Ғылыми жұмыстың әдіснамасы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Реферат
Орындаған:Қалжанов Байбол
Қабылдаған : Қарабаева Ақмарал
Шымкент: 2022ж
МАЗМҰНЫКіріспе 1 Ғылыми зерттеулердің методологиясы...1.1 Ғылыми жұмыстың әдіснамасы .1.2 Ғылыми -- зерттеу жұмыстарының түрлері...1.3 Зерртеудің әдіс - тәсілдері, .2 Ғылыми Білім Әдістемесі
2.1 Ғылыми-зерттеу: оның мәні мен ерекшеліктері..
2.2. Зерттеу мәселесі, объектісі және пәні
2.3 Әдістердің жіктелуі
Қорытынды .Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...
КІРІСПЕРеферат жұмысының өзектілігі: Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік даму жолында тұрған асқарлы міндеттерді шешу тәжірибеге ғылыми амалдарды кеңінен енгізу талап етеді. Бұл ретте ғылымның өзі де жедел дамып, қарқыны арта түседі.Соңғы уақыттарда елімізде ғылыми мамандарды дайындаудың жаңа нұсқасы ендіріліп, объективті және субъективті жағдайларға қарамастан педагогика ғылымында жаңашылдық үдерістер орын алуда.Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз.Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті, әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне, тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.Елімізде ғылымды дамытуға зор мән беріліп отыр. Ғылымға қолдау көрсетудің бұрын-соңды болмаған, жаңа тетіктері іске асырылуда. Ел әл-ауқатының артуына байланысты ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізу талаптары күшеюде.Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған. Ал Білім туралы Заңда белгіленген ғылымды басқару жүйесіндегі функцияларды нақтылау жұмыстары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басым бағыттарын қарап, бекітті. Ол бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылмақшы.Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Осы аталған мәселелерді ескере отырып зерттеу тақырыбымызды Педагогикалық эксперимент зерттеу әдісі деп алуымызға себеп болды.Пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесіНысаны: болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында ғылымның зерттеу міндеттерін орындауға даярлық үдерісі.Мақсаты: Зерттеу әдістерімен таныстырып, оларды іріктеп алу кезеңін ұйымдастыру мен сүйенетін принциптерін көрсету. Міндеттері:Ғылыми зерттеу әдістері және тәсілдерімен танысу,олардың қолданылу орындарын анықтау педагогикалық экспериментті ұйымдастыру әдістерін жүйелеу және оларды қолдану орындарын, тиімділігін көрсету.Әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т.б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.Құрылымы: Реферат жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.1 Ғылыми зерттеулердің методологиясы
Ғылыми жұмыстың әдіснамасы
Қазіргі заманғы ғылым - еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып табылады. Ғылым іс - әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.Қазіргі зерттеуші -- ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: Философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір - бірін алмастырып, толықтырып жатады.Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі - салада жаңалық ашу. Ғылыми әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі - кәсіби білім деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан - жақты білімді тұлға болуға ұмтылу.Философия әдіснамасының басты маңызды бөлігі болып саналады. Философия қағидаларын білу адамның ой- өрісін байытады. Философия біздің бүкіл өмірімізден өтеді, себебі қандай іс - әрекеттпен айналысса да ол бұрынғы ата - баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға сүйенеді. Философияның негізгі заңдарын, білімін елемеу жалған ғылыми теориялардың батпағына батырады, нәтижесінде ғылыми қағидалар таза ғылыми іс - әрекеттен алшақ тұрған көзбояушылық қорытындылар және теориялармен алмастырылады.Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой- өрісінің кеңдігіне, білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Табиғатқа, әдебиетке , музыкаға, суретке деген қызығушылық эмоционалдық қанағат береді, ғылыми мәселелерді шешуде пайда болатын шаршағандықты сыпырып алады, шығармашылық үрдісті шапшаңдатады, күтпеген ассоциация тудырады, тасаланып тұрған заңдылықтар мен байланыстарды көруге мүмкіндік береді.Осы қағидаларға сүйенсек жас зерттеуші сауатты, көп салалы, білімді азамат болу керек. Орта мектепте оқи жүріп қазіргі заманға лайық және жалпы білімді меңгеруге міндетті.Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой - пайым (идея) шығару және болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза - ғылыми болжау, ғалым жұмысының айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз жасай алмайды. Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой - пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі мүмкін емес. Жалаң грамматиканы игеріп, поэманы жазу мүмкін еместей, жаңа логика төзімділік пен еңбекқорлықсыз жаңа ой - пайым тудыра алмайды. Гипотезаны құру - ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі.Жаңа идеяларды ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана ғылыми білімге сүйенген жағдайда болуы мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы байланысты реттеуі, ауық - ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды.Сондықтан да ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау мәселесі үлкен орын алатыны кездейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың ең кең тараған әдісінің бірі экстрополяция деп аталады. Бұл әдісті қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін пайдаланады.Экстрополяция - кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген шын болмыстың кең аясына таратады.Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады. Олар: эмприкалық, теориялық , құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды және сапалы болып табылады.Эмприка заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды теориямен салыстырғанда аса терең деп айтуға қиын, бірақ олардың негізінде жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік.Теориялық заңдар, эмприка заңдарына қарағанда, табиғаттың шын заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. Сондықтан, бұл заңдардың үлкен болжамдық күші бар. Мұндай болжамның мысалы ретіндеА. Эйнштейннің қатынастық теориясындағы ірі аспан денесінің жанынан өткен сәуленің ауытқу құбылысын атауға болады.Ғылымның әрбір саласында динамикалық және статистикалық заңдарына негізделген болжамдардың орны бөлек. Динамикалық заңдары объектінің алғашқы қалпы мен сыртқы жағдайын біле отырып, кез келген уақытта оның өзгеруін болжай алатындай мүмкіндік береді. Статистика заңдылықтары объектілер жиынтығының, яғни элементтерінің бір текті объектілер көптігіне қатысты болады. Бұл жиынтықта жеке элементтің іс- қимылы кездейсоқ болғандықтан, ықтималдау түрінде сипатталады. Статистика болжамының басты міндеті жеке элементтердің құбылмалы сипаттарына аса назар аудармай, бір текті объектілері көпшілігінің өзгеруі туралы тұспалдау.Ықтималдық сипатына қарамастан статистика болжамы өз құндылығын төмендетпейді. Бұл болжамдардың толықтылығы немесе шынайылығы динамика заңдары негізінде жасалған болжамдардан кем емес. Статистика заңдары негізінде жасалған болжамдарды астрономия, әлеуметтану, медицина, биология тағы басқа ғылымдарда қолданады.Сапалы түрде тұжырымдалған заңдылықтар, көріністердің жалпы даму бағытын анықтайды. Бұл заңдарды математика тілінде сипаттау мүмкін болмағандақтан, оларды нақты цифрлар келтірмей - ақжалпы түрде қорытындылайды.Санды заңдар, математикалық формула мен теңдіктер тілінде тұжырымдалады.
Ғылыми -- зерттеу жұмыстарының түрлері
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі - ақ қамти алады. Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады, ондай ғалым жеке өзі - ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс - әрекет жүргізу үшін тек қана ақпарат тық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу қалыпты пікір - шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой - өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай экономикалық критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс- жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында бұл кімге қажет? деген сұрақтар қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте - бірте зерттеудің іргелі түріне айналады. Ал керісінше іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмприкалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой - пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады.
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз - адамның еңбектену іс - әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс - әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.
Зерртеудің әдіс - тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын
жасаудың тиімді жолдары.Зерттеу жұмысы - шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер, толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс. Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары Не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? деген сұрақтарды қамтиды.
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға үңілу.
Ғалымдардан ақыл - кеңес сұрау.
Интернетке жүгіну.
Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.
Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып - өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру.
Қорытынды жасау.
Бейне материалдар, слайдтар жасау.
Жұмысты қорғауға дайындалу.
2 ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ӘДІСТЕМЕС2.1 Ғылыми-зерттеу: оның мәні мен ерекшеліктері
Ғылыми-зерттеу - бұл мақсатты білім, ұғымдар, заңдар мен теориялар түрінде
пайда болатын оның нәтижелері. Ғылыми-зерттеулерді сипаттай отырып, оның
келесі мүмкіндіктерін көрсетуге болады:
Міндетті, мақсатты процесс, саналы анық белгіленген мақсаттарға осы мақсатқа
қол жеткізу;
Шығармашылық, мәселелерді жаңа төсем үшін бастапқы идеяларды ұсыну,
белгісіз әрекеттерді ашу, жаңа іздестірулерге бағытталған процесс.
Ғылыми-зерттеу жүйелілік түрде сипатталады: онда орналасқан, жүйе мен ғылыми-зерттеу процесінде және оның тізімделген нәтижелері; ол аяқталған қорытындылар жасауға қатаң және дәйекті қолдауға тән.
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.Әдіс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz