Аймақтық экономикалық құралдар


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
:
Кіріспе:
3:
: 1
Кіріспе: НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
Кіріспе: МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АРАЛАСУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ
3: 6
: 1. 2
Кіріспе: АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
3: 13
: 1. 3
Кіріспе: АЙМАҚ ЭКОНМИКАСЫН РЕТТЕУДІҢ ҚАРЖЫ-БЮДЖЕТТІК ӘДІСТЕРІ
3: 27
:
Кіріспе:
3:
: 2
Кіріспе: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3:
: 2. 1
Кіріспе: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНА ТАЛДАУ
3: 32
: 2. 2
Кіріспе: ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ
3: 43
: 2. 3
Кіріспе: ОБЛЫСТЫҢ АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТІН ПАЙДАЛАНУ
3: 48
:
Кіріспе:
3:
: 3
Кіріспе: ЭКОНОМИКАНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДЕ ОБЛЫСТЫҢ АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТІН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУДІҢ МҮМКІН ЖОЛДАРЫ
3:
: 3. 1
Кіріспе: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3: 59
: 3. 2
Кіріспе: АЙМАҚТЫҚ БЮДЖЕТТІ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕЛІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІН БАҚЫЛАУДЫ ЖАКСАРТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
3: 66
: 3. 3
Кіріспе: ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІН ДАМЫТУДА ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕТІКТЕРДІҢ РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3: 72
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 82
:
Кіріспе: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 84
:
Кіріспе: ҚОСЫМША
3: 89

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика және бүгінгі VUCA-әлем (тұрақсыз, анықсыз, күрделі және өзгермелі) жағдайында кез-келген мемлекеттің бюджеттік саясаты оның тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму бағытын анықтайды. Бюджеттің маңыздылығын әлемді дүр сілкіндіріп отырған тәжтажалмен (короновируспен) күресте де көруге болады. Бюджет мемлекеттің ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың негізгі қаржылық жоспары болып табылады.

Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамудағы жаңа экономикалық бағыты, елдің тұрақты әрі орнықты дамуына төнетін жаһандық қатерлер мен сын-тегеуріндер мемлекеттік экономикалық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі, әрі әлеуметтік-экономикалық дамудың алға қойылған міндеттерін іске асыру құралы болып табылатын бюджет саясатын қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін өзгертуді талап етеді.

Қазіргі уақытта кез-келген аумақ (қала, ел, аймақ) халықты (еңбек ресурстарын), инвесторларды, туристерді және т. б. тұтынушыларға тарту үшін басқа аумақтармен бәсекеге түседі. Жаһандану жағдайында бәсекелестіктің тұрақты өсуі, әртүрлі аумақтардағы іскерлік жағдайларды теңестіру, аймақтың маркетингі, имиджі мен бренді іскерлік және тұрмыс жағдайында шамамен тең географиялық аймақтарды салыстыра бастайды. Сондықтан көптеген елдер мен қалалар мақсатты түрде өз аумақтарының маркетингімен айналысады, осы саланың инвестициялық және туристік тартымдылығын анықтайтын өз брендін қалыптастырады.

2025 жылға дейінгі Қазақстанның орта мерзімді стратегиялық даму жоспары Президенттің 2017 жылдың басында жариялаған Елдің үшінші жаңғыру процестеріне бастау берді және жеделдетілген сапалы экономикалық өсім, сонымен қатар халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша мақсатты айқындады. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі орта мерзімді дамуындағы негізгі мақсат - елдегі халықтың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін экономиканың сапалы, тұрақты өсіміне қол жеткізу[1] .

«Қазақстан-2025» даму Стратегиясының «Мықты өңірлер және урбандалу» атты бесінші реформасы республика аумағында негізгі өмір сүру сапасын қамтамасыз ету жолымен әрекет етуші жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдалануды көздейтін өңірлердің экономикалық өсімі арқылы елдің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) арттыру мақсатын айқындаған. «Мықты өңірлер және урбандалу» реформасының «Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» басымдықты бағытының міндеті жергілікті биліктің халыққа құзыреттіліктерін одан әрі бөлу және олардың есеп беруі арқылы өңірлердің экономикалық және кадрлық тәуелсіздігін арттыру болып табылады.

Аталмыш реформаның «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын одан әрі нығайту» инициативасына сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органын қалыптастыру мәселесі қарастырылады, бұл жергілікті қауымдастықтың бюджетті анықтауына ықпал етеді. Және де жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің кіріс бөлігін көбейту міндеті шешіледі. Мәслихаттардың бюджеттік үрдіс бөліміндегі билігін арттыру шаралары жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Аталған мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша орталықтан құзыреттіліктерді беру арқылы қажет штат саны бар функциялардың негізгі түрлері кезеңімен жергілікті деңгейге басқаруға аударылады, ауылдық округтер әкімдіктерінің аппараттары әрекет етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жергілікті тұрғындардың шешім қабылдау процестеріне тікелей қатысу мүмкіндіктерін арттырды. Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық (селолық) округтерде оларды аудандардың (қалалардың) мәслихаттарында сайлау жүргізу арқылы әкімдерді сайлау ұйымдастырылады. Елімізде мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі қарастырылды, сәйкесінше жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің түсім көздерінің аясы ұлғайтылды.

Басқару функцияларының негізгі бөлігін жергілікті деңгейге өткізуге байланысты аймақтарды институционалдық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуді нығайту қажеттілігі туындайды. Бюджетаралық қатынастар, субвенцияларды бөлу және оны алу жүйесі аймақтарды өзін-өзі ұйымдастыруға және қолда бар ішкі ресурстарды дамытуға, экспорттық потенциалды және салық базасын арттыруға, түрлі инвестиция көздерін тартуға жеткіліксіз ықпал етеді.

Осы тұрғыдан алғанда диссертациялық жұмыс тақырыбының өзектілігі айқын көрінеді. Аймақтық даму және аймақтық бюджет мәселелері көптеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған: Морозова Т. Г., Охотский Е. В., Цыпин И. С., Мамыров Н. К., Ихданов Ж. О., Жатканбаев Е. Б., Аубакирова Ж. Я., Есентугелов А. Е., Зейнелгабдин А. Б., Құсайынов Х. Х., Мельников В. Д., Сейткасимов Г. С., Нурланова Н. К., Смағұлова Г. С., Кенжегузин М. Б., Интыкбаев С. Ж., Жунусов Б. А., Интыкбаева С. Ж., Омирбаев С. М., сияқты ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында аймақтық дамудағы бюджеттік саясат жүргізу мәселелерін зерттеу және дамыту бойынша ұсыныстар келтіру болып табылады.

Осыған байланысты келесі міндеттерді шешу көзделген:

  • нарықтық жағдайда экономиканы қаржылық реттеудің теориялық аспектілерін зерттеу;
  • аймақ экономикасын реттеудің қаржылық-бюджеттік әдістеріне баға беру;
  • Қазақстанның қаржылық саясатына ғылыми талдау жүргізу;
  • Ақтөбе облысының аймақтық дамуындағы бюджеттік құралдарды пайдалану бағыттарын қарастыру;
  • Аймақтық бюджетті пайдалану мәселелерін саралап, шешудің мүмкін жолдарын ұсыну;
  • Қазақстанның аймақтық дамуындағы қаржылық тетіктердің басымдықтарын айқындау.

Зерттеу әдістері салыстырмалы талдау, есептік-құрылымдық, экономикалық және болжамдау әдістерін қолдану көмегімен зерттеулер нәтижесі алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:

- экономиканы мемлекеттік реттеудегі қаржылық реттеу тетіктерінің ролі айқындалды;

- аймақтың дамуындағы бюджеттік құралдардың маңыздылығы Ақтөбе облысы мысалында негізделді;

- Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша бюджет құралдарын пайдалану ерекшеліктері анықталды;

- аймақты дамытуда бюджет құралдарын тиімді пайдалану құралдары айқындалды;

Магистерлік жоба кіріспе, оның мазмұнын ашатын үш бөлімнен, қорытындыдан, 82 пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Жұмыста 13 кесте, 16 сурет келтірілген.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Алынған нәтижелер аймақ экономикасын дамыту саласында бюджеттік бағдарламалар мен жобаларды өңдеуде, жергілікті қаржы құралдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтауда, бюджет құралдарын аймақ экономикасын дамытуда тиімді пайдалануды басқару тетіктерін жетілдіруде негіз болып табылады. Диссертацияның материалдары мен қорытындылары жоғары оқу орындарында «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Менеджмент», «Қаржы саясаты» және басқа да таңдау курстарын әзірлеуде оқу орындарында қолдануға болады.

1. Нарықтық экономика жағдайында экономиканы қаржылық реттеудің теориялық негіздері

1. 1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АРАЛАСУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МӘНІ

Нарық - әлемдік өркениеттегі маңызды жетістіктердің бірі. Нарықтық қатынастар мәнін ашуда осы нарық түсінігінің екі жақты маңызы бар екенін ескеру керек. Біріншіден, нарық өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын өткізуді білдіреді. Екіншіден, нарық - бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Мемлекеттің экономикадағы роліне түрлі ғалымдар баға берді[2] . Мемлекеттің экономикадағы ролі теорияларының эволюциясы төмендегідей сипатқа ие:

Меркантилизм (Т. Мен, В. Стаффорд, А. Серра) - күшті мемлекеттің болуы және экономикалық қызметті кеңінен реттеу. Экспортты ынталандыру және импортты шектеу арқылы елдің байлығын көбейту,

Физиократтар (Ф. Кенэ) - қор құру көзі - жермен байланысты еңбекпен жасалған материалдық байлықты арттыру, laissez-faire - мемлекеттің экономикаға араласпауын қолдады.

Классикалық теория (А. Смит) . «laisser faire» қағидасы - нарықтық күштердің еркін ойыны үйлесімді құрал қалыптастырады. Мемлекеттің араласуы төмендегідей жағдайда болуы керек:

  • Өнеркәсіптің жас салаларын қорғау;
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Әділеттілікті қамтамасыз ету;
  • Белгілі бір қоғамдық жұмыстарды орындау.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін негізгі экономикалық еркіндік кепілдік етілуі тиіс: қызмет саласын таңдау еркіндігі, бәсеке еркіндігі, сауда еркіндігі.

Кейнсиандық теория (Дж. Кейнс) мемлекет экономикаға дағдарыстан шығуды қамтамасыз ете алмаған нарық механизмінің болмауынан белсенді араласуы керек.

Кейнстік реттеу моделінің негізгі белгілері:

  • Мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық табыстың жоғары үлесі;
  • Мемлекеттік және аралас кәсіпорындар құру арқылы мемлекеттік кең кәсіпкерлік аумағын құру;
  • Экономиканы тұрақтандыру үшін бюджеттік-қаржылық және несие-қаржылық реттеушілерді кеңінен қолдану;

Неоклассикалық теория (Е. Бем-Баверк, Л. Вальрас, Б. Кларк, А. Маршал, А. Лигу, М. Фридмен) . Неоклассикалық теорияның негізі - ұдайы өндіріске сұраныс емес, ұсынысқа әсер етудің жанама әдістерін қолдану арқылы әсер ету болып табылады. Жеке кәсіпкерлік еркіндігін дамыту қажет. Мемлекет капитал жинақтауға және өндіріс өнімділігін арттыруға жағдай қалыптастыруы тиіс.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті - мемлекет мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын әлеуметтік жағынан қорғау. Мемлекеттік реттеу болашақ ұрпақты тәрбиелеу, табиғатты қоршаған ортаның ластанып құрып кетуінен сақтау үшін де қажет[3] .

Тікелей мемлекеттік басқару - жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді. Оған әскери-қорғаныс, энергетикалық (әсіресе атом энергетикасы), қорықтар, ұлттық маңызы бар мәдени-тарихи объектілер, демалыс, емдеу-сауықтыру орындары, қазбалы кен байлықтары, су ресурстары т. б. мемлекеттік маңызы бар объектілер жатады. Бұл объектілер, әдетте, мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады.

Салықтық реттеу - салық салу, оның түрлерін, мөлшерін белгілеу, салық жеңілдіктерін беру немесе босату.

Ақша-несие қатынастары арқылы реттеу - салық жүйесін қоса алғанда мемлекеттің фискалдық саясаты деп аталады және осы саясат арқылы ақша айналымына әсер етеді. Мемлекет орталық ұлттық банк арқылы ақша эмиссиясы мен жалпы ақша көлемін реттейді, банктың қарыз пайызының мөлшерін белгілейді, заемдар береді, облигациялар мен бағалы қағаздар шығарады. Осындай реттеу жолдарымен ақша айналымы мен жинағын өзгертіп, жалпы экономикалық процестерге ықпал етеді.

Бюджеттік реттеу - мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджетті әр түрлі бағыттар бойынша жұмсау, реттеу. Бұдан басқа мемлекет салық төлемдерінен тыс бюджетке қосымша төлем белгілейді, сөйтіп ақша айналымы мен қор жинауды қалыптастырады.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық транспортқа тапсырыстар береді. Аталған бағыттар мемлекетке қажет өндіріс салаларын белгіленген бағдарлама бойынша дамытады.

Баға арқылы реттеу. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады. Сатушылар шығындарының орнын мемлекеттік бюджет есебінен толтырып отырады. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің баршасына тән. Алайда, нарықтық экономикаға өтіп жатқан біздің елімізде бағалар еркіне жіберіліп, оларды ешбір шектеу мен реттеу болмай отыр. Бұл мәселенің де тиімді тетіктерін ойластыру қажет-ақ.

Мемлекет - әрекет етуші меншік құқықтарына сәйкес бір-бірімен өзара әрекеттесетін дербес адамдар көптігі. Мемлекеттің экономикаға араласу теориялары Францияда - И. Сакс, АҚШ - Дж. Сакс, Р. Дорунбуш, Г. Бекер, Венгрия - Я. Корнай, Ресей - А. Ливши­ц және В. Варг сияқты ғалымдармен зерттелген[4] .

1-сурет. Мемлекеттік басқарудың қоғам өміріне ықпалы

Өз кезегінде, мемлекеттік басқарудың мақсатқа бағдарлаушы, ұйымдастырушы және реттеуші әсерлері оның атқаратын функцияларының кешенімен тығыз байланысты, олар елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау және өңдеу; басқару және басқарылатын жүйенің құрылымын анықтау және ұйымдастыру; қоғамдық өмірдің түрлі салаларында олардың іс-әрекетін реттеу; еңбек қатынастарын бақылау және реттеу; қоғамдық маңызды салалардың үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз ету және т. б.

Мемлекеттің экономикалық ролі мемлекеттің қоғамның экономикалық өміріне қатысу дәрежесімен анықталады. Нарық кәсіпкерлікті таңдау және еркіндігіне негізделеді. Мемлекет таңдау еркіндігін шектеуге, мәжбүрлеуге негізделеді[5] .

Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі төмендегі қызметтерден айқын көрінеді:

  • Экономикалық шешім қабылдау үшін құқықтық негіз құру;
  • Экономиканы тұрақтандыру;
  • Ресурстарды әлеуметтік бағдарланған тарату;
  • Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету;
  • Халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту.

Нарық меншіктің тауар-ақша байланыстары мен қаржы-несие жүйесінің түрлі-түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономикалық әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа нарықтық қатынастарға енеді:

  • Екі субъект арасындағы өзара байланыс нарықтық негізде еске асырылатын кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен байланысты қатынастар;
  • Шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
  • Белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
  • Тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын нарықтық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі.

Нарықтың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:

  • Ақпарат жеткіліксіздігі;
  • Табиғи монополия;
  • Сыртқы себептер - қоршаған ортаны қорғау;
  • Экономикалық тиімділікпен байланысты емес басқа мақсаттар:

а) қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету;

б) ұлттық өндірісті қорғау;

в) жаңа инновацияның дамуын ынталандыру;

г) денсаулық сақтау, спорт, алкогольді ішімдік мәселесі.

  • Маңызды қызметтер мен ресурстар:

а) тұрғын үй құрылысы;

б) су;

в) энергия;

г) қорғаныс.

Экономиканы мемлекеттік нақты құралдар мен әдістер арқылы жүзеге асырылады. Төмендегі суретте экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары келтірілген[6]

2-сурет. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары

Мемлекеттің экономикаға араласу себептерін таңдау қадамдары:

Қадам I. Мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынасын талдау:

1. Нарықтағы әртүрлі жетіспеушіліктің себептерін талдау;

2. Нарықтағы жетіспеушілікпен байланысты туындаған мәселелер мен мүмкіндіктерді анықтау;

3. Мемлекеттің бизнеске тартылу үрдісін талдау;

4. Осы үрдістегі негізгі қатысушыларды анықтау;

5. Шығындар мен табысты бағалау.

Қадам II. Экономикаға мемлекеттік араласу туралы тұрақты сәйкес шешу жолын таңдау:

1. Мемлекеттің мұндай іс-әрекетінің себептері туралы жауап іздеу;

2. Әрбір баламаның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау;

3. Шешімге қол жеткізу үшін менеджердің құзыретін қамтамасыз ету;

4. Тұрақты қолдауды ұйымдастыру және мотивация;

5. Баламаны таңдау.

Халықаралық бәсекеге үкіметтік араласу әдістеріне жатады:

  • Фирма стратегиясы, құрылым және бәсеке;
  • Факторлық жағдайлар;
  • Туыс және қолдаушы өндірістер;
  • Тұтыну жағдайлары.

Нарықтық экономиканың басты элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Олар қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесінде, яғни біреуі тауар өндіріп, екіншілері -оны тұтынғанда қалыптасады.

Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде тауар өндірушілердің экономикалық негізделуі көрінеді.

Нарықтық экономиканың ең маңызды басты үшінші элементі - баға. Біріншіден, баға қызмет етіп тұрған нарық коньюктурасынан тәуелді сұраныс пен ұсыныстың өзгерісі нәтижесінде қалыптасады. Екіншіден, баға берілген географиялық ауданда өндірілетін, тауарларға нарықтық қатынастардың қызмет ету саласын анықтайды[7] .

3-сурет. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері

Нарықтық экономиканың төртінші элементі: сұраныс және ұсыныс. Нарықта сыраныс тауарларға қажеттілік ретінде көрінеді. Тұтынушылар бұл тауарларды қалыптасқан баға мен ақшалай табыс негізінде сатып ала - алады. Ұсыныс ресурстарды тиімді пайдалану ға және өндірістің тиімді әдісін пайдалануға негізделген ынталандырушы ретінде көрінеді.

Нарықтың бесінші элементі - бәсеке. Ол пайданы көбейтіп соның негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге негізделеді. Бәсеке нарық субьектілерінің өзара әрекетінің формасы және тепе-теңдікті реттеуші механизм ретінде көрінеді.

Нарық субьектілері:

  • үй шаруашылығы;
  • фирма, кәсіпорын;
  • мемлекет.

Олар ресурстар қаржы және тұтыну нарықтарын да бір-бірімен өзара әрекет етеді. Шығындар мен табыстардың айналыс шеңберін құрайды.

Нарықтық экономика төмендегідей артықшылықтарды иемденеді:

  1. Ресурстарды барынша тиімді бөлу мен пайдалануға ықпал етеді.
  2. Өндірістің өзгергіш жағдайға тез бейімделеді.
  3. Өндірушілер мен тұтынушыларға таңдау және қызмет ету еркіндігін қамтамасыз етеді.
  4. Ғылыми-техникалық жетістіктерін, жаңа технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен басқару тәсілдерін енгізу үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
  5. Өндірушілерді тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мен тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға бағыттайды.

Сонымен қатар, нарықтық экономикаға төмендегідей кемшіліктер де тән:

  1. Табыс табуды қамтамасыз етпейді.
  2. Толық жұмыспен қамтымайды.
  3. Өндірілмейтін ресурстардың сақталуын қамтамасыз етпейді.
  4. Қоршаған ортаны қорғау шаралары әлсіз жүзеге асырылады.
  5. Ұжымдық пайдалануға арналған тауарлар мен қызметтердің өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді.

Нарықты реттеу тәсілдері-бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісі. Ол нарықтық механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік кезінде пайда болады. Реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай жіктеуге болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе -теңдікке әсер ету әдісіне қарай -тікелей және жанама[8] .

Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраныс төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады. .

Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанымен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалық қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады.

Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

Мемлекеттік реттеудің ең маңызды инструменттеріне мыналар жатады :

  • Фискалдық саясат;
  • Несие-ақша саясаты;
  • Баға мен табысы реттеу сясаты;
  • Әлеуметтік саясат;
  • Сыртқы экономикалық саясат;
  • Әкімшілік реттеу;
  • Қысқа мерзімді реттеу ;
  • Ұзақ мерзімді реттеу;
  • Аймақтық реттеу.

Фисқалдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады. Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады:

  • кейбір экономикалық процестері ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.
  • ставканы өзгертпей сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.
  • Салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру.

Несие - ақша саясатының төмендегі түрлері жиі қолданылады: банктің есептеу ставкасын өзгерту; эмиссиялық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі; «ашық нарықтағы операциялар».

Баға және табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.

Әлеуметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру денгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.

Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық саясат, валюта курсын басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның аймақтық саясаты
ҚР-ның аймақтық саясаты туралы
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Кедендік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz