Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ҚАНАПИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Орындаған:ы
Тексерген:ы
Павлодар,g2022 ж
Мазмұны
Кіріспе 3-4
1.Бұқаралық ақпараттың қоғамдағы дамуы.
1.1.Қоғамда ақпарат құралдарын дамыту маңыздылығы. 5-7
1.2. Бұқаралық ақпарат-маңызды тәрбие құралы. 8-12
2.Бұқаралық ақпарат-әлеуметтік ортаның мәдени процесін бейнелейтін жүйе.
2.1.Бұқаралық ақпарат қоғамдық процестің күрделі құбылысы. 13-18
2.2.Жаңа ғасыр,жаңа технологиялар ақпараты-интернет жүйесі. 19-22
3.Мәдени салаларда бұқаралық шараларды ұйымдастыру
3.1. Тәрбие берудегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі 23-25
3.2.Бұқаралық ақпарат құралдарының жастардың өмір сүру салтына
ықпалы. 26-29
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер 31
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының көркем әдебиет пен өнер, кино және драматургиямен қатар ұлттық идея қалыптастырудағы және оны мәңгілік ұлттық құндылыққа айналдырудағы орны ерекше. Әсіресе, ақпарат алмағайып түсіп жатқан мына заманда, сол ақпарат әлемді билеп те басқарып та отырған кезеңде ұлттық баспасөздің мәртебесі тек қана ұлттық идея құндылықтарын халық көкейіне жеткізе білуден, көпшілік оқырман аудиториясының ұлттық санасын оята білуімен екшейлеуге болады.
Қазақ баспасөзі алғаш тәуелсіздік алған жылдары ұлт тағдырында айрықша орын алатын тарихи оқиғалар мен халық санасында ұлттық тұлға дәрежесіне көтерілген жекелеген тұлғалардың портретін жариялап, көрнекті рухани мұраларды үзбей жариялауды дәстүрге айналдырған болатын.
Осы рухани мұралардың барлығында да ең алдымен, бірінші кезекте ұлттың тұтастығын, туған жер, отан, ана тілі мен мәдени және салт дәстүрлер туралы идеяны насихаттау, әспеттеу, көркемдік тұрғыдан көтеріп бейнелеу басым келген болатын. Сондықтан да, халық жүрегінен орын алған тарихи тұлғалардың жиынтық бейнесі бұқаралық ақпарат құралдарында лайықты орны мен бағасын тапты деуге болады.
Ұлттық идеяның ең баты тірегі - тәуелсіздік. Осы тәуелсіздік идеясы, қазақтың өткен ғасырларындағы азаттық жолындағы күресі қаламгерлеріміздің алдынан ең бір арналы ойларды айтуға, іргелі көркемдік жинақтауларға қол артуға жол ашты. Ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеп,тарихын түгендеп,оның әлемдік процесстерден кейін қалмауын қадағалап отыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары ауадай қажет.Ал ақпарат құралдарының бірден бір тірегі баспа,радио, теледидар,интернет жүйелері.Елбасының арнайы жолдауы мен Қазақстан Республикасының ақпарат құралдары жөніндегі заңында қаралғандай халыққа жаңалықты уақытында нақты жеткізіп отыру, түсіндіру,насихаттау зор маңызды.
Халықты рухани байлықтармен молайтып,оларға қазіргі патриоттық тәрбие беру,ұлттық құндылықтарымызды жеткізу,бұқаралық ақпарат құралдарының өзекті міндеті.Түрлі көпшілік мәдени шараларды өткізу халықтың достық,ынтымақтастық күшін біріктіреді.Бұлда қоғамдық тәрбие мектебін құрудың бірден-бір жолы болмақ.Ал,тәрбиенің бастауы болатын бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық ортада үлкен қызмет атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық ортадағы маңызын айқындап, жалпы сипаттама беру,мәнін түсіндіру,мәдени саланың көпшілік ақпарат құралдарын пайдалану сипатын анықтап,тарихи деректердіасаралау.
Курстық жұмыс міндеті: Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның маңызын оқу;халыққа әсер етуі,тәрбиелік мазмұнынын, сапасын түсіндіру,пайдалану маңызын ашу.
Зерттеу әдісі:Бақылау,салыстыру,сұхбат.
Зерттеу болжамы:Мәдени мекемелер,облыстық Орал өңірігазетінің шығармашылық ұжымы.
Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі: ҚР-ң Бұқаралық ақпарат құралдары туралызаңы,белгілі мәдениет,өнер, педагогика ғылымдарын зерттеуші ғалымдар мен жинақтаушылар А.А Конович,Ю.Д Красильников,А.Д Жарков, С.Ж Кенжеахметұлы, Ж.Дәуренбековтің еңбектеріне сүйеніп жазылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден,екі тарау мен қорытындыдан,әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Бұқаралық ақпараттың қоғамдағы дамуы.
1.1.Қоғамда ақпарат құралдарын дамыту маңыздылығы.
Жалпы адамзат тарихының болмыс бітімін ерте заманда көшпелі түрде насихаттап, сол көне дәуірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігі боямасыз түрде насихатталып отыратын болған. Бертін келе бұқаралық ақпарат дами бастаған кезде радио,теледидар арқылы бұқаралық жалпы халықтық ақпараттар жөнелтіліп отырды.Қазіргі таңдағы жалпы бұқаралық ақпарат құралдары өте жоғары деңгейде кеңінен небір түрлі болып дамып келеді.Мысалы:теледидар,радио,интер нет т.б. және семинар тәжірибелік сабақтар арқылы тәжірибе алмасу сабақтарын өткізу.Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша да жаңа технологияға сүйене отырып,түрлі кештерге байланысты қызығушылықты ояту,мағынаны тану, ой толғаныс осы кезеңдерді де ұғымды өткізу жоғары нәтежие береді.
Әр халықтың ана-тілі білімнің кілті. Сол кілт арқылы адамзат ойын,ісін,шығармашылығын,бұқаралық ақпарат жүйесіне негіздейді. Бүгінгі күні біздің елемізде қазақ тіліне оның даму бағытына оқытылу жайын қолдану аясына кімде кім болса да шынайы жанашырлықпен,үлкен сезімталдықпен қатты көңіл бөліп, жіті қадағалануы бұқаралық ақпарат құралдарының табиғи заңдылығы.Өйткені ата-баба мың 300 жылдай армандаған азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз қазақстанның ендігі болашағы қазақ тілінің тағдырына тікелей байланысты.Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін өмір шындығы.Тоқсан ауыз тілдің тобықтай түйіні-Қазақстанның болашағы қазақ тілінде-деген ел басының бұқаралық ақпарат жүйесінде берілген пікірімен түйінделген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жалпы Қазақстандықтарға бұқаралық ақпарат құралы яғни телвидение арқылы сөз сөйлегенде өзінің биылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты қазақстан халқына жолдауында Қазақстан бүкіл әлемде жалпы үш тілді Бірдей пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұл Үш тұғырлы тіл деп аталады. Бұлар-қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлт аралық қатынас тілі,ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі деп белгіледі. Айта кететін жайт өзіміздің еліміздегі жаңалықтар орыс, ағылшын тілінде де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізу және олардың өмір тыныс- тіршілігімен танысу барысы қоян-қолтық екені даусыз.
Қазіргі жаһандану заманында әркімнің ісінің өмірі табысының толымды болуы әлемде бәсекеге төтеп беруді қай кісінің болса да өзінің іскерлік қабілетінің шығармашылық тапқырлығына майланысты. Мұндай үрдіске сай Адам қабілеті өркениетке өрлеудің жаһандық бәсекеге лайықты болудың шешуші факторына айналғаны мәлім. Қазіргі заманғы жетілдірілген зайырлы нарықтың бір тұрі- маркетинг болып табылады. Ол ұғымды ағылшын тілінен аударғанда-адамдардың мұқтаждығын табу және оны қанағаттандыру деген мағына береді.Ол нағыз бұқаралық ақпарат көзі және оның тыныс-тіршілігі. Небір мұқтаж адамдар бұқаралық ақпарат көздері радио. Телевидение, мысалы. бармысың бауырым, Аялы алақан осындай бағдарламалар бойнша өздерінің мұқтаж екендерін Қазақстан зиялы азаматтарына қол ұшын беру немесе жоғалған жақын-жуықтарын табуға көмек сұрау, бұл нағыз бұқаралық ақпарат көзінің бастау көзі болып есептеледі, одан әрі пәрменді қарқын алып келеді. Қазіргі ХХІ-ғасыр жоғары индустриалды ақпараттық қоғам. Қазақстан ашық демократиялық қоғам ретінде қалыптасу, даму жолын таңдады. Қоғамның дамуының бүгінгі заманғы даму үрдісі жаһандану үрдісіне негізделеді. Ал,қазірдің өзінде Қазақстанда мәдениет интервенциясы басталды. Бұл жағдай қоғамдық өмірде іс жүзінде көрініс табуда.
Мектеп оқушыларының дәстүрлі Абай оқулары жеті рет Жидебай Абай мен Шәкәрім кесенесінің ашық театрында өтті. Ресейдің Омбы облысының Назыбаев ауданынан арнайы келген дарынды үш баласы бұл оқулардың шебері Республика көлемінен асып, халықаралық деңгейге шыңа бастағанын көрсетті.Осы көріністен-ақ ол балалар орыс елінде тәрбиеленіп оқып жатса да Абай өлеңдерін оқуы, жаттауы, олардың еліне, жеріне қазақ деген ұлы ұғымға арналған патриоттық сезімдері жоғары екенін көрсетіп тұр. Негізгі Абай өлеңдері Пушкин өлеңдерін оқу, жаттау байқаулары кездерінде де қазақ, орыс елдерінің балалары орыс баласы қазақ, қазақ баласы орыс тіліндегі небір мәтіндерді орындауларын бұқаралық ақпарат көздеріннен оқып танысып жатамыз.
Бұл көріністе елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үш тілді бірдей меңгеруді ой - тұжырымдамасының айқын айғағы. Қазіргі кезде де дене шынықтыру мәдениетінің дамытуға ғалымдардың назарын аударып отырған мәселе дене тәрбиесі мен спорттық жұмыстарды мектептерде, оқу орындарында ұйымдастырудың жаңа формаларын белгілеу, енгізу. Дене шынықтыруда да бұқаралық ақпарат көздері арқылы небір Қазақстандық спортшыларымыздың жеңіске және тек Қазақстан ғана шет елге барып, Қазақтың атын, көк туын желбіретіп жүрген жастарымызды да Бұқаралық ақпарат газет, журнал, жарнама, радио арқылы да естіп, біліп хабардар болып жатамыз.
Қазақстанның небір түрлі оқу-орындары арқылы да шет елге барып өздерінің оқу процестерін әрі дамытып және қазақ деген ел, жер, сол жердің салт-дәстүрі бар екенін насихаттап жүрген оқушы студенттеріміз қаншама. Қазіргі таңда Қазақстан жастарының оқу бағдарламалары өте мол бай жастарымыздың көбі дерлік жоғары, орта, арнаулы оқу орындарды оқып сол оқып жатқан білім ордаларының ұйымдастырылуымен өтетін кештерге қатысып, байқаулардан өтіп, сол оқып жатқан оқу орындарының жұмысын, тәрбиелік мән-мағынасын ақпараттық құралдар арқылы насихаттауда.
Негізінен бұқаралық ақпарат газет-журнал, радио, телевидение жүйелерінің өмірде алатын рөлі өте зор және жоғары. Демек, кейбір жаңалық жаршыны газеттен оқып, небір тартысты кештерді, соның ішінде қазақтың көнеден қолданылып келе жатқан сөздері болмаса өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен өтетін ойындарға қатысуы, оның ішінде бір әріптен мақал құрау, бір сөзден небір түрлі сөздер құрау, арқылы қазақ тілін бұқаралық ақпарат көзі арқылы айқындап, насихаттап отырады. Кейбір өзіміздің жастарымыз, ел ағалары өзге ұлт өкілдері сияқты оларда өзге ұлт өкілдері ұйымдастырған ойындарға қатысып, сол елдің салт-дәстүрін насихаттап нұр үстіне нұр болар еді.
1.2. Бұқаралық ақпарат-маңызды тәрбие құралы.
Еліміз азаматтарының салауатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі уақыттағы ең көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелердің маңыздылығы қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына экономиканың бүгінгі уақыттағы хал-ахуалына, экологияның нашарлауына азаматтардың өз денсаулықтарына нұқсан келтіріп жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түседі. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі ең алдымен тәрбиелік мәселе болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру ең алдымен ғылымға негізделген біліми тәрбиелік бағдарламалардың әзірленуін және оқу үрдісіне балалардың тәндік және психикалық тұрғыдан сәтті дамуына ықпал тигізетін денсаулықты сақтау бойынша Ел болашағы- жастар технологияларды пайдалануын қажет етеді. Кейбір ақпарат көздерінен қайсыбір кезеңдерде қазақтардың маскүнемдікке салынып, сондай сұрқайы құбылыстардан болашақ ел жастары жапа шегуде. Соның кесірінен небір балалар әке-шешесі қалып, көптеген отбасыларымыз ойрандалып жатқан газет-журнал беттерін оқып танысып, көңіліміз құлазып та жатады. Қазіргі кезеңде жұмыс істеймін, оқу оқимын деген жастарымыз үшін небір жағдайлар жасалған.
Бұқаралық ақпарат көзінің небір түрін алсақ та, насихаттап оның тәлім-тәрбиелік мән мағынасын айқындап жатады. Сол маскүнемдіктің салдарынан қиын бала атанып, отбасында, мекепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтк ортаға тап болады. Оның осы ортада өсіп, нық еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші мыс., бұқаралық ақпарат көзі-теледидар. Оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. С.Т.Холл: Бала толық қанды дамуы үшін, өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі керек -деп санайды. Қандай да бір ол қылығы бар баланың даму жағдайы әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың өскен ортасы, достары тағы жағымсыз іс-әрекеттер салдарынан бола ма деген ой тұжырым негізделген.
Дамыта оқу жүйесімен жұмыс істеп жүрген мұғалім оқушыны өз пікірін еркін айтуға, дауласа алуға, жаңа білімді қажет етуде, белсенді бастамашыл болуға тәрбиелеуге тырысады. Бұқаралық ақпарат көзінде көріп жүрген Таразы бағдарламаыснда қазақ жастары өз пікірлерін ашық сөздерімен дәлелді етіп, өз пікірлерін ортаға ашып айтады.Бұл да жастарымыздың өз құқықтарын қорғауы, өзіне, еліне деген сенімділігі. Қазақ халқының мәдени бай мұрасы өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар сезімтал жүрек дәстүрлі тәрбие әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, кейінгі ұрпақтарына өшпес іс қалдырған тұлғалар: Әбу-насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ш.Уалиханов, М.Қашқари, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Мұқанов осы тұлғалар айтқан сөздері, туындылары болашақ ұрпаққа үлкен мектеп.
Соңғы онжылдықта қазақ қоғамындағы жағдай толығымен өзгерді. Ол өзгерістер елдің демократиялық бағытымен, соған сәйкес қоғамның ақпараттануымен тікелей байланысты. Сөз еркіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына басымдық берген қоғамда ақпараттық қажеттісін алу мен оны пайдаланудың өзіндік қиындықтары да бар. Әсіресе ол жас жеткіншектер үшін үлкен қиындықтар туғызады.
Бұл өз кезегінде бала тәрбиесіне, яғни оның қалыпиасуына, дамуына кедергі жасайды.Сол себепті қазіргідей ақпараттың тасқыны мол кезеңдерде, оның зиянды ықпалынан қорғай отырып,баланың дамуына мейлінше тиімді тұстарын пайдалануға ұмтылу тәрбие беруші мекемелердің басты мақсаттарының бірі болуы шарт. Осы тұста зерттеуші ғалымдардың пікіріне назар аударар болсақ, қазіргі қалыптасып отырған ақпараттық жүйелерге олар төмендегідей баға береді: Бұл ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды дамытуға негізделген қоғам; адамға және мемлекетке қажетті білімнің бәріне ақпаратты кедергісіз алу арқылы қол жеткізуге болатын және онымен жұмыс істей алатын шарт бар білім қоғамы; бір жағынан әлем мәдениетін қабылдай отырып,екінші жағынан өз мәдениетінің қалыптасуына жол ашатын қоғам.
Ал бұның өзі жаһандану кезінде бір жағынан ақпаратты кедергісіз алатын қоғамның орнауы заңдылық деп есептелсе, екінші жағынан жеткіншектерді ақпарат тасқынында кездесетін кейбір кері ықпалдарынан сақтандыру керек екендігі қазіргі уақытта педагогикалық тұрғыдағы кейбір көкейкесті проблема дегенге саяды.
Балалардың өзіне керекті ақпаратты алуға тәрбиелеу көптеген зерттеу жұмыстарында да жан-жақты қарастырылады, оларда ақпарат құралдарымен дұрыс жұмыс істей алмаған балалар соның ықпалында кететіні дәләлденген. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дұрыс пайдалана алмаған оқушы:
* Ақпараттық белгілі бір бөлігін аудиовизуалдық ақпаратты толыққанды қабылдай алмайды, себебі оны қабылдауға әзір емес.
* Бірнеше мағынасы болуы мүмкін хабарламалардың мағынасын толық түсінбейді немесе біржақты түсінеді.
* Бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұстанымы әлсіз болады, олардың ықпалынан қалай сақтануды және көп жағдайда ондай сақтанудың қажеттілігін сезіне бермейді.
Аталған мәселеге қатысты отандық бұқаралық ақпарат құралдарына да үлкен жауапкершілік жүктелетіні де сөзсіз.Өйткені, балалардың сана-сезімін жаулап алған шетелдік арналардан өзіміздің телеарналардың бағдарламаларына қайта оралуын жүзеге асыру оңайға соқпайды. Ол үшін ең алдымен, балаларға арналған бағдарламалардың мазмұнын қайта бірқарастырып, олардың қызығушылығын тудыратын дүниелерді жасауды ойластыру керек. Елдің болашағы ертеңі-балалар, сондықтан қазіргі қоғамға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру үшін оларға арналған бағдарламалардың сапасы мен санын арттырып, және оның тұрақты жолға қойылуын қадағалау қажет. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп балаларына арналған мультфильмдерді көптеп шығару және ол ана тілімізде болуы маңызды болып табылады.
Бала бойындағы дүние туралы дұрыс көзқарасты,сенімді мінез-құлық дағдыларын, әдеттерді қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының ролі өте маңызды да үлкен. Бұл жерде әңгіме тек теледидардың ғана емес газет-журналдардың мақалалары, радио бағдарламаларының да ролі болып отыр. Ал бала тәрбиесіне жауапты ата-ана, мұғалімдер бұқаралық ақпарат құралдарының әрбір мүмкіндігі пайдалана білген жөн. Ата -- аналар мен мұғалімдер арасында жүргізілген сауалнамаға қарағанда бала тәрбиесінде бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын пайдалану жолдарын білетіндері шамалы. Мұғалімдер көбінесе сабақтарына баспасөз материалдарын пайдалана алатындарын көрсетеді.Мұғалімдердің мерзімді баспасөз материалдарын сабақта және сыныптан тыс уақыттарда пайдалану оған адамгершілік тәрбиесінің мәселелерін шешуге үлкен көмегі зор.Әсіресе балалар мен жасөспірімдер баспасөзі бала бойына адамгершілік мінез нормалары мен ережелерін дамытуда үлкен насихатшы болып табылады, идеялық әсердің адамгершілік тәрбиесіндегі дәйектілігін көрсетеді. Сондай-ақ теледидардан тек қажетті материалдарды ала білуді үйрету қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі болып табылады.Өйткені, балаға тиым салу арқылы одан теледидарды көрмеуді талап ету оң нәтежие бермейтіні де тағы мәлім. Тиым салу проблеманы шешудің жолы емес. Сондықтан бұл проблемадан шығудың долдары ең алдымен ата-аналарға тікелей байланысты. Баланы ерте жастан таладидар көру мәдениетіне үйрету маңызды шаралардың бірі. Баланың қандай ақпарат құралдарынан нені көріп, тыңдап, оқып жүргенін үнемі қадағалап отыру,олардың белгілі бір уақытта ған теледидар көруін тәртіпке ендіру де өз жемісін береді.
Балалардың күнделікті әртүрлі жолдармен алған ақпаратымен бөлісуіне мүмкіндік жасау ата-ана үшін баланы қызықтыратын ақпараттар туралы қосымша мәлімет алудың тағы бір әдісі болып табылады. Ата-аналар осы мәселелерді жолға қойған кезде өз балаларын дер кезінде зиянды әсері бар ақпараттардан қорғауға мүмкіндік артады.
Бүгінде Орталық Азияда ғана емес, ТМД елдері арасында экономикалық жағынан инновациялық және әлеуметтік даму тұрғысынан бір саты ілгері келе жатқан Қазақстан енді қоғамдық-саяси,оның ішінде идеологиялық бастамаларды бір ізділендіру бағытында жұмыс істеуге көше бастады. Бұл бағдарлы идеологиялық құндылық жасалды деген сөз емес.Бірақ, осындай үдерістің жүруін қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы сең бұзылғандай.
Идеологиялық негіз қандай елде болмасын ақпарат жүйесі арқылы жүзеге асатыны белгілі.Қазір еліміздің ақпараттық кеңістігі айналасындағы мемлекеттермен салыстырғанда көп алда. Оны алу мен таратуға ешқандай тиым салынбайды, ешкімнің тілін кесіп, аузын буып отырған жоқ, еркіндік бар.
Демократия жариялылық туралы сөз бола қалған кезде еркіндік туралы да айтылмай қалмайды. Бірақ дамыған АҚШ,Европадан да шексіз еркіндікті көре алмайсың. Жанымыздағы Ресей елін де алып қарасақ та дәл сондай құбылысты көреміз. Сондықтан да ақпарат еркіндігі жөнінде айтқанда, әңгіме сол еркіндіктің не үшін, қандай нәрсеге берілетіндігінде болса керек.
Жасыратыны жоқ, бізде сөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі дегенді кейде әртүрлі жолмен өз пыйғылдарына пайдаланушылық кездеседі. Біреулер мемлекетімізге зияны тиіп кететіндей, соған нұқсан келтіретіндей материалдар жарияланып, хабарлар шығып жатады. Көбіне ол білместіктен болуы мүмкін. Ал енді біреулері әдейі қиямпырыстықпен, біле тұрып, білмеген болып, көре тұрып көрмеген болып, жаны ашымастың ісін істейді. Ұлттық мәселелерге келгенде бұра тартып, жарға итеріп жібергісі келіп тұратындар, өкінішке орай кездесіп тұрады. Сол себепті әлгіндей арамзаларды қоғамдық пікір талқысына малу арқылы жөнге келтірмей болмайды. Қалам ұстаған қауымның азаматтық ар-ождан, Отан алдындағы парыз деген асыл қасиеттерді қастерлеуін түрлі заңдылық жолдармен міндеттеуге тартыншақтаудың қажеті де шамалы. Егер кәсіби маман осыны сезіне тұрып үндемесе, ол кемшілік. Ал білі тұра әдейі жасайтындар туралы әңгіме тіпті бөлек болуы тиіс.
Бұл жерде айтпай кетуге болмайтын тағы бір мәселе бар.Ол бесенеден белгілі бейғамдық, орынсыз кешірімділік. Өйткені бүкіл дүние жүзі бойынша дамыған елдердің бұқаралық ақпарат құралдарының тәжірибесіне сүйенетін болсақ,мемлекеттік мәселеде беталды кеткен, елдік қасиетті ұғымдарды аяққа таптаған жерде еш уақытта тыныштық та, жақсылық та болған емес. Төрт мың қару ұстағаннан көрі төрт идеологиялық құралдың тұтқасын ұстаған журналистер әлдеқайда қауіптірек.
Қазір идеологиялық жұмысты әркім өз бетінше жүргізіп отыр. Бұл мемлекеттік деңгейде ұйымдастарылса, нәтежиелі болары сөзсіз. Ерте ме кеш пе оның туатынына еш күмән жоқ.Бірақ сол үдеріс кешеуілдеп қалама деген қауіп бар. Бұл жерде Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасын ешкім де жоққа шығармайды.Әрі ол бағдарлама күрмеуі көп мәселелерді қамтиды. Оның ішінде экономика да, қоғамдық-саяси үрдіс те, әлеуметтік-мәдени әлеует те барлығы да кеңінен қамтылған.Ал осы стратегиялық бағдарлама мен идеологиялық жұмыс қабысып, барлық күш соған жұмылдырылса, әлемдік тәжірибеден түйгеніміз, әр елдің идеологиялық тарихы құндылықтармен толығып тұрмаса, оған әркім қалдығын, күл-қоқысын тастайтыны анық.
Бүгінде экономикамыз ілгеріледі. Рухани мәселелерге де ден қоятын кезіміз де келді. Себебі рухани тамырымыз терең болса ғана өзгелер бізбен санасады. Кім көрінгеннің таптаған экономикасын қайталап жүрсек бізге дамыған елу елдің қатарына ену түгел олармен иық тіресудің мүмкін емес екендігін де ойластыруымыз керек. Өйткені материалдық байлығымен ғана емес, рухани құндылықтарын дәріптеген, ұлттық ерекшеліктерін сақтаған, тарихы таза мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор беделге ие болатыны анық. Тұнық бастауда ғана таза бұлақ тарайтыны секілді, табиғаты таза халықтың ойы да тұнық, мұраты мөлдір болады. Ал тұнық ойдан таза идея туатыны табиғи заңдылық. Сондай ұлттық идеядан туындайтын мемлекеттік идеология ғана өз жемісін береді, әрі өміршең болмақ.

2.1.Бұқаралық ақпарат қоғамдық процестің күрделі құбылысы.
Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығатыны сөзсіз. Жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу мемлекеттік маңызды мәселе екенін тағы бір еске салатын жай,жас ұрпақты тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше.Бүгінгі таңда Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралы жүйесіндегі еркіндіктің бассыздыққа ұласып бара жатқандығы айрықша алаңдатады.Біздің ойымызша бұқаралық ақпарат құралдарының ең киелі міндеті-ақпараттық- ағартушылық ұстаным болуы тиіс.Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұрпақты аздыратын,ұлтты тоздыратын кейбір бейбастықтарды ауыздықтау мәселесі әбден шегіне жеткенін терең сезінуіміз керек деген ой айтады.
Қазіргі таңда елімізде бұқаралық ақпарат құралдарынан гөрі шетелдік жеке телекабельді арналардың дәурені жүріп тұрған кез.Бұл көп каналды кабельді арналар тек бизнес үшін шығарылып жатырған дүниелер болып есептеледі.Оның бірнеше каналдары болғанымен жас ұрпақты тәрбиелер ұлттық құндылығымыздан жұрдай, адам санасын тек жаман нәрселерге баулитын кино-фильмдер көрсетілетіні бәрімізге айдан анық. Осындай сүйкімсіз телекабельдерді көріп өскен ұрпақтан болашақта қандай үміт күтетініміз де белгісіз.
Жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Өйткені жас бала ақпарат құралдарынан көргендеріне риясыз сенетіндігі,яғни өз көзімен көрген нәрселерін бойына тез қабылдап алатындығы. Осыған дәлел ретінде ғалымдардың жүргізген көптеген зерттеулерін айтуымызға болады.Бұқаралық ақпарат құралдары біреулер үшін оң ықпалы бар болса ал енді біреулерге теріс ықпалы да бар екен.Сондықтан ақпарат құралдарын әркім қажетіне қарай пайдаланады.Бүгінгі жас ұрпақ өте белсенді, өйткені дамыған заманда не керектінің бәрі бар.
Адам баласының сұранысын қанағаттандыратын нәрсенің бірі-ол интернет яғни ғаламтор.Компьютер алдында отырып, командаларды орындасаңыз дөңгеленген дүниені алдыңызда. Әлемде, өз еліңдегі болып жатырған жаңалықтардың бәрінен хабардар боласыз.Бұл да қазіргі кездегі ақпарат құралдарының бірі болып табылады.
Бұқаралық ақпарат ұғымын анықтау үшін философиялық категория ретінде ақпарат түсінігінің мәнін ұғынудан бастау керек сияқты. Ақпарат ұғымының сипаттамасын анықтай отырып,бұқаралық ақпарат ұғымын зерттеуде, анық мазмұнына көңіл бөлу қажет.Өйткені шетелдік құқықтық докторинада ақпарат ұғымы коммуникация терминімен алмастырылған. Ақпарат орнына коммуникация терминін қолдану қолдану әдістімелік қателік болар еді,Себебі бұл жерде ақпаратты-қоғамдық тұрмыстың және қоғамдық сананың элементі ретінде қарастыруға тиіспіз.Ақпарат ұғымы алғашында әлеуметтік ортамен, адамдардың коммуникативтік қызметімен байланысты болған. Ақпарат дегеніміз-фактіні бейнелу немесе жаңалық.Ақпараттық әсер етуі оның мазмұны мен онда не айтылғандығына байланысты емес, ақпарат беру нысанына да байланысты болады. Сондықтан, ақпараттық мүмкіндік жасау қасиетін зерделеуіміз қажет.
Ақпараттың әлеуметтік мәнін ұғыну баршаға қажет. Ақпарат қоғамда қолданылатын материя қозғалысының әлеуметтік нысаны туралы мәлімет, хабар, білім дегенді білдіреді.Адам қызметінің іс-әрекетінің тиімділігі ақпаратты қабылдау, ойлау және пайдалану қабілеттілігімен анықталады. Ақпараттың ерекшелігі-адамдарды бір іс-әрекеттер жасауға итермелейді.Ақпарат адамның санасы арқылы өте отырып,қоршаған ортаның қасиетін бейнелейді, Яғни ақпарат адамның іс-әрекетін реттеу қасиетіне де ие деуге болады.Ақпарат реттеуші ретінде әлеуметтік процеске әсер ету тәсілі арқылы, нақты оқиға туралы және жария түрде таратылған мәлімет, яғни бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен талқылау үшін таратылған немесе жағымды не болмаса жағымсыз мәні бар мәліметтерді білдіреді.
Әлеуметтік ақпарат адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік ақпарат қоғамдағы экономикалық, саяси, ұлттық және өзге де қатынастарда терең іздер қалдырады. Егер ақпарат адам қажеттілігі мен мүддесіне бағытталған болса, оның көңілі осы ақпаратқа тартады.Егер қоғамдық санаға әсер ақпарат пен адамның жеке тәжірибесінің нәтежиесінде алынған ақпарат арасында сәйкестік болмаса, осы тәсілмен алынған білім тұлғаның іс-әрекетінің ниетіне айналмайды Әлеуметтік ақпарат адам санасынан туындайды және ол адам қызметімен жүзеге асырылады. Әлеуметтік ақпарат бүгінгі күнде де журналистер арасында шешімін таба алмаған мәселелердің бірі.Ақпарат-бұл қоғамдық процестің әртүрлі бейнесі, яғни күрделі және көп аспектілі құбылыс.
Адамдар арасында күнделікті айтылып жүрген мәліметтермен теңестіруге болмайды. Мәліметтер, хабарлар кең мағынада,идеалды ақпараттық құбылысын сипаттайтын материалдық ақпараттан туындайтын ойлар болып табылады. Идеалды ақпарат ақпараттық қасиетті бейнелейді, яғни қоғамдық сана қасиетін білдіреді.Бұқаралық ақпарат құралдары-қоғамдық тұрмыс процесін бейнелейтін әлеуметтік ақпараттың бір түрі болып табылады. Шынайы да нақты ақпарат әлеуметтік басқару мақсатына қызмет етеді.Ақпарат құралдарының шынайылығы оның мақсаты мен жалпы адамзаттық, ұлттық ,топтық, партиялық,және де жеке мақсаттарды жүзеге асыру үшін міндетті түрде шынайы ақпараттарды иелену қажет.Бұл жерде ақпарат даму ресурсы және факторы ретінде орын алып отыр. Қоғамдағы ақпараттық процесс өзінен-өзі, жеке қалыптаса бермейді, керісінше қоғамдық қатынасиар жүйесінен туындайды. Ақпарат қоғамның әлеуметтік-саяси экономикалық,идеологиялық өмірінен алшақ қарастырылған болса, онда ақпарат мемлекет пен қоғамнан байланысын үзген, тұңғиыққа айналары сөзсіз.
Ақпарат философиялық санат ретінде әртүрлі ақпараттық процестерде көрініс алатын қасиеттерді иемденеді деген ғылыми тұжырым бар.Құқық үшін маңыздылығы бар ақпарат белгілеріне мыналарды жатқызамыз:
* Бір ақпаратты бірнеше рет қолдану мүмкіндігі;
* Оны қолдану кезіндегі ақпараттың жойылмайтындығы,
* Берілген ақпараттың сақталуы,
* Ақпараттың сақталу, жинақталу, қысқартылу мүмкіндігі,
* Жүйелілігі;
* Ақпараттың жекелігі;
* Ақпараттың айқындылығы;
Осы аталған ақпарат белгілері бұқаралық ақпарат еркіндігін реттейтін заңнамалардың өзіндік қалыптасуына әсерін тигізері сөзсіз.Сондықтан заң шығару процесінде осы белгілерді ескеру,нормативтік-құқықтық актілердің қолданылу тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының ақпараттық туралы заңында былай делінген:Ақпарат дегеніміз-оны ұсыну нысанына қарамастан тұлға, зат, оқиға, құбылыстар туралы мәліметтер болып табылады. Екінші бір анықтамасы:Ақпарат-қоғамдық тұрмыс процесін бейнелейтін мәліметтер жиынтығы.Осы анықтамаларды қарастырғанда бірнеше мәселелерге көңіл аудпруымыз қажет.Біріншіден-ақпарат мәліметтер жиынтығы ретінде баспа, аудио, аудио визуалдық өнім түрінде рәсімделген материалдар, жаңалық хабарлар түсіндіріледі.Екіншіден-жаңалық қоғамдық-тұрмыс процесін бейнелейді. Бұл жерде қоғамдық-тұрмыс процесінің өзі мәліметтердің пайда болуының қайнар көзі болып табылады. Бұл жерде мәлімет адамның қабылдауы үшін бейімделген шынайы оқиғаны бейнелеуі тиіс. Үшіншіден-адамның қабылдау нысаны үшін бейімделген қоғамдық тұрмыс процесінің болуы тиіс, яғни тұлға шынайы шындыққа сай клетін ақпаратты иемденуі керек. Бүгінгі таңдағы ақпарат құралдарындағы шынайы ақпараттың жарияланбауы өзекті мәселе болып отыр. Заң шығару және құқықтық қолдану тәжірибесінде де, қоғамдық процестерді болжауда да міндетті түрде осы мәселені қатаң ескеру қажет.
Ақпарат ұғымын зерттей отырып, міндетті түрде бұқаралық ақпарат ұғымын пайымдауымыз керек. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңының 1-ші бабы бойынша, бұқаралық ақпарт тұлғаларының шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлар мен материалдар болып табылады. Бірақ бұл анықтаманы толық деуге болмайды, өйткені онда бұқаралық ақпаратты тарату тәсілдері мен құралдары толық ескерілмеген. Бұқаралық ақпарат - арнайы техникалық жүйе мен құрылымдар көмегі арқылы бұқаралық ақпарат құралдары мен таратылатын, шектелмеген тұлғалар үшін тағайындалған,мәлеметтер жиынтығын білдіреді.
Осы анықтаманы жеке талдай отырып, бұқаралық ақпарат ұғымы ғылыми пайымдау ретінде 3 құрылымнан тұратын күрделі жүйе құрайды: коммуникативтік (ақпараттық), институционалдық (бұқаралық ақпарат құралдары, бұқаралық ақпаратты тарату нысаны), және техникалық (типографиялар, спутникті жүйелер).
Философиялық сөздікке жүгінсек, бұқаралық коммуникация техникалық құралдар көмегімен (баспа, радио, теледидар) көпшілік аудиторияға арналған ақпараттарды (білімді, рухани құндылықтарды, моральдық және құқықтық қалыптарды) тарату процесі делінген. Бұқаралық коммуникациятермині мүлдем түсініксіз, бұл жерде бұқаралық ақпарат немесе бұқаралық ақпарат құралдары жайлы сөз болып жатқаны белгісіз жайт. Сонымен қатар бұқаралық коммуникация тек ақпаратты тарату процесін ғана білдіреді. Сондай-ақ өзге де ақпараттық процестер(ақпаратты іздеу, алу, және өндіру) ескерілмейді.
Ақпарат білім, рухани құндылықтар, моральдық және құқықтық қалыптар ретінде де қарастырылады. Аталған тізімді мейлінше толық жеткілікті деуге де болмайды. Сонымен қатар баспа, радио, теледидарды техникалық құралдар ретінде қарастыру тәсілі қате тәсіл болып табылады, өйткені жалпы анықталғандай баспа- бұқаралық ақпарат құралы, ал типографиялық станок-техникалық құрал болып табылады.
Бұқаралық ақпарат анықтамасы ретінде төмендегідей негізді алу керек сияқты. Бұқаралық ақпарат- арнайы техникалық жүйе және құрылымдар көмегімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын,тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған қоғамдық тұрмыс процесін бейнелейтін мәліметтер жиынтығы.Жоғарыда айтылғандай, бұқаралық ақпарат коммуникативтік институционалдық және техникалық үш жүйеден тұрады. Осы жүйелердің функциясына жеке тоқтала кеткен жөн. Бұқаралық ақпарат функциясы бұл мемлекетке бұқаралық ақпарат арқылы әсер етудің негізгі бағыттары. Бұқаралық ақпарат функциясы ақпаратты тұтынушыға бұқаралық ақпарат арқылы әсер етудің негізгі бағыттарын айқындауға,мемлекеттегі және қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының орны мен ролін, демократияның элементі ретінде бұқаралық ақпарат еркіндігінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.Алдымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz