Жайық өзенінің орналасуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Жаратылыстану ғылымдары

Жайық өзенінің геоэкологиялық проблемалары

Орал, 2022

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Батыс Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттамасы
1.1 Батыс Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жайық өзенінің физикалық-географиялық орналасуы ... ... ... ... ... ..6
1.3 Өзенінің флорасы мен фаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.4 Жайық өзенінің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...12
1.5 Трансшекаралық Жайық өзені ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...15
ІI. Жайық өзенінің геоэкологиялық проблемалары
2.1 Жайық өзенінің экологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...18
2.2 Өзеннің экологиялық мәселелерін шешудегі атқарылған жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе
Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі - 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі. басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды (төменгі ағыс, аралығы 840 км.). орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м. Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады. орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған. Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Су - әлемнің ең үлкен байлығы. Бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр. Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Анарктида, Греландия, полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды Жердің бетіне бірдей етіп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53м қабат түзген болар еді. Бірақ осындай тұщы су қорын пайдалану әлі күнге мүмкін болмай отыр. Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су жүйесін бүлдірумен аяқталады. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан су азайған кезеңде облыстың халық шаруашылығы қиын жағдайға ұшырамау үшін оның тұрақты керекті қорын есепке алып отырған жөн.
Облыста негізгі су қорының бірі-Жайық өзені. Бірақ Жайық өзенінің қазіргі суының тапшылығы мен ластануы жергілікті халықты, тіпті бүкіл елді алаңдатуда. Сонымен бірге Жайық өзені суының кемуі жер асты суы деңгейінің төмен түсуіне, сөйтіп гидрографиялық жүйенің жойылуына,өзен жайылмасының құрғауына және жағалаудағы ағаш пен бұталардың азаюына әкеліп соқтырады.

Зерттеудің мақсаты: Жайық өзеніне сипаттама беру. Жайық өзенінің негізгі ластаушы көздерін қарастыру. Жайық өзенінің таязданып, су қорының азаюының себептерін қарастыру. Ластанудың сандық көрсеткіштерін және олардың соңғы кезеңде өзгеру динамикасын келтіру. Осыған сәйкес тиісті материалдарды пайдалану. Өзенінің ластану, таяздану процестерінің алдын алу шараларын іздестіру. Су экожүйесін сақтап қалу.

Зерттеудің міндеттері:

1.Жайық өзенінің ластану серпініне талдау жасау.
2.Жайық өзенінің әр түрлі учаскелердегі ластану сипатын зерттеу.
3. Жасанды ластануды болдырмауға ат салысу.
4.Қорытынды жасау.

Зерттеу объектісі: "Жайық" өзенінің экологиялық проблемалары туралы сипаттама беру.

Зерттеу пәні: Экологиялық процестер үрдістерін, ластанудың сандық, сараптық көрсеткіштерін талдау.

І. Батыс Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттамасы.
1.1Батыс Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттамасы.
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік батысында орналасқан. Ол оңтүстіктен, солтүстікке 425 шақырым, батыстан шығысқа 585 шақырым, жалпы 15,1 млн га жерді алып жатыр. Қазақстан территориясының 5,9 пайызын құрайды. Өзінің көлемі жөнінен кейбір Еуропа елдерінен әлдеқайда үлкен. Ал Қазақстан Республикасының 14 облысының ішінде жер көлемі жөнінен 8-ші орында. Жайық өзенінің екі бетіндегі кең жазықты, қыратты аймақта орналасқан.
Оның физикалық-географиялық жағдайы жөнінен мына ерекшеліктерді атап өтуге болады.
Облыстың территориясы 480 51 3511 солтүстік ендік және 450 301 540 351 шығыс бойлықтарды қамтиды.
Еуразия континентінің ішкі ауданында жатыр, яғни Атлант мұхитының және оның теңіздерінен 2,5 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Солтүстік мұзды мұхит ауданымен екі ортадағы қашықтық керісінше анағұрлым жақын, сондықтан оның климатының қатаң континентті болуына, сонымен бірге топырақ жамылғысымен, өсімдіктер дүниесіне, жалпы табиғатына үлкен әсер етеді.
Облыстың территориясы жазықты-қыратты жер бедерінен тұрады. Ең биік нүктесі 235 м Ембі үстірті. Каспий маңы ойпатының 0 м депрессиясы Калмыково елді мекенінің ендігінен басталады.
Жалпы территориясының дала, шөлейт, шөл зонасында орналасуы адам өміріне онша қолайсыздық жасамайды. Жайық өзені және оның су жинау алабы облыс табиғатына өзіндік әсерін тигізеді.
Облыстың территориясының табиғи шекарасы Ресейдің Астрахан, Волгаград облыстарымен Каспий маңы алабымен өтеді, Саратов, Самара облыстарымен Жалпы сырт сілемдерімен, Қазақстанның Ақтөбе облысымен Ембі үстіртінің бөктерімен, ал Атырау облысымен Каспий маңы ойпатының Нарын, Тайсойған құмдарының етектерін қамтиды (картосхема 1).
Батыс Қазақстан облысы 1932 наурыздың 10-шы жұлдызында құрылған болатын. Осы кезден бері территориясында, шекаралық өзгерістер болған жоқ (картосхема 2).

1-ші карта-схема

2-ші карта-схема

Жайық өзенінің физикалық-географиялық сипаттамасы.

Батыс Қазақстан облысының жер беті сулары. Батыс Қазақстан облысының өзендері тұйық алапқа жатады. Бұл негізінен геологиялық құрамына, климатына байланысты. Облыс территориясында 200-ден астам өзендер мен өзеншелер бар. Олардың жалпы ұзындығы Жайық өзенін қоспағанда, 4600 шақырым. Осы өзендердің 80-нен астамының су ағыстары уақытша, жаздың аяғында құрғап кетеді, өзендердің жалпы су қоры 2024 млн. текше метр. Ең үлкені Жайық өзені. Оның Батыс Қазақстан облысы территориясындағы ұзындығы 500 шақырым, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы су мол өзендердің бірі болып саналады.
Облыстың өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп Каспий теңізіне құяды. Жайық өзенінің оң жағындағы негізгі салаларына - Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған, Деркөл, ал сол жағалауындағы өзендерге - Елек, Шыңғырлау, Барбастау, Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзенініне суы мол жылдары ғана қосылады.
Жайық бастауында жер бетінің деңгейі 637 метр биікте, ал Каспий теңізіне құяр жері - теңіз деңгейінен 27-28 метр төмен жатыр. Сондықтан Жайық өзені арнасының құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см-ге төмендеп отырады. Ал көршілес жатқан Еділ өзенінің құлау бұрышының деңгейі Жайықтан 4 есе аз.
Жайық өзені көктем кезінде тасыған кезде бірнеше шақырымға жетеді. Өзеннің тасуы сәуір айының екінші жартысынан басталады да, мамыр айының орта кезінеде су ең жоғарғы деңгейге жетеді. Өзен сонымен қатар балығының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол қызыл балықтың негізгі мекені болып келеді. Бекіре балықтың үштен бір бөлігі, шоқыр балықтың 70 пайызы, беріп отыр.
Жайық - Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен.

1-кесте. Жайық өзенінің орналасуы

ОРНАЛАСУЫ
Ел
Ресей,Қазақстан
Аймақ
Орынбор облысы, Башқұртстан Республикасы, Шүлбі ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы

Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқортостан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады.

1-сурет Жайық өзені

Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады.
Өзен жоғарғы ағысында - қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді.
Өзен бастауынан Орск қаласына дейін, яғни жоғары ағысында солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта ағады.
Бұл жерде өзеннің тереңдігі - 3 м. Өзеннің бұл бөлігі тау өзеніне тән сипат алады. Орск қаласынан 70 км жерде Ириклинск су қоймасы орналасқан. Бұл плотина су деңгейін 30м-ге дейін көтерді.
Көктемгі су тасу кезінде су қоймасы сумен толығып, жыл бойы шамамен судың жартысына жуық көлемін өзенге беріп отырады. Орта ағысында Орск қаласынан Оралға дейін өзен кең жазықпен ағып, жазық өзеніне тән сипат алады. Бұл бөлікте өзен деңгейінің орташа төмендеуі 1 км-ге 10-20 см, яғни өзен ағысы баяулайды. Өзеннің орташа көпжылдық шығыны Орск қаласында 33 м³сек. (Ауытқу 7,0 - 88 м³сек). Оренбург қаласы аймағында Жайық өзеніне оның ең үлкен оң жақ саласы Сақмара келіп құйылады. Сақмара ұзындығы 761 км, ауданы 29,1 мың км². Сақмара алабында ормандар көп. Орынбор облысының аумағында Сақмараға 290 өзен келіп құйылады. Сақмара сулылығы жөнінен Жайықтан 1,5 - 2,0 есе асып түседі, Жайықтан айырмашылығы ағысы бірқалыпты және мерзімі ұзақ. Жайық өзенінің су шығыны Сақмара келіп қосылғаннан кейін 110 м³сек дейін өседі.[8]

2-кесте. Жайық өзені деңгейінің аясы:

Айлар
Өзен деңгейінің аясы

2013 ж
2014ж
2015 ж
2016 ж
2017 ж
2018 ж
2019 ж
Қаңтар
-26, 69
-26, 72
-27, 01
-27, 06
-27, 14
-27,14
-27, 23
Ақпан
-26, 70
-26, 74
-27, 04
-27, 02
-27, 13
-27, 13
-27, 21
Наурыз
-26, 68
-26, 72
-27,03
-27, 05
-27, 08
-27, 12
-27, 22
Сәуір
-26, 65
-26, 71
-26, 96
-27, 03
-27, 05
-27, 10
-27, 18
Мамыр
-26, 57
-26, 69
-26, 99
-26, 97
-26, 99
-27, 06
-27, 07
Маусым
-26, 49
-26, 69
-26, 89
-26, 94
-26, 88
-26, 93
-27, 01
Шілде
-26, 44
-26, 71
-26, 82
-26, 93
-26, 92
-26, 94
-27, 05
Тамыз
-26, 46
-26, 75
-26, 87
-26, 99
-26, 93
-26, 91
-27, 12
Қыркүйек
-26, 59
-26, 85
-26, 98
-26, 98
-27, 05
-27, 07
-27, 20
Қазан
-26, 68
-26, 93
-27, 02
-27, 00
-27, 11
-27, 14
-27, 11
Қараша
-26, 72
-26, 96
-27, 10
-27, 04
-27, 14
-27, 17
-27, 14
Желтоқсан
-26, 72
-26, 98
-27, 10
-27, 06
-27, 15
-27, 21
-27, 15
Жыл
-26, 62
-26, 79
-26, 98
-27, 01
-27, 05
-27, 08
-27, 05

Өзеннің су жинауы және режимі: Жайық өзені қар суымен толысады. Өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып, көктемде қар еріген мезгілде тасиды. Өзеннің беті қарашаның соңынан сәуірдің басына дейін 120-130 күндей мұз құрсанады.Өзеннің тасуы наурыздың соңы мен сәуірдің орта шамасында басталады да, сәуір айының соңында, мамыр айының орта шенінде өзінің жоғарғы деңгейіне жетеді.Мұздың еруі төменгі ағысында наурызда басталады, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Мұз қалыңдығы орташа 30-50 см шамасында болады. [7. 4-5]

Өзеннің флорасы мен фаунасы

Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.
Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.
Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.
Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.
Ақбалық - дүние жүзінде Каспийде және оның салаларынан басқа жерде кездеспейді. Оның уылдырық шашатын орны толық анықталмаған. Ақбалық Каспийден Жайық өзеніне қазан, наурыз айларында өтеді.
Ақбалықтың жақын туысы нельма Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде тіршілік етеді. Ғалымдардың болжамы бойынша мұз басу кезеңінен соңғы кездерінде Кама, Волга арқылы Каспийге жеткен. Кейіннен түрлерін өзгертіп ақбалыққа айналған.
Минога - паразиттік тіршілік етеді. Балықтардың еттерімен, қандарымен қоректенеді. Миноганың ересектері Жайыққа күзде өтеді. Әсіресе бұл балық айсыз қараңғы түндері активті тіршілік етеді. Наурыз, маусым айларында Сакмара бассейніне уылдырық шашады. Уылдырық шашып болғасын өліп қалады.
Көксерке - Қазақстанның барлық дерлік су қоймаларына таралған жыртқыш балық. Еті өте дәмді, ұсақ қылтандары болмайды. Көксерке өзен, көлдерде, теңізде тіршілік етеді. Көбінесе судың түбінде болады, кейде оның бетіне де көтеріледі. Ол планктонға бай, оттегі мол қоймаларды ұнатады. Көксерке лайлы, сондай-ақ жағаларында өсімдік өскен суқоймаларында тіршілік ете алмайды. Өзен атыраулары мен өзен жағаларында қиыршық тасты жерлерге сәуір мамыр айларында судың температурасы 10-16° болғанда уылдырық салады.
Шортан - Қазақстанның барлық өзен-көлдерінде кеңінен таралған, тек Алматы облысының қоймаларында жоқ. Шортан тұщы суда да, ащы суда да өмір сүре береді. Ол өзендердің негізгі арнасынан аулақтап, дара-дара болып жүреді. Уылдырық шашқан кезде және күзгі салқында шоғырланып үйірленеді. Су балдырлары өскен, тайыз суларды мекендейтін жас шортандар терең шұңқырлар мен су айрықтарында қартаң шортандарға қарағанда едәуір ақшыл келеді.[11. 21-22]
Жайық өзенінің Каспий теңізінің жағалауына жалғасқан атырауы ерекше қорғауға алынған аймағында түрлі 29 экологиялық жүйеде қазіргі кезде өсімдіктер мен жануарлардың 3000 астам түрлері өмір сүреді. Соның ішінде:
· Өсімдіктердің 560 гидрофилдік және гидроморфтық түрлері;
· 2000 жуық жер беті және су омыртқасыздары;
· балықтың 76 түрі;
· қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі;
· құстардың 292 түрі;
· сүт қоректілердің 78 түрі бар.
Тізілгендердің ішінде өсімдіктер мен жануарлардың 36 түрі сирек, ерекше қорғалатын және эндемикалық санатына жатады.Жайық өзені атырауының су құстары популяциясының мекен етуіне жайлы жағдай қамтамасыз етудегі ерекше маңыздылығын атап өте кету керек. Аталған аумақ арқылы Қазақстандағы, Батыс және Орталық Сібірдегі ұя басу жерлерін Қара теңіз - Жерорта теңізі бассейні, Орталық және Батыс Еуропа жерлеріндегі қыстаулармен байланыстыратын неғұрлым белсенді және күш түсетін еуразиялық көші-қон жолдары өтеді. Сонымен бірге бұл аумақ бірінші кезекте бекіре тұқымдастары сияқты көшпелі және жартылай көшпелі балықтардың популяциясын сақтау жөнінен де маңызы зор. Жылына екі рет - өзенге уылдырық шашуға енгенде және шабақтардың кейін қарай теңізге қайтуы кезінде балықтың әр түрлері атырау учаскелерінде көптеп жиналады.
Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.
Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды.
Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл - Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.
Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды.
Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады.
Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.
Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі.
Әсіресе, құс қанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жапалақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді.
Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған .
Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі.
Кирсанов кешенді қорықшасы ,жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандары сақталған.Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиреп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген өсімдік түрлері өседі ( қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары да табылады.

1.4 Жайық өзенінің зерттелу тарихы

Бірде-бір өзен Жайық өзені сияқты бірнеше атауларға ие болмаған шығар. Біздің эрамыздың V ғасырға дейін Жайық Ликос деп аталған. Шалғынды жерлерді, су іздеп өзен жағалауларын түрлі ордалар қоныстанған және өзенге түрлі атаулар беріп кеткен.Түрікше өзен атауы Даикс, қазақша Жайық, Монголша Яик деп аталған. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл атау түріктің Яикман деген сөзінен шыққан. Яикман үлкен, көлемді жерге жайылу дегенді білдіреді. Ал Яик сөзінің өзі Ерекше, ыңғайлы жер деген мағынаны білдіреді.
Жайық өзенінің алабы көп жылдар бойы Еуропа мен Азия елдерінің сауда қатынасы жолдарының қақпасы болды. Ұлы Жібек жолы бойында жатуына байланысты облыс табиғаты ежелгі грек, араб жазушылары мен жиһанкездерінің қолжазба еңбектерінде де сипаттап жазылды.
Солтүстік Каспий өлкесі туралы алғашқы географиялық мәліметтерді б.з.б. V - ғасырдың 40-30 жылдарында жазылған ұлы грек ғалымы әрі саясатшы Геродоттың Тарих деген еңбегінде кездестіруге болады. Онда Каспий теңізі және оның солтүстігінде жатқан территориялар жөнінде біршама мағлұматтар келтірілген.
Геродоттың: Каспийден солтүстік бағытқа қарай көз жеткіссіз кең дала созылған, ол одан әрі тасты таулы өлкелерге айналады, - деген сипаттамасынан әңгіме қазіргі Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт пен Орал таулары жайында болып отырғанын байқауға болады. [12]

2-сурет.

Ал б.з-дың 90-168 жылдары өмір сүрген атақты грек ғалымы Клавдий Птолемейдің картасында қазіргі Жайық өзені Даикс деген атпен берілген және оның Каспий теңізіне құйып жатқаны түсірілген. Бұл - Жайық өзенін және Каспий маңы ойпатының аумағын картада кескіндеген тұңғыш георафиялық еңбек еді. Б. з.-дың IV ғасырында Жайық өзенінің алқабын ғұндар тайпасы, одан кейін печенегтер, қыпшақтар қоныстанған. Бұл өлкенің үстімен өткен керуен жолдары Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы байланысты күшейте түседі. Одан беріректе Жайық өңірі туралы мәліметтер X-XII ғасырлардағы араб саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі.
Мароккадан шыққан атақты араб саяхатшысы Ибн Баттута 1333 жылы Жайық өзенінен өтеді. Ол өзінің күнделік жазбаларында осы өлкенің өзен-су, мал жайылымдары жөнінде және Жайықтың бойындағы Сарайшық қаласы туралы мәліметтер келтірген. Ол 1334 жылы Алтын Орданың астанасы Сарайдан (Берке-Сарай) Кіші Сарай қаласына келгендігі, қала Ұлысу (Жайық) өзенінің жанында және онда Бағдаттағыдай жүзбелі көпір барлығы туралы жазған. Сарайшық қалалары туралы ағылшын Антоний Дженкинсон (1557-59), хиуалық Баһадүр де жазып қалдырған.
Жайық атырауының алғашқы нақты географиялық карталары мен нақты сипаттамалары 1627 жылы Ресейде құрастырылған Үлкен сызба кітапта келтірілген: Жайық, Ойыл, Сағыз, Гемрека (Жем) т.б. алаптары қағаз бетіне түсіріліп, жан-жақты дерегі берілген.
Қазақ ел болғалы өзінің ежелгі де қасиетті су айдындарын - Жайылым деп еркелете, оған арқа сүйеген, сенген де сиынған. Өзен де өз тарапынан ғасырлар бойы халқына пана және нәр бола білді. Ресейдің патшасы 1775жылы өзеннің ежелгі атын халық санасынан мүлдем жойып, содан былай Орал атауға арнайы жарлықпен бұйырса да, барша қазақ үшін өзен үнемі Ақ Жайық болып қала берді.
Еліміздегі жер - су аттарының тарихы әлі күнге дейін әрқилы пікірдің шеңберінен шыға алмай жүр. Топонимиканың бір саласы - гидронимға жататын, суын ішіп, тұнық ауасын жұтқан Жайық атауы қайдан шыққан?
Жайық сөзінің түп негізі дайх сөзінен тарайды деген пікір бар. Дайх сөзін біздің тілмен сүзгілеп қарасақ, асыраушы өзен деген мағынаны білдіреді. Алтайлық түркілердің диалектісінде Дайық деп атайды.
X ғасырда араб саяхатшысы Ибн Фадлан Бұлғар мемлекетіне саяхат деген жазбасында: Жайықтай зор, ағыны қатты өзенді алғаш көріп отырмын,-деп жазады. 921 - 922 жылдары халиф елшісімен бірге Бұлғар мемлекетінде болып, Жайық өзені бойымен жүріп өткен. Бұл туралы шығыстанушы А.П.Ковалевскийдің еңбектерінде кездестіруге болады. Ибн Фадлан өз жазбасында: ... Потом мы прибыли к печенегам.Они стояли у воды, напоминающий настоящее море, - деп Шалқар көлі туралы жазады. Жазбаларын сараптап қарасақ: ... У печенегов мы стояли один день. Потом отправились в путь и сделали остановку у реки Джайх. Через много дней пути нам пришлось переправляться через реку Джаха. Бұл жердегі Джаха атауы Шаған өзені болып саналады. Бұл туралы академик И.Ю.Крачковскийдің еңбектерінен байқауымызға болады.
Ақын - жыраулардың поэзиясында Жайық атауы жиі қолданылады. Мысалы, Доспамбет жырау:
Айналайын, Ақ жайық!
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңісі биік боз орда,
Еңкейе кірер күн қайда?, - деп Жайыққа деген перзенттік сезімін білдіреді.
Ақберен ақын Махамбет Өтемісұлы:
Еділімді көрім емсеген,
Жайықты көріп жемсеген.
Таудағы тарлан шұбар біз едік,- деп елге деген сағынышын жеткізеді.
Емсеген сөзі - аңсау,жемсеген сөзі - қалау, тілеу деген мағынаны білдіреді.
Жерұйық іздеген Асан Қайғы бабамыз:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа,-деп патриоттық рух береді.
1249 жылы Карпини, 1253 жылы Рубрук Жайық бойына саяхат жасады. Карпини Моңғолия сапары туралы жазған История монголов атты еңбегінде Жайық өзенін Яик деп атайды. Ал, Коволевскийдің Монголо - русско - французский словарь атты еңбегіне назар аударсақ, Яй немесе Джай - орын, кеңістік ұғымдарын білдірсе, ийк - ерекше ескі қорған деген мағынаны білдіреді. Ал, Ә.Әбдірахмановтың зерттеулеріне сүйенсек, Жайық сөзінің көне формасы жазық деген ұғымды білдіреді. Жалпы, - ақ, - ық, - ұқ, - үк жұрнақтары түркі тілдерінде өте өнімді қолданыс табатындығын Э.В.Севортянның еңбектерінен аңғарамыз. В.В.Радловтың еңбектерінде йайықта сөзінің түп тамыры - тасқындау, толығу деген мағынаны білдіреді. 1775 жылы II Екатерина патшайымның Жарлығымен Жайық өзені Урал деп аталды.

Трансшекаралық Жайық өзені

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінде орналасқан трансшекаралық өзендердің бірі ұзындығы 2428 км болатын Жайық өзені. Су жинау алабы -- 231000 км2. Бассейн су ажырататын Орал-Тау жотасы (теңіз деңгейінен 700 - 900 м) және Жалпы Сырт төбесімен қалыптасады. Жайық өзені Башқұртстан Республикасы Баранкулов ауылынан 18 км-де орналасқан таулы массивтерден бастауын алады. Башқұрстан жерімен ағып, Челябі,Орынбор облыстарын басып өтеді. Өзенге жоғарғы ағысында (Бастауы-Орск) 13 сала, орта ағысында (Орск-Орал) 14 сала келіп құяды. Қазақстан территориясындағы Елек өзені сағасынан бастап Батыс Қазақстан және Атырау облыстарымен ағып Каспий теңізіне құяды.

3-сурет.Жайық өзенінің Қазақстан территориясындағы бассейні

Жайық өзенінің Қазақстан территориясындағы бассейні Өзен жоғарғы жағында оңтүстікке қарай ағып жатыр. Өзен бастауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайық өзені алабындағы өзендер
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Жайық өзені туралы
БҚО Зеленов ауданының жерін есепке алу
Батыс Қазақстан ауданы
Батыс Қазақстан облысының топырақ картасы
Жүздік құрылым туралы
Пәндер