Табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі

Пәні: Табиғатты пайдаланудың экономикалық негіздері

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 1509000 - Экология және табиғатты қорғау қызметі
Біліктілігі: 1509053 - техник-технолог
Тақырыбы: Экологиялық мәселелерді экономика тарапынан шешу

Орындаған: 3 курс студенті Рзабаева Саёра
Қабылдаған: арнайы пәндер оқытушысы
Шулгубаева Ж.С.

Шамалған 2022ж.
Мазмұны

1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
2.2 Экономикалық бағалаудың мәні мен қағидалары
2.3 Минералды шикізатқа баға беру
3 Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату боып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.
Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші- табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ. Бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекке пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.
Екінші қорытынды- табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.
Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз?- деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі.

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экокнмикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеті де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс - тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.
Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:
1) ұлттық байлықты есептеу;
2) табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;
3) ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;
4) өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есптеу;
5) табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу;
6) жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;
7) табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;
8) жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;
9) арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;
10) табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының эконоикалық тиімділігін бағалау.
Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері- табиғат байлығын өндіріп, пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері - табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері - табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдаланады.
Егер бұрын эконмикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономикалық қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекттік және жергілікті салық, қаржы несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкешілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада - табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.
Табиғат байлығының экономикалық бағасы - оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпын келтіру, игеру және ұқсту тиімі арқылы анықталған шамасы.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізі екі қызмет атқарады: есептеу және ынталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық , қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалануға ынталандыру, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.
Экономикалық бағалаудың қызметтері бір- бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға жұмылдырылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құралған.
Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г.Струмилин табиғат ресурстарының құнын да оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну құндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек. Тағы бір мысал: өндіру шығындары бірдей кендер сапасының- тұтыну құндылығының әр түрлілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Тұтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жерге сапалы жерге қарағанда көп шығын жұмсалады (тыңайту, тегістеу, т.б. жұмыстар). Оның тұтыну құныда жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындық қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.
Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол қосымща дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасы мен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т.б.
Қазіргі қолданып жүрген әдістемелер бойынша дифференциалдық рента шамасы табиғат ресурстарынан алынған өнімнің құнынан өнімге жұмсалатын жеке нормалы шығындарды және нормалы пайда шамасын шегеру арқылы анықталады. Өнімнің құны арнайы есептелетін шеткі (жоғары) шығын негізінде, кадастрлық бағамен анықталады. Шеткі шығын өнімге жұмсалатын қоғамдық қажетті шығынның шеті болып табылады.
Табиғат байлығын экономикалық бағалау мен оның өндірістегі тауар айналысындағы бағасының шамасы, мәні бірдей емес. Құн заңы бойынша кез-келген тауардың құны оған жұмсалған еңбекпен өлшенеді және ол жеке тауар өндірушілердің жұмсаған еңбегімен емес, қоғамдық қажетті еңбекпен өлшенеді. Қоғамдық қажетті еңбек шамасы нарық қатынасымен, сұраныс арқылы қалыптасады.
Осы күнгі баға анықтау тәсілі бойынша табиғаттан алынатын шикізаттың бағасы сала бойынша өнімділігі орташа еңбек шамасының, орташа қажетті шығындар негізінде анықталады. Табиғи қалпында тұрған, игеруге ешқандай еңбек жұмсалмаған табиғи заттардың бағасы теориялық тұрғыдан жоқ, ол практикалық тұрғыдан алмастыратын ресурстардың бағасымен анықталады. Шикізаттың бағасы оны игеруге мөлшерлі пайдасымен қоса қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Экономикалық бағалау табиғат байлығының нақты түрін пайдаланғанда оның тұтыну құндылығын көрсетеді.
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді. Мысалы, құмайт және саздақ топырақты аудандар 4-5 жыл пайдаланғаннан кейін жері сортаңданып, егістік көлемнен шығып қалады. Жел топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетеді.
Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.
Республикадағы топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді оңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану алдағы міндет.
Өсімдік корларын бірнеше топтарға бөлуғе болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар неғізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 21 млн гектар.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса кұнды дермене (сантонинді жусан) өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы арглобин дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға карсы аллапинин препаратының, сол сияқты шырганақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті оте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің өр түрлі емдік қасиеттері бар. Тобылгы мен аріианың кәсіптік маңызы зор. Тобылғыдан халқымыз ежелден-ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды (саба, күбі) ыстауға пайдаланған. Табиғи дөрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп, азаюда. Сондыктан дөрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып, тиімді пайдаланып, оны қорғауға алу керек.
Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болғандыктан табиғи өсімдік жамылғысын қорғаудың, әсіресе, кұрып бара жаткан өсімдік түрлерін сактаудың маңызы зор.
Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады. Қазақстан аумағында, әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады. Мұнда терісі бағалы аңдар таралған. Бұған қоса Зайсан мен Алакөл маңына, таулы тайганың қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген. Сол сияқты республиканың өзен-көлдерінің барлығында дерлік терісі аса қүнды америкалық ондатр жерсіндіріліп, аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр. Олардың кәсіптік маңызы бар. Шөлейттер мен шөлді өңірлерде тулкі, қарсақ, ақбөкен, киік, қарақщрық кездеседі. Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.
Республиканың өзендері мен табиғи және жасанды көлдері балық қорына бай. Каспий теңізінен бағалы балықтың көптеген түрлері ауланады. Мұнай өндірумен байланысты бұл аймақтың экологиялық жағдайы кейінгі кезде нашарлаған. Каспий теңізінің өзіне тән эндемигі итбалықтың 2000 жылдары жаппай қырылып барып тоқтауы, уылдырық шашатын құнды балықтардың азаюы теңдесі жоқ тағамдық қара, қызыл уылдырық өндіретін шаруашылыққа қауіп келтіріп тұр. Бөгендерде, тоғандарда балық шаруашылығын өркендету балыққа деген сұраныспен республика халқын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Шөлдерде тіршілік ететін жыландардың уы медицинада қолданылады. Жануарлар дүниесі қорлары азықтүлік, шикізат ондірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар олардың ғылыми-практикалық және экономикалық маңызы бар. Елімізде ежелден мекен еткен жабайы жылқы (тарпаң), қулан, домбай (жабайы есек), сусар, бцлгын, лаиіын, жолбарыс, дала сілеусіні, шақиіақай, қоқиқаз, жірпар тышқан және т.б. жануарлар бүгінде жоқ немесе жоқтың қасы.
Осындай сирек кездесетін немесе жойылып кетуге таяу өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында 1962 жылы Халықаралық табигат және табиги байлықты қоргау одагы кұрылды. 1966-1981 жылдары осы жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Қазақстанның Қызыл кітабы шықты. Мұнда негізінен жойылып кету қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тіркелген. Қазіргі Қазақстан жерінде экологиялық апатты аймақтардың, ластанған жарамсыз жерлердің молаюына байланысты сирек кездесетін жануар түрлеріне аса қауіпті жагдай тууда. Сондықтан Қызыл кітапқа тіркеуге алынбаған түрлерді қорғау шараларына Қазақстан ғалымдары да белсене ат салысуда. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының жаңа басылымы жарық көрді. Бұл кітапқа сүтқоректілердің 40, күстардың 56, бауырымен жорғалаушылардың 10, қос мекенділердің 3, балықтардың 16 түрі еніп отыр.
Көптеген экономисттердің пікіріне қарағанда қазіргі кезде табиғат байлықтарынан өндірілетін шикізаттың бағасы кәсіпорындардың өзін- өзі қаржыландыру талабына сәйкес келмейді. Мұның мәні тек қана баға есебінен өндірістің шығыны қайтарылмауында емес, жалпы бағаның деңгейі қоғамға қажетті өндірістік шығынның мөлшерінен алшақтау кеткенінде болып отыр деп түсіндіреді.
Көтерме сауда бағасын өсірудің негізгі мақсаты кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін арттырып, олардың өзін-өзі қаржыландыруына жағдай туғызу. Бірақ, бұл саладарда өндірістік шығынның тез өсуіне және ғылыми - техникалық жетістіктердің өндіріске баяу енгізілуіне байланысты баға өзгерген уақыттан көп ұзамай қайтадан тиімділік кеміді, тіпті шығынмен жұмыс істейтін кәсіпорындар пайда болды.
Осыған орай көтерме сауда бағасын жақсартудың ең басты мәселесі - өндіруші салалар мен өңдеуші салалар өнімдерінің біркелкі тиімділігін қамтамасыз ету керек. Оның ішінде шикізат қорларының бағасын көтеруге көңіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат ресурстарын төлемді пайдаланау
Экологиялық құқық
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптері
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Пәндер