Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім

І. Тарау
2.1. Миф және мифология ұғымы, оның зерттелуі
2.2. Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
2.3. Қазақ мифологиясының тарихы және классификациясы

ІІ. Тарау
2.4. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері
2.5. Ғылым үш топқа бөлінеді
2.6. Ғылымды зерттеу аспектілері
2.7. Ғылым динамикасы. Ғылымдағы дәстүрлер мен жаңалықтар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытайда) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.Оның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады.Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды.Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антропоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.Ғылымды қалыптастыру - мифологиялық жүйені сынау мен бұзуды талап етті.Ғылымның қалыптасуы үшін басқа да әлеуметтік жағдайлар: қоғамдық қатынас пен өндіріс дамуының жоғары деңгейі (ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінісі арқылы жеке тұлғалардың ғылыммен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік тудыру), сондай-ақ әр түрлі халықтар мен мәдениеттерді еркін қабылдау мүмкіншілігіне жеткізетін бай және жан-жақты мәдени дәстүрдің болуы қажет еді. Мұндай жағдай біздің заманымыздан бұрынғы VІІ-VІ ғасырлар аралығында ежелгі Грецияда ойлау, пайымдаудың қазіргі заманғы адамдар қолданып жүрген логикалық құрылысы қалыптасып, мифтік-поэтикалық санадан бірте-бірте қол үзіп, табиғи бастау арқылы болмысты түсіндіретін мифологияға қарама-қарсы теориялық жүйе пайда болды. Мифологиядан бөліне отырып, теориялық натурфилософиялық білім синкретті түрде өзіне ғылым мен философияны танымдық бағытта біріктірді. Ежелгі Грецияда дамыған ғылым қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды.
Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Миф (грек.mifos - аңыз, баян, мысал) - халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі. Миф - ертедегі адамдардың адамтану, дүниетану көзқарасы, ақиқат танымы. Ежелгі адам кез келген әрекетінің себебін озарт арқылы түсіндірген, яғни айтылатын ертегі мен жырдың да, салынатын суреттің де, ән мен өлеңнің де, тарихтың да, биленетін бидің де ар жағында озарттық түсініктер жатыр. Миф - бүгінгі ғылымның, мәдениеттің, өнердің бастапқы, бір-бірінен ажыратылмаған сатысы. Мұндай ажыраспаған күйді ғылымда әдетте синкреттілік дейді.Мысалы, ертегі мен жырдың басында миф жатыр, яғни бүгінгі ертегі мен жырды байыптап қарап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене саралай отырып, ежелгі озарттық түсініктерді сұрыптап, бөліп шығаруға болады.

Мифтің негізгі қызметі - дүние қайдан пайда болғанын түсіндіру, этикалық және эстетикалық түсініктер арқылы белгілі бір мораль нормалары мен құндылықтар жүйесін орнықтыру. Мифтерді тек ертегілер, аңыздар деп түсінген дұрыс емес, өйткені миф бұл-индивидтің қоршаған әлемді игеруі, адамдардың , табиғаттық және әлеуметтік ортадан, болмыстан тәуелділігі және мифтерде діннің, философияның, ғылымның бастамалары бар. Мифтердің діннен айырмашылығы сенімге ғана емес, ақылға, ойға, парасаттылыққа да сүйену болып табылады.
Ал, мифология ұғымына келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей гректің mifos - аңыз, ертегі және logos- ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Мифтер барлық халықтарда болды. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебеп формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік пен субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік-тарихи типтеріне мифология мен дін жатады. Мифология термині екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі - белгілі бір ұлттың немесе жалпы адамзаттың көне дүниетанымының көрінісі саналатын мифтер жүйесі, екіншісі - мифтер мен мифтік дүниетанымды, оның өнер түрлерімен басқа да қоғамдық сана формаларына әсерін зерттейтін ғылым саласы. Мифтегі оқиғалар мифтік дәуірде болып өткен. Мифтік дәуірде барлық заттар мен құбылыстар пайда болып, осы күнгі түр-түсі, ерекшелігін иеленгендіктен бұл уақыт қасиетті уақыт деп түсінілген. Мифтік сана бойынша заттың мәнін ұғу үшін оның шығу тарихын білу керек, яғни заттың мәні мен тегі теңестіріле байланыстырылған.
Алғаш рет миф философиясын Дж.Вико (1668 - 1744 ж.ж) ұсынды. Ол миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 - 1917) "Алғашқы қауымдық мәдениет" атты еңбегінде мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизмге жатады деп жазып, мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Г.Спенсер (1820 - 1903ж.ж) миф - таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 - 1942 ж.ж) мен К.Леви-Строс (1908 ж) теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, миф - құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы - "киелі тарих", дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы деп саналған. Әдетте, мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағымында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды.
Миф -- ата-бабалардың ежелгі, бастапқы танымындағы ғалами, оның жеке дүниелері, сол ғаламның алғашқы пенделерінің өмірі хақындағы түсініктері. Олардың қатарына аспан, жер, су дүниесі мен жер асты, осылардың тұрғындары, яки тәңірлер мен тәңіриелер, құбыжықтар мен перілер, дәулер, жасампаз батырлар мен ел терушілер, ілкі адамдар, ғажайып мақұлықтар мен заттар, т.б. жатады. Мифология дегеніміз -- солар туралы аңыз-әңгімелердің жиынтығы және ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. Ең ақырғысы -- аталмыш аңыздарды, олардың түпкі мотивтері мен идеяларын зерттейтін саланы да мифология дейді. Миф -- адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, сондықтан қазақ мифологиясын меңгеру қазақ психологиясындағы, әдет-ғұрпындағы, мәдениеті мен әдебиетіндегі, тарихындағы әлі күнге шейін түсініксіз ақтаңдақ болып отырған тұстарына түгел болмаса да белгілі мөлшерде жаңаша қарауға көмектесе алады. Қазақ халқы - көшпелі халық, оның көшпелі тұрмыс-салтын тастағаны күні кеше ғана. Бұл қазақ мәдениетінің негізі -- көшпелі мұра, салт, ғұрып, сенім, рәсім мен ауыз әдебиеті сияқтылар кешенінен тұрады деген сөз. Ал қазақ мәдениеті дегеніміздің өзі осы көшпелі мәдениеттің ғасырлық - территориялық соңғы қорытындысы, қазақ үшін бұлар экзотика бола алмайды, өйткені ол - өмір. Қазақ мифологиясы -- бүгінгі қазақ халқын жасауға қатысқан бірнеше мыңжылдық көшпелі ру-тайпалардың "орташа" алынған өздері, дүние-ғалам, өмір туралы түсініктерінің, ежелгі танымдарының бірыңғай жүйесі. Қазақта айқын, "мөлдір сипатты" мифология жоқ. Ол ауыз әдебиеті мұраларының -- жырлар мен дастандардың, әртүрлі шежіре аңыздардың, ертегілердің, жұмбақ пен мақал-мәтелдің, фразеологизм мен діни әфсаналардың астарында, сондай-ақ қазақ тілінің сөздік қорының қойнауында жасырынып жатыр.

Басқа халықтардың философиясы сияқты отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздардан бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар.
Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, негізінен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылықка толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с
Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір, Жаратқан әлеміне жатқызған. Адамдар мен басқа тіршілік өмір сүріп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемі, ал өлгендердің паналайтын орны - ол Жерасты әлемі. Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне тасқа ойылып жазылған ескерткіште Дүние былайша суреттеледі: Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам баласы жаратылған...
Тәңірге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан айнала қоршаған ортаға деген, бір жағынан, тәуелділік, табиғаттың стихиялық күштерінен үрейлену, екінші жағынан, ризашылық сезімдермен байланысты болса керек, өйткені олардың түсінігінше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пеп жануарларды, жабайы өсімдіктердің жемістерін сыйлаған.
Сонымен қатар көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, содан кейін өнердің қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келеді. Кейбір ғалымдар Ұмайды ежелгі Үнді кұдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты міндеттерді атқарған. Ұмай деген сөздің өзі бала орны, ана құрсағы сияқты ұғымдарға сай келеді. Тұқым тарату Құдайы болып табылатын Ұмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түрік ескерткішінде былай деп жазылған: 20 жасымда мен еліммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлік даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менің сүрген өмірім! Мен сендерді тастап кетіп барамын туыстарым. Жас жігіт майдан даласында өліп бара жатып, өзінің осы өмірдегі соңғы сәтінде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзі өсіре алмаған кішкене балалар алдындағы кінәсін, туысқандарының артқан үмітін ақтай алмағанын айтады. Мұның өзі туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадір-қасиетінің зор маңыздылығын көрсетеді.
Аңшылар мен малшылар әлемін әрқилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр түрлі заттар мен өсімдіктерге, жануарлар құдіретіне Тәңірдей сыйыну елулі орын алған. Мысалы, түріктер өзінің тотемі ретінде әсіресе қасқырды ең жоғарғы орынға қойған. Жер не су , тау не орман болсын, табиғаттың әрбір бөлшегінде киелі күштер бар есептеген. Қазақтардың бүгінгі күнге дейін ағашқа, басқа нәрсе жыртыс байлауы, киелі, қасиетті жер деп санауы Ислам дінінің ғұрпына жатпайды, бұл - сонау көне заманнан келе жатқан архаизмдер.
Ежелгі түріктер үшін қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болады. Оларға сыйынып ақ мүйізді, аша тұйяқты сиырды, ақ сарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төлбасын құрбандыққа шалды. Қазақ халқының ұғымында әруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерінде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәті түскен іс болса аруақтың көмегі деп білді. Өлген ата-бабаларын түсінде көрсе аруақ қолдайды деп жориды. Аруақтың басына барып түнейді, оларға арнап мал сойып, тілек тілейді. Мысалы, Шора батыр поэмасында шешесі Шораның әкесіне Түйеден - нар, жылқыдан - айғыр, сиырдан - бұқа, қойдан - қошқар алып бала тілеуга барайық - дейді. Қобыланды және Алпамыс жырларында да олардың ата-аналары бала тілеп, әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып жүрген кезде, Баба - түкті Шашты Әзиз әулие олардың тілегін орындайды.
Көне бабалар киелі және оған қарсы кесір деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық, бақыт орнап құт қонады деп есептеген. Сонымен бірге қызыр немесе қыдыр деген қасиет үлкен орын алған. Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етеді деген нақыл сөздерді осы уақытқа дейін естуге болады.
Қазақ мифтері даму мерзімі жағынан Ежелгі Греция, Рим мифтерінен көне, бірақ алғашқы қауымның архаикалық мифінен кейінірек жасалған. Ал, рулық қоғамнан бірден феодализмге көшкен елдерде көпқұдайлы дін орнағанда ол ескі миф пен шамандық таным - түсінікті жоққа шығарып қудалаған. Архаикалық миф қуғынға ұшырағандықтан, дәл жүйеленудің орнына ыдырап, ұмыт бола бастаған. Сондықтан жүйелі, көркем мифологияға айналмай, көне миф хикаяға, ертегіге ойысқан, яғни жаңа жанр қалыптасқан. Феодалдық патриархаттық қызметті миф емес, фольклордың басқа жанрлары атқарған.
Қазақ халқының мифологиясы толық зерттеліп, жинақталып біткен жоқ. Түркілер әлемінің мифологиясын басқа халықтардың мифологиясы стандарттары тұрғысынан зерттеуге болмайды. Яғни, мифологияның түркілік, соның ішінде қазақ ұлттық мектебінің өз бет-бейнесі болу керек.
Қазақ мифологиясының тарихы, қазақ халқының мифологиялық мұрасы өзінің бастауын көне түркілер дүниетанымынан алады. Көне түркілер мифологиясы туралы арнайы зерттеулер болғанымен, оның мәдени - аксиологиялық табиғаты жете зерттелмеген.
Қазақ фольклорындағы миф дүниежүзі халықтарында кездесетін мифке типологиялық сипатымен ұқсас, сонымен қатар, ерекшеліктері де бар. Стадиялық жағынан келгенде, қазақ мифі - алғашқы қауымға тән австралиялықтар мен африкалықтар, солтүстік азиялықтар мен американдықтардың көне мифі мен антикалық Греция, Рим, сондай-ақ ежелгі Египет, Үнді, Қытай, Вавилондықтар мифологиясының ортасындағы аралық жанр. Ол өзінің алғашқы классикалық түрінен дамып шыққан да, тарихи қоғамдық дамуға сәйкес мифология ретінде жүйеленбей жатып, басқа жанрға айналған. Оның басты себебі - Қазақстанда ертеде мекендеп, қазақты құраған ру-тайпалардың құл иеленуші мемлекет құрмай, рулық қауымнан бірден феодалдық қоғамға иек артуы. Рулықтан бірден феодализмге көшкен елдерде көпқұдайлы емес, бірқұдайлы дін орнап, көне миф жүйелену емес, қуғынға ұшырап, ыдырап кеткен, циклға түспеген, демек көркем дүниеге бірден айналмай хикаяға, ертегіге ойысқан, жаңа жанр қалыптастырған. Феодалдық, бірқұдайлық қоғамда көремдік-эстетикалық функцияны миф емес, фольклордың басқа жырлары атқарып кеткен. Міне, қазақ мифтерінің бізге толық күйінде жетпеуінің, қазақ мифологиясы тарихының толық зерттелмеуінің бір себебі осында жатыр.
Қазақтың мифтері өзінің барлық компоненті жағынан жоғарыдағыдай көне классикалық мифпен жақын. Онда сол архаикалық таза күйінде болмаса да көне заманғы мифке тән мифтік сана, уақыт, мифологиялық ұғымдардың іздері айқын көрінеді. Қазақ мифінен мифтік сананың дамуындағы екі сатыны да, космос моделін де, ілкі атаның жасампаздығын да, адам мен табиғатты қарсы қоюдың да, аң мен құстардың мінез - құлқын түсіндіріп әңгімелеудің де көріністерін табуға болады. Бұл қазақ мифтерінің, қазақ мифологиясының өзіндік ерекшелігі, өзіндік универсализмі.
Қазақ мифологиясының зерттелу тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі - қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Бұл кезеңде мифология негізінен этнография ғылымының аясында зерттеліп, олардың басым көбіне европоцентристік көзқарас тән болды; екінші кезең қазан төңкерісінен кейінгі уақытты қамтиды. Бірақ, зерттеу жұмыстарының белсендітүрде жүргізілген уақыты өткен ғасырдың 50-80-жылдары. Бұл уақыттағы зерттеулерге мифологияны лингвистикалық тұрғыдан қарастыру тән болды; ХХ ғасырдың 90-жылдары отандық ғылым қазақ мифологиясын ұлттық философия негіздерін жасау ауқымында сөз ете бастады. Оның танымдық жағына екпін жасалды. Зерттеулер мәдениеттің ұлттық формалары шеңберінен шығып, жалпы теориялық, жалпы философиялық, жалпы адамзаттық мәнді мәселелерді көтерді.
Қазақ мәдениеттану тарихы мен тіл білімінде, әдебиеттануда мифология туралы деректердің іздері Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Қ,Жұбанов, М.Әуезов, Ғ.Марғұлан, Е.Тұрсынов, Ғ.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиев, А.Сейдімбек, С.Қасқабасов т.б. ғалымдардың еңбектерінде жалғасып жатыр. Олардың қазақ мифологиясы тарихына енгізген жаңалықтары мен үлестері аз емес.
Қазақ мифтерін зерттеу жұмысы соңғы жылдары қолға алына бастады. Фольклортанушы С.Қасқабасов пен Н.Мыңжанұлының арнайы зерттеулерінде қазақ мифтері мен мифтік аңыздардың табиғаты, тақырыптық аясы, тарихи даму жолдары тұңғыш рет жүйеленді. Бұл орайда ғалымдар қазақ мифтерінің ежелгі Грек, Рим, Египет, Қытай т.б. мифологиясы сияқты бас-аяғы жинақталмаған, тұтас жүйеге түскен, құлдық қоғамдағы қарым-қатынас пен басқару жүйесіндегі өзгешеліктерге сәйкес өңделмеген сипатын тарихи тұрғыдан ашып берді. Мұның себебі байырғы түркі тайпаларының құлдық қоғамға дейінгі дәуірдің рухани келбетін толық бейнелейтіндігімен түсіндірілді.
Қазақ мифологиялық ғылыми зерттеу мектебін қалыптастыру үшін үш кезеңді атап өтуге болады: бірінші кезең -- ықтимал мифтік сипаты бар сөздер мен ұғымдарды, аңыздар мен басқа да фольклорлық материалдарды жинақтап, олардың негізінде алғашқы мифологиялық түсініктердің долбарлы бағыттарын, үлгілерін, тұрақты трафареттерін анықтау. Оны географиялық "рекогносцировка" -- "алдын ала бажайлап-байыптау" деуге болады. Екінші кезең -- қазақ мифологиясының ғылыми пән ретінде тарихи даму, өзгеру, қалыптасу жолдарын, негізгі зерттеу нысандарын, әдістемелерін, теориялық ережелері мен жөн-жосықтарын бір арнаға түсіру. Үшінші кезең -- бастапқы ғылыми мифология пәнін рухани саланың мамандарының көмегімен (этнопсихолог, дін ғұламалары, философ, өнертанушы, мәдениеттанушы, социолог, тарихшы, этнограф, фольклоршы, т.б.) дамыған мифологиялық зерттеу мектептерімен (мәселен, европалық мектеппен) теңестіру. Қазақ мифологиясын зерттеуде сақталған жазба мұралар өте аз болғандықтан , басты назар қазақ тілі мен ауыз әдебиетіне аударылады.
Ағылшын ғалымы Э.Б.Тейлор мифтің мынандай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер.
Типалогиялық сипатына орай мифтерді: архаикалық немесе классикалық мифтер деп бөлуге болады. Қазақ мифтері ежелгі классикалық мифтер түріне өте жақын. Ежелгі классикалық мифтің мазмұны әлемнің (космостың) жаратылуы, алғашқы адамның дүниеге келуі мен оның жасампаздығы туралы болып келеді. Архаикалық мифтің кейінгі, адамзат қоғамы мен санасының ілгерленген кезеңіндегі мазмұны - адамды қоршаған ортаны, дүниенің пайда болу ерекшелігін, аңдар менжануарлардың мінез-құлқын түсіндіру. Бұл мифтік сананың кейінгі дамыған сатысы. Мұнда алғашқы қауым адамы өзін табиғаттан бөліп алып оған қарсы қоя бастайды.Табиғаттан маңайды қоршаған дүниеден, аңнан, құстан өзін ерекше екенін түсінген адам енді соның себебін іздеген. Сөйтіп ол өзі туралы, аңдар мен құстар туралы миф туғызған. Бұл кездегі миф бұрынғы ізбен, яғни ескі таным түсінікті пайдалана жасаған. Бірақ бұл уақыттағы миф түсіндірмелі сипатта болған, яғни олар түсіндірмелі мифтер тобына жатады.
Қазақ мифтерінің тағы бір ең байырғы түрлерінің бірі - жан-жануарлардың, өсімдіктердің қалай пайда болғандығы туралы түрлері. Бұлардың дені адамдарға да қатысты. Әсіресе, бір кездегі адамдардың жан-жануарларға, жәндіктерге, құстарға немесе олардың керісінше, адамға айналғандығы жайында мифтер өзінің қарабайырлығымен ғана емес, логикалық - құрылымдық жүйесінің де біртектестігімен де ерекшеленеді. Мифтің сананың алғашқы кезеңінде адамның жануарға не басқа заттарға айналуының себептері тіптен айтыла бермеген.

Адам мен жануарларды бөлмеу, адамды екі кейпті болады деп түсіну ол замандағы миф кейіпкерін жартылай адам, жартылай жануар түрінде бейнелейді, зооантропоморфтық образ жасайды. Бұл, әсіресе, тотемдік мифтерде кең етек алған.
Қазақ мифтерінің енді бір саласы адамдар, оның жаратылуы жайлы айтылатын антропогендік мифтер. Бұлар қоғамдық сананың едәуір биікке көтерілгенін айғақтайды. Себебі адамның өзі туралы, оның қайдан, қалай пайда болғандығы жайлы ойлау мифтік ой-сананың күрделене бастаған кезеңіне сәйкес.
Эсхатологиялық мифтер (ақырзаман жайлы мифтер) деп аталатын әңгімелер қоғамдық сананың салыстырмалы түрде жоғары деңгейде көтерілген тұсына сәйкес. Ақырзаман болған жоқ бірақ болуы мүмкін. Миф логикасына байланысты, барша дүниенің қалыпты жағдайы бұзылған кезде ақырзаман орнамақ. Мифтерде жасампаздық үш түрлі әдіспен, яғн и үш түрлі іс-әрекетпен жүзеге асады: а) құбылушылықтан пайда болған заттар; ә) сапар, саяхат кезінде пайда болған дүние; б) ұрлау, алып қашу нәтижесінде дүниеге келген нәрселер.
Үңгірге, жер астына кіріп, тас болып қатып қалған адам туралы миф қазақта кездеседі. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Қоңыр әулие деген үңгірде адам кескіндес үлкен тасты қатып қалған Қоңыр әулие деседі.
Күннің, айдың, жұлдыздардың пайда болуы туралы мифтер ең көне мифтер тобына жатады. Олар кейде солярлық, лунарлық, астральдық мифтер деп те аталады. Кейбір мифтерде олар адам ретінде суреттеледі, белгілі себептермен жерде тұрғанда аспанға көтеріліп кеткен, ал енді бірінде - күннің ғажайып бір жағдайлар әсер етеді.
Алғашқы зерттеулер қазақтағы кейбір мифтік тақырыптардың маңызды екендігін көрсетеді. Олар: а) аспандық мифология; ә) атқа байланысты мифология; б) ежелгі табиғаттың Құдай-аналары мифі; в) шежірелік мифология; г) күнтекті егіздер мифологиясы; д) дуалистік мифология; е) тұрмыстық төменгі мифология - пері-нама, т.б. Бұл аталғандарға қазақта фальклорлық материалды толықтай зерттегеннен соң пікір айтуға болады. Ең бастысы қазақ тілі - мифтану үшін ең негізгі қайнар көзі болып табылады.
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді ұстанады. Мұндай пікірталастың себебі, ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамдағы дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күші, күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері
Түрік мифологиясының құдайлары
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Қазақ мифологиясы
Қазақ фольклорының тарихы және фольклористика ғылымы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты
Көктүрiктер мифологиясындағы космогониялық әлем
Пәндер