Ірі қара малының аусыл кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

"ВЕТЕРИНАРИЯ "ФАКУЛЬТЕТІ
"БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК"КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:"Ірі қара малының аусыл кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру"

Орындаған: 6В09102-"Ветеринариялық санитария"
4 курс ВС 418(П)студенті Закирова Нафиса
Тексерген:в.ғ.м., кафедра ассистенті Утебаева Г.Н.

АЛМАТЫ 2022

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1.1Аусыл ауруы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 1.2 Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аусыл анықталған кезде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11 1.3 Аусыл бойынша қолайсыз аймақта және ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе
Аусыл-жұқпалы, жiтi ететiн және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруы,қоздырғыштары О,А,С,САТ-1,CAT-2,CAT-3, Азия-1 типтерiнiң бiр немесе бірнеше варианттары. Өткiншi қызбамен қоса ауыз қуысының кілегейлi қабыктарында, жұлықтың терiсiнде және тұяқтарының арасында, жалтыр танауында, желiнде афтылар мен эрозиялардың болуы аурудың клиникалык белгiлерiне тән қасиет. Ауырған жануарлардың клиникалық белгiлерi бiлiнбей, жазылып кетуi мүмкін. Жаңа туған төлдерде аусыл өте жiтiлi түрде өтуi мумкiн, онда афты пайда болмайды және өліммен аяқталады. Аурудың бiр типiмен ауырып жазылған жануарлар аусылдың басқа типтегi қоздырғыштары жұғып, қайтадан ауруы мүмкiн.Iндеттiң көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның iшiнде аурудың жасырын кезеңiнiң 1 күннен 7 күнге дейiн, кейде 21 күнге созылатын ескеру қажет, аталған жануарлар вирустарды сыртқы ортаға афтылардың қабыктарымен, сүтпен, сілекейiмен, демалған ауамен, дәретімен және нәжiстерiмен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аусылға қарсы егiлген және аурулармен бірге тұрған кейбір жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирустасығыш болып, iндеттiң қауiптi көзi айналуына мүмкін. Аусылмен ауырған жануарлардан алынған залалсыздандырылмаған тағамдар мен шикiзаттар, сонымен бiрге ауру жануарлардың бөлiндiлерiмен ластанған мал азығы, су,төсенiш,күту заттары, күтушiлердiң киiмдерi және аяқ киiмдерi,көлiктер аусылдың вирустары ұзақ (1 жылға дейiн) уақыт сақталатындықтан аусылдың таралу факторлары болып табылады. Аусылдың эпизоотиялық ошағы - ауру немесе ауруға күдiктi жануарлар орналасқан, сонымен қатар ауырып жазылған немесе ауру жануарлардан алынған тағам өнiмдерi мен шикізаттары бар өндiрiстiк үй жайлар немесе заңды және жеке тұлғалардың аумағына кіретін бір немесе бірнеше үй-жайлар, жеке ферма, жеке аула, мал тұратын жазғы лагерь, жайылым учаскесі, ет өндейтін кәсіпорын, мал сою пункттерi, мал айдайтын трасса учаскесі, шекарадағы ветеринариялық бақылау бекеті, ішкі сауда объектілер саналады.

1.1Аусыл ауруы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
ХЭБ-нің Жерүсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сәйкес табиғи жағдайларда аусыл вирусының эпизоотиялық штаммын жұқтырған жануарлар мен вакциналанған жануарларды саралау мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі. Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммын жұқтырған жануарлардан вакциналанған жануарларды саралау аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған әдістермен жүзеге асырылады.Аусылға қарсы вакциналанбаған жануарлардың арасынан аусыл вирусының эпизоотиялық штаммының әр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес, мұндай жануарлар санитариялық союға жатады.
Аусыл бойынша қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар тәртібі.Қолайсыз пунктке карантин қойылады.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы бөлімшелері (бұдан әрі - ЖАО бөлімшілері) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада және қолайсыз пункттерде жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде жоспар жасайды, ол мынаны көздейді:
1) облыс және аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға және үйлестіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04676 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11727 болып тіркелген) сәйкес жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты топтарды құру;
2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден және шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел және келісілген іс-әрекеттері;
3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами және материалдық ресурстарды, оның ішінде аусылдың басқа облыстардан таралуын болдырмау үшін бар ресурстарды тарта отырып, шоғырландыру;
4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз орын ауыстырудағы негізгі бағыттарды анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалау;
5) биоматериалдардың сынамаларын алу және одан әрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізу;
6) қолайсыз облыстарда және тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды және көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері (сою пункттері, сою алаңдары (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары), ет өңдеу кәсіпорындары) мен сауда объектілерінің жұмысын тоқтату;
7) аусылдың таралуының әлеуетті ауқымын және аусыл өршуінің ықтимал салдарларын бағалау үшін ақпарат жинақтау;
8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, жануарларды өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілеріне, өңдеу кәсіпорындарына, сою объектілеріне инспекция жасау жолымен аусыл бойынша тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыру;
9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантиндік режимді енгізу және жануарларды тасымалдауды шектеу;
10) Республикалық бюджеттен өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою және жою;
11) аусыл ошағына дезактивация жүргізу және ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тәуекелін жою;
12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру және аусылды тану бойынша ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар және кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлар иелерінің әрекеттері және жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізу;
13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеу, деректерді картаға түсіру және аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізу;
14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын және клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында және жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізу;
15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын және қорғау аймағын картаға түсіру және анықтау;
16) шектеу, бақылау және қорғау аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізу және аурудың кез келген жағдайы және күдігі туралы хабарлау;
17) профилактикалық вакциналауды жүргізу үшін шектес мемлекеттермен шекаралас тәуекел дәрежесі жоғары аудандарды айқындау;
18) Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринариялық зертханаға биоматериалдардың сынамаларын беру;
19) залалданған қора-жайларды, әкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймақтарын, залалданған аумақтың айналасындағы диаметрі 3 километр бақылау аумағын және диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау;
20) өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау;
21) тәуекелді бағалауға сәйкес залалданған қора-жайлардағы ауру жануарларды сою және жою;
22) мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту және дезинфекциялау;
23) аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылық субъектілерін инспекциялау;
24) қорғау аймағындағы жануарларды вакцинаның қолданылуына және ауруды түбегейлі жою стратегиясына сәйкес вакциналау;
25) аусыл кезінде мынадай шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантинді алып тастау:басқа облыстардың қолайсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттерді ұйымдастыруды көздейтін Қазақстан Республикасының шекарасын күзету жөніндегі іс-шаралар;
1) қол жүгін физикалық бақылауды қоса алғанда, адамдар мен автокөлік құралдарының көрші облыстардан сауда-экономикалық және тұрмыстық байланыстар жөніндегі өткізу пункттері арқылы өтуіне;
2) ауру немесе ауырып қалған жануарларды қолайсыз аудандардан облыс ішіндегі қолайлы аудандарға бақылаусыз орын ауыстыруын қадағалауға бақылауды күшейту жөніндегі бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеу және бекіту.
Қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар мыналарға жол бермеуді көздейді:
1) аусыл бойынша қолайсыз пункттен жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды әкелу (кіргізу) және әкету (шығару);
2) қолайсыз пунктте жануарлардан алынған өнім мен шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды дайындау және одан шығару, сондай-ақ инфекция жұққан мүкәммалды, материалдарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды шығару;
3) ошақтың, қолайсыз пункттің ішінде жануарларды қайта топтастыру (ауыстыру);
4) ішкі сауда обектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын обектілердің көрмелер, жәрмеңкелер, сауда-саттық өткізу, сондай-ақ қолайсыз пункттің аумағында жануарлардың, адамдардың және көліктің шоғырлануына байланысты басқа да іс-шараларды өткізу;
5) қолайсыз пункттен сүт шығару және пайдалану;
6) жануарларды қолдан ұрықтандыру үшін саламатты шаруашылықтарға ұрық шығару;
7) көліктің барлық түрлерінің қолайсыз пункт арқылы өтуі. Көліктердің межелі жеріне өтуі үшін айналып өтетін жолдар анықталуы және көрсеткіштермен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда, қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне және шығуына болады. Бұл ретте, қолайсыз пункттен шығарда көлік, шығатын адамдардың сыртқы киімдері және аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс. Осы мақсатта бір жолды белгілейді, онда қолайсыз пункттің шекарасында шығатын адамдардың сыртқы киімін зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау камерасын, аяқ киімді дезинфекциялау үшін дезинфекциялау ерітіндісі және щеткасы бар ыдысты, көлікті дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны, кезекшілер үшін қарауыл күркесін және олардың киімдерін санитариялық тазарту кезінде көрсетілген тұлғалардың болуы үшін вагон орнатады.
Аусыл бойынша қолайсыз пункттерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі мемлекеттік ветеринариялық ұйыммен (бұдан әрі - РҚО) бірлесіп мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) пункттен апаратын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады және тәулік бойы кезекшілігі бар күзет-карантиндік бекеттердің қажетті санын қояды, сондай-ақ "Жүруге тыйым салынады", "Айналып өту", "Аялдау міндетті", "Аялдауға тыйым салынады" деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады;
2) күзет-карантиндік бекеттерде кезекшілік атқару үшін қажетті адамдар санын бөледі және олардың міндеттерін айқындайды. Күзет-карантиндік бекеттер бойынша кезекшіге арнайы куәліктер мен қолға байлайтын таңғыштар беріледі. Бекеттер шлагбаумдармен, дезинфекциялық тосқауылдармен және кезекшілерге арналған будкалармен жабдықталады, мүмкіндігінше байланыс орнатады;
3) барлық жануарларды қорада ұстауға немесе арнайы бөлінген оқшауланған жайылым учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, қолайсыз пункттегі аусылға бейім барлық жануарларды есепке алады;
4) қолайсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларды алдыңғы егу мерзіміне қарамай аусылға қарсы міндетті түрде вакциналайды;
5) үй құсын қолайсыз пункттің аумағында жабық үй-жайларда, ал иттерді байлап ұстайды;
6) мал шаруашылығы үй-жайлары мен өндірістік аумақтарға күнделікті дезинфекция жүргізуді, арнайы киімді, күтім заттарын, көлік құралдарын өңдеуді қамтамасыз етеді;
7) күзет-карантиндік бекеттерде кезекшілік атқару үшін қажетті адамдар санын бөледі және олардың міндеттерін айқындайды. Күзет-карантиндік бекеттер бойынша кезекшіге арнайы куәліктер мен қолға байлайтын таңғыштар беріледі. Бекеттер шлагбаумдармен, дезинфекциялық тосқауылдармен және кезекшілерге арналған будкалармен жабдықталады, мүмкіндігінше байланыс орнатады;
8) барлық жануарларды қорада ұстауға немесе арнайы бөлінген оқшауланған жайылым учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, қолайсыз пункттегі аусылға бейім барлық жануарларды есепке алады;
9) қолайсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларды алдыңғы егу мерзіміне қарамай аусылға қарсы міндетті түрде вакциналайды;
10) үй құсын қолайсыз пункттің аумағында жабық үй-жайларда, ал иттерді байлап ұстайды;
11) мал шаруашылығы үй-жайлары мен өндірістік аумақтарға күнделікті дезинфекция жүргізуді, арнайы киімді, күтім заттарын, көлік құралдарын өңдеуді қамтамасыз етеді;
12) жануарларға арналған үй-жайларға немесе қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына кірген кезде, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аяқ киім мен көлікті өңдеуге арналған дезинфекциялық кедергілер орнатады.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:
1) аусыл бойынша қолайсыз пунктке шығуға және сол жерде диагноз қоюдың, аусылды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізудің, ауру бойынша қолайсыз пункттің шекарасын, қолайсыз аймақты, қадағалау аймағы мен қолайлы аймақты белгілеудің дұрыстығын нақтылауы;
2) ауданның жергілікті атқарушы органының басшысына, облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына, көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларына аусылдың шыққандығы туралы дереу хабарлауы;
3) қолайсыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
«бұзау аусылы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Ветеринариялық істі ұйымдастыру
Індеттану және жұқпалы аурулар
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау пәнінен оқу - әдістемелік материалдар
Пәндер