Бұзауларды оқшаулап бағу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Тыныс алу жолдарының стронгилятоздары, түлкі мен күзендердің кренозомозы және тауық сингамозы
Паразитология және инвазиялық аурулар пәнінен №2 СӨЖ
Орындаған: Шабден Еркебұлан
Тобы: ВМ-409
Тексерген: Ахметова Гульнази Дәулетханқызы
б.ғ.к., профессор
Алматы-2022
ЖОСПАР:
Кіріспе бөлім.
Негізгі бөлім.
Күйістілер мен шошқаның тыныс алу жолдарының стронгилятоздары
Бұзау диктиокаулезы (өкпе қылқұрт ауруы)
Қой мен ешкі диктиокаулезы (өкпе қылкүрт ауруы)
Мюллериоз қоздырғыштары
Түлкі мен күзендердің кренозомозы.
Тауық сингамозы
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе бөлім.
Гельминттер орасан көп жұмыртқа немесе балаң құрттар (личинкалар) салу жолымен өсіп-өнеді. Олар табиғатта кеңінен тарал-ған организмдер. Іш құрттардың жұмыртқалары мен балаң құрттары өте ұсақ, жәй көзге көрінбейді. Олар сыртқы ортада (жер бетінде, суда) немесе аралық иесі болып қалыптасқан жәндіктердің, буын аяқтылардың немесе сүт қоректілердің денесінде дамиды. Сыртқы ортада тіршілік ететін құрттарды геогельминт деп атайды. Бұлардың жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортаға иесінің нәжісі арқылы тарайды. Сыртқа түскен жұмыртқада балаң құрт дамиды, ол жұмыртқа ішінде өсіп, өнеді, түлейді де инвазиялық, яғни залалдағыш, жұқпалы сатысына жетеді. Бірқатар
гельминттердің балаң құрттары жұмыртқа қабыршығын жарып шығып, белсенді түрде тіршілігін жалғастыра бастайды. Сыртқы ортада балаң құрттар одан әрі дамып, 2-3 рет түлеп, жұқпалы дәрежесіне жетеді (инвазиялық балаң құрт).
Гельминттердің жұмыртқалары мен балаңқұрттары сыртқы ортада дұрыс өсіп-жетілуі үшін, белгілі мөлшерде жылылық, ылғалдылық керек. Олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30°С арасы болып табылады. Жылылық төмендесе болғаны, оның балаң құртының өсіп, өнуі бәсеңдейді, температура 5-10°-тан кем болса, ол әдетте өзінің дамуын тежейді. Жылылық 40°С немесе одан жоғары болған кезде қүрттардың күллі жұмыртқалары мен балаң құрттары тіршілік етуін тоқтатады. Жұмыртқа мен балаң құрттың өмір сүруі үшін белгілі дәрежеде ылғалдық та керек. Егер ылғалдық жеткіліксіз болса, олар күрғап, кеуіп кетеді. Көптеген гельминттер күннің салқындығына ұзақ мерзім шыдайды. Құрт жұмыртқалары мен балаң құрттары ауа райының қайта-қайта суып немесе жылынып алмаса беруіне көп шыдамайды, өлімге ұшырайды. Геогельминттер тіршілігінің жалғасуы, қоршаған ортаның табиғат жағдайларына байланысты. Күн сәулесінің жиі түсуі, күннің катты қызуы құрт жұмыртқасын, балаң құрттарын тез жояды. Геогельминттің балаң құрттары сыртқы ортада қоректенбейді, ол тек өзінің бойына жинаған қоректік заттардың есебінен күнелтеді. Сыртқы қоршаған ортаның қолайлы жағдайында олар өте белсенді.
Өз иесіне (жануарлар, адам) кездеспеген балаң құрттардың көбісі жойылады. Бірақ көптеген геогельминттердің жұмыртқалары мен балаң құрттары жайылымда көп жыл сақталуы мүмкін. Мұндай жайылым қауіпті болып саналады. Балаң құрттары аралық иесінің көмегімен дамитын құрттарды биогельминттер деп атайды. Биогельминттер жұмыртқаларын немесе балаң құрттарын геогельминт сияқты бастапқы кезде сыртқы ортаға бөліп шығарады, ал олар әртүрлі жолдармен (су, өсімдік, мал азығы арқылы немесе өздігінен) аралық иесінің денесіне енеді. Іш құрттардың аралық немесе ақтық иесінде оларға бейімделген, белгілі түр ғана тіршілік ете алады. Биогельминттердің түрлеріне байланысты аралық иесі жауын құрт, балық немесе басқа омыртқалы хайуанаттар болуы мүмкін. Мәселен, адамның ішегінде кездесетін кейбір таспа құрттардың аралық иесі болып шошқа мен ірі қара саналады, ал иттің және жыртқыш аңдардың ащы ішегін мекендейтін цестодалардың аралық иесі үй жануарлары.
Кейбір гельминттер балаң қүрттары өзіне табиғи емес ие мүшесіне уақытша орналасуы мүмкін. Мүнда олар өсіп-өнбегенмен, өліп те қалмайды. Гельминттердің балаң қүрттарын сақтайтын организмдерді қоржинағыш (резервуар) иесі деп атайды.

Жануарлардың тыныс алу жолдарында стронгиляталардың Dictyocaulidae, Protostrongylidae, Metastrongylidae және т.б. туқымдастарына жататын гельминттер тіршілік етеді. Диктиокаулдер қой мен ешкі, ірі қара, түйе, солтүстік бұғы, марал т.б. кеңірдегі мен ірі ауатамырларын (бронх) мекендейді. Еркектерінің құйрық бұлтығы жетілген, тең келген қысқа спику- лалары араның ұясына ұқсайды. Геогельминттер. Протостронгилидтер - жіңішке нематодалар. Құйрық бұлтығы тым кішкентай немесе жоқ. Тең келген спикулаларының соңы кеңейген. Ұрғашысының бәтегі анал тесігінің жанына орналасқан. Үйреншікті мекен орны - үсақ тұяқтылардың альвеололары, ауа тамыршалары (бронхиолы), өкпе үлпершегі (паренхимасы). Биогельминттер: аралық иелері - құрлық ұлулары.
Метостронгилидердың бас жағында жақсы дамыған екі еріндері бар. Еркек буылтығы жақсы жетілген. Ұрғашысының бәтегі анал тесігінің жанынан ашылады. Құрттар үй және жабайы шошқалардың ауа тамырларында күнелтеді. Биогельминттер: аралық иелері жауын құрттары.

Диктиокаулез ірі қара гельминтоздары ішіндегі ең қауіптісі, әрі шаруашылық экономикасына едәуір зиян келтіретін өкпе қылқұрт ауруы. Кейбір шаруашылықтарда бұзаулар жыл сайын дертке шалдығып, өлім-жітімге ұшырап отырады. Өкпе қылқұрты мал төлдеріне жауын-шашыны мол жылдары жаппай жұғады. Ал, аурудан айыққан бұзаулар, көпке дейін көтеріле алмай, өсу қарқы- ны тежеледі, басқа індеттерге қарсылығы нашарлайды.
Қоздырғышы.
Өкпе қылқұрты - Dictyocaulus viviparus (Bloch, 1782) деп аталады. Құрт ірі қара, қодас, зебу, зубр, бизон сияқты малдардың ауатамырлары мен кеңірдегін мекендейді. Құрттың денесі жіңішке, түсі ақшыл сары, оның екі шеті сүйірленіп біткен. Еркегінің ұзындығы - 1,7-4,3 см, спикулалары тең, қысқа қоңыр түсті; ұрғашысының тұрқы - 2,3-7,3 мм; тыныс тесігі денесінің орта шеніне орналасқан. Жұмыртқасы сопақша, оның ұзындығы- 0,085 мм, ені - 0,051 мм; одан өрбіген балаңқұртының тұрқы 0,016-0,019 мм. Денесі жұқа қабыршақпен қапталған. Балаң құртының бас шеті жұмыр, ал құйрығы келте және үшкірлеу болып біткен. Денесін түгелдей ұсақ теңбілдер басқан, әрі ол паразитке сұрғылт рең береді. Балаңқұрттың бас жағында түйірлер (гранулалар) болмайды, ал қүйрық жағына қарай олар бір-бірден орналасқан, сондықтан оның құйрық жағы ақшылдау болып көрінеді. Өсіп-өнуі. Ересек қүртқа айналу үшін, балаңкұрттары бірнеше сатыдан өтеді. Өкпені жайлаған ұрғашы құрттар алдымен жұмыртқа салады. Мал жөтелген кезде, олар шырышпен бірге ауызға келіп түседі. Оны мал қайтадан жүтады. Ішекте жұмыртқадан балаңқұрт босайды. Балаңқұрттар іріқараның нәжісімен бірге сыртқа шығып, жайылым отын, шөп пен суды, мал қораларын және т.б. жерлерді ластайды. Сыртқа шыққан балаңқұрттар бастапқы кезде малға қауіпті емес.
Малды ауруға Dictyocoulus viviparus:
l-бас жағы; 2-үргашының құйрық жағы; 3 - спикулалар; 4 - еркегінің жыныс бұлтығы дыуд шалдықтыру үшін, олар екі рет түлеуі тиіс. Ал, олар даму үшін
ауаның жылылығы мен ылғалдылығы белгілі бір дәрежеде болуы шарт. Мәселен, 25°С жылылықта олар 3 тәулікте түлейді. Күн салқындаған сайын түлеу мерзімі де (11 тәулік, кейде одан да үзағырақ) үзара түседі. Ауа райы қолайлы жағдайда, балаңқұрттың түлеуі үшін 5-7 күн керек. Ауаның температурасы 10°C -тан төмен не 30°С-тан жоғары болса, балаңқұрт жұқпалы сатысына өсіп-жетіле алмайды.
Бұзаулар инвазиялық балаңқұрттарды азықпен немесе сумен бірге жұтып, зақымданады. Мал денесіне енген балаңқұрттар әуелі ащы ішектің ішкі қабығына, одан әрі сөл және қан тамырлары арқылы өкпеге ауысады. Мүндайда олар қан қылтамырларын тесіп шығады да, алдымен альвеолалар мен ауатамыршаларға, сонан соң ауатамырлар мен кеңірдекке ығысады. Малға жүққан кезінен бастап есептегенде, үрпақ сатысынан, ересек қүртқа айналуына, шамамен 25-26 күн керек. Өкпе құртының бүзау денесінде тіршілік етуі 2 айдан 1 жылға дейін созылады. Ал оның өмір сүру мерзімінің үзақтығы, ең алдымен, бұзаудың азығы мен күтіміне, сондай-ақ физиологиялық күйіне байланысты.
Эпизоотологиясы.
Ірі қараға ауру әдетте жайылымда жұғатынын атап көрсеткен жөн. Малға қүртпен ластанған өріс, суат, жем-шөп қауіпті болып саналады. Балаңқұрттар жануар денесіне ену үшін нәжістен бөлініп шығуы тиіс. Бұған жауын-шашын, түман, таңғы шық едәуір қолайлы жағдай туғызады. Себебі, олар ылғалды қи-тезектен шапшаңдықпен шыға бастайды. Әдетте, олардың қозғалысы баяу келеді ал, жауын-шашын күндері балаң құрттардың көпшілігі жорғалап, өсімдікке жармасады. Олардың жайылымға тарауы да біркелкі емес, бұл жалпы алғанда - шөптің биіктігіне, тәулік мерзіміне, ауа райына және т.б. жағдайларға байланысты. Олар түнде және таңертең су жағасы мен орман тоғай ішіндегі шөпте көбірек ұшырайды. Жаз айларында жайылымдағы балаңқұрттардың көпшілігі құрғақшылықтың, күн сәулесінің және ыстықтың әсерінен жұқпалы сатысына жетпей-ақ, жойылады. Бірақ, күн түспейтін көлеңкелі, ылғалды алаңдарда, олардың көпшілігі тіршілік қабілетін жоймайды. Қыста, балаңқұрттар қар атында қыстап шығып, көктемге дейін өзінің өміршең-дігін сақтап қалуы ықтимал. Бірақ бұлардың саны өте аз, сондықтан эпизоотологиялық мәні жоқтың қатары. Өкпе қылқұрты, бір жасқа дейінгі бұзау-тайыншаларға, кейдетіпті ересек малға да қатерлі дерт. Әдетте, сақа мал аурудың жасырын түрімен ауырады. Кейбір деректерге қарағанда, ірі қара диктиокаулезі жылына екі рет өршиді. Оның біріншісі - көкек, май айларында қыста туған 8-12 айлық бұзаулар арасынан байқалады. Бірақ, дерттің өршуі, балаңқұрттардың қыста жұққандығынан емес, керісінше күзде жайылымда жұққандығын көрсетеді. Екінші рет кеселдің өрбуі шілде айында басталып, тамыз, қыркүйек айларына дейін созылады. Жаз-күз айларында өкпе қылқұрт ауруы негізінен тайыншалар мен бірен-саран жас бұзаулар арасында байқалады.
Аурудың өрбуі.
Балаңқұрттар жануар денесін шарлап жүріп, ішектің, қан мен сөл тамырларының, өкпенің және басқа мүшелер мен ұлпалардың түтастығын бүзып, оларға микробтардың енуіне жол ашады. Патогенді микробтар ауруды одан әрі асқындырады. Ал, ересек құрттар ауатамыршаларды бітеп, өкпе бөліктерінің солуына дейін әкеп соғады. Ал, күрт тым көп болса, олар шоғырланып, ірі ауатамырларын немесе кеңірдекті бітеп тастап, малды түншықтырып өлтіруі мүмкін. Диктиокаулезге шалдыққан малдың өкпесі ғана қабынып қоймайды, сонымен қатар ағзаның қызметі бұзылады, зат алмасу процесі де өзгереді. Малға оттегі жетіспейді, қоректік заттардың қорытылуы нашарлайды, мал арықтайды, дене температурасы көтеріледі, орталық жүйке жүйесі күйзеледі, яғни дерттің патологиялық әсері күшейе түседі. Сырт белгілері. Өкпе қылқүрт ауруы 1 жасқа толмаған төлде айқын, әрі жиі, 1 жастан 2 жасқа дейінгі бүзауда сирек, ал ересек малда өте сирек кездеседі. Оның белгілері тыныс алу жолына қоныстанған құрттың нематодалардың аз-көптігіне және жануардың жалпы күйіне қарай әр түрлі. Аурудың өрбуі барысында өкпе ауатамырлары қабынып - бронхит және ағза үлпалары мен бронхтары қабынып - бронхопневмония туындайды. Бронхит. Малдың жалпы күйі бір қалыпты. Азықты қалыпты мөлшерде жейді, қоңы төмендемейді, тіпті малдың ет алуы мүмкін. Денесінің ыстығы байырғы қалыпта. Тыныс алуы да әдеттегідей, кейде жөтелгені жиілейді. Ауық-ауық танауынан су ағады. Жөтелі ауру асқынған сайын күшейіп, танауынан сүйық ағады. Өкпесінен
әлсіз, құрғақ немесе дымды сырыл естіледі. Бронхопневмония. Ауру көбінесе ұстамалы түрде байқалады. Ауырған мал селқос қимылдайды, азыққа тәбеті шаппайды, кейде тіпті жем-шөптен мүлдем бас тартады, табынға ере алмайды, әлсін-әлсін жата береді, арықтайды. Температурасы 39,5-40°-қа дейін көтеріледі. Оқтын-оқтын тыныс алуы жиілейді, демігеді, кейде тұншығып, жатып алады. Бұл кезде ауыздың, көздің еті көгеріп кетеді. Танауынан жиі-жиі су ағады, жөтелі жиілейді, мал қатты қиналып, булығады, тілі салбырап, аузынан сілекейі шұбырады. Өкпеден дымды сырыл естіледі. Өкпені саусақпен соғып қарағанда, 8-9 - қабырға аралығындағы дыбыстың дүңкілі қысқа боп, естіледі. Жүрегінің соғуы жиілейді, жүрек сазы айқын немесе шамалы көмескілеу болып сезіледі. Құрт қайталап жұқпаса, ауру 1,5-2,5 айға дейін созылады. Ауру асқынса, өкпе түтас қабынады, кейде оның әр жері іріңдейді. Осыған орай мал күйі нашарлап, арықтайды, іші өтеді, тынысы тарылады, жиі-жиі дене қызуы көтеріледі. Мүндайда бүзаудың көпшілігі шығынға үшырайды. Өлекседегі өзгерістер. Өлексе көп жағдайда арық. Өкпе ұлғайған, бозғылт, кейбір түстары қатайып, ошақты гепатизацияға үшыраған. Кейде альвеоларлы эмфизема және ателектаз белгілері байқалады. Ауатамырлары, сөл бездері үлкейіп кеткен. Кеңірдек пен ауата-мырлар іші көбікті сүйыққа толы, арасында қылқұрттар. Ұсақ ауатамырлар көп жағдайда шырышты-іріңді заттармен бітеліп қалады. Гистологиялық зерттеулер өкпе ауатамырларының ерекше өзгеріске үшырағанын, үсақ бронхтар мен ауатамыршалардың едәуір бүлінгенін, жараға айналғанын, үлпаларға қан ұйысып, өкпе бөлігінің түгелдей зақымданғанын көрсетеді.
Диагностикасы.
Жоғарыдағы аталған клиникалық көріністербіліне түрса да, бұған сүйеніп диктиокаулезді анықтау қиынға соғады, өйткені мүндай белгілер басқа ауруларда да кездеседі. Малдың қандай дертке шалдыққанын дәл білу үшін, капрологиялық әдіспен өкпе қылқұрттарын табу керек. Ол үшін нәжісті ірі қараның көтен ішегінен алады. Әр малдан алынған нәжісті Берман аспабына салып, 16-18 сағат сақтайды. Аспапқа нәжісті әдетте кешке қарай салады да, келесі күні тұнбасын зерттейді.
Гельминтоздарды анықтау.
Егер мал диктиокаулезбен зақымданса, онда оның нәжісінен балаңқұрттар табылады. Микроскоп аясынан жыбырлаған тірі балаңқұрттарды көруге болады. Біраз күн жатып қалған нәжістен құрттардың түлей бастағандығын, бірнеше қабат қабық пайда болғандығын байқауға болады. Ауру белгілері жоқ мал нәжісінен балаңқұрттар табылса, онда бұл жануар гельминт тасымалдаушы және ауруға шалдыққан деп санауға болады. Өйткені, оның азығы мен күтімі сәл нашарласа,
өкпедегі құрттар ауруды қайта өршітуі мүмкін. Өлексенің неден аурып өлгенін анықтау үшін, кеңірдек пен ауатамырларды жарып, ішінен нематодаларды іздейді. Егер, өкпеден ересек құрттар табылмаса, онда майдалап туралған өкпе ұлпаларын сумен шайып, түндырады, шөгіндіні микроскоппен қарап, балаң-құрттарды іздестіреді.
Емі.
Диктиокаулезді емдеу үшін, бірнеше дәрі-дәрмектерді пайдаланады. Йодтың сулы ерітіндісі. Мұның құрамында 1 г. Қиыршықты йод, 1,5 г. йодты калий және 1500 г. дистилденген немесе қайнаты лып, сүзілген су кіреді. Қолданар алдында, ерітіндіні күңгірт ыдыста әзірлеп, шыны ыдыста сақтайды. Оны күні бүрын дайындап қоюға болмайды.
Ерітінді 2-6 айлық бұзауға - 20-50 мл, 6-12 айлыққа - 50-70 мл мөлшерінде беріледі. Оның жылылығы 20-37°C аралығында болуы тиіс. Ерітіндіні үзындығы 3 см. инелі шприц арқылы мойынның орта шетінен кеңірдекке құяды. Дәріні құю үшін бүзауды шалқасынан жатқызып, кеудесін 30-40°-тай көтеріңкі ұстайды. Малды арнайы жасалған станокқа байлап дәрілеген өте тиімді. Ерітіндіні алдымен бүзаудың оң жақ өкпесіне, сосын бір тәулік өткен соң сол жақ өкпесіне жібереді. Бүл әдісті ауруға онша катты шалдықпаған және дерт белгілері байқалмай, тек зертханада ғана өкпе құрты бар екені анықталған бүзауларға қолданады. Дитразин цитрат - иіссіз, ақ түсті қиыршықты үнтақ, суда жақсы ериді. Бұл дәрі ыстық су былауында (ваннасында) стерилді жасалған 25%-дық ерітінді күйінде малға 2 мл10 кг. (0,05 гкг) есебінде үш рет (1,2 және 4 - күндері) тері астына жіберіледі.
Аталған әдіс орындауға жеңіл және оның әсері де ойдағыдай. Локсуран (40%-дық дитразин цитратының судағы ерітіндісі, Венгрияда өндіріледі). Малға 1,25 мл10 кг. мөлшерінде 3 дүркін (1,2 және 4 - күндері) тері астына не бұлшық ет арасына енгізіледі. Дивезид - үш химиялық заттан тұрады (дитразин, циазид, лимон қышқылы). Аталған дәрмектер әрқайсысы үш бөлек полиэтилен қапшықта (пакетте) сақталады. 1 л. ерітінді жасау үшін қапшықтардың аузын ашып, ішіндегілерін (333 г) 750 мл. дестилденген не қайнатылған суға салып, араластырып ерітеді, оны 5 минут қайнатады. Ерітіндіні бір тәулік бойы ғана пайдалануға болады. Емдік және сақтық мақсатпен дивезидті бір мезгіл малға 1,5 мл10 кг. көлемінде мойын тұсынан тері астына жібереді, бірақ емдік доза ешқашан 20 мл-ден аспау керек. Тетрамизол гранулят 20%. Дәріні жекелей не топтау әдісімен құрама жемге қосып, екі дүркін қолданады, дәрілеу мезгілі 1-5 күн. Дозасы: салмағы 100 кг-ға дейін жануарға 0,75 г10 кг. есебінде, ал салмағы 100 кг. асқандарына 0,5 г. Жеке бір басқа беретін дәрінің мөлшері 15 г-нан ауспауға тиіс. Дегельминтизацияны өткізу үшін жасы мен салмағы шамалас бұзаулар топтастырылады (10-15 бас). Топқа арналған антгельминтті азықпен қосып (бір басқа 0,5-1 кг. жем) мұқият араластырып, малды 12 сағат ашықтырған соң береді. Мебенвет гранулят 10% -ды: бір мезгіл жемге қосып 0,02 гкг. есебінде жегізеді.
Панакур гранулятты да малға жекелей не топтастырып бір мезгіл 0,045 гкг. мөлшерінде құрғақ жеммен берген жөн. Ауру асқынып, меңдеген шақта, алғашқы дегельминтизация ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін. Мүндай жағдайда антибиотиктер, сулфаниламидтер, т.б. беріп, алдымен малды біраз емдеп алған дұрыс. Сонымен қатар, ауру бүзауды сапалы азықпен қамтамасыз етсе, дәрінің емдік әсері күшейе түседі. Тіпті, диктиокаулезға ұшыраған бұзауды ұдайы тойындырып отырса, ол аурудан ерте сақайады. Емдеу неғүрлым ерте, кесел асқынбай түрып жүргізілсе, жануар аурудан тез сауығады.
Сақтандыру, Ірі қараны өкпе қүрт ауруынан сақтау үшін, жүргізілетін шаралар жүйесі жасалған, Оған мал денесін қылкүрттан арылту (дегельминтизация); малға фенотиозин не басқа дәрілерді аз мөлшерде үзақ беріп, гельминттерді дарытпау (химиопрофилактика); мал төлдерін жайылымда немесе лагерьде оқшаулап бағу; төлді қорада және ашық аулада бөлек ұстап күту; өрісті алмастырып отыру т.с. сияқты дауалар жатады. (қараңыз: гельминтоздардың алдын алу).
Дегельминтизация.
Ауырған бұзауға қолданылатын шаралардың ішіндегі ең мәндісі және тәжірибеде жете тексерілгені сақтық дегельминтизация. Малды дәрілеу республиканың солтстігінде және солтүстік шығысында - жаздың аяғында және шінара қыста, ал оңтүстік-батыста - күздің аяғында жүргізіледі.
Химиопрофилактика.
Соңғы кезде біздің елімізде, сондай ақ шет елдерде ірі қараның кейбір гельминтоздарына қарсы жемге, тұзға қосылған фенотиазин және т.б. дәрілер қоспасы қолданылып келеді. Маусым айынан бастап, 3-4 айлық бұзауларға күн сайын фенотиазин-тұз қоспасын (ФТҚ) 1:9 қатынасында 1 кг. салмаққа 12-14 мг. есебінде беріледі. ФТҚ-сын қазан айына шейін үзбей қолданылады. Бұзауларды оқшаулап бағу. Мүмкіндігінше бір жасқа дейінгі бүзауларды ірі қараның басқа топтарымен, әсіресе өткен жылғы төлмен жанастырмаған жөн. Ол үшін, жас туған бұзауларды оңаша жайылым мен қорада бағады. Өріске шығарған бұзауларға арнап жеке лагерь бөледі, таза сумен қамтамасыз етеді. Төлді бөлек ұстап күту. Бұзауларды қорада және ашық аулада бөлек күтіп, жайылымға шығармайды. Күн жылынысымен төлді қорадан оқшау жердегі, жан-жағы қоршалған жеке алаңға шығарады.
Жайылымды алмастыру. Жалпы паразиттің даму айналымына, оның белгілі бір ортада өсіп-жетілу мерзіміне негізделген. Құрттың даму мерзіміне байланысты, жайылымды үнемі жаңартып, 3-8 тәулік сайын ауыстырып отыру арқылы малды диктиокаулез ауруынан сақтандыруға болады.

Өкпе қылқүрт ауруы қой мен ешкінің гельминтоздарының ішіндегі қатерлісі. Бүл гельминтоздан мал жаппай шығынға үшырауы мүмкін, Індетке шалдыққан малдың қоңы төмендейді, өсу қарқыны тежеледі, ет, жүн сапасы нашарлайды.
Қоздырғышы - Dictyocaulus filarial (Rud., 1809), жіп тәрізді ирелеңдеген жіңішке ақ түсті нематодалар. Бұлар малдың кеңірдегі мен ауатамырларын мекендейді. Түрқы: еркегінікі - 3-8 см, үрғашысыныкі - 5-10 см. Спикулалары қысқа, қоңыр түсті, етікке ұқсас. Бәтегі дененің артққы жағына орналасқан. Жұмыртқасы сопақша, көлемі 0,112-0,138 x 0,069-0,090 мм. Жұмыртқадан босап шыққан балаңқұрттың ұзындығы 0,55-0,58 мм, басында түймедей бүртігі бар, құйрық тұсы шошақтау (конус) болып бітеді, балаңқұрттарының іші ұсақ түйірлерге толғандықтан, реңі қарауытып тұрады. Өсіп-өнуі. Өкпедегі аналық қылқұрттар шағылысқан соң, ішінде жетілген балаңқұрттары бар жұмыртқалар салады. Олар мал жөтелгенде, ауыз қуысына түсіп, сілекейімен асқазанына енеді. Малішегіне жеткендері балаңқұртқа айналады, құмалағына араласып жайылымдарға тарайды. Сыртқы қоршаған ортада, олар екі дүркін түлеп, 6-7 тәулік арасында жұқпалы сатысына дамиды. Қылқұрттың өсіп-жетілуіне ауа райы ықпал етеді. Салқын күндері балаңқұрттың дамуы баяулайды, дала температурасы 12-15°C-та балаңкұрт 6күнде жетіледі, 5-10°C жылылықта 15-17 күнде жетілсе, ал 4-6°C 18 күнде өседі. Зарарлағыш дәрежесіне жеткен балаңкүрттар, шық түскен шөпте өте көп кездеседі. Шық түскен, суланған өсімдікті жеген мал диктиокаулезге тез шалдығады. Асқазан-ішекке түскен балаң құрттар сыртқы қабықтарынан ажырап, ішек қабаттарын тесіп, сөл торабына түседі, одан әрі қарай қанның кіші айналымы арқылы өкпеге келіп тоқтайды. Кеңірдек пен ауатамырларында 1-2 айдың аралығында жынысы жетілген ересек құрт сатысына ауысады. Қой мен ешкі денесінде өкпе қылқұрты 2 жылға дейін өмір сүреді.
Эпизоотологиясы.
Өкпе қылқұрт аруы Қазақстанның барлық облыстарында тіркеледі, әсіресе ол оңтүстік және оңтүстік-шы- ғыс, шығыс өңірлерінде жиі ұшырайды. Құмды алқаптарда бұл дерт кездеспейді. Республикамыздың күнгейінде аурудан өлім-жітім қыстың шығысы мен көктемнің кірісінде басталады, оңтүстік батыста - күзде, орталық пен солтүстік-шығысында жазғытұрым және күз айларында шығып, көбейеді.
Аурудың өрбуі.
Паразит өзінің үйренген қонысына жетіп, ересек қалпына айналуы үшін, ащы ішектің ішкі қабығын тесіп, ішек қабатына, сөл бездеріне енеді, сонан соң сөл және қантамырлары арқылы өкпе альвеоларына, бронхиолаларға, одан әрі ұсақ бронхтарға, ауатамырлары мен кеңірдекке өтеді. Кезу жолында аталған мүшелер мен үлпалардың барлығын жарақаттайды.
Жараланған ағзаларға зардапты микробтар сніп, қабыну, іріңдеу, шіру процестері басталады. Диктиокаулезге үрынған жануардың қан құрамы өзгеріске үшырайды, атап айтқанда, қызыл түйіршіктерінің саны шамадан тыс көбейеді. Мұның себебі альвеолаларды ауа кернеп (эмфизема), малдың тыныс алуы жиілейді, организмдегі су мөлшері едәуір азаяды. Ақ қан түйіршіктері көбейіп, қан қүрамында шала жетілген жас торшалар арта түседі. Мұның бәрі мал денесінде қабыну процесі бар екендігін өте айқын көрсетеді.
Сырт белгілері.
Ауырған малда әуелі жөтел пайда болады, кейінірек ол үлғая бастайды. Жануардың мүрнынан қою сүйық ағады және ол танауының сыртында желімденіп тұрады. Оған көп үзамай ірің араласуы мүмкін. Жөтел жиілей түседі де, жөтел қысқан сайын түлік қиналып ауырсынады. Алғашқы шақта бірлі- жарым қойда жөтел байқалса, кейінірек жөтелгендердің саны біртіндеп көбейе бастайды. Көп кешікпей отардағы малдың көпшілігі дертке душар болады. Ауырған мал арықтап әлсірейді. Кейде дене қызуы көтеріліп, дем алуы ауырлап, тынысы тарылады, өкпесіндегі сырыл айқын естіледі. Түмсығын қора қабырғасына, шар-баққа не жерге тіреп қойып, үйкейді, ысқылайды. Дерт үдеген кезде қан азаяды, жануар әлсізденеді, иегінің астында, көкірек, кеудеде, аяқтарының ішкі жағында ісіктер байқалады. Титығы жетіп күйсізденген қой тұра алмай жатып қалады, ол көпке бармай көтерем болып, жан тапсырады.
Өлекседегі өзгерістер.
Мал көтерем. Өзгерістер өкпеден айқын көрінеді. Ағзаның алдымен шет жағы зақымданады, бозғылт өңді, саусақпен басқанда қамыр сияқты былқылдап түрады. Өкпенің көк еті мен жүрек түсы семген, кішірейген, болмаса үлпалары қатайып, тығыздалған. Кеңірдекті бойлап жарғанда ішінен және оның ауатамырларынан қызғылт түсті көбіктенген шырын арасынан көптеген диктиокаул құрттары табылады. Кейде қылқұрт тыныс алу жолын бітеп тастайды.
Диагностикасы.
Диктиокаулезге диагноз қою үшін аурудың клиникалық көріністерін, эпизоотологиялық деректерін сараптап, капрологиялық гельминтолярвоскопиялық Вайда немесе Берман-Орлов әдісімен мал нәжісін зерттейді. Ол үшін бір отар қойдың кем дегенде 25-30% басының құмалағы тексеріледі. Диктиокаул балаңқұрттарын басқа түрлерінен ажырату үшін, оларды метилен көгінің 0,1% сулы ерітіндісімен бояйды. Диктиокаул балаңқұрттары көкшіл түске боялады, ал басқа балаңүүрттардың түсі өзгеріссіз, сол қалпында қалады. Өлексенің кеңірдегін жарып, ішінен құрттарды іздестіреді, ал табылмаған жағдайда, олардың балаң қүрттарын Берман тәсілімен табуға болады (өкпенің үсақталған ұлпаларын гельминт личинкаларына зерттеу).
Емі.
Ірі қара диктиокаулезіне қарсы қолданған дәрілерді кеңінен қолдануға болады. (қараңыз: бүзау диктиокаулезы). Йодтың су ерітіндісі кеңірдектен жіберіледі: алдымен бір өкпесіне, одан кейін екіншісіне. Дәрі мөлшері: бір жасқа толмаған қозы мен лаққа - 5-8 мл, 1-2 жастағы төлге - 10 мл, сақа малдың әр өкпесіне - 15-20 мл. Дитразин цитраты 25%-дық проценттік ерітінді күйінде қоймен ешкіге 2,5 мл 10 кг (0,1 гкг) мөлшерінде 2 рет тәулік аралығымен тері астынан жібереді. Локсуранды ұсақ тұяқтыларға 2,5 мл 10 кг есебінде 2 дүркін (екіншісін 24 сағаттан кейін) тері астына енгізеді. Дивезид ерітіндісі емдік мақсатпен 3 мл10 кг, сақтық шарамен 2 мл10 кг көлемінде тері астына жіберіледі. Тетрамизол гранулятты 20% жемге қосып, 15 мгкг есебімен береді. Мебенвет грануляты 10% 0,02 гкг мөлшерімен азыққа араластырып бір мезгіл жегізеді.
Панакур грануляты да бір мезгіл 0,068 гкг көлемінде құрғақ жеммен береді. Кейінгі аталған 3 дәріні малға топтау әдісімен берген дұрыс. Йодты алюминийдің аэрозоль түрі диктиокаулез қоздырғы шына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz