттік жауапты қызметтерімен сабақтастыра еңбек еткен қайраткерлердің саяси қуғын-сүргін жазалауларына ұшыраған - Ұлттық трагедиямыз. Табиғи қабілеттерін туған халқына, ұлтына қызмет етуге арнаған дарынды тұлғалардың жазықсыз жазаланғаны - қазақ ұлтын әлсіретуге, тарих сахнасынан біржолата жоюға арналған зұлым саясаттың жендеттік ұстанымының нәтижелері.
Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттың мақтанышы болған ұлы қайраткерлер өмірі мен қызметі драма шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың "Жан қимақ", Оразбаевтың "Шыңғыс хан", "Естайдың қорланы", С.Сматаевтың "Той үстінде топалаң", Б.Әбілдаұлының "Төле би", О.Дастановтың "Әзірет Сұлтан", А.Бекбосыновтың "Соңғы сезім", Таразидің "Алатау сынды алабым", Шахимарденнің "Томирис" пьесаларында халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ал Сүлейменов пен Мұқаевтың "Заманақыр", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына әкелген трагедиясын суреттейді. Қазіргі қазақ драматургиясы туралы филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегеновтың мақаласында нақтырақ талдау жасалған.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің драматургия саласы бойынша мына шығармаларды атап өтуге болады: Ә.Кекілбаевтың "Абылай хан", Ә.Таразидің "Ақын, Періште. Махаббат", С.Жүнісовтің "Кемеңгерлер мен көлеңкелер", М.Байсеркеновтің "Абылай ханның ақырғы күндері", Р. Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтан", Шахмардан Құсайыновтың "Томирис", И.Оразбаевтың "Шыңғыс хан", Т.Нұрмағамбетовтің "Бес бойдаққа бір той", Қ.Ысқақовтың "Қыл көпір", "Жан қимақ", Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің "Алатау сынды алыбым", И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы", С.Балғабаевтың "Тойдан қайтқан қазақтар", "Ғашықсыз ғасыр", "Ең әдемі келіншек", Ә.Ақпанбетұлының "Дүние-думан", Д.Амантайдың "Сәлеметсіз бе, қоңыр мұң", С.Сматаев пен Т.Теменовтің "Көгілдір такси", А.Жағанованың "Жан алқым", Н.Әбутәлиевтің "Өттің, дүние", А.Бекбосыновтың "Соңғы сезім", Д.Исабековтың "Актриса", "Тор", "Ескерткіш", Иран-Ғайыптың "Естайдың Қорланы", Б.Мұқайдың "Сергелдең болған серілер", "Өмірзая" т.б. Аталған драмалық шығармалар - тәуелсіздік жылдарында қазақ әдебиеті қорына қосылған рухани қазына деп танылады.
Драмалық шығарма - театрмен тығыз байланысты бола отырып, сол күші арқылы оқырманын, көрерменін ерекше әсерге бөлейтін жанр. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясының даму қарқыны мен жай-күйі туралы жоғарыда айтылып кетті. Бұл ретте Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Н.Оразалиннің: "Театр өнері арқылы Республикамызды бүкіл әлем таныған ел дәрежесіне көтеріп, бүгінгі заманға сай өркендеуімізге толық мүмкіндік бар. Бұл іргелі міндеттің жүзеге асуына қаламгер-драматургтеріміз де өз үлестерін қосып келеді. Болашақта да қоса бермек. Қосуға тиіс. Өйткені, театр өнерінің қайнар көзі мен арқауы - ұлттық драматургия", - деген пікірін келтіру орынды болмақ. Қазақ қыздарының өр әрі еркін бейнесі - тек ауыз әдебиеті мен поэзия, прозаның ғана емес, драматургияның да өзекті тақырыбы. Қазақтың батыр қыздары дегенде, әрққайсымыздың көз алдымызға бірден Әлия мен Мәншүк келетіні белгілі. Негізінде, қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис - Тұмар анамыздан бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды - Шахмардан Құсайыновтың "Томирис" драмасы. Бұл пьеса - Томирис анамыздың өмір сүрген б.э.д 503 жылдардағы ата- бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, іздеп келгенің қан болса, қанып іш! деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз.
Қазақ үшін қыз - ұлттық намыстың бір белгісі. Қыздың пәктігі, өрлігі мен батырлығы - ұлттың болашағының мықты болуының сенімді тірегі. Осындай тәрбиелік маңызы зор шығармалар уақыт ағымымен жазылу үстінде.
Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі еміршең, ұлағатын айғақтайды.
3.2. ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ ЕЛДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН, ХАЛЫҚТЫҢ АРМАН-МҮДДЕСІН ЖЫРЛАУЫ
Алағай да бұлағай кезеңдерді бастан өткерген қазақ жұрты үшін Тәуелсіздік күні ең бақытты, ең мерейлі күн. Еркіндік биі орындалып, азаттық әні шырқалған күн көрген қазақтың есінен кетпес болар. Қазақ жұрты дәл осы күндей қуана алды ма екен, дәл осы сәттегідей қуаныштан жылай алды ма екен?! Бодаудан босаған күннен асқан бақыт бар ма?! Осы күн - қазақтың қанша ғасырдан бергі арман-тілегі болмады ма, сол үшін қан кешпеді ме?! Қазақтың бүкіл тарихы осы күнге арналмады ма?! Ал енді өлеңмен ғұмыр кешкен қазақтың осы күнге - тәуелсіздікке жеткенінде ақын жүрегі жырламай қайтсін?! Ең асқақ жырларды, ең рухты жырларды осы күнге сақтап келдік емес пе?! Құдайға тәуба, қазақ ақынға кенде емес. Тәуелсіздік туралы неше мәрте топтама жасауға болар. Бүгін тақырыпқа қатысты жырларды жастар әдебиетінен, яки, қазақ жастар поэзиясынан іздеп көрейік.
Алғаш азаттыққа қол жеткізіп, бодандықтың бұғауынан босаған кезде Тәуелсіздікті сүйеншілеген өлеңдер көптеп жазылды. Осы бағыттағы өлеңдер үлгісі бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Мәселен:
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Еркіндікке қош келдің айтқан Қалқаман Сариннің бұл өлеңі қастерлі күннің қаншама қиындықпен келгенін де қаперімізге береді. Жас ақын:
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті -
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да! - деп барша жұртты қасиетті құндылықтың қадірін ұғынуға шақырады.
Әлия Дәулетбаева атты ақын тәуелсіздіктің тәтті үміт болғанын айта келе:
Беу, Азаттық! Болсаң бізге баянды,
Аранына кетпей тұрып аярдың.
Бодан болып көз ілгенмін кеше мен,
Бүгін таңда бостан болып ояндым, - деп азат күннің баяндылығын тілейді. Ақын қыз өзі туралы: "Желтоқсанда мұз шайнаған көкемнен, Тамған қанға өсіп шыққан гүлмін мен", - деп 86-ның ызғарлы желтоқсанын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz