Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын талаптар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу жұмыстарына қойылатын талаптар
Пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Студент: Халила Ұлбосын
Курс: 3
Мамандық: 201140100-Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140101-Бастауыш білім беру мұғалімі
Топ: 132
Парақтардың саны: ______
Студенттің мәлімдемесі
Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.
Студенттің қолы________
__ ________20____жыл
Қорғау
Баға______ (__________)
Қорғау уақыты___ ___________ 20____жыл
Ғылыми жетекші____________ Жапаркулова Н.А.
Алматы, 20___
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ...
1.1.Байланыстыра сөйлеудің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... .
2.БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ..
2.2.Байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Бастауыш сыныптағы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады. Балалардың тілдік дамуы байланыстырып сөйлеуден басталады.Дұрыс байланысып құралмаған сөздер бала болашағына үлкен әсерін тигізді.Бастауыш сынып мұғалімдеріне қойлатын талап өте күрделі және жан -жақтылықты талап етеді . Мектеп табалдырығын аттаған жас балар ұстаздарының үйретуімен ғана шектеліп қалмайды ата-ананың да әсері мол.Барлық бала алғашқы мектеп күнінен ақ байланыстырылып құралған сөздермен сөйлемдерден бастайды .
Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич: "Байланыстырып сөйлеу - адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі" десе, Ф.А.Сохина: "Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады" деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу - отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдарын қарастырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Байластырып сөйлеудің негізгі теориялық әдіс-тәсілдерін қарастырып, теориялық негіздеріне тоқталу;
Бастауыш сыныптағы балалардың ойын ойындар арқылы байланыстырып сөйлеуді анықтау;
Бастауыш сыныптағы балалардың модельдеу тәсілі арқылы байланыстырып сөйлеуді дамыту;
Курстық жұмыстың обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дағдысы;
Курстық жұмыстың пәні: Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,2 бөлімнен, қорытындымен және пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Кез келген адамзат баласынөзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп - оның компоненттерін - сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Әңгіме сөйлемдерден тұрады, ал сөйлем сөздерден құралады. Өзден әдемелеп шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға түрлі зат керек. Ол зат топырақ болса оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Ал, сөзден құрастырылып көркем әңгіме шығару үшін жұмасалатын зат - сөздер. Дыбыстан құралып сөз жасалған, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, өзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Дыбыс жаман болса, дыбыстың немесе сөздердің байланысуы жақсы боламаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайды. Әңгіменің әдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен әңгіме айтушының сөздерді дұрыс қолданыла білуінде. Үй салушының қиялы бай болса, үй де сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым сөйлеуші қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым айтылған ой пікірлі, әсерлі, әдемі болып шығады. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердіғ сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады. Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн.
1.1.Байланыстыра сөйлеудің түрлері
Байланыстыра сөйлеудің екі типі, яғни екі түрі бар. Оладың бірі - диалог, ал екіншісі - монолог. Бұларды диалогтық сөйлеу және монологтық сөйлеу деп те атайды.
Диалог - екі не оданда көп адамның сөйлесу барысында туындайтын әңгіменің мақсаты, әдетте, бір нәрсе жайында сұрап, оған жауап беруге, белгілі әрекетке түрткі болуға шақыру. Міне, осы себепті де байланыстыра сөйлеуге үйретуде әңгімелесу әдісі көп қолданылады. Диалог сұрау мен баяндау, баяндау мен мәжбүрлеу барысында түзіледі.
Ал, монолог мүлде басқаша. Ол, әдетте, кітаби стилге жатады. Себебі, монолог қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірген жүйе.
Сонымен монолог - бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі. Монологтың мақсаты - белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Бір нәрсені суреттеу, баяндау кезінде бір нәрсе жөнінде пікір білдіруде тілдің монологтық формасы пайдаланады. Монолог нақты фактілер жөнінде хабарлайды, ал нақты фактілер бір-бірімен әрқашан мезгілдік немесе себеп-салдарлық байланыста болады. Мезгілдік байланыс немесе кезектесіп келуі мүмкін.
Бір мезгілде болатын фактілер туралы айту суреттеу деп аталады. Ал, бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту баяндау деп аталады. Сонымен қатар себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту деп аталады
Монологтық тілде сөзді байланыстырып әдеби тілге жай ғана және күрделі синтаксистік құрылымдардың балық түрлері пайдаланылады: біріңғай мүшелі сөйлемдер, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бала жайылма сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер құрастыра білмейінше,сөздерді байланыстыра алмайды .
1.2.БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУДІҢ КЕЙБІР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге оқытуға және тәрбиелеуге тиіс,- делінген Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі - еңбектің шығармашылық сипат алуы. Осыған орай, мектептің алдында тұрған ең маңызды міндет - балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш сыныптарда қаланады, яғни бастауыш сынып оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі шығармашылықпен ұтымды орындауға үйренеді.
Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны екі топқа, сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір - ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып тәтті сезімге бөлейді.
Психологтардың анықтауынша, бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әртүрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігін шығармашылық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғары сатысы шығармашылық әрекетпен тығыз байланыста болады. Қиял екі түрлі. Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру жатады, ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету - қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып, оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға толықтыруға үйрету шығармашылық қиялды дамыту болып табылады. Осыған орай еркін тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу бала шығармашылығын дамытады.
Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, маазмұндама мен шығарманы да осы кезден, II сыныптан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені анықталады. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары:Балалардың психикалық процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын талдау, жинақтау әрекетін күшейтеді. Мидың жарты шарлар қабатында өтіп жататын әрекетті үздіксіз күшейтіп, уақытша нерв байланыстарын (анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.Шығарма мен мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе II сынып оқушыларының психикасында I сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, балалардың өмірінде көрген білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. Мәтінді алдын ала жигақтау жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені мәтінді алдын ала жинақтаудың, яғни жазбас бұрын мәтінді жобалап алудың, қате жібермеу үшін де пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық-синтетикалық жағы неден көрінеді: 1) сөзді тыңдағанда әңгімеленгелі отырған оқиғаны сай келетін сөздерді таңдап ала білсе, бұл аналитикалық процес, ал осы сөздерді мәтіннің ішінде енгізуі синтетикалық процес болып есептеледі, 2) сөйлем құрастыруда талдау субъектілермен предикаттарды және заттың белгілері көрсететін сөздерді іріктеп алу, ал жинақтау - осыларды сөйлемнің ішінде орын орынына қойып орналастыру, 3) мәтін құрастыруда талдау - тұтас мәтінді бірнеше бөлімге бөлу, жинақтау - сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мұнда талдау жазуға дайындық кезінде, мәтінге жоспар жасау жұмысында іске асса, жинақтау сол жасалған жоспар бойынша құрастырып айтып не жазып беру жұмысы болып саналады, 4) шығарма жазу процесінде талдау үнемі жинақтаудан бұрын жүреді. Талдаудың бұрын келуі жинақтауға жол асады.
5) Психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады.Сондықтан мазмұндамаға алынатын мәтіндер мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік, сенгіштік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай келетіндей болып іріктелуге тиіс. Алайда қандай әсерлі шығарма ұсынылғанымен, ол нақышына келтіріліп дұрыс дауыс ырғағымен оқылмаса балаларда болатын жоғарыда айтылған қасиеттерді дамытуға пайдасы тиіп жарамас еді. Өйткені мазмұндамаға ұсынылған мәтіндерге балаларға оқып беруде болсын, шығарма жаздыру үшін материал жинау барысында балаларға айтылатын әңгімеде болсын, мұғалімнің дауыс сазының әсерлі болып, сөздер мен сөйлемдерді анық айтуының маңызы зор. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: ... мүмкін егер де біз: бізде анық дауыстап, ырғағына келтіріп әсерлі етіп оқи алатын төменгі сыныптың мұғалімін табу өте қиындыққа түседі десек, кейбіреулерге ерсі болып көрінер еді, бірақ зейінінің қабілеті жетілмеген балаларға мұндай мұғалім ерекше қажет-дейді.
Адам психологиясының нәзік сырларын бақылаған А.С.Макаренко да өзінің балалармен күнделікті сөйлесу барысында дауыс ырғағына ерекше көңіл бөлген. Ұлы педогог балалармен сөйлескенде оларға әсер ету үшін дауыста эмоция мен сезімнің басым болуы керек екенін айтады. Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда, түсіндіруде де әңгімеде де мұғалім дауыс ырғағын бір қалыпты сақтап, өзінің дикциясына қатты көіңіл бөлген жөн. Мәнерлеп оқуға екі түрлі шарт қойылады, олар: физикалық және психикалық. Біріншісіне оқыған кезде дұрыс тұру, демді еркін және терең алу, дауысты бір қалыпты сақтау сияқтылар, ал екіншіге дауыстың (оқытудың ритмін сақтау сөзді анық айту, бірқалыпты оқу, пауза жасау, дауыс ырғағын тыныс белгілеріне сәйкестендіру т.б. жатады (бұл жөнінде толық мәліметті үшінші тараудан қараңыз).Сөйтіп, шығарма мен мазмұндама жазу процессінің психологиялық негізі жөнінде аздап болса да мағлұмат алу - оның жүйесін жасап, әдістемелік тәсілдерінің қолайлысын таңдап алуда жол-жоба көрсетеді.Оқушыларды мазмұндама мен шығарманың жазылуына үйретуде біз дидактиканың негізгі талаптарына сүйенеміз. Бастауыш мектептерде мазмұндама мен шығармаға үйрету жұмыстарында, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы, көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік пен беріктік қағидасы ес- керіледі.
Біз осы еңбектің кейінгі бөлімшелерінде психология, педогогика, тіл білімі, және әдебиет тану ғылымдарының соңғы жетістіктерін басшылыққа ала отырып шығарма мен мазмұндамаға қойылатын талаптарды белгіледік. Бұл талаптар ғылыми қорытындыларға негізделгендіктен, шығарма мен мазмұндаманың да ғылыми қағидасын шешеді деп ойлаймыз.Шығарма мен мазмұндаманың жүйелілік және оқушылардың жас ерекшелігіне сай келу эксперименттен өткен жұмыстардың бірте-бірте күрделене беруіне, сондай-ақ балалардың бұрыннан бар білімдік қоры мен дағдылығын, шеберліктерін есепке алып алдағы бағдарламалық талаптар ескеріліп жасалуында.Оқытудың саналылығы мен оқушылардың белсенділігін арттыру қағидасын сақтау мақсатында балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге, айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, нәрселер мен құбылыстарды салыстырып олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары мазмұндама мен шығарманың өн бойынан орын алады.Шығарма мен мазмұндаманы біз ана тілін үйретуде теория мен практиканың бір-бірімен ұштасуының нәтижесі, соның құралы ретінде қарадық. Өйткені объктивтік шындықты танудың диалектикалық жолы - тікелей сезуден абстрактілік ойлауға одан практикаға көшу. Практика ақиқаттың өлшемі, практика - таным процесінің шамшырағы Әрекеттің нәтижесі дегеніміз - субъективтік танымды тексеру және ақиқат - бар объективтіліктің өлшеуі. Ендеше шығарма мен мазмұндама - теориялық білімді меңгерудің дұрыстығының өлшемі, яғни шығарма мен мазмұндама оқушылар еңбегін, балалардың өз бастарынан өткен тәжірибелері мен мектепте және мектептен тыс алған білімдерінің нәтижесін көрсетеді.Оқушыларды шығарма мен мазмұндама жазуға үйрету барысында олар қандай дағдылар мен шеберліктер берілетіні белгіленеді. Өйткені оқушының бойында бар дағды мен шеберлікті қалайша пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, шеберліктерге үйрететінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын.Балалар орфографикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға төселіп, шеберліктерін ұстартуда мазмұндама мен шығарма жұмыстары орасан зор көмек етеді. Шығарма мен мазмұндама жұмыстарының мақсатының өзі оқушылардың ой операцияларын (жалпылау, талдау, жинақтау, нақтылау, абстракциялау, даралау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер автоматтанып, дағдыға айналады.Шығарма мен мазмұндама жұмыстарын жүргізу барысында жасалған қорытындылар мен әдістемелік әдебиеттерде айтылған пікірлерді салыстыра келіп, оқушылардың жазба жұмыстарында жіберген қателерін ескере отырып, тұжырымдағанда, бастауыш сынып оқушылары шығарма мен мазмұндама жазу барысында мынадай педагогикалық дағдылар мен шеберліктерге үйренуі тиіс:Мазмұндамада оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғырта алуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады.
2.БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛАПТАР
Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білімін, дағдысы мен шеберліктерін жарыққа шығаруға, іске асыруға жол беру керек. Әдіскер Ш.Кәрібаев: шығарма жаздыру жұмысы оқушылардың үнемі басшылық етіп отыруы керек қылады. Өйткені не болса, соны я кез-келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін, еркін меңгеріп айта алатын материалдарды жаздырған дұрыс, - деді. Сондықтан қандай жағдайда болмасын, мазмұндама мен шығарма мұғалімінің басшылығымен дұрыс әдіс арқылы жүргізілгенде ғана белгілі бір нәтиже береді көзделген мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуге тиіс.
Бастауыш мектептерде жүргізілетін діл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: 1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету; 2) оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жаза бере алатындай дағдылар, шеберліктер қалыптастыру; 3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу; 4) қазақ тіл ғылыми таңбасы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігін тигізетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну; 5) шығарма мен мазмұндама мәтіндер арқылы балаларды өз отанына шын берілген патриот, бір-біріне достық, интернационалдық рухта, бауырластық сезімде болуы тиіс.
2.1. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту негіздері.
Балалардың тілін дамыту, оларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының сол мақсаттары мұғалімдердің озық тәжірибелері мен ғылыми эксперименттерінің ең жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, бір ізге келтірілген әдістемені басшылыққа алып жұмыс істегенде ғана іске асады.
Бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптардың бастылары: 1) Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалдарын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеу қажет. 2) Жазылған жұмыстың мазмұны болуы, балалардың жазған мамұндамалар мен шығармалары орфографиялық, пунктуациялық жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да, ойдың реңін білдіруі, сөйлемдерлің арасындағы байланыстардың дұрыстығы т.б. жақтарынан да бағалануға тиіс. 3) Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен, жүйелі түрде баяндауға тиіс, яғни алдын ала жинақтау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, саналы түрде өткізілуі қажет. Оқушы әуелі не жөнінде, одан кейін нені айтатынын толық жинақтап, жоспар жобасын жасап алады. Сөз, сөйлем қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн. 4) Оқушылар айтайын деген ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп, сөздерді, материалдардың ішіндегі негізгілерін таңдап қолданылуға тиіс (Мысалы, ІІІ сынып оқушысы Мәншүк мәтіні бойынша мазмұндама жазғанда, Жаудың жаңбырша жауған оғы деген тіркесті сол қалыбында беруге тырысып , Жаудың тамаша жауылған оғы деп жазған. Мұндай қателерге жол бермеу үшін, сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. мәтінді талдау, жинақтау жұмысына дұрыс мән берген жөн. 5) Басы артық сөз қолдану, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс. (Мысалы, Қар ери бастасымен, қызғалдақтар шыға бастады, Күн жауды, күн жауған соң, жер су болды, Қарғаның қарыны ашты. Сосын ол тамақ іздеді. Сосын қарға келіп қонды. 6) Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші сөйлем келер шақта тұрмасын (Мен тауға бардым. Күн ыстық болады). 7) Жергілікті ауыз екі сөйлеуде қолданылатын сөздерді жазуда қолдануға дағдыланбау керек. (Там төбесін қар басып қалды; Жейдесі су болды, Азанда бүлдірген теруге кетті). 8) Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдыларын оқушылар міндетті түрде меңгерген болуға тиіс, яғни жазба жұмыстарының офографиялық пунктуациялық, лексикалық қателерін оқушы мұқият қарап тексеріп шығатын болсын. Мұнда тіпті кейбір қате құрастырылған сөйлемдерді жөндеуге де жол беріледі.
Міне, бастауыш сыныптардағы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының барлығы да осы көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстарының мақсаты қандай?
Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.
Бастауыш мектеп оқушыларына шығарма жаздыру үшін мұғалім қандай басшылық жасайды?
3 МАЗМҰНДАМА МЕН ШЫҒАРМА ЖҰМЫСТАРЫ
Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келгенде мынадай түрлерін көрсетуге болады: дайын әңгіме бойынша мазмұнама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама жұмыстары
Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі.
Ал бұл мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын ала жазып, дайындап алып келеді . тақтаға іле қояды. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, көрген- көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған суреті немесе муляжы болса, тіпті жақсы. Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдері арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу - ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемденіп алып т.б.) ұғындырылады. Содан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы, келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін сыныптарда түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуы мен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.
Мәтін оқылып болғаннан кейін, сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.
Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраудың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді: Қарлығаш не салды? Ұяға не орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Қарлығаш қайда қоныстанды? Бұл сұрақтарға оқушылар мәтіннен есте қалғандары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz