Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
:
Мазмұны: КІРІСПЕ . . .
: 6
: 1
Мазмұны: КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
: 1. 1
Мазмұны: Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғаудың мәні мен ролі . . .
: 13
: 1. 2
Мазмұны: Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметі . . .
: 26
: 1. 3
Мазмұны: Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудағы шет елдік тәжірибе . . .
: 34
: 2
Мазмұны: КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
:
: 2. 1
Мазмұны: Қазақстан Республикасы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудағы атқарушы органдардың қазіргі жағдайының сипаттамасы . . .
: 47
: 2. 2
Мазмұны: Алматы облысы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудағы атқарушы органдар қызметінің динамикасын талдау . . .
: 58
: 2. 3
Мазмұны: Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудағы негізгі мәселелер . . .
: 60
: 3
Мазмұны: КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
:
: 3. 1
Мазмұны: Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін жетілдірудің әдістері . . .
: 76
: 3. 2
Мазмұны: Балаларды әлеуметтік қорғау бойынша атқарушы органдардың қызметін дамытудың тетіктер мен жолдары . . .
: 83
:
Мазмұны: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 89
:
Мазмұны: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 92

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Кәмелеттік жасқа толмағандар қашанда кез-келген қоғамның бүгіні мен болашағын айқындаушы басты фактор. Ол-қоғамды ілгері дамытушы локомотив, үздіксіз жаңартушы инновациялық әлеует. Елдің тәуелсіздігін тұғырландырып, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасызет етін алғышарт. Жас ұрпақтың мұндай әлеуметтік сапаға қол жеткізуі қоғамдағы оларды әлеуметтік қорғауға жауапты атқарушы органдардың қажетті мүмкіндіктер мен дамытушы әлеуметтік орта ұйымдастыру деңгейіне тәуелді. Алайда қазақстандық қоғамның жас ұрпақты әлеуметтік қорғауға байланысты міндеті әлі де жеткілікті шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселе болып қалуда.

Әр мемлекеттің ең қымбаттысы - балалар. Кез келген ұлттың, халықтың, мемлекеттің болашағы көбіне балаларға, олардың тәрбиесі мен тұлғалық және психологиялық денсаулығының сапасына байланысты. Сондықтан да, әр бір мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейін көтерудегі басты міндеттердің бірі - кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру.

Болашақта Қазақстан Республикасының негізгі мақсаты дамыған, мықты, бәсекеге қабілетті мемлекет болу. Осы қойылған мақсатқа жету үшін Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынға халыққа жолдауы «Қазақстан - 2050» стратегиясында:

- ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;

- ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;

- туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды;

- жеңілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырып отыр [1] .

Балалар мен жастар (кәмелетке толмағандар) әрбір қоғамның ең бағалы капиталы. Бала құқығы туралы Конвенцияның 1-бабында «Әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады» деп жазылған [2] . Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңының 1 бабында «бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам» делінген. Барлық әлем балаларының ең қасиетті құқығы - өмір сүру құқығы. «Мемлекеттер баланың максималды мүмкін дәрежедегі өміршеңдігін және денсаулығын қамтамасыз етуге міндетті» - деген норма бала құқықтары туралы Конвенцияның 6-бабында тікелей бекітілген. Осыған байланысты кез-келген үкіметтің, мемлекеттің қасиетті парызы және міндеті - балалардың өміріне, аман саулығына қамқорлық жасау [3] . Сондықтан да, кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін жетілдіру диссертациялық жұмысының тақырыбының өзекті екендігін көрсетеді.

Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы кәмелеттік жасқа толмағандары әлеуметтік қорғау бойынша атқарушы органдардың қызметін жетілдіру мәселелерін қарастырады. Алайда кәмелетке толмағандарды өзінің зерттеу құбылысы ретінде айқындап, өз тұрғысынан қарастыратын қоғамтанушы және жаратылыстану ғылымдарының қатары кең. Олар: педагогика, психология, физиология, медицина, тарих, экономика, заң, саясаттану, т. б.

Зерттеу шеңберінде қойылған мақсатқа сапалық деңгейде қол жеткізу үшін ғылымаралық байланыс пен сабақтастық басшылыққа алынып, соның негізінде зерттеу назарындағы мәселені әртүрлі ғылымдардың және ондағы авторлардың көзқарастары мен қойылымдары негізіндегі тұжырымдарға талдау жасау арқылы мол әрі құнды ақпарат жинақталды.

Диссертациялық жұмыста «кәмелетке толмағандар» ретінде қарастырылған әлеуметтік топ кең ауқымды авторлардың еңбектерінде әртүрлі ғылыми тұрғыдан және түрлі («жастар», «бозбала-бойжеткен», «жасөспірім», «бала», т. б. ) ұғымдар шеңберінде талданған.

К. Манхейм, И. Ильинский, С. Иконникова, М. Титма, Н. Ищенко, Л. Зайниева, Г. Абдырайымова, А. Тесленко, Қ. Симтиков, Ш. Омаров, С. Левикова, Г. Джамалиева кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-биологиялық болмысын жастар мәселесінің шеңберінде қарастырған. Ал Л. Божович, Д. Эльконин, И. Бестужев-Лада, А. Арсеньев, В. Звягинцев, К. Левин, А. Бодалева, Л. Выготский сияқты авторлар оларды жасөспірімдік аясында зерттеген [4] .

Балалықты зерттеген бірқатар авторлардың еңбектерінде де кәмелетке толмағандар әртүрлі көзқарастан қарастырылған. А. Макаренко, А. Амельков оларға әлеуметтік-педагогикалық талдау жасаса, Н. Калашникова әлеуметтік- құқықтық қорғалуы мәселесін негіздеуге басымдық берген. А. Миронов, Е. Бреева сияқты ғалымдар әлеуметтік-психологиялық тұрғыны алға шығарады. Ал А. Шибаеваның еңбегінде аталған жастық кезеңнің физиологиялық ерекшеліктері жан-жақты ашылған [5] .

Зерттеу назарындағы жастық категория білім саласын зерттеген Э. Дюркгейм, Ф. Шереги, Ф. Филиппов, Т. Қалдыбаева, В. Нечаев, А. Құсайынов, Г. Ягодин мен А. Асмолов, А. Қайдарова мен Р. Масырова, Л. Гуревич сияқты авторлардың еңбектерінде де кеңінен талданған. Аталған авторлар жас ұрпақты әлеуметтік қорғау үрдісінің нысаны ретінде айқындап, оларды ғылымаралық сабақтастықта әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қарайды.

Кәмелетке толмағандардың девианттық мінез-құлықтын қарастырған Ш. Жаманбалаеваның, Б. Жетпісбаев пен А. Айтпаеваның, Р. Орсаеваның, әлеуметтік қорғау саласындағы Л. Қожамқұлованың, К. Биекенов пен З. Жаназарованың еңбектерінде түрлі аспектіде кеңінен талданған.

Әсіресе, отандық тәжірибедегі балалықты әлеуметтік қорғаудың өзектілігін кеңінен талдап, оның тиімді тұжырымдық және тәжірибелік әдіснамасын ұсына білген Л. Қожамқұлованың [6] еңбегі зерттеу проблематикасына жақындата түсті.

Р. Салықжанов, С. Жунушова, Э. Столярова, Ж. Жүнісова, Қ. Сұлтанов, А. Садуақасова, С. Дьяченко, т. б. авторлар кәмелетке толмағандардың саяси әлеуметтенуі мәселесін қарастырса, олардың тұлғалық әлеуметтенуі И. Кон, В. Ядов, Г. Абдикерова, А. Артьемов пен Б. Бейсенов, М. Пузиков сияқты ғалымдардың еңбектерінде терең зерттелген. Ал М. Әженов пен Д. Бейсенбаев, М. Садырова, К. Ғабдуллина, А. Забирова, т. б. отандық ғалымдар кәмелеттік жасқа толмағандар мәселесіне әлеуметтік құрылым тұрғысынан тоқталған [7] .

Кәмелетке толмағандардың қоғамдық бірлестігінің әлеуметтендіруші құрылым ретіндегі болмысын ғылыми негіздеу үшін институттық тұрғы басшылыққа алынып, Г. Спенсер, Т. Веблен, Э. Гидденс, Н. Смелзер, Липсет, Блау, Ланберг, М. Вебер, Э. Дюркгейм, т. б. батыс ғалымдарының және ресейлік А. Кравченко, С. Фролов, Ю. Левада сияқты белгілі әлеуметтанушылардың әлеуметтік институт жөніндегі іргелі тұжырымдары негізге алынды.

Зерттеу назарындағы кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін негіздеу үшін бірқатар отандық және ресейлік авторлардың қоғамдық ұйымдарды, олардың функциялық қызметін түрлі аспектіде қарастырған зерттеулері де жан- жақты талданды. Айталық, А. Орлов, Ц. Ямпольская, Ю. Соболева, С. Юрьев, С. Богина, А. Птушенко, В. Лысенко, О. Коршунова, Г. Черемных, С. Қорабай, С. Ищенко сияқты достастық елдерінің бірқатар авторлары кәмелеттік жасқа толмағандардың әлеуметтік қорғауда құқықтық ерекшеліктері мен белгілерін кеңінен сипаттаса, И. Городецкая мен В. Хухлинаның еңбектері аталған ұйымдардың экономикалық қырларын таныстырады [8] .

Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың мәртебесі мен қызметіне, әлеуметтік-тарихи дамуына түрлі қырынан талдау жасаған Л. Зайниева, Е. Көшербаев, Д. Қалетаев, Ж. Симтиков, Н. Калашникова, Н. Саханов, О. Коршунова, Г. Иренов, Қ. Құнантаева, А. Масалов, О. Родина, Е. Батталханов, С. Жунушова, Ж. Қыдыралина, Б. Сайлан, И. Сундиев, Е. Тукачева, В. Решетов, т. с. с отандық және ресейлік авторлардың зерттеулері де ақпарат алуға мүмкіндікті кеңейтті [9] .

Әсіресе, балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін азаматтық қоғамның субъектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік қорғау қызметіне ерекше баға берген Л. Зайниева, Н. Калашникова, Д. Қалетаев, Ш. Омаров, А. Масалов сияқты отандық саясаттанушы ғалымдардың зерттеулерінің құндылығы жоғары. Сондай-ақ ресейлік ғалымдар О. Родина, С. Тетерский және Л. Алиеваның да ұйымның негізгі қызметін әлеуметтену үрдісімен байланыстырған тұжырымдары зерттеу тақырыбының мақсатына жақындатты [10] .

Диссертациялық жұмыста басшылыққа алынған мәселелер.

  • кәмелетке толмағандардың ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретіндегі әлеуметтік-биологиялық ерекшеліктері және оларды әлеуметтік дамытумен байланысты қоғамның әлеуметтік-мәдени сұранысы отандық әлеуметтану ғылымы тұрғысынан жеткілікті деңгейде негізделмеген;
  • әлеуметтік-психофизиологиялық дамудың ерекше кезеңіндегі кәмелетке толмағандарды әлеуметтік дамытумен байланысты қоғамның әлеуметтік-мәдени сұранысын толыққанды қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отырған факторлар бар. Олар: билік органдары тарапынан жүйелі іс- шаралардың жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмай отыруы, отбасы институтының тәрбиелеуші рөлінің әлсіреуі, білім мекемелерінің әлеуметтендіру қызметіндегі олқылықтар, мәдени-ағарту ұйымдарының жеткіліксіздігі, бұқаралық ақпарат құралдарының тәрбиелеуші функциясының төмендігі және т. б.
  • қоғамның жас ұрпақты әлеуметтендірумен байланысты сұранысы негізінде пайда болған кәмелетке толмағандардың қоғамдық бірлестіктерінің институттануына жүйелі әлеуметтік-тарихи талдау жасалмаған;
  • кәмелетке толмағандардың қоғамдық бірлестіктері әлеуметтендіруші институт ретінде ғылыми тұжырымдық және праксеологиялық толық негізделмеген және сол себепті олардың әлеуметтік рөлі мен мүмкіндіктері қоғам тарапынан әлі де жеткілікті деңгейде бағаланбағандықтан, қоғамның әлеуметтендіру жүйесіндегі лайықты орнын белгілей алмай отыр;
  • кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін ғылыми тұжырымдық және практикалық негіздеуде басшылыққа алу тиімді нәтиже береді.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін жетілдірудің теориялық және практикалық ұсыныстарын негіздеу.

Қойылған мақсаттарға байланысты келесі міндеттер айқындалды:

  • кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғаудың мәні мен ролін анықтау;
  • кәмелетке толмағандардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауды қарастыру, атап айтқанда: жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; көп балалы отбасындағы кәмелетке толмағандар; аз қамтылған отбасындағым балалар және мүгедек балалар;
  • кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудағы атқарушы органдардың қызметіне талдау жасау;
  • кәмілеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін жетілдірудің әдістерін көрсету;
  • кәмілеттік жасқа толамағандарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарушы органдардың қызметін дамытудың тетіктермен жолдарын ұсыну.

Диссертациялық жұмыстың нысаны - кәмелетке қорғайтын атқарушы қызмет органдары.

Диссертациялық жұмыстың пәні - кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауын реттейтінатқарушы органдар қызметінің қарым-қатынастары.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудың жағдайына жан-жақты талдау жасай отырып, ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
  • кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғаудың мәні мен ролі анықталды;
  • кәмелетке толмағандардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау қарастырылып, атап айтқанда: жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар көп балалы отбасындағы кәмелетке толмағандар, аз қамтылған отбасындағым балалар және мүгедек балалардың жағдайы жан-жақты зерттелді;
  • кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғаудағы атқарушы органдардың қызметіне талдау жасалды;
  • кәмілеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін жетілдірудің әдістері көрсетілді;
  • кәмілеттік жасқа толамағандарды әлеуметтік қорғау бойынша атқарушы органдардың қызметін дамытудың тетіктермен жолдары ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
  1. «Кәмелетке толмағандар» ұғымы әлеуметтік-биологиялық ерекшеліктерін әлеуметтану ғылымы тұрғысынан айқындауға толық мүмкіндігі бар әлеуметтік категория. Ол ғылымдағы жастық ұғымдық атаулардың көптігімен байланысты жас ұрпақты әлеуметтендіруге байланысты тұжырымдардың жүйесіздігі мен шашыраңқылығының алдын алып, бірізділікке де жол ашады.
  2. Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-биологиялық болмысын және соған сай келетін тұлғалық тәрбиені әлеуметтанымдық негіздеуде ғылымаралық таным мен сабақтастықтағы әлеуметтік-психофизиологиялық әдіснамалық тұрғыны пайдалану арқылы жүйелі әрі кешенді талдауға қол жеткізуге болады.
  3. Кәмелетке толмағандар - әлеуметтендіруге сұранысы ерекше жоғары әлеуметтік-демографиялық құрылым ретінде айқындалады. Олардың әлеуметтік-мәдени сұранысының тиісінше қанағаттандырылмауы қоғамдағы бірқатар әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың орын алуымен көрініс береді. Сәйкесінше, қоғамның әлеуметтік жүйесінің қатарында бой көтерген кәмелетке толмағандардың қоғамдық бірлестіктерінің пайда болуына ықпал еткен негізгі фактор - жас ұрпақты әлеуметтендіру қызметінің тапшылығымен байланысты әлеуметтік-мәдени сұраныс.
  4. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық бірлестіктерінің пайда болуы мен институттануының ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау үшін олардың белгілі бір әлеуметтік кеңістік пен уақытта жүріп өткен жолына әлеуметтік-тарихи талдау жасау - шынайы ақпаратқа қол жеткізудегі маңызды алғышарт. Мұндай талдау негізінде аталған ұйымдардың өткені мен бүгінін сараптаумен ғана шектелмей, қоғамның негізгі даму заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, олардың ертеңгі әлеуметтік кеңістіктегі орны мен рөліне де ғылыми негізделген әлеуметтік болжам жасауға мүмкіндік туады.
  5. Кәмелетке толмағандар қоғамдық бірлестігі - әлеуметтендіруші институттық құрылым: тәрбиелеуші, білімдендіруші, дамытушы орта; әлеуметтік жатымды қарым-қатынас кеңістігі; әлеуметтік қорғаушы орта. Алайда қазақстандық қоғамның әлеуметтік кеңістігінде оның әлеуметтендіруші функциясының толыққанды жүзеге асуына қажетті алғышарттар мен жағдайлар тиісінше қалыптаспаған.
  6. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық бірлестіктерінің әлеуметтік қызметінің теориялық-әдіснамалық және праксеологиялық негізделуі ғылым және қоғам тарапынан әлі де дұрыс жолға қойылмаған. Сол себепті жекелеген ұйымдардың өзіндік шығармашылық қызметі мен ғылыми-практикалық ізденісі негізіндегі өзіндік іс-әрекеті қажетті әлеуметтік тәжірибе ретінде ерекше маңызды.

Диссертациялық жұмыстың практикалық маңыздылығы кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау, әлеуметтік саясат әлеумметтік қорғау салаларында кеңінен қолданылу мүмкіндігі бар. Ең бастысы кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметін оңтайландыруда үлгі ретінде пайдалануға болады

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, мемлекеттік органдардың мәліметтері жәненормативтік құжаттары қаралады.

Зерттеу процесінде монографиялық және статистикалық материал, экономикалық, ғылыми-техникалық және бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары пайдаланылды.

Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғау бойынша жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, графиктік сараптамалық, статистикалық және болжамдау әдістерін қолдану көмегімен алынды.

Диссертациялық жұмыстың эмпирикалық базасын 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы және Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініңкәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғау туралы мәліметтері құрады. Сонымен қатар диссертациялық басқа салалардағы мамандардың соңғы жылдарда жүргізген, басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелерін де қамтиды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы.

Диссертацияның көлемі 95 бет. Оның құрылымын кіріспе, үш тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі құрайды.

1 КӘМІЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәмілетке толмағандарды әлеуметтік қорғаудың мәні мен ролі

Кез келген ұлттың, халықтың, мемлекеттің болашағы көбіне балаларға, олардың тәрбиесі мен тұлғалық және психологиялық денсаулығының сапасына байланысты. Сондықтан да, әр бір мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейін көтерудегі басты міндеттердің бірі - балаларды әлеуметтік қорғауды жетілдіру деп ойлаймын.

Болашақта Қазақстан Республикасының негізгі мақсаты дамыған, мықты, бәсекеге қабілетті мемлекет болу. Осы қойылған мақсатқа жету үшін Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынға халыққа жолдауы «Қазақстан - 2050» стратегиясында:

- ана мен баланы қорғау, сондай-ақ, отбасы және неке саласында заңнаманы түбегейлі қайта қарауды;

- ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін, сондай-ақ, осы саладағы ең ұсақ деген заң бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуді;

- туу мен көп балалы болуды ынталандыру жүйесін реформалауды;

- жеңілдетілген салық, медициналық және әлеуметтік қызмет, еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер беру және сол сияқты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырып отыр [1] .

Балалар мен жастар (ертеңгі үлкендер) әрбір қоғамның ең бағалы капиталы. Бала құқығы туралы Конвенцияның 1-бабында «Әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады» деп жазылған. [2] . Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңының 1 бабында «бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам» делінген. [3] . Барлық әлем балаларының ең қасиетті құқығы - өмір сүру құқығы. «Мемлекеттер баланың максималды мүмкін дәрежедегі өміршеңдігін және денсаулығын қамтамасыз етуге міндетті» - деген норма бала құқықтары туралы Конвенцияның 6-бабында тікелей бекітілген. [2] . Осыған байланысты кез-келген үкіметтің, мемлекеттің қасиетті парызы және міндеті - балалардың өміріне, аман саулығына қамқорлық жасау.

Балалардың өміріне, аман саулығына қамқорлық жасау негізіндеқоғамда маңызды ізгілікті институтың яғни, балаларды әлеуметтік қорғау институтының бар болуын талап етеді. Қазіргі заманғы әлемде балаларды әлеуметтік қорғау, сол сияқты Қазақстанда да, мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізін көрсететін ең маңызды, негізгі қоғам дамуының мәдени, әлеуметтік, экономикалық факторлардың бірі болып отыр. Әлеуметтік қорғауды алу құқығы бала кұқығы статусының ең маңызды элементі болып табылады. Оның барлығы халықаралық құқықтық стандарттарда және көптеген дамушы елдердің конституцияларында бекітілген. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) бала құқықтары Конвенциясының Преамбуласында (1989 ж. ) . Заңдық және ғылыми әдебиеттерде «балаларды қорғау» түсінігін оған туыс түрлікатегориялармен теңдестіреді: «баланы құқықтық қорғау», «бала құқықтарын сақтау», «балаларды әлеуметтік қорғау».

Жалпы «әлеуметтік қорғау» ұғымына сипаттама беретін болсақ, бұл терминнің әртүрлі мағынасы бар. Ол жаңа экономикалық жағдайларда кеңес экономикасында қолданылған, тікелей мемлекетпен жүзеге асырылатын әлеуметтік қорғаудың ерекше ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын сипаттайтын «әлеуметтік қамтамасыз ету» немесе «әлеуметтік қамсыздандыру» терминдерінің орнын алмастырды.

Жалпы, әлеуметтік қорғау санатына қосылатын ұғымдардың айырмашылықтары бар.

Әлеуметтік қамсыздандыру - таратушылық қарым-қатынас процесінде ұлттық табыстың бір бөлігі есебінен азаматтарды материалдық қамтамасыз ету және қызмет көрсету үшін ақшалай қаражаттардың қоғамдық қорларын құру және пайдалану жүйесі.

Кең мағынада әлеуметтік қамсыздандыру қордың құрулы көздерінен және қамтамасыз етуді ұйымдастырудан тәуелсіз қоғамның барлық мүшелерін сәйкес қамсыздандыру.

Егер әлеуметтік қамсыздандыру ұғымын зерттеуде бірқатар ғалымдардың пікірі әртүрлі бағытта қалыптасқан екен.

Е. Е. Мачульская өзінің еңбегінде, әлеуметтік қамсыздандыру - жұмсалған табысты қалпына келтіру мақсатында еңбекшілердің, кәсіпкерлердің жарналары мен мемлекеттің дотациясы есебінен, сондай-ақ табыстарын тексергеннен кейін балалы отбасыларын, мұқтаждығы бар азаматтарға көмек беру үшін мемлекеттік бюджет бөлігін қайта таратумен байланысты құрылатын сақтандыру қорларын тарату процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жүйесі деп ұсынады [11] .

Ал Л. П. Якушев әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қамсыздандырудың жеке түрлерін ұсынумен байланысты әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастар жүйесінің неғұрлым тар категориясын анықтау үшін пайдаланылды [12] .

Неғұрлым терең зерттеу Р. И. Ивановамен жүргізіле отырып, әлеуметтік қамсыздандыруды қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорының еңбек ұжымының қатысуымен мемлекетпен әділетті, тегін және қайтымсыз негізде тарата отырып, азаматтардың әлеуметтік мәні бар жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру нысаны ретінде анықталды [ 13] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары
Ювеналды юстиция
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері
Прокуратура органдарының құрылымы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz