Поэзиялық шығармаларды оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ҚАНАПИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Поэзиялық шығармаларды оқыту





Орындаған:ы
Тексерген:ы







Павлодар, g2022

Мазмұны

Кіріспе

3

1 Қазақ әдебиеті сабағында поэзиялық шығармаларды оқыту

  1. Қазақ әдебиеті сабағында поэзиялық шығармаларды оқытудың тиімді

жолдары 5 -7

1. 2 Оқушылардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын туғызу 8-10

2 Поэзияны оқыту - оқушының ұшқыр қиялын дамыту

2. 1 Оқушының әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдауы 11-13

2. 2 Поэзияны оқытуда қолдануға болатын әдіс-тәсілдер 14-16

2. 3 Әдебиет сабағында поэзияны оқыту 17 -26

Қорытынды 27

Пайдаланған әдебиеттер 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының поэзиялық шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.

Зерттеу нысаны . Поэзиялық шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Зерттеу пәні . Әдебиетті оқыту әдістемесі.

Зерттеу әдістері:

- Талдау;

- Жинақтау;

- салыстыру;

- зерттеу;

- Эксперимент; т. б.

Зерттеудің мақсаты . Жалпы орта білім беретін мектептерде поэзиялық шығармаларды оқытудың әдістемесін жасау, тиімді әдіс тәсілдермен оқыта отырып, жаңа ғылыми-теориялық әдістеме ұсыну.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алға мынадай міндеттер қойылды:

  • Жалпы орта білім беретін мектепте поэзиялық шығармаларды жан-жақты танып білуді қамтамасыз ететін әдістеме ұсыну;
  • Пән бағдарламасына сүйене отырып жазушы шығармаларын меңгеруде оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістеменің тиімді жолдарын көрсету;
  • Зерттеудің құнды нәтижелерін, ұсыныстарын даярлау.

Зерттеу міндеттері : Оқушының;

- поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем - дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Зерттеудің болжамы . Жалпы орта білім беретін мектепте поэзиялық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттырып, олардың эстетикалық көзқарастарын жетілдіруге, әдеби дамуын жаңа деңгейге биіктетуге, сондай-ақ жазушы шығармалары арқылы оқушы баланың санасында ұлттық құндылықтарды бағалай білу, адалдық, адамдық, тазалық, ана тіліне, туған жеріне деген асқақ сезімін оятуға ықпал етіп, жеке тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады.

Зерттеу жұмысының құрылымы : Жұмыс кіріспеден және үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлімде түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.

1. Қазақ әдебиеті сабағында поэзиялық шығармаларды оқыту

1. 1. Қазақ әдебиеті сабағында поэзиялық шығармаларды оқытудың тиімді жолдары

Әдебиетті оқыту - ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой - түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай - ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.

Әдебиет - сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады. Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету, Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту. [1] .

Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту - айрықша көңіл бөлуді қажет ететіндігі еліміздің ертеңгі болашағына деген үлкен міндеттен туындап отырғаны бәрімізге мәлім.

Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын - жазушылар туралы, олардың поэзиялық шығармалары жайында айтуымыз керек.

Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың поэзиялық шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім - болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс - тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының поэзиялық шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. [8, 110] .

Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта - ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.

Поэзиялық шығарманы оқытудың басты мақсаттарының бірі - оқушыларды поэзияны сүюге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз беттерімен өлеңдерді талдауға да дағдыландырады. Поэзиялық шығарманы оқыту міндеттері: оқушының:

- поэзиялық шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;

- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем - дағдылар қалыптастыру;

- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой - пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет - ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан поэзиялық шығармадан алынған үзінділерді оқытуда:

а) Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға, ерекше көңіл бөлу;

ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аудару;

б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті үйлесімді, тиімді пайдалану.

в) Тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, жағымды ахуал жасау.

г) Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдістерді пайдалану.

Поэзия - әлем құбылыстарының жиынтығы. Поэзияны әр оқырман өзінің жанының сүзгісінен өткізуі керек. Ақынның өз өлеңіндегі әуезі, үні, барлық поэзияға құмартушылардың әуезіне, үніне айналмақ. Ақын мен өлеңді мәнерлеп орындаушының үндесігі лирикаға жан бітіреді. Бала қиялының еркіндігі, оның ортаға қатысы, әлем кереметтерін түсінуге құлшынуы өлең құдіретін пайымдау арқылы жүзеге асады. Өлеңді жатқа оқу, оның маңызы мен мұратын ұғу - тек отбасы тәрбиесі мен ұстаздың үздіксіз ізденістің нәтижесінде болатын үрдіс.

Поэзия - өнердің түрі, оның бойында сурет пен үн тоғысы болады. Егер бала өлеңді оқып отырып суретті көре алмаса, поэзия сұлулығына тұшына алмайды; ал егер өлеңдегі музыканы сезбесе, баланың жаны тебіренбейді. Поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты адамды рухани жағынан толықтырады, терең толғанысқа түсіреді, сезімін күшейтеді. Өмірге қызығушылығын арттырып, рухани байытатын және оқушыны жас кезінен жеке тұлға болып қалыптасуына, шығармадағы кейіпкер тағдырына қайғырып, қуанып, ортақтасуға әсері болады.

Поэзияны оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым - қатынасында. Әсіресе, оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі айқындалып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілдірек тиеді. [14] .

1. 2. Оқушылардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын туғызу

Поэзиялық шығармаларды өту әдістемесін сөз ете отырып, енді оқушылардың, жасөспірімдердің оларға деген жағымды көзқарасы, қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдістері қайсы, осы мәселеге тоқталайық. Жоғарыда айтылғандай, поэзияда ақын сезімі өмір сүреді, оқушы оны өз сезімімен қабылдайды. Екі сезім түйіскенде ғана, яғни ақын сезімі мен оқушы сезімі түйіскенде, бір-бірін тапқанда ғана ол туралы сөз қозғау тиімді болмақ. Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге, оны өз еріктерімен оқуға, өмірлік сырлас досы етуге талаптандыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады. Оқушылардың оған деген жағымды көзқарасын қалыптастыру жүйелі жұмысты талап етеді.

Поэзиялық шығарманы оқытудағы қажеттіліктер:

1. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

2. Оқушылардың шумақпен, сонан соң түгелімен мәнерлеп оқуы;

3. Сөздікпен жұмыс, орысша аудармасына көңіл аударту;

4. Әдебиет теориясымен жұмыс істеу;

5. Сызба арқылы өлеңнің мазмұнын ашу;

6. Өлең мазмұнын жазбаша жаздыру;

7. Өлең мазмұнын ауызша айтқызу.

Поэзиялық шығарманы оқытқан кезде төмендегідей деңгейлік жұмыстарды жүргізуді кешенді бағдар:

І деңгей - өлең ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны шағындап өз сөзімен жазуға дағдыландыру.

ІІ деңгей - тірек сызбалары арқылы поэзиялық шығарманың негізгі мазмұнын ашқызу.

ІІІ деңгей - поэзиялық шығарма бойынша бейнесөз, сөзжұмбақ құрастырту ( өздері түсінген сөздер бойынша) .

Лирика - дара ойдың нәтижесі, ондағы ой шексіз кең. Лирика ақын жүрегінің тереңінен шыққан сезім ой-көрініс екенін аңғарту лириканың табиғаты, сипаты, түрлері жайында айтылған төмендегідей пікірлердің мән-мағынасын ашу. «Поэзия - өнердің асыл тегі, өмірдің әрі мен нәрі, қайнап қорытқан жамбысы», - (В. Белинский) . [3. 5] .

«Лирика - поэзияның жаны лирика мылқау түйсікке тіл бітіріп, образ жасайды», (Ә. Тәжібаев) «Лирика - өмір құбылысына ақынның көзқарасы, түсінуі, сезімі, күйініші, сүйініші, онда адам өмірінің асқақтығы да, кейде қоңыр күйі де көрінеді»(Қ. Жұмалиев) «Лирика - нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры, Лирикадағы бас қаһарман ақынның өзі . Лириканың күші әсерлілігінде» - (З. Қабдолов) «Поэзияда қорытындылау, жинақтау мен даралау, ортақ сипаттар ұштасып, ұласып жатады. Осы екі жағы тұтасып, бірігіп келгенде ғана көркем бейне туып, өмірдің көркем суреті жасалады» (З. Ахметов) .

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Мен сені, сезесің бе неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім. (М. Мақатаев)

Лирикалық шығармаларда эмоция, сезім басым болады. Лирика - дара ойдың жемісі, ол шабытты жыр. Оқырманның жан дүниесіне әсер ете алмаған өлең нағыз өнер бола алмайтынын оқушылардың түсінуі үшін оқытушы тарапынан жуйелі түрде жүргізілетін әр түрлі іс-әрекеттер қажет. Лирикадағы ерекше компоненттердің бірі саналатын сөз сырын оқушыларға жеткізуде оған эстетикалық талдау барысындағы әр түрлі дайындық жаттығулары керек. Оқушы назарын ақын өлеңіндегі эмоциялық және логикалық бірлікті тануға, шығарманың бөлімі мен бөліктерін байланыстыра қарап, ақынның айтар ойын, мазмұн мен форма бірлігін анықтауға аударып отыру керек.

Сондай-ақ шығарманың әсем сазы, ақынның сөз қолданысы оқушыны ой құшағына бөлейтіндей, мәнерлеп оқу, проблемалы оқу, т. б. арқылы бар ынта-ықыласын туындыға аудару барысында арнайы әдеби тапсырмаларды орындатқан дұрыс.

Адам сезіміне жүрек дірілі - лупілінің суретін салу тек лириканың ғана қолынан келеді. Лирикалық туындыны ұлы сыншы В. Белминсукии музыкаға балайды әннің әсем сазы тек музыкалық аспапта ойналғанда ғана немесе керемет әнші шеберлікпен төгілте орындағанда ғана адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етеді. Мұнда лириканың барлық ырғақ сазы, барлық тынысы, әуені тоғыса келіп, естілуі қажет. Сонда ғана берер әсері мол болмақ. Лириканы түсініп оқытудың негізі біріншіден, ақыннң сөз сырына үңілу, айтар ойын түсіну, өзіндік тұжырым жасап, ой құшағына бөлену, туындыға оқушының қызығушылығын ынта ықыласын туғызуда болып табылады. Лириканы талдап, танып білуде оқытушы көптеген әдіс тәсілдерді пайдаланады. Ең бастысы оқушының өзіндік әс- әрекетіне, ой пікір еркіндігіне жол берген дұрыс. Лириканың басты бір ерекшелігі- ондағы көркемдік және суреттеу құралдарының көп кездесетіні, оқушы олардың қалай қолданылып тұрғанына ерекше көңіл бөлуі керек. Оқушы лириканы қабылдауға әзір болуы үшін мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Өлең құрылысы туралы теориялық ұғымдар оқушылардың жас ерекшеліне байланысты беріледі, түсініксіз сөздер мен ұғымдар, мәтінге жоспар жасау т. б. Мұғалімнің түсінік сөзі, оқушы мен оқытушы арасындағы сұрақ - жауап түрінде келуі мүмкін. [7. 5б]

Лирика даралығы дегеніміз жалпылық, жинақтаушылық мәнге йе ақын сезімінің жалыны, ой тереңдігі, қоғамдық талапқа, сұранысқа жауап беруі, - деген Ә. Тәжібаев сөздерінде үлкен мән жатыр.

Демек шынайы көркем лирика- адамгершілік биік мұраттарға тәрбиелеуші, адамзаттың эстетикалық арманың асқар шыңы. Ол оқушылардың қызығушылығын арттырып, ойлау жүйесін дамытады, осы бағытта ол психологиямен, дидактикамен сабақтасып оқыту, тәрбиелеу мәселелеріне өз үлесін қосады. Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Озық технология үлгілерін қолдану СТО технологиясы оқушылардың қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру, шағын шығарма, эссе жазғызу. Болжау стратегиясы. Бұл оқушының қабілетін жетілдіру үшін қолданылатын тәсіл. Еркін шығарма жазу немесе ойын жалғастыру. Еркін жазу стратегиясы. Тақырып төңірегінде өз ойын жазбаша жеткізеді. Топтастыру стратегиясы. Бұл стартегия нәтижесі сабақты біткенде де, жеке тұлғаға сипаттама бергенде оқушылардың жан-жақты ізденімпаздығын танытады. Топтастыру - оқушылардың еркін ойлауға және тақырыпты ашық талдауға бағытталған стратегия, жаңа идеяларды жинақтап бір - бірімен сабақтастыру үшін қажетті. Поэзиялық шығармаларды оқыту прозалық шығармаларды оқытуға қарағанда әлдеқайда қиын екендігін күнделікті сабағымыздан байқаймыз. Себебі, лирикалық шығармаларда ақынның өз ойы - сезімі, көңіл-күйі алдыңғы орынға шығады. Ақынның сол сәттегі сезінулерін түйсіну кез-келген оқушы тұрмақ, кез-келген үлкен адам үшін де оңай емес. Ол үшін ең алдымен тыңдаушыға әсер ете білу керек. Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі - оқушылардың поэзиялық шығармаларды қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім -болмысымен түсіне білулері. [17. 71б]

2 . Поэзияны оқыту - оқушының ұшқыр қиялын дамыту

2. 1. Оқушының әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдауы

Оқушы әдебиет сабағында поэзиялық шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы поэзиялық шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс - тәсілдерді орнымен қолдану қажет[5] .

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы - деп Абай атамыз өлең жазуға өте жоғары талап қояды. Ал А. А. Блок «Поэзия ойлаудан басталады» дей отырып, поэзиялық шығармалардың тереңдігін оған жай көзбен қарауға болмайтындығын танытады.

Поэзиялық шығармаларды лириканы оқыту оңай емес. Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде емес, ең бастысы оқушылардың оған деген көзқарасында. Әсіресе 5 - 8 сынып оқушыларының көбі поэзиядан гөрі қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойы көрініп тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды поэзиялық шығармаға тартудан гөрі, прозалық шығармаға тарту оңай тиеді. Лирикалық шығармаларда ақынның ойы сезімі, жан - толқынысы, тебіренісі бейнеленеді. Оны оқушылардың бірден қабылдауы, тануы, сезінуі қиын. Оқушы да асқан нәзіктікпен, сезіммен ойлана білуі керек. Бірақ, барлық адам бірдей ондай ақынжанды болып келмейді. Сондықтан өлеңді тану қиынға соғады.
5 - 8 сыныптарда өлең оқытуда мына мәселелерге көңіл қою керек.
1. Сабақтың алғашқы кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың өздеріне тән қасиеттері туралы әңгімелеу. Лирика туралы әдеби - теориялық ұғым беру.
2. Өлеңді алдын - ала үйден оқып танысуға беру.
3. Оқушыларға өлең құрылымын алдымен теориялық жағынан талдату, мағынасын сұрау.
4. Өлеңді әуенімен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға көңіл бөлу.
5. Өлеңдегі ақынның көңіл - күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі өлеңнің әсеріне де назар аударту.

6. Тақырыпқа сай саз әуенін, бейнелеу өнерін басқа да өнер туындыларын көрнекілікті үйлесімді пайдалану.

7. Тиімді оқу жағдайын туғызу.

8. Қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық жұмыспен шұғылдандыру.

9. Әртүрлі сабақ үлгілерін іздену ( жарыс сабақ, пәнаралық байланыс сабағы, сын тұрғысынан ойлау сабағы т. б) .

10. Өлеңді өтпес бұрын туындыгермен таныстыру, оның бейнесін сомдауға баулу.

«Ұлттық білім беру жүйесінің басты мақсаты - оқушыға терең, мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім беру. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім берудің басты мақсаты - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тануға, оны қабылдаудың әдіс - тәсілдерін жетік білуге, өзін - өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге қажеттілік туғызу. Осының нәтижесінде оқушы бір ғана салалық білім алумен шектелмей, жан - жақты білім алуға, өзінің қоршаған дүниенің заңдылықтарын тұтастықта қабылдауға қалыптасады. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім тұтастық, жүйелілік ұстанымдарына негізделеді. Сатылай кешенді талдау технологиясында білім беру мен тәрбие қатар жүргізіліп отырады. Оқушы білім ала отырып, алдымен ұстазынан тәрбиенің үлгісін алса, бірте - бірте жолдастарының жағымды қасиеттерінен үлгі - өнеге алады, жүре келе өзін - өзі тәрбиелеуге дағдыланады», - дейді Н. А. Оразахынова. «Бала қашан да бала», «Бала - болашақ данышпан» деген қағида бар. М. Жұмабаев:«Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды, »- дейді. Баланың поэзияға деген қызығушылығын ояту, оның ойына қозғау салу мұғалімге байланысты. Мұғалім баланы қалай жетелеп бағыттаса, оқушы да солай дағдыланады. Мен бұл жұмысымда 7 - сыныпта өтілетін кейбір өлеңдерді оқушыларға қалай түсіндіргенім жайында сөз етпекпін.
Өлеңдерді өтпес бұрын оны жазған ақынмен оқушылардың таныс болғаны дұрыс. [3. 18б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Өлеңді оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісі
Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Әдебиетті оқу процесінде оқушылардың сөйлеу әрекеті
Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдары
Тәуeлcіздік жылдaрындaғы қaзaқ әдeбиeті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz