Бүгінгі таңда лидер сөзінің баламасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік-Гуманитарлық ғылымдар факультеті Тарих кафедрасы

БӨЖ
Пәні: Көшбасшылық теориясы
Тақырыбы: Білім алушылардың лидерлікке даярылығын тәрбиелеу

Орындаған: Ашурбекова Гулмира (ТТА-011) Қабылдаған: Алимбекова Сабира

Түркістан 2022

ЖОСПАР:
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы.
2. Лидер болу үшін
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Қазақстан мемлекетінің барлық салаларын дамыту үшін білікті жетекшілер қажет. Жетекшілерді жастайынан анықтап, олардың мәдени, рухани, кәсіптік дамуына жол ашу керек. Бүгінгі таңда жас ұрпақ өз күштерін көптеген салаларға жұмсайды.Көптеген жас адамдар, жоғары интеллект коэффициентіне ие болғанымен, тұлғааралық қарым қатынасқа түсу оларға қиын соғады. Конфликттерді шешу, өз еркімен бір шешім қабылдау да оларға қиындау. Балалық шақ пен жасөскелеңдік шақ адам әлеуметтенуінің белсенді уақыты.Балалар мен жасөспірімдердің қарым қатынасқа түсу қажеттілігі қанағаттанбай қалуы әр түрлі әлеуметтік емес топтардың құрылуына әкеледі. Сондықтан да қылмыс, қаңғыбастық, нашақорлық деңгейі және өзге де әлеуметтік ауытқулар өсуде. Ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша кез келген қоғамдастықтың, мемелекеттің болашағы жас ұрпақтың азаматтық тәрбиесі мен білімділігінің деңгейіне байланысты. Сондықтан да білім беру жүйесінде алуан түрлі өзін-өзі басқару жүйелеріне аса назар аударылуда, болашақ лидерлерді дайындау мақсатында жастар ұжымының белсенді мүшелерін оқыту мен дайындауға барлық жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда лидер сөзінің баламасы:
Белгілі бір салада өзгелерге қарағанда үлкен жетістіктерге жеткен адам
Ең көп жеңістерге жеткен спорттық ұжым
Кемелер тобың бастаушы кеме және т.б.
Алайда жоғарыда келтірілген лидер түсінігі әлеуметтік психология тұрғысынан қарағанда мүлде басқаша түсініктерге ие болады. Мысалы, мәре сызығын бірінші болып өткен лидер спортшы мен топ лидерінің арасында ұқсастықтары аз. Спортшы лидер табысқа жетеді, оғын барлығы шапалақтайды, содан кейін ол өзінің өмірлік жолын жалғастыра береді, мүлде жалғыз болуы мүмкін. Ал топ лидері дагеніміз - өзгелерді артынан ерте алатын адам. Сонымен әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда лидерлік ортақ мақсаттар, құндылықтар мен қызығушылықтары бойынша біріккен, біршама ұйымдасқан адамдар тобымен байланысты. Лидерлік қазіргі тұрмыстың бөлінбес атрибуты ретінде адамзаттың өмір сүру мен даму тарихымен байланысты. Кез келген жерде, екі адамнан артық топ жиналған кезде, бірінің артынан бірі еріп жүру, лидерлік қасиет көрініс табады. Лидерлер артынан еріп жүретін адамдардың ұйымдасу деңгейіне, топтық нормалар мен құндылықтардың қалыптасуына, артынан ерушілердің мінез-құлқына үлкен әсерін тигізеді. Соған байланысты лидер мен лидерлік феномендері әдетте зерттеушілердің назарын аударады. Лидерлік мәселелерін зерттеуге әлеуметтік ғылым тек 1960 жылдары ғана қайта оралған. Осы периодта лидерлік пен қолбасшылыққа арналған көптеген еңбектер пайда болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы
Жалпы лидерлік дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. Лидерлік дегеніміз топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің мінез-құлқына әсер етуі. Лидер тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана лидердың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді. Ал лидер деген (ағ.leader - жетекші, алғашқы, алдынғы) - белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға. Лидер адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Психологтар, әлеуметтанушылар 19шы ғасырдан бастап лидерлік тақырыбына зер салып, лидер болу үшін қандай қасиеттер керек, лидерлікті қалай дамытуға болады, лидерлерді қалай анықтаймыз деген сұрақтарға жауап беруге тырысты. Жалпы лидерлік барлық адамдарға тән қасиет, тұлғаның әлеуметтену процессіне байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Сондықтан коммникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар әрі жігерлі адамдар көбінесе лидер болып табылады. Ал қоғамның өзегі - жастарды басқару тек жастардың қолында. Қоғам лидерлерді олардың мінез-құлқы, жеке қасиеттері мен атқаратын функцияларына қарай таниды. Сол қасиеттерді белгілеп, болашақ лидерлерді мектеп жасынан бастап анықтау өте тиімді, себебі жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін шараларда белсенділік танытқан баланың жеке тұлғалық қасиеттері оны демеп, дұрыс жолға салып отырған жағдайда баланың болашақта жоғары дәрежелі лидерге айналуына септігін тигізеді. Ал сенімді, әрі белсенді лидердің артынан еріп, үлкен жетістіктерге жетіп жатқан халық әрқашан гүлденіп, өсе береді.
Лидер жобалаушы ретінде. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнамалық атропонимдердің түрлері
Лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау
Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер
Бүгінгі терминологияның даму сипаты
Қабдоловтың аудармалары және аударма туралы ой-пікірлері
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Тілдегі кірме сөздерді зерттеу мәселелері
Түркі тілінен енген кірме сөздер
Тиімді саяси шешімдер қабылдау
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Пәндер