Қарахан мемлекеті Қазақ ССР тарихы
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырып:Қарахан мемлекеті
Қабылдаған:Рустамбекова М
Орындаған: Хабибуллаев А
Тобы: ЭЕА-011
ТҮРКІСТАН 2022
Жоспар:
Кіріспе
1.Қарахан мемлекеті
2.Шаруашылық пен мәдениеті
3. Саяси құрылысы
4. Ыдырауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қарахан әулетінің атасы Сатуқ Боғрахан (915-955жж.) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйсініп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғары қағанмын деп жариялайды. Осы кезде бастап, Қарахандар мемлекетінің өз тарихы басталады.
Қарахандар мемлкетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рөлді Қарлық конфедерацияның тайпалары атқарады, бұл конфедерацияға қарлықтармен бірге шігіл мен ягма да кірген еді. Хғ. Ягманың бір бөлегі қарлықтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек ХІ ғ. Ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында тұрады. Ыссық көлдің солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді.
992 ж. Қарахандар шығыста Хотанды, батыста Бұқарды жаулап алады. 999 ж. Қарахан әулетінің Насыры мен Газнауилер әулетінің Махмұты бірлесіп, Орта Азия Саманилер мемлекетін біржолата қиратады. Амудария Қарахандармен Газнауилер арасындағы шекара болып қалады. Солтүстік Қазақстандар мен Қыпышақ хандығының шебі Тараз қаласына жуық өтетін. Ал Солтүстік-шығыс бетте Қарахандар шекарасы Балқаш көлі мен Алакөл шетінен аспайтын. Шығыста олар ұйғырлармен шектелетін, Қарахандардың оңтүстік шығстағы иелігі шерешенге дейін созылатын. Олардың батыс пен оңтүстік батыс жаққа қарай жылжуы оңтүстік Туркмиенияда салжықтар қарсылығына тап болды. Бұдан кейінгі екі ғасыр бойына Қарахандар иелігі батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мауаранмахрдан бастап, Шығыста Жетісу мен Қашығарға дейін кең көсіліп жатады. Қарахандар мемлекеті, шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін еншілік иелерінің құқықтары зор болатын, олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін баратын. Вассалдық жүйесі бағзы бір кездері көп басқышты болып келетін.
XI ғасырдың 30 жылдарының аяққы кезінде Ибрахим Ибн - Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: Біріншісі, орталығы Бұқарда болған қарауына Ходжентке дейінгі мауаран нахырды қосып алған Батыс хандығы. Екіншісі, қамтуына Тараз, Исфиджак, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашқар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы - Баласағын қаласы болған. 1056 жылы Қадырханның ұлы Ииналтегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің елін басып алады. Бірақ ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тәж таққа Ииналтегінің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады.
1.Қарахан мемлекеті (парсыша ایلک خانیان - Ilak-Khānīyān) (942 - 1212 жж.) -- Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915 - 955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004 - 1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:
Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери - үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі - жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі - коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.
XI ғасырдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz