Конфликт және оны басқарудың жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы:Дау-дамайлардың алдын-алу мен шешу жолдары.

Орындаған:Джангилбаев Нұрлан

2022ж

Дау-дамайлардың алдын-алу мен шешу жолдары

Жоспар:

1. Конфликт неден туындайды?

2. Бітімгершілік дегеніміз не және оған қалай қол жеткізуге болады?

3. Конфликт және оны басқарудың жолдары.

Тұлға ішілік дау-дамайларды ғылыми зерттеу XIX ғасырдың соңында басталды. Моральдық тұлға ішілік дау-дамай категориясы философиялық әдебиеттерде айтарлықтай көрнекті көрініс тапқандықтан, философ-этиктер бұл тұрғыда психологтардан көш ілгері деп саналады. Сыни жағдаяттарды бастан кешіру нәтижесінде адамның психикасы мен ағзасындағы патологиялық өзгерістер проблемалары психиатрия мен биологияда бұрыннан қарастырылып келеді (Донченко, Титаренко, 1989) . Психологияда жиырмасыншы ғасырдың ішінде тұлға ішілік дау-дамайлар мәселесіне байланысты бірқатар теориялық және эмпирикалық материал жинақталған. Тұлға ішілік дау-дамай мәселесі шетел психологиясында белсенді түрде қарастырылып келеді. Шетел зерттеулерінің ерекшелігі сол, тұлға ішілік дау-дамайлар тұлға түсініктеріне сүйене отырып, белгілі бір қалыптасқан психологиялық мектептердің шеңберінде қарастырылады. Конфликт - (лат. тіл. conflictus- қақтығыс) - күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін . Бітімгершілік - тұлғаның әлеуметтік-психологиялық позициясы, барынша қоғамда қақтығыстарды мақсатты түрде болдырмау; бітімгершілік пацифизм идеологиясында аяқталған идеология формасын алған; . сыртқы саяси салада - халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған мемлекеттер, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің, т. б. инициативасы. Конфликті анықтамасының бір варианты оның философиялық мағынасына негізделген, осыған сәйкес ол «қарама-қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі» деп сипатталады. Онда әлеуметтік конфликт «қызығушылықтарының, мақсаттарының, даму тенденцияларының қарама-қайшылықтарына немесе арасындағы айырмашылықтарына байланысты әр түрлі әлеуметтік бірліктердің - кластар, ұлттар, мемлекеттер, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттардың қақтығыстарынан көрініс беретін әлеуметтік қайшылықтардың асқынуының шарықтау шегі». Әлеуметтік конфликті мәселесіне байланысты фундаментальді отандық монографияның авторы А. Г. Здравомыслов «конфликт - қоғамдағы адамдардың өзара әрекеттерінің маңызды жағы, әлеуметтік тұрмыстың клеткасы», - деп жазған. Бұл әлеуметтік іс-әрекеттің потенциалды және актуалды субъектілерінің арасындағы қатынастардың формасы, қарама-қайшы құндылықтар және нормалар, қызығушылықтар мен қажеттіліктерге негізделген мотивация. Осы пікірден келесідей сұрақ туындайды: бұл қарама -қайшылық объективті ме, немесе қатысушы жақтардың бағалауларынан туындаған субъективті болып табылады ма? Әлеуметтік конфликтіні зерттеуші, танымал, батыстық Р. Дарендорф оған «объективті («латентті») немесе субъективті («айқын») қарама-қайшылықтар арқылы сипаттауға болатын элементтер арасындаға кез келген қатынас» деген анықтама береді. Яғни, қарама-қайшылықтардың объективті-субъективтілігі, саналы-санасыздығы маңызды емес, дегенмен де «кез келген қатынас» деген түсініксіздеу. ”Психологиялық сөздік» конфликтіні «өткір эмоциялық уайымдармен байланысты, қиындықпен шешілетін қарама-қайшылық» деп анықтайды. Оның тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық конфликтілер сияқты формалары бар. Психологиялық конфликтілерді анықтау ары қарай да біздің зейініміздің пәні болмақ, дегенмен де жоғарыда келтірілген пікірлер конфликтінің мазмұны туралы мәселеге жауап бермейді, керісінше, жаңа сұрақтар тудырады: «қиындықпен шешілетін» немесе «өткір уайымдар» дегендер нені білдіреді? А. Я. Анцупов және А. И. Шипилов келесідей анықтаманы ұсынады: «Конфликт дегеніміз конфликті субъектілерінің қарама-қарсы әрекеттері мен әдетте негативті эмоциялармен жүретін өзара әрекеттерінің үрдісінде пайда болатын қарама-қайшылықтарды шешудің өткір жолдары». Егер қарсы әрекеттер болып, негативті сезімдер болмаса, немесе керісінше негативті эмоциялар болып, қарсы әрекеттер болмаса, онда мұндай ситуациялар конфликтінің аллды болып саналады. Конфликтология тек қана ғылым ғана емес, ол сонымен қатар қақтығыс пен диалог жүргізу шеберлігінен тұратын өнер. «Өнер» термині тұлғалық-шығармашылық фактордың маңыздылығы мен конфликтология аймағындағы кешенді білімдер жүйесінің практикалық іске асуын білдіреді. Себебі, тіпті идеалды білімнің өзі практикада конфликтілі ситуациялардың кері салдарын жою технологиясын шеберлікпен қолданусыз іске аспайды. Жасөспірімдердің өзін субьект-лидер-тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым-қатынас пен өзара қарама-қайшылықтың бірі мезетте тууынан болатын құбылысты конфликт деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға беруге болады. «Ер шекіспей, бекіспейді» дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа да ұласуы мүкін. Сондықтан да отбасында, мектепте, аулада балалар арасында туған конфликттіге педагогикалық тұрғыда көмек беріліп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн. «Басқа пәле- тілден». Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау- адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине, біледі. Әйтсе де

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфликттік жағдай
Конфликтінің сипатты көрінісі қатысушы жақтар мақсаттарының айырмашылығы, нәтиже мен қарсы жақтар әрекеттерінің белгісіз болуы
Саяси конфликт
Іскерлік кездесулер
Сыртқы агрессия және ішкі агрессия
Конфликт түсінігі
Қақтығысты шешу технологиясы
Әлеуметтік қақтығыс пен шиеленістердің пайда болуы мен салдары
Конфликтілердің алдын алу шарттары
Конфликт психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz