Төрт көзі түгел - бәрі көз алдында тұтас



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Қазақ тіліндегі сандық концептілер.
2. Башқұрт тіліндегі сандық концептілер.
3. Қазақ - башқұрт тіліндегі сандық концептілердің ұқсастығы мен айырмашылығы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Қазақ тілі - тілдік қоры жағынан қазіргі әлем тілдерінің ішіндегі ең бай, әрі тілдік қолданыстағы аясымен ерекшеленетін, яғни санадағы ақпаратты тұрақты сөз орамдары арқылы жеткізуге мүмкіндік жасайтын, бір ойдың астарын бірнеше сүбелі сөздердің тіркестері арқылы жеткізе білетін, қанатты сөздер мен афоризмдерге, тұрақты тіркестерге, құнарлы сөз бірліктеріне, сөйлем жүйелеріне өте бай тіл. Сол тілімізде көрініс табатын, халқымыздың ұлттық ерекшелігін айқындап көрсететін, этностық менталитетке тән, қазақты қазақ етіп көрсететін тіліміздегі шұрайлы, жүйеленген, тілдік бірліктердің бірі емес, бірегейі - тұрақты сөз тіркестері. Бұл аталмыш айтылған бірлік тіл теориясында фразеологизм деген атауға ие. Фразеологизмдер сөйлеу және жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына әсер ету мүмкіндігіне ие болатын бірліктер ретінде танылады.
Фразеологизмдер - тіл иесі халықтың (этностың), күллі дүние-ғалам жайлы ұғым-түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланнысты тіл-тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де әсерлі сөз өрнектері,тілдік метафоралық композициялар. Фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің сан алуан қырын,дүниетанымын, эстетикалық талғамын, эпикалық сана-сезімін, наным-сенімін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын толықтай танытатын тұрақты тілдік орамдар болып табылады. [3; 73].
Фразеологизмдер - ішкі мазмұндық құрылымы, сыртқы тұлға-тұрпаты, мән-мағынасы тұрғысынан алғанда, қатпар-қаттаулары мол,қыр-сыры тереңдеп зерттеуді талап ететін күрделі лингвистикалық құрылымдар. Фразеологизмнің күрделілігі олардың құрылымдық типтерінің және синтаксистік модельдерінің алуан түрлі болып келуінде ғана емес, сонымен қатар тақырыптық және семантикалық тұрғыдан сан түрлі, ойдың әр алуан эмоциональды-экспрессивті реңкілерін білдіруге айрықша қабілеттілігінде - дейді академик Ә.Т.Қайдаров.

Қазіргі қазақ тілінің фразеология саласының негізін қалаған І.Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің өзі тек қазақ тіл білімі үшін емес, түркітану ғылымы үшін үлкен табыс [1]. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Тұрақты тіркестер ішінде бұл сөздер нақтылы сан мағынасында қолданылуы шарт емес. Мысалы, жеті ғылым тілін біледі, қырық ру дегендерде нақты саннан гөрі көп деген ұғым бар [1, 612]. Сан есімдердің тұрақты тіркестерде ұйытқы болу қасиеті басқа сөздермен келген тұрақты тіркестер сияқты емес, бұл сандар сан-мөлшерлік қызметін көп жағдайда жойып алады. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың ұғымдық символы ретінде қолданылады. Бұлардың біршамасы халықтың наным, түсініктерінен туғандығын академик І.Кеңесбаев бертін келе бұл ұғым, түсінік дерексізденіп, екінші бір салаға ауысқан деп есептеп, ит сөзімен келетін алыстыққа тікелей қатысы болмаса да, ит арқасы қиянда дегеннің алыстық ұғым баламасы болғанын мысалға келтіреді: ... жеті атасынан түк көрмеген дегенде жеті сөзі де уақыт, мезгілдің шартты көрсеткішіне айналған. Жеті басты жалмауыз, жұт жеті ағайынды дегендегі жеті сөзі де жалпы көптік ұғымына айналып кеткен. Демек, бұл сандар біршама сан мағынасын сақтай отырып, өзге ұғымға да икемделіп, екі түрлі қасиетке ие болған. Қазақ тілінде осындай сандық концептілер жиі ұшырасады мысалы: Бір бес күн - Өлшеусіз аз уақыт. Мыс: Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма, бір бес күннің орны жоқ аптығарға! (Абай) (171 бет) Бір биеден ала да, құлада туады - біркелкі бірдей нәрсе жоқ дегенде айтылады. Мыс: Бір биеден ала да, құлада туады деген рас қой, Сәлімнің кіші баласы тым пысық, үлкені сорайып, нағашыларына тартқан білем, өте бос [Ауызекі тілі. 171], Бір болғанымен бірегей - аз балса да саз; жалғыз болсада көпке бергісіз. Бір болмағанымен бірегей. Мыс: Мыңға сөзін тыңдатар, Ат арқанын шұбартар, Иығы асқан ер болар [Ғ.Сланов. 171], Бір елі қалмады - ешбір ажырамады; соңынан еріп отырды. Мыс: Сонан бері ол жас жігіттің қасынан бір елі қалған жоқ [Ә.Нұрпейісов. 172]. Бір есептен - бір жағынан бінр ойдан, бір реттен. Мыс: Бекболаттың жер - суым болса деген ойы бар. Бір есептен бұл ойының іс болып қалуы да қисынды. [С.Шәріпов. 172]. Бір есік, бір тесік заман [уақыт] - қыспақта болды, зәрулікке ұшырады деген мағынада. Мыс: Олар бір есік, бір тесік уақытқа кез болып, қыспақта жүрді. Бір жапырақ - азғантай, зәредей, бір жұлым. Мыс: сұлуға батыр енді дейді шырақ! Оншалық ауылың сенің емес жарық, Ризамын қайт ізіңше сертің бітті, Қызықсам қала ма ардан бір жапырақ? [С.Сейфулин. 172], Бір көзінен қан, бір көзінен жас ақты- қатты қайғырып, жылап- сықтады, зарлады. Мыс: Жандыбатыр кәрілік басып, оның үстіне баласының қайғысы қосылып, Бір көзінен қан, бір көзінен жас ағып отырған әке - шешесін көреді. [Қаз. Ертегі], Бір көш жер- қашықтық көлемі ( шамасы 10-15 шақырымдай жер). Мыс: Мұндай мал жүріске де нашар. Бір көш жер жүрмей қолтығы ойылып қалды. [Ә.Нұрпейісов. 173]. Екі аяғын бір етікке тықты- састырды, апшысын қуырды. Мыс: Келіншек Мейрамбектің екі аяғын бір етікке тықты.[Ғ.Мұстафин. 200]. Екі аяғын қолына алды- табаны сайға тимей жүгіре жөнелді, аяғы аяғына жұқпады, асығып келді. Мыс: Үш мың сом қолға тиетін болған соң, Жаббарқұлда, жан бар ма?- деп Жанғозин екі аяғын екі қолына алып, ауыл советке қарай тартты. [С.Төлешов. 201]. Екі езуі екі құлағында - өте көңілді, көңілі көтеріңкі, қуанышты, мәз - мейрам. Мыс: Нияз мәз болып, екі езуі екі құлағына жеткенше күліп: - А- а солай ма!.. - деді [С.Сейфуллин. 201]. Екі елі ажырамады - үнемі жанында, қасында бірге болды. Мыс: Кәкітай қалада школда болған Мағауияның білгенінен де көп пайдаланатын. Өзі Абайдың қасынан екі елі айырылмайды.[М.Әуезов. 201]. Екі елі ұзамады - ешқайда ұзап, алыстап кетпеді. Мыс: Алайда ерінің жайсыз жатқанын Хакиманың тынышын алды. Ашу, ыза, ренжіске аралас, осы адмға арналған жақындық аяныш та одан екі елі ұзамады. [М.Иманжанов. 201]. Екі етегін түрінді - 1. Бел шешіп кірісті, білегін сыбанды. 2. Жолға түсті. Мыс: Бізден бұрын өтіпті. Екі етегін түрініп, Әулие іздеп жүргенде, Ақ деген құлдар еңіреніп. [Базар жырау. 202]. Екі жақтады- екеуледі, екеуі бірігіп істеді. Мыс: Жалғыз тартпа тозған екен, үзіліпті. Тартпа қылуға шылбырда жоқ. Олақтық пен салақтық екі жақтап Әбекеңді елсіз далада қинады - ау. [Ғ.Мұстафин. 202]. Екі жарты, бір бүтін- бірікті, ұйымдасты, қауымдасты. Мыс: Екі жарты бір, бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік деп, Құртжанға құран оқи келгенде, Қодар Жәмпейіске зарын шақты да, қолына ұстап қалды. [М.Әуезов. 202]. Екі жеп, биге шықты- сәтін түсіріп, жұмыстың оңтайын, орайын еппен келтіруі туралы айтылады. Мыс: Мектепті берік, әдемі етіп салып алсақ, келесі жылдан бастап отырықшы болсақ, тура екі жеп, биге шығамыз! [С.Омаров. 202]. Екі көздің шарасы - көздің ұясы. Мыс: Алтын шыны кеседей екі көзінің шарасы [Қыз Жібек.203]. Екі көзі су қараңғы - көр, түк көрмес соқыр. Мыс: Өзіне қатты ұнаған күйшінің біреуін алып қалады. Оның екі көзі су қараңғы екен. [Қаз ертегі. 203]. Екі көзі төрт болды - сағынды, аңсады, жолына қарай - қарай шаршады, күте - күте зарықты, көруге асық болды. Мыс: Жарайды, жаным Сара, сөйлер сөзің, Сүйенген қызыл тілге шын сорлы өзің, Қалмақтай қолға түскен ықтиярсыз, Төрт болар құлға барсаң, екі көзің. [Айтыс. 203]. Екі қолы алдына сыймады - жұмыссыз ерікті, жалықты, өзінсыйғызар жер таппады. Мыс: Осында келгелі мүлде өзгеріп барам. Екі қолым алдыма сыймай , ішім пысады. Бірде ме жетпейді, не екенін білмеймін. Көңіл далбасалап іздейді, таппайды... [Ғ.Мұстафин. 203]. Екі тізгін, бір шылбыр - ынтымақты ел - жұрттың ерік- биігін, билік тізгінін ұстау, ел - жұрттың көш басшысы болу мәнінде айтылады. Мыс: Ерегіскен дұшпанға, Айдаһардай шалысты, екі тізгін, бір шылбыр, бір өзім деп салысты. [Радлов. 205]. Екі ұрты суалды- арыды, жүдеді. Мыс: Көзі бозарып, екі ұрты суалып, ойсырап жүдеп қалыпты. [С.Омаров. 205]. Екі шоқып, бір қарады - сақтық жасады. Мыс: Адам баласы біздің дұшпанымыз, сақ болыңыздар, екі шоқып, бір қараңдар, - деген [Қаз.ертегі. 205]. Екі орайды- асып түседі, озып кетеді. Мыс: Сол кде шауашылықтың бұл саласында Қазақстанның бі өзі- ақ Американы екі орайын болды. [М.Ермеков. 204]. Үйірімен үш тоғыз - Олжа көбейсін деген мағынады қолданды. Мыс: Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда, Үйірімен үш тоғыз деп жымыңдап, жасы үлкендер жанына байланғанда, Сілке киіп тымақты, насыбайды, бір атасың көңілің жайланғанда. [Абай. 738]. Үш күндік пәни - қысқа өмір, өтпелі өмір. Мыс: Үш күндік бұл пәниге келген пенде, Байлама күрегіңді пейіл берме. [Шығыс жұлдыздары. 742]. Үш қайнаса сорпасы қосылмайды - бірімен - бірі жуыспайды, байланыспайды, мүлдем бөлек. Мыс: Жоқ, мен айттым, жарықтығым, енді басымды отқа салма, сенімен менің енді қайнаса сорпам қосылмайтын болған! - деп Айша таймай қасарып тұрып алды. [М.Әуезов. 743]. Үш мүйіз болды - үш топқа бөлінді, үш топ құрды. Мыс: Қамбар батыр майсары етіп қыпшақ, арғын жігіттерін, майене етіп үйсін, дулат және өзге ру сойылшыларын тұрғызды, өздері , Шыңғыс ұрпақтары, төленгіттермен орта шепті алды. Келе жатқан жауға осылай үш мүйіз боп қарсы шабуылды ұйғарды. [І.Есенберлин. 743б]. Үш тоғыз - айыбы, сыйлығы деген мағынада қолданылады. Әрқайсысы тоғыздан тұратын үш топ сыйлық (айып). Мыс: Бекболатқа берген қалыңмалына үш тоғыз айыбын қосып алды да, ұпайым түгел дегендей көкіректегі ызаны ішке түйіп қала берді. [І.Есенберлин. 743]. Ошақтың үш бұтынан шықпады- үй шаруашылығынан ұзамады. Мыс : Бірен - саран оқып, көзі ашылған әйел болмаса, көпшілігі әлі күнге ошақтың үш бұтынан шыға алмай отыр. [Б.Майлин. 564]. Төрт аяқты екенсің (қарғыс)- қу, зымыстан, әккі деген мағынада. Төрт көзі түгел - бәрі көз алдында тұтас. Мыс: Балаларым мен келіндерім, сендер де жым - жырт, момын жүріп күтіңдер. Болмаса мынау ағайынның төрт көзі түгел отыр ғой, міне, өл де маған. [М.Әуезов. 689]. Төрт құбыла түгелденді немесе төрт жағы құбыла - Мыс: болып - толды; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күйге жетті. Төрт құбылам түгелденді, енді аяйтын еш нәрсе жоқ, - деді Көжек титімдей ғана көйлек тігіп құттықтай келген қатынға, үстіндегі күзен ішігін шешіп беріп жатып [Т.Ахтанов. 689]. Төрт табандады - екі аяқ, екі қолын тіреп тұра қалды. Мыс: Мысықтай жерге төрт табандап дік ете түстім де, жантая құлай беріп, тағы бір - екі аунап, домалап кеттім. [З.Шашкин. 689]. Төрт тағаны қимылдады - зорға қозғалды. Мыс: Төрт мүшесі тең болмай қарулы күш жақтағаны, Қылыш қайрап, зеңбірек оқтағаны. Жұлын жота жанды жері берік қолда, Жеңе алмас құр қимылдап төрт тағаны.[С.Торайғыров. 689]. Төрт түлігі сай болды- малға байды. Мыс: Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түгелі сай болыпты. [Қаз.ертегі. 690]. Дүниенің төрт бұрышы - барлық әлем, күллі жер жүзі. Мыс: Бір күнде жас көңілін судай бастың, тасқындап кемерінен шалқып астың. Төрт бұрышын дүниенің көрмей болжап, қиялмен көк қақпасын барып аштың. [Шәңгерей. 196]. Тегеуріні төрт елі - соғар тепкісі өте берік деген мағынада. Мыс: Тегеуріні төрт елі, аспаннан түскен тас түлек, жерге түссе тек кетпес. [Шешендік сөздер. 674]. Аспаннан түскен төрт кітап - Діни ұғым бойынша, төрт пайғамбар ие төрт кітап болыпты - мыс: 1) Тәурет (Пяти - книжие Моисея) - Мұсаның, 2) Зәбур (Псалтырь) - Дәуіттің, 3) Інжіл (Евангелие) - Исаның, 4) Құран - Мұхамметтің кітабы. Сол діни ұғым бойынша, Адам ата арқылы 10 кітап, Шис (Сиф) арқылы 50 кітап, Ыдырыс пайғамбар [Енох] арқылы 30 кітап, Ыбырайым [Абрам] пайғамбар арқылы 10 кітап дүниеге келіпті - мыс. [65 бет]. Бес тиынға тұрмады - Еш нәрсеге жарамады, арзымады. Мыс: Ақынмын деп ұялмай жүрсің өзің, Бес тиынға тұрмайды айтқан сөзің. [Жамбыл. 143]. Бетінің кірі бес батпан (бес елі) немесе бетінің кіріне бес ит тойғандай - Тым лас, өте былғаныш. Мыс: ( Бұл фраза, көбінесе кішкене балаларға айтылады. Батпан сөзі бірнеше пұт деген мағынада - салмақ өлшемін білдіреді. Бұрынғы уақытта екі га шамасында жер өлшемі ретінде де қолданылған). Шай қамзол, құндыз бөрік кигенменен, Бес батпан десең болар беттің кірі [С.Торайғыров. 151]. Бес тиынға тұрмады- еш нәрсеге жарамады, арзымады. Мыс: Ақынмын деп ұялмай жүрсің өзің бес тиынға тұрмайды айтұан сөзің. [Жамбыл. 143]. Ер қаруы бес қару - қылыш, найза, садақ, шоқпар және сойыл - ерлер асынып жүретін қару - жарақ. Бұрын мықтағанда - ер қаруы бес қару дейді екен. [М.Базарбаев. 213]. Алты Алаш - ескі дәуірде күллі қазақ, кейде тұтас қазақ- қырғыз деген ұғымда қолданылған. Мыс: Баласын алты алаштың шырқ иіріп, ел билеп жүріп тұрған хандығыңды [Шернияз. 47]. Алты арыс - ірі - ірі ру - тайпаны туыстық жағынан топтағанда, арыс сөзін қолданады. Мыс: Алты арыс Шекті деген ел бар, Ақ Жайық деген өзеннңғ бойында [Қыз. Жібек. 47]. Алты басты айдаһар - айбарлыда, күшті, дүлей. Мыс: Ондай жағдайда, алты басты айдаһар болса да, Қоңырқұлжа, Ахметтерден өш алу оңайға түседі. [І:Есенберлин. 47]. Алты батпан- аса зор, үлкен; тым ауыр. Мыс: Көтердім алты батпан дәудің басын [Қаз.ертегі. 47]. Алты батпан азап - ауыр жол, қиянат - қасіреті мол өмір жолы. Мыс: Білемін алдым азап алты батпан, Мен емес арам істе арын арын сақтан. Сұм заман сыбағама сенңі берді, Талап бақ, жауың болсам, тағы тапқан [М.Әуезов. 47]. Жеті ата жау- ежелгі дұшпан. Мыс: Жөні келер іс етсем- жайнаңдаған, кесе келсем - көрмесіп баждаңдаған. Бірде тату, бірде араз құбылма дос, досым түгіл жеті ата жаудан жаман. [Б.Күлеев. 263]. Жеті атасына бітпеген - Өмірінде үрім бұтағына бітіп көрмеген. Жеті атасына бітпеген дәулет Құдайменде мен Тәңірбергенге арнап тұр. [Ә:Нұрпейісов. 263]. Жеті дария - алыс, қиыр шет. Мыс:айлап ақырын ұстап алып ұшып, бауырға басып алып кетсем қысып. Жерінен жеті дария арман етіп, апарып алтын тауда жатсам құшып. [І.Жансүгіров. 263] . Жеті дуан ел - байтақ ел, дүйім жұрт. Мыс: Өрмекшінің әкесіне ас бергенін, сол асқа жеті дуан елді шақырып, шұжықтай семіз шіркейді шалып, сайдан ақ май ағызғанын жырлапты. [Қаз.ертегі. 263]. Жеті дұспан - жеті түрлі жау, жеті түрлі қырсық кедергі. Мыс: - Ойбай-ау, бұрынғылар біліп айтқан ғой. Бұл әйел - жеті дұспанның бірі. Ер жігітке опа берген бе. [Ә.Нүрпейісов. 264]. Жеті жұрт - көп ел. Мыс: Сізге патша жіберді, Құралай қызын бергелі, Көріңіз ханның бақтысын, Жеті жұрттың жақсысын, Күлмес хан сізді шақырды. [Мұңлық-Зарлық. 264б]. Жеті жұртқа әйгілі - үлкен - кіші түгел біледі, бар ел жұртқа танымал. Мыс: Бұл жеті жұртқа әйгілі сайқал емес пе. [Ә.Нұрпейісов. 264]. Жеті кентті құртты - неше буын жақсыны құртты, жалмады, жойды. Мыс: Құртқан жеті кентті қара кер-ай көшке жаяу жүрсем де алмаймын-ай. Өзі жауыр, өзі кәрі, ақсақ екен, мұныңды алып елге бармаймын -- ай. [Сүйінбай. 264]. Жеті қазына - байлық көзі, байлық құт- берекенің бірі. Мыс: Дирменде жеті қазынаның бірі ғой, соған барлығы қоң жинап алды. [ауызекі тіл. 264б]. Жеті қараңғы түн немесе жеті түн - тастапй қараңғы түн, түн іші, беймезгіл уақыт. Жеті қараңғы түнде мына күйімен қолға түссе, алдымен ұры деп ұрады ғой - деп ойлады баспалдықтың жанында бұғып тұрып. [Х.Есенжанов. 264]. Сегіз қиыр шартарап - күллі әлем. Мыс: Сегіз қиыр шартарап төрт құбылаңды түгел қып, төріңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ ЖОЛЫ ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау
Қазақтың тұңғыш эпопеясы
Ғасырлық туынды – «абай жолы»
Ғ.Мүсіреповтың «Жат қолында» романындағы монолог пен портреттің көркемдік қызметі
Сан компонентті тұрақты тіркестердің ұлттық дүниетанымдағы, халық өміріндегі маңызы
Орал өңірі ежелден қазақ тарихына көп бет қосқан өлке
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ ЖАТ ҚОЛЫНДА РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Пәндер