Тұрақты сөз тіркестері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Тәуелді-тәуелсіз концептісінің ағылшын және қазақ тілдеріндегі контрастивті зерттелуі
5B011900 - Шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша
Мазмұны
Кіріспе
3
1
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі концепт ұғымы
6
1.1
Лингвистика саласындағы контрастивті зерттеулер
6
1.2
Тіл білімі саласында фразеологиялық бірлік түсінігі және классификациясы
12
1.3
Салыстырмалы фразеология
17
21
2
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тәуелсіздік-тәуелділік концептісінің контрастивті зерттелуі
28
2.1
Фразеологиялық бірліктерді модельдеу және фразеологиялық
модельдің фразеологиялық бірліктердің ішкі формасымен байланысы
28
2.2
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тәуелсіздік-тәуелділік фразеологиялық бірліктердің мағыналық ерекшеліктері және фразеологиялық сәйкестіктер
31
2.3
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тәуелсіздік-тәуелділікконцептіс інің негізгі модельдері
51
Қорытынды
56
Әдебиеттер тізімі
58
Кіріспе
Тәуелсіздік жағымды концепт ретінде тіл білімінде салыстырмалы және контрастивті лингвистикада әр түрлі құрылымды тілдердің бірліктерін зерттеуде маңызды орын алады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өміріндегі көптеген қиыншылықтардың өсуіне әкелуде. Қиыншылықтармен күресуде адамдар оның оңай жолын табуға тырысады. Оңай жолдың, оңай олжаның соңына түсу, адам бойындағы әлсіздікті, тәуелділікті көрсетеді. Кейде адам баласы қалаған мақсатына жету жолында да әуесқойлығының шектен асқанын, өз іс-әрекетінің құлы болғанын байқамайды. Соңғы кезде әдебиеттерде ағылшын тіліндегі аддикция терминін - бір нәрсеге құмарту, тәуелді болу мағынасында жиі кездестіруге болады. Тарихқа үңілсек, бұл терминнің тамыры тереңде екеніне көз жеткізуге болады.
Тіл арқылы қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани өзгерістері көрінеді. Осының нәтижесінде бүгінгі таңда тіл білімі өзге ғылым салаларымен тығыз байланыс құрай отырып қоғамдық, психологиялық ұғымдарды тілдік ізденіске арқау етуде.
Тіл ғылымының, яғни лингвистиканың дамуының жаңа кезеңі өзінің жан-жақтылығымен, кең жайылғандығымен, тек тілмен ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі аспектілерімен: құрылымды-жүйелік, қызметтік, лингвомәдени, прагматикалық, коммуникативті, когнитивті, типологиялық аспектілерімен және лексикалық өрістерімен де анықталады.
Концепт термині қазіргі тіл біліміне лексикалық топтарға немесе парадигмаларға қатысты қолданылып жүр. Концепті зерттеуге арналған ғылыми еңбектерде оның бірнеше қолданысын байқаймыз. Сөздің концептісі оның мағыналық және ассоциативтік өрісі арқылы анықталады. Концепт сөзбен де, сөз тіркесімен де, фразеологиялық бірліктер арқылы да беріле алады. Концептілік зерттеу этностың лексикасы мен фразеологиясында сақталған әлемнің мәдени-ұлттық бейнесін ашуға мүмкіндік береді.
Берілген дипломдық жұмыстың тақырыбы: тәуелді-тәуелсіз концептісінің ағылшын және қазақ тілдеріндегі контрастивті зерттелуі.
Зерттеу жұмысының нысаны - әртүрлі сөздіктерден алынған тәуелді-тәуелсіз концептісіне қатысты ағылшын және қазақ тілдерінің 500-ден аса фразеологиялық бірліктері.
Зерттеу жұмысының пәні - тәуелді-тәуелсіз түсінігі аясында фразеологиялық бірліктердің ішкі формасының құрылымындағы семантикалық қарым-қатынастардың ерекшеліктері және оларды топтастыру модельдері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - тәуелді-тәуелсіз концептісінің ағылшын және қазақ тіліндегі ортақ баламаларын анықтау. Алдыға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
тәуелді-тәуелсіз концептісін тіл ғылымдары тұрғысынан зерттеу.
Фразеологиялық бірлік ұғымын ашу.
Фразеологиялық бірліктердің ішкі формасын фразеология теориясы тұрғысында зерттеу.
ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің ішкі формасының модельдер типологиясын анықтау.
ағылшын және қазақ тілі сөздіктерінен тәуелді-тәуелсіз семантикасына қатысты фразеологиялық бірліктердің ауқымын, сандық құрамын анықтау.
Жұмыс барысында келесі әдіс-тәсілдер қолданылды: салыстырмалы және контрастивті анализ, фразеологизмдердің қалыптасуын модельдеу, жалпылама талдау әдісі, типологиялық тәсіл, мағлұматтарға статистикалық сараптама жүргізу әдісі, теориялық әдебиетті зерделеу.
Жұмыстың жаңашылдығы - тәуелді-тәуелсіз концептісінің тіл білімінде өріс аясында зерттелуі. Концептің контрастивті тіл білімі аясында зерттелуі.
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы - тәуелді-тәуелсіз концептісін тек психология, әлеуметтану, медицина саласында ғана емес, концепт мағынасын ашатын контрастивті тіл білімі тұрғысынан түсіну.
Зерттеу тақырыбының теориялық материалдарын жүйелеу, фразеологиялық бірліктердің құрылымындағы логикалық-семантикалық қарым-қатынастар түрлерін анықтау және олардың модельдерін құрастыру. Бұл қазіргі заманғы көкейкесті мәселені басқа салада, яғни тіл саласында қарастыруға, тілдер мен мәдениеттердің өзара шынайы әрекеттестігін байқауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың практикалық құндылығы - сөздіктер мен анықтамалар құрастыруда, академиялық мақсатқа арналған тіл және лексикология пәндерінде қолдану.
Фразеологиялық бірліктерді зерттеуде Исабеков С.Е., Салжанова Л.Е., Кеңесбаев І, Ахметжанова З.К., Виноградов В.В., Шанский Н.М., Кунин А.В., Логан П. Смит, Амосова В.Л., Телия В.Н., Бинович Л.Э. сияқты зерттеушілердің еңбектері біздің жұмыстың теориялық негізін құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі айқындалады, зерттеудің нысаны мен пәні анықталады, мақсат пен міндеттер қалыптастырылады, берілген зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалады.
Зерттеудің Ағылшын және қазақ тілдеріндегі концепт ұғымы деп аталатын бірінші бөлімінде концепт түсінігі, фразеологиялық бірлік түсінігі айқындалады, фразеологизмдерің нақты классификациясы беріледі, тәуелсіздік-тәуелділік концептісінің түсінігі және түрлері анықталады.
Жұмыстың Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тәуелсіздік-тәуелділік концептісінің контрастивті зерттелуі атты екінші бөлімінде фразеологиялық бірліктерді модельдеу және фразеологиялық модель мен фразеологиялық бірліктің ішкі формасы арасындағы байланыс қарастырылады, салыстыруға логикалық-философиялық және лингвистикалық тұрғыдан мағлұмат беріліп, ағылшын және қазақ тілдеріндегі тәуелсіздік-тәуелділік концептісіне қатысты фразеологиялық бірліктердің мағына қалыптасу негіздері және мағыналық-тақырыптық топтары анықталып, фразеологиялық бірліктердің концептілік құрылымы, концептісінің түрлері топталып қарастырылып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әр тілге тән ерекшеліктері айқындалды.
Қортындыда зерттеу жұмысының тұжырымдары мен нәтижелері берілген.
1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі концепт ұғымы
1.1 Лингвистика саласындағы контрастивті зерттеулер
Фразеологияның дамуының қарқындылығы оның зерттеу пәнінің, зерттеу әдістерінің дифференциациясымен және теориялық негізінде пайда болған көптеген жаңа қиындықтармен айқындалады. Әр түрлі тілдерді салыстыра зерттеу жасау арқылы салыстырмалы фразеология жаңа ғылыми бөлім ретінде пайда болды. Тілдегі фразеологиялық бірліктердің ерекшелігі оларды тек басқа тілдің фразеологиялық бірліктерімен салыстыру ғана емес, сонымен қатар лексемалармен, сөздердің бірқалыпты тіркесуімен, құрылымды-синтаксистік схемалармен, басқаша айтқанда, басқа деңгейдегі құрылымдармен салыстыру болып табылады. Райхштейннің ойынша, тілдердің ішінде салыстыру жүргізгенде мынадай негізгі шарттарды есепке алу қажет: салыстыру базаларының, белгілі принципиалды тепе-теңдіктердің болуы және бұларда көбінде салыстыратын нысандардың жеке ұқсастықтарына қарай қарастырылса, солай айырмашылықтары да қарастырылады. Сонымен қатар салыстыратын нысандарды бейнелеуде біркелкі әдіс, бірдей теория және біркелкі ұғымды терминологиялық аппарат қолдану қажет. Осы аумақтағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының арасында әрі қарай жұмыс істеп, заңдылықтары мен міндеттерін айқындау да көптеген қиыншылықтар артта қалды.
Салыстырмалы зерттеу аумағында жетістікке жеткен еңбектердің бірі - С.Е.Исабековтың еңбектері. Ол өз еңбегінде фразеологияны салыстыра зерттеудің негізгі бағыттарын бірінші тәжірибелік кеңейту арқылы мына бағыттар бойынша қарастырады:
Салыстыратын тілдердің санына байланысты;
Салыстыратын фразеологиялық бірліктердің сипаты бойынша;
Салыстыратын құбылыстарға байланысты.
Бұл бағыттардағы жұмыстарды сыннан өткізу авторға өз заманындағы салыстырмалы-фразеологиялық зерттеудің кейбір ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулерге фразеологиялық бірліктердің тіларалық баламаларын, синонимдерін, нұсқаларын, құрылымды-семантикалық, лексикалық-грамматикалық, семантикалық дәрежелерін және топтарын салыстыру және де фразеологиялық бірліктердің формальды, формальды-мағыналы, семантикалық мінездемелерін салыстыру жатады.
Фразеологияның дамуының классикалық және постклассикалық кезеңдеріндегі туыстас және туыстас емес фразеологиялық бірліктерді салыстыра зерттеуде салыстырмалы анализдеудің фразеологиялық нысандары пайда болды. Бұлар фразеологияның аумағында зерттелінбеген компаративті және семантикалық фразеологиялық бірліктер.
С.Е.Исабеков атап өткендей, салыстырмалы зерттеулер тілдің барлық фразеологиялық жүйесіне қатысты. Басқаша айтқанда, әр түрлі тілдерде топтардың, фразеологиялық бірліктердің дәрежелерінің, жеке тілдердің тепе-теңдігі мен ұқсастықтары айқындалады, бірақ бұл түгелдей фразеологиялық жүйеге қатысы жоқ. С.Е.Исабеков осы туыстас тілдердің фразеологиясын салыстырмалы зерттеудегі осы жағындағы кемшіліктерімен жұмыс істеуді алдына мақсат етіп қойды. Ол фразеологияны салыстыра зерттеудегі бұл түрінің негізгі сәттерін белгіледі. Бұлар келесі сұрақтардан тұрады:
1) екі немесе одан да көп тілдердің фразеологиялық жүйесінің арасындағы қалыптасқан және тереңдетілген айырмашылықтары мен ұқсастықтары неден тұрады;
2) олар тілдің фунционалды, семантикалық, формалы-мағыналы және құрылымдық сияқты негізгі аспектілерінде қалай белгіленеді;
3) олар қандай тілішілік және экстралингвистикалық факторлармен шартталған.
С.Е.Исабековтің еңбегінде фразеологияны салыстыра зерттеу үш деңгеде өтеді: 1) нақты фразеологиялық бірліктер; 2) фразеологиялық топтар; 3) фразеологиялық жүйелер деңгейінде.
Бірінші деңгейде ұлтаралық тілдік ұқсастықтар туралы сұрақтарға басты назар аударылады. Тіл қалыптасуындағы әр түрлі аспектілердегі, яғни форма-мағыналық (құрылымды-синтаксистік және лексикалық), жиынтықтың құрамындағы (сигнификативті-коннотативті және салыстырмалы-прагматикалық) фразеологиялық бірліктердің толық емес ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Екінші деңгейдегі салыстырмалы зерттеудің нысанына екі тілдегі жеке, нақты фразеологиялық бірліктер емес, керісінше, фразеологиялық бірліктердің топтары, парадигматикалық бірігулер, әсіресе ортақ мағынаға ие болған фразеологиялық реттер, топтар, өрістер, дәрежелер жатады. Бұл салыстырмалы анализдеудің басты мақсаты фразеологиялық бірліктер прототиптерінің арасындағы бір-бірімен байланысы мен бір-біріне әсерінің заңдылықтарын және құрылымды-семантикалық моделдерді синхронияды қалай айқындаса, диахронияда да солай айқындау.
Үшінші деңгейде екі тілдегі барлық фразеологиялық жүйелердің ұйымдастырылуларының ерекшеліктерін салыстыра зерттеу қарастырылады. С.Е.Исабеков зерттеудің ортақ тілдік жүйесіндегі фразеологияның тілдік статусына, генетикалық қайталануына және құрылымдық жасалуына, фразеологиялық бірліктердің тілдік статусына және олардың сөз бен сөз тіркестері арасынан орын алуына байланысты екеніне көп көңіл бөледі. [18, 6].
Әр тілдің фразеология саласында сол тілдің лексикасы мен грамматикасындағы ерекшеліктер айқын бейнеленеді. Бір тілде белгілі бір грамматикалық құбылыстар бар, ал басқа тілде олар мүлдем жоқ. Әр түрлі фразеологиялық жүйелерді салыстырғанда, тіл жүйесінде тілдің ұқсас категориялары, формалары және басқа да тілдегі ұқсастықтары ерекше болады. Зерттеген кезде ұқсастық деп тапқан нәрсе айырмашылық болуы мүмкін, немесе керісінше.
Лингвистика ғылымының қазіргі дамуы тілдің жүйелік қасиеттерін зерттеуді өзекті мәселе етіп қойып отыр. Фразеология саласында жүйеліліктің мәнін ашуға Ройзензонның семантикалық өріс әдісімен тілдің фразеологиялық құрамын зерттеу тәсілі ықпал етуде [1, б. 117].
Өріс тарихы лингвистикаға философиядан келді. Өріс ұғымы қазіргі психологияның да міндетті компонентін құрайды. Лингвистикадағы семантикалық өріс дегеніміз - бұл сөздер мен айтылудың жиынтығы, ол тақырыптық қатарды құрап, белгілі бір мағынаны білдіреді. Семантикалық өріс - лексикалық бірліктердің тақырыпқа біріккен жиынтығы түрінде сәйкестікте болатын құбылыстар мен шындықтың жиынтығы. Семантикалық өрістерді зерттеуге отандық және шетелдік әдебиеттерде өте көп материалдар арналған. Өрістік құрылымдау - өнімді және символикалық жүйелердің бірі, ал символикалық жүйе - адамның тілі. Өріс анықтамасы тілдік жүйедегі аралық құбылыстардың барлық түрлерін қамтуға, мәнін түсіндіруге қабілетті бола алатын тілдік жасалымның жүйесін тануға талпынысты білдіреді [2, б. 233].
Қазіргі заманғы тіл білімі саласында кеңінен қолданылып жүрген өріс әдісі тілді бір жүйе ретінде қарастыруға және тілдегі жүйелілікті анықтауға мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс болып табылады. Алғаш рет семасиологияда қолданылған өріс атауының пайда болуы неміс ғалымдары Г. Ипсен, И. Трир есімдерімен тығыз байланысты. Жалпы бірыңғай мағына беретін сөздерді бір топқа топтастырған Г. Ипсеннің еңбегінен кейін өріс туралы түсінік қалыптаса бастады. "Лексикалық" және "ұғымдық" өріс деген ұғымдарды жіктеп, мағынасын толық ашып тіл ғылымына енгізген И. Трир осы жүйелілікті атауға сәйкес келетін термин атауын көп уақытқа дейін таба алмады. Кейінірек Г. Ипсен қолданған "семантикалық өріс" деген атау осы терминге лайық деп табылды.
Өріс термині тіл білімінде ең алғаш лексика саласында лексика-семантикалық немесе тақырыптық топ терминдерімен мәндес қолданыла бастаған болатын. Мәселен, кейбір лингвистикалық әдебиеттерде түрлі лексикалық топтар өрістік құрылымдар деп танылып, оларға етістіктің түрлі семантикалық топтары, туыстық атаулар, түсті білдіретін сөздер және т.б. жатқызылады. Бір өріске кіретін лексикалық бірліктер, ұғымдық, заттық не жұмсалымдық ортақтығына, тіпті тұлғалық (формалды) ұқсастықтарына қарай да біріктіріле береді. Бір өрістегі сөздердің басын біріктіретін жалпы ортақ мағынасы мен өзге лексикалық топтардан ерекшелейтін де мағынасы болуы шарт.
Өріс - мағына ортақтығына негізделген, білдіретін құбылыстарының ұғымдық, заттық және қызметтік ұқсастығы бар тіл бірліктерінің (негізінен лексикалық бірліктердің жиынтығы) [3, б. 242].
Өріс теориясының дамуына үлесін қосқан А.В. Бондарконың түсіндіруі бойынша, белгілі бір мазмұнды жеткізуге қатысатын түрлі тіл деңгейіне жататын құралдардың жиынтығы деп анықталатын өріс ұғымы деңгейаралық құбылыс ретінде сипатталады. Бұл термин өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда тек лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты.
Одан кейінгі уақытта өріс туралы ілім Л. Вайсгербер (Wortfeld) В. Порциг (синтаксистік және паратактикалық өріс), К. Бюлер (екі өріс туралы ілім- Zweіfelderlehre), В.Г. Адмони (грамматикалық өріс). Г. Мюллер (Grammatіsche Felder), Х. Бринкманн (Modalfekd) тәрізді ғалымдардың еңбектерінен көрініс тауып, ары қарай дами береді [4, б. 9].
Отандық тіл білімінде Б.Қапалбековтың Грамматикалық және семантикалық категориялардың тілдегі көрінісі тақырыбындағы мақаласын, С.Құлмановтың Қазақ тіліндегі мүмкіндік модалділігінің функционалды-семантикалық өрісі тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, М.Жолшаеваның қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканы форма және мазмұн тұрғысынан зерттеген докторлық диссертациясын, О.Жұбаеваның Предикативті өрістің субъектілі-предикатты бірліктері тақырыбындағы, А.Жаңабекованың Құрылымдық және функционалды грамматиканың зерттеу бағыты мен зерттеу әдістері тақырыбындағы еңбектерін атап өткен жөн болар.
Тіл білімінің дамуы барысында өрісті және өріс әдісін зерттеумен айналысып жүрген тіл мамандары өрістің методологиялық және теориялық маңызына ерекше көңіл бөліп, өрістің жаңа қырларын ашуда. Қазіргі таңда тіл білімінде сөздік құрамды сипаттауда негізге алынатын нәтижелі тәсілдердің бірі , өрістік тәсіл, себебі бұл тәсіл семантиканың басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алады. Тілдің семантикалық жүйесі семантикалық өріс, лексика-семантикалық топ, лексика-семантикалық вариант деген жүйелі йерархиялық бірліктерден тұрады. Лексика-семантикалық вариант дегеніміз - көп мағыналы сөздің бойындағы бір мағынаның қарым-қатынас үрдісінде іске асырылуы. Лексика-семантикалық вариант тілдегі сөздердің бір-бірімен мазмұндық байланысын анықтайтын ең кіші бірлік, басқаша айтқанда, Лексика-семантикалық вариант - тіл лексикасының жүйе жасаушы элементтерінің жиынтығы. Бір текті, ұқсас салыстырылатын Лексика-семантикалық вариант жиынтығы лексикалық-семантикалық топ деп аталады. Мәселен, мерзім-, уақыт -, кеңістік -, түр-түс лексика-семантикалық вариант. Лексика-семантикалық вариант белгілі бір сөз табына ғана жататын сөздерден жасалады. Лексика-семантикалық вариант жалпы семантикалық компоненттері бар, яғни оны ортақ архисемалы сөздер құрайды. Сөздерді бір лексика-семантикалық топқа біріктіру олардың лексикалық мағынасының негізінде жүзеге асады. Тілдегі семантикалық жүйенің иерархиясын төмендегідей модельде көрнекілеуге болады:
семантикалық жүйе;
семантикалық өріс;
лексика-семантикалық топ;
лексика-семантикалық вариант.
Сөздерді лексикалық-тақырыптық топтарға бөлу заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қызметтеріне негізделеді. Мәселен, жиһаз атаулары, киім-кешек атаулары, дене-мүше атаулары және т.б. Сөздерге тақырыптық классификация жасау заттар мен құбылыстардың тектік (гипероним), топтық (гипоним), түрлік (эквоним) қатынастарына негізделеді. Лексика-семантикалық және лексика-тақырыптық топтардың жалпы ұқсас белгілері де бар. Себебі екеуі де танылған объективті шындықты бейнелейді. Лексика-семантикалық топтың тақырыбы, тақырыптық топтың семантикасы болады. Сондықтан семантикалық топ тақырыптық топқа, тақырыптық топ семантикалық топқа кіреді. Өрістік тәсіл негізінде тіл құбылыстарын жүйелеуде зерттеудің әдіс-тәсіліне қарай лексика-семантикалық өрістер, лексика-семантикалық топтар, грамматика-лексикалық өрістер, сөз жасаушы өрістер, функционалды-семантикалық өрістер, интеграционалды-семантикалық өрістер, лексика-фразеологиялық өрістер ретінде зерттелуде. Тіл жүйесі - жүйенің қарапайым элементтерінің өзара қатынастарының сипаттарымен анықталатын және осы жүйенің құрылымын білдіретін белгілі бір құрылғыдан, ұйымдардан, реттіліктен тұрады. Жүйе құрылымы жүйеаралық байланыстың жиынтығы ретінде анықталады. Лексика жүйесін лексика-семантикалық өріс тәсілі арқылы зерттегенде, алдымен өрістің құрылымын анықтау және оны айқындап алу негізгі мәселе болып табылады. Ю. Н. Караулов семантикалық өрісті екі жолмен: ұғым арқылы (ономасиологиялық тұрғыда) және сөз мағынасы арқылы (семасиологиялық тұрғыда) анықтауға болатынын атап өтеді [5, б. 57].
Өріс мәнін анықтауда ғалымдардың көзқарасының әртүрлілігі өрістің жете зерттелмегендігінен және өріске ортақ теорияның жоқтығынан емес, барлық тілдік бірліктердің семантикалық қызметі қамтылған зерттеу объектісінің күрделілігінде [7, б. 89]. Л. А. Новиковтің айтуынша, семантикалық өрістер элементтерінің түсініктік біртектілігімен сипатталады, сондықтан оның бірліктері көп мағыналы сөздер мен бір мағыналы сөздердің лесика-семантикалық нұсқалары (ЛСН) болып табылады. Семантикалық өрістерде тілдік бірліктердің жүйелік қатынастарын семасиология зерттейді, өйткені суреттеу сөзден ұғымға апарады. Егер сөз ішкі байланыстар жағынан қарастырылса және суреттеу ұғымнан сөзге бағытталса, онда бұл ономасиологияның зерттеу аймағы. О. С. Ахманованың сөздігінде семантикалық өріске мынадай анықтама берілген: Семантикалық өріс - тематикалық қатарды түзейтін сөз бен сөз тіркестерінің жиынтығы, сол жиынтық арқылы белгілі бір саланы қамтитын сөздер мен сөз тіркестері [8, б. 334]. Ғалымдардың өріске анықтама берудегі пікірлеріндегі ортақтық - лексика-семантикалық өрістің мағыналық құрылымындағы ортақ бір семантикалық компоненттің негізінде біріккен қандай да бір тақырыпты қамтитын сөздердің жиынтығынан тұруы. И. М. Кобозева семантикалық өріс деп айқындалатын құбылыстың ұғымдық, заттық және қызметтік ұқсастықтары мен мазмұнының жалпы болуымен біріктірілген тілдік бірліктер жиынтығын айтады. Автордың пікірінше семантикалық өріс төмендегі қасиеттерге ие:
1) сөздердің белгілі бір семантикалық қатынастарға түсуі;
2) осы қатынастардың жүйелілігі;
3) лексикалық бірліктердің өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі;
4) өрістің дербестігі;
5) өрістің ұғымдық сипатын таңбалаудың тұрақтылығы;
6) семантикалық өрістің бүкіл лексикалық жүйедегі өзара байланыстылығы [9, б. 99].
Тілдік өрісті кейбір ғалымдар (Л. Вейсгербер, Г. Ипсен, А. А. Уфимцева, В .И. Кодухов және тағы басқалары) лексика-семантикалық топ түрінде түсіндіреді, бірақ олардың бәрі өрісті ЛСТ деп атамайды.
Лексика-семантикалық өрістің қасиеттерін толық ашып көрсеткен И. И. Чумак болып табылады. Ол өрістің төмендегідей қасиеттерін ажыратады:
1) Семантикалық өріс ең аз дегенде бір ортақ компоненті (ортақ семантикалық нышаны) бар көптеген мағыналар жиынтығынан жасалады. Бұл компонент негізінен архилексема (гиперлексема), яғни, жалпыланған мағынасы бар лексемамен белгіленеді;
2) Лексика-семантикалық өрісте микроөрістер, семантикалық бірлестіктер бөлініп шығады, олардың мүшелері жалпы (интегралды) нышандармен байланысқан және микроөрістің тірек сөзімен (доминанта) белгіленеді. Микроөрістің сыртқы құрылымын өріс ортасы (өзегі) және өріс ортасына жақын аймақтар құрайды, ал қалғандары микроөрістің шеткері аймағында орналасуы мүмкін;
3) Өрістің ішкі құрылымы семантикалық бірліктерді байланыстыратын корреляциялар жиынтығы ретінде түсіндіріледі;
4) Өріске элементтердің өзара бірін-бірі анықтауы тән, кейде олар бірін-бірі ауыстыруы да мүмкін;
5) Тілдегі әрбір сөз белгілі бір ЛСӨ-ке кіреді, оған қоса, жиі, көп мағыналылығының нәтижесінде бірнеше өріске кіреді;
6) Бір семантикалық өріс өзінен жоғары деңгейдегі екінші бір семантикалық өріске кіруі мүмкін.
Лексика-семантикалық өріс бір тектік мағынамен біріккен белгілі бір сөздер тобы (сөз тіркестері) болып табылады. ЛСӨ құрамы мағынасы жағынан өріс ортасынан (өзегінен) әр түрлі қашықтықта (орталыққа жақын және шеткері аймақтар) орналасқан бірліктерден тұрады.
Сонымен, өріс - мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастығын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы.
Жалпы, жеке және салғастырмалы тіл білімі деңгейінде қарастырылып келе жатқан өріс әдісінің мәні мен мазмұнының методологиялық және теориялық негіздері отандық және шетелдік тіл мамандарының еңбектерінде тереңірек зерттеліп, жаңа қырлары ашылуда. "Лексика-семантикалық өріс" (Н.Ю. Караулов),"лексика-семантикалық топ" (А.А.Уфимцева), "функционалды- семантикалық өріс" ( Е. В. Гулыга, Б.И. Шендельс, Г. С. Щур, З.Қ. Ахметжанова, Г.К. Шайрахметова) деген атпен жан-жақты зерттеліп келген өріс теориясы қазіргі заманғы тіл білімінде парадигмалық, синтагмалық, синтаксистік, морфосемантикалық, трансформациялық, мотивациялық өріс деген терминдермен толықтырылып, өріс туралы теориялық білім кеңеюде.
Өріс термині қазіргі тіл біліміне лексикалық топтарға немесе парадигмаларға қатысты қолданылып жүр. Өріске арналған ғылыми еңбектерде оның бірнеше қолданысын байқаймыз: парадигмалық өріс (Трир, Косериу), синтаксистік өріс (Порциг, Вайсгербер), грамматикалық өріс (Адмони), лексика грамматикалық өріс (Е. В. Гулыга, Б. И. Шендельс,), функционалды семантикалық өріс (А. В. Бондарко, З. Қ. Ахметжанова), сөзжасамдық өріс (Р. С. Мурясова, Н. И. Букетова), лексика-фразеологиялық өріс (Е. А. Ножин, В. П. Жуков) және т.б. Алғашқы кезде лексикаға ғана қатысты болған өріс әдісі қазіргі кезде тілдің фразеологиялық компонентін зерттеуде де зор маңызға ие.
Лексикологияда әртүрлі лексикалық-семантикалық өрістер қарастырылса, фразеологияда әртүрлі лексикалық- фразеологиялық өрістер зерттеледі. Өріс әдісінің фразеологияда қолданылуы ерекше мәселе болып табылады және ол кездейсоқ емес. Ол лексика мен фразеологияның әртүрлі деңгейлерінде сөз бен сөз тіркестерін, олардың құрылымдарын салғастырмалы зерттеу қажеттігінен туындап отыр [10, б. 14].
Лексика-фразеологиялық өріс - құрамына ортақ семантикалық компонентпен біріккен толық мағыналы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, яғни фразеологизмдер кіретін жүйе.
Алғашқы рет лексика-фразеологиялық өрісті теориялық жағынан негіздеген Е. А. Ножин болатын [11, б. 23]. Оның пікірінше, лексика мен фразеологияның семантикалық топтары қатар өмір сүреді және ортақ ұғымдардың басым көпшілігі лексиканың, сол сияқты фразеологияның белгілі бір шеңберлерінің ара қатынасында болады. Сондықтан да автор лексика-фразеологиялық семантикалық өріс құруды қолдайды.
Лексика-фразеологиялық өріс - құрамына ортақ семантикалық компонентпен біріккен толық мағыналы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері кіретін жүйе. Сөз бен фразеологизмнің арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарды анықтау - зерттеуші лингвисттердің лексика-фразеологиялық өріске баруының басты себебі болды. Лексика-фразеологиялық өріс сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің жай ғана жиынтығы емес, кейбір ерекше байланыстар мен қатынастардың болуы оның құрылымы мен өзгешелігін анықтайды. Лексика-фразеологиялық өрісті зерттеудің негізгі мақсаттарының бірі - өріс бірліктерінің арасындағы жүйелік байланыстарды анықтау.
Зерттеушілер фразеологиялық өрісті екі бағытта қарастыруда. Олардың бір бөлігі фразеосемантикалық өрісті өз алдына жеке, дербес өріс деп қарастыратын болса, екінші бір бөлігі оны лексика-семантикалық өріспен байланыстырады. Себебі, көп уақытқа дейін фразеологиялық бірліктер өздерінің ерекшеліктеріне, қалыптасу құрылымына және генетикалық ерекшеліктеріне байланысты толық зерттелмей келген еді. Сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын фразеологизмдер әр халықтың тілдік байлығын арттыра отырып, әдет-ғұрпын, ұлттық салт-дәстүрін, танымы мен санасын, қиялы мен дүниетанымын, психологиясы мен ойлау тәсілдерін көрсетіп бере алады.
1.2 Тіл білімі саласында фразеологиялық бірлік түсінігі және классификациясы
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек. phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді [12, б. 184].
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 ж. шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте фразеологизмге мынадай анықтама берілген: Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ оларды жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталанып қолданылатын, семантикалық және лексика-грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер [13, б. 262]. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі номинативтік бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс-құжаттарындағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.
Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық біріліктермен (атауыштық сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.
Ал кең мағынадағы фразеологизмдерге жататын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика-грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздің беретін мағынасына балама, парапар емес, одан әлдеқайда кең. Мысалы, мақал-мәтелдер байымдау, түйіндеу, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады [14, б. 175].
Фразеология - бұл тілдің ерекше құрамын, соның ішінде тұрақты сөз тіркестерінің әр түрлі құрылымын, семантикасын, қызметін зерттейтін тіл білімінің жаңа бір саласы. Лингвистикада бұларды фразеологизмдер, тұрақты тіркестер, фразеологиялық бірліктер деп атайды. Бұлар белгілі бір тілдердің нақты сөз құрылымдары. Бірақ олар тілде дайын тілдік құрылым ретінде өмір сүріп, осы дайын күйінде сөйлеуде қолданылатындығымен ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, олар өзінің фразеологиялық тұрақтылық сияқты ортақ белгісімен, сонымен қатар фразеологиялық тілдік жүйеге жататындығымен ерекшеленеді.
Осы ғылымның теориялық негізін қалыптастырған шет ел және өз отанымыздың фразеологтарының еңбектері өте көп. Олар: Исабеков Е.Е, Виноградов В.В, Архангельский В.Л, Кунин А.В, Чернышева И.И, Копыленко М.М, Райхштейн А.Д, Мокиенко В.М, Молотков А.И, Жуков В.П, Назарян А.Г, Фляйшер В, Бургер Х, Телия В.И, Солодуб Ю.П және ғалымдар Успенский В.А, Ярцева В.Н, Гухман М.М, Колшанский Г.В, Добровольский О.Д.
Фразеологиялық бірліктердің қамту жағына және семантикасына үңілетін болсақ, ішкі форма сияқты ұғымды атап өтпеу мүмкін емес, себебі ол тек қана олардың мағынасын ғана анықтап қоймай, сонымен қатар белгілі бір халықтың объективті шындықтың құбылыстарын ойлап-тануын анықтайды.
Фразеология өзіндік лингвистикалық пән ретінде салыстырмалы түрде жуықта ғана пайда болды. Бұл осы салада әлі де көптеген мәселелердің шешілмеуінің себебі болып табылады. Әлі күнге дейін лингвисттер арасында фразеологияның нысаны жайында ортақ түсінік жоқ, сондықтан болар, фразеологиялық терминологияның ретсіздігі көзге бірден байқалады. Терминдердің тым көптілігі фразеологияның негізгі түсініктерінің жеткілікті түрде қарастырылмағандығымен түсіндіріледі, олардың көбі синонимдес, ал көпшілігі көп мағыналылығымен ерекшеленеді, кейбіреулері тіпті де нақты болмағандықтан терминдер қатарына қосу мүмкін емес.
Фразеологияның көлеміне қатысты біркелкі көзқарастың жоқтығы белгілі бір тілге немесе тілдерге қандай тұрақты сөздік комплекстер тән екені туралы нақты көрініс алуға мүмкіндік бермейді.
Фразеологияның көлемі мен пәні туралы 3 концепция белгіленеді: тар, кең мағынада түсіну және лексикалық құрылым терминдерінде оны түсіну. Фразеологизмдер құрылысы, семантикалық жағынан да, функционалдық жоспары бойынша да біркелкі емес, сондықтан әр тілдің фразеологиялық жүйесінің құрылымдық-семантикалық жағынан да әр түрлі фразеологиялық бірліктер ерекшеленеді, әсіресе фразеологиялық біркелкілік, фразеологиялық құрылым, экспрессивті және экспрессивті емес бірліктер, қос және салыстырмалы бірліктер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер сияқты предикативті тұрақты сөздік комплекстер.
Фразеологиялық бірліктер әр түрлі көзқарастар бойынша құрылысы, семантикалық, функционалдық, семиотикалық, стилистикалық, лингвомәдени, номинативті, когнитивті және әлем картинасы позициясы жағынан зерттелінген. Фразеологиялық бірліктерді зерттеудің өз әдістері дайындалынған: фразеологиялық бірліктерді идентификациялау, контекстологиялық, дистрибьютивті, формальды-семантикалық. Фразеологиялық тілдік жүйенің лексикалық жүйеден белгілі бір айырмашылықтары бар. Ол өзінің гносеологиялық бағыныштылығымен, номинативті кең таралғандығымен, тілдегі қызметімен және өмірді айқын бейнелеуімен ерекшеленеді.
Фразеология лексикамен салыстырғанда гносеологиялық, яғни танымдық құндылығы әлдеқайда төмен. Ол объективті дүниенің құбылысы мен салалары туралы ғылыми білімді танытады. Ол көбінесе адамдар, олардың арасындағы адамгершілік қатынастарды, эмоцияны бағалауды айқындайды.
Қазіргі заман лингвистикасында фразеологизмдерді зерттеудің нақты екі бағыты белгіленген.
Бірінші бағыт бойынша, фразеологизм - бұл сөзден тұратын сөздік бірліктер, яғни табиғатынан сөз тіркестері болып табылады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, фразеологияның нысаны деп белгілі бір тілде мүмкін болатын нақты сөз тіркестерін айтады. Копыленко былай дейді: Фразеология барлығын қамтиды... белгілі бір тілдегі лексемалар тіркесін, сонымен қатар еркін деп аталатын сөз тіркестерін.
Екінші бағыт бойынша, фразеологизмдер бұл сөз тіркестері емес (формасымен де, құрылысымен де). Ол лексикалық бірліктерден тұрмайды, керісінше, нақты лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктер болып табылады.
Фразеологизмді зерттеуде құрамдыс бөлшектердің формальды сипаттамасы мен мағынасы негізгі емес, нақты формаға, құрамға және сөйлеуде қолданыс тапқан тілдік бірлік ретіндегі біртұтас фразеологизмдер негізгі болып табылады. Фразеологияның құрылымдық-семантикалық қасиеттері сөз бірігулерін қайта жаңғырту процесінде қалыптасады.
Бірінші жағдайда жақын мағынаға ие болған фразеологизмдер қалыптасады. Жақын мағынасы - бейнелік немесе бейнелік емес болуы мүмкін және олардың лексикалық құрамдас бөлшектерінің мағынасы бөлінбейді.
Екінші де, қайта жаңғыртылған сөзде белгілі бір сөзбен немесе сөздік қатарымен тіркесе жүзеге асуға қабілетті фразеологиялық байланысқан мағына қалыптасады.
Тіл мен сөйлеу заңдылықтарын терең зерттеу және олардың әрқайсысын лингвистика көзқарастарымен қарастыру мынадай маңызды шешім шығаруға мүмкіндік береді: халық өзі өмір сүрген уақыт аралығында өзі жасағанның бәрі тілге, ал жеке индивидиумның жасағаны сөйлеуге жатады.
Адам коммуникативтік мақсаттары үшін дайын тілдік бірліктерді, тілде қалай өмір сүріп, тіл заңдарына сүйеніп, басқа сөздермен байланысқан күйінде пайдаланады.
Тұрақты сөз тіркестері фразеологияның нысаны болып табылады. Олар дайын тұрақты және олардың осындай ерекше сапалары мен белгілері фразеологияның классикалық даму кезеңінде белгіленген. Мұнда грамматикалық құрылысы мен лексикалық құрамы тұрақты, құрамына енетін элементтер бір-бірімен байланысқан және осы тұрақтылық семантикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық жағынан да тұрақты және жылжымалы қасиетке ие болған фразеологияның ерекше құрылысы сөз етілетінін фразеологтар атап өтті. Тұрақтылық фразеологиялық бірліктерді дайын күйінде қолдануға мүмкіндік береді. Осы дайын күйіндегі фразеологиялық бірліктер халықтың белгілі бір жетісігі бола отырып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. А.Д.Райхштейннің айтуы бойынша, нысанды жан-жақты аспектілері арқылы зерттеу спецификасы сол нысанның ерекшеліктерімен анықталады. Фразеологияға қатысты бұл специфика оны басқа тілдік бірліктерден бөліп тұратын категориялық белгілерімен және фразеологиялық жүйенің басқа тілдік жүйелер ішіндегі ерекше орын алатындығымен шартталған [16, б. 86].
Фразеологияның дамуының үшінші жаңа кезеңінде, бұл ғылым жаңаша жарықтандырылады, жаңа концепциялар қолданылады, когнитивті лингвистиканың көзқарасымен ұлттық-мәдени құндылықтарды есепке ала отырып қарастырылады. Фразеология теориясының дамуында әр кезең сайын көптеген қиыншылықтар шешіліп отырған. Бірақ фразеология өзінің жаңа даму кезеңінде лингвистиканың бөлімі болып қалады және тұрақты сөздік комплекстер, фразалық тіркестер мен фразеологизмдер оның зерттеу пәні болып қалады.
Сонымен, лингвисттер фразеологиялық бірлікке қандай түсініктеме беретінін анықтайық. Ш. Балли фразеологизмді былайша анықтайды: фразеологиялық орам деп тілге мықтылап енген сөз тіркестерін айтамыз.
А.В. Куниннің пікірі бойынша, фразеологиялық бірліктер - бұл мағыналары толықтай немесе жартылай қайта ойластырылған лексемалардың тұрақты тіркестері. Ол тұрақтылықты фразеологиялық бірліктердің критерийлерінің бірі етіп көрсетеді [17, б. 6]. Бұл тұрақтылық оған тән инварианттылықтың түрлі типтеріне негізделген, яғни бір немесе өзге элементтердің әдеттегі өзгерістерде ешбір өзгеріссіз қалатындығы.
1.3 Салыстырмалы фразеология
Фразеологиялық бірліктер, яғни тұрақты сөз тіркестері, барлық тілдерде бар, сондықтан олар тілдік универсалиялар болып табылады. Себебі оларды дүние жүзіндегі әр түрлі тілдерден кездестіруге болады.
Фразеологияның басқа ғылымдар сияқты өзінің зерттеу нысаны мен жеке даму тарихы бар. Фразеология - осы немесе басқа тілдердегі тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологиялық бірлік туралы ғылым. Тіл - бұл өзінің құрылысы мен өзінің бірліктері бар терең құбылыс. Тілдік бірліктерге фонемалар, морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер, мәтін, дискурс жатады. Фразеологизмдер өзінің құрылысы мен формасы жағынан сөз тіркестері және сөйлемдер болып табылады. Бірақ барлық сөз тіркестер мен сөйлемдерді фразеологиялық бірліктер немесе тілдің фразеологиялық жүйесіндегі бірліктер деп санауға болмайды. Осыған байланысты әр тілде сөз тіркестері мен сөйлемдердің екі түрі ажыратылады:
Еркін немесе өзгермелі;
Тұрақты сөз тіркестері.
Біріншісі фразеологияға жатпайды, өйткені оларды белгілі бір тілде сөйлеуші өзінің коммуникативті ойын және жеке сөздерді сөйлемде немесе сөз тіркестерінде біріктіру ережесіне байланысты өзі жасайды. Мұндай сөйлемдер мен сөз тіркестерді жиі кездестіруге болады, себебі олардың мүмкіндіктері шексіз. Бұл адамның не айтқысы келгеніне байланысты. Мұндай сөз тіркестерінде біз оның грамматикасына, фонетикасына және лексикасына қарай оның құрылымын өзгерте аламыз. Фразеологиялық бірліктер құрылымы жағынан сөз тіркестері мен сөйлемдер болса да, оларды өзгерту немесе басқаша айту мүмкін емес. Себебі оларда тек өздеріне ғана тән өзіндік тілдік ерекшеліктері бар, осы жағынан еркін немесе өзгермелі сөз тіркестерінен ажыратылады. Фразеологиялық бірліктердің ең бір ерекше белгілері - бұл құрамының тұрақтылығы, ұлттық-мәдени бейнеленгендігі олардың сөйлеуге, соның ішінде тілдің фразеологиялық жүйесіне жататындығы. Олар өз табиғатынан сөзге жақын. Сөз сияқты дайын немесе белгілі біреумен жасалынған тілдік бірліктер. Құрылымы бойынша сөз тіркестері болса да, оларды сол күйінде алып өзгертпей қолданады. Синтаксис, сөйлеу, сөйлеу қызметі сияқты лингвистика ғылымдарында еркін немесе өзгермелі сөз тіркестері сөйлеу бірлігі ретінде қарастырылса, Фразеологиялық бірліктер тек фразеологияда зерттелінеді.
Бірліктерін, формаларын, категорияларын және басқа да тілдік құбылыстарын салыстыру, қарама-қарсы қою, бір-бірінен ара-қатынасын белгілеу, сонымен қатар әр тілдің арасындағы формалық және мағыналық байланыстарын қалыптастыру тілдердің мінездемесінің негізгі шарттары болып табылады. Лингвистикалық салыстырудың басты элементі - тілдің салыстырмалы деректерінің тепе-теңдік және ажыратылатын белгілерін айқындап шығару. Салыстыру тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындауға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары салыстырмалы фразеологияның проблемалары әдебиеттерде кең тарала бастады.
Бірінші болып сөз тіркестерінің жүйесінде ерекше дәрежеге көңіл бөлген, оларды тұрақты сөз тіркестері ретінде белгілеген, фразеологиялық бірлік ұғымын енгізген, оларды идентификациялаудың арнайы критерийлерін құрастырған Ш.Балли болды. Бірақ жеке өзіндік лингвистикалық пән ретінде фразеологияның негізін салған академик В.В.Виноградов болды. Ол фразеологиялық бірліктерді классификациялаудың семантикалық теориясын құрастырды.
Фразеологияның жаңа теориясында фразеологияның тар және кең мағынасы және лексикалық синтогматика ретіндегі түсіндірмесі ажыратылады. Бұл морфология мен синтаксис лексикаға қалай қатысты болса, фразеология да оған солай қатысты деген Е.Д.Поливанованың идеясымен сай келеді. Бұл идея одан әрі М.М.Копыленко мен З.Д.Попованың еңбектерінде дами бастады.
Жоғарыда айтып өткендей, тіл білімінің ерекше бір аумағы ретіндегі фразеологияның даму тарихында үш кезең ажыратылады: классикалық, постклассикалық және жаңа заманға сай кезеңдер және бұлардың әрқайсысына өзіндік зерттеу міндеттері мен проблемалары тиесілі. Салыстырмалы фразеологияны зерттеу классикалық кезеңде де қарастырылған, бірақ сол кезде ол фразеология ғылымының тек терминдік және категориялық жағынан ғана танылған. Фразеологияның салыстырмалы зерттелуіне көптеген факторлар алып келді. Салыстыру мен салғастыру лингвистиканың бағыттарының бірі болып табылады. Ол дүние жүзіндегі әр ұлттың тілдерінің даму заңдылықтарын, өзгерістерін, бір-біріне әсерін, яғни адам тілінің ұқсас негіздеріг айқындайды. Сонымен қатар әр тілдің фразеологиялық жүйесіне қатысты да өзекті болып табылады. Бұларға тәжірибелік және қолданбалы реттік себептерді жатқызуға болады. Бұлар шет ел тілдерін оқыту және оқу, аударманың теориясы мен тәжірибесі, соның ішінде бірден ойша аудару және фразеография болып табылады. Осы фактордың әсерінен фразеологияны салыстыра зерттеу анализі арқылы салыстырмалы фразеология, құрылымды-типологиялық және ареалды фразеология пайда болды. Осылардың ішіндегі біріншісі туыстас және туыстас емес тілдерді салыстыра зерттеу болып табылады. Мұнда фразеологиялық бірліктерді аударудағы қиышылықтар көбінде орын алады.
Құрылымды-типологиялық фразеологияның айналысатын басты міндеттері - фразеологияның табиғатымен, құрылымымен және рекшеліктерімен байланысты. Ал фразеологиялық бірліктерді ареалды анализдеу фразеологизмдерді ортақ географиялық белгілері бойынша біріктіреді.
Фразеологияның дамуының қарқындылығы оның зерттеу пәнінің, зерттеу әдістерінің дифференциациясымен және теориялық негізінде пайда болған көптеген жаңа қиындықтармен айқындалады. Әр түрлі тілдерді салыстыра анализ жасау арқылы жаңа бөлім пайда болды - салыстырмалы фразеология. Тілдегі фразеологиялық бірліктердің ерекшелігі оларды тек басқа тілдің фразеологиялық бірліктерімен салыстыру ғана емес, сонымен қатар лексемалармен, сөздердің бірқалыпты тіркесуімен, құрылымды-синтаксистік схемалармен, басқаша айтқанда, басқа деңгейдегі құрылымдармен салыстыру болып табылады. Райхштейннің ойынша, тілдердің ішінде салыстыру жүргізгенде мынадай негізгі шарттарды атқару қажет: салыстыру базаларының, белгілі принципиалды тепе-теңдіктердің болуы және бұларда көбінде салыстыратын нысандардың жеке ұқсастықтарына қарай қарастырылса, солай айырмашылықтары да қарастырылады. Сонымен қатар салыстыратын нысандарды бейнелеуде біркелкі әдіс, бірдей теория және біркелкі ұғымды терминологиялық аппарат қолдану қажет. Осы аумақтағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының арасында әрі қарай жұмыс істеп, заңдылықтары мен міндеттерін айқындау да көптеген қиыншылықтар артта қалды [18, б. 78].
Салыстырмалы зерттеу аумағында жетістікке жеткен еңбектердің бірі - А.Д.Райхштейннің еңбектері. Ол өз еңбегінде фразеологияны салыстыра зерттеудің негізгі бағыттарын бірінші тәжірибелік кеңейту арқылы мына бағыттар бойынша қарастырады:

Бұл бағыттардағы жұмыстарды критикалық ойдан өткізу авторға өз заманындағы салыстырмалы-фразеологилық зерттеудің кейбір ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулерге фразеологиялық бірліктердің тіларалық баламаларын, синонимдерін, нұсқаларын, құрылымды-семантикалық, лексико-грамматикалық, семантикалық дәрежелерін және топтарын салыстыру және де фразеологиялық бірліктердің формальды, формальды-мағыналы, семантикалық мінездемелерін салыстыру жатады.

А.Д.Райхштейн атап өткендей, бұл біріншіден тілдердің жеке топтарына, сонымен қатар тілдің барлық фразеологиялық жүйесіне қатысты. Басқаша айтқанда, әр түрлі тілдерде топтардың, фразеологиялық бірліктердің дәрежелерінің, жеке тілдердің тепе-теңдігі мен ұқсастықтары айқындалады, бірақ бұл түгелдей фразеологиялық жүйеге қатысы жоқ. А.Д.Райхштейн осы тұстас тілдердің фразеологиясын салыстырмалы зерттеудегі осы жағындағы кемшіліктерімен жұмыс істеуді алдына мақсат етіп қойды. Ол фразеологияны салыстыра зерттеудегі бұл түрінің негізгі сәттерін белгіледі. Бұлар келесі сұрақтардан тұрады:

... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz