Орташа индикаторлық қысым және индикаторлық қуат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы

БЕКІТЕМІН

Оқу және ғылыми жұмыс проректоры

А. Д. Монастырский

«» 2011 ж.

«Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары»

пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

(050713- «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»

мамандығының студенттері үшін)

Алматы 2011 ж

Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 050713- «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандығына оқитін студенттерге арналған «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес орындалған

Пікір жазғандар:

Мусабеков Р. А. - т. ғ. к., доцент, АЭжБУ;

Цыганков С. Г. - к. ғ. к., доцент, ҚазККА; .

Авторлары: Мусабеков М. О. - т. ғ. к, доцент,

Шанлаяков А. С. - т. ғ. к, доцент,

Әдістемелік нұсқауларда қазіргі заман көліктерінің негізгі энергетикалық қондырғылары болып табылатын піспекті және құрама қозғалтқыштарының тиімді көрсеткіштерін, көмекші жүйелердің негізгі параметрлерін, жылулық тепетеңдік құраушыларын есетеу, сондай-ақ сыртқы сипаттамаларды есептеп-салу әдістері келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулар «Локомотивтер» кафедрасында талқыланды және оң шешім қабылданды (Хаттама №7 «22» ақпан 2011 ж. )

Әдістемелік нұсқаулар «Көлік техникасы» факультетінің ОӘБ қаралды және оң нәтиже алды (Хаттама №3 «22» ақпан 2011 ж. )

Әдістемелік нұсқаулар академияның ОӘК-те ашық баспадан шығарылуға және оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды (Хаттама №4 «29» сәуір 2011 ж. ) .

КІРІСПЕ

Піспекті іштен жану қозғалтқыштары көлік техникасының негізгі энергетикалық қондырғысы болып табылады. Қозғалтқыштарды тиімді пайдалану келешек мамандардан қозғалтқыш ішінде өтетін процесстер теориясын, оның тиімді және басқа да көрсеткіштерін және жұмысын қамтамасыз ететін жүйелердің параметрлерін есетеуді сапалы игеруін талап етеді. Қозғалтқыштар бойынша білімді жетілдіру және бекіту мақсатында «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәнінің оқу бағдарламасымен тәжірибелік сабақтар қарастырылған. Тәжірибелік сабақтарды орындау барысында студенттер қозғалтқыштардың көрсеткіштерін есептеу арқылы анықтап, сараптауды үйренеді. Есептеулер қозғалтқыштардың негізгі параметрлері мен көрсеткіштерін аналитикалық жолмен анықтау үшін қажет.

Есептеулер арқылы қозғалтқыштын төлқұжатында келтірілетін сыртқы жылдамдықты сипаттамасын салуға және қозғалтқыш жұмысын қамтамасыз ететін жүйелердің негізгі параметрлері мен пайдалану көрсеткіштерін анықтауға болады.

Әдістемелік нұсқауларда «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» пәнінің модульдары бойынша есетер бар. Әрбір бөлімде есептер ден басқа формулалар мен оларға түсініктемелер келтірілген.

№1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

ЕНГІЗУ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ

Енгізу процесінде цилиндрге енеді:

- бензиндік қозғалтқыштарда - отын - ауалы қоспа;

- дизельдік қозғалтқыштарда - ауа.

Цилиндрге ауа немесе жанғыш қоспаның ең көп мөлшері цилиндрде қалдық газдар болмай, еңгізу құбырында минималды кедергі кезінде түседі. Бұл жағдайда түскен ауа немесе жанғыш қоспа цилиндрдің бүкіл көлемін толтырар еді және теория жүзінде цикл бойы қажетті ауа мөлшері келесіге тең болады:

кг (1)

мұнда: V а - цилиндрдің толық көлемі, м 3 ;

ρ ауа - цилиндрге түскен ауаның тығыздығы, .

Нақты қозғалтқышта жоғарыда көрсетілген жағдайларда еңгізуді жүзеге асыру мүмкін емес.

Гидравликалық кедергінің болуы еңгізу жүйесіндегі ауа қысымын белгілі шамаға жоғалуына әкеп соғады. Бұл жоғалулардың шамасы еңгізу жүйесі бетінің өңдеу сапасынан, дроссельдік жапқыштың жағдайынан, клапанның ашылу шамасынан және т. б. жағдайлардан тәуелді. Газалмасу процесін жалпы бағалау параметрі болып толтыру коэффициенті табылады - η V .

Толтыру коэффициентінің шамасына әсерін тигізетін негізгі факторлар болып келесілер табылады:

- толу процесінің соңындағы қоспа қысымы - Р а ;

- толу процесінің соңындағы қоспа температурасы - Т а ;

- цилиндрдегі қалдық газдар коэффициенті - γ r .

- цилиндрдегі қалдық газдардың қысымы - Р r мен температурасы r .

Еңгізу процесінің көрсеткіштеріне қоршаған орта параметрлері мен еңгізу жүйесінің гидравликалық кедергілердің әсерін келесі формулалармен бағалаймыз:

Таза ауаның тығыздығы

(2)

мұнда: m Ауа = 28, 95 - 79% N 2 + 21% O 2 құрамдағы 1 кмоль ауаның салмағы;

R = 8314 - әмбебап газ тұрақтысы;

- ауаның әмбебап газ тұрақтысы;

Еңгізу процесінің соңындағы қысым

МПа (3)

Қысымның жоғалу шамасы

МПа (4)

мұнда: - өту кескініне қатысқан еңгізу жүйесінің қосынды кедергі коэффициенті (1+ ξ 0 = 2, 5 ÷ 7) ;

ω вп - клапанның өту кескініндегі ауаның орташа жылдамдығы ( ω вп - 45÷120 м/с) .

Ескертпе : ω вп шамасы иінді біліктің айналу жиілігінен тәуелді, минималды айналымдарға ω вп минималды шамасы сәйкес болады.

Ауа зарядының массасы:

- цилиндрде теория жүзінде мүмкін:

кг (5)

- цилиндрге нақты түскен:

, кг (6)

мұнда: - цилиндрдің толық көлемі;

ε - сығу дәрежесі.

D, S, ε мәндерін кесте 1 алу керек.

Гидравликалық кедергілер салдарынан заряд массасының азаюі

(7)

Қалдық газдар коэффициенті - γ ост

(8)

Қалдық газдар коэффициентінің есептік бағдарлы мәндері келесі: γ ост = (0, 03 ÷0, 1) .

γ ост шамасы қозғалтқыш түрімен анықталатын цилиндрлерді тазалау сапасынан тәуелді.

Есептеулер кезінде келесідей қабылдауға болады:

- қалдық газдар қысымы Р ОГ = (1. 10÷1. 25) Р 0 ;

- қалдық газдар температурасы Т ОГ = 900÷1100 К.

Зарядтың еңгізудегі қыздыру температурасының шамасы

Equation. 3 (9)

Үстеме үрлемелі қозғалтқыштар үшін есептеу кезінде Р о = Р к , Т о = Т к деп қабылдайды

Есептеулерді келесі жағдайларда жүргізу керек:

Нұсқа 1 - Р о = const және Т о = var. Нұсқа 2 - Т о = const және Р о = var .

, және

Есетеуді кестеде жүргізу керек

Кесте 2 - Еңгізу процесі параметрлерінің есебі

Есептелетін параметрлер
Берілетін параметрлер
Р о = 0, 1 МПа
Т о = 273 К
Т О =243
Т о =273
Т о = 303
Р о = 0, 1
Р о = 0, 095
Р о = 0, 09
К
МПа
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер: Equation. 3
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер: Equation. 3
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер: Equation. 3
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:
Есептелетін параметрлер:
Берілетін параметрлер:

Жүргізілген есептеулер нәтижесі бойынша еңгізу процесінің параметрлеріне қоршаған орта параметрлері мен еңгізу құбырындағы гидравликалық кедергінің әсеріне баға беру керек.

№2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

СЫҒУ ПРОЦЕСІНІҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ

Төртырғақты қозғалтқыштарда еңгізу клапаны жабылған соң немесе екіырғақты қозғалтқыштарда газалмасу процесі аяқталып, піспек ЖӨН бағытында қозғалу барысында цилиндрде сығылу процесі жүреді.

Сығылу кезінде зарядтың температурасы мен қысымы артады. Олардың соңғы мәндері сығылу дәрежесінен тәуелді. Сығылу дәрежесінің шамасы өсуімен циклдың тиімділігі артып, жылуды пайдалану жақсарады. Теориялық циклдарда сығу процесі адиабаталық болып қарастарылады. Шынайы циклда а-с сығу процесінің сипаттамасы күрделі болып, жылу беру бағыты жұмыс денесі мен қабырға арасында өзгерумен жүреді (Сурет 1) .

Сурет 1 - Қозғалтқыш шынайы циклының сығу процесінің өту сипаттамасы

Т зар - жаңа зарядтың температурасы, Т ст, - цилиндр қабырғаларының температурасы

Сығу процесі орташа көрсеткіші n 1 тең политропты процесі бойынша өтеді деп қабылдасақ, диаграмманың а-с аралығы үшін температура мен қысымды политроптық процес теңдеуімен анықтауға болады.

Сығу қысымы (10)

Сығу температурасы (11)

Бұл формулаларда:

- төртырғақты қозғалтқыштар үшін геометриялық сығу дәрежесін қабылдаймыз - ε

- екіырғақты қозғалтқыштар үшін шынайы сығу дәрежесін қабылдаймыз - ε v .

Сығу дәрежесін таңдау қозғалтқыш түрі, қоспа түзу, үстеме үрлеудың бар немесе жоқ болуымен анықталады.

Сығу процесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер келесілер:

- сығу дәрежесі - ε ;

- сығу процесінің қысымы - Р с ;

- сығу процесінің температурасы - Т с ;

- сығу политропасының көрсеткіші - n с .

Параметрлердің жуықты мәндері 3 кестесінде келтірілген.

Кесте 3 - Сығу процесі параметрлерінің жуықты мәндері

Параметрлер: Параметрлер
Белгіленуі: Белгіленуі
Қозғалтқыш түрі: Қозғалтқыш түрі
Параметрлер: Бензиндік қозғалтқыштар
Белгіленуі: Газдық қозғалтқыштар
Қозғалтқыш түрі: Дизелдери
Параметрлер: Үстеме үрлеусіз
Белгіленуі: Үстеме үрлеумен
Параметрлер: сығу дәрежесі
Белгіленуі: ε
Қозғалтқыш түрі: 6÷9(до 11)
5÷10
15÷23
12 ÷18
Параметрлер: сығу қысымы
Белгіленуі: Р с
Қозғалтқыш түрі: 0, 9÷1, 5
0, 7÷1, 4
2, 8 ÷6
4 ÷ 8
Параметрлер: сығу температурасы
Белгіленуі: Т с
Қозғалтқыш түрі: 550÷750
480÷650
700 ÷900
800÷1100
Параметрлер: сығу политропасының орташа көрсеткіші
Белгіленуі: п с
Қозғалтқыш түрі: 1, 3÷1. 37
1, 32÷1, 4

Қарапаймдатылған есептеулерде сығу политропасының орташа көрсеткіші- п с мәнін 3 кестедегіндей қабылдайды.

Шынайы циклдарда сығу политропасының орташа көрсеткіші иінді біліктің айналу жиілігі өсумен келесі тәуелділікпен ұлғаяды:

Equation. 3 (12)

мұнда: п - қозғалтқыш иінді білігінің айналу жиілігі, айн/мин (қозғалтқыштың айналу жиілігін бос жүрістен бастап номиналдық тәртіпке дейін 1 кестесінен алу керек) . Есетеуді кестеде жүргізу керек

Кесте 4 - Сығу процесінің параметрлерін есептеу

n x ,
Equation. 3
nx,: Equation. 3
Equation. 3:
: Мпа
: К
nx,: n х. х
Equation. 3:
:
:
nx,: ….
Equation. 3:
:
:
nx,: ….
Equation. 3:
:
:
nx,: ….
Equation. 3:
:
:
nx,: n н
Equation. 3:
:
:

Жүргізілген есептеулер нәтижесі бойынша сығу процесінің параметрлеріне иінді білік айналу жиілігінің әсеріне баға беру керек.

№3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

ҚОЗҒАЛТҚЫШ ЖҰМЫСЫН СИПАТТАЙТЫН ПАРАМЕТРЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ

Орташа индикаторлық қысым және индикаторлық қуат

Орташа индикаторлық қысым деп піспектің бір жүрісі бойы піспекке әсер етіп, цилиндр ішіндегі газдардың бір жұмыс циклында атқаратын индикаторлық жұмысына тең жұмыс атқаратын шартты тұрақты қысымды атайды. Бұл анықтамаға сәйкес, орташа индикаторлық қысым газдардың циклдағы индикаторлық жұмысының L i цилиндрдің көлем бірлігіне V h қатынасы, яғни

(13)

Қозғалтқыштан алынған индикаторлық диаграмма (Сурет 2) бар болған кезде орташа индикаторлық қысым келесі формуламен анықталады:

Equation. 3 (14)

мұнда: F - индикаторлық диаграмманың пайдалы ауданы, м 2 ;

l - индикаторлық диаграмманың ұзындығы, м;

m- индикаторлық диаграмма қысымының масштабы, Equation. 3 .

Сурет 2 - Индикаторлық диаграмма

Қозғалтқыштың индикаторлық қуаты деп - қозғалтқыш цилиндрлерінде газдармен уақыт бірлігінде атқаратын жұмысты атайды, яғни

(15)

мұнда: Equation. 3 - орташа индикаторлық қысым, Па; Equation. 3 - цилиндрдің жұмыс көлемі, м ; n -иінді біліктің айналу жиілігі, айн/сек; Equation. 3 - қозғалтқыш ырғақтығы ( Equation. 3 =4 - төртырғақты қозғалтқыштар үшін, Equation. 3 =2 - екіырғақты қозғалтқыштар үшін) ; Equation. 3 - цилиндрлер саны.

Цилиндрдің жұмыс көлемі, м

(16)

мұнда: D - цилиндр диаметрі, м; S - піспектің жүрісі, м.

Егер қозғалтқыштың сығу дәрежесі ε мен жану камерасының көлемі V с белгілі болса, цилиндрдің жұмыс көлемін келесі формула арқылы анықтауға болады:

(17)

мұнда: цилиндр толық көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасына тең сығу дәрежесі, яғни

Equation. 3

Қозғалтқыштың тиімді қуаты мен орташа тиімді қысымы

Тиімді қуат деп - Equation. 3 пайдалы жұмыс алу үшін қозғалтқыштың иінді білігінен алатын қуатты атйды.

Тиімді қуат индикаторлық қуаттан механикалық қуат шамасына аз, яғни

(18)

Қозғалтқыштағы механикалық жоғалтулар тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасына тең механикалық ПӘК бағаланады:

(19)

Қазіргі заманғы қозғалтқыштардың мехникалық ПӘК: = 0, 72÷0, 9.

Мехникалық ПӘК біле отырып, тиімді қуатты анықтауға болады

(20)

Қозғалтқыштың тиімді қуатын (кВт) индикаторлық қуат сияқты орташа тиімді қысым арқылы анықтауға болады:

(21)

Орташа тиімді қысым орташа индикаторлық қысым және механикалық жоғалтулар қысымының айырмашылығына тең:

(22)

Мехникалық ПӘК біле отырып, орташа тиімді қысымды анықтауға болады (Па) :

(23)

Максималды қуат кезіндегі орташа тиімді қысым:

- бензиндік төртырғақты қозғалтқыш үшін - Па;

- төртырғақты дизелдер үшін - Па;

- екіырғақты дизелдер үшін - 5 Па.

Қозғалтқыштың литрлік қуаты . Қозғалтқыштың литрлік қуаты деп Equation. 3, Equation. 3 тиімді қуаттың Equation. 3 қозғалтқыш литражына - Equation. 3 қатынасын атайды:

Equation. 3 (24)

Индикаторлық ПӘК және меншікті индикаторлық отын шығыны

Қозғалтқыштың нақты жұмыс циклының үнемділігі индикаторлық ПӘК пен индикаторлық меншікті жанармай шығынымен анықталады. Индикаторлық ПӘК нақты жұмыс циклында барлық жылулық шығындарды ескере отырып, жылулықтын пайдалану дәрежесін бағалайды. Индикаторлық ПӘК пайдалы индикаторлық жұмысқа эквивалентті жылулықтың жалпы жылулыққы қатынасымен анықталады:

немесе (25)

Индикаторлық ПӘК - тан басқа нақты циклдардың үнемділігін уақыт бірлігіндегі индикаторлық қуат бірлігін өңдеуге жұмсалатын меншікті индикаторлық отын шығынымен бағалауға болады:

өрнегі бір сағатта қуаттың әрбір кВт-тын өңдеу үшін цилиндр ішіне еңгізілетен жылулық, кДж. Сонда бір кВт·сағат немесе 3600 кДж-ға тең энергияны береді. Яғни

немесе (26)

Бұл теңдеуде Н u ды МДж қоятын болсақ, өлшем бірлігі г/кВт·сағ тең болады.

Номиналдық режимінде жұмыс істейтін қозғалтқыштар үшін және мәндері кесте 1 келтірілген.

Тиімді к. п. д. и удельный Тиімді отын шығыны

Қозғалтқыш жұмысының жалпы үнемділігі тиімді ПӘК және меншікті тиімді отын шығынымен бағаланады.

Тиімді ПӘК жоғалтулардың барлық түрлерін (жылулық және механикалық) ескере отырып, жылуды пайдалану дәрежесін бағалайды:

(27)

Егер индикаторлық ПӘК пен механикалық ПӘК белгілі болса, онда:

(28)

Отынның меншікті тиімді шығыны отын шығынының - G T тиімді қуатқа N е қатынасына тең:

(29)

Меншікті отын шығыны мен ПӘК номиналдық режимде жұмыс істейтін қозғалтқыштар үшін жыуқты мәндері кесте 5 көрсетілген.

Қозғалтқыш арқылы өтетін ауаның шығыны G ауа , кг/сек:

(30)

мұнда: V h - жұмыс көлемі, м 3 ; η ν - цилиндрлердің толу коэффициенті;

п - иінді біліктің айналу жиілігі, айн/сек; i - цилиндрлер саны; ρ в - ауа тығыздығы, ; τ - қозғалтқыштың ырғақтығы.

Кесте 5 - Меншікті отын шығыны мен ПӘК номиналдық режимде жұмыс істейтін қозғалтқыштар үшін жыуқты мәндері

Қозғалтқыш түрі: Қозғалтқыш түрі
ПӘК: ПӘК
Отынның меншікті шығыны,Equation. 3: Отынның меншікті шығыны, Equation. 3
Қозғалтқыш түрі: Индикаторлық Equation. 3
ПӘК:

Тиімді,

Отынның меншікті шығыны,Equation. 3: Индикаторлық, Equation. 3
Тиімді, Equation. 3
Қозғалтқыш түрі: Бензиндік
ПӘК: 0, 26-0, 38
Отынның меншікті шығыны,Equation. 3: 0, 25-0, 32
230-300
280-325
Қозғалтқыш түрі: Дизель
ПӘК: 0, 43-0, 52
Отынның меншікті шығыны,Equation. 3: 0, 35-0, 45
160-200
190-240

Есеп 1. Сегіз цилиндрлі төрт ырғақты карбюраторлы қозғалтқыш үшін индикаторлы және тиімді қуатты анықта, егер орташа индикаторлы қысым р i = 7, 5·10 5 Па, цилиндр диаметрі D =0, 1м, піспек жүрісі S =0, 095м, иінді біліктің айналу жиілігі айн/мин және механикалық ПӘК η м =0, 8.

Жауабы: N i = 112, 5 кВт; N е = 90 кВт.

Есеп 2. Сегіз цилиндрлі төрт ырғақты қозғалтқыштың тиімді қуаты мен отынның меншікті тиімді шығынын анықта, егер орташа индикаторлы қысым =7, 5·10 5 Па, қысу дәрежесі =16, 5, жану камерасының көлемі =12·10 -5 м 3 , иінді біліктің айналуының бұрыштық жылдамдығы ω =220 рад/с, механикалық ПӘК = 0, 8 және отын шығыны В = 1, 02·10 -2 кг/с .

Шешуі: Орташа тиімді қысымды (11) өрнегі бойынша анықтаймыз: = 7, 5·10 5 · 0, 8 = 6 ·10 5 Па.

Цилиндрдің жұмыс көлемін (5) өрнегі арқылы анықтаймыз:

= (16. 5 -1) · 12·10 -5 = 18, 6·10 -4 м 3

Иінді біліктің айналу жиілігі:

n = ω/2 = 220/2· 3, 14 = 35об/с

Қозғалтқыштың тиімді қуатын (9) өрнегі арқылы анықтаймыз:

Отынның меншікті тиімді шығынын (17) өрнегі арқылы анықтаймыз:

Есеп 3. Алты цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы отынның тиімді меншікті тиімді шығынын анықта, егер орташа тиімді қысым =7, 2·10 5 Па, цилиндрдің толық көлемі V a = 7, 9·10 -4 м 3 , жану камерасының көлемі V a = 7, 9·10 -4 м 3 , иінді біліктің айналу жиілігі п=37 айн/с және отын шығыны В=3, 8·10 -3 кг/с.

Жауабы:

Есеп 4. Төрт цилиндрлі төрт ырғақты қозғалтқыштың индикаторлы қуаты мен орташа индикаторлы қысымын анықта, егер тиімді қуат N е =100 кВт, иінді біліктің бұрыштық айналу жылдамдығы ω =157рад/с, қысу дәрежесі =15, жану камерасының көлемі V c = 2, 5·10 -4 м 3 және механикалық ПӘК =0, 84.

Жауабы: N i =119 кВт; =6, 8 ·10 5 Па.

Есеп 5. Алты цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы отынның индикаторлы меншікті шығынын және индикаторлы қуатын анықта, егер орташа тиімді қысым =6, 2·10 5 Па, цилиндр диаметрі D =0, 11м, піспек жүрісі S =0, 14 м, піспектің орташа жылдамдығы C m =8, 4 м/с, отын шығыны В=5, 53·10 -3 кг/с және механикалық ПӘК =0, 82.

Жауабы: N i =90, 5 кВт; .

Есеп 6. Төрт цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы піспек жүрісін және цилиндр диаметрін анықта, егер тиімді қуат N е =80 кВт, орташа тиімді қысым = 6·10 5 Па, иінді біліктің айналу жиілігі п =1800 айн/мин және піспектің орташа жылдамдығы C m =9, 6 м/с.

Жауабы: D =0, 135 м, S = 0, 16м.

Есеп 7. Сегіз цилиндрлі төрт ырғақты карбюраторлы жоғалтулардың қуатын анықта, егер орташа индикаторлы қысым = 7 · 10 5 Па, цилиндр диаметрі D =0, 1 м, піспек жүрісі S = 0, 095 м, иінді біліктің айналу жиілігі п =50 айн/с және механикалық ПӘК =0, 8.

Жауабы: N м =22, 4 кВт.

Есеп 8. Алты цилиндрлі екі ырғақты дизельді қозғалтқыштағы индикатрлы қуатты және механикалық жоғалтулар қуатын анықта, егер орташа иімді қысым = 6, 36·10 5 Па , қысу дәрежесі =16, жану камерасының көлемі V c =7, 8·10 -5 м 3 , иінді біліктің айналу жиілігі п =1800 айн/мин және механикалық ПӘК =0, 84.

Жауабы: N i =186 кВт; N м =29, 8 кВт.

Ответ: N i =186 кВт; N м =29, 8 кВт.

Есеп 9. Сегіз цилиндрлі карбюраторлы қозғалтқыштағы механикалық жоғалтулардың орташа индикаторлы қысымын анықта, егер тиімді қуат N е =145 кВт, цилиндр диаметрі D =0, 1 м, піспек жүрісі S=0, 09 м, піспектің орташа жылдамдығы C m =12, 0 м/с және механикалық ПӘК =0, 8

Жауабы: = 9, 6 · 10 5 Па , Р м =1, 92 · 10 5 Па

Есеп 10. Сегіз цилиндрлі карбюраторлы қозғалтқыштағы тиімді қуат пен отынның меншікті тиімді шығынын анықта, егер газдардың циклдегі индикаторлы жұмысы L i = 649Дж, цилиндр диаметрі D =0, 1м, піспек жүрісі S =0, 095 м, піспектің орташа жылдамдығы C m =9, 5м/с, механикалық ПӘК =0, 85, отын шығыны В=9, 7 · 10 -3 кг/с.

Жауабы: N е =110, 5кВт,

Есеп 11. Төрт цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы меншікті индикаторлы және тиімді отын шығынын анықта, егер орташа индикаторлы қысым = 6, 8 · 10 5 Па, қысу дәрежесі =15, цилиндрдің толық көлемі Р а =37, 5 ·10 -4 м 3 , иінді біліктің айналуының бұрыштық жылдамдығы ω=157 рад/с, механикалық ПӘК =0, 84 және отын шығыны В=5, 95 · 10 -3 кг/с.

Жауабы:

Есеп 12. Алты цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағытиімді қуаты мен механикалық жоғалтулар қуатын анықта, егер орташа тиімді қысым = 5, 4·10 5 Па, цилиндр диаметрі D =0, 108 м, піспек жүрісі S =0, 12 м, піспектің орташа жылдамдығы C m =8, 4 м/с және механикалық ПӘК

=0, 78.

Жауабы: N е =62, 4 кВт; N м =17, 6 кВт.

Есеп 13. Алты цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы орташа индикаторлы қысым мен индикаторлы қуатын анықта, егер цилиндр диаметрі D =0, 15 м, піспек жүрісі S =0, 18 м, иінді біліктің айналу жиілігі п =1500айн/мин. Қозғалтқыш индицирленуі нәтижесінде индикаторлы диаграмма алынды, оның пайдалы ауданы F= 1, 95·10 -3 м 2 , ұзындығы l = 0, 15 м, қысым масштабы m = 0, 6 ·10 8 Па/м.

Жауабы : = 7, 8 · 10 5 Па , N i =186 кВт

Есеп 14. Алы цилиндрлі төрт ырғақты карбюраторлы қозғалтқыштағы меншікті индикаторлы отын шығынын анықта, егер цилиндр диаметрі D =0, 082м, піспек жүрісі S =0, 11м, иінді біліктің айналу жиілігі п =2800 айн/мин, отын шығыны В=4, 5 · 10 -3 кг/с. Қозғалтқыш индицирленуі нәтижесінде индикаторлы диаграмма алынды, оның пайдалы ауданы F= 1, 6·10 -3 м 2 , ұзындығы l =0, 2 м, қысым масштабы m = 1·10 8 Па/м.

Шешуі: Орташа индикаторлы қысымды (2) өрнек арқылы анықтаймыз:

= F·m/ l

Цилиндрдің жұмыс көлемін (4) өрнек арқылы анықтаймыз:

Қозғалтқыштың индикаторлы қуатын (3) өрнек арқылы анықтаймыз:

Отынның меншікті индикаторлы шығынын (14) өрнек арқылы анықтаймыз: = = 0, 249 кг/(кВтּч)

Есеп 15. Төрт цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы индикаторлы қуатын және механикалық жоғалтулар қуатын анықта, егер қысу дәрежесі ε = 17, цилиндрдің толық көлемі полный объем цилиндра V а = 11, 9ּ10 -4 м 3 , иінді біліктің айналуының бұрыштық жылдамдығы ω= 157 рад/с және механикалық ПӘК η м =0, 81. Қозғалтқыш индицирленуі нәтижесінде индикаторлы диаграмма алынды, оның пайдалы ауданы F= 1, 8ּ10 -3 м 2 , ұзындығы длиной l = 0, 2 м, қысым масштабы m = 0, 8 · 10 8 Па/м.

Жауабы: N i =40, 3 кВт; N м =7, 7 кВт.

Есеп 16. Екі цилиндрлі төрт ырғақты дизельді қозғалтқыштағы орташа тиімді қысым және механикалық жоғалтулардың орташа қысымын анықта, егер тиімді қуаты N е = 18 кВт, цилиндр диаметрі D= 0, 105 м, піспек жүрісі S= 0, 12м, иінді біліктің айналу жиілігі п =30 айн/мин және механикалық ПӘК η м =0, 78.

Жауабы: р е = 5, 77·10 5 Па; р м = 1, 63 ·10 5 Па.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жану процесі
Қабат пен ұңғыны зерттеу
Бектұрлы кен орны
Жылу қондырғылары және олардың еліміздің мұнай саласындағы ролі
ПРОШЕНДІ НАСОСТАР
Бу қазанының жұмысы кезіндегі бу шығындары және ПӘК
Автомобильдің тұтандыру жүйесі. Автомобильдің тұтандыру процесі
Мұнай ілеспе газы
Автокөліктін қоршаған ортаға әсері
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz