Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері
Студент: Елеуова Ботагөз
Қ-18 тобы
Жетекші: Тойымбекова Ж. Б.
Қазақ тілі және әдебиеті
пәндерінің оқытушысы
Қарағанды, 2022
Мазмұны
Кіріспе . . .
І тарау. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны - сан-салалы
білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма . . .
1. 1. «Құтты білік» дастанының зерттелуі . . .
1. 2. «Құтты білік» дастанының құрылымы мен сюжеті . . .
ІІ тарау. «Құтты білік» дастанының жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны . . .
2. 1. «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері . . .
2. 2. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын оқытудың тиімді
жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымша . . .
КІРІСПЕ
Ислам дәуірі әдебиетінің ең көрнекті туындысы - Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» (Құтты білік) дастаны. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн -ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған данышпан-ойшылы, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері. Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мұрасы - «Құтты білік» дастаны. Бұл дастан - қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі жөнінде аса қызықты әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Ақын «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Жүсіп Баласағұн сол жылы өз дастанын «Тамғаш қағанға - хандардың ханына» тарту етеді. Бұған риза болған Бограхан ақынға «ұлы Хас Хажыб» (ұлы уәзір, бас кеңесші) деген жоғары атақ береді. Этикалық-дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай болуы керек, олардың әрқайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс екені баяндалады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын жазу барысында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін (көріктеу құралдарын, мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін, фразеологиялық сөз тіркестерін т. б. ) жазба әдебиеттің тәжірибесімен ұштастыра білді. Жүсіп Баласағұн ойшыл ақын ретінде түркі тектес халықтардың тағдырын табиғаттың осындай көктемгі жандану кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп теңейді. Дастанда мал бағумен айналысатын ру-тайпалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты афоризмдер, бейнелі сөздер, теңеулер жиі ұшырайды. Жүсіп Баласағұн ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез-құлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында кедейлер, аш-жалаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал-дүниесін мұқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді. Дастанда автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазған аса маңызды мәселелердің бірі - адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады.
Ғұлама-ақын Жүсіп Баласағұн бұл өмірдегі барлық нәрседен де білімді жоғары қояды, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді өзара байланыстырып қарайды. «Құтты білік» дастаны адамшылық ізгі армандардың біршама ғылыми, саяси-әлеуметтік тұжырым, бағдар үлгісі іспеттес.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Жүсіп Баласағұнның өмірі мен қоғамдық қызметін, дастанның зерттелуін, Х-ХІ ғасырлардың өзінде Орта Азия, қазақ елі аумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің бірі болған философиялық поэмаға арқау болған тарихи шындықты тану, шығармадағы басты идеялардың адам бойында қалыптасуын, композициялық құрылысының ерекшелігін, көлемін және кейіпкерлердің сұрақ-жауап барысындағы әңгімелері, хаттары арқылы ақынның өз ойларын жеткізуін, тілінің байлығы мен дастандағы мақал-мәтелдер мен афоризмдердің қолданылуы, дастанның көркемдік ерекшелігін жан-жақты ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанның идеялық-көркемдік ерекшелігін жан-жақты ашу, ақынның терең ойлары мен ақындық шеберлігін көрсету және мектеп тәжірибесінде дастанды оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының идеялық-көркемдік
ерекшелігін жан-жақты ашу;
- Дастанның идеясы арқылы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық,
азаматтық қасиеттерді, əдеп-адалдық дəстүрін сіңіру;
- Жүсіп Баласағұнның шығармасына байланысты зерттеулермен танысу;
- Шығармаға арқау болған тарихи фактілер мен аңыздардың себептерін
танып-білу;
- Жүсіп Баласағұнның ақындық шеберлігін, шығармасының стильдік
ерекшелігін айқындау.
Зерттеудің ғылымилығы:
Зерттеу барысында ақынның өзіндік шеберлігі мен шығармадағы тақырыптық маңызы айқындалды. Ақынның идеялық ойларына, шығармасының стильдік ерекшелігіне талдау жасалынды. Дастанның идеялық-көркемдік ерекшелігі мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді.
Зерттеу әдістері: Жүйелі сипаттау, баяндау, салыстырмалы талдау;
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша бөлімнен тұрады.
І тарау. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны - сан-салалы
білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма.
1. 1. «Құтты білік» дастанының зерттелуі
ХІ ғасырдың түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дəлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фəлəкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы басқа толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мəлім болған. Әйтсе де, Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындысы - «Құтты білік» дастаны.
Жүсіп Баласағұн бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» -Қарахандар әулеті мемлекетінің (910-1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908-955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уазір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Белгілі мәліметтерге сүйенсек, ақын қазіргі уақытқа дейін нақты орны нақтыланбаған Балсағұн қаласында дүниеге келген.
Жүсіп Баласағұн өз заманындағы Отырар, Фараб, Шаш, Ташкент, Тараз, Шу өңірі, Ыстықкөл жағалауы, Ферғана, Қашқар секілді нақты бір мәдени және саяси аймақтан шыққан. Тіл мәдениетіне келетін болсақ, ақын тамыры түркі тілдес халықтан болған.
Жүсіп Баласағұн білімін сол кездегі атақты мәдени орталықтар Фараб, Қашқар және Бұқара қалаларында алып, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Жүсіп Баласағұн ғылымның әр саласы бойынша ғылыми және философиялық еңбектер жазды. Жүсіп Баласағұн ақсүйектер отбасынан болғандықтан, Қашқарда атақты ғалымдар секілді «Сажи», «Нұршашқан» медресесінде білім алды. Кейбір ғалымдар Жүсіп Баласағұн, сонымен қатар, «Саясат туралы» кітап, «Энциклопедия туралы» кітап жазған деп пайымдайды.
Академик Ə. Нысанбаевтың ғылыми зерттеулеріне [6] сүйеніп айтсақ, «Құтты біліктің» үш нұсқасы бар: Веналық нұсқа (1439 ж. ), Каирлық нұсқа (1895 ж. ) жəне Наманган нұсқасы (1913 ж. ) . Ғалымдар осы үш нұсқаның əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктерді жинақтай келе, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мəтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын алғаш əлемге хабарлап, 1823 ж. Парижде шығатын «Азия» журналында Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832-1913) дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 ж. Инсбрук қаласында кітап етіп шығарды. Алайда «Құтты біліктің» түпнұсқасы бізге жетпеген.
(6. Нысанбаев Ə. «Құтты білік» сол заманда «Қарахан» мемлекетінің Ата Заңының орнында жүрді // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ. ) . - Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. - 2013. - № 18 (78) . - 28-б. )
1439 жылы Герата ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын елшілік қызметте жүрген австриялық шығыстанушы ғалым И. Хаммер Пургшталь 1796 жылы табады. Ол дастанды Венадағы Король сарайының кітапханасына тапсырады. Дастан туралы қысқаша сипаттама жазып, кітаптар катологіне ендіреді. Қолжазба туралы алғашқы мақаланы Париждегі колледждің оқытушы ғалымы, араб, парсы, түркі тілдері кафедрасының меңгерушісі П. А. Жобер «Заметки о турецкой рукописи уйгурскими буквами» деген атпен 1825 жылы Азиятану журналында жариялайды. 1857, 1861 жылдары И. Н. Березин мен Н. И. Ильминский дастанның алғы сөзінен алған үзіндіні өз кітаптарында бастырады. 1870 жылы венгр ғалымы Герман Вамбери басылымы толық жарияланып болмаса да, дастанды зерттеу жұмыстарының жаңа мүмкіндіктерін аша түседі.
«Құтты біліктің» жариялануы мен зерттелу тарихының жаңа кезеңі В. В. Радлов есімімен байланысты. Ол «Құтты білікке» өз өмірінің жиырма бес жылын арнайды. Оның дастанды зерттеу ісі жолсапарынан басталады. «Құтты біліктің» араб әрпімен жазылған екінші нұсқасын неміс зерттеушісі Б. Мориц 1896 жылы Каир кітапханасынан табады. В. В. Радлов осы нұсқаның көшірмесін 1898 жылдың орта кезінде толық түрде қолға түсіріп, өз тарапынан қайта қарап, Шығыстану институтының Ленинград бөліміндегі қолжазба қорына тапсырады. Вена, Каир екі қолжазбаның негізінде жасалған дастанның толық транскрипциясымен неміс тіліндегі аудармасын В. В. Радлов 1910 жылы жариялайды. «Құтты білікті» жариялау, аудару, зерттеу ісіне жиырма бес жыл өмірін жұмсаған. В. В. Радлов ұйғыр тілінің грамматикалық құрылымы туралы очеркі мен «Құтты біліктің» сөздік индексін құрастыру жұмыстарын ойға алған болатын, бірақ ол ойын іске асырып үлгермейді. С. Е. Малов, В. В. Радловтың аудармасын «поражает мастерством и глубоким проникновением в звук языка» деп өте жоғары бағалайды.
Үшінші нұсқасын Наманган қаласындағы жеке кісінің кітапханасынан 1913 жылы А. З. Валидов тапқан. Бұл дастан нұсқаларының ең сапалысы саналады. Осы нұсқаны 1925 жылы өзбек ғалымы Фитрат қайта тауып, ол туралы мақала жазады, дастан үзіндісін жинақта жариялайды.
«Құтты білік» туралы елуінші жылдарға дейін біршама зерттеулер жинақталады. 1951 жылы С. Е. Маловтың атақты «Көне түркі жазба ескерткіштері» жарық көреді. Мұнда дастан туралы қысқаша зерттеу беріледі, шығарма үзіндісі жарияланады, соңында дастанның зерттелу тарихын танытатын әдебиеттер тізімі көрсетілген. «Құтты білік» дастаны туралы жан-жақты зерттеу нәтижелерімен А. А. Валитова, С. Е. Малов, Р. Р. Арат, Ділашар, С. Бамер, К. Кримов, И. В. Стеблева, И. В. Баролина, Д. М. Насилов, А. Егеубаев еңбектері мен «Советская туркология» журналындағы мақалалардан танысуға болады. Белгілі абайтанушы ғалым М. Мырзахметовтың «Құтадғу біліг» және «Абай» атты мақаласы ерекше танылған.
«Құтты білік» жайын әңгімелегенде, әсіресе ақын әрі ғалым Асқар Егеубаевтың еңбегін ерекше атаған жөн. Бұрынырақта баспасөз беттерінен әртүрлі тақырыптағы үзінділерін оқығаны болмаса, қазақ оқырманы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігімен» қауышып кете алған жоқ еді. Көпшілікке беймәлімдеу бұл дүние А. Егеубаевтың аударуымен 1986 жылы қазақ тілінде кітап болып шығып, қолымызға тиген.
«Құтты білік» белгілі-белгісіз себептермен қазіргі ұрпаққа кешігіп жетсе де, оның халық арасындағы қадір-қасиеті бұрыннан-ақ жоғары болған, тіпті таң қаларлық. Бұл ойымызға А. Н. Самойловичтің мәліметіне сүйенген В. В. Бартольдтың пікірі дәлел бола алады: «Кутадгу билиг, несмотря на небольшое число известных до сих пор рукописей, пользовалась в свое время некоторой популярностью, видно из того, что в Сарайчике, был найден глиняный сосуд с подписью содержавщий стихи из Кутадгу билиг».
Асқар Егеубаев «Құтты білікті» 1986 жылы қазақ тілінде сөйлетумен бірге 1989 жылы дастанның қазақ әдебиетіне тигізген идеялық-көркемдік ықпалы жайында кандидаттық диссертация қорғайды. Оның «Құтты білік» жайындағы зерттеу мақалалары мерзімді баспасөз беттерінде бүгінге дейін жарияланып келеді. Асқар Егеубаев «Құтты білік» пен Абай шығармаларындағы ой-пікір үндестігі мен сабақтастығын ашық көрсетіп берген.
2001 жылы жарық көрген Асқар Егеубаевтың «Құлабыз» атты еңбегінде дастанның көркемдік ерекшеліктерін айқын көрсетіп берген. «Құтты білік» жайындағы ой-пікірлерін Х. Сүйінішәлиев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында бастап «Ғасырлар поэзиясы» деген зерттеу еңбегінде дамытып, толықтыра түседі. Сондай кітабындағы мақаласында дастаннан көптеген үзінділер келтіре отырып, «Құтты біліктің» мазмұнында қазіргі қазақ түсінігіне қонымды жолдар аз емес деген қорытынды жасайды. Ол Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы ой-пікірдің тұтастығы мен үндестігін танытатын бірнеше тақырыпты әңгімелейді.
«Құтты білік» дастаны Ә. Қоңыратбаев пен Н. Келімбетов тарапынан да әжептәуір әңгіме болған. М. Әліпханұлының еңбектері де «Құтты білік» дастанының көркемдік ерекшеліктері мен Абай шығармаларының ұқсастығына арналып жазылған.
А. Х. Қасымжанов пен М. Орынбековтер дастанның философиялық мазмұнын танытып келеді. «Құтты білікті» баршамыздың таныған үстіне тани түскеніміз аса игілікті іс болар еді. Р. Бердібаев айтқандай, аталмыш дастанның алуан сипаттары жөніндегі әңгіменің көбі әлі алда.
1. 2. «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЮЖЕТІ
Ежелгі Шығыс ілімі бойынша, əлемді төрт нəрсе ұстайды: жер, су, ауа, от. Осы төрт нəрседен əлемнің үйлесімі жасалады. «Құтты білікте» қоғамдағы, өмірдегі үйлесім осы төрт нəрседен тұрады. Дастанның басты идеясы мынадай төрт принципке негізделіп жазылған [8; 161] :
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай əділ заңның болуы. Автор əділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дəулет, яғни елге құт қонсын, деген тілек. Бақ-дəулет мəселесі дастанда патшаның уəзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
Үшіншісі , ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уəзірдің баласы Ұғдүлміш (Өгдүлміш) бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мəселесі. Бұл мəселе дастанда уəзірдің туысы, дəруіш Одгүрміш (Одғұрмыш) бейнесі арқылы əңгіме болады: Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен байқалар.
Бірі оның-шындық жолы-әділет,
Екіншісі-құт пен ырыс, дәулет.
Үшіншісі-ақыл менен парасат,
Төртіншісі-ұстамдылық, қанағат
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бəйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл - 13000 өлең жолы деген сөз.
Дастан қара сөз бен өлең түріндегі кіріспеден, сексен бес бөлімнен жəне қорытындыдан тұрады. Алғашқы төрт бөлімі діни мақтауларға, бесіншісі - жеті ғаламшар мен шоқжұлдыздардың белгілерін суреттеуге арналған, ал алтыншы - он бірінші бөлімдер негізгі бөліміне кіріспе болып табылады. Шығарманың сюжетті бөлігі он екінші бөлімнен басталады. Ол бас кейіпкерлердің əңгімелері мен хат жазысуларынан тұрады. Туындының негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.
«Құтты білік» дастанының сюжеті де автор алға қойған этикалық-моральдық, дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған.
Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.
Күнтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жаһанға есімі мәшһүр болады. Құдіретті де әділ патшаның атақ-даңқын естіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп, алыс жолға аттанады. Ұзақ сапарда көп қиыншылықтарға ұшырап, ақыры Күнтудыны іздеп табады. Патша алдымен Айтолдыны жан-жақты әбден сынап көреді. Ақыры, патша оны өзіне уәзір етіп алады. Патша енді мемлекеттің барлық істерін уәзіріне сеніп тапсырады. Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта түседі. Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды күндердің күнінде жарық дүниемен қоштасады. Уәзір ажал төсегінде жатып, Күнтуды патшаға және жастай қалып бара жатқан баласы Өгдүлмішке өсиет-уағыз айтады. Арада талай жылдар өтеді. Өгдүлміш ер жетіп, Күнтуды патшаның қарамағына қызметке кіреді. Ол жас та болса, аз уақыттың ішінде-ақ өзінің іскерлігімен, білгірлігімен, адамгершілігімен көзге түседі. Бірте-бірте ол әкесінің орнын басып, патшаның ең жақын сенімді адамы болады. Патша енді мемлекет істерін соған тапсырады. Өгдүлміш ел басқару ісін әкесінен де жақсы жүргізеді. Ел-жұрттың бақ-дәулеті еселеп артып, ол басқарған мемлекет жайқалған гүлстанға айналады.
Бір күні патша онымен әңгімелесіп отырып, Өгдүлмішке көмекші болатындай білгір, іскер адам керектігін айтады. Сонда Өгдүлміш іске әбден лайықты бір туысқаны бар екенін ескертеді. Ол адамның аты - Одғұрмыш екен. Патша Өгдүлмішке қалай да сол кісіні тауып, маған ертіп әкел деп өтініш жасайды. Өгдүлміш көп іздеп, ақыры Одғүрмышты табады. Бірақ ол бұл өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі дүние жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кеткен екен. Дана-дәруіш бес күндік пәни өмірдің күйбең тіршілігіне қайтып оралғысы келмейтінін айтып, патша сарайындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, дүние-мүліктен бас тартады.
Патша Өгдүлмішті үш рет жұмсап, Одғұрмышты сарайға қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші мәрте шақырғанда дана-дәруішті қызметке емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем айтады. Сонда ғана ол патшаға келеді. Екеуі ұзақ сұхбат құрады. Бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап береді. Содан кейін қайтадан дана-дәруіш дорбасын асынып, тауға қарай кете барады.
Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Өгдүлмішті ауыр ойға салады. Адам жасы келіп, таяқ ұстанғанда бұл өмірдің күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүниелік дәруіш болып кетуі керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын өле-өлгенше істей бергені жөн бе? Өгдүлміш осы сауалға жауап таппай, дел-сал болады. Ақыры ол таудың үңгірін мекен еткен дәріш-Одғұрмышке барады. Дәруіш оған: «Бұл өмірде адамдар үшін еңбек ету-сауап іс, сондықтан өз міндетіңді бұрынғыша адал атқара бер», -деп кеңес береді. Өгдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз қызметіне қайтып оралады.
Жылдар жылжып өте береді. Бір күні Одғұрмыш ауыр науқасқа шалдығып, Өгдүлмішті шақыртады. Ол келеді. Дәруіштің жазылмас кеселге ұшырағанына Өгдүлміш қатты қайғырып, өзегі өртене күйіп піседі. Ақыры дәруіш дүниеден өтеді. Ал Өгдүлміш өз ісін одан әрі жалғастыра береді. Дастанның хикаясы осымен бітеді.
«Құтты білік» дастанының сюжеті автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың əділдікті, бақ-дəулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-əрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі қарапайым болып келеді. Әрине, «Құтты білік» дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызметін атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе - шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz