ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ СТЕРЕОТИП


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ . . . 3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ СТЕРЕОТИП . . . 4

2. 1 Ә. Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтар сипаты . . . 4

2. 2 Жазушы шығармаларындағы ұлттық-мәдени стереотиптің фразеологизмдердегі көрінісі . . . 7

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР . . . 11

ІV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 13

ТҮЙІНДЕМЕ

Ғылыми жобаның тақырыбы - Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы фразеологизмдер және ұлттық-мәдени стереотип.

Зерттеу жұмысында Ә. Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі, жазушы фрозеологизмдеріндегі ұлттық-мәдени стереотип мәселесі сөз болады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айтылады. Жұмыстың негізгі бөлімінде жазушы шығармаларындағы халықтың танымы, ұлттық құндылықтар мен ұлттық-мәдени стереотип фразеологизмдер арқылы көрініс табатыны нақты мысалдармен дәйектеледі.

Қорытындыда зерттеу нәтижесі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар айтылады. Соңында қолданылған әдебиеттер беріледі.

АННОТАЦИЯ

Тема исследовательского проекта - фразеология и национально-культурные стереотипы в творчестве Абиша Кекилбаева.

В исследовании рассматриваются проявления национальных ценностей в творчестве А. Кекилбаева, проблема национально-культурных стереотипов во фразеологии писателя.

Во введении указывается актуальность темы исследования, цели и задачи исследования. В основной части работы на конкретных примерах доказывается, что в произведениях писателя познание народа, национальные ценности и национально-культурные стереотипы выражаются через фразеологизмы.

Заключение содержит выводы и рекомендации, основанные на результатах исследования. В конце предоставляется использованная литература.

КІРІСПЕ

Зерттеу такырыбының өзектілігі. Фразеологизмдер өмір, қоғам, адамның әр алуан қасиеттерін танымдық тұрғыда тұжырымдауға негіздейді. Олардың көркем әдебиеттегі қолданысы әр ақын-жазушының халықтық тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік қолтаңбасына байланысты болса, екіншіден, сол дәуір, кезең, қоғам тынысын, адамдардың әлеуметтік жағдайын көрсетумен жиі қолданысқа түседі. Осы тұрғыда фразеологизмдер поэтикалық құрал ретінде автордың шығармашылық даралығын, дүниетанымын, көркемдік әлемін көрсетеді.

Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілге өткірлік сипат береді. Көркем шығарма авторлары жалпы халықтық тілдің фразеологиялық құрамынан қажеттісін ала отырып, оларды мүмкіндігінше түрлендіріп пайдаланады, өзіндік қолтаңбаларын да жасайды. Сондықтан Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы фразеологизмдерді және қазақ тілі фразеологиялық қорына қосылуға толық әлеуеті жететін рухани құндылыққа ие мағыналық бірліктерді стилистикалық, бағалауыштық, эмоциялық мән туғызу қасиеттерін танымдық тұрғыда анықтау аталған жұмыстың өзектілігін құрайды.

Ғылыми жобаның мақсаты - Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы фразеологизмдер мен жазушының жеке қолданысындағы фразеологизмге сұранып тұрған тілдік бірліктердегі ұлттық-мәдени стереотипті анықтау және білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде болашақ ұрпаққа Кекілбаев сынды көркем сөз шеберінің шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарымызды, соның ішінде қасиетті қазақ тілінің құдіретін таныту.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді:

- Ә. Кекілбаев фразеологизмдерінің танымдық ерекшелігін көрсету;

- Ә. Кекілбаев фразеологизмдеріндегі ұлттық стереотип көріністерін дәйектеу;

- Ә. Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың көрінісіне анализ жасау;

- Жазушы тіліндегі фразеологизмдердің қысқаша түсіндірме сөздігін құрастыру.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ СТЕРЕОТИПТІҢ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

2. 1 Ә. Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтар сипаты

Тәрбиенің түп-тамыры, қайнар көзі ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызда десек, Ә. Кекілбаев шығармалары - сол асылымыздың бір сынығы. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі тәтті тіршіліктің нәрі - адам баласының таным-түсінігі, мәдениеті маңызды қасиеттерінің өрісін қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен әрлендірген, шығармасының шамшырағына айналдырған аңыз азаматтың адамгершілік қағидасы - Ә. Кекілбаев туындыларының терең тенденциясы. Ұлттың ұлылығын танытуда қоғамдық қызметімен ғана емес, қаламымен де үлес қосқан қаламгердің қазынасы қазақ әдебиетіндегі қомақты дүние, сөз асылын саралаған сүбелі үлес.

Қай халықтың болмасын ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытатын негізгі белгілердің бірі -ұлттық киім үлгілері мен асханасы екені дау туғызбаса керек. Негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы болған ата-бабаларымыздың киімін тігетін көне материалдарға, негізінен қой терісі мен оның жүнімен қоса түйе, ешкі жүні жатқан. Жазушы шығармаларынан мысал келтірейік: Елші сандығына қол созып, Бөкенбай алдына жаңа босанған әйеліне бір көйлектік қамқа , нәрестесіне екі сом елу тиынның төрт аршын қырмызы шұғасын тастады («Үркер») . Мұнда қазақтың мата атауларымен қатар бір көйлектік халықтық өлшеміне назар аударғанымыз жөн. Матаны өлшейтін өлшемнің тұрақтанған атауы ретінде күні бүгінге дейін қолданылатын жалпыхалықтық лексема.

Ал төмендегі мысал қазақ әйелінің киім кию ерекшелігін ғана емес, кейде қажетсіз жерде жайбасарлық пен созылыңқылық таныта қалатын қазақтың бейғамдық болмысын, ұлттық психологиялық ерекшелігін әйелдің киім кию үлгісі мен қимылы арқылы астарлап дәл танытып тұр: Үйден үстіне малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан әйел созалаңдап шығып , қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне бірдеңе апарып берді («Үркер») .

Жоғары әлеуметтік мәртебенің көрсеткіші саналатын ішікті дәулетті адамдар киген ішікті мауыты, шұғамен қаптап, барқытпен, жылтыраған сәтінмен тыстаған. Жағасына кең, енді алмалы-салмалы жағаны түлкінің жон арқасындағы үлпілдек жүнінен, кәмшат терісінен жасаған, кейде соңғысымен шеттері мен жиектерін көмкерген. Көркем шығармалардағы деректерге қарағанда, ішік хан-сұлтандар мен бай-манаптардың әйелдерінің сырт киімі болған. Мысалы: Есет батыр жаңа босанған әйелі Жұмабибі сұлуды құндыз ішікпен қымтап, ортадағы лаулап тұрған отқа кесек-кесек шарбы май лақтырып: - Ақ түйенің қарны жарылды, ақ түйенің қарны жарылды! - деп алақанын шапақтап отыр екен («Үркер») . Осы мысалда киім атауынан басқа, Ақ түйенің қарны жарылды тұрақты тіркесіне назар аударайық. Қазақ халқының танымындағы молшылықтың, тоқшылықтың метафоралық кеңістіктік бейнесі. Халқымыз ақ түсті малды, оның ішінде байлықтың өлшемі боп есептелген түйе түлігінің ақ түстісін ерекше бақыт әкеледі деп сенген. Өйткені ақ түйеге кезінде қасиетті Халифа Хазірет Әлінің мәйіті салынып келген-міс. Сондықтан бұл идиома көшпелі халық түсінігінде ақ түсті малды айрықша қастерлеу салтына, нанымына байланысты қалыптасқан дейміз. Бұл тұрақты тіркес о баста әлеуметтік маңызы зор қуанышты жаңалыққа, оқиғаға байланысты көшпелі ортадағы ерекше күйдің танымдық образы болса, кейінірек жалпы үлкен қуанышқа, молшылыққа қатысты айтылатын фразеологизм ретінде тұрақтанған.

Халқымыздың этномәдени сипатын оның ұлттық тағамдары мен соған қатысты жасалатын жөн-жоралғылар да білдіреді. Өйткені күнделікті тұрмысы малмен тығыз байланысты халқымыз оның сүтінен, етінен түрлі ұлттық тағамдарды жасағаны белгілі. Сол сияқты қазақтың соғым сою салты күні бүгінгі дейін ескірген жоқ. Соғым сойған үй көрші-қолаңға міндетті түрде соғым-сыбаға беріп отырған. Бұл да халқымыздың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін көрсететін салттарының бірі. Мысалы:Бастарына шаңырақтай ғып ақ жаулық ораған, қақырайтып сәукеле киген бәйбішелер атан түйеге жазы салып, сыртын ақ шаңқан өре киізбен қоршап, жасы үлкен, жолы үлкен ауылдарға соғым­сыбаға тасып, табандарынан таусылып бақты ( «Үркер») .

Ә. Кекілбаевтың қай шығармасын алсақ та, онда қазақы болмыс, қазақы мінез, қазақы тұрмыс-тіршілік көз алдыңа келіп тұра қалатыны сөзсіз. Оның шығармаларының өн бойында қазақтың ұлттық колоритін көрсететін сөз қолданыстары, фразеологиялық оралымдар жиі ұшырайды: Қатын-қалаш қазық қағып өрмек құрса, қолына бір домалақ ұстап ап, жіп керіп сол жүреді. Кемпірлер күмп-күмп май шайқап жатса, балалармен қосылып екі алақанын кезек жалап қояды. Кейде томар келіні қайың келсаппен тарс-тұрс ұрып тары түйісіп жатса, кейде ши шыптаға құрт жайып жатады («Үркер») .

Қазақтың ұлттық ерекшелігін көрсететін ерекше белгілері олардың қарым-қатынас ізетінен де анық көрінеді, яғни үлкен мен кішінің, әйел мен ерінің арасындағы жарасымды сыпайы сыйластық - жалпы шығыс халықтарына, оның ішінде қазақы менталитетке тән құнды қасиеттердің бірі. Бұл -ізет.

Қазақ әйелі күйеуінің кез келген тілегін ым​-ишарат, қас​-қабағы арқылы түсінетін қасиетін Ә. Кекілбаев шығармаларынан алынған мына мысалдан көруге болады: Жолаушылар өзінен тартынып отырғанын сезіп, «шыға тұрайын ба» дегендей күйеуі жаққа көз жүгіртіп еді, «қылп етпе» дегендей үнсіз тұқыртуды ұқты («Елең-алаң») . Мұндағы бейвербалды амалдар көз жүгірту, үнсіз тұқырту фразеологизмдері арқылы берілген.

Әрбір суреткер тілді қолдануда сол тілдің негізінен, дәстүрінен қол үзбейді және автор тұлғасы көркем шығарманың мазмұндық құрылымында идеялық-эстетикалық позициясын танытумен ерекшеленеді. Әбіш Кекілбаев шығармалары образды, ұлттық ерекше белгілері сайрап тұрған фразеологизмдерге өте бай. Олар мал шаруашылығына байланысты туындаған, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың ас-тағам дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың ат әбзелдері, үй әбзелдері атауларының қатысуы арқылы жасалған фразеологизмдер болып келеді.

2. 2 Жазушы шығармаларындағы ұлттық-мәдени стереотиптің фразеологизмдердегі көрінісі

Халықтың ұлттық-мәдени ерекшелігі материалдық мәдениет арқылы да танылатынын жоғарыда айтып өттік. Қазақтың көшпелі өмірі киіз үймен тікелей байланысты болса, бірқатар фразеологизмдер осы киіз үй жабдықтарына қатысты да пайда болып отырған. Мысалы: Қырдағы кәсіпқордың қанша мал тапса да, үзігі бозармайтын құрым шатпасы . Байсал байдың бәйгеге не тігетініне сырттай тон пішті («Шыңырау») . Келтірілген мысалдағы « үзігі бозармайтын құрым шатпа» бір жағынан жұтаңдықты білдірсе, екінші жағынан қанша мал тапса да, қолы тар сараңдықты бейнелеп тұр.

Ұлттық-мәдени стереотип халықтың айналысатын кәсібіне байланысты туған фразеологизмдерден көрініс табады: Құлжанның үйі көшіп келген соң, пәлен күн бойы Ханымның қолынан оймақ түскен жоқ. Ала қырдан су іздеп, құдық қазуды ата кәсіп қылып алатын Қараш әулеті бесіктен белі шықпай жатып еститіні мазақ . . . («Шыңырау») . Мұндағы қолынан оймағы түспеу іс тігуді білдірсе, құдық қазу шөлейт аймақтарда тұрған халықтың ата кәсіптерінің бірі болған.

Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақырында» көне ұғымдарды «тірілту», ежелгі сөздерді меңгертуге көп күш салады. Айталық, жазушы жорықтан Байтақ шаһарына оралып келе жатқан Алмас ханның ойын өрістете келе: «бұрын тасбақаның дауылы мен қазанның кірісінде жолға шықпаушы еді. Осы жол елге көктем басында оралам деп амалсыз ұрынып отыр . . . », -деп баяндайды. Осындағы «тасбақаның дауылы», «қазанның кірісі» - қазақ танымындағы табиғат құбылыстары.

Жазушы еш уақытта қоғамнан тыс өмір сүрген емес. Оның суреткерлік дүниетанымын қалыптастыратын да өскен-өнген орта, қоғам, заманауи оқиғалар мен саяси-идеологиялық ұстанымдар. Осы тұрғыдан келгенде шығармашылықтағы дүниетанымның маңызы Ә. Кекілбайұлы шығармалары негізінде анық көрінеді. Қазақы тәрбие, қазақ ауылындағы саф алтындай сақталған ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан сусындап өскен жазушы ұлттық менталитетті терең біліп қана қоймайды, оны сақтап, қорғау қажеттігін де биік ой талғамымен ұғынады. Қаламгер туындыларының тек жалаң, суреткерлік қиялдан ғана емес, өмір материалын терең зерттеу, оны талдап, таразылау нәтижесінен туғандығы осының айғағы.

Халқымыздың ұлттық-мәдени стереотипін қалыптастыратын басты белгі бірі - оның өнері. Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесі қазақтың қара домбырасы арқылы қанына біткен күй өнеріне арналған. Қазақ күйінің құдіретін қаламгер мына жолдарда анық көрсеткен: « Домбыраның қос ішегін еміне сауып , есілтіп отыр. Қара шанақтың көйгөйі көкірегіңді қысып ырқыңды алып барады («Күй») . Домбыраны жай ғана шертіп емес, оның « қос ішегін еміне сауады», қазақтың ұлттық аспабын бірде домбыра десе, келесіде қара шанақпен алмастырады .

Қазақ күй арқылы өзінің өткені мен бүгінін таниды. Төл өнерінің қатпар-қалтарысын қапысыз ұғатын ұлттық рух, менталитетінің құпиясын күйінен аңғарасыз.

Жазушының қазақы менталитет, қазақы тәрбиені көрсететін тағы бір шығармасы - « Бәсеке » повесі. Қазақ халқындағы қыз баланың тәрбиесіне қатысты ұлттық менталитет көрінетін тыйымдардың бір көрінісін мына жолдардан аңғаруға болады: « Қызды қырық үйден тый » деген қайда? Үйде қонақ отырғанда үстіне неге кіреді?. . Бұл - қонақтан тартынбай үстіне кірген қызының қылығына күйінген Балпан байдың сөзі. « Қызды қырық үйден тыю » мақалы - қазақы тәрбиедегі қыз баланың әдебіне байланысты көптеген тыйымдардың, шектеулердің бар екенін меңзейтін түйін. Сол сияқты осы шығармадан алынған мына мысалға назар аударайық: « Ұл - ұрпақ, қыз - өріс » деген. Жат жұртқа жаралса да, қыз баланың жалғыз бауырын жалқы қылмас». Ежелден «ұл -ұрпақ жалғастығы, шаңырақтың иесі» деп білген халқымыз қызды өріске балаған.

Күні бүгінге дейін «қазақ» деген атпен ассоциацияланатын ұғымдардың бірі -той. Қазақты тойсыз елестету мүмкін емес. Сәбидің дүниеге келуінен басталатын ұлттық тойлардың әрқайсысының өз аты бар: . . . ертең балам қырқынан шығады деп хабар шашып қоймас па еді. Бір алпауыз әйел тұсауын кесіп , Зейнептің қос тақта алқасын қағып алады. Сүндет тойының қызығын да пішеншілер көрді («Бәсеке») .

Мұндай мысалдарды жазушы шығармаларынан көптеп келтіруге болады.

Әрбір ұлттың және халықтың өзіне тән болмыс-бітімі, салт-дәстүрі, материалдық және рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі - сол халықтың тарихи даму жолының көрінісі.

В. Н. Телия кез келген тілдер жүйесіндегі фразеологизмдер мәдени белгілердің экспоненттері ретінде қабілетті екендігін, фразеологизмдердің ұлттық-мәдени дүниетанымға синхронды түрде еніп қана қоймай, оның фрагменттерін ұрпақтан ұрпаққа табыстаушы ретінде жеке тілдік тұлғаның, сондай-ақ тілдік ұжымның дүниетанымын қалыптастыруға қатысатынын айтады [1, 81-б. ] .

Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастыру барысында фразеологиялық аспектідегі «бір ұлт өкілдерінде бірыңғай ұлттық сана-сезім құрылымы» концептісін талдау мәселелері алғашқы орынға қойылады.

Фразеологизмдердегі ұлттық нышанды анықтаудың тіл білімінде бірнеше жолы бар: 1) Бір тілдің ұлттық-мәдени болмысын екінші бір тілдің ұлттық-мәдени болмысымен салыстыру арқылы анықтайтын - салыстырмалы тәсіл; 2) Бір тілдің ұлттық-мәдени нышаны сол тіл иелерінің көзқарасымен қарастырылатын, яғни өзіндік талдау, өзіндік бақылау жүзеге асырылатын - интроспективті тәсіл.

Осы тұрғыда мәдени коннотация фразеологияның ең маңызды компоненті болып табылады. Бұл - жеке бір халықтың, ұлттың нышаны. Мәдени коннотация фразеологизмдердегі ассоциативтік-бейнелік негіздердің интерпретациялануының нәтижесінде туады, ол ұлттық-мәдени стереотиптермен сәйкестендірілуі арқылы жүзеге асады.

Стереотип - дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан тұрақталған әрекеттер мен құндылықтар шаблоны. Стереотиптер өз семантикасында ұлт мәдениеті дамуының ұзақ уақыттық үдерісін көрсетеді, ұлттық сипат, тарихи және мәдени колоритті береді.

Әрбір суреткер тілді қолдануда сол тілдің негізінен, дәстүрінен қол үзбейді және автор тұлғасы көркем шығарманың мазмұндық құрылымында идеялық-эстетикалық позициясын танытумен ерекшеленеді. Ә. Кекілбаев шығармалары образды, ұлттық ерекше белгілері сайрап тұрған фразеологизмдерге өте бай. Олар мал шаруашылығына байланысты туындаған, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың ас-тағам дәстүрінен көрініс беретін, қазақтың үй әбзелдері мен жиһаздары атауларының қатысуы арқылы жасалған фразеологизмдер. Мысалы: Қақ төрде әлгі бір аспанмен бой таласқан көк сырық, енді байқады - мұнара. Екі шекесін қара, әлдекім дойырмен тіліп өткендей , жыртылып айырылып тұр. Арқадағы асына үй апардық, қырық ірі қара соғым , қырық саба сауын апардық деп күпілдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Жазушы Әбіш Кекілбаев Үркер романының лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақыры романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Қазақ әдебиеті
Әбіш Кекілбаев прозасының көркем әлемі
Қазақ университеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz