Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Шетел тілі бөлімі ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Білім беруге бағытталған мультимедиялық жүйелерінің дидактикалық мүмкіндіктері

0111000- Негізгі орта білім беру
(мамандығы)
0111083 - Шетел тілі мұғалімі
(біліктілігі)

ШТ-Д 18к топ студенті: ... ... ... ... ... ... ... .. Д.Жеткербайқызы
(қолы)

Пән оқытушысы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Г.Сабырова
(қолы)

Қызылорда, 2021-2022 жыл

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, 0111000-Негізгі орта білім беру мамандығының ШТ-Д 18к оқу тобының студенті Жеткербайқызы Дананың Білім беру барысындағы мультимедиялық дидактикалық мүмкіндіктері тақырыбындағы курстық жұмысына

ПІКІР

Жеткербайқызы Дана - iзденiспен жұмыс істейтін студент. 2021 жылдың қазан айынан бастап ізденушілік жұмыстарын жүргізіп келді. Тақырып бойынша курстық жұмыс жазды. Курстық жұмысқа алдын - ала қорғау кезінде бірнеше рет баяндама жасады.
Кіріспеде жұмыстың көкейтестілігі , мақсаты мен міндеті , тәжірибелік бөлімі , зерттеу әдістері сөз етілсе , екінші бөлімінде ағылшын тілі сабағында жаңа материалдарды мультимедиялык көріністермен түсіндіру жолдарын қарастырған. Курстық жұмысының мақсаты - мультимедиялық оқыту әдістерін ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданудың тиімділігін анықтау. Курстық жұмысын жазу үшін Жеткербайқызы Дана ғылыми теориялык, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді, педагогикалық ic тәжірибелерін пайдаланған.
Жұмыс екі тараудан , кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр такырыпшаға сай іріктелген, мысалдары жеткілікті .
Курстық жұмысты орындаушы тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тұжырым, дәлелдемелері негiзде тиянақталған. Зерттеу жұмысы курстық жұмыстың талабына сай жазылған және өзіндік пікірі бар.

Пікір беруші: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Г.Сабырова,
25.12.2021.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Мультимедия. Шығу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Мультимедиялық жүйелердің түрлері және оқытуда қолдану ерекшеліктері ... ... ... ... ..
1.3 Оқытуда мультимедияны қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ...

2 . МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Мультимедиалық жүйелерді шет елдік білім саласында қолданудың тенденциялары, перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Мультимедиалық жүйелерді оқыту процесінде пайдаланудың шарттары мен аспектілері және оның әдістемелік мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ү. ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғам ілгері дамыған сайын, оқушылардың қызығушылығын арттыру максатында әр максатында түрлі мультимедиялық технологияларды қолданудың рөлі де артып келеді . Міне сондыктан, қазіргі заманның негізгі талабы болып табылатын ағылшын тілін оқытудың әдісін мультимедиялык оқыту әдістерін қолдану жаңғыртудың оқушылардың білім деңгейін арттырып қана қоймай, олардың кейiннен де шет тілін меңгеруге мотивациясын оятатыны анық. Сондықтан да ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс - тәсілдерді , мультимедиялык технологияларды колдану керек .
Зерттеу жұмысының базасы : №233 Ж. Нұрсейітов атындағы орта мектеп.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Мультимедиялық оқыту әдістерін ағылшын тілі сабағын оқытуда қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Мультимедиялық құралдардың оқу процесінде қолданылуының ерекшеліктерін, түрлерін қарастыру;
Ағылшын тіліне оқытуда мультимедиялық құралдарды қолданудың теориялық негіздерін айқындау;
Ағылшын тілінің сабактарында мультимедиялык құралдарды тәжірибелік жағынан қолдануды зерттеу және олардың көмегімен сабақтарды өткізудің тиімділігін анықтау.
Зерттеу нысаны: Ағылшын тілін оқытудағы мультимедиялык технологияларды қолданудың тиімділігін негіздеу.
Зерттеу пәні: Мультимедиялық окыту технологияларының мектеп оқушыларына ағылшын тілін меңгертудегі рөлін зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер мультимедиялык технологияларды қолдана отырып жасалынган ағылшын тілін оқыту әдісі тиiмдi болса, онда оны кейiннен орта мектептерде қолдануға болады.
Зерттеу әдістері: Жұмысты жазуда негізінен:
1) Теорияны зерттеу әдістері : библиографиялық тізім , цитата , аннотациялык әдіс, тезис, талдау, жинактау , жүйелеу;
2) Эмпирикалық зерттеу әдістері : бакылау , эксперимент ;
3)Математикалық статистикалык әдістер: диаграммалык көрсеткіш әдістерін қолдандым.
Курстық жұмыстың құрылымы - тараудан , кіріспеден , екi корытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күтілетін нәтиже : Болашакта программисттермен бiрiге отырып , окушыларга арналган жана электронды окулык ойлап шыгаруга болады . Мәселен, e - book - тiң жаңа түрі. E - book - ка кіріп қалған кезде , әр түрлі тақырыптар шыгады . Оны мысал ретінде сөз таптары деп алайык . Әр сөз табына кіргенде сол сөз табынын аныктамасы, оның түрлері, мысалдары , суреттері, слайдтары, видеолары шығады. Бұл оқушыларға түсінікті, әрі кызыкты болмак .
КІРІСПЕ
"Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында", „Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың" мемлекеттiк бағдарламасында, "Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмдi ақпараттандырудың" бағдарламасында бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды жүзеге асырудың негiзгi бағыттары ретiнде мына мәселелерге баса назар аударылған:
* ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесiне енгiзу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
* орта бiлiм беру ұйымдарын интернет желiсiне қосу;
* бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын әзiрлеу және енгiзу;
* жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесiне енгiзудi қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзу;
* ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм саласында қолдана алатын мамандар даярлау;
* оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн қадағалау;
* оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру т.б.
Қазiргi таңда дидактикалық оқыту жүйелерiн қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бiрi - мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалану. Оқытуда мультимедиалық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектiлерiн Ю.Н.Егорова, дидактикалық аспектiлерiн Н.В.Клемешова, тұжырымдамалық аспектiлерiн О.Г.Смолянинова, орта мектептiң информатика, математика пәндерiн оқытуда мультимедианы пайдалану әдiстемесiн С.С.Кравцов, Т.Г.Пискунова, жоғары оқу орындарында студенттердiң өзiндiк жұмыстарын дамытудағы мультимедианың мүмкiндiктерiн Д.Э.Френки, студенттердiң болашақ кәсiби iс-әрекетiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану даярлығын қалыптастыру мәселелерін О.Г.Смолянинова, О.В.Лобач, А.И.Гридюшко, Е.Я.Шипнягова, жоғары оқу орындары оқытушыларының оқу-әдiстемелiк iс-әрекетiнде мультимедианы пайдалану әдiстемесiн Т.Ю.Волошинова, В.Г.Казаков, мультимедиалық оқыту кешендерiн бағдарламалық жабдықтау жолдарын И.В.Голубятников секілді ғалымдар өз еңбектерiнде зерттедi.
Жалпы алғанда, мультимедиалық технологияларды бiлiм беру саласында дер кезiнде игеру және тиiмдi пайдалану бүгiнгi күндегi маңызды қажеттiлiктердiң қатарынан саналады. Осы қажеттiлiктерге байланысты мынадай iс-әрекеттер орындалуы тиiс: 1) педагогикалық процесте мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалана алатын мұғалiмдердi даярлау; 2) оқу орындарының ақпараттық технологиялар базасын үнемi жаңартып отыру; 3) оқу-әдiстемелiк жұмыстарды бiлiм берудi дамытуға бағытталған бағдарламалар негiзiнде жаңаша сипатта жүргiзу.
Айта кетуіміз керек, осы мәселелерге байланысты алаштың зиялы қауым өкiлдерiнiң бiрi А.Байтұрсыновтың „Қазақ" газетiнде жариялаған „Мектеп керектерi" атты мақаласындағы: „Ең әуелi мектепке керегi - бiлiмдi, педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн мұғалiм. Екiншi - оқыту iсiне керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз iс iстемейдi, һәм құрал қандай болса, iстеген iс те сондай болмақшы. Үшiншi - мектепке керегi белгiленген бағдарлама. Әр iс көңiлдегiдей болып шығуы үшiн оның үлгiсi, я мезгiлдi өлшеуi болуы керек. Үлгiсiз я өлшеусiз iстелген iс - ол я артық, я кем шықпақшы" - деген пiкiрi бүгiнгi таңда да құндылығын жойған жоқ.
Жоғарыда аталған мәселелерге жекелей тоқталатын болсақ, бiрiншiден, мультимедиалық технологиялардың орасан зор потенциалдық мүмкiндiктерiн оқыту процесiнде талапқа сай пайдалана алатын бiлiмдi, бiлiктi мұғалiмдердiң болуы қажет. Себебi, „Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына" сай елiмiзде 2007 жылдың соңына дейiн жалпы мектептiң 66,4%-ы мультимедиалық технологиялармен жабдықталды. Ал, қазiргi таңда, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқу бағдарламаларында студенттердiң тек компьютерлiк технологияларды ғана меңгеруiне ден қойылып, олардың мультимедиалық технологияларды игеру қажеттiлiгi ескерiлмеген. Бұл, жоғары оқу орнын бiтiрген ертеңгі педагог маманның кәсіби іс-әрекетінде мультимедиалық технологияларды өз дәрежесiнде пайдалана алмайтындығын аңғартады.
Екiншiден, оқу орындарының ақпараттық технологиялар базасын жаңарту қажеттiлiгi олардың жаңа бағдарламалық құралдармен жұмыс жүргiзуі үшiн техникалық мүмкiндiктерiн жетiлдiрiп отырудан туындайды. Әлемдік желi арқылы бiлiм беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн орта мектептердi жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықтаудың, мультимедиалық құралдармен қамтамасыз етудiң қажеттiлiгi айқындала түседi.
Үшiншiден, жалпы білім саласында оқу-әдiстемелiк жұмыстарды жандандыру, жаңаша сипатта ұйымдастыру жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, кезең-кезеңiмен жүзеге асыруды қажет етеді.

І.МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Мультимедия. Шығу және даму тарихы

Мультимедия деген термин алғашқы рет 1965 жылы пайда болды және ақпаратты ұсынудың әр түрлері мен әдістерінде қолданылатын сол уақыттағы театрланған шоулар үшін экстравагентті сипаттамаларда жетпісінші жылдардың соңына дейін белсенді қолданылған : слайдтар , кино, видео, аудио фрагменттер, жарықтық эффектілер мен жанды музыка.
70 жылдардың соңы мен 80 жылдардың басында мультимедия деп дыбыспен немесе жанды дауыспен ілесе жүретін бірнеше проекторлардан статикалық немесе динамикалық суреттерге негізделген түсініктерді айтатын.
Осылайша , мультимедия адам сезімдерінің бірнеше органдарына бірден әсер етті және әр түрлі формадағы ақпаратты білдіретін : визуалды , вербалды және аудиалды , бұл барынша терең эмоционалдық әсерді тудыратын , бұл өз кезегінде осы театралдық көріністердің түріне табыс пен танымалдылықты алып келді . Адам психикасының эмоционалдык саласына әсер ету мүмкіндігі оқытуда маңызды фактор болып табылады , өйткені білімдерді тиімді меңгерілуіне ықпал етеді . Келесі онжылдықтың аралығында мультимедия термині әр түрлі түсініктерден тұрды [1,б. 8-9].
Соңғы кездері мультимедия термині көп мағыналы бола түсті . SCALA мультимедиялық көріністік компаниясы заманауи мультимедия түсінігіне келесідей түсініктеме береді: Бiздiң кейбіреулеріміз мультимедиялық соның ішінде кабельдi телевидениені қолданады. технологиялармен , Мультимедиялык желілер термині құндылығы миллион долларларға жететін , ipi корпорациялармен видео мәліметтер базасын , сондай - ақ жарнамалық сандык табло мен экрандарга кызмет ету үшін қолданылатын , қуатты басқару жүйесін сипаттауга колданылады . 100 доллардан аз тұратын үй видеосын жөндеуге арналган компьютерлік бағдарламалар мультимедиялық технологиялар ретінде қолданыла алады . Мультимедияның техникалық куралдарына дыбыстык жазбалары бар суреттерді жеткізетін заманауи мобильдi телефондарды жаткызуга болады . Мультимедия дамуын жалгастырып келеді және жаңа технологиялардың пайда болуы мен колданылуына қарай жаңа түсініктерден тұратын болады
[ 2, б.19].
Мультимедиа ( лат . Multum + Medium ) терминін қазақ тіліне көптеген орталар деп аударуга болады ( кейде көптеген таратушылар деп аударады ) . Мультимедия түсінігін сипаттау үшін жалпы орта бiлiмдегi мультимедия технологияларын қолдану кітабында сипатталгандарды жаткызуга болады :
Мультимедия- бұл :
+ әр түрлі акпараттарды өндеу куралдарын жасауга , кызмет ету және қолдану тортiбiн сипаттайтын технология;
+ әр түрлі ақпараттарды жасау мен көрсету технологияларының негізінде жасалынган акпараттык ресурс;
+ әр түрлі ақпараттарды өңдеу мен көрсетумен байланысты кызмет ететiн компьютерлік бағдарламалық қамтым;
+ әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеу мүмкін болатын компьютерлік аппараттық қамтым;
+ дәстүрлі статикалык визуалды , динамикалық әр түрлі ақпараттарды бiрiктiретiн ерекше акпаратты жалпыландырушы түрі (сөйлеу , музыка, видео фрагменттер , анимация және т.б. ) [3,б.24-26 ]
30 жыл бұрын мультимедия консул жазба машинасымен шектелді, ол жай ғана басып қоймай, ұйықтап кеткен операторды мелодиялык әуенмен оята алатын . Бұдан кейiрiнек компьютерлер тұрмыстык аппаратураға дейін кішірейтілді, бұл оларды гараждар мен бөлмелерді жинауға мүмкіндік берді. Әуесқойлардың көбейіп кетуі мультимедияның дамуына серпін берді. Осы уакытта мультимедия термині пайда болды . Ол бейхабарлардың көздерінен зертхананы сактайтын шымылдықтың қызметін атқарды . Технологиялардың саны артып келеді. Бластерлер, сиди ромдар және басқа эволюцияның жемістері, интернет, WWW, микроэлектроника пайда болады. Адамзат акпараттык революцияны басынан өткізеді. Қоғамдық қажеттілік ақпаратты жеткізу мен көрсету құралдарында өмірге жана технологияны келтіретіндігінің куәгерлеріне айналамыз . Біздің күндерімізде бұл түсiнiк компьютердi кез - келген мәнмәтінінде алмастыра алады . Ағылшын тілінде B information appliance акпараттық құралдар - "жана термині әбден кірігіп" кеткен.
Бiздiң мемлекетте мультимедияның дамуы басқаша қарқынға ие болды: Қазақстанда мультимедия жуықтап алганда 80-ші жылдардың соңында пайда болды және ол үй компьютерлерінде колданылмады, тек мамандармен қолданылған. Сондыктан сол кездердегі газет пен журналдардағы мақалаларда ол сирек айтылатын. Мультимедия деген сөз түсiнiксiздiктен немесе әзілдерден баска ештеңе бермедi, Сіздерге кандай мультимедия! Мемлекетте не болып жатканын көрiнiздер! дейтін. Тек 1993 жылы бағыттың маңыздылыгын көбiсi түсiне бастады, 90 жылдары мультимедияның атқаратын рөлін түсінді . Мультимедия сөзi бiздiң мемлекетте де бiрден сәндi болды және барлық жаңа компандалар мен ұйымдар осы туды көтерді . Мультимедия соңғы өнімдері мен жүйелерін жасаушылардың жаңа ұйымдары пайда болды ; осындай өнімдер мен жүйелерді тұтынушылар пайда болды . 1993 жылдың 25-26 ақпанында болған конференция Казакстандағы мультимедияның маусымын ашты . 1994 жылды казакстандык компьютерлік нарыгындагы уй мультимедиясынын бастауы деп атауға болады . Ал бүгінгі күндерде мультимедия кімде компьютер мен бағдарламалығ қамтым болса, солардың барлығында дерлік бар [4,б.14-17].
Мультимедия жүйелерiнiң пайда болуы, өз алдына бiлiм, компьютерлік тренинг сынды облыстарда, кәсіби кызметтiн көптеген салаларында, компьютерлік ойындарда, өнерде, ғылымда және т.б. революциялық өзгерістерді туғызады.
Соңғы жылдарда жүрген мультимедияның дамуындағы секiрiс ең алдымен техникалык және жүйелiк құралдардың дамуымен қамтамасыздандырылған . Бұл ЖЭЕМ дамуындагы прогресс: бірден артқан жадтың көлемі, тез әрекет ету, графикалық мүмкіндіктер, сырткы жадының сипаттамалары және видеотехника, лазерлі дискілердің - аналогтык және CD-ROM саласындағы жетістіктер және олардың жаппай ендірілуі. Мәліметтерді тез және тиiмдi сығуашу әдістерін жасап шығару да маңызды рөл ойнады. Заманауи мультимедия ЖК белсендi стереофоникалык колонкалармен, микрофондармен және CD - ROM оптикалық компакт - дискілеріне арналған дисксалғышпен жиынтықталған. Сонымен бірге, компьютердің ішінде жаңа ЖК құрылғы - орнатылған күшейткіштерімен акустикалық колонкалар арқылы таза стереофоникалык дыбыстарды тыңдауға өтуге мүмкіндік беретін аудиоадаптер жасырылып орнатылған [5,б.11-19].
Мультимедияға қатысты кейбір техникалық мәселелерді қарастырайық. Барлык негізгі мәселелер артатын себеп - әр түрлі мәліметтердің: сандық және аналогтык, жанды видео мен қозғалмайтын суреттер және т.б. ортақ өңделуі. Компьютерде барлық мәліметтер сандық формады сақталады, ал бұл кезде теле, видео және көптеген аудиоаппаратуралар ұқсас белгілеріне ие. Алайда компьютердің шығу құрылғылары - мониторлар мен динамикалар осыған ұқсас шығысқа ие. Сондықтан алғашқы мультимедия жүйелерін құрастырудың ең карапайым және барынша арзан жолы компьютермен әр түрлі аппаратураның үйлестірілуінде, компьютерге осы құрылғыларды басқа мүмкіндіктерін беруде, компьютердің шығу белгілері мен видео, аудио құрылғыларының біріктірілуінде және олардың қалыпты ортақ жұмысын ұйымдастыруда болып табылады. Мультимедияның әрі қарайғы дамуы әр түрлі мәліметтердің сандық формада бір тасымалдау ортасында бір жүйенің шеңберінде жүреді.
Белгілердің ығыстырылуында негізгі проблемалар видео суреттермен пайда болады. Әлемдегі бар әр түрлі ТВ - стандарттар (NTSC, PAL, SECAM), әр түрлі мониторлар мен видеобакылағыштардың қолданылуы пайда болатын мәселелерді шешудегі әдістердің түрлілігін білдіреді . Алайда кез келген жагдайда екі суреттердің синхронизациясы талап етіледі , оның кызметін генлок (genlock) құрылғысы атқарады. Оның көмегімен монитордың экранында компьютермен генерацияланган ( анимацияланган немесе козгалмайтын графика, мәтіндер, титрлер) суреттер мен жанды видео біріктіріле алынады . Егер тағы бір кұрылғы кодер (encoder ) косатын болсак , компьютерлік сурет ТВ - белгінің формасына түрленіп, видеожазбаға жазыла алынады. Мультимелия жүйелерін колданудың мысалдарына айналған үстелдік видео - студиялар бiрiктiрiлген видео - компьютерлік клиптердi, видеофильмдерге арналған титрлерді жасауға мүмкіндік береді, кинофильмдерді жөндеу кезінде көмектеседі .
Мұндай түрдегі жүйелер ұксас суреттің өзін қалайша бір өңдеуге немесе редакциялауга мүмкіндік бермейді . Ол мүмкін болуы үшін оны сандык түрге өткізіп, компьютердің жадына енгізу керек. Бұған басып алу такталары қызмет етеді (capture board, frame grabbers). Осы сынды белгілерді сандык ету көптеген мәліметтердің массивтерін тудырады. Сандык етiлген кадр жай графикалық редактордың көмегімен өзгертіле, редакциялана алынады, бөлшектері алынып немесе косылып, түстері, масштабтары өзгергіліп, мозаика, инверсия және т.б. сынды арнайы эффектілер қосыла алынады. Тек рұқсат етілген шектерде ғана интерактивті экранды өңдеуге жол беріледі , ол берілген накты видеоадаптермен қамтамасыз етіледі . Өңделген кадрлар қандай да бір графикалык форматта диске жазылып алынып , кейіннен компьютерлік анимация үшін шынайы қозғалмайтын фон ретінде қолданыла алынады. Алғашқы суреттің кадрлық өңделуі және шынайы сынды мультфильді жасауға видеопленкаға қайта жазылып алынуы мүмкін [6,б.44-45].
Сандық түрдегі кадрлардың реттілігінің жазбасы компьютерден сыртқы жадының үлкен көлемдерін талап етеді: американдық NTSC TB -стандартындағы кадрлардың жиілігі - 30 кадрс (PAL, SECAM 25 кадрс), толык түстік толык экранды видеоның бір секундын есінде сақтау үшін 20 -30 Мбайт талап етіледі, ал сыйымдылығы 600 Мбайт болатын оптикалық диск суреттін бір минуттан кемiн сыйдырады . Бірақ кадрлардың реттілігін есте сақтау жеткіліксіз, оны экранға сәйкес қарқынмен енгізу керек. Компьютердің экранына сандык етiлген видеоны шығару үшін берілетін мәліметтердің көлемінің азайтылуына баруға тура келеді ( кішкене терезедегі кішірейтілген суреттің шығарылуы , кадрлық ашылым жиілігінің төмендеуі, битпиксель сандарының азайтылуы), бұл өз кезегінде суреттің сапасының нашарлауына алып келеді.
Жады мен өткізу қабілеттерiнiң екi мәселесі де мәліметтердің сығылуашылу әдістерінің көмегімен шешіледі, олар ақпаратты жазбаның алдында сығуға, кейіннен шынайы уақыт тәртібінде экранға шығу кезінде санауға және ашуға мүмкіндік береді. Мультимедия - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және козағалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология .
Мультимедия - екi жай сөзден тұратын күрделі сөз: мульти - көп, медиа алып жүруші немесе тасымалдаушы. Осылайша, "мультимедия" компьютерлік терминін көптеген тасымалдаушылар деп аударуға болады, яғни мультимедия ақпаратты (дыбыс, графика, анимация және т.б.) сактаудың және көрсетудiң көптеген амалдары дегенді білдіреді [7,б.75]. Егер мультимедияны акпаратты көрсетудің белгілі бір технологиясы деп айтар болсак, екi аспектiнi еске түсірген де жон кұрылғылык немесе аспаптық және бағдарламалық.
Мультимедиянын курылғылык жағы қалыпты амалдармен де (графикалык, адаптер, монитор, дыбыс картасы , CD - ROM жетегi және т.б.), қосымша амалдармен де (бейнекарта телевизиялық кірушығумен, CD - R, CD-RW, DVD жетектері және т.б.) таныстырылуы мүмкін .
Мультимедияның бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама және мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы бағдарлама пайдаланушының колданбалы мәселелерді шешуге арналған бағдарламасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы бағдарлама. Әдетте, кеңірек айтылса, бұған командалык процессордан басқа бағдарламалардың барлығы жатады; нақты мағынада айтылса, оған мәтіндік процессорды, мәліметтер базасын, электрондық кестені және т.б. жатқызуға болады; Мамандандырылған бағдарлама - нақты есептi шығару үшін қолданылатын бағдарлама. Мультимедия технологиясы күнделікті өмірімізге нық енді. Алайда, осындай қолданбалы бағдарламамен дұрыс жұмыс істеу үшін мультимедия мен компьютер де барлық талапқа сәйкес болуы тиіс [8,б. 26].
Мультимедия - ақпаратты бейнелеудің ең жаңа түрі. Ол экранға түрлі түсті мәтіндік, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отыра шығып ЭЕМ - нің барлык жылжыту, сөйлеу беру жақтарын толық пайдаланды. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысымен СД - ROM дискісі бар және онда бейне фильмдердi, фонограммаларды, түрлі - түсті гаммаларды көрсету жақтары толық қамтылған. Мультимедиялык компьютер фотоаппараттарды, бейнемагнитофондарды, бейнекамераларды қосуға арналған арнаулы бейнелік суреттерді өңдегенде кажет болады. Бірақ оның арзан тұратыны өз - өзіне белгілі.
ЭЕМ-ң мультимедиялык мүмкіндігі - ақпаратты бейнелеудің ең керек түрі. Ол экранга мәліметтердi түрлі - түстік мәтіндік, графикалық мүмкіндіктерді біріктіреді.
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама. Қолданбалы бөлiмiне мультимедиялык компьютердің қарапайым тұтынушысы қолданылатын мультимедиялық қосымшаларды жатқызамыз [9,б.32]. Компьютердiң бағдарламалық бөлігі - ең жетiлген компьютердің өзі бағдарламалық қамтамасыздандырусыз қызмет етпейді.
Қазiргi мультимедиялық бағдарламалар түрлері.
Ең жетілген компьютердің өзі программалық қамсыздандырусыз кызмет етпейді. Сол себепті бұл бөлімді нақтырақ қарастырған жөн.
Операциялық жүйе
Операциялык жүйе компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, дискжетектерді пайдалануды), сондай - ақ қатар операциялык жүйенiң басқаруымен іске қосылатын басқа бағдарламалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сактауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған бағдарлама.
MCI - Media Control Interface
MCI Windows 9x маңайында жұмыс атқаратын мультимедиялык колданбалы бағдарламаларға әртүрлі кұрылғыларды басқаратын аппаратты дербес интерфейстерді таныстырады. Берiлген интерфейс өздеріне жiберiлген МСІ - командаларды (play, pause, stop және т.б.) интерпретациялайтын және орындайтын кұрылгы драйверлер деңгейінде сүйемелденеді. MCI командасында көптеген мультимедиялык компьютерлер үшін базалық командалар жинағы бар.
Компрессионды менеджерлер
Мультимедиялық ақпараттарды (кескін, анимация, дыбыс) сақтау үшін үлкен талап етіледі. Көптеген жағдайларда ақпараттар компрессирленген сакталады. Егер құрылғы аппараттық түрде компрессия мен түрде декомпрессияны ұстамаса, бұл мәселені арнайы компрессионды менеджерлер орындайды .
Кодек
Windows 9x аудио және видео ақпараттарды декомпрессия және компрессиялау үшін кодектермен қатар қойылады. Сонымен қатар қосымша кодектерді орнату мүмкін.
DCI - Display Control Interface
DCI ( Display Control Interface - дисплеймен басқару интерфейсі ) - бұл дисплей драйверімен жұмыс атқаратын интерфейс . Бұл Microsoft және Intel фирмаларымен бірлесе отырып құрастырылған. DCI сәйкес келетін драйверлер компьютерлік ойындармен және толык экранды видео ақпараттарды косу туралы әртүрлі бағдарламалармен қолданылады және тікелей экрандык буферден ақпарттарды жоғалтуға мүмкіндік береді . Бұл интерфейс сонымен қатар қазіргі видеокарталарда таралған аппараттар қатарын қамтиды , оған қоса :
o Ақпараттық масштабтау. Егер осы мүмкіндік видеапарат арқылы орындалатын болса , ендеше көлемін өзгерту үшін орталық процессор ресурсы қажет болмайды .
o Видеоақпаратты жаксы кабылдауды қамтамасыз ету үшін YUV - RGB түстерін қайта құру .
o Екі есе буферлеу. Ол беттерді өшіру кезінде экрандык буферлерді аппараттык ауыстыру үшін қолданылады.
o Асинхрондық бейне. Екі есе буферлеумен бірге экрандык буферге акпараттар шешімінің аса жылдамдығын қамтамасыз етедi [10, 6.6-9].
Мультимедиялык косымшалар құру технологиясы.
Мультимедия - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология. Яғни мультимедиялык акпаратты сақтаудың және көрсетудің амалдары дегенді бiлдiредi.
Мультимедия технологиясы күнделікті өмірімізге нық енді. Алайда, осындай қолданбалы бағдарламамен дұрыс жұмыс істеу үшін мультимедия мен компьютер де барлык талапка сәйкес болуы тиiс. Сонымен, мультимедиялык компьютер дегенiмiз бұл мультимедиялык барлық колданбалы бағдарламалар өзінің барлык мүмкіндігін көрсете алатын компьютер түрі. Мультимедиялык компьютер коп нәрсенені жасай білуі керек: монитор экранында графикалык және бейне ақпараттарды, анимацияны корсете білуі керек . Дыбыстық, музыка, сонын iшiнде компакт дискілердегі музыка сүйемдеуі жоғарғы деңгейде болуы шарт.
Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі. Қосымша құрылғылары ( қалыпты құрылғылар )
- DVD жетегі
- Модем
- телевизиялык тюнер.
Модем - жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының кызметіне байланысты шыққан, ол модулятор, демодулятор сөздерiнiң қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыккан сандық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын анологтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екiншi модем кабылданған сигналдарды қайтадан сандық формаға ауыстырады.
Мультимедиялык компьютер дегеніміз - бұл мультимедиялық барлық қолданбалы бағдарламалар өзінің барлық мүмкіндігін көрсете алатын компьютер түрі . Мультимедиялык компьютер көп нәрсені жасай білу керек : монитор экранында графикалык және бейне ақпараттарды , анимацияны көрсете білуі керек , дыбыстык , музыка , соның ішінде компакт - дискілердегі музыка сүйемелдеуі жогары деңгейде болуы шарт
Әдетте, жинақталған мультимедиялык компьютер ұғымының құрамы ретінде мыналар түсінеді:
-Коректендіру блогынын корпусы - Жүйелік ( аналык ) такша - Орталық процессор - Оперативті жад - Бейнеадаптер - Монитор - Қатты дискіде жинақтауыш - Пернетакта - Тінтуір - CD - ROM диск жетегі.
- Иілгіш дискілердiң диск жетегі - Дыбыстық карта.
Қазіргі мультимедиялык технологияларды пайдаланып құжаттарды құру. Жаңа бағдарламалардың көбі, Windowsta жұмыс iстейтiн мультимедиялық болып келеді. Бұндай бағдарламалар видеоролик, мультипликация, музыканы орнату. Мультимедиялық бағдарламаның жай мысалдарына және оқитын бағдарламалар жатады [11,б.57].
Delphi - дің бағдарламалауға қосатын екі компоненті бар, олармен мультимедиялық бағдарлама құруға болады: Animate қарапайым анимация шығарады. ( Қолданушы файлды көшірген кездегідей ) Медиа плейер күрделі есептерді шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы , видеоролик , дыбыс шығару.
Animate компоненті
Анимейт к . Win 32 тақтасында орналаскан, жай анимацияны көрсетеді, онын кадрлары AVI файлында орналасқан . Анимация АВИ файлында орналаспаса да ол дыбыстык әсерлерімен бірге болады. Анимация тек кана сурет көрсетеді. Толык дыбыспен көрсету үшін оны медиа плейер компонентіне кұру кажет. Анимейт компоненті формаға жай түрде косылады. Компонентті формаға қосқаннан кейін оның құрамын орнату керек.
Button 1 батырмасы процесті иннициализациялау, анимацияны көрсету және тоқтату үшін қолданылады.
Үзіліссіз анимацияны көрсету, Onclic командасы ол пуск, батырмасында орналасқан, ол актив құрамында true яғни ақиқат болуы керек. Осы процедура Баттон 1де Пускты стопка ауыстырады. Анимацияны көрсету режимi Radio Button 1 & 2 косқыштары арқылы орындалады [12, б.100].
Onclic Eneblad құрамында блок кояды немесе батырмаларды қосады . Анимацияны көрсету активациясы келесі Баттон 2ге және Buttons кадрына өту үзіліссіз көрсету кезінде onclic процедурасының стоп (Button) False құрамын Aсtive косу кезінде анимациясыз көрсетілуі тоқтатылады.

1.2. Мультимедиялық құралдардың түрлері және оқытуда қолдану ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудiң 12 жылдық моделі енгізілуде. Өмір бойы білім алу әрбір жеке кредосына айналуы тиic делінген . Қазіргі кезеңде ғылыми - техникалық прогрессті жеделдетудің ең маңызды шарттарының бірі адам карекетінің барша саласында жетілдірілген әмбебап есептеу техникаларын, компьютерлерді және мультимедиялық оқу құралдарын қолдану басым болып отыр. Осыған байланысты компьютер есептегіш машиналарды қолдану саласының кеңеюі, болашақта әрбір адамнан жеке компьютермен жұмыс жасай білуді талап етеді. Сондықтан, мектеп оқушыларының оқу орны қазіргі заманғы әмбебап компьютерді пайдалану үшін қажет бiлiммен, машиналармен және дағдылармен қаруланып, күнделікті өмірде компьютерді кеңінен пайдалануға және мақсатты бағдарламалар құрып, жұмыс істеп үйренуi тиiс [13,б.30].
Мультимедиялык технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік әртүрлі мульти - бағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтардың баскаруымен орындай алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілі.
Ағылшын тілінің жаңа материалды меңгеру сабағында, жазбаша жұмыстарды орындауда, аудио мен видео жазбаларды тындау, оку сабақтарында, такырып пен тарауды окуды аяқтау кезіндегі қайталау сабактарында , бiлiмдi тексеру сабактарында мультимедиялык қондырғылар кеңiнен қолданыс таба алады.
Сонымен катар, соңгы жылдары әдістемеге енгізілген сабактарды компьютер аркылы модельдеудін танып бiлуiне , онын колданылу деңгейін бiлiп жұмыс істеуiнiң маңызы зор болып отыр. Сондықтан, біз өзіміз құрған жуйемiздiң бір элементі етiп компьютерлік виртуальды саяхат сабақтарын аламыз.
Қазіргі кездегі компьютерлік және инновациялық мультимедиялык технологиялар оқу үрдісін толықтыруға мүмкіндік жасайды. Көп жағдайда, кейбір шет тіліндегі құбылыстар мен көріністерді мектеп жағдайында көрсету мүмкін емес, сонымен оқытудың бейне - мультимедиялык бағдарламаларының көрсететін көмегi өте зор. Бiрак, мұндай бағдарламалардың рөлін көтеріп жіберуге болмайды. Себебі, ешқандай нәрсе накты шет елде болудың тәжірибесін алмастыра алмайды, яғни, ол жерде зерттеуші шет елдік ортада болатын құбылыстарды " виртуальды нақтылықта емес" жағдайды көреді.
Біріншіден, жаңа материалды түсіндіру барысында демонстрациялық үлгілерді көрсетуге болады. Осындай демонстрациялар ете көрнекі және оқушылардың тақырыпты түсінуіне ғылыми дүниетанымының оянуын жаксартады да, олардың пәнге деген қызығушылығын тудырады. Демонстрациялардың кәдімгі бейне - оку фильмдерден артықшылығы, мұғалім бағдарламаның параметрлерін өзгерте отырып, оқушылардың "Егер былай болса, қалай болады?" деген сұрағын, " ал ендеше көрейік ..." деп жауап бере алады.
Екіншіден, бағдарламаны ағылшын тілінде сөйлеу практикумы ретінде қолдануға болады. Бұл сабақтарды компьютерлік сыныпта өткізген дұрыс. Бұл жағдайда әрбір оқушы зертханалық жұмысты жеке, өз бетімен орындайды. Осындай зертханалық практикумдарға оқушылар алдын - ала теориялық дайындықпен келуі, олардың эксперименттік қондырғылармен саналы түрде жұмыс істеуіне және олардың пәнді тереңірек түсінуіне әсерін тигізеді.
Үшіншіден, бұл бағдарламаны эксперименттік бейне - мультимедиялык саяхаттарды жүргізуде пайдалануға болады.
Төртіншіден, осы бағдарламаның негiзiнде жобалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Бағдарлама теориясы мектеп бағдарламасының аумағынан шыгатын күрделі ағылшын тіліндегі үдерістер мен құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Бесіншіден, дайын бағдарламаны пайдаланып, оқушылар бiлiмiн тексеретін тест сұрақтарын көрнекі түрде оқушылардың ағылшын тілдік дүниетанымын тудыратындай етіп дайындауға болады [14,б.27-28].
Оку телехабарлары ғылым мен техниканын, өнер мен әдебиеттің, саясат пен экономиканың, дін мен әлем проблемаларының дамуы, байланыстары, медиафорум арнайы жедел түсінікті, көрнекті, ақпараттар жүйелi жеткiзiлiп, интернеттен кажеттi мәлiметтер алынып, талданып, ұтымды оқу материалдарын толықтыру шығармашылыкты туындатады. Ізденіс пен тәжірибе, озык технологиялар мен инновациялар толыктырып каркынды окытуга жеткізеді. Оку телехабарларын мынадай жағдайларда пайдалану тиімділігі артып, өз нәтижелерін береді:
- өте күрделі такырыпты зерделеуде, әсіресе көрнектiлiк аса кажет болатын такырыпты түсіндіруде, муғалiмге арнайы телеокытушының іс - тәжiрибесi комектесе алады;
- оқу бағдарламасына байланысты нысандарға тікелей қатысты, мазмұнды мәселеге орай телетопсеруен жасау мәнді;
- оқу бағдарламасының мазмұнына сай, тікелей үдеріс , кұбылыс, мәтінге байланысты ақпараттар көріністері, сөйлемдері, ағылшын тiлiнде қысқа, накты баяндалуымен ғана тиімді;
- мультимедиялык арнаулы бағдарлама жан - жақты қарастырылып, тікелей оқу - тәрбие үрдісіне сәйкестірілген соң оның берері мол;
- арнаулы оқу үрдісіне, накты тақырыпқа, қатысты лайықталған электронды оқу құралының мәні еселеп артуда, оны тираждау ерекше мәнді, әсірece компьютерлендiру, соңгы техникамен жарактандыру, жабдықтау және қазіргі формациядағы мамандардың бiлiктiлiк жаңа белеске көтереді, басты ерекшелігі заман талабына лайықты болуына ұмтылысын кажет етеді.
Мультимедиялық оқыту материалдары типтік бағдарламаларға тікелей сай шығарылып, накты оқу орындарының түрлеріне қатысты шығарылып, қолданылуда оның болашағы үлкен. Теориялык оқу материалдарын баяндау үшін арнайы тәжiрибе даярланады, оның қойылу мақсаты, көрсетуде қолданылатын жабдыктар, тәжiрибенiн койылуы, тәуелділік, заңдылық анықталып үдеріс, құбылыс, эффект накты баяндалып, теңдік шығарылады. Оны оқу құралынан схема түрінде көруге болады. Мысалы, ағылшын тілі пәнінің хрестоматиясынан, анықтамалардан, энциклопедиядан, ғылыми көпшілік журнал, әдебиеттерден алынған үзінді нақты, дәлме - дәл берілуі - жазылуы - бейнеленуімен мәні артады.
Мультимедиялык бағдарлама жасау оны типтік бағдарламаға нақты сәйкестендіру, көлемін шамалау, мазмұндылығын арттыру, кажеттi мәліметтерді іріктеп алу, арнайы тәжірибелерден өткізіп, қазіргі кезеңмен ұтымды байланыстыру, мемлекеттік жалпыға міндеттi бiлiм беру стандарты, үлттық бірыңғай тест талаптарына лайықтап, бәсекелестікке барынша қабілетті білім негіздерін беруге жеткізуге, қарқынды оқытуға ықпалын арттырады.
Окыту үрдісін жетілдіруге катысты ғылыми - зерттеу жұмыстарын зерделеп, талдау негізінде оқытудың техникалық құралдарына байланысты мультимедиялык технологияның даму тенденцияларын келесі кезеңдерге бөлуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін оқытуда мультимедиялық құралдарын қолдану
Мультимедиалық технологиялар арқылы оқушылардың креативтігін дамыту
Мультимедиялық қосымшалардың мүмкіндігі
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктері
Мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын зерттеу
Сызықтық дифференциалдық теңдеу
Мультимедиялық технологиялар
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ
Жалпы биология курсын оқытуда мультимедия құралдарын қолдану әдістемесі
Пәндер