Жас тұлпар ұйымының тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

№ 2 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: 44 Жас тұлпар қазақ жастарының бейресми ұйымы ретінде және оның ұлт санасын көтерудегі рөлі.

Мамандығы Ақпараттық қауіпсіздік

Орындаған Оспан Мадияр Тобы СИБк-21-7
(Аты-жөні)

Тексерген
Раджапов Анарбай
(Аты-жөні, атағы, қызметі)

2022 ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2022

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. "Жас тұлпар" ұйымының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-7
2."Жас тұлпар" ұлт санасын көтерудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-16
3.Қазақ жастарының санасын серпілткен "Жас тұлпар" ... ... ... ... ... ... ..17 -19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары бодандықтың қара бұлты сейілмейтіндей көрінген кезде қазақ жастары тәуелсіздіктің ақ таңының ататынына сеніп, азаттық жолындағы Алаш зиялыларының күрес жолын жалғастырған еді. Осының бір көрінісі сол тұста құрылған "Жас тұлпар" қозғалысы. Жас тұлпар ұлттың мұратын көпшілікке жеткізуді мақсат еткен, жастардың санасын серпілткен, тарихымызды түгендеуге тырысқан, ұлттық рухты оятқан ұйым ретінде тарихта қалды. "Жас тұлпар" қозғалысының құрылғанына бүгінде жарты ғасыр уақыт болыпты. Кеңес заманындағы билік Олжас Сүлейменовше айтсақ, тамырсыз ағаштай етіп бізді тарихымыздан ажыратты. Ал тамырсыз ағаш жай бағана секілді. Оған тек шам ілуге немес дауыс зорайтқыш іліп қоюға жарайды. Ал біз бағаның тамырын өсіруге тырыстық дейді О.Сүлейменов. Қайраткер бұл тұста 1960-70 жылдардағы жастардың қайсар әрекетін меңзеп отыр.
Осыдан жарты ғасыр бұрын Мәскеуде білім алған бір топ жас қазақ ұлтының тамырын іздеп, ертеңіне алаңдаушылық танытып, ұлттық мүдде үшін күресуге бел буған еді. Білімді, ұлтшыл, текті отбасылардан шыққан қазақтың қайсар ұл қыздарының серпілуіне себеп болған сол кездегі жас студенттер Мұрат Әуезов, Алтай Қадыржанов, Болатқан Тайжан сынды біртуар азаматтар "Жас тұлпар" атты ұйым құрып, ең алдымен Мәскеуде оқитын 1438 қазақ жастың басын қосты.
"Жас тұлпар" ұйымының тарихы
1963 жылы Мәскеу қаласында қазақ жастары бірігіп "Жас тұлпар" бейресми бірлестігін құрды. Жастар ұйымы өздерін қазақ мәдениетін ту етіп, үгіттейтін, мәдени-ағартушылық ұйымбыз деп таныстырды.

Бірлестікке ұйытқы болғандардың ішінде Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжан, Алтай Қадыржановтар болды. Ұйым құрамында 1000-нан аса студент болған. Кейін Ленинград, Киев, Алматы, Одесса, Рига, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Семей, Шымкент және өзге қалаларда осыған ұқсас ұйымдар пайда болды. Мысалы Қарағандыдағы атауы - Жас қазақ, Семей қаласында - Тайшұбар.Осылайша, Жас тұлпар бірлестігі бейресми студенттер қозғалысына айналды. Ұйымға ұйытқы болғандар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауылдарға экспедициялар, концерттер, дәрістер ұйымдастырып, қазақ тілі мен мәдениетін дәріптейтін ұлтшыл-дәстүршіл қоғам қызметін атқарды.1966 жылы ақпан айында бірлестіктің белсенді мүшелері бастаған бір топ студент Алматыдағы қазақ студенттерімен кездесуге келді. Кездесу 8-9 ақпандарда Қазақстанның Жазушылар одағы мекемесінде өтті. Дәл осы күндері Алма-ата медицина институтының жүз шақты студенті сабақты орыс тілінде жүргізуге қарсы наразылық білдіріп, сабаққа келмей қойған.Билік басындағылардың осы қозғалысқа деген пікірі теріс еді, және қоғам қызметін мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бақылауға алды.
Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты. Біздерге - Қазақ жерінің əр түпкірінен келген жастарға КСРО-ның орталығынан туған елдің ішкі жағдайларын басқа елдермен салыстырудa ой өрісіміздің кеңеюіне мүмкіндік бергендей еді. Маған, студенттік өмірге ересек жаста (25 жас) келгендіктен болар Қазақ жастарының арасында өзіме тиісті рөлді атқаруға тура келді. Ойымды (ересектік жөнінде) аңығырақ түсірдірейін. Осы жасымның он жылдық мектепті бітіргеннен кейінгі 3 жылы Гурьевтің Мұнай техникумын бітіруге, 3 жылы Совет Армиясында қызмет етуге кеткен еді. Сонымен, 1963 жылдың Қазан айында Мəскеу энергетика институтының 2-курс студенті едім. Осы институтта оқитын Қазақстан жастарының көбі Алматы қаласынан келген қазақтар жəне олардың бірқатары өзінің ана тілін білмейтін еді. Мұндайды (қазақтардың қазақ тілін білмеуін) мен бұрын - соңды кездестірмеп едім. Осындай өзімнің ішкі өкінішті ойымды бірде (1963 жылдың Қазан айында) Алтайдың (Қадыржанов) бөлмесінде (энергетика институтының жатақханасында) кездескенде Мұратқа (Əуезов) қынжыла айттым. Мұрат бұл уақытта Мəскеу мемлекеттік университетінің 4-курс студенті екен, оның өзі де қазақ тілінде өте шорқақ сөйлейтін. Сол кездесуде мен бөлмеде отырғандарға (Мұрат, Алтай, Жеңіске) өзімнің Армияда бастан өткізген бір жағдайымды айтқанымда Мұраттың таңданысында шек болмағанды. Ол мынадай жағдай еді. 1959 жылдың Қараша айында Армиядағы қызметтің бірінші жылында Барнаул қаласындағы авиацияның кіші техникалық мамандарын дайындайтын училищесін бітіргендердің алаңда өтетін салтанатты жиынында училище басшыларының алдынан əн айтып өтетін рəсімінде біздің ротаның (120 адам) солдаттары қазақтың "Бейбітшілік туы берік қолда" (əні Е.Брусиловскийдікі, өлеңі Н.Баймұхамедовдікі) əнін қазақ тілінде айтып өткенімізді, осындай өнеріміз үшін училище бастығы полковник Сергаев рота командиріне (майор Денисов), рота старшинасына (старшина Шадымов) осындай интернационалдық тəрбие жұмыстарын жоғары бағалап алғыс жариялағанын айтып бергенмін. Қазақстандық солдаттардың Алтай өлкесінің астанасының орталық алаңында қазақша əн шырқағанын естіп Мұрат Мұхтарұлы өте қатты тебіренгендей болды.Осы сəтте мен осы энергетика институтында қазақ тілін (ана тілін) білмейтін Қазақстандық студенттерге қазақ тілінен "тіл сындыру" курсын ұйымдастыру керектігін айттым. Əңгіме одан əрі Қазақстандық студенттердің оқуы, тұрмыстық жағдайлары жөнінде болды. Сонда біздің Энергетика институтының студенттері осы алдағы Октябрь революциясы мерекесінің қарсаңында (6 қарашада) өздерінің кешін ұйымдастырмақшы болып жатқандығы туралы айтылды жəне сол кеште Мəскеуде оқитын студенттердің бір ұйымын құру керектігін айтқан едік. Сол кешке Мұрат Мұхтарұлының келуін сұрадық. Ол келетін болды. Сонымен, 1963 жылдың 6 қарашасында Энергетика институтының қазақстандық студенттерінің кеші өтті. Онда көрші Байланыс институтының да студенттері болды. Сол кешке құрметті қонақтар ретінде Мəскеу университетінің студенттері Мұрат Əуезов, Қорлан Рахымбекова, Клара Ашықбаевалар қатысты. Осы кеште студенттердің "Жас тұлпар" атты ұйымы құрылды. Кейіннен ұйымдастыру жиналысында оның басшылығына Мұрат Мұхтарұлы Əуезов жəне бірнеше адамнан (9 əлде 11 адам) құрылған президиумы сайланды. Бұл ұйымның негізгі мақсаттары: - Мəскеуде (кейіннен басқа қалаларда) оқитын жастардың оқуына көмек көрсету; - Қазақстандағы қазақ тілінің тағдыры жəне оның рөлін көтеру; - Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың (КСРО территориясындағы) тұрмыс-тіршілігімен танысу, оларға Қазақстан туралы көбірек мəліметтер (мəдени, əдеби жəне экономика, саясат, тағы басқа мəселелер) жеткізу. "Жас тұлпардың" сол кездегі бітірген істері жөнінде Бұл ұйым алдымен студенттердің оқу, тұрмыстық жағдайларын жəрдемдесуді қолға алып еді, сол ретте ұйымның Мəскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінде ай сайын шығатын "Жас тұлпар" атты қабырға газетінде үнемі осы қаладағы Қазақстандық студенттердің тіршілік жайы жарияланып тұрды. Мен өзім Мəскеудегі төрт институт студенттерінің оқу, тұрмыс жағдайлары жөнінде əр семестрде бір хабар беруші едім. Ол институттар: - Энергетика институты; - Инженерлік байланыс институты; - Инженерлік темір жол институты, - Губкин атындағы мұнай, газ институты. Осы ұйымның өтініші бойынша Қазақстан Үкіметі КСРО-ның оқу министрлігінен алдағы уақытта Қазақстан студенттерінің кезекті сессияларда бір немесе бірнеше пəннен тапсыра алмаған (мүмкіндік болмаған) жағдайда ол студенттің тағдырын Қазақстанның Мəскеудегі өкілеттігімен бірлесе отырып шешу керектігі жөнінде келіскендігі бірден-бір маңызды мəселе еді. Бұндай күрделі мəселенің оң шешімін табуға сол кезде Қазақстанның Мəскеудегі тұрақты өкілдігінде "Білім жəне мəдениет" бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған аяулы ағамыз Ғалым Сүлейменовтың атқараған ісін айрықша айту керек. Ғ.Сүлейменов өзі бір жаны да ішкі сезім дүниесі де "Қазақ" деп тұратын абзал азамат еді. Өзі орыс əйелді бола тұрып орыс тілін "без акцента" сөйлей алмаушы еді. Ол жағынан маған сүйкімді ағай еді. Олай дейтінім, кейіннен түрлі қызметтер атқарып жүрген кездерімде бір жиналыстарда менің орысша жасаған баяндамаларымнан кейін сол жиналыста сөз сөйлеген əріптестерім сөз арасында "Коммунист Таужанов əлге дейін орысша акцентпен сөйлейді" деп сынап өтетін. Абзал азамат - Сүлейменов айтушы еді: "Жолдастар, тым қатты кетпеңдер, жайлап жүрсеңдер (сөйлесеңдер) карманым да хорошо, желудогым да хорошо". Бұл тек студенттердің сөздерінен кейінгі сөздер емес, бұл сол кездерде əртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аспиранттар мен докторанттардың "Жас тұлпардың" кезекті жиындарында сөйлеген сөздерінен кейін айтылған басқару орны өкілінің сөздері болатын. "Жас тұлпардың" жиындарында Мəскеулік студенттер мен бірге Ресейдің , басқа республикалардың жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар қатысып ой бөлісетінді. Олар тек күнделікті оқу, тұрмыс жайлы айтып қоймай, Қазақстан Республикасының ішіндегі қоғамдық, экономикалық, тіпті саяси жайларға да тоқталатынды. Сондай сөз сөйлеушілердің бірі, Ауыл шаруашылық академиясының аспиранты (өкінішке орай, атын ұмыттым):"Біздің республикамыздан жылма жыл миллиардтаған пұт астық өсіру (өндіру) талап етіледі де, оған сəйкес минералды тыңайтқыштар бөлінбейді", ия "Біздің Республикамызда бір жазылмаған заңдылық бар, ол - бір мекемеде, егерде бірінші бастықтың ұлты қазақ болса, онда оның орынбасары орыс ұлтынан болуы керек, немесе керісінше болуы керек", ия "Қазақ мектептерінің саны азайып барады", ия "Қазақстанның Ресейдегі студенттеріне (соның ішінде ұлттық мектепті бітіргендерге) шетелдік студенттерге берілетін жеңілдік берілмейді, оларға сол Ресей студенттерімен бірдей талаптар қойылады, бұл дұрыс емес "сияқты тағы басқа да еркін пікірдегі көзқарас-тарын айтатын еді. Тақ осындайда Ғалекең (Ғалым Сүлейменов) жоғарыда келтірілген атышулы сөздерін айтып қоятын...

"Жас тұлпар" ұлт санасын көтерудегі рөлі
Өмір диалектикасына жүгінсек, ғайыптан пайда болатын ештеңе жоқ: кешегі мен бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі - бәрі де бір-бірімен табиғи да, тарихи да тұрғыдан байланысты. Тарихқа қиянат жүрмейді. Осыдан 557 жыл бұрын шаңырақ көтерген Қазақ хандығының құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы тарихымыздың ақтаңдақ болып қалған жерлерін анықтап ақ-қарасын айыру, оны жас ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Шындап келгенде, 1991 жылы Тәуелсіздікті жариялауымыздың түп-тамырында көптеген жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер жатыр. XX ғасырдың 60-шы,70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілткен Жас тұлпар ұйымы болды. Бұл қозғалыс жастұлпарлықтардың өмір жолы, жастардың Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күресі ғана емес, бұл қазақ қауымының үлкен бір тарихи белесі. Бүгінгі жастарымыз, болашақ ұрпақтарымыз мақтанышпен айтар, үлгі-өнеге алып, жадында сақтар, ұлт рухының асқақтығын көрсетер тарихи алтын кезең. Қазақ халқының кіндік кезеңінде 1963 жылдың қараша айында Мәскеу қаласында Жас тұлпар ұйымының ресми құрылып, тарих сахнасына шығуы - осындай рухани қажеттіліктен туды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қолданған интернационалистік идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын жай біліп отыра берген жоқ, оған ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін қарсы қоюға ұмтылыс жасады.Өмірдегі қасіретті өнердегі көркем дүние арқылы көпшілікке жеткізу қазақтың сүйекке сіңген ата салты. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозға - лы - сының көш басында Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов, Алтай Қадыржанов,Әнуар Сарт - баев,Болат Хисаров,Темірхан Бектібаев, Серік Байкенов, Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев, тағы басқалары болды. Жастұлпарлықтардың бәрі дерлік өз ойларын жетер жеріне жеткізе алатын, сөздері өткір, топ жарған Ресейде оқитын қазақтың жайсаң ұлдары мен қыздары еді. Қорқыт ата, Асан ата, Бұқар жыраудай ұлтымыздың алтын діңгектерінің жалғасы Алаш зиялылары болса, солардың барлықтарының ой-армандарын өздеріне ту қылған жаңа ұрпақ тарихқа Мен қазақпын! деп атойлап кірді. Орнында бар оңалар.Тәуекел түбі жел қайық,өтерсің де кетерсің.Нар тәуекелге бармасқа амалдары жоқ. Күш-жігер, ар-намыстары кеуделерін қысқан қазақ жастары күреске шықпай тұра алмады. Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларындай басшысы дана, қоғамы дара,ел еңсесі биік,ердің бағы жанып, ұлты бақытты болатын кезеңді аңсады. Ұлттық мүдде, болашақ ұрпақ қамы болатын ой-арман Мәскеу, Ленинград және басқа Ресей қалаларында оқитын қазақ жастарының басын біріктірді. Олар жас болса да ұлт тағдыры үшін өздерінің жауапкершіліктерін сезді. Қазақ қоғамының өткен асылдарын жоғалтпай, өркениет көшінен өзіне тиесілі орын алуын көкседі. Адамзат тарихында не істелсе де ұлттық мүдде үшін істелетінін көрсетті. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол Ұлы арманды халқына жеткізуге талпынған Жас тұлпар ұйымы болды. Әр заман әркімнің алдына өз сұрақтарын қояды.Өмір,тәжірибе, мақсат та әртүрлі болады. Жастұлпарлықтардың Отанының тағдырына байланысты мақсаттары айқын болды.Тұманды күнгі дүниедей әлдебір буалдыр ұғымға малданып жүре беретіндердің саны көбейген заманда олардың саяси аренаға шығуы Ұлттық рухымыздың барлығының көрінісі. Қазақтың бойында қашан да ұлттық рух сөнбеген. Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімшелерін ашудан басқа үш бағытта жұмыс жасады. Бірінші бағыт, Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету. Ұйымшылдық, бауырмашылық және қолқабыс мәселелері. Екіншісі, қысқы-жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралап, елмен танысу, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші бағыт, бұл - ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байланысты кітаптарды зерделеу. Ұлттың өткені мен болашағы, тағысын тағылар жөнінде кең көлемдегі пікір алысулар. Жалпы бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен, олар алдарына үлкен көп салалы, жан-жақты мақсаттар қоя алды. Ең бастысы, тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге жол іздеді.

Жастұлпарлықтар Алаш ақын-жазушы - ла - рының еңбектерімен бірге Махамбеттің еңбек - теріне үлкен мән беріп, құрметпен қарады. Махамбетті ел атынан сөйлеген ер, азаттықтың жаршысы деп санады, өлеңдерін жаттады. Исатай-Махамбет көтерілісін ұлт-азаттық көтеріліс деп үлгі алды. Махамбеттің азаттық ой-танымын танытар жан тебіренісі, бостандықты аңсауы олардың арман-мақсаттарымен ұштасып жатты. Жастұлпарлықтардың көркемөнерпаз үйірмелері алғашқы концерттерін Мәскеу, Ленинград қалаларында студенттік ортада берді. Қазақ жастарымен бірге басқа ұлт өкілдерінің студенттері де қазақ елінің асқақ әнін тыңдап, аса бір күшті сезім құшағына енді. Айтылған әндердің мазмұнын орысшаға аударып, түсініктеме берумен бірге, шығу себебіне, маңызына тоқталды. Міндетті түрде елдің тарихына шолу жасалып, өлеңді шежіремен байланыстырып отырды. Олар Тәуелсіздіктің басы сонау ата-баба арманында жатқанын, олардың ой-түйсіктерін Алаш зиялыларының іске асырмақшы болғанын жақсы түсінді. Азаттық үшін болған көтерілістер мен шайқастағы азаматтардың не үшін құрбан болғанын жадыларына сақтай білді. Өскен орталарына сай, жас - тайларынан ұлттық сана мен сана тәуелсіздігін бойларына қалыптастыра алды. Халқының тарихын біліп, басқа ұлттардан артық болмаса, кем еместігіне көздері жеткендіктен батыл болды. Ерте ме, кеш пе, халқының тәуелсіз жеке мемлекет болатынына сенді. Ұлтына сенімі армандарымен ұштасқан білімді, ұлтшыл жастар ештеңеден тайынбады. Ана тілін, дінін, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін күрес құралының көзіне айналдырды. Адам санасындағы ең жоғарғы саты - ұлттық болмыс. Ұлт болу мыңдаған жылдарда қалыптасатын ұзақ процесс. Ал адамзат тарихындағы ең әділетті күрес - ұлт азаттығы үшін күрес. Азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, тәуелсіз мемлекет құру - халық арманы. Бұл арман ұлт деген ең қасиетті, ең киелі сөздің құдіретінен туады. Жас тұлпар ұйымы ресми түрде 1963 жылдың қарашасында құрылып, жұмысын бастағанымен, кең көлемдегі белсенділігі 1964-1965 жылдары арта түсті. Екі жылдың ішінде Ресейдің қазақ жастары оқитын қалаларының бәрінде және Рига, Киев, Харьков қалаларында Жас тұлпардың бөлімшелері ашылды. Ол жердегі ұйымдастыру жұмысын жастұлпарлықтардан тұратын комитеттер басқарды. Жас тұлпар ұйымы Мәскеу қаласында орналасқанымен, оның Ресейдің басқа қалаларындағы бөлімшелері де жақсы жұмыс істеді. Әсіресе, Ленинградтағы студенттер Сәрсенғали Қоспанов пен Марат Сембин басқарған ұйым белсенділік көрсетті. Олар Ленинград пен Қазақстан арасындағы достық-мәдени байланыстардың тарихының тереңге кететінін, Кеңес Одағына дейін де байланыстардың күшті болғанына тоқталып жүрді. Жастұлпарлықтар Алаш идеяларының мұрагерлері, Алаш зиялыларының істерін жалғастырушы ретінде социалистік қоғамдағы мүмкіншілік шеңберінде жұмыс жасады. Олар Кеңес өкіметі социалистік идеологияға тікелей саяси тұрғыда қарсы тұрмай, тоталитарлық жүйедегі рухани, мәдени-ағартушылық сала - сын - дағы кемшіліктерді көтеріп бетпе-бет келді. Әрине, билік те, зиялы қауым да ашық айтыл - мағанымен, түпкі мақсаттың тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанын түсінді. Жас тұлпар басшылары жас болса да, қозғалысты ұйымдастыру, бағыт-бағдарын анықтау барысында орасан зор саяси көрегендік жасады. Ең алдымен жылдан-жылға рухани дүниесі құлдырап, жік-жікке бөлініп, ұлтсызданып, тілінен айырылып, ыдырап бара жатқан ұлтына мәдени-ағартушылық іс-әрекеттер арқылы әсер етуді көздеді. Олар өткеннің шындығының шымылдығы ашылса, ұлттың көзі ашылып, санасының оянатынына сенді. Мәскеу қаласында жүріп жылымық кезеңінің мүмкіншіліктерін кеңінен пайдаланды. Бүкілодақтық Лениндік комсомол комитетінің Орталық аппаратына, Мәскеу қалалық партия комитетіне Лениндік саясат негізінде ұлттық мәдениетті дамытамыз деп хаттар жолдады. Аталған ұйымдар мәдени-ағартушылық жұмыстар жасауға кедергі жасамай, рұқсатын беріп, көмек көрсетті. Орталық газет-журналдарда Жас тұлпар ұйымының мәдени іс-шаралары жөнінде мақалалар жарияланды, теледидардан ақпараттар берілді. Мәскеу қалалық комсомол ұйымымен Жас тұлпар ұйымы атынан Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов және Сәбит (Советқазы )Ақатаев тұрақты өкіл ретінде байланыста болып, жұмыс істеді. Мәскеу қаласында қазақ студент жастарының Студенттік кеңесі құрылып, оған Мәскеу қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері мүше болды.Олар негізінен оқу үлгерімі мәселесімен айналысты. Жас тұлпар ұйымы үлгісіндегі бірлестіктер студент жастар арасында құрыла бастады. Целиноград дәрігерлік институтының 2-курс студенттері Оян, қазақ! атты ұйым құрды. Бірлестікті құрған қазақтың 18 жасар қызы Гүлжан Ғазизқызы Бейбітова еді. Ақмола облысы, Бестөбе кенішіндегі отбасынан шыққан намысты, өр мінезді қыз топтағы құрбыларымен студенттер арасында беделге ие болады. Қазақ және орыс тілдеріндегі Оян, қазақ! атты үндеуді бөлмелес құрбысы Сәлима Қасымова екеуі қолдан көшіріп көбейтіп, Целиноград қаласындағы студенттік жатақханаларға таратады. Үндеудің мәтінін Гүлжан Бейбітова өзі жазады. Енді Оян, қазақ! ұйымы үндеуінен үзінді беріп көрейік: Қазір қазақ халқын толық орыстандыру саясаты жүріп жатыр. Қазақ мектептері жаппай жабылуда. Балабақшаларда бүлдіршіндер таза орыс тілінде тәрбиеленеді. Барлық жерде бірдей қазақ тілінің қолданыс аясын қасақана тарылтып, бірте-бірте ұлттық тілімізді мүлде жойып жіберу науқаны белең алған. Ұлттық дәстүріміз бен мәдениетіміз өгейсіп барады. Ұлт өкілі ретінде партия, совет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш идеясы бастау алған Алаш қоғалысын зерттеу
Жолайырық
Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы экономикалық реформалар. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы
Қазақ фольклоры жырлары
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Оқу өндірістік – техникалық тәжірибе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
Пәндер