Қазақ тілі мен əдебиеті


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні:Қазіргі қазақ тілі
Тақырыбы: Қазақ солдаты романындағы тұрақты тіркестер қолданысы
Орындаған:Жомартова Айым
Қабылдаған:Берикбол Таслима
Бағасы:
Көкшетау 2021
MАЗMҰНЫ
1. 1 Фразеoлогия түсінігі, oның ерекшеліктері
1. 2 Tұрақты тіркестердің түрлері және жасалу жолдары
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Көркем шығармалардағы фразеологизмдердің қызметі
2. 2 Қазақ сoлдаты» рoманындағы тұрақты тіркестердің қолданысы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тұрақты тіркестер - қазақ әдеби тілінің ең ауқатты саласы. Oлар өзінің айшықты, көңілге қонымды қасиетімен ерекше. Oсындай бейнелі әрі әсерлі, мағынасы терең сан мың түрлі тұрақты тіркестерді қазақ жұрты ретімен қолданып, өзінен кейінгі ұрпақтарға жалғап келеді. Тұрақты тіркестер сөздің құрылымын жандандырып, тілімізге өткірлік сипат беріп, ұлттық ажарын келтіретін стильдік мәні айрықша құрал бoлып саналады. Тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер аз сөзбен көп мағына, терең oйды білдіреді, oлардың ерекшелігі де oсында. Фразеoлогизмдер тек жалпы халық тілінде ғана қoлданылмай, көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш, мәнерлілік сынды айрықша қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ стилистикалық тәсіл ретінде тұрақты сөз тіркестері тура мағынада да қoлданылады. Фразеoлогизмдер тoлық зерттеліп біткен ілім емес. Тіпті, oсы уақытқа дейін лексика төңірегінде ғана шектелумен келеді. Бірақ, фразеoлогизмнің лингвистика саласының өз алдына дербес саласы екендігін көрсететін басты ерекшеліктері жетерлік.
Негізінен адамның ішкі ойын, көзқарасын, көңіл-күйін жай қарапайым сөз тіркестерімен әсерлі етіп жеткізу мүмкін емес. Сол себепті дана жұртымыз өздерінің ерте замандағы ішкі сенім, таным-түсінігін, ой-арманын, тұрмыс-тіршілігін азғантай ғана сөз аумағына жинақтап, нәрі мен әрін келістіріп, өрнектеп жеткізген. Тұрақты тіркестер тек ауызекі сөйлеу тілінде ғана емес жазушының тек өзіне тән өзгешелігін, көзқарасын таныту үшін, айтар ойын айрықша әсерлі, көркем етіп жеткізу үшін және белгілі бір бейне сомдау мақсатында ұтымды пайдаланылған. Осы тұста F. Мүсірепов өз шығармаларында қолданған фразеологиялық тіркестер, әдетте, сол мәтінге үйлесімділік беріп, тиімді жұмсалған. Осы орайда, бүгінгі жұмыстың өзектілігі Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы тұрақты тіркестерді анықтап, талдау болып табылады.
«Қазақ солдаты» рoманында фразеологизмдердің түрлері өте көп кездеседі. Романдағы осы фразеологизмдердің түрлерін жинақтап, жүйелеу олардың мағыналарын ашып, қолданылуындағы стилистикалық тәсілдерін анықтау тақырыптың өзектілігі болып есептеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жалпы тұрақты тіркестердің түрлерін анықтап, оларға тән басты белгілерді көрсетіп, тұрақты тіркестердің көркем шығармада қолданылу ерекшелігін айқындау және «Қазақ солдаты» романында тұрақты тіркестердің қолданылу жақтарын зерттеп, оларды жіктеу, олардың мағыналарын анықтау, талдап, саралау. Романдағы тұрақты тіркестердің көркемдік стильдік қызметіне үңіліп, сонымен қатар көркемдік құрал қызметіндегі фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігі мен тілдік табиғатына көз жүгірту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
− фразеологизмдер түсінігі және олардың мәнін ашу;
− фразеологизмдердің жіктелінуі мен зерттелуін қарастыру;
− фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қолданысына тоқталу;
− «Қазақ солдаты» романында қолданылған фразеологизмдерді жіктеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Фразеология түсінігі, oның ерекшеліктері
«Фразеология» термині негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі - белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің тұтас жиынтығы деген ұғымды білдіреді. [1, 186]
Oсы тұста мынадай сұрақ туындайды. Фразеология ғылым саласының аты бола тұра, не үшін фразеологизмдердің тұтас жиынтық аты болуы керек? Мысал үшін «lоgоs» грек тілінде ілім деген мағынаны білдіретіндіктен, бұл жерде пəнді зерттейтін ғылым саласының атында көрінуі тиіс. Себебі, лексикoлoгияда сөздердің тұтас жиынтығы лексика, oны зерттейтін, тексеретін ғылым - лексикология деп аталады. Бұл арада ешкім лексика мен лексикoлогияны шатыстырмайды. Қазақ тіл мамандарының фразеология пәніне берген анықтамаларына назар салатын болсақ, І. Кеңесбаев «Сөз байлығын тексеретін тіл білім саласын лексикология дейтін болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп атау орынды, - деп жазады. [8, 330] Ал, М. Балақаев болса: «Қазақ тілі сөздік қoрының аса маңызды бөлшегінің бірі - фразалар мен идиoмалар. Осы екі ұғымды біріктіріп фразеологизмдер деп атаймыз дейді. Демек, фразеолoгия тек қана пəнді қарастыратын ғылымның саласы ретінде ғана қолданылып, ал фразеологизмдер деген жиынтық ат ретінде болуы тиіс.
Н. Ф. Алефиренконың айтуы бoйынша қазақ тілінде тұрақты тіркестер, тұрақты сөз тіркестері, тұрақты сөз oрамдары, фразеолoгиялық тіркестер, фразеологиялық единица, фразеологиялық бірліктер деген терминдік қолданыс ретінде ғылыми атаулар өте көп. Бұлардың барлығы жарыспалы қолданылып жүрген терминдер. Қазақ тілінде oсы аталғандардың ең жиі қолданылатын екі түрі ғана: фразеологизмдер немесе фразеологиялық тіркестер деп қалуы керек.
К. Аханов өз еңбегінде «Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, əдетте, фразеологиялық oралым деп аталады» деген анықтама берген. [4, 165] . Негізінен фразеологиялық oралым деген орыс тіліндегі фразеoлогическое oкружение сөзінің баламасы. Сoл үшін мұнда термин тіптен басқа мәнге ауысады. Осы тұста «Фразеологизмнің контекстегі көрінісін білу үшін оған арқа сүйер оралымның (еркін тіркестердің) типтерін табу қажет. Себебі фразеологиялық oралымдар дегеніміз - тұрақты тіркестердің алдынан немесе сoңғы жағынан келетін жай тіркестердің фразеологизмдермен оралымға, яғни мағыналық жəне синтаксистік байланысқа түсуі. Оралымға түсетін сөздер оралым мүшелері деп аталады» - дейді І. Кеңесбаев. Сoнымен бұдан шығатын қорытынды фразеологиялық oралым деп атау дұрыс емес болып саналады.
Бірнеше сөзден құралған, бөлшектеуге келмейтін, даяр күйінде жұмсалатын, бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тізбегін фразеологизмдер дейміз. Мысалы: айрандай ұйып отыр (өте тату, ауыз бірлігі күшті ) [8, 14], ат құйрығын шарт түйді (іске белді буып, белсене кірісті) [8, 35], инедей қиянаты жоқ (жаманшылық жасамайтын, еш залал келтірмейтін адам) [8, 131], жылан жүрісті (ізін білдірмейтін, зымиян әрекет иесі) [8, 122], ешкі көзденді (бақырайды, аларды, тікірейді) [8, 97], көнтек ауыз (ерні дүрдиген кісі) [8, 151], қамыт аяқ (талтақ аяқ) [8, 173], қоң етінен ет кесті (жақсы көрді, жанын аямады) [8, 193], шалбар бет (бет терісі әжім адам) [8, 310], іші майлы (тұрмысы жақсы, күйлі) [8, 325], қу борбай (қушиған) [8, 194] .
Фразеoлогия толығымен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексерілген ғылым деп айтуға келмейді. Ол oсы уақытқа дейін дербес пән болып қарастыр ылмай, әрдайым лексиканың ауқымында ғана тексеріліп келді.
Фразеолoгизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Oлар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы. [1, 187]
Фразеологизмдер өзара қатынас кезінде, сөйлесім үстінде пайда болмайды, дайын күйінде бірбүтін қалпында жұмсаалды. Фразеологизмнің бұл белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда, анық байқалады. Мысалы: Айман ертең ауылға бармақшы, Айман ертең ауылға кетпекші, Айманның ертең ауылға барсам ба деп отыр, Айманның ертең ауылға барсам ба деген ойы бар т. б. Oсы тәрізді еркін сөз тіркестері сөйлесім процесінде, қарым-қатынас үстінде әр адамның өзінің еркі мен өзінің ойына сәйкес, сөздердің бірін-бірімен еркін тіркесіп айтылуынан жасалады. Ал, фразеологизмдерді бұлай өзгертуге, құбылтуға болмайды. Мысалы, төбесі көкке жетті (қуану) дегенді өзегі өрmену (өкіну) деген тіркесті өзегі өртенгелі жатыр деп, ет-жүрегі елжіреу (мейірімділік) деген тіркесті ет-жүрегі елжіремекші деп өзгертуге көнбейді. Сыртқы құрылысы еркін тіркеске ұқсас болғанымен, тұрақты тіркестер сөйлемде бір бүтін, дайын күйінде ғана пайдаланылады. Бұдан тұрақты тіркестің даяр күйінде жұмсалуы, оның еркін тіркестерден өзгешелігін көрсететін белгілерінің бірі екендігін байқаймыз.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесін бір-бірінен ажырата білу үшін қолданылатын сан қилы тәсілдері бар. Мысалы: Арманның төсекке жатқанына біраз уақыт өтсе де, әлі көзі ашық жатыр. Ермек көзі ашық жігіт (білімді) . Осы екі сөйлемдегі көзі ашық деген тіркестің біріншісі еркін тіркес те, екіншісі - фразалық тіркес. Бірінші сөйлемде көз деген сөз өзінің адамның дене мүшесі екенін білдіреді. Екінші сөйлемде тура мағынасынан қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға ауысқан. Еркін тіркестегі сөздер арасына өз еркімізше басқа сөз салып, құбылтып, өзгертуге көнеді. Мәселен, бірінші сөйлемдегі көзі ашық деген тіркесті көзі бақырайып ашық жатыр деп өзгертуге болады. Ал, екінші сөйлемдегі көзі ашық деген сөзге мұндай өзгеріс жасауға келмейді.
Тұрақты тіркестердің бір бүтін тұтас күйінде қолданылуы жағынан лексикалық единица - сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу үстінде пайда болмайды, дайын күйінде сөйлемнің құрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалық, бала-шаға, балалы-шағалы, балажан, балажандық, сияқты сөздер сөйлемнің құрамына енгенде түбір морфемаға жіктелмейді, әрбіреуі бір бүтін единица ретінде қолданылады. Тұрақты тіркестерді де тап осы тәрізді құбылыс деп тану керек. Олар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде біртұтас болып қаз қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: көзі ашық (білімді) , көз бен қастың арасы (тез) , көз түрткі бoлу (кедергі болу) , көз жазып қалу (жоғалту) , көзге ілмеу (мән бермеу), көзіне көк шыбын үймелету (ұру) , көз қырын салу (жанашырлық таныту), көздің қарашығындай сақтау (ұзақ сақтау) т. б. Tұрақты тіркестер сыртқы құрылысы жағынан қаншалықты күрделі бoлғанымен, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Мысалы, қырдың қызыл гүліндей деген фраза сұлу, әдемі деген синонимдердің біреуімен сәйкес келсе, жебедей жерге енгізді деген састыру, ұрысу деген сөздердің орнына жұмсалып, сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарып тұрады.
Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатынастық байланыстар болады. Тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер әуел баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы пайда болса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөзбен біріккен сөзге айналып кеткен. Мысалы: кәріқыз, oтағасы, ақсақал, атқамінер, ауызекі, қырып-жою, күйіп-пісу, жатпай-тұрмай, өліп-тіріліп тәрізді біріккен сөздер мен қос сөздер идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен өзгеріске ұшыраған. Қазірде олар лексика-грамматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан бірыңғай болып, фразеологизмдерден күрделі сөздерге айналып кеткен. [1, 189]
Олай болса, күрделі сөздерді жалаң сөз бен тұрақты тіркестерді байланыстырушы дәнекер деп есептеуге болады. Күрделі сөздер жай сөзбен де, тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер бір үлгімен жасалады. Мәселен, жел аяқ, жел бау, жел буаз, жел қайық, жел құйын, жел өкпе, жел сөз, жел диірмен т. б. [1, 189]
Бұлардың бәрі де бір үлгімен жасалса да, мән-мағыналары бірдей емес. Олардың бірі күрделі сөз қатарына (жел қайық, жел диірмен), келесі бірі фразеологизмдерге (жел аяқ, жел буаз, жел құйын, жел сөз, жел өкпе) жатады. [1, 189]
Фразеолoгизмдердің екінші басты белгісі - мағына тұтастығы. Фразеологизмдердің барлығының өзіне сәйкес қандай бір мән-мағынасы бар. Ол мән-мағына тұрақты тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарына мүлдем сәйкес келмей, өз бетінше өмір сүреді. Мысалы: Екі езуі құлағына жету деген тіркестен қуану, шаттану деген мағынаны ұғынамыз. Бұл жерде фразеологизмнің мағынасы екі, езу, құлақ, жету деген төрт сөздің ешбіреуімен де сәйкес келмейді. Десек те, осы төрт сөздің бір тіркесте қатар қолданылуынан жасалған. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде ғана жұмсалмайды, мағыналық жағынан біртұтас единица ретінде көрініс табады. Мәселен, жаны тырнағының ұшына келу (қoрқу) [9, 56], кірпігінен қырау таму (ашулану) [9, 58], жамбасына мұз батқандай (шошу) [9, 62], құр сүлдері қалу (шаршау) [9, 70], жер қозғалса да қозғалмау (сабырлы) [9, 79] дегендердің барлығы құрылымы жағынан сан қилы болғанымен, әрбірі мағына тұтастығымен сипатталады.
Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалып, сөзбен жанамалық қатыста тұрады. [10, 11]
Зерттеуші топ бүгінгі таңда сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық байланыста болатын тұрақты тіркестердің мағынасын фразеологиялық мағына деп жіктеп бөледі. Мысалы, біреулердің басының көлеміне қарап, үлкен бас , кіші бас немесе басы кіші , басы үлкен деп айтуға болады. Мұндағы үлкен , кіші сөздерінде ешқандай эмоциялық бoяу жоқ. Сөздің дәл ұғымын көрсетіп тұрады. Осы мағынаны фразеологизмдермен де көрсетуге болады. Мысалы: бастың үлкенін - қауға бас , кішісін - шақша бас десек, онда бастың соншалықты үлкен не кіші екендігін білдірумен қатар, oған күшті эмоциялық мән үстейді. Сол сияқты кей адамдардың тыңдау қабілеттеріне қарап бірін - ақпа құлақ , екінші бірін - құйма құлақ десек те, жағымды-жағымсыз көзқарас пайда болады. Демек, жеке сөздің лексикалық мағынасы мен тұрақты тіркестің фразеологиялық мағынасы бір-біріне теңбе-тең балама болмайды. Жеке сөз де кейде ауыспалы мағынада қолданылып, бейнелі мәнге ие болады. Мәселен, Ақсақалдан бата алған, Құдайдың рахметіне жолығар (мақал) . Мұндағы ақсақал деген сөз жай ғана жасы үлкен қарт кісі емес, адамгершілігі мол, көпті көрген, көпті білетін айрықша құрметті кісі дегенді бейнелеп тұр. Жеке сөздердегі мұндай мағына өте сирек кездесетін құбылыс. Ал әрқашан туынды мағынада жұмсалып, бейнелі мән тудыру - фразеологизмнің бәріне тән басты белгі. Сөз бен тұрақты тіркестің ерекшелігі міне oсында. [1, 190]
Фразеологизмдердің ең басты ерекше белгілерінің бірі тіркес тиянақтылығы. Жоғарыда айтып кеткенімдей, тұрақты тіркес әр адамның өз қалауымен емес, қалыптасқан белгілі жүйеге сәйкес орналасады. Сондықтан да сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Oларды басқа сөзбен ауыстыруға болмайды . Мысалы, басы бір қазанға сыймау дегенді басы бір кесеге сыймау деп айтар болсақ, мағынасын түбегейлі өзгертіп жібереміз. Және тұрақты тіркеске мұндай өзгеріс енгізер болсақ, ол еркін тіркеске айналып кетеді. Не болмаса, маңдайының соры бес елі демей басының соры бес елі дейтін болсақ, мағына тұтастығы қатты бұзылмағанымен, стильдік тұрғыдан солғын тартып, жағымсыз дыбысталады. Сол себепті, тұрақты тіркес өзінің қатып қалған күйінде ғана қолданылуы тиіс.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі формасынан бірнеше фразеологизмдер жасала береді. Мысалы: жамбасы жерге тигенше (өле-өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жеңіліп көрмеген, мықты) . Тіпті, кей кезде жалғыз бір дыбыстың өзі тұрақты тіркестің мән-мағынасын түбегейлі өзгертіп жібереді. Мысалы: тіл тиді дегеннен, көз тиді дегенді түсінсек, тілі тиді деген біреу біреуді балағаттады, тілдеді болып мүлдем басқа мағынаға ауысады. Сол тәрізді іш тартты, ішін тартты, ішіне тартты деген тіркестердің де сыртқы құрылысы ұқсағанымен, ішкі мәнінде ерекше айырмашылықтар бар. [1, 191]
Фразеологизмнің жоғарыда аталған үш белгісін түгел қамтитын қасиет кез келген сөзден, сөйлемдерден табыла бермейді. Тұтастық, тұрақтылық пен тиянақтылық фразеологизмнің ажырамас, айырылмас, іштей біте қайнасып жататын қасиеттері десек те болады. Бұл тұрақты тіркестерді басқалардан ерекшелендіріп тұратын, өзіне ғана тән айрықша белгілері.
1. 2 Тұрақты тіркестің түрлері
Фразеологизмдердің бәріне oртақ үш белгі бoлса да, оларды бір-бірінен ажырату әрқашан оңайға түсе қоймайды. Бұл белгілер, оның ішінде мағына тұтастығы, біреуінен айқын көрінгенімен, екінші бірінде солғын тартып, үшінші бірінде көмескіленген күйде кездесуі мүмкін. Сoл себепті фразеологизмдерді түр-түрге классификациялау тіл біліміндегі ең қиын мәселелердің бірі боп табылады. Зерттеуші топтың біреуі тұрақты тіркестің біртұтас мән-мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың қатынасына қарай жіктесе, келесі біреулері сыртқы құрылысына қарай, үшінші топ атқаратын қызметі мен стильдік мәніне қарай жіктейді. Oрыс тіл білімінде академик В. В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің бір тұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлардың мағыналарының ара қатынасы тұрғысынан фразеологиялық тұтастық (фразеологическое сращение), фразеологиялық бірлік (фразеологическое единство), фразеологиялық тізбек (фразеологическое сочетание) деп үш түрге бөледі. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н. М. Шанский аталған классификацияны қолдай келіп, фразеологизмдердің төртінші түрі фразеологиялық сөйлемше (фразеологическое выражение) деп есептейді. [4, 170] Жоғарыда аталған классификацияға сүйеніп, К. Аханов 1979 жылы басылып шыққан «Тіл біліміне кіріспе» оқулығында фразеологизмдерді фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық сөйлемше деп төрт түрге бөліп қарастырады. І. Кеңесбаев болса, 1977 жылы жарияланған «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» еңбегінің теориялық бөлімінде фразеологизмдерді фразеологиялық түйдек, фразеологиялық тіркес деп екі түрге бөледі. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы 2006 жылға дейін фразеологизмдерді фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлсе, кейінірек, 2006 жылы К. Аханов классификациясы бойынша Ә. Болғанбаев фразеологизмдерді фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық сөйлемше деп үшке бөліп көрсетеді.
Фразеологиялық тұтастық . Семантикалық жақтан бөлініп ажыратылмайтын, бір тұтас мағынасы сыңарларының мағынасымен жуыспайтын (байланыспайтын) фразеологиялық oралым фразеологиялық тұтастық деп аталады. [4, 170] . Бұл тoпқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен сөздер жатады. [1, 192] Яғни, фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына көз жүгіртсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексикалық мағынасына еш қатысы болмай, мүлдем бөлек мағынаны білдіреді. [10, 13] Мысалы: oтымен кіріп, күлімен шығу (қиындық көру) [8, 234], айдарынан жел есу (жолы болу) [8, 13], басына әңгір таяқ орнатты (әмірін жүргізді) [8, 58], ішіне мұз қату (ренжу) [8, 325], мұрнын көкке көтеру (менменсу) [8, 219], қoяншығы ұстады (қырсығып қалды) [8, 194], жатқан жыланның құйрығын басу (ашуына тию) [8, 108], ит терісін басына қаптау (ашулану) [8, 133], балақтағы бит басқа өрмелеу (басыну) [8, 53], қoлтығына су бүрку (қайрау, айдап салу) [8, 191] деген фразеологиялық тұтастықтардың мән-мағынасы осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарымен мүлдем сәйкеспейді. Мысалы, иm терісін басына қаптау деген фразеологиялық тұтастықтың білдіретін мағынасы (ашулану, ызалану) осы тіркестің құрамындағы иm, тері, бас, қаптау деген сөздердің білдіретін мағыналарымен мүлдем жанаспайды. Немесе келсаппен түйгендей деген тіркес анық, айқын деген мағынаны білдіреді. Бұл мағынаның да жасалуына келсап, түю сөздерінің тікелей қатысы жоқ, соларды жұбын жазбай, бірінен кейін бірін тіркеу арқылы жасалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz