Баскетбол шеңбері қалқанға бекітілген арқанды торы бар темір шеңбер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ

А. А. Сандыбаев

«Дене тәрбиесі» пәнінен

Баскетбол ойындарының ережесі туралы практикалық сабағына арналған

Әдістемелік нұсқау

ШЫМКЕНТ - 2020

Құрастырған оқытушы: А. А. Сандыбаев

«Дене тәрбиесі» пәнінен Баскетбол ойындарының ережесі туралы практикалық сабағына арналған әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжі. Шымкент, 2020- 47 бет.

«Ақпараттық технология және экономикалық пәндер» кафедра отырысында қаралды және мақұлданды

"" 20 ж. № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі Алменова Ф. Б .

(қолы) Т. А. Ә.

Әдістемелік кеңес төрағасы Г. Е. Садуакасова

Колледждің әдістемелік кеңес хатшысы Г. Ж. Қалдыбекова

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ, 2020

Мазмұны

Кіріспе . . .
4
: 1.
Кіріспе . . .: Ойынның сипаты
4:
: 1. 1.
Кіріспе . . .: Ойын туралы заманауи көзқарастар . . .
4: 9
: 1. 2.
Кіріспе . . .: Әлемдік баскетбол тенденциясы . . .
4: 14
: 2.
Кіріспе . . .: Ойын әдістері
4:
: 2. 1.
Кіріспе . . .: Негізгі ережелер . . .
4: 17
: 2. 2.
Кіріспе . . .: Ойын әдістерінің жіктелуі . . .
4: 19
: 2. 3.
Кіріспе . . .: Шабуыл әдістері . . .
4: 22

Кіріспе

Баскетбол (ағылш. себет және доп) доппен ойналатын командалық спорт ойыны, онда спортшылар допты жүргізіп, оны әріптесіне беріп, 3, 05м биіктікте бекітілген қарсылас қалқанының шеңберіне көп рет қолмен доп салуға тырысады. Алаңда әрбір командада бес-бестен ойыншы шығады. Замануи баскетбол 1891ж. АҚШ-та Спрингфилд колледжінде дүниеге келген, оны колледждің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Джейль Нейсмит ойлап тапқан. Нейсмит баскетболды жастарды қызықтыратындай ойын элементтерін дене дайындығына ендіру үшін ойлап тапты. Алғашқыда допты спорт залдың қабырғасына бекітілген жеміс-жидек себетіне салды. Баскетбол қалқаны 1892ж. ендірілді. бір жыл өткен соң тоқылған себеттер орнына арқанды торы бар темір шеңберлер келді. Бұл торда доптар бильярд лузасындағыдай кептеліп қалатын. Сондықтан алғашқыда қалқанға сүйеп қойылған баспалдақ сатымен өрмелеп шығатын, ал 1990 «себеттің түбін сөгу» қажеттігі туындап, себеттің түбін кесті. Сонымен салынған доптарды алу қиыншылығы тоқтады. 1932 халықаралық әуесқойлар баскетбол федерациясы (ФИБА) құрылды. 1935 бастап ерлер арасында, үш жылдан кейін әйелдер арасында ЕЧ өткізіле бастады. Ерлер командасы арасында 1950 жылдан бастап, әйелдер арасында 1953 жылдан бастап әлем чемпионаты өткізіле бастады. Баскетболдан бірінші көрсеткіш турнир 1904 жылы болды, тек 1936 жылдан бастап баскетбол олимпиада бағдарламасына тұрақты ендіріле бастады. 1936 жылы бірінші ресми олимпиадалық баскетбол турнирінде ойын жеңімпазының медалі Дж. Нейсмитке де тапсырылуы таңқаларлық жағдай. Онда ол 74 жаста болатын және ойнамағанына да біраз болған, бірақ баскетболдың атасы ретінде мақтауға ие болды.

Допты жұлып алу баскетболда қорғаныстық амал әдісі. Оны орындаған ойыншы допты мүмкіндігінше тереңдей қамтып, өзіне қарай қарсылас қолынан тартып алады. Жұлқа алуды өте қысқа орындайды. Қарсыласының қарсы әркетіне төтеп беру үшін жұлып алуды денені бұра орындайды, яғни бұл жұлқы күшін арттырады.

Баскетбол шеңбері қалқанға бекітілген арқанды торы бар темір шеңбер. Тор 3-4 мм диаметрлі шыршықталған қағаз-мақта жіптен дайындалады. Дұрыс тоқылған торды айнала қоршаған 22 немесе 11 ұяшық болады, ұзындығында 9 қатардан құралады. Ұяшық мөлшері қатардан қатарға қарай кішірейіп, конус пішінінде болады, яғни түбіне қарай тарылады. Тордың төменгі бөлігі қысқаша өсінділермен аяқталады. Тордың мөлшері: ұзындығы-760 мм, жоғары бөлігінің ең үлкен диаметрі-470 мм, шеңберге ілгішпен немесе жақтаумен ілінеді. Шеңбер диаметрі-450 мм. Шеңбер жасалған қамшыны кесіп өту диаметрі 20 мм. Шеңбер қалқанмен қарыла жалғасқан Кронштейнмен және екі жақтама ұстынмен жалғасады. Кронштейннің төменгі бөлігімен шеңбердің орталығымен біріктірген тік береді. Кронштейн қалғанқа бекітіледі. Органикалық әйнектен жасалған қалқандағы болттардың төменгі жұптары темір жақтау аралығымен өтеді. Шеңбер қалқанға көлденең жазықтықта ғана орналасады.

Баскетбол добы қою сары шар түрінде болып, қабығы теріден, резеңкеден немесе синтетикалық материалдан жасалуы тиіс. Доптың жалпы көлемінің ұзындығы 74, 9 см-ден төмен және 78 см-ден көп болмауы тиіс. Оның салмағы 567 мен 650 гр арасында болуы тиіс. Ол 1, 80 м шамасындағы биіктіктен онйы, алаңына түскенде допты төменгі бөлігі мен есептегенде, доптың жоғары бөлігінмен есептегендегідей 1, 20 мен 1, 40 аралығындағы биіктікке ұшатындай ауа қысымымен толтырылған болуы тиіс. Доптағы тігістердің немесе сайлардың ені 6, 35 мм-ден аспауы тиіс.

Баскетбол алаңы кедергілері жоқ, тікбұрышты жазық қатқыл беткі жазықтық болуы тиіс. ФНБА-ң басты ресми жарыстары үшін шектеу сызықтарының ішкі диегімен өлшегендегі ойын алаңының көлемінің ұзындығы 28 м, ені 15 м болуы тиіс. Қалған басқа жарыстарға арналған алаң үшін аймақтық комиссия көлемін ұзындығы 4м кем, ені 2м кем, вариациялары бір-біріне тең келіп, үйлесетін ойын алаңдарын бекітуге құқылы болып табылады. Ең төменгі заттан алаң төбесіне дейінгі биіктік 7м-ден кем болмауы тиіс. Ойын ойнайтын беткі қабат біртегіс және жеткілікті жарықталған болуы тиіс. Жарық көздері ойыншыларға кедергі келтірмейтін орында болуы тиіс. Барлық жаңа алаңдар ФИБА-ның басты ресми жарыстарына арналған талаптарға сәйкес, атап айтқанда 28х15м болуы тиіс.

Баскетболдағы бұрылыс-әдістік амал онда қолында добы бар ойыншы бір аяғын алаңнан ажыратпай бұрып, келесі аяғын кез-келген бағытқа ауыстырады.

Баскетбол шеңберінің құрылысының көлемі . Шеңбер қою сары түсті қатты металдан жасалған шеңбер мен тордан құралады, оның ішкі диаметрі жағы (45см) . Шеңбер қалқанға жоғары тұратындай, шеңбер торы қалқанының қаптал жиегінен бірдей алшақтықта бекітіледі.

Баскетбол бағаны органикалық әйнектен жасалған немесе ағаш қалқанды (шеңбермен және тормен) қажетті биіктікте ұстап тұру үшін қажет. Еденге бекітілуі әдісі мен құрылысына қарай баған тұрақты ауыспалы және жинамалы болады. Труба немесе пішінде болат арқалықтан жасалған Г-түріндегі металдан құралады және пішінге болтпен бекітіледі. Тұрақты мығым болу үшін пішін топыраққа немесе төменгі қабатқа бекітіліп, салмақты жүкпен бастырылады. Құрастырмалы бағанның бөлшектегі жиналады, ол тасымалдау және сақтау үшін қолайлы.

Стритбол. Баскетболдағы аулада «үшке үш» ойналатын ойын. НБА жұлдыздарының қатысуымен өтетін ойындар ойыншылардың жоғары шеберлігі арқасында нағыз қызықты ойын болады. Стритболдың ұйымдастырушысы «Adidas» фирмасы мен «Sprite» сауда маркасы. Сол арқылы Стритбол 1992ж. бастап Еуропада, ал 1997ж. Бастап Ресей мен Қазақстанда, кеңінен танылды.

Стритбол ойынының ережесі өте қарапайым: 4 ойыншыдан құралған екі команда (3-і алаңда 1-уі қосымша) бір шеңберге доп салып ойнайды. Шеңберге тасталған допты егер ол шабуылдаушы командадан екі ойыншы допқа қол тигізгенде ғана саналады. Доп шеңберге нәтижелі түскеннен кейін әрбір ретте доп қорғанушы командаға өтеді. Команданың әрбір нәтижелі салынған добына 1 ұпай, 6, 25 метрлік сызықты шамасынан дәл салынған допқа 2 ұпай саналады. Команданың бірі 16 ұпай алған соң немесе арадағы есеп 8 ұпайға тең немесе ойынға бөлінген 20 минут уақыт бітуімен ойын аяқталады.

Төрешілер мен олардың міндеттері. Торешілер аға төреші және секундомерші, хатшы, хатшының көмекшісі мен оператор көмектесетін төрешілерден сайлануы тиіс. Сондай-ақ техникалық комиссар да бола алады, оның міндеті арбитрлардың жұмысын қадағалап, аға төреші мен төрешінің табысты ойын барысын бақылайды. Арбитрлар мен олардың көмекшісі ойынды Бүкіләлемдік техникалық комиссия белгіленген ФИБА ресми интерпретациялы ережелері сәйкес жүргізу тиіс. Аға төреші аталған ойында алаңда көрсетілген ойын ұйымдастырылуымен байланысты болмауы тиіс. Арбитрлар мен олардың көмекшілері және техникалық комиссар ереженің өзгеруіне ешқандай келісім бермеуі тиіс.

БХӘФ . Баскетболдан Халықаралық Әуесқойлар Федерациясы 1932ж. құрылған. ХДК-де қабылданған Қазақстан баскетболшылары БХӘФ-ға мүшелікке 192ж. кірді. Федерацияның мақсаты мен міндеті жарысты ұйымдастырып, әуесқойлар баскетболының дамуын бақылау болып табылады.

Фол. Қарсыласымен жеке байланыс барысында ереже сақтамау немесе бейспорттық мінез-құлық:

1) Жеке фол-бұл доптан тыс қарсылас ойыншысымен байланысқан ойыншыға берілетін фол.

2) Ойыншы қарсыласын ұстап қалуға, итеруге, аяқтан оның қозғалысына кедергі жасауына, қолын, аяғын, тізесін, шығын, сондай-ақ өз денесін еріксіз иіп бөгет жасауға құқығы жоқ. Ол дөрекі амал қолданбауы тиіс. Жеке фол барлық жағдайларда сондай-ақ лақтыру барысында қатыспаған тәртіп бұзушыға да қатысты тіркеледі; ойын тәртіп бұзбаған команданың фолға жақын жерден алаңға доп тастауымен онда ол есептелініп, бір доп салынбаса, онда ол есептелініп, бір айып добын салу құқығы, ал екі ұпайлық лақтырудан доп торға түспесе, екі айып добын салуға рұқсат беріледі. Егер үш ұпайлық лақтырудан торға доп түспесе, үш айып добын салуға рұқсат беріледі. Ойыншының техникалық фолы-бұл қарсылас ойыншысымен байланысы жоқ ойыншының барлық фолы.

Қалқан монолиттік қиықшадан қолайлы мөлдір материалдан жасалады. Олар қалыңдығы 3 см қатты ағаштан жасалып, ақ түске бояуы мүмкін. Қалқанның көлемі көлденеңінен 180 см, еденнен 290 см биіктікте төменгі жиегінен тігінен өлшемгенде 105 см болуы тиіс. БХӘФ-ның тиісті құрылымы, сондай-ақ аймақтық комиссиясы аймақтық немесе құрылымдық жарысты өткізгенде, сондай-ақ Ұлттық Федерациялар ішкі жарыстар өткізгенде көлденеңінен 180см, еденнен 275 см, биіктікте төменгі жиегінен тігінен санағанда 120 см көлемдегі қалқанды құруға рұқсат бере алады.

  1. Ойынның сипаты

1. 1 Ойын туралы заманауй көзқарастар

Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады.

Ойын мақсаты - қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу.

Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.

  • соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85 ұпай) ;
  • аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 сеундта есеп өзгеріп отырады) ;
  • тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес.

Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі, өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.

Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты бағытта жүргізіледі:

  • орталық ойыншы - бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді болуы тиіс;
  • шеткі шабуылшы - бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;
  • қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді болуы тиіс.

Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу - ойын әрекетінің негізгі принциптерінің бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай да ажыратады.

Ойын әрекетінің нәтижелігі мидың уақытқа шапшаң жауап беру көрсеткіштерімен байланысты. Барынша шоғырланған мидың уақытқа шапшаң жауап беруі уақытты сезіну болып табылады, оны баскетболшының арнайы қабілеттерінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады. «Уақытты сезінуді» дамыту негізінде сезім кешендерінің әрекеті жатыр, яғни уақытты қабылдау кеңістікті қабылдаумен байланысты. Түрлі амплуадағы баскетболшылар уақыт аралықтарын айрықша қабылдай білуі қажет. Артқы сызықтағы ойыншылар 5-10 с аралығында бағдар алуы тиіс, бұл ойынды ұйымдастырумен байланысты, орталықтағылар, айып алаңындағы белгіленген ережелермен 3с аралығында, алдыңғы сызық ойыншылары лақтырудың тұрақты аралығымен 1с.

Командалар өз ойларын жасырын ұстанып және сонымен бір сәтте қарсыласының жоспарын ашуға тырысып, қарсыласынан озуға тырысады. Ойын өз команда ойыншыларының өзара әрекетімен және допты алып қойып, шабуылды ұйымдастыруға барлық күші мен білігін салған қарсылас жүргізіледі. Осыған байланысты бірінші кезекте ойыншының жедел ойлауына талап қойылады. Спорт ойындарының өкілдері спорттың көптеген басқа түрлерімен салыстырғанда шешім қабылдау шапшаңдығымен едәуір ерекшеленеді. Ойлау шапшаңдығы, әсіресе жағдайдың өзгеруі мүмкіндігін есепке алу қажет болғандағы, сондай-ақ көңіл-күйге қысым түскен жағдайларда шешім қабылдауда өте маңызды.

Баскетболшылардың ойын әрекетінің табыстылығын анықтайтын психофизиологиялық қызметті бағалау үшін қимыл әрекеттерінің шапшаңдығы мен дәлдігін, сондай-ақ зейінді аудару, бөлу және оның көлемін зерттеу әдістері қолданылады.

Допты торға салу үшін қарсыласының қарсылығын бағындыру керек, бұл егер ойыншы белгілі бір тәсіл мен әдіс амалдарын білетін болса, шапшаң қозғалып, бағыты мен қозғалыс жылдамдығын тез өзгерте білсе ғана мүмкін болады. Баскетболшының негізгі ойын әрекеттерінің параметрлер көрсеткіші 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Ойын нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштері (бір ойынға орта есептен)

Ойын

көрсет-

кіштері

жынысы

Жалпы нәтижелілігі (ұпайлар)
Ойынның доптық дәл түсуі (%)
Кері ұшып шығу
Голдың доп беру
Доптан айырып қалу
өз қалқаны
Қарсылас қалқаны
Ойынкөрсет-кіштеріжынысы: Ерлер әйелдер
Жалпы нәтижелілігі (ұпайлар):
Ойынның доптық дәл түсуі (%):
Кері ұшып шығу:
Голдың доп беру:
Доптан айырып қалу:

Ойындағы баскетболшының әрекеті тек жекелеген қорғау мен шабуыл амалдарының қосындысы ғана емес, ол біріккен қарқынды жүйеге ортақ мақсатты біріктіретін қимылдардың қосындысы. Команда ойыншыларының дұрыс өзара әрекеті ұжымдық қимылдардың негізі, ол команданың ортақ мүддесіне жетуге бағытталып, әрбір ойыншының бастамасы мен шығармашылық белсенділігіне сүйенуі тиіс.

Әрбір ойыншы тек шабуылдап қана қоймай, сондай-ақ өз орнын белсенді қорғауы тиіс. Қарсыласынан допты тартып алып немесе оған еркін доп салуға жол бермес үшін қарсылас команданың ойыншыларының, әріптесінің және доптың тұрған орнын ескеріп, оның барлық қимылдарына дер кезінде және дұрыс жауап беруі қажет. Ойын әрекеті қимыл дағдыларының тұрақтылығы мен өзгермелілігіне, дене сапаларының даму деңгейіне, ойыншылардың денсаулық жағдайы мен ақыл ойына негізделеді.

Жарыстарға қатысқанда баскетболшы үлкен жұмыс атқарады да, 5000-7000м аралықты бағындырады, бұнда 130-140 рет секіру мен көптеген жұлқу (120-150-ге дейін) үдетулер мен аялдаулар жасайды. Жоғары жылдамдықта қозғалу допты беру мен торға тастаумен жалғасады. Зерттеулер 40 минут ойынға ауысусыз қатысқан баскетболшы доппен небары 3, 5-4 мин. қана жұмыс жасайтынын, ал қалған уақытта допсыз ойнайтынын көрсетті.

Соңғы кезде ойын біршама қарқын алды. Бұл алдымен ойыншылардың қозғалғыштығы мен айла тапқыштығының артуымен доп үшін немесе алаңның әрбір бөлігіндегі орында қарқынды күрес жүргізуге ұмтылуынан көрінеді. Ойын барысындағы қарқынды дене әрекеті үлкен күш жұмсауды талап етеді.

Ойын әрекетін қуатпен қамтамасыз ету аралас сипатта болатыны белгілі (аэробтық-анаэробтық) . Аэробтық мүмкіндіктердің негізгі көрсеткіштері - баскетболшылардағы оттегіні тұтынудың ең жоғарғы көлемі біліктілігінің артуына қарай өседі және спорт шеберлерінде ол 5, 1 минутқа жетеді (шамамен, 1 кг салмаққа 60 м) . Ойын барысында баскетболшы жоғарғы қуат потенциалының 80-90%-ын пайдаланады.

Ағзаның қызметтік жағдайының маңызды көрсеткіші жүрек-қан тамырлар жүйесі. Жүрек жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) дене жүктемесінің деңгейін көрсететін кардиологиялық белгі болып табылады. Ойын барысындағы баскетболшылардың ЖЖЖ 180-210 сек/мин-қа жететіні белгілі.

Жаттықтыру жүктемесінің көлемі ойыншының орындаған кез-келген жаттығуының оның ағзасына әсер ету деңгейін бейнелейді. Әрбір жаттықтырушы пайдаланатын жаттығулардың машықтандыру әсерлерін және оларды ағзадағы физиологиялық өзгерістер сипатына қарай жүйеленуін білуі керек. Баскетболшылардың арнайы жаттығуларының ағзаның жауап беруі бойынша түбегейлі айырмасы бар екенін зерттеу көрсетті. Мысалы, айып добын салуды орындағанда ЖЖЖ орта есеппен 128 сек/мин. құрайды, оттегіні тұтыну деңгейі жоғары шамадан 30% болады, орташа қарқындылықпен орындалатын арнайы жаттығуларды жасағанда ЖЖ 140-150 сек/мин. шамасында, оттегіні тұтыну деңгейі - ЖОТ-дан 50% шамасында болады. Ойын жаттығуларын орындағанда ЖЖЖ 172-187 соқ/мин. оттегі қарызының шамасы 5-7 минутқа жетеді.

Жаттықтыру жүктемесінің деңгейі бойынша типтік жаттығуларды топтастыру қуатпен қамту және қажетті бағытпен жүрек жиырылу жиілігінің өзара байланысы негізінде белгіленген педагогикалық міндеттерді шешуге құрылады (2-кесте) .


2-кесте. Жаттықтыру мен жарыс қимылдарының қуатпен қамтылу көрсеткіштері

Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин)
Жүктеме көлемі
Қуатпен қамтылу сипаты
Қажетті бағыт
Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен)
Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин): 140-қа дейін
Жүктеме көлемі: Кіші
Қуатпен қамтылу сипаты: Аэробты
Қажетті бағыт: Қолына келтіруші
Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен): 20
Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин): 140-160
Жүктеме көлемі: Орташа
Қуатпен қамтылу сипаты: Аэробты-анаэробты
Қажетті бағыт: Жеткен даму деңгейін ұстап тұрушы
Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен): 30
Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин): 160-180
Жүктеме көлемі: Үлкен
Қуатпен қамтылу сипаты: Анаэробты гликолитикалық
Қажетті бағыт: Дене сапалары мен жұмыс қабілетін
Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен): 40
Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин): 180-нен жоғары
Жүктеме көлемі: Шектеуге жақын
Қуатпен қамтылу сипаты: Анаэробтық -алактатты
Қажетті бағыт: Арнайы төзімділік пен табандылықты дамытушы
Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен): 50
Жаттығудағы ЖЖЖ (соқ/мин): 180-210 (ойын жаттығулары, ойындар)
Жүктеме көлемі: Ең жоғарғы
Қуатпен қамтылу сипаты: Аралас
Қажетті бағыт: Жетістігін іске асыру
Жүктеме көлемінің бастапқы бағасы (ұпаймен): 80

Бір ойында спортшы 2-5 кг салмақ жоғалтады. Жынысы мен білігіне қарай спортшылардағы қуат шығыны әртүрлі.

Егер ойыншылардың жүйке жүйесіне үлкен қысым түсуі мен жеңіске жету үшін рухани-ерік күші қажеттігін ескермесе ойынның мәні толық ашылмаған болар еді. Баскетболшылардың әрекетін сипаттайтын жақтардың барлығын білу оқу-жаттықтыру және жарыс процестерін жоспарлауға, нормативтік негіздері немесе үлгілік сипаттамаларды құруға көмектеседі, оған жетуге оқу-жаттықтыру процесі түгелдей бағытталуы тиіс.

  1. Әлемдік баскетбол тенденциясы

Соңғы жылдардағы халықаралық жарыстарда жүргізілген бақылаулар сараптамасы осы спорт түрін сандық және сапалық тұрғыдан дамытуға болжам жасаудың сенімділігін жеткілікті деңгейде білуге мүмкіндік береді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол ойыны. Ойын техникасы
Студенттің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін жетілдіру (баскетбол ойыны негізінде)
Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Жаттықтыру сабақтарының түрлері
Ұлттық ойындар
Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы
Баскетбол. Допты алып жүру мен допты себетке әр-түрлі қашықтықтан тастауды дамыту
Допты екі қолмен ұстау
Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz