КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Қаржы академиясы»АҚ колледжі
«Қаржы пәндері» ЦК
Төрайымы
Курстық жұмыс
Пән «Ұйым қаржылары»
Мамандық 0516000 «Қаржы» (салалар бойынша)
Тақырыбы «Өнімдер, жұмыстар, қызметтер қалыптастырудағы басқару мен ұйымдастыру»
Орындаған: 3Қ-416 тобының студенті
Нарбаев Капархан Абдикапарович
Оқытушы З. Ф. Садырбаева
Астана 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I БӨЛІМ . ҰЙЫМНЫҢ ӨНДІРІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1. 1 Ұйымның өндірісін ұйымдастырудың негіздері және оның түрлері. . 5
1. 2 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және оған әсер ететін факторлар. 9
1. 3 Кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаны жоспарлау… . . . 13
II БӨЛІМ . «АРНА» ЖШС-НЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.
2. 1 «АРНА» ЖШС-ның сипаттамасы. . 16
2. 2 » ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау24
III БӨЛІМ . КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Инновация - өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі . 28
ҚОРЫТЫНДЫ30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . 32
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеу және нақты ұсыныстар жасау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
- Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
- Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
- Жалпы Қазақстан Республикасындағы қағаз бен картон шығару нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
- «АРНА» ЖШС - ның технико - экономикалық сипаттамасын беру және өндірістік тиімділігін талдау;
- Қазақстан Республикасын қағаз бен картон шығару нарығының дамуын қолдау мүмкіндіктерін және « ЖАСИ» ЖШС - ның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңнамалық актілерін, отандық және шетелдік экономистердің осы тақырыпқа арналған еңбектерін және «АРНА» ЖШС-гі жайлы мәліметтерді пайдаландым.
Курстық жұмыстың өзектілігі- өндіріс қалыпты өмір сүру үшін аса элементтерінің бірі. Қазіргі кезде өндірістің өте көп салалары дамып жатыр, ол адамдардың өмірін едәуір жеңілдетеді. Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға ағылуы жалғасты. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал - жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда. Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нәтижелеріне кері әсерін тигізді.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы - ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
Осы мәселелердің барлығы өндіріс тиімділігімен тығыз байланысты, яғни кез-келген экономиканың қарқынды дамуының алғышарттарының бірі - өндірістік секторлардың үдемелі дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті- өндірістің маңызын, оның түрлерін, өндірістік бағдарламасын ашу, өндіріс тиімділігінің маңызын мен оған әсер ететін факторларын сипаттау.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде жалпы ұйымның өндірісі, өндіріс тиімділігінің мәні және оған әсер ететін факторлар, кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаны жоспарлау түсініктері ашылады.
Екінші бөлімінде жалпы Қазақстан Республикасының картон мен қағаз нарығының даму тенденциялары, осы саланың құрамына енетін «АРНА» ЖШС-ның даму тарихы, қаржы экономикалық жағдайы, өндірісінің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері талданды.
Үшінші бөлімінде өндіріс тиімділігін жоғарылату негіздері қарастырылды.
I БӨЛІМ . ҰЙЫМНЫҢ ӨНДІРІСІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1. 1 Ұйымның өндірісін ұйымдастырудың негіздері және оның түрлері.
Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру - өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер. Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын - салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды. Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндіріст ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті - машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергет. шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-тех. деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.
Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.
Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:
•көпшiлiк/потокты;
•сериялық/группалық;
•жеке дара .
Өндiрiстi ұйымдастырудың потокты әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi.
Өндiрiстi ұйымдастырудың группалық әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шығарылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.
Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:
•мамандандыру/специализация;
•бiрлестiру/кооперация;
•қиыстыру/комбинирлеу;
•шоғырландыру/концентрация.
Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Мысалы, скважина құрылысы ӨП келесiдей процестерге бөлiнген: мұнара /вышка/ құрылысы; бұрғылау; сынау. Геологиялық барлау ӨП екi этаптан құралған: iздеу және барлау (олар тағыда ) .
Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:
•кезектi;
•параллельдi;
•параллельдi-кезектi.
Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады.
Операциялардың параллельдi бiрiгуi - олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.
Параллельдi-кезектi тәсiл - операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.
Жеке немесе ұсақ сериялық өндіріс түрінде бірліктермен немесе ұсақ партиялармен жасалынатын өнімдердің көптеген әртүрлілері өндіріледі.
Мұндағы жабдық пен аспаптық жабдықтау - әмбебап. Өндірістің автоматтандырылу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары емес. Автоматтандырылған жабдық ұзақ күйге келтіруді талап етеді. Оны бөлшекке қайта күйге келтіру әр кез ұзақ үзілістермен байланысты. Сондықтан автоматтандырылған жабдықты өндірістің осындай түрлерінде қолдану тиімсіз.
Арнайы жабдықтың жоқтығы кейбір бөлшектердің жоғарғы жоғарғы дәлдігін қамтамассыз етуге мүмкіндік бермейді, нәтижесінде құрастырылғанда жетілдіру жұмыстарының көлемі көбейеді.
Әмбебап жабдықты кең пайдалану және арнайы станоктарды сирек қолдану жеке өндірісте жоғары маманды жұмысшылардың еңбегін пайдалануды талап етеді.
Жұмыс орындарына көлік мұнда шақыру бойынша беріледі, берілген сәтте жұмысшы - әмбебап, оған қандай аспап қажеттігін өзі таңдайды.
Технологиялық үрдістер тікелей цехтарда бөлшектелетіндіктен және анықталатындықтан, ал үлкен атаулы тізімінің орталықтанған жоспарлауы қиындайды, онда зауыт басқармасы аттарынан технологиялық және жоспарлауды басқарудың басым бөлігі жасаушы-цехтарда ауыстырылады.
Үлкен шектермен байланысты өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы, жұмысшының жоғарғы мамандығы, материалдардың жоғары шығысы жеке өндірісте өнімнің жоғарғы өзіндік құнын белгілейді.
Жалпы және ірі сериялы өндіріс қатаң шектелген азғантай атаулар тізімінен тар мамандандырылған жұмыс орындарында ұзақ уақыт мерзімінде үздіксіз жасалынатын өнімді көп көлеммен шығарумен сипатталады.
Осындай жағдайлар жоғары деңгейде автоматтаңдырылған арнайы жабдықты кең қолдануды қамтамассыз етеді.
Жалпы өндірістің өлшемі болып, технологиялық үрдістің бағыты бойынша орналасқан, қатаң анықталған, соларға бекітілген операцияларды орындау үшін белгіленген жүмыс орындарының жиынтығы "тасқынды желі" болып саналады. Тасқынды желелердің көптеген әр түрлілері бар. Тасқын операцияларды орындау дағдыларының жылдам қорлануына, өте жоғары еңбек өнімділігіне, кей жағдайларда оның физикалық жеңілденуіне әкеп соғады. Дегенмен ол жұмысшыға қолайсыз әсер етеді, өйткені конвейердің жанындағы жұмыс бір сарынды және бір қалыпты. Толқында тағы басқа кемшіліктер бар.
Жалпы өндірісте аспап тасқынды желілерге топтама, сағат кестесі бойынша беріледі. Үздіксіз көлік басымдырақ.
Өндірістің осындай түрінде зауыт немесе цех өнімнің бір-екі атауын шығарады. Бұл конструкцияларда үйлестірілген және өзара алмасатын өлшемдердің кең қолдануына экономикалық мақсаттылық жасалады. Бұйым ауысымы жаппай өндірісте сирек жүргізіледі және тәртіп бойынша кәсіпорынның немесе цехтың қайта құрылуымен бірге жүреді. Шығару көлемінің көптігі мен конструкциясының жоғарғы түрақтылығы технологиялық үрдістердің жеке жасалуы экономикалық пайда береді. Технологиялық үрдістердің операциялары жеке ауысымдарға дейін сараланады және арнайы жабдықтың көлеміменорындалады.
Технологиялық үрдістердің мұқият жасалуы, арнайы жабдықпен жабдықталу ұзақ дайындауды талап етпейтін тармамандандырылған жұмысшы операторлардың еңбегін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жоғары мамандандырылған жұмысшы реттеушілердің еңбегі кең пайдаланылады. Қол жұмыстарының көлемі кенет кемиді, жетілдіру мен қиюластыру жұыстары шығып қалады. Жалпы өндірістегі технологиялық үрдістер бас технологтың бөлімімен жасалынады.
Өндірістің сериялы түрі - көбірек таралғаны. Бұйымдар атаулары тізімі мұнда жетерліктей көп болады бұйымдардың бөлігі конструкциялық - технологиялық белгілері бойынша тектес болып саналады. Сериялық өндірістің белгісі - бұйымдардың шығарылуының қайталануы. Бұл бұйым шығаруды көбірек немесе азырақ ырғақты ұйымдастыруды мүмкіндіндіреді. Бірдей бұйымдарды салыстырмалы көп санмен шығару бұймдар мен технологиялық үрдістерді маңызды үйлестірумен жүргізу, бұйымдардың партияларымен шығаруды қамтамассыз етеді, олардың өзіндік күні төмендейді.
Мұнда әмбебаппен қатар арнайы жабдықпен жабдықтау да қолданылады. Орта сериялы өндіріс үшін мақсатты түрде технологиялық үрдістерді толық жасау, операцияны ауысымдар түрінде көрсетумен аяқталады.
Сериялық өндірісте әрбір жұмыс жұмысшы мен жабдықтың уақытының тең бөлігін ғана қамтиды. Оның аяқаталғанынан соң ол басқа операцияны орындайды және соған сәйкес жабдықтары қайта жөндейді. Қайта жөндеу үшін үзілістердің шарасыздығы жұмыс орындарын жүктеуді төмендетеді.
Өндіріс түрі түсінігі жұмыс орнына, бөлімге, цехқа, жалпы кәсіпорынға қатысты. Бір кәсіпорында бір мезгілде бірнеше өндіріс түрлері болуы мүмкін.
Сериялықтан жекеге, сонан соң өндірістің жаппай түрін ауысқанда байқалатыны: а) жоғарғы өнімді үрдістердің қолданылу аумағының үздіксіз кеңеюі, операцияларды орындаудың автоматтандырылуының жоғарылауы;
б) технологиялық жабдық пен арнайы жабдықтың үлесі артуы;
в) өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігі жоғарылауы, өндірістік қорлардың (материялдың және еңбектің) пайдалануының жақсаруы;
г) өндірстік циклдің тиімділігі мен еңбектің ұзақтығы қысқарды. [1]
1. 2 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және оған әсер ететін факторлар.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы) . Даму деген - шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда -ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипаттайды. К. Маркс былай деген “уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұмыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда” . Өнім бірлігіне еңбек шығынының төмендеуі - жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табылады.
Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз -ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі . Ал М. Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі - бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория.
А. П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз - қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік - ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру) ;
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық тиімділік: активтердің айналымдығы (кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі)
Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік - жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т. б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі - кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді - ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта. [2]
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
- өнім көбейеді, шығындар азаяды;
- өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
- өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
- өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
- өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр - түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.
Өндіріс тиімділігін басқару - оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар. Олар келесілер:
- ҒТП - тің жеделдеуі, ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқару әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабылдау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпоративтік мәдениет және т. б. жатқызамыз. Ішкі факторлар негізі және негізі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жатады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсекелестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz