Қорғау және бағалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Бекітемін
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық - педагогтік
колледжінің директоры
_________Джунисалиев Ж.С.
___ ________ 20____жыл
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ОРЫНДАРЫНДА КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Алматы, 2016
№1 Алматы қазақ мемлекеттік - гуманитарлық - педагогтік колледжінің Ғылыми кеңесінің отырысында қаралып, бекітуге ұсынылды (2016 жылғы 23 қараша №2 хаттама )
Құрастырған: Алимжанова А.Б.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРМАЗМҰНЫ
Жалпы ережелер 4
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
Курстық жұмысты ұйымдастыру реті 7
3.1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау 7
3.2. Жұмысты және кеңес беруді ұйымдастыру 7
3.3. Курстық жұмысты жазу кезеңдері 8
3.4. Орындау мерзімі 8
3.5. Безендіру және курстық жұмысқа пікір жазу 8
3.6. Қорғау және бағалау 10
3.7. Курстық жұмысты сақтау ...10
4. Курстық жұмыстық құрылымы 10
4.1. Мұқаба беті 10
4.2. Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
5. Курстық жұмысты безендіру талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 11
5.1. Жалпы талаптар 12
5.1. Тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ., ... ... ... ... 1 2
5.2. Таблицалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
5.3. Дәйексөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
5.4.Сілтемелер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
5.5. Санамалар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
6.Жұмыста материалды орналастыру реті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
6.1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
6.2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
6.3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
6.4.Әдебиеттердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
6.5. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
6.6 Курстық жұмысты орындау тапсырмасының бланкісі (1 қосымша) ... ... ... 20
6.7. Курстық жұмысқа пікірдің бланкісі (2қосымша) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .21
6.8. Мұқаба беттің үлгісі (3 қосымша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
6.9. Мазмұнының үлгісі (4 қосымша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Жалпы ережелер
Бұл әдістемелік нұсқау Алматы қаласы Білім басқармасы білім берудегі технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ғылыми - әдістемелік зертханасы, қалалық әдістемелік кабинеттің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша (НМЛ ГМК хаттама №5 06.10.2016ж.) ұсыныстарын негізге ала отырып, педагогикалық мамандықтардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылды.
Курстық жұмысты орындау колледжде студенттердің теориялық білімдері мен әдістемелік жағынан біліктіліктерін арттыру құралы. Курстық жұмысты орындау барысында болашақ мұғалімнің тұлғасы қалыптасады, өзекті педагогикалық және әдістемелік проблемаларды шешу дағдылары дамып, ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен дербес жұмыс жүргізуге, теориялық білімін практикада тиімді қолдануға үйренеді.
Курстық жұмысты орындау студенттерден педагогикалық және арнайы білімдерін жетілдіруді, оқу орындарындағы жекелеген педагогтардың озық тәжірибелерімен танысуды және оқыту - тәжірибелік және экспериментальдық тұрғыда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелелерін шешудің тиімді әдіс - тәсілдерін апробациялау мен әзірлеуді талап етеді.
Курстық жұмысты орындап, қорғау барысында студенттің теориялық білімді меңгеру деңгейін, практикалық дағдылары мен оларды қолдану шеберліктерін, ғылыми жұмысқа икемділіктері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс педагогикалық колледждегі оқу және ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізі түрі және студенттердің оқу жұмыстарын бақылау нысаны болып табылады. Курстық жұмыс пәнге бөлінген сағаттың шегінде орындалады. Курстық жұмыстарды нақты пәннің теориялық бөлімін немесе тарауын аяқтаған соң, аталған пән бойынша курстық жұмысты орындауға жеткілікті білімді меңгеріп, өзінің кәсібі саласында кешенді міндеттерді шешуге қолдануды үйрене жүріп қорғау ұйымдастырылады.
Курстық жұмысты орындаудың негізі мақсаты студенттердің арнайы пәндер бойынша білімдерін жүйелеуді, бекітуді, өз бетімен жұмыс жүргізуді меңгерту, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту және теориялық білімдерін педагогикалық - өндірістік сипаттағы сұрақтарды шешуде практикалық тұрғыда қолдануға үйрету.
Курстық жұмыс ғылымның теориялық және практикалық жағдайына сүйене отырып, жаңашылдық элементтерін қамтуы керек. Курстық жұмысты 3-4 курстың барлық бітіруші студенттері орындайды. Ол ҚР ЖММБС сәйкес колледждің оқу жоспарында қарастырылғандықтан, оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мазмұнына бірқатар талаптар қойылады:
1.Зерттеудің өзектілігі, педагогикалық теория мен практиканың болашақтағы даму мен оның заманауи жағдайына сәйкестігі.
2.Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерделеу және оларға сын тұрғысынан талдау жасау.
3.Озық педагогикалық тәжірибелерді және студенттің педагогикалық практика үдерісіндегі жеке тәжірибелерін зерделеу және талдау.
4.Өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізу.
5.Зерттеудің мақсатын мен міндеттерін, пәнін нақты сипаттау, экспериментті сипаттау және талдау.
1.Зерттеу жүргізудің практикалық мәні мен ғылыми жаңашылдығы.
2.Жүргізілген зерттеу нәтижелерін жалпылау, қорытындылары мен практикалық ұсыныстарын негіздеу.
3.Өңдеу және рәсімдеу мәдениеті (талаптарына сәйкестігі).
Курстық жұмысты жазу барысында келесі міндеттерді шешу көзделеді:
1.Пән бойынша студенттердің теориялық білімдерін бекіту және тереңдету.
2.Студенттерді оқу, ғылыми-әдістемелік материалдары іздеу жинақтау, жалпылау, сондай-ақ сын тұрғысынан баяндау арқылы ғылыми - зерттеу жұмыстарына тарту.
3.Таңдаған тақырыбы бойынша өз бетімен және практикалық жұмыстар жүргізу дағдыларын дамыту.
4.Жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау және оларды нақты ұйымда апробациялау.
5.Студенттерді дипломалды практикадан өту кезінде бітіруші біліктілігі жұмысын жазуға дайындау.
Курстық жұмысты жазу болашақ маманды кәсіби дайындауда үлкен роль атқарады, ол студенттің ғылым мен практиканың жаңалықтарына қатысты болуына мүмкіндік береді, оқиғалар мен фактілерге зерттеуші ретінде баға бере білу дағдысын қалыптастырады, көптеген жеке қасиеттерінің (мақсаткерлік, жауапкершілік, бастамашылдық, шығармашылық және т.б.) дамуына ықпал етеді.
Курстық жұмыс логикалық жағынан жүйелі, бірізді, ғылыми стильдегі әдеби тілде жазылуы керек. Зерттеу материалын жекелеген алғашқы дереккөздерін толығымен баяндамай, жалпылай отырып, қысқаша баяндау қажет. Курстық жұмысқа көздеген мақсатпен байланысты және қызығушылық тудыратын мәселелерді ғана жазуды және тұжырымдардың қысқа және нұсқа, дәлелдемелердің нақты болуын естен шығармау керек.
Тұжырымдар жасау барысында, қандай да бір ойды білдіру барысында меншікті нысанда емес, автордың пікірі бойынша, ғалымдардың зерттеуі бойынша деген сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Мысалы: педагогтің тәжірибесін зерделеу ... ... ... . тұжырымның дұрыстығын дәлелдейді; талдау қорытындысының негізінде ... ... ... ... негіздеуге болады; жүргізілген зерттеулер ... ... дәлелдейді және т.б. Курстық жұмыстың мазмұны бойынша студент өзінің дербес жүргізген бақылау, тәжірибе немесе эксперимент нәтижелерін бірінші жақта жекеше түрде баяндайды: мен бақыладым, мен есептеймін, менің пікірімше және т.с.с. Басқа ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенген болса, біздің пікірімізше, біз ойлаймыз деген сөзтіркестері қолданылады. Курстық жұмыста баяндау стилінің бірлігі сақталуы тиіс, қазіргі заманғы қазақ тілінің нормаларына сәйкес орфографиялық, синтаксистік және стилистикалық сауаттылық қамтамасыз етілуі тиіс.
2. Нормативтік сілтемелер
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы, Ғылым туралы, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңдары.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Оқу - әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 29 қарашасындағы №583 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы №1080 қаулысымен бекітілген, техникалық және кәсіптік білім берудің Жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты.
4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің м.у.а. Білім беру ұйымдарының білім беру қызметінде қолданылатын қатаң есептегі құжаттарының нысандарын бекіту туралы 2007 жылғы 23 қазанындағы №502 бұйрығы
5. ҚР СТ ИСО 9001-2009 сапа менеджменті жүйесі.Талаптары.
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылдың 18 наурызындағы №125 бұйрығы.
3. Курстық жұмысты ұйымдастыру реті
3.1. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау
Студенттерге пәннің бағдарламалық тақырыптары аясында оқытушы анықтаған тақырыптарды таңдау құқығы беріледі. Курстық жұмыстың тақырыптарын мамандықтардың типтік оқу жоспарына сәйкес анықталған пәндер бойынша оқытушылар әзірлеп, пәндік - циклдік комиссияның отырысында қарап, колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасарына бекітуге ұсынады. Студенттердің жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерін есепке ала отырып, кеңінен таңдау жасауларына мүмкіндік беру мақсатында ұсынылған тақырыптардың көлемі олардың санынан артық (5% кем емес) болуы тиіс. Студент курстық жұмысты жазу үшін алдын - ала оқытушының келісімімен басқа тақырыпты да таңдай алады. Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің өндірістік практикасының бағдарламасымен, ал сырттай бөлім студенттері үшін олардың кәсіби іс - әрекеттерінің түрімен, жұмыс орнымен байланысты болуы мүмкін. Егер студент анықталған мерзім ішінде курстық жұмыстың тақырыбын таңдамаса, оқытушының өзі анықтауға құқысы бар.
Курстық жұмыстардың тақырыптары келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Нақты мамандық бойынша мамандар даярлау міндеттеріне сәйкес болуы (ҚР ЖММБС талаптарына сәйкестігі).
2. Зерттеудің өзектілігі, педагогикалық теория мен практиканың болашақтағы даму мен оның заманауи жағдайына сәйкестігі.
3. Студенттерді зерттеу іс - әрекетіне, білімді өз бетімен алуға тарту.
4.Студентердің зерттеу тақырыбы бойынша әртүрлі қызығушылықтарын ескеру.
3.2. Жұмысты ұйымдастыру және кеңес беру
Курстық жұмысты ұйымдастыру кезінде колледж оқытушыларынан студентке жетекші тағайындалады.
Ғылыми жетекші:
Загрузка...
1) курстық жұмыстың тақырыбын, кеңес беру кестесін, жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын, қорғау күнін анықтайды;
2) жұмыстың орындалу барысын бақылайды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Ғылыми жетекшінің негізгі міндеттері:
- студентке тақырыпты таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістемелерін анықтауға көмектеседі;
- студентпен бірге отырып жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрады және тапсырмаларды,кеңес беретін күндерді анықтайды;
- студентті курстық жұмысты орындауға қойылатын талаптар және нақты нұсқаулармен таныстырады (жұмыстың негізгі кезеңдері, кезең бойынша жұмыс мазмұны, есеп беру түрі, және т.б.);
- тақырып бойынша әдебиеттер, материалдар жинастыру үшін кеңес береді;
психологиялық-педагогикалық бақылау мен экспериментті ұйымдастыру және өткізуге көмектеседі;
- алынған зерттеу материалдарының сапасын тексереді;
- курстық жұмыстың орындалу барысын бақылайды;
- қорғауды ұйымдастырады.
Жетекші жеке кеңес беру арқылы немесе топпен пән бойынша сабақ барысында студенттің курстық жұмысты жазу іс-әрекетін шоғырландырып, бағыттап отырады. Кеңес беру курстық жұмыс жазылатын пәнге бөлінген сағат есебінен жүргізіледі.
3.3. Курстық жұмысты жазу кезеңдері
Курстық жұмысты жазу процессі оқытушының жетекшілігімен және дербес түрде өтетін нақты анықталған кезеңдердің жүйесін қамтиды.
1.Курстық жұмысты жазудың мерзімі, кезеңдері, әдістері мен жазу барысы жетекшімен келісе отырып анықталған күнтізбелік жоспарын құрастыру. Курстық жұмыстың мазмұнының тақырыптары мен бөлімдерінің негізін құрастыратын , зерттеуді қажет ететін түйінді мәселелер анықталады.
2.Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттерді, құқықтық - нормативтік актілерді, электрондық ресурстарды таңдау, зерделеу және талдау, фактіге келтіретін материалдарды іздеу. Әдебиеттерді таңдау барысында студентке өзінің жеке картатекасын немесе әдеби дереккөздерінің электрондық базасын құру тиімді. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша соңғы 5 жыл көлеміндегі неғұрлым беделді авторлардың әдебиеттері мен өзекті дереккөздерін пайдалану ұсынылады.
3.Курстық жұмыстың теориялық бөлімін жазу.
4.Жұмыстың практикалық бөлімін төмендегі әдістердің көмегімен жазуды жоспарлау және ұйымдастыру: бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, тәжірибе жасау, зерттеу тақырыбы бойынша іс-әрекет нәтижелерін зерделеу, теориялық және эксперименттік материалдарға талдау жасау, практикалық зерттеулерді жинақтап, жалпылау.
5.Алынған нәтижелерді талдау, оларды түсіндіру және тұжырымдар мен қорытындылар жасау.
6.Курстық жұмыстың мәтінін безендіру және қорғауға дайындау.
3.4. Орындау мерзімдері
Курстық жұмысты ұйымдастырудың барлық кезеңдері мен мерзімін оқытушы алдын - ала ойластыруы тиіс. Курстық жұмыс жазуға ұсынылған тақырыптар бітіруші топтың соңғы оқу жылының басында сәйкес пәндік - циклдік комиссияның отырысында қаралып, студенттердің таңдауына ұсынылып және жетекшілері анықталып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге беріледі. Курстық жұмыстың тапсырмасы әрбір студентке колледжде бекітілген бланк нысанында ең кемінде қорғау мерзімінен 1,5 ай бұрын беріледі. Тапсырма берілген бланк курстық жұмыспен бірге тапсырылады. Тапсырма беру бланкінің бекітілген нысаны №1 қосымшада берілді. Курстық жұмыс колледжде әдістемелік кеңесте ұсынылып, бекітілген мерзім ішінде орындалып, тапсырылуы тиіс.
3.5. Курстық жұмысты безендіру және пікір жазу
Ұсынылған талаптарға сәйкес дайындалып, безендірілген курстық жұмыс тапсырма бланкісінде көрсетілген мерзімде түптеліп, жетекшіге тексеру үшін беріледі. Курстық жұмысқа пікір жазуға ұсынылған нысандағы бланкісін директордың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарынан алуға болады. Пікір жазуға арналған бланк нысаны № 2 қосымшада берілді.
Курстық жұмысты тексеру және пікір жазу оқу сабақтарынан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл жұмысты орындауға әрбір курстық жұмыс үшін төлемақымен 1 сағат бөлінеді.
3.6. Қорғау және бағалау
Студенттің курстық жұмысты жазу бойынша іс-әрекетінің қорытынды кезеңі оны қорғауға дайындық болып табылады. Курстық жұмысты қорғау пәнді оқуға бөлінген уақыт есебінен колледждегі бекітілген графикке сәйкес жүргізіледі. Графикте курстық жұмыстың негізгі бөлімдерінің орындалу мерзімдері көрсетіледі. Топтағы барлық білім алушылардың курстық жұмысты қорғау кезеңдерінің графиктегі мерзімі бойынша орындалу жағдайын жетекші - оқытушысы апта сайын тексеріп отырады.
Егер курстық жұмыс көрсетілген мерзімде аяқталып, оқытушыға тексеруге тапсырылмаса немесе студент қорғауға келмесе, бұл емтиханға келмеумен теңестіріледі. Себепсіз курстық жұмысты көрсетілген мерзімде тапсырмаған студенттің академиялық қарызы бар деп есептеледі. Курстық жұмысты қорғау ашық нысанда колледж оқытушыларының, топ кураторының, әкімшілік мүшелерінің қатысуы мүмкіндігімен жүргізіледі. Курстық жұмысты қорғау жұмыстарымен таныстыру мақсатында соңғы курстағы бітіруші топ студенттерін де қатыстыруға болады.
Қорғау процедурасы қамтиды:
1.Ғылыми жетекшінің курстық жұмыстың барысы және жұмысты орындау сапасы бойынша пікір білдіруі.
2.Курстық жұмыстың мазмұны бойынша студенттің баяндамасы. Баяндама тезис түрінде қысқаша түрде жұмыстың жалпы сипаттамасын, проблеманың жағдайын, практикалық және тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың нәтижесін, зерттеудің болашағы мен қорытындыларын және ұсыныстарды қамтиды.
Баяндаманың басты мақсаты: тыңдаушыларды студенттің қойған мақсатына жету үшін жүргізген зерттеу жұмысының әрбір бөлімдегі жұмыстарымен таныстыру және сұрақтарға жауап беру. Қажетіне қарай баяндама мүмкіндігінше мультимедиа - презентациялар, плакаттар және басқа демонстрациялық материалдарымен бірге ұсынылады.
3. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша студентке қатысушылардың сұрақ қоюы және оларға жауап беру.
4. Курстық жұмыс бес баллдық жүйе бойынша бағаланады.
Курстық жұмысты қорғау қорытындысы бойынша бағалау үздік, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз деп қойылады. Курстық жұмыстың қорытынды бағасы жұмыстың жекелеген бөліктерінің салыстырмалы маңыздылығын есепке ала отырып жинақталады:
дербес жұмыс - 40 %;
теориялық бөлім - 25%;
ұсыныстар -15%;
зерттеу объектісінің талдауы -10 %;
курстық жұмыстың презентациясы (қорғауы) - 20%.
Студентке жұмысты қорғауға регламентті уақыт белгіленеді. Курстық жұмыстарды қорғауда және талдауға берілетін уақыт көлемі 10-15 минуттан аспауы қажет. Комиссия мүшелері студенттерге өз ойын толық жеткізе білуіне жағдай жасап, оларға сұрақтар қойып отырады. Студент комиссия мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға нақты, дәйекті жауап беруі керек.
Курстық жұмысты бағалау критерийлері
Курстық жұмысқа Үздік бағасы төмендегі талаптар орындалған жағдайда қойылады:
1. Кең көлемдегі ақпаратық дереккөздеріне талдау жасау негізінде тақырып терең және жан-жақты қарастырылған. Тақырыптың өзектілігіне дәлелді теориялық негіздеме берілген.
2.Зерттеу объектісіне ғылыми әдістерді қолдануы көрсетілген, өз тәжірибесі жинақталып, талданған, түрлі көрнекі материалдармен иллюстрацияланған барлық дәлдік-дәлелдемелік есептері дұрыс орындалған.
3.Ойқорытындылары мен тұжырымдарын негіздеудің дербестігі бар, нақты негізделген практикалық ұсыныстар берілген.
4. Жұмыс барлық талаптарға сәйкес безендірілген.
5. Барлық кезеңдері мерзімінде орындалған.
Жақсы бағасы жоғарыда баяндалған талаптардың біреуі бұзылған жаңдайда қойылады. Мысалы, тұжырымдар мен есептеулерден қателіктер жіберілген, бірақ тақырыпты жеткілікті толық, терең және дербес қарастыру болған жағдайда.
Қанағаттанарлық бағасы жұмысқа қойылады, егер:
Библиография шектеулі, тек оларсыз жұмыстың орындалуы мүмкін емес, ең негізгі дереккөздеріне талдау жасалған.
Тақырып негізінен дұрыс ашылған.
Өзіндік жұмыс тәжірибесі жеткілікті дәрежеде жалпыланбаған.
Жұмыстың безендіруі дұрыс.
Жұмыстың үлкен бөлігі мерзімінде орындалған.
Қанағаттанарлықсыз баға жұмысқа қойылады, егер:
1.Тақырып бойынша түрлі дереккөздеріне талдау жасалмаған. Жұмыстың мазмұны ашылмаған, мақсатқа жетпеген.
2. Жұмыстың практикалық бөлімі әлсіз әзірленген немесе жоқ.
3. Безендіру мен есептеу жұмыстарында айтарлықтай маңызды қателіктер жіберілген.
4. Жұмыстың үлкен бөлігі мерзімінде орындалмаған.
Қанағаттанарлықсыз баға алған студент жаңа тақырып бойынша жұмысты қайта жазады немесе жазған жұмысын қайтадан түзетіп, өңдейді.
3.7. Курстық жұмысты сақтау.
Орындалған курстық жұмыс мұрағатқа 1 жыл мерзімге сақтау үшін акт бойынша тапсырылады. Оқу - әдістемелік жағынан құнды деп табылған үздік курстық жұмыстар колледждің әдістемелік кабинетінде оқу құралы ретінде қолдануға берілуі мүмкін.
4. Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыстың стандартты құрылымы болады, яғни бірнеше өзара байланысты бөлімдерден тұрады. Курстық жұмыстың бөлімдері: мұқаба беті, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім (теориялық және практикалық бөлімдерімен), қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалар (қажеттілік болған жағдайда). Курстық жұмыстың көлемі компьютермен тергенде орташа есеппен 20-30 беттен, қолжазбамен 35-40 беттен тұрады (қосымшалардың бетін қоспағанда).
4.1. Мұқаба беті
Мұқаба беті курстық жұмыстың бірінші беті болып есептеледі, бірақ ол нөмерленбейді. Мұқаба бетте министрліктің, білім басқармасының және оқу орнының атауын, жұмыстың толық атауын, автордың фамилиясын, аты жөнін, мамандықты, біліктілік пен курсын, тобын, ғылыми жетекшінің фамилиясын, аты жөнін, лауазымын, ғылыми дәрежесін (атағын), жұмыстың жазылу орны мен жылын, қорғау уақыты мен жұмыстың бағасын көрсету керек. Курстық жұмыстың мұқаба бетін безендіру үлгісі №3 қосымшада берілді.
4.2. Мазмұны
Мазмұнының тақырыптары мәтіндегі тақырыптарды дәлме-дәл қайталауы керек. Тақырыптың соңғы сөзімен оған сәйкес келетін нөмерге дейінгі аралық оңға қарай түзетілген нүктелермен жалғастырылады. Бөлімдер, тараулар, параграфтар мен бөлімшелер араб әріптерімен нөмерленіп, нүктелермен ажыратылады.
Бөлімдер, тараулар, параграфтар мен бөлімшелердің құрылымы және нөмерленуі:
МАЗМҰНЫ
1. Бірінші бөлімнің тақырыбы
1.1. Бірінші бөлімнің бірінші тарауы
1.1.1. Бірінші тараудың бірінші параграфы
1.1.1.1. Бірінші параграфтың бірінші бөлімшесі
1.1.1.2. Бірінші параграфтың екінші бөлімшесі
1.2. Бірінші бөлімнің екінші тарауы
... ... ... ... ... ... ары қарай осылай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz